Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке
мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру

Орындаған: Дуимбаев Д.А.
Тексерген: а.ш.ғ.к., аға оқытушы
Ахметалиева А.Б.

Орал, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

І Бөлім. Ірі қараны асылдандыру жұмыстарын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1. Ірі қараның салмағын және жасын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Гибридтердің стерильдігі немесе тіршілікке бейімділік
қабілеті ... ... ... ..11

ІІ Бөлім. Ірі қараның салмағын, жасын анықтау және малды
гибридтеу ... ... 14
2.1. Малды гибридтеу
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23
2.2. Малды
гибридтеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29

Кіріспе
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі саласы болып табылатын мал
шаруашылығы еліміздің халық шаруашылығында маңызды орын алады, бағалы азық-
түлік өнімдерімен (ет, сүт, май, жұмыртқа, бал), өнеркәсіпті шикізатпен
(жүн, тері, мүйіз, елтірі, қылшық, түбіт, мамық), күш-көлікпен (жылқы,
түйе, бұғы, есек, ит), маңызды органикалық тыңайтқышпен (көң, құс
саңғырығы) қамтамсыз етеді.
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең маңызды сала,
біріншіден – халқымызды ең жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді,
екіншіден – жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала
маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді.
Ірі қараның шығуы өте күрделі мәселе. Бұл мәселенің күрделілігінің
себебі осы уақытқа дейін ғылыми, немесе сенерліктей ешқандай ірі қараның
шығуы жөнінде деректер жоқ. Дегенменде қазіргі уақытта ірі қараның шығуы
жөнінде кейбір қағидалар пайда болып жүр. Сонымен қатар бұл мәселе
келешекте де кеңінен зерттелуге тиіс.
Ірі қара малының шығуын зерттеу оның эвалюциялық өсіп-дамуын қамтиды.
Аймағымызда жабайы малдардың түрлері өте көп, біз үшін олардың кейбір
түрлері ғана қажет, әрі ол жабайы түрлерінің қайсысы қолға үйретуге қолайлы
және келешекте жоғары өнім бере алатындығына мән бергеніміз жөн.
Малды қолға үйрету әр түрлі континенттерде жүрді. Малды қолға үйрету
орталықтары жөнінде академик Н.И. Вавилов тарихи және археологиялық
деректерге жүгіне отырып, түбегейлі еңбек жазған еді. Н.И. Вавиов
географиялық жағдайларға байланысты жануарларды қолға үйретуде басты –
басты орталық және қосымша орталығы болғандықтан айтқан.
Малды қолға үйрету орталықтарының барлығы дерлік субтропикалық және
тропикалық аймақтарда орналасқан. Малды қолда үйретудің алғашқы орталықтары
жақын шығыста Оңтүстік Түркия, Палестина, Күрдістан, Иран, Орта Азия
болған.
Ірі қараның арғы атасы Тур. Ірі қара сүт қоректілер класына, Жоғары
сүт қоректілер тармағына, Жұптұяқтылар отрядына – күйіс қайырушылар отряд
тармағына жатады.
Тур өте алып, сүтті жануар болған, түсі қара, қара ала, мүйізі үлкен
алға бағытталған. Мүйізінің салмағы 10-15 кг дейін жеткен, сирақтары күшті,
шоқтығының биіктігі 160 аналығы, 210 аталығы жеткен.
Әдебиетке шолу
1. Қ. Н. Бегімбеков, А. Ә. Төреханов, Ә. Б. Байжұмановтардың
(2006) хабарлауы бойынша әрбір тұқым үшін жануардың жетілуінің
аяқталуын және оның қоңдылығын көрсететін тиімді белгілі бір
тірілей масса шамасы болады. Сиырлардың тірілей массасының осы
көрсеткішке дейін өсуі сүт өнімділігіне қолайлы әсер етеді.
Алайда тірілей масса тұқымға тән шамадан жоғары болып, жалпы
дамуды емес. семіруге бейімділікті білдірсе, онда тірілей
массасының былайша артуы сауылатын сүт мөлшерінің көбеюіне
әсер етпейді.
2. В.А.Бальмонт, А.В.Голоднов, Ә.Байжүманов (1966) ғылыми-
зерттеулерінің нәтижесінде Кдзақстанның тау бөктерлері
аймағында кроссбред қойының ұнамды типін алудың тиімді жолы —
басында қазақтың биязы жүнді қойын (КБ) ромнимарштың (РМ)
қошқарымен, одан туған бірінші ұрпақ будан саулықтарды
линкольн қойының қошқарларымен будандастыру екенін дәлелдеген.

3. Ж. К. Каримов, А.Ә. Төрехановтардың (2005) зерттеулері бойынша
ірі қараның көптеген тұқымдары ішінде мамандандырылған етті
бағыттағы тұқымдар біздің елімізде аса көп емес. Сондықтан ірі
қараның ет өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін
әдістердің бірі — сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқымдардың
сиырларын мамандандырылған етті тұқымдарының бұқалары мен
өндірістік будандастыру. Ол үшін табынды толықтыратын төл
алынбайтын сиырларды пайдаланады. Әрбір тауарлық табындағы
олардың мөлшері әр жүз сиырдан 90 және оданда көп бұзау алатын
жағдайдағы қолда бар аналық малдың 20-30 пайызын құрауы
мүмкін. Аналық тұқымдармен салыстырғанда будан төлдер
шағылыстырудың кез - келген нұсқасында едәуір тез өседі,
азықты өніммен жақсы өтейді, сойыс шығымы артып. еттің сапасы
жақсарады.
4. А. Б. Байжұмановтың (1987) айтуы бойынша сиырдың жасы мен
сүттілігінің арасында белгілі бір байланыс бар. Сиырдың
сүттілігі басында жасы өскен сайын көбейеді де, кейін бірте-
бірте азая береді. Себебі сүт бездерінің сүт түзу қабілеті
бүкіл организмнің толысып жетілуіне байланысты мәселе.
Организмнің тез толығып жетілуі малдың тұқымына да,
азықтандыру, бағып-күту дәрежесіне байланысты. Сиыр тұқымының
тез жетілгіштік қасиеті жақсы дамыған болса, соғұрлым ол
ертерек сүттілігінің жоғарғы дәрежесіне жетеді. Егер жас
кезінде бағып - күту жайсыз болса, тіпті жақсы тұқым сиырының
сүттілігінің жетілуі 2-3 сауын маусымына кешігіп келеді.
Тұқымы жақсы малдың әуел бастан күтімі жақсы болса,
сүттілігінің жоғары деңгейіне алғашқы сауым - маусымында-ақ
жете береді. Дегенменде көптеген Тәжірибелердің қорытындысының
нәтижесінде бірінші бұзаулаған сиырдың сүттілігі арқылы, оның
сақайып толысқан кезіндегі сүтін білу үшін 1,33 коэффициентке,
екінші рет бұзаулаған сиырлардың сүттілігін, оның толысқан
жастағы сүттілігіне ауыстыру үшін 1,11 коэффициентке көбейту
ұсынылады.
5. Е.Ф. Лискун. (2003). Сиырдың бұзаулау мезгілі жақындаған сайын
желіннің май және дәнекер тканьдары азайып, сүт безі тканьдары
көбейеді. Сиыр желінін ең бірінші зерттеген ғалым академик
Е.Ф. Лискун болды.
6. Е.Ф. Лискунның (1996) мәліметі бойнша сүтті сиырлардың сүт
бездері тканы 70-80 % дейін жетеді. Сиырлардың желінінің
салмағы мен беретін сүтінің арасында тікелей байланыс бар.
Мысалы, сауын сиырдан сауу мезгілінде 1000кг-нан 2000 кг дейін
сүт сауылса желіннің салмағы оның тірідей салмағының 0,5%
болады. Сиырдың желіні 4 бөлімнен тұрады: екеуі алда, екеуі
арта. Желінді жұқа терісі қаптап жатады, ал тері жүні сирек,
әрі жұмсақ.
7. В. И. Федоровтын (1973) зерттеуінше емшектің цилиндрге ұқсас
болғаны жөн, ал ұзындығы 6-8 см-дей, ал емшектің басқа түрлері
машинамен саууға қолайсыз. Ал егерде емшектің диаметрі 2 см-
ден кем, немесе қысқа болса, сауу аппаратының стаканына сәйкес
келмей, ол түсе береді, керсінше емшек жуан немесе 10 см-ден
ұзын болса, оны сауу қиынға түседі, себебі жуан емшекке
стаканды кигізгенде қатты қысылады, содан қан айналысы
қиындайды. Ал ұзын емшек, сиырдың сауу жылдамдығына керсінше
әсер етеді.
8. С. Я. Дудин (1967) айтуынша жалпы дене құрылысы дұрыс бітпесе;
басы үлкен әлі сөлекет, мойыны қысқа, әрі етті, шоқтығы қос
айыр, арқасы, белі қайқы, кеуде сүйегі қысыңқы, іші төмен,
құйымшағы өте биік болса, желіні ешкі желін тәрізді жетімсіз
дамыса оны сүтті ірі қара сырт пішінінің кемшілігі деп
санайды.
9. П. Н. Кулешов (1949) мәлімдеуінше желіннің терісі жұқа, жұмсақ
жүнмен жабылған. Ең қолайлы желін тегене немесе тостаған
тәріздісі. Сүт бездері тамыры өте жақсы жетілуі қажет, әрі сүт
құдықшасымен жалғасып жатады.
10. Енді осы гибрид 1,5 жасында 2004 жылдың қараша-желтоқсан
айында Алматы облысы Райымбек ауданы "Ұзын-бұлақ", "Құмтекей"
(басшысы — Еңбек Ері Жолсейіт Молдасанов) шаруашылықтарынан 30
бас, жүнінің жіңішкелігі 64 сападағы қазақтың арқар мериносы
саулықтарына пайдаланылып, II ұрпақ гибридтер алынды.

І Бөлім. Ірі қараны асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
1.1. Ірі қараның салмағын және жасын анықтау
Ірі қараның салмағының шаруашылық үшін маңызы зор. Әсіресе, бұл етті
ірі қара тұқымының ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Малдың тірідей
салмағын анықтау арқылы жас төлдің өсіп-жетілуін бақылайды, әрі бұл малдың
асылдық қаситін көрсетеді.
Малдың тірідей салмағын анықтау үшін таңертенгі уақытта сауардың және
азықтандырудан бұрын таразыда өлшейді. Егер шаруашылықта өлшейтін таразы
болмаса, оны тірідей салмағын мүше өлшемі арқылы айырады.
Мүше өлшемі арқылы малдың тірідей салмағын айырудың екі жолы бар.
Біріншісі – Клювер-Штраух тәсілі. Ол үшін кеуде орамы (см) мен денесінің
қиғаш ұзындығының (см) өлшемдерін алып, кестемен салыстырады.
Екінші-Трухановский тәсілі бойынша лентамен екі мүше өлшемін (см)-
денесінің ұзындығы (шоқтығының ортасынан құйрықтың түбіне дейін) және кеуде
орамын алады. Сонан соң есептеу арқылы малдың тірідей салмағын айырады. Ол
үшін денесінің ұзындығын кеуде орамы санына көбейтіп, әрі тиісті
коэффициентке (сүтті ірі қара тұқымы болса 2-ге, ал сүтті-етті ірі қара
тұқымы болса 2,5 –ға) көбейтіп, осыдан шыққан санды 100-ге бөледі.
Ірі қараны дұрыс бағалау үшін оның жасын білген жөн. Оның жасын дұрыс
айырудың ең дәл жасы, оның туған күнінен төлді есептеу журналына жазу.
Егерде бұзаудың туған күні есептеу журналына жазылмай қалса, онда кейінірек
жасын айыру қиынға түседі. Қазір барлық шаруашылықтарда бұзаулардың туған
күні төлдерді есептеу журналына жазылады.
Тәжірибе жүзінде ірі қараның жасын тістеріне қарай айырады. Үлкен ірі
қарада 32 тіс бар. Оның 24 –і азу тіс (астынғы және үстінгі жағында 12-ден)
және 8-і күрек тіс астыңғы жағында ғана болады. Күрек тісті- сүт күрек
тіс және тұрақты күрек тіс деп бөледі. Осы 8 күрек тісін 4 жұпқа бөледі:
алдыңғы екі тіс, ішкі ортаңғы тіс, сыртқы ортаңғы тіс, шеткі күрек тіс.
Малдың жасын сүт күрек тістің азуды жарып шыққанынан бастап, олардың
тұрақты тіске ауысуына байланысты айырады, әрі осы тұрақты тістің қажалуына
қарай айырады.
Бір ай ішінде күрек тістер азуды жарып шығады. Бір айдан 1-1,5 жасқа
дейін күрек тістер толық қажалып, әр түрлі құбылыста болады. Бір жарым
жастан бес жасқа дейін күрек тістер толық тұрақты күрек тіске айналады. 5
жастағы сақа сиырларда барлық күрек тістері тұрақты болады. 5 жастан 10-12
жасқа дейін сиырлардың жасын осы сегіз күрек тістің қажалуы арқылы айырады.
6 жаста алдыңғы екі күрек тіс қажалады, 7 жаста ішкі ортаңғы екі күрек тіс,
8 жаста сыртқы екі күрек тіс, 9 жаста шеткі екі күрек тіс қажалады. 10-12
жастан кейін ірі қараның жасын тісі арқылы айыру өте дәл тәсіл деу қиын.
Себебі ірі қараның тістері сыртқы жағдайдың өзегруіне және әр малдың
биологиялық ерекшелігіне байланысты.
Ірі қараның жасын айырудың екінші бір жолы оның мүйізі арқылы айыру.
Бұзаулар 1 айға толғанда мүйізі 1 см-ге өседі. Ірі қараның организмге
қоректік заттардың түсуіне байланысты түрліше өзшгеріп отырады. Мысалы,
буаз ірі қаралар бұзаулауға екі ай қалғанда мүйізінде құбылыс байқалып, ою
дөңгелек сақина пайда болады. Ірі қара жыл сайын бұзауласа, жыл сайын
осындай бір сақина пайда болады. Қашарларды 18-20 айлығында қашырады, ал
бірінші рет бұзаулағанда 3 жасқа келеді. Егер ірі қараның мүйізінде бір
сақина болса оған екі жас қосу керек, сонда ірі қараның 3 жаста екенін
білеміз. Ірі қараның мүйізінде 2 сақина болса, онда ірі қараның жасы 4-те
болғаны, ал 3 сақина болса, онда 5 жаста болғаны т.с.с., кей жылдары ірі
қара қысыр қалса делік, онда мүйізіндегі сақинаның арасы қашығырақ болады.
Бұзауларда 20 тіс-олардың сегізі төменгі жақ сүйектегі күрек тісіде,
12-сі түпкі азу премолярлары. Олар әрбір жақ сүйекте үш-үштен орналасқан.
Әрбір күрек түстерінің өз аттары бар: екі тістеме, ішкі екеу, сыртқы
екеу және шеткі екеу.
Барлық тістеме тіс пен 12 азу сүт тістері, келе-келе тұрақты азу
тістерімен ауысады. Ірі қараның жасы тек төменгі жақ сүйектері күрек (ору)
тістері арлқасына анықтауға негізделеген. Олар:
1.Сүт тістердің шығуы және егелуі.
2. Сүт тістердің тұрақты тістермен аласуы.
3. Тұрақты тістермен егелу бетінің өрнегінің өзеруі.
Бұзау 2 жұп сүт тістерімен туады. Қалғандары туғаннан кейінгі 20 күн
арасында шығады, 4-8 айлық бұзаудың тістеме, ішкі екі және сыртқы екі күрек
тісі болады.
1.2. Гибридтердің стерильдігі немесе тіршілікке
бейімділік қабілеті
Қазіргі кезде цитогенетиканың қауырт дамуы гибридтер бедеулігінің
цитогентикалық себептерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Оларды
үш топқа бөлуге болады: а) кариотиптегі хромосомалар санының сәйкессіздігі;
б) хромосомалар құрылысындағы морфологиялық құрылымдық айырмашылықтар; в)
хромосомалардың мінез-құлығына, олардың морфологиясына әсер етпейтін ген
құрамының өзгеруі.
Қазіргі уақытта ғалымдар кейбір түрлердің будандаспаушылығын жоюдың
бірқатар әдістерін жасауда. Оларға мыналар жатады: жануарлардың бір түрінің
қанын екінші түріне құю, бірнеше түр жануарларының спермасын араластыру,
реципрокты (кері) будандастыру қолдану, гормондық препараттар, арнайы
сперма сұйылтқыштар пайдалану, гонадаларды көшіріп қондыру, ұрпақ алу және
өсіру үшін қажетті жағдайлар жасау. Жас аналықтардың гибридті ұрпақты көп
беретінін тәжірибелер көрсетті: өздері будандастыру нәтижесінде алынған
жануарлардың гибридтеуге жарамдылығы және өсімтал үрпақ туу қабілеті жоғары
болады.
Гибридтердің стерильдігі немесе тіршілікке бейімділік қабілеті жөнінен
жынысына байланысты айырмашылықтардың болатындығы байқалған, олар
гомогаметалы аналық (хх) жынысқа қарағанда, гетерогаметалы (ху) жыныстың
гибрид аталықтарында жиі байқалады. Сірә, бүл құбылыста цитоплазмалық тұқым
қуалаушылық және белгілерді тұқым қуалай қабылдаудың аналық эффекті әсер
ететін болса керек, оларды ата-енелерінің жынысын ескере отырып
будандастыру үшін жұп таңдауда пайдалануға болады (реципрокты жұп құру).
Біз түрлердің будандаспаушылығын және гибридтердің бедеулігін жоюдың
негізгі әдістерін ғана көрсеттік. Генетиканың, молекулалық биологияның,
биотехнологияның, гендік және клеткалық инженерияның қазіргі қауырт дамуы
таяудағы болашақта жануарларды гибридтеудегі бедеулік проблемасын толық
шешуте мүмкіндік береді.
Гендікжәне клеткалық инженерияны, соматикалық клеткаларды гибридтеуді
(ультрагибридтеу), эксперименттік полиплоидияны жоғарыда айтылған
проблемаларды шешудің ең перспективалы әдістері деуге болады. Ұлпалар
өсіруде соматикалық клеткаларды гибридтеу арқылы ірі қараның эмбрионалдық
соматикалық клекалары мен солтүстік күзенінің (северная норка) осындай
клеткаларын көшіріп-қондырудың сәті түсті. Іс жүзінде клеткаларды гибридтеу
былайша өтеді: будандастыру кезінде пайдалы қасиеттерін біріктіру екі
организмнің туыс емес клеткаларын жасанды қоректік ортаға егіп, одан соң
бұл ортаны араластырады. Белгілі бір жағдайларда клеткалардың бір бөлігі
қосылады. Әзірше белгілісі — клеткалардан гибрид жүйелердің пайда болу
процесі белгілі бір тәртіпсіз шашыраңқы сипатта жүретіндігі.
Алайда бұл әдісті жетілдіруте ұлпалар өсірудегі клеткалардың
соматикалық гибридтелуі жануарларды түраралық гибридтеудің эксперименттік
моделі ретінде пайдаланылады деп күтуге болады.
Хромосомалардың физикалық және химиялық мутагендермен зақымдалуы,
сондай-ақ биологиялық активті қосылыстар — супермутагендердің микродозасын
қолдануды жануарларды гибридтеудегі бедеулікті жоюдың перспективалық жаңа
әдістеріне жатқызуға болады.
Жылқыны есекпен будандастырып, қашыр алуды гибридтеудің ежелгі
формаларының бірі деуге болады. Қашыр өсіру Ежелгі Римде кең дамыған. Қышыр
— төзімділігі, ұзақ жасайтындығы және жұмыс қабілеті жөнінен ешбір жануар
тең келе алмайтын жүк көлігі. Оны есек пен биені будандастыру арқылы
шығарады, есекті айғырмен жұптастырудан қарта қашыр туады. Қашыр жылқьщан
ірі, әрі бағалы, бірақ, әдетте, бедеу болып келеді. Бұл жануарларды "өз
ішінде" өсіру мүмкін болмады.
Ресейде Аскания-Нова қорығында жануарлардың көптеген түрлерін
гибридтеу жөнінде "зор жұмыстар жүргізілген. Жылқыны зебрмен гибридтеу
арқылы төзімді, күшті зеброидтар алу, сондай-ақ үй жылқысын және оның
жабайы тегі — Пржевальский жылқысымен гибридтеу зор ынта туғызуда. Мұндай
жүптастырудан шыққан аталықтар бедеу, ал аналықтар - өсімтал болып отыр.
Е.П.Стекленевтің мағлұматтарына қарағанда, бұл түрлердің кариотиптерінде
айырмашылықтар байқалады (үй жылқысының хромосома саны — 64, Пржевальский
жылқысында - 66), сондай-ақ гаметогенезінде де ерекшеліктер болады.
Гаметогенездің аяқталғанына қарамастан, гибридті бедеу аталықтарда жыныс
клеткаларының мөлшерінде, олардың дегенерациясында, тұқым безінің
орналасуында, олардың жетілуінде айырмашылықтар байқалады. 1 жастан 10
жасқа дейінгі гибрид аналықтарда генеративтік процестер, жыныс циклі,
іштегі төлдің қалануы мен дамуы қалыпты өтеді.
ІІ Бөлім. Ірі қараның салмағын, жасын
анықтау және малды гибридтеу
2.1. Гибредтеу тарихы
Гибридтеу ауыл шаруашылығы жануарларының жана тұқымдарын шығару үшін
қолданылады. КСРО-да Егіншілік халық комиссариатының 1931 жылғы 28
қыркүйектегі коллегиясының қаулысы бойынша ірі қараны зебумен гибридтеу
жөніндегі кең көлемді эксперимент жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Көптеген шаруашылықтарда жұптарды сұрыптау және белгілеу, зебу төрізді
малдың биологиялық ерекшеліктері, олардың жергілікті жағдайларға
бейімделгіштігі секілді мәселелер зерттелген. Гибридтердің пироплазмоз
ауруына төзімді болатыны, зебудің сүт майлылығы мен белоктылығын тұқым
қуалай қабылдайтыны, азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын жақсартуға
жақсы жауап беру бейімділігі, азықты жақсы өтейтіні, етінің сапасы өте
жақсы болатыны анықталған. Етінде май мен протеиннің мөлшері көп, сойыс
шығымы 60 пайызға жетеді. Желін, ішек-қарын, тұяқ ауруы сирек байқалады.
Ірі қараны зебумен будандастыру нәтижесінде алынған гибридтер өсімтал
болады.
ТМД елдерінің барлық климаттық аймақтарында мал шаруашылығын
шоғырландыру мен интенсивтевдіруге байланысты ірі қараны зебумен гибридтеу
саланы жүргізудің жаңа (өнеркәсіптік) технологиясының талаптарына сай
келетін сүтті және етті мал тұқымдарын шығаруға мүмкіндік береді. "Снигири"
ғылыми-эксперименттік шаруашылығында жүргізілген жұмыста зор ынта туғызады.
Мұнда зебуді ірі қараның қара-ала тұқымымен будандастыру арқылы сүттілігі
3997кг және сүтінің майлылығы 4,27% болатын мол өнімді гибридтер
шығарылған. Орта Азия республикаларында зебуді швиц және остфриз тұқымының
ірі қарасымен будандастыру негізінде шығарылған тұқымдық топтар бар. Мұндай
гибридтердің таза тұқымды жануарлардан сүттілігі бойынша 10-15%, ал сүтінің
майлылығы бойынша 20-25% жоғары болған.
Көптеген зерттеушілер "сүтті зебу тәрізді" мал алу үшін 1 ұрпақтың
гибридтерін "өз ішінде" өсіру тиімді емес деп есептейді. Мұнда ауыспалы
будандастыру да дұрыс баға алмады. Сүтті гибридтерді зебу қанының 18-116
үлесі деңгейінде және бастапқы зауыттық тұқым қанының 78 және 1516 үлесі
деңгейінде алудың болашағы бар деп есептеледі. Бірқатар авторлар ұрпақтың
гибридтерін (зебу қанының ¼ үлесі және бастапқы зауыттық тұқым қанының ¾
үлесі) өсіруді жақтайды. Зебу қанының үлесін кеміткен сайын гибридтердің
қан паразиті аурулары мен сыртқы факторлардың қолайсыз жағдайларына
төзімділігі кемиді.
ТМД елдерінің бірқатар аудандары үшін етті зебу малын шығарудың зор
маңызы бар. Зебуді ірі қараның әр түрлі тұқымдарымен будандастыру өзге
елдерде де айтарлықтай кеңінен қолданылған. АҚШ-та зебумен гибридтеу арқылы
малдың жаңа етті тұқымы — сантагертруда шығарылған. Африка континентінде
жергілікті зебуді герефорд және шортгорн тұқымының ірі қарасымен
будандастыру арқылы етті бонемар тұқымы шығарылған. Ямайка аралында сахивал
тұқымды зебуді джерсейлермен гибридтеу ямайка-хоуп жаңа сүтті тұқымын
шығаруға мүмкіндік берді. Филиппинде филамин гибридті тұқымы, Бразилияда —
сан-пауло, ибаджс, каншен гибрид тұқымдары шығарылған. Кубада, Египетте,
Сиряда зебумен көп гибридтеу жұмыстары жүргізіледі.
Аскания-Новада жүргізілген бантентті қырдың қызыл сиырымен
будандастырудан алынған гибридтердің еті өте сапалы, гетерозисі айқын
байқалады. Гибридті сиырлардан 1500-2200кг сүт сауылған, сүтінің майлылығы
6,1%. А.Е.Мокеев пен П.Н.Буйнаяның үш тұымды будандастыру (санта-гертруда х
зебу х қырдың қызыл сиыры; шортгорн х зебу х қырдың қызыл сиыры)
жұыстарының нәтижесінде бай материал жиналған. Будандастырудың екі
вариантында да зебу қанының болуы өте жақсы нәтиже берді. Етті малдың жаңа
типі шығарылды.
Алтай мен Қырғызстайның биік таулы аудандары жағдайында қодасты
симменталь малымен гибридтеудің зор халық шаруашьшығында маңызы бар.
Кодастың симменталь малымен гибридтерінің сүті мол, оның майлылығы жоғары
(5,5-7%), биік таудағы альпі жайылымдарында өсіруге жақсы бейімделген.
Осындай гибридтік формалардың арқасында мыл өсіру көптеген елдердің таулы
аудандарында кең таралған.
Гибридтеу үшін бүкіл дүние жүзінде бірнеше жүз ғана басы сақталған
зубрларды да пайдаланады. Қазіргі кезде зубрлардың саны қалпына
келтірілуде. Ірі қараның бизонмен гибридгсрі халық шаруашылығы үшін маңызды
роль атқарады. Калифорниядан шыққан мал өсіруші-селекционер Д.Биссок 15
жылдық жұмысының нәтижесінде шароле және герефорд тұқымының сиырларын
американдық жабайы бизопмпі шағылыстырған. Жаңа тұқымдық топты бифало деп
атаған. Жабайы бизон қанының 58 үлесі бар, шароленің - 38 және
герефордтың ¼ үлесі бар гибридті ұрпақ тез жетіледі (10 айлығында 400кг
тартады), ет формалары жақсы. Мұндай гибридтердің етінде 18-20% белок және
7% ғана май болатынын лабораториялық зерттеулердің мағлұматтары көрсеткен.
Д.Биссоло бифало гибридтерінің негізгі азығы жайылым шөбі болып табылады
деп көрсетеді. Олар төзімді, ыстық климатты аудаңдарда таралған көптеген
ауруларға қарсылығы зор.
Ірі қараны раялдармен және африкалық ватуси малымен будандастырудан да
гибрид алынған.
Африкалық канна бөкені шалғай гибридтеу үшін ең қолайлы түр болып
табылады. Бұл бөкендердің ішіндегі ең ірі түрі: еркегі — 700кг, ұрғашысы
540-500кг тартады. Ұрғашылары жақсы сауылады, лактация ішіндегі сүттілігі
700кг-нан аспайды, бірақ сүтінің майлылығы 10-14 пайызға дейін жетеді.
Канна бөкенінің сүті шипалық және бактерицидтік қасиеттерге ие. Оның
сүтінен ашытылған айран әдеттегі жағдайларда көптеген жылдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Ірі қара малы
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Ірі қара малдың өнімділігі
Симментал тұқымына жататын сиырлардың асыл тұқымы және өнімдік көрсеткіштері
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Сүт өнімділігінің сипаттамасы
Пәндер