Газлифт әдісінің түрлері



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ жоғарғы техникалық мектебі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Газлифт әдісінің түрлері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе

1. Газлифт әдісімен мұнай өндіру тәсілі
2. Газлифтілі мұнай өндіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
XXI ғасырдың басында Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мұнай
өндіруші елдердің біріне айналып, ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін
екінші орын алады. Қазақстан мұндай мәртебеге бірден емес, геологтардың,
ғалымдардың, мұнай – газ өнеркәсібімен шұғылданушы мамандардың көп жылдық
зерттеулерінің нәтижесінде ие болды.
Қазақстан әлемдегі мұнай қоры дәлелденген 55 елдің ішінде 12 – ші
орынды иемденді. Республикамыз көмірсутек өнімінің стратегиялық қорын
иемденіп, әлемдік энергетикалық ресурстар нарығын құруда елеулі рөл
атқарады. Қазіргі уақытта республикамыздағы жалпы өнім көлеміндегі мұнай –
газ өнеркәсібінің үлесі 30% - ды құрап отыр. Мұнайдың Қазақстандағы
бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд. тонна шамасында болса, еліміздің батыс
бөлігінде табылған мұнай қорларын қоса есептегенде оның көлемі 6
млрд.тоннадан асып отыр. Ел аумағында 70 мұнай кеніші әлі игерілу үстінде.
Ал зерттеу нәтижелері әлемдік экономикада сенсациялық құбылыс ретінде
танылған. Қашаған кенішіндегі болжамды мұнай қоры 7 млрд.баррельге
жететінін ескерсек, көрсеткіш бағанасы бірден 13 млрд.баррельге көтерілмек.
Соның нәтижесінде, Қазақстан әлемдік ірі мұнай алпауыттарының алғашқы
ондығынан орын алмақ. Қазақстан мұнайының бар қазынасы еліміздің батыс
бөлігіндегі бес облыстың қойнауынан табылады. Атап айтқанда, Атырау облысы
жалпы қордың 39,3% – ын иеленсе, Батыс Қазақстан облысы 10% – ын, Ақтөбе
облысы 8,2% – ын, Қызылорда облысы 15% – ын, ал Маңғыстау облысының қойнауы
Қазақстан мұнайының 27,5% – ын алып жатыр.
Қазақстанның батыс бөлігі яғни толығырақ айтқанда оңтістік батыс пен
солтүстік батыс аралығы қазақ елінің мұнайлы аймағы екені баршамызға мәлім.
1899 жылдың қараша айында Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары болған
Атырау облысындағы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы
хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Жайық, Ембі және
Каспий маңы ойпаты аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде
жүргізу мәжбүр етті. Осыдан кейін Жайық пен Ембіден бастап Қазақстанның
оңтүстігі Маңғыстауға дейінгі, солтүстігі Оралға дейінгі аймақтарында да
зерттелулер, іздеулер жүргізіле басталды. Ал, Ақтөбе облысына келетін
болсақ, Ақтөбе өңіріндегі жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының
нәтижесіне Кенқияқ кен орнында 1959 жылы мұнай фонтанының атқылауы қол
жеткізді. 1966 жылы игеріле бастады.
Жер қойнауынан мұнай шығаруды арттырумен қатар бұл саланы дамытудың
келесі жолы – жаңа мұнай-газды айдандар мен жеке кен орындарын барлау-
іздеу, игеру үрдісін жеделдету болды.
1970-ші жылдары Ембі ауданынан мұнай іздеудің мүмкіншілігі туып,
көптеген жаңа кен орындар ашылды.
Жаңа кен орындарының Орал-Ембі аудандарының әр тұстарынан табылуы оның
келешегінің зор екенінің айғағы.
1970-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың басында жүргізілген іздеу-
барлау жұмыстарының ең маңызды нәтижесі Оңтүстік Ембінің тұз астындағы
қабаттарында мұнай мен газдың бар екенін анықтау болды. Оларды барлау Ембі
ауданының мұнай қорын игеруді жаңа сапаға көтерді. 1978 жылы тұз астындағы
Жаңажол кенін ашу үлкен табыс болды.
Тұз астының стратиграфиялық бағанасында төмендегі пермнен бастап
девонды қоса кең көлемді аймаққа түгел жайылған бірнеше мұнайлы қабаттар
анықталды.
Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тұз астындағы әктасты
қабаттардың мұнайларында көбінесе сутекті күкірт болатын. Жаңажол мұнайында
күкіртсутек 6%, парафин 5%, ал, Тәжіғали аумағында 17% шамасында болды.
Жаңажол кен орны 1980-ші жылдардан бері өндіріліп келеді.Кен орындағы
көп жылдардан бері мұнайдың өндірілуінен қабаттың қысымы төмендеп, қабаттың
сулануы жоғарылай бастады.
1994 жылы газлифт тәсілін қолданыла басталды. 2002 жылдың тамыз
айыннан бастап, Жаңажол кен орнында газлифт тәсілін қолға алып, бүгінгі
күнге дейін осы технологиямен жарамдылығы 100% болатын көптеген ұңғы
өндіріліп жатыр. Газлифт тәсілін сынақтан өткізу жолымен сұйықты бөлу және
жасанды фонтандауды іске асыру үшін Жаңажол кен орнында газлифт тәсілін
қолдану тәжірибеден өткізіліп, үлкен жетістіктерге жетті.
Үздіксіз газлифт әдісіне ауыстырылған ұңғы өнімі КҚ – І және КҚ – ІІ
үшін 9 – 12 ттәу кем болмауы керек, газлифт әдісіне ауыстырылған ұңғының
пайдалану жағдайындағы газсұйықтың ағымын есептегенде растайды.
Мұнай компаниясы бойынша мұнай өндірудің көлемі 2005 жыл бойынша
3347,3 мың тоннаны құрады немесе бекітілген жоспардан 1002,7 мың тоннаға
кем. Мұнай өндіру жоспары 76,9%-ға орындалды. Мұнай өндірудің есептік
көрсеткіштерінің орындалмауы әлемдік нарықта бағаның құлауының жалғасуымен
байланысты болып келеді, 2005 жылдың ақпан айынан бастап мұнайды өткізу
жағдайы ауырлап кетті, бұл резервуарлық парк пен магистральдік мұнай
құбырының толуына әкеп соқтырды, соған орай кәсіптерде мұнай өндіруге
шектеу енгізілген болатын. Сонымен бір уақытта Самара ПСП-ға батыс-
қазақстан мұнайының қабылдануы күрт қысқарды, бұл да жағдайды шиеленістіріп
жіберді. Әсіресе қолайсыз жағдайлар 2005 жылдың шілдесі мен қыркүйегі
аралығында орын алған болатын. Өндірістік басқарудағы мұнай өндірісі 2005
жылдың шілде айында 90,8 мың тонна (27,5%), тамызда – 142,9 мың тонна
(43,3%), қыркүйекте – 183,8 мың тонна (жоспарлы көлемнің 58,0%) құрады.
Егер 2005 жылдың 1-тоқсанында өндірістік басқарумен жоспардан тыс 4755
тонна мұнай өндіріліп, жоспар 100,6%-ға орындалған болса, 2-тоқсанда жоспар
86,6%-ға, 3-тоқсанда 42,7%-ға және 4-тоқсанда 78,8%-ға орындалды. Мұнай
өндіру көлемі төмендеуі себептерінің бірі ретінде 2005 жылдың шілде мен
тамыз айларында мұнай компаниясының электрмен қамту және электрді беру
ұйымдарына тұтынылған электрқуаты бойынша шоттарды дер кезінде төлемеуінің
салдарынан кеніште электрқуатының берілу көлемінің шектелуі (50%-ға
дейін)болды.

1. Газлифт әдісімен мұнай өндіру тәсілі
Газлифтік ұңғыма дегеніміз – бұл дәл жоғарыдағыдай атқылау ұңғымасы,
онда сұйықты газдан арылтуға қажетті жетіспей жатқан газ бетінен арнайы
арна арқылы әкелінеді. Құбырлардың қатары арқылы 1 ұңғыманың бетіндегі газ
башмаққа 2 қарай беріледі, онда ол ГСҚ құрумен сұйықпен араласады, ол ГСҚ
ұңғыманың бетіне көтергіш құбырлар арқылы 3 көтеріледі. Айдалып жатқан газ
қаттық сұйықтан бөлініп жатқан газға қосылады. Газдың сұйықпен араласуының
нәтижесінде ГСҚ түзіледі, оның тығыздығы ұңғыманың түбіндегі бар қысым
сұйықты оның бетіне шығару үшін жеткілікті болатындай мөлшерде болып
келеді.

Сурет 2- Газлифтінің түбегейлі сұлбасы
Қақпақтардың барлығын олардың арналуына қарай үш топқа бөліге болады.
• Газлифтік ұңғымаларды іске қосу мен оларды игеруге арналған іске
қосу қақпақтары.
• Жұмыстық қақпақшалар, олар газлифтік ұңғымалардың үздіксіз
немесе мерзімді жұмысына, ұңғымадағы өзгеріп жатқан жағдайлардағы олардың
жұмыс істеу режимін ССҚ-ға газды енгізу орнын сатылы түрде өзгерту арқылы
оңтайландыруға арналған. Мерзімді түрде пайдаланған жағдайда қақпақтың
үстінде белгілі биіктіктегі сұйық бағаны жинақталып осы қақпақтар арқылы
газ ССҚ-ға ауысып жылыстайды және бұл қақпақтар ССҚ-дан сұйық ұңғыманың
бетіне шығарылғаннан кейін газдың берілуін жабады.
• Құбыраралық кеңістіктегі сұйықтың деңгейін қақпақтан біршама
тереңдікте ұстап тұруға арналған шеттік қақпақтар, бұл қақпақ арқылы газдың
ССҚ-ға біркелкі келіп түсуін қамтамасыз етеді және лүпілді болдырмайды.
Олар құбырлар қатарының башмағының жанына орнатылады.
Бұл газлифтік ұңғыманы зерттеу шарасын, оның жұмысын реттеу және
оңтайлы режимді орнату ісін жеңілдетеді. Өзіне сұйықты көтеру үшін қуатын
пайдалануға арнап газ айдалатын ұңғыма газлифтік деп аталады, дәл сол
мақсатқа арнап ауаны айдау кезінде — эрлифтік деп аталады.Ауаны қолдану ССҚ-
да тұрақты эмульсияның құрылуына ықпал етеді, оны ыдырату оны беттік-
белсенді заттармен арнайы өңдеуді, ысыту мен ұзақ уақыт тұндыруды қажет
етеді. Айыру кезінде бетіне шығатын газ-ауа қоспасы өрт шығу мағынасында
қауіпті болып табылады, себебі белгілі аралық қатынастар кезінде жарылғыш
қоспаны құрайды. Бұл газ-ауа қоспасын өзін айырып алғаннан кейін
атмосфераға шығарып жіберудің қажеттігін тудырады. Көмірсутегілік газды
қолдану эмульсияның түзілуіне ықпал еткенімен, мұндай эмульсия тұрақсыз
болып келеді және көбінеки таза кондициялық мұнайды алуға арналған бағасы
қымбат өңдеуді қолданусыз-ақ қарапайым тұндыру әдісімен ыдыратылады. Бұл
қолданыстағы көмірсутегілік газда оттегінің жоқтығымен немесе оның шамалы
ғана мөлшерде болуымен және ортақ көмірсутегілік негізге ие газ бен
мұнайдың химиялық тектестігімен түсіндіріледі. Ауадағы оттегі тотығу
процестері мен судың глобулаларында судың бірігуіне кедергі болатын тұрақты
қаптамалардың түзілуіне, глобулалардың іріленуі мен одан кейінгі тұндыру
кезіндегі олардың шөгуіне ықпал етеді. Өзінің салыстырмалы түрдегі жарылу
қауіпсіздігіне байланысты пайдаланылған газ айырудан кейін газ жинақтау
жүйесіне жинақталып, кәдеге жаратылады. Оның үстіне газлифтік ұңғыманың
айырылған газы оны ССҚ бойынша қозғалу кезінде мұнаймен қарқынды түрде
араластырған кезде жанармайлық фракциялармен байытылады. Мұндай газды газ-
жанармай зауыттарында физикалық өңдеуден өткізген кезде тұрақсыз жанармай
мен басқа да құнды өнімдер алынады. Мұнайға келетін болсақ, ол
тұрақтандырылады, бұл оны сақтау мен тасымалдау кезіндегі оның буланып
кетуін төмендетеді.Газ-жанармай зауыттарында өңдеуден өткізілген
(құрғатылған) газ оны кәсіптік сығымдағыш станцияларда қажетті қсымға дейін
алдын-ала қысып алғаннан кейін қайтадан газлифтік ұңғымалардың жұмысына
арнап қолданылады.Осылайша, газлифт газды пайдалануды жақсартып және
кенішті эрлифтімен салыстырғанда оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.
Эрлифтің жалғыз ғана артықшылығы сол, ауа көзінің газ-сұйықтық көтергішке
арналған жұмыстық агент ретіндегі шектеусіздігі.
Газлифтік ұңғымалардың жұмысына арнап 4—10 МПа қсымына дейін қысылған
көмірсутегілік газ қолданылады. Қысылған газ көздеріне әдетте арнайы
сығымдағыш станциялар немесе газ өңдеу зауыттарының қажетті қысымды
дамытатын және қажетті берілу мөлшерін қамтамасыз ететін сығымдағыш
құрылғылары жатады. Газлифтік пайдаланудың мұндай жүйесін сығымдағыш
газлифт деп атайды. Өздерінде газлифтіге арнап таза газ немесе газ
конденсаттық кеніштердің табиғи газы қолданылатын жүйелер сығымдағышы жоқ
газлифт деп аталады.Сығымдағышы жоқ газлифт кезінде табиғи газ газлифтік
ұңғымалар орналасқан жерге дейін тасымалданады және әдетте арнайы
қондырғыларды адын-ала даярлаудан өтеді, ол даярлау конденсат пен ылғалды
бір-бірінен айыруға, ал кейде тіпті сол газды оны ұңғымалар бойынша
үлестірудің алдында жылытуға негізделген. Артық қысым әдетте газды
штуцерлердің бір немесе бірнеше сатылары арқылы дроссельдеумен азайтылады.
Газлифтік пайдалану жүйесі бар, ол ұңғыма ішіндегі газлифт деп аталады.
Бұл жүйелерде қысылған газдың көзі ретінде мұнаймен қанықтырылған қаттан
жоғары немесе төмен қарай орналасқан газдық қаттардың газы қызмет етеді.
Қаттың екеуі де ортақ сүзгімен ашылады.Мұндай жағдайда газдық деңгейжиек
мұнайлық деңгейжиектен бір немесе екі пакермен оқшауланады (үстінен және
астынан), сөйтіп газ ССҚ-ға келіп түсетін газдың мөлшерін мөлшерлеп
отыратын штуцерлік құрылғы арқылы құбырларға енгізіледі.Ұңғыманың ішіндегі
газлифт газды алдын-ала әзірлеуді қажет етпейді, алайда ол газлифт жұмысын
реттеуде қиындықтар тудырады. Бұл әдіс Тюмень облысының мұнай
кеніштеріндегі өндіру ұңғымаларын пайдаланудың тиімді құралы болып шықты,
оларда мұнай деңгей жиектерінің үстінде газлифтің тұрақты және ұзақ уақыт
жұмыс істеуі үшін газы мен қысымының қоры жеткілікті болатындай газбен
қанықтырылған қаттар орналасқан. Толқындық технология мұнайды өндірудің
газлифтік әдісін жандандырудың жаңа жолдарын ашуда. Белгілі болғандай,
толқындар көпіршіктердің ұсатылуына ықпал етеді. Бұл ретте көпіршіктердің
қозғалу жылдамдығы төмендейді, ал олардың қалқып шығу уақыты созыла түседі.
Бұл әсер газдың аздаған мөлшерін пайдалана отырып сұйықтың сол бір мөлшерін
көтеріп отыруға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, ұңғымаларға газ
айдайтын сығымдағыштар жұмсайтын энергетикалық шығындарды үнемдеуге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл идеяны тәжірибеде жүзеге асыру үшін
стандарттық газлифтік қақпақ жетілдірілген қақпаққа ауыстырылады, ол
қақпақтың аузында көпіршіктердің ұсатылуына қажетті толқындардың өндірілуін
қамтамасыз етеді.

Сурет 3- Құрал-жабдықтың сұлбасы.
Қарапайымдыланған технологиялық сұлба 3 суретте келтірілген.
Жетілдірілген газлифтік қақпақ стандарттық қақпақтан қосымша қондырманың
болуымен өзгешеленетіндігін атап кетейік, соңғысы жүйедегі шығындар мен
қысымдар туралы мәліметтерге негізделумен есептеледі. Соған сәйкес өзіндік
компьютерлік үлгілеу Ғылыми орталықта әзірленген. Құрылымдық тұрғыдан
алғанда қондырманың қозғалмалы бөліктері жоқ, ол өзінің қарапайымдылығымен
ерекшеленеді, үлкен шығындарды қажет етпейді және аса берік құрылғы болып
табылады.
  
Сурет 4-Кәсіптік сынақтардың нәтижелері (қызыл қисықтар жетілдірілген
қақпақ)
Ұңғыма бұрғыланып және игерілгеннен кейін одан мұнай ала бастау қажет.
Алайда айта кететін бір нәрсе, барлық, тіпті пайдаланудағы ұңғымалардың
барлығынан бірдей мұнай алына бермейді. Былайша атағанда, тоғытқыш
ұңғымалар болады. Оларға керісінше мұнай емес, су толтырылады. Бұл тұтастай
кенішті пайдалану үшін қажет және бұл жөнінде біз кешірек сөз қозғайтын
боламыз. Сіздердің барлығыңыздың жадыларыңызда Сібір мұнайын алғашқы
өндірушілер туралы ескі кеңестік фильмдердегі кадрлар сақталып қалған
болар: бұрғылау құрылғысы, үстінен мұнай атқылап жатыр, жан-жағында
қуанышты адамдар жүгіріп және сол мұнаймен жуынып жүр. Айта кететін нәрсе,
ол кезден бері талай нәрсе өзгерген. Және егер де қазір бұрғылау
мұнарасының жанынан мұнай атқыласа, оның жанында көптеген адамар жүгіріп
жүреді, алайда олар қуанудың орнына мұндай экологиялық зиянды шығарындыны
қалай болдырмау керек деген мәселемен бас қатырумен болады. Қалай болғанда
да экранда көрсетілген нәрсе – бұл мұнай бұрқағы. Анықталған мұнайдың жер
астында сондай күшті қысыммен жататындығы соғұрлым, ол оған ұңғыма түрінде
жол ашқан кезде жердің бетіне қарай лап береді. Әдетте, ұңғымалар өзінің
өмірлік циклының басында ғана, б.а. бұрғылаудан кейінгі уақытта атқылайды.
Біршама уақыттан кейін қаттағы қысым азаяды және бұрқақ таусылады. Әрине,
егер ұңғыманы пайдалану жұмысы осымен аяқталатын болса, онда жер астында
мұнайдың 80%-нан артық бөлігі қалып қалған болар еді.Ұңғыманы игеру
барысында оған сорғыш-сығымдағыш құбырлардың (ССҚ) қатары түсіріледі. Егер
де ұңғыма атқылау әдісімен пайдаланылса, онда оның бетіне арнайы жабдық –
атқылау арматурасы орнатылады.Бұл жабдықтың бүге-шігесін анықтап жатпай-ақ
қояйық. Айта кететіні, бұл жабдық ұңғыманы басқару үшін қажет. Атқылау
арматурасының көмегімен мұнайдың өндірісін реттеп отыруға болады – азайтып
немесе мүлде тоқтатып қоюға.Мамандардың есептеуінше ұңғымадағы қысым
азайғаннан кейін, және ұңғыма мүлде аз мұнай бере бастағаннан кейін ол
пайдаланудың басқа әдісіне ауыстырылатын болады. Газды өндіру кезінде
атқылау әдісі негізгі әдіс болып табылады. Мұнайды өндірудің газлифтік
әдісі.
Қаттық энергия жетіспегендіктен, атқылау тоқтағаннан кейін ұңғымаларды
пайдаланудың механикаландырылған әдісіне ауысады, бұл жағдайда сырттан (бет
жағынан) қосымша энергияны енгізеді. Энергия қысылған газ түрінде
енгізілетін ондай әдістердің бірі болып газлифт әдісі табылады.
Газлифтік пайдалану үздіксіз немесе мерзімді болуы мүмкін. Мерзімді
газлифт өнімділігі 40—60 ттәул. болатын немесе қаттық қысымы төмен
ұңғымаларда қолданылады. Газлифт кезіндегі сұйықтың көтерілу биіктігі газды
енгізудің мүмкін болатын қысымына және ССҚ колоннасының сұйық деңгейінің
астына батырылу тереңдігіне байланысты болады.Пайдалану әдісін таңдау
кезінде жүргізілген техникалық-экономикалық талдау газлифті елдің әртүрлі
аймақтарында жергілікті жағдайларды ескерумен пайдаланудың артықшылығын
белгілеуі мүмкін. Мысалы, газлифтік ұңғымалар жұмысының жоғары АЕК-сі,
жөндеудің салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығы мен автоматтандырудың
мүмкіндігі Батыс Сібірдегі Самотлор, Федоровский, Правдинский кеніштерінде
үлкен газлифтік кешендерді құруға негіз болды. Бұл аймақтағы қажетті еңбек
ресурстарын азайтып және оларды оңтайлы қолдануға арнап қажетті
инфрақұрылымдарды (тұрғын үй және т.б.) құруға мүмкіндік берді.Ұңғымаларды
қарнақтық сорғыштармен пайдалану. Қарнақтық сорғыш қондырғы ҚСҚ жерүсті
және жерасты жабдығынан тұрады. Жерасты жабдығы төмендегілерден құралады:
цилиндрінің төменгі ұшындағы 1 сорғыш қақпағы (қозғалмайтын) мен мінбас-
плунжердің жоғарғы ұшындағы 2 тоғытқыш қақпағы (қозғалмалы) бар қарнақтық
ұңғымалық сорғыш (ҚҰС), 3 сорғыш қарнақтар және құбырлар.Сонымен қатар,
жерасты жабдығына әртүрлі қорғағыш құрылғылар (газ және құмды зәкірлер,
құйыршықтар) жатуы мүмкін, олар ҚҰС-тың қабылдағыш келте-құбырға жалғанады
және ауыр жағдайларда оның жұмысын жақсартады (құм, газ).Жерүсті жабдығына
тербелгіш-білдек (ТБ) кіреді, ол 9 электрқозғалтқыштан, 7 қос иіннен, 8
бұлғақтан, 6 теңгергіштен, 5 сағалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газлифтілі скважиналарды іске қосу және газлифтте қолданылатын жабдықтар
Газлифті ұңғыманың жерасты жабдықтары
Газлифтілі ұңғы өнімділігінің көрсеткіштері
Газлифт әдісімен мұнай өндіру
Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталғаны қалыңдығы 308 метр
Жаңажол кен орны бойынша өндіру ұңғыларының солт
ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ
МҰНАЙ ӨНДІРУ ҰҢҒЫЛАРЫН ГАЗЛИФТІЛІ ӘДІСІ
Кеніштің биіктігі 200 метр
Ұңғыларды газлифтілі пайдаланудың қауіптілігі
Пәндер