Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
Даму ұғымы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Отбасында баланың жас және психологиялық
даму ерекшеліктері
2. Баланың жас ерекшелігіне сай даму деңгейі
3. Мектепке дейінгі балалардың психологиялық дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің
қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы осумен қатар ткандар мен мүшелердің
анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің
сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелеріпің
дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі.
Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы
орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу
жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда
болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар
арасынан алатын орнынын ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі
айырмашылы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болалар. Баланың
үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бір-лескен іс-әрекет ересек
адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі
программа бойыпша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготский-
дің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты
дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып
келеди.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен
жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, балалар қоғамының
құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға
қатысты өзіндік ішкі позициясы өз менін және өз қылықтарының маңызын
аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне олардың іс-әрекеттері
мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығүымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері
оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп
отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен
іскерліктердін болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы
келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық
тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды
оқыту программасы жузеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы
түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген
зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы
дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада
тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады. Мектеп жасына
дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке
дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі.
5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні
зор. Ақыл – ой, еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік,
дағды түрлерін тез игереді. Жасына лайық берілген тапсырманы дұрыс, сапалы
орындау баланың даму деңгейін көрсетеді. Оқу жылының бірінше жартысында
оқудың ақыл – ойға тигізетін әсерін, баланың игерген білім сапасы мен
қалыптасқан дағдыларын байқауға болады.

Отбасында баланың даму ерекшеліктерін зерттеуде соңғы кезде
авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз
кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік
кезеңдеріне әсіресе балалық шаққа көп көңіл бөлген (Э.Эриксон). Ол
өзінің кезеңдік бөлу негізін басқа да белгілер енгізді.
1. Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімдікке
қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы
жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына
қажеттіліктерін қанағаттандырудың өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен
мейірімділік таныта бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің
басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен
қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.
2. Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне
сәйкес келеді, ұятқа қарама-қарсы автономия деген атқа ие болып, оның
аяқталуы Мен өзім дағдарысын туындатады.
3. Үшінші кезең бастамашылдық немесе кінәләлік сезімі 4 – 5 жаста
балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және
оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы
және қиялындағы адам мен зеттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті
нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен констуктивті
тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда
оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде
өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.
4. Төртінші Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі. 6-11 жаста
мектепте, үйде және өз құрбылары отбасында бірқатар дағды мен іскерлігін
дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің
артуы Мен сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру
үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен
салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.
5. Бесінші жеткіншектік кезең. Осы кезең үш жастағы Мен өзім
дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде үзеге асады. Аталған
дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:
1. Баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді.
2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші
негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен
ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі
толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм
кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады. Дағдарыс кезінде
жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық және
интелектуалдық қабілеттерін дамыту
Мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру
Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі білім
беру мәселесіне бүгінгі таңда жан - жақты көңіл бөлінуде.
Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе -
мектепке дейінгі
ұйымдарда тәрбие - білім беру жұмыстарының мазмұнын, міндетін
жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан балаларға сапалы білім
берудің тиімді жолдарын іздестіру - өзекті мәселелердің бірі .

Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында
қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде
өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым
–қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл –ой
адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен
айырмашылығының бірі – дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау,
яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын
атқарады.
Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан
тәлім –тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде
алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала
бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру
жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан болашағымыз – қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде Ұлттық мәдениетке,ана тілге еркіндік
беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық
ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай
сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек - деп атап
өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни
балабақшадан бастаған дұрыс.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады
екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала
әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша
құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып
тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда
ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.
Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін
жағдай туғызу.
Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.
Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен
жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие –қазақы ұлттық сана, ұлттық
психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық
және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі
болып табылады.
Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл –ой адамгершілік физикалық
және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі
дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру
міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік
туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне
тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке
тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда
ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан
жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз.
Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде
ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін ұмытпау
керек.
Сөйлесу қызметі – белсенді әрі мақсатты үрдіс.Бұл қызмет түрі
серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап
береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты – бүлдіршіндердің
диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу
арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-
қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Бұл жерде мен
трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. трафарет арқылы сөз
құрамының байлығын, диалогты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар
дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды.
Оларды түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл
жерде баланың шығармашылық ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс жасау
кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі.
Мысалы: жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі .Дайындық кезеңі аяқталған
соң сөйлеу кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен
диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу
түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz