Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты және бағалы қағаздарды шығару туралы
түсінік
1.1. Бағалы қағаздардың мәні мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Бағалы қағаздардың шығуы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
2.1. Вексельдер туралы түсінік және вексельдердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2.Вексельдерді қолдану арқылы есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24
Кіріспе
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды
жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық басымдылығын
мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі және олардың
экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында
ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.
Бағалы қағаздар нарығы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру бойынша
оған қатысушылар арасында туындайтын экономикалық қатынастар жиынтығы деп
қарастыруымызға болады. Кез - келген нарық сияқты бағалы қағаздар нарығы –
оның объектісі, субъектісі және олардың арасындағы қатынастардың бірлігі.
Экономикалық қатынастар – ол нарық субъектілерінің, яғни нарыққа
қатысушылардың бағалы қағаздармен жүрізілген кез – келген іс - әрекеті
болып табылады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар кез – келген мемлекеттің
төлем айналымында маңызды орын алады. Нақтырақ айтқанда, бұл күрделі қаржы
тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына құйылады, яғни оны тек
нарық жүйесіндегі ең мықты, өміршең деген субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай бағалы қағаздар
қаржы институттары, қаржы нарығы және оларды реттейтін құқықтық ережелермен
қатар мемлекеттің қаржы жүесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе
біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі
туындаған кезде, яғни 1990 жылдан, яғни егемендік алғаннан кейін құрыла
бастады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкор, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні -
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уакыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель
иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Корпоративтік бағалы қағаздардың түрлерін тарихи тұрғыдан қарастыратын
болсақ, вексельдер - шаруашылықта қолданылған бағалы қағаздардың ең алғашқы
формасы. Ертеден вексель есеп айырысуда ең қолайлы құрал ретінде, төлем
құралы және тауарды қарызға сатып алғанда несие алу құралы ретінде
қолданылған. Вексель міндеттемені орындауда және қарызды қайтаруда ұтымды
нарықтық құрал болып есептеледі. Вексель қарыз алушының қолхатына
байланысты пайда болған. Бастапқыда вексель операцияларына қатысушылар
біріне-бірі сенгендіктен қарыз қатынастарына түссе, кейіннен ол қатынастар
құкықтық міндеттемелер сипатына ие болды. Сөйтіп вексель туралы алғашқы
заңдар Еуропа елдерінде ХVП-ХVШ ғасырларда шыққан.
Курстық жұмыстың мақсаты – бағалы қағаздарға байланысты қойылатын
сұрақтарға жан – жақты сипаттама беріп, вексельдерді қолдану бойынша есеп
айырысу есебінің ерекшелігі сияқты сұрақтардың толығымен мәнін ашу.
Курстық жұмыстың міндеті:
– Бағалы қағаздар ұғымы, жалпы сипаты және олардың
жіктелуі;
– Бағалы қағаздардың түрлері мен бағалы қағаздарды шығару
туралы түсінік;
– Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебіне жалпы
мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Бағалы қағаздардың мәні мен жіктелуі
Жалған (алдамшы) капитал деген қосымша құнның (яғни табыстың) бір
бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге кұкық беретін бағалы
кағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар,
вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды
жалған капитал деп атауының себебі болған :
Біріншіден, табыс көзі-тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда
болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей
байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, одан табыс әкеледі. Ал бағалы
қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял
пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын
емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші актіде (Т - А)
керекті басқа тауарды сатып алу мақсатында тауарды сату, яғни қажеттілікті
керек тауарды сатып алу арқылы өтеу жүргізіледі. Ал капиталдың айналысы (А
- Т - А*) формуласындағы мақсат -тауарды сатып алып қайта сату, яғни бұл
процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұндағы А *=А + а, яғни а -
қосымша құн, өсім немесе капитал. Ал капитал — өздігінен өсетін құн, немесе
қосымша құн беретін құн .
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды
сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары
иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады, Жалған капиталдың бағасы
капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды
сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары және одан түскен табыстың
мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура
пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары
және банктік проценттін деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың
бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан
түсетін жылдық табыс 50 $ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5 % болған
жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000 $ болады:
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын
нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты
болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы
қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан
мынадай ерекшеліктері бар:
Біріншіден, жалған капиталдың өз құны өте аз болғандықтан оны жоқ
деуге болады. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың
орнында жүреді;
Екіншіден, бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие
жүйесінен басталады, ал накты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
Үшіншіден, жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын
жиынтық бағасы, немесе бағалы қағаздардың бағамы) бағалы қағаздарды сатудан
түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты
капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты
болады. Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс капиталдану деп атады. Ал
капиталдану-мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген
ұғым.
Төртіншіден, жалған капиталдың мелшерінің өзгеруі нақты капитал
көлемінің өзгеруіне дәл келмейді, одан әлдекайда көп болады.
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі.
Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан
түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де бағалы
қағаздардың көлемінің соңғы кездері тез ұлғаюына байланысты.
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан да айырмашылыгы бар.
Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола
отырьгп, ол қарыз капиталынан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес
қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы кағаздарды сатып алу деген ақша
капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат,
немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста жүреді.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен
анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналасынан түсетін табысына
байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы
қағаздар өз қозғалыс зандарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына
көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек
біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және
айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың
мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән
ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге
шоғырлануына әсер етеді.
Қарыз міндеттемелерінің анықтамасы бағалы қағаздар анықтамасымен тығыз
байланысты. Олардың экономикалық мәні бір-біріне сай келеді. Вағалы
қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз
міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының бағалы кағаздар сияқты
арнаулы құжаттық формасы болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында
(шартта) 1-2 бап ретінде көрсетіледі. Бағалы қағаздардың көбі арнаулы
тіркеуден өтеді. Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және
маңызды мағлұмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз
инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне,
айналыс жеріне байланысты жіктеледі.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге
бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп,
ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу
көзделеді. Үлесті бағалы қағаз, немесе оны акция деп атайды. Акция оны
иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге
шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың
басқа түрлері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың
эмитенттері мемлекет, жергілікті үкімет органдары, акционерлік қоғамдар,
қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей
түрге бөлінеді:
а) Қазынашылық - ол үкімет атынан Қаржы Министрлігі
шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі.
Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз
етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазынашылық вексельдер
мен қазынашылық облигациялар. Мемелекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне
облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
ә) Жергілікті үкімет органдарының бағалы қағаздары. Олардың төлемін
қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің
берген дотациясы.
б) Қаржы институттары мен акционерлік қоғамдардың акция және
облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс,
сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер,
сақтандыру және зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар шығарады.
в) Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым
құжаты), чектер және бұлардан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
г) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық вексельдер,
фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Бағалы қағаздар сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және
капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Ақша нарығында қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылады және сатып
алынады. Оның айналым мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл
нарыққа қазынашылық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа
коммерциялық қағаздар айналымға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі топтарға
жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар
түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың
эмитенттері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті атқарушы органдар,
корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін жайт, бағалы қағаздардың кейбір түрлері қысқа мерзімге,
яғни 1 жылға дейін айналымда болса да (мысалы, еркін айналыстағы опциондар)
капитал нарығында жүреді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында
көптеген сегменттер, атап айтқанда, кәсіпорындар мен жеке компаниялардың
акциялары; мемлекеттің және жеке фирмалардың облигациялары айналыста
жүреді. Нарықта табыс түсіру және тәуекел бойынша олардың арасында үнемі
үздіксіз бәсекелестік өрбиді.
1.2. Бағалы қағаздардың шығуы туралы түсінік
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын занды тұлғаны айтады. Ал
акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция қоғам
шығаратын және олардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің
дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда
оның калган мүліктерінің бір бөлігін иемдену кұқығын куәландыратын бағалы
қағаз. Акционерлік қоғамдар, сондай-ақ облигациялар және бағалы қағаздардың
өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері
бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның
қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорация деп те аталады. Қоғамның
фирмалық атауы сөзбен жазылып, одан кейін АҚ аббревиатурасы көрсетілуі
тиіс. Қоғам осындай фирмалык атауымен мемлекеттІк тіркеуден өтеді.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар
туралы 2003 жылғы жаңа заңына сәйкес өз капиталының мөлшері тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық
есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын және акционердің
саны бес жуз және одан да көп қоғам халықтық акционерлік қоғам деп
танылады.
Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп, сондай-ақ халыктық акционерлік
қоғам мәртебесінен айырылды деп тану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Қоғам:
• таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа
қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған
жағдайларды қоспағанда);
• өз капиталының мөлшері оны екі айдан астам мерзімде тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет заңында белгіленген айлық
есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін
азайған;
• акционерлер саны алты ай ішінде бес жүзден төмен
азайып кеткен жағдайларда халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен
айырылады.
Қоғамды құру туралы шешімді қабылдаған жеке немесе занды тұлғалар
қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе
құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға
байланысты және ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған шығыстарды
төлеу бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда
қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке дара қабылдайды.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамының құрылтай құжаттары болып табылады.
Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып есептеледі.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды олардың нақтылы
құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторларға белгіленген орналастыру
бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін
жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшерінен кем болмауға және оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркелген күннен отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
Бағалы қағаздар түрлеріне қарай:
а) Корпоративтік бағалы қағаздар
б) Вексельдер.
в) Акция
д) Опцион
е) Варрант
Қаржылық салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу,
еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ век¬сель және
басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға
ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.
Есепте қаржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзак мерзімді бо¬лып
бөлінеді.
Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар
мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен катар бір жылдан кем
мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.
Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау)
ниетпен бағалы кағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес
кәсіпорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артык
мерзімге карызға берілген каржылар ұзақ мерзімді қар¬жылық салымдар болып
саналады.
Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы
кағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, век-сельдер және
т.б. елеулі орын алады.
Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оньң иесіне қаржы сал-ғандығын
куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданьң бір бөлігін алуға кұқық
береді.
Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.
Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ
оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның
қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар
бойынша сыйақыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға
облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетішеушілік жағдайында
облигациялар бойынща сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал
акциялар (пұрсатты) бойын¬ша - сол мақсат ұшін құрылған арнайы қорлар
есебінен төленеді.
Жинақ сертификаттары бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша
қаражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім
біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша
сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ шоттарынан мұның айырмашылығы клиентке
кітапша емес банктің қарыз қолхатынын ролін атқаратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz