Ғылыми техникалық прогресстің дамуы


Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Ғылыми техникалық прогресстің дамуы»

Орындаған:

Тексерген: .

Орал 2013


Мазмұны

Кіріспе . . . ……3

І бөлім. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы

1. 1. Ғылыми-техикалық прогрестің кезеңдері5

1. 2. Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс . . . 9

1. 3. Ғылыми - техникалық прогрестің нысандары12

II бөлім. Ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуы

2. 1. Кәсіпорындарда озық технологияларды қолдану . . . 14

2. 2. Ғылыми техникалық прогрес - экономикалық өрлеудің кепілі. 19

2. 3. Жоғары білікті ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау. . 22

ІІІ бөлім. Кәсіпорындағы ғылыми-техникалық прогресс

3. 1. Экономикалық өмірді демократияландыру мәселесі . . . 27

3. 2. Экономикаға ғылыми-техникалық жаңалық енгізу . . . 30

3. 3. Кәсіпорындағы ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру . . . 34

Қорытынды36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі38


КІРІСПЕ

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол - еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.

Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз. Оған қоса қажетті материалдар, тиісті технологиялар, қуаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы, материалдар, технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес, сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ, әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрделі процесс.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуi экономикалық және әлеуметтiк қиындықтарға әкелiп соқтырды. Осыған орай, бiрiмен-бiрi сабақтасып жақан басты деген үш түрлi себеп-салдарының шикiзат базасы ретiнде дамуы, екiншiден, халықтың тұрмыс дәрежесiнiң төмендегi және ең соңғысы, экологиялық жағдайдың республика территориясында насырға шабуы.

Осындай жағдайдан елдi алып шығудың бiрден-бiр жолы ғылыми-техникалық потенциалдың мүмкiндiлiгiн кеңiнен пайдалану. Ғылыми-техникалық прогрестi экономиканы өркендетудiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарай отырып, оны басқаруды жетiлдiрудi нарықтық қатынастар төңiрегiнде қарастыру бүгiнгi таңдағы басты мәселе қатарына жатады.

Жалпы алғанда, республика экономикасын дағдарыстан алып шығып, өсiп-өркендету үшiн жаңа мемлекеттiк ғылыми-техникалық прогресстi нарық арқылы реттеу өрiсiн кеңейту керек. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-техникалық саясаттың аймақтық проблемалары бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Ғылыми-техникалық прогресстің анықтамасымен танысу.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі әдістерімен танысу.
  • Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін насихаттау.

І бөлім. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы

1. 1. Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдері

Ғылыми-техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16-18 ғасырлардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады.

Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми-теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады.

Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл - ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір механикалық процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғылыми және техникалық нышандарын дамытып, Г. Галилей, И. Ньютон, Э. Торричелли, кейін Д. Бернулли, Э. Мариотт, Ж. Л. Д’Аламбер, Р. А. Реомюр, Л. Эйлер, т. б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді.

18 ғасырдың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-техникалық ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды.

Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технологиялық тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді.

Ғылыми-зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.

Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғылыми пәндердің аясы кеңи түсуде. Техникалық міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады.

Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды.

Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры - тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т. б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы.

Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.

Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады. Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді. Бертін келе от жағу пайда болды. Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды. Тас, қола, темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.

Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды.

Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті. Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі.

Жаңа технология, техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді.

Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қана еңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Ал ірі машиналы өндіріс бірден пайда болған жоқ, оның тарихи даму және қалыптасу белестері бар. Ірі машиналы өндірістің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: жай кооперция мануфактура, фабрика.

Жай кооперация дегеніміз белгілі бір өндіріс процесінде немесе түрліше, бірақ бір-бірімен өзара байланысты өндіріс процестерінде көп адам, жоспарлы түрде, бірақ бір-бірімен қатар, өзара әрекетте жұмыс істейтін еңбек нысаны.

Екінші кезең - манифактура (XVI ғасырдың орта шенінен XVII ғасырдың 70-жылдарына дейін орын алды) .

Манифактура машина әлі пайда болмаған, еңбек бөлінісіне негізделген коопнрация. Осы кезде еңбек бөлінісі, қолмен істейтін еңбек құралы шарықтау шегіне жетті, жиынтық жұмысшылар пайда болды және капитал қоғамына қажетті алғы шарттар қаланды.

Өмірге үшінші кезең - фабрика (XVIII ғасырдың соңы ) келді. Ол ірі машиналы өндіріске негізделген. Фабрика дамуы ұзақ мерзімді қамтып, үнемі сапалық өзгерістерде болатын тарихы кезеңдері басынан өткізді.

Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі - фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі.

Ғылыми - техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.

1. 2. Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс

Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс пайда болды. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы.

Осы құбылыстың басты көріністері:

- ғылыми-техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;

- ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті;

- жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде;

- қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі - микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз;

- ғылыми -техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі.

Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді.

Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше, өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми-техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми -техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайын жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.

Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек, бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымныың мән-мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және оны ел Президентінің өзі Тәуелсіздік күні қарсаңында тапсырады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы біздің комиссияға ерекше жауапкершілік жүктейді. Біз жұмыстарды бағалау кезінде Мемлекеттік сыйлық Жарлықпен берілетін болғандықтан, Президент Н. Ә. Назарбаевқа ұсынылған жұмыстарды іріктеуде жоғары өлшемдерді басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл өлшемдер анық және нақты екені белгілі. Мемлекеттік сыйлыққа үміткер әрбір жұмыс ең алдымен, отандық ғылымда серпінді және әлемдік талаптарға жауап бере алатындай болуы тиіс. Ғылым мен техника саласындағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы - бұл тек жоғары награда ғана емес, ол еліміздің ғылыми-техникалық прогресінің одан әрі дамуын нақты ынталандыруы қажет.

Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін процесс екендігін естен шығармаған абзал.

Ғылыми-техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар:

  • шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы;
  • техника мен технологияның бір типтегі түрлері;
  • бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік-мамандық құрылымының өзгеруі;
  • жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі;
  • еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы;
  • жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы;
  • өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.

1. 3. Ғылыми - техникалық прогрестің нысандары

Ғылыми - техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми - техникалық прогрестің революциялық нысаны өндірісте жаңа сападағы ғылыми - технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман - ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.

Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетілуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

Ғылыми-техникалық революцияның ықпалымен рыноқтық қатынасқа байланысты еңбекшілердің қоғам алдына қоятын талаптарының ауқымы өсті, түрлері көбейді. Қазір қарапайым адамдар еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту және сауықтыру, еңбек ақы мөлшерін жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің талабына сәйкестендіру, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын кең түрде қолдану, өндірісті басқару және әлеуметтік мәселелерді шешуге хақылы болуын, қоршаған ортаны аялау жөнінде өкіметтің, атқарушы органдардың батыл шешім қабылдауын, еңбекке деген құқықты іске асыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және соғыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы саладағы жетістіктердің бәрін де бейбіт мақсатқа пайдалану және т. б. талаптарды өткір қойып отыр.

Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар), әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т. б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл - ноосфера дәуірінің басталуы.

Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы өндіріліп тұруына ықпал етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай қоғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен ойластырып, ұйымдастырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көзқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал теңізі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жайлар, аймақтық мәселе дер едік. Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек. Дүниежүзілік мұхит, теңіздер де олардың мұнай өндірумен (бұл өндірудің 25 проценті) байланысты қатты ластанып отыр, тіпті ондағы өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесіне зор қауіп төнуде. Сондай-ақ егістік жерлерде минерал тыңайтқыштарын орынсыз енгізудің адамзат пен табиғатқа зиянды әсер- ықпалы қаншама десеңізші. Сондықтан экологиялық проблемалар қазір дүниежүзілік көлемде қатты шиеленіскен күйде. Табиғаттан алуды ғана білу жеткіліксңз, оны сақтап, қорғау туралы кең бағдарламалық шараларлы тез арада іске асыру бүкіл адамзаттың, болашақтың ең басты міндеті.

II бөлім. Ғылыми - техникалық прогрестің өндірісте қолданылуы

2. 1. Кәсіпорындарда озық технологияларды қолдану

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді.

Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы және біліми кәсібінің өсуі. Әлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы және кәсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық - маманданған еңбектің салмағы өсті, берер нәтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нәтижесі мен тиімділігі жоғары.

Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық. Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нәтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кәсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кәсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нәтижесінде дене және ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нәтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бәрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде және т. б. Ғажайыптардың бәрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл әкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.

Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, әр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді. Өмір шындығы осындай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің, жаңа техниканың, қызметтің кәсіпорында жаңаруы
Ғылыми техникалық ақпараттың негіздері
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың дамуы
Инновациялық прогресстің Қазақстан Республикасында дамуы
Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау
Ғылыми-техникалық прогресс пен Ғылыми-техникалық революцияның мәнi мен экономикадағы ролi
Жаңа инновациялық ойларды жеткізу
Лицензия мен ноу-хаудың халықаралық саудасы
Күн энергиясын тұрмыста қолдану
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz