Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының 2 курс студенті Қабдрахманова Н.Н.
Ғылыми жетекші: Педагогика
ғылымдарының кандиданты,
БҚИГУ доцент Джонисова Г.Қ.

Орал - 2014ж

Мазмұны

Кіріспе
Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар
көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі,
ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай
қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы
керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге
асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке
жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға
дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу
және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар
мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән вундеркинд.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда
білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік.
Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.

3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен
ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру
арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды
үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Зерттеудің өзектілігі. Дарынды оқушы өз бетімен жұмыс істеу арқылы
білім алудың қарапайым дағдыларын меңгереді және алған білімді біліктік
дәрежеге көтереді. Оқушы күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру,
қорытынды жасау, пікір айту, түрлі жағдайда өздігінен шешім қабылдау
баспалдағынан өтеді, өздігінен алған біліміне риза болады.
Зерттеудің көкейкестілігі:
Балаларды зерттеу барысында дарындылығын анықтап, бойындағы бар
дарындылықты одан әрі ашыла түсуіне жол ашу. Ертеңгі күннің білікті, білгір
дарын иесі болуына атсалысу.
Келешек жас қоғамның ертеңгі болашағын қалыптастыру мен дамыту,
баланың кіші мектеп жасынан басталады, үздіксіз үрдіс барысында қалыптасып,
дами түседі. Білім берудің түрлі жолдары барлық салада үлкен міндеттерді
жүктейді.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті
тақырыптарының бірі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын анықтап
және оларды зерттеу. Дарыны оқушылрмен жұмыстанып, одан әрі дамыту.
Зерттеу міндеті: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу
негізінде дарындылық үрдісін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін
айқындау;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде
дарындылықты дамытудың теориялық моделін құру;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде
дарындылықты дамытудың қосымша бағдарламасын ұсыну;
Зерттеу обьектісі. Бастауыш сынып оқушылары.(7-11жас)
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ішіндегі дарынды
балалардың психикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушылырының ішіндегі
дарынды балаларды дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп,
бастауыш мектеп жасындағы балалардың дарындылығын арттыру оқу-қиял үрдісін
дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп
жасындағы балалардың дарындылығын дамыту мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісіне
енгізілсе, онда дүниетанымы мен біліктілігі жоғары деңгейде қалыптаса
бастаған балаларды тәрбиеленуі мүмкін.
Зерттеу әдістері: педагогикалық әдебиеттерге ғылыми талдау,
жинақтау, қорыту, психодиагностикалық әдістемелер тәжірибелік экспериментті
өткізу барысында сауалнамалар .
Зерттеу нысаны. Дарынды оқушыларды тәрбиелеу. Отбасында және мектепте
бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Зерттеудің ғылыми құрлымы: Кіріспеден, теориялық және тәжірибелік
бөлімдерден және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан
тұрады

І. Дарынды оқушыларды анықтау және тәрбиелеу ерекшеліктері
1.1. Дарынды балаларды анықтау және оларды тәрбиелеу
Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті
жоғары, дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан
Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл –
қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс
педагогикалық және психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс
педагогикасының белгілі ғалымы П.Ф Каптерев өз еңбегінде былай деп жазады:
Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар: жеке тұлғаның
дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан-жақты жетілуі.
Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек.
Бұл – ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу арқылы әр
тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады. Баланың
психологиясы мен педагогикалық психология саласындағы зерттеулер арқылы
оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, жекелеген психикалық
процестер мен функцияларды дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге
болады.
Баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру мазмұнына мыналар
кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық
міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру.
Ғалымдар дәлелдегендей, адамның өмірден меңгереген білімі мен дағдысын
практикалық істерді төте және ең ыңғайлы жолдармен қолдана білу шеберлігі
қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше
қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты
нағыз данышпандылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты –
табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта,
берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына
көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы
Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: Дарындылық – бала бойындағы
интелектуалдық қабілеттің , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың
болуы.
Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік-
психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы
табыстарын үздіксіз бақылау маақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды
анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды
оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және
әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:
1. Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.
2. Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға
өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім
тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.
3. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған
лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға
қабілетті келеді.
4. Есте сақтау қабілеті жоғары болады.
5. Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына
мүмкіндік береді.
6. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
7. Табандылық басым.
8. Қиялы кең болады.
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дамудағы шапшаңдылық.
2. Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз
ұйықтайды.
3. Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай
интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына
нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.
2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие.
3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады.
4. Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар
аударуын қалайды.
5. Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы
қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген
құштарлығы басым келеді.
Дарындылықты анықтаудағы назар аударатын осы басты ерекшеліктердің
аясы бұдан да кең болуы мүмкін.
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. Оның 1-ші кезеңі –
анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да
бір іс-әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды
оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық
зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата-
аналардың өз балаларыныңқабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол
нақты жауапқа нұқсан келтрмейді.
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы, арнаулы, практикалық деп үшке
бөледі. Қабілеттің бұл түрлері бірін-бірі жоймайды, қайта бір-біріне
байланысты дамиды.
Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді
орындауға саналы түрде бағыттауы.
Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір бағытта ерекше дағды таныта білуі.
Практикалық қабілеттілік – өмірден алған білімін шығармашылықпен
пайдаланып, бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу. Баланың бойындағы осы
қабілеттерді ең әуелі ата-анасы байқайды.
Ерекше қабілеттер жиынтығы – дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі:
Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық және психологиялық тесттер
мен түрлі әдістемелер арқылы жүргізіледі. Ол баланың психологиялық
ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады.
Дарындылық үш бағытта анықталады:
- интелектуалды дарындылық.
- шығармашылық дарындылық
- лидерлік дарындылық.
Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте
сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы
бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен
айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін
көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен
ойындарға бейім келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге
балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен
және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің
басымдығы тән.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес,
ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Бала дамуының дербестік,
шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі
белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге
қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы
негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы
қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

1.2. Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы
жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп
отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі
дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда
тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті,
дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше
қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-
ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін
оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-
бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен,
дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен
салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса
ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке
жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген
еңбегінде: Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп
түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының
бірлігі деуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық әрекеті күрделі процесс
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары
Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері
Дарынды балаларды анықтау
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарындылық дамуының психологиялық механизмдері
Пәндер