Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығындарды топтастыру


Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпы мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арнлымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады. Айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал ету көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілік) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогррессивті нысандарын қолдауды қажет етеді.
Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған поцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардын көздерін анықтау; крістерді өсірудің, шыығындарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
- экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
- қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді) ;
- тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық болжау мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мерзімді ( жыл) және ұзақ мерзімді (жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқауларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қарастыру резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды таратуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындырын қарастыруды және т. б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқаруда және шаруашылық қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстар мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементі бейнелейді.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:
- өнімді өткізуден түсетін табыс;
- өткізілген өнімнің өзіндік құны;
- жалпы табыс;
- кезең шығысы;
- негізгі қызметтен түсетін табыс;
- табыс салығының сомасы;
- таза табыс.
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларды пайдаланылады.
Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесін басқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар - бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы буыны - бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты - ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
- Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
- Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
- Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
- Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық - Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.
Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:
- “Самұрық - Қазына” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10. 5%- 12. 5% - бен 15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
- Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10. 5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
- Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10. 5% - 12. 5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
- Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың атынан Астана және Алматы қалаларының рыногынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын болады.
Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша 265 мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.
Инвестициялар, ең алдымен, астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы - сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.
Электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Үкімет келесі жылдан бастап әр жылдарға бөле отырып кемінде жеті жыл мерзімге арналған энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша шектеулі тарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың итарифтерді бекітеді және оны бұған дейінгі жылдың инфляциясын ескере отырып жыл сайын түзететін болады. Электр энергиясына арналған шекті тарифтер жаңа активтерді құруға, электр энергиясындағы қазіргі энергия жинақтайтын қуаттарды кеңейтуге, жанартуға, қайта жаңалауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін болады.
2009 және 2010 жылдары зейнетақының, жалақы мен стипендиялардың мөлшері 25% - ға ұлғайды. 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% - ға дейін ұлғайтылатын болды.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын 9% - ға ұлғайып отырды.
2010 жылдан бастап, сондай - ақ 4 - ші және одан көп бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақының мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін және бала бір жасқа толғанға дейін күтімі бойынша ай сайын жәрдемақы 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2, 5 есе ұлғаятын болды.
Қажет болған кезде Үкімет облыстардың, Астана және Алматы қалаларыныңы әкімдерімен бірлесіп, қоғамдық жұмыстардың белсенді түрлерін қолданып және өңірлерді жаңа жұмыс орындарын ашып, оның ішінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілердің ауқымы құрылысы арқылы, оның ішінде “ 100 мектеп, 100 аурухана” жобасы шеңберінде халықтық жұмыспен өнімді қамтылуын арттыру жөнінде қосымша іс - шаралар қабылдайды.
Ішкі рынокта тауарлардың тапшлығына және бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында үкімет бірінші кезекте қызметте қажетті тауарлардың - ет, құрғақ сүт, өсімдік майы, қант және күріштін тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Қазіргі кезде еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуы бұрынғы Кеңестік жүйеде болған елдердің арасынан алдыңғы қатарға шықты. Сөйтіп экономикамыздың дамуының негізінде халқымыздың экономикалық жағынан өрлеуі кеңінен қанат алды.
Сондықтан түрлі мемлекеттік органдардың дамуына да қаржыдан бөлінді.
Мәдениетке бөлінген шығыстың статистикалық мәліметі төмендегідей болды:
2001 жылы - 10120, 2002 жылы- 16500, 2003 жылы - 3, 2004 жылы - 45410, 2005 жылы - 50100, 2007 жылы - 55360 млн теңгені құрады.
Ал әлеуметтік-мәдени шараға жұмсалатын шығындардың статистикалық мәліметіне келетін болсақ, төмендегідей болды.
2001 жылы - 9430, 2002 жылы - 10100, 2003 жылы- 11200, 2004 жылы- 13205, 2005 жылы - 14650, 2007 жылы - 15400 теңге қаржыны құрады.
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет - экономиканы, єлеуметтік-мєдени мұқтаждарды, қорѓаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz