Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының студенті Биназарова А.Ж.
Жетекші: оқытушы Умбетова Г.М.

Орал - 2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық
ерекшеліктері
2.1. Дарынды балалардың қабілетін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Дарынды оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері, және олардың көріну
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .19
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру ... ... 22
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
Кіріспе
Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар
көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі,
ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай
қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы
керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге
асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке
жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға
дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу
және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар
мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән вундеркинд.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда
білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік.
Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.

3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен
ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру
арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды
үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Бүгінгі таңда дарынды балалар психологиясы ең өзекті мәселелерінің
бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы
белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның
қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-экономикалық жақтарын
жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына
олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан да осы дарынды балалар психологиясын зерттеу мақсатында зерттеу
жұмысымның тақырыбын Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
деп алдым.
Зерттеудің өзектілігі. Дарынды оқушы өз бетімен жұмыс істеу арқылы
білім алудың қарапайым дағдыларын меңгереді және алған білімді біліктік
дәрежеге көтереді. Оқушы күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру,
қорытынды жасау, пікір айту, түрлі жағдайда өздігінен шешім қабылдау
баспалдағынан өтеді, өздігінен алған біліміне риза болады.
Зерттеудің көкейкестілігі:
Балаларды зерттеу барысында дарындылығын анықтап, бойындағы бар
дарындылықты одан әрі ашыла түсуіне жол шау. Ертеңгі күннің білікті, білгір
дарын иесі болуына атсалысу.
Келешек жас қоғамның ертеңгі болашағын қалыптастыру мен дамыту,
баланың кіші мектеп жасынан басталады, үздіксіз үрдіс барысында қалыптасып,
дами түседі. Білім берудің түрлі жолдары барлық салада үлкен міндеттерді
жүктейді.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті
тақырыптарының бірі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтап
және оларды зерттеу. Дарыны психологиялық жағынан дамыту жолдарын
қарастырып жетілдіру. Дарындылығы байқалған оқушылрмен жұмыстанып, одан әрі
дамыту.
Зерттеу міндеті: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу
негізінде дарындылық үрдісін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін
айқындау;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде
дарындылықты дамытудың теориялық моделін құру;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде
дарындылықты дамытудың қосымша бағдарламасын ұсыну;
Зерттеу обьектісі. Бастауыш сынып оқушылары.(7-11жас)
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ішіндегі дарынды
балалардың психикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушылырының ішіндегі
дарынды балаларды дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп,
бастауыш мектеп жасындағы балалардың дарындылығын арттыру оқу-қиял үрдісін
дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп
жасындағы балалардың дарындылығын дамыту мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісіне
енгізілсе, онда дүниетанымы мен біліктілігі жоғары деңгейде қалыптаса
бастаған балаларды тәрбиеленуі мүмкін.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге ғылыми
талдау, жинақтау, қорыту, психодиагностикалық әдістемелер тәжірибелік
экспериментті өткізу барысында сауалнамалар .
Зерттеу базасы: №1 жалпы орта білім беретін мектеп. 4а сынып
оқушылары.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін
анықтау. Отбасында және мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Зерттеудің ғылыми құрлымы: Кіріспеден, теориялық және тәжірибелік
бөлімдерден және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан
тұрады

І. Дарынды оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып
жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны
жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның
маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу
барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі
– қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы
Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес
қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл
сұраныс педагогикалық және психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс
педагогикасының белгілі ғалымы П.Ф Каптерев өз еңбегінде былай деп жазады:
Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар: жеке тұлғаның
дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты жетілуі.
Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек.
Бұл – ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу арқылы әр
тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады. Баланың
психологиясы мен педагогикалық психология саласындағы зерттеулер арқылы
оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, жекелеген психикалық
процестер мен функцияларды дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге
болады.
Баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру мазмұнына мыналар
кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық
міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру.
Ғалымдар дәлелдегендей, адамның өмірден меңгереген білімі мен дағдысын
практикалық істерді төте және ең ыңғайлы жолдармен қолдана білу шеберлігі
қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше
қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты
нағыз данышпандылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты –
табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта,
берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына
көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы
Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: Дарындылық – бала бойындағы
интелектуалдық қабілеттің , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың
болуы.
Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік-
психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы
табыстарын үздіксіз бақылау маақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды
анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды
оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және
әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:
1. Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.
2. Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға
өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім
тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.
3. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған
лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға
қабілетті келеді.
4. Есте сақтау қабілеті жоғары болады.
5. Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына
мүмкіндік береді.
6. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
7. Табандылық басым.
8. Қиялы кең болады.
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дамудағы шапшаңдылық.
2. Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз
ұйықтайды.
3. Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай
интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына
нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.
2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие.
3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады.
4. Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар
аударуын қалайды.
5. Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы
қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген
құштарлығы басым келеді.
Дарындылықты анықтаудағы назар аударатын осы басты ерекшеліктердің
аясы бұдан да кең болуы мүмкін.
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. Оның 1-ші кезеңі –
анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да
бір іс-әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды
оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық
зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата-
аналардың өз балаларыныңқабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол
нақты жауапқа нұқсан келтрмейді.
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы, арнаулы, практикалық деп үшке
бөледі. Қабілеттің бұл түрлері бірін-бірі жоймайды, қайта бір-біріне
байланысты дамиды.
Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді
орындауға саналы түрде бағыттауы.
Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір бағытта ерекше дағды таныта білуі.
Практикалық қабілеттілік – өмірден алған білімін шығармашылықпен
пайдаланып, бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу. Баланың бойындағы осы
қабілеттерді ең әуелі ата-анасы байқайды.
Ерекше қабілеттер жиынтығы – дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі:
Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық және психологиялық тесттер
мен түрлі әдістемелер арқылы жүргізіледі. Ол баланың психологиялық
ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады.
Дарындылық үш бағытта анықталады:
- интелектуалды дарындылық.
- шығармашылық дарындылық
- лидерлік дарындылық.
Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте
сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы
бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен
айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін
көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен
ойындарға бейім келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге
балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен
және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің
басымдығы тән.
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны анықтау мектептегі педагог
–психологтардың басшылығымен жүзеге асады. Дарындылық бірінші кезеңде
байқау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау
келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық диагностика арқылы нақтылан
түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық қасиеті
ескеріліп, оның дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен
жүргізілуі қажет.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес,
ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Бала дамуының дербестік,
шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі
белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге
қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы
негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы
қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

1.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы
жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп
отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі
дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда
тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті,
дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше
қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-
ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін
оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-
бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен,
дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен
салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса
ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке
жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген
еңбегінде: Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп
түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының
бірлігі деуге болады,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары
да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім
алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен
біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен
сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ
процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың
мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін
қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін
жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты
деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке
ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-
аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең
көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-
жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру
арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны
тәрбиелеу міндеті тұр.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал
мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-
психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

ІІ. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау әдістері
2.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау

Дарынды балалардың қабілетін анықтау - баланың дамуын талдаумен
байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау
мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен
оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет.
Дарынды балалардың қабілетін анықтау үш деңгейде қарастырылады. Олар:
теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.
1. Теориялық - дарындылықты анықтау.
Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және
оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.
2. Әдістемелік - қабылданған анықтау әдісі мен дарынды оқушының
білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.
3.Педагогикалық-ұйымдастыру - дарынды балалармен диагностикалық
жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.
Бұлақ көрсең көзін аш деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім
міндеті, ендеше мен өзімнің тәжірибемнен бала бойындағы ерекшелікті,
қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге
тасы дұрыс қалануына үлкен жауапкершілікпен қараймын. Осылай дарынды
оқушымен жұмыс жүргізгенде мақсаты мен міндетін қоямын.
Дарынды оқушымен жұмыс бастамас бұрын мұғалімге талап қойылады:
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың
тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.
Дарынды оқушылармен мына жұмыстар жүргізіледі:
1. тестпен жұмыс;
2. қосымша материалдармен жұмыс;
3. мектепішілік сайыстарға қатыстыру;
4. аудандық , қалалық , республикалық , олимпиадаларға қатыстыру;
5. ғылыми жоба қорғау.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің
біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік
білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім
берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет.
Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында
қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді
дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде
қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі
құрылуда.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі
жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен
берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты
дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі
ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік - бала табиғатына тән құбылыс. Білуге
деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын
тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға
тән дәстүрлі мінез.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен
мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек
ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі
саладағы қызметіне қажет.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын
қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып
өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде
емес, өзі ашады.
Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында
түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, ойын
мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.
Шығармашылық - зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам
шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылықпен
зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.
Психологтар зерттеу тәртібін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі
дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі
төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей
туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы
басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп
алуы ғажап емес.
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың
түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту)- оқушылардың
ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс
баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу
бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны
ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес
армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы
өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол
жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі- оқушылардың ғылыми қоғамын
ұйымдастыру.
Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған
байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер
салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға
жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.
Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын
жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Анықтаманың мазмұны бізге қазіргі мектеп оқушыларының
дарындылығын дамытудың моделін жасауға мүмкіндік берді.
Ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың деңгейлерін
анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың
шығармашылық дарындылығының 3 деңгейін көрсетті: креативті деңгей,
интегративті деңгей, когнитивті деңгей.
Сонымен, ұсынылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың
құрылымдық-мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы
мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін
арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп
есептейміз.
Дарындылықты дамыту мәселесі бойынша жасалған теориялық
талдаулар негізінде мына тұжырымға келдік.
1. ХХІ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық көзқарасы-шығармашылық
тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру.
Шығармашылық тұрғыда ойланатын, интеллектуалдық сипатта әрекет ететін
жас адамдардың тәрбиеленуі, оқуы және ой-өрісінің дамуы мемлекеттік
сипат және әлеуметтік мән-мазмұнға ие болуда.
2. Шығармашыл дарынды тұлғаны дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік
беретін оқу еңбегінің шығармашыл, вариативті құрылымын талап етеді.
3. Дарындылық феноменін зерттейтін ғылыми ойдың дамуына өткенді
шолу көзқарасы негізінде оны әлеуметтік мәселе ретінде оқыту
қоғам дамуындағы постиндустриалды фазаның басталуымен ерекшеленетінін,
бүгінгі күні бүкіл әлемдік ғылымда осы феноменнің табиғаты жөнінде
терең білімнің қажеттігін көрсетеді. Дарындылықтың мазмұнды
интерпретациясы диагностиканың психологиялық-педагогикалық көптеген
тұжырымдамаларының, оқушы әлеуетінің танымдық-шығармашылық дамуының
биік тұғыры болып табылады.
4. Шығармашылық дарындылық мәселелері жөніндегі ғылыми ақпарат
көздерін зерделеу берілген феноменнің анықтамасымен салыстырғанда
бірізділіктің жоқтығы, әртүрлі пікірлердің көп екендігі байқалады.
Шығармашылық дарындылық ақыл-ой және мотивациялық факторлар
ықпалдастығында осы құбылыстың түсінігін тұтастай ашып көрсететін
жаңа бағдар ретінде қарастырылады. Дарынды тұлғаның сапалық сипаты
өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін,
шығармашыл іс-әрекетке қабілеттілік, креативтілік, танымдық-
интеллектуалдық қызығушылығының кеңдігімен және барлық жаңалыққа
ашықтықпен анықталады.
5. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін
зерделеу-дарындылықты дамытуда шығармашыл ойлаудың дамуына септігін
тигізетін функционалдық мүмкіндіктері, тұғырлы идеяларды генерациялау
дағдысы, ойлаудың дәстүрлі түрінен бас тартуы, өзекті мәселерді жүйелі
шешуі бастауыш сынаптағы танымдық іс-әрекет үрдісінде шығармашыл
тұлға ретінде қалыптсауының факторы болып табылады.
6. Танымдық іс-әрекет үрдісінде оқушыны көркем бейнелер әлеміне
тарту оқушылардың дарынды тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдарының
бірі болып табылады.
Сонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы
баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа
көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану - нақтылы бір баланың
дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсыбір әдістің көмегімен
зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың
дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып
табылады.
2.2. Дарынды оқушылардың психологиялық
ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты

Баланың психологиясын дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі
әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді
зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін
игерту дағдысы мен білігін игерту бүгінгі күннің басты міндеті
болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын
қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте
көрсету үшін зерттеу жұмыстарына дайындау керек.
Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың
барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген
қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.
Жобалау әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттыру, өздігінен білім алу, жобаның тақырыбын дұрыс түсініп, аша
білу Бұл әдіс оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне - жеке,
топпен, жұппен берілген белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін
іс-әрекетке негізделген. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру
үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру
керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай
білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға,
ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Расында да, тұлғаны қолдан ешкім жасай алмайды, бірақ оған
дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін
туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар
алдындағы да, тәрбие жетекшісі алдындағы да жауапты міндет.
Біздің мектепте дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар
аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу
арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны- әлемдік білім
кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу
мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.
Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегідей саралауға болады.
- Диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып,
ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау;
- Тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды
көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау.
- Танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың
танымдық белсенділіктерін қалыптастыру - оларды ғылыми-ізденіс аймағына
енгізудің басты жолы.Белгілі ғалым Ж.Қараев танымдық белсенділікті
бір-бірімен тығыз байланыстағы үш бөлікке бөледі. Өзінің танымдық
қабілетін дамытуға ұмтылуды танымдық белсенділіктің мотивациялық
тұлғалық бөліміне жатқызады.
Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әртүрлі түрінде көрсете
алады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әртүрлі
аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылыктың бірнеше түрі және формалары бар,
баланың психологиялык мүмкіндігі оның дамуының әртүрлі кезендерінде өте
күшті болып келеді және де, ол баланың қандай ортада өсетіндігіне
байланысты болады.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік
байқатады (сурет салады, билейді, елең айтады, белгілі бір музыкалық
құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ, бүл қабілеттілікті қалыптастырып,
жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла
бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере
алмайды.
Қабілеттілік - адамның жеке басына төн белгілі бір іс-әрекетті
орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі
шапшаңдықтың тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен катар,
әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіндігі, оның белгілі істерді үлгеруге
бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр
түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес,
көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен бейімділігімен,
қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Баланың бойындағы туа біткен
қасиеттерді дамытатын - оқу мен тәрбие. Оқушыны пәнге қызықтыруда назар
аударатын негізгі мәселенің бірі: баланың таным белсенділігін арттыру болып
табылады. Дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мұғалім жан-жақтылығымен
бірге кәсіптік қабілеті жоғары, түпкі нәтижеге жету үшін білімі мен
тәжірибесін ұштастыра білу керек. Әрбір оқушының көңіл-күйін жүрегімен сезе
біліп, білімдерін жан-жақты бағалап, пәнге деген қызығушылығын оятып, дұрыс
бағыт-бағдар беруі шарт. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ...Бізге экономикалық қоғамдық
жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет
делінген
Дарынды баланы анықтау үшін ен, тиімді іс-әрекет негізінде оқушының
қабілетін анықтау қажет. Жас тұлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту
қажет. Дарындылық қабілет адам бойындағы кейбір өзгерістерге,
мүмкіншілігіне, даму тенденцияларына байланысты. Дарындылық қабілет
оқушының жыл бойы шығармашылық, ізденіс құлшыныстарына өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Кіші мектеп оқушысының психологиясында дарындылығының көрінуі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері
Балалардың дарындылығын бақылау
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қасиетін анықтау ерекшеліктері
Дарындылық негізгі түрлері
Дарындылық психологиясы
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Пәндер