Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының 2 курс студенті Қабдрахманова Н.Н.
Ғылыми жетекші: Педагогика
ғылымдарының кандиданты,
БҚИГУ доцент Джонисова Г.Қ.
Орал - 2014ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің
сипаты ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері ... .9
2 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУДЫ
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2.1. Дарынды балалардың оқыту және тәрбеилеу ерекшеліктерін анықтауды
зерттеу
процедурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Дарынды балалардың оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін анықтауды
зерттеу
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .36
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Жаңа дәуір табалдырығында тұрған адамзат
баласы өзінің даму сатысында интеллектуалдық қабілетке барыша иек артуда.
Интеллектуалдық ақыл ой дегенде, сөз талантты адамдар жайлы өрбиді.
Мұндай дарын иелері қоғамның үлекен байлығы және алға жылжытар күші.
Сондықтан ғылымымыздың сан саласы дамып жаңа техналогиялардың
жасалуы мен өндірістің өрге басуында қалыптан тыс, еркін ойлайтын талант
иелеріне қоғамымыз мұқтаж болып отыр.
Қазіргі жедел қарқынмен дамып келе жатқан әлеуметтік экономикалық
жағдайларда жетістіктерге жету үшін, соның ішінде кәсіби іс шараларда
білімділік, шығармашылық қабілеттерді иемдену қажет. Осы міндеттерді
шешу табыстылығы мектеп өмірі реформасының қарқыны мен бағытына
байланысты.
Қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік
жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі, не кедергілерден
сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.
Әрбір адамның іс - әрекетті орындау тәсілі сол адамның психикалық
таным процестерінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының
жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп,
қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты.
Қазіргі таңда дарындылық өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл ең
алдымен қоғамның ерекше шығармашыл адамдарға деген сұранысының өсуіне
байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына мемелекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық
дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер
енгізіліп отыр.
Дарындылық әрбір адамның ақыл – сана, оқу, шығармашылық, көркем
өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде
көрініс береді.
Дарындылықты былай түсінуге болады:
1) іс-әрекет жетістігін қамтамасыз ететін, қабілеттердің өзгеше
сапалы үйлесімі;
2) адамның мүмкіндектірінің кеңдігін шарттайтын жалпы қабілеттер;
3) ақыл-ой потенциалы – логикалықты, жалпылау кеңдігін анықтайтын
интеллект;
4) қандай да бір іс-әрекетте бастапқы жоғары деңгейді қамтамасыз
ететін табиғи мәліметтер мен нышандар жиынтығы;
5) таланттылық.
Зерттеу мақсаты: Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің объектісі: Дарынды балалар.
Зерттеу пәні: Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: Мұғалімнің дарынды балалармен жұмыс жасай алу
ерекшелігі дарындылықтың дамуына ықпал етеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктеріның теориялық
негіздерін анықтау;
2. Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаттама беру;
3. Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздерін
анықтау;
4. Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктерін
эксперименталды зерттеу;
5. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін зерттеу процедурасын
тағайындау;
6. Дарынды балалардың оқыту ерекшеліктерін зерттеу нәтижесін шығарып,
қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1.1 Дарынды балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің сипаты
Дарындылық мәселесінің тамыры өте тереңде жатыр. Көне грек
философтарының трактаттарында құнды ой-пікірлер аз айтылмаған:
Платон: Талант пен данышпандылық өнер мен білімге байланысты емес,
ол алла тағаланың жіберуімен десе, Аристотель көркем шығармашылыққа
назар аударған. Әйтсе де олар тәрбие мен білімнің берерін текке
шығармаған.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылықтың табиғатына зер салғандардың
бірі испан дәрігері – Хуан Уарте болды. Ол өз тәжірибелерін қорытындылай
келе, талант табиғаттан келеді, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбектің
қажеттілігін айта келе, бұлар үшін кәсіби таңдап алуды, мемлекеттік
жүйелер құруды айтқан.
Жеке адамның қабілеті мен дарындылығы туралы мәселелер көптеген
Орта Азия мен Қазақстан ғалымдары мен ағартушыларын толғандырған. Олар:
Әл Фараби, Бируни, Ибн Сина, Шоқан, Абай тағы басқалар.
Әл Фараби өзінің Бақытқа жету трактатында этикалық мәселелер
жағынан адамның қабілетіне және оны оқытуда әртүрлі тәсілдер арқылы
нәтижеге жетуіне көңіл аударған.
ХІХ ғасырда ғалымдардың жіктелуіне байланысты: соның ішінде
психология мен педагогикада адамның психикасы мен қабілеті туралы арнайы
зерттеу жұмыстары шыға бастады. Солардың бірін ағылшын психологы Фрэнсис
Гальтон тұжырымдап берді. Ол адамдардың даралық айырмашылықтарын оқып,
зерттеген. Өзінің еңбегі Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылықтары
мен шығу тегінде қабілеттің шығу тегінің методологиялық базасын
негіздеген [30.37б.]
Гальтонның соңынан неміс педагог – психологы Э. Мейман дарындылықты
теориялық тұрғыдан зерттеп, дарындылықтың туа біткен аспектісін айқындап,
табиғи және жинақталған жақтарын біріктеруге ұмтылыс жасайды. Сөйтіп,
есте сақтау дарындылығын ажыратып алып, дарындылық – даралық
ерекшеліктерін зерттейді және адамдағы дарындылықтың қаншалықты дәрежеде
екенін қарастырған.
Э. Мейман әсіресе дарындылықтың педагогикалық аспектісін, тәрбие
мен оқытудың дарындылықтың дамуына тигізетін әсерін зерттеген.
ХХ ғасырдың І – ші жартысында ерекше атауға тұрарлық неміс
психологы В.Штерн алғашқылардың бірі болып жеке тұлғаның тұтастық
принципінен келе дарындылық пен қабілетті барлық психологиялық процесс
пен даралық сапаларды өзара тығыз қарастырады.
Қабілет – осы және басқа өндірістік іс-әрекетті табысты орындау
жағдайы болып табылатын тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшелігі.
Қабілетті анықтаудағы ең басты үш кезең бар: біріншіден, қабілет адамды
екіншісінен ажыратады, екіншіден, дефектіге қарағанда, олар жетістікті
қамтамасыз етеді, үшіншіден, қабілет тек білім, дағды, шеберлікті
меңгеруді жеңілдетеді [10. 89б.]
Қабілетті индивидуалдылықтың бір деңгейінде орналастыруға болмайды;
басқа сапалармен әсерлесе олар барлық деңгейлер арқылы дамиды.
Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар:
1.Тұқымқуалаушылық теориясында қабілеттің дамуы мен көрінуі
тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық факторларға тәуелді биологиялық
детерминантталған құбылыс ретінде түсіндіріледі. Бұл ұстанымды белгілі
адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың
тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.
2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы ХУІІІ ғасырдағы
Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген
деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті,
қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы
қалыптасады.
3. Негізінен кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және
жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды.
Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің
өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның
мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін
ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып П.Я.
Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.
Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде
тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда
әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен
индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті
[18.143б.]
Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы
қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен
дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына
жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды
тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа
түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б
сияқты жаңа түрлерін табады.
Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар
негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н.
Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы
коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет
іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен
айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің
арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне
және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.
Интеллектуалды қабілеттердің құрылымдық моделі геронтапсихологияны
зерттеуші П.Бальтес құрған даналық концепциясында көрініс береді
[13.9б.].
Даналық – бұл өлшенген пікірлерді шығаруға және маңызды немесе
айқын емес мәселелер бойынша ақыл айтуға рұқсат ететін және өмірдің
практикалық жағына бағдарланған білімнің эксперттік жүйесі. Даналықтың 5
негізгі қасиеті бар.
Біріншіден, ол маңызды өмірлік мәселелерді шешумен байланысты.
Екіншіден, қолданылатын білімдер деңгейі өте жоғары.
Үшіншіден, бұл білімдер балансталған және ерекше жағдайларда
қолданылуға болады.
Төртіншіден, даналық өзіне ақылдылық пен жақсы қасиеттерді қосады,
олар жеке адам үшін де, жалпы адамзат үшінде қолданылады.
Бесіншіден, даналық басқа адамдардан оңай табылады.
Өкінішке орай, даналық нормативті психологиялық білім болып
табылмайды, сондықтан да оған көбі жете алмайды.
Берілген бөлімде атап өтілген әдістер интелектуалды қабілеттердің
индивидуалды құрылымдағы дүниетанымның жүзеге асуы әдісінің орнын
қайтарады, яғни әдістер мен құндылықтарды өзара байланыстырып,
интеллектіні тасушы ретінде адамның шынайы өмірінің контекстінде орнын
табу.
Дарындылық және данышпандылық ұғымдары - әртүрлі іс - әрекет
аймағына қажет білім, ептілік – дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі
игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігі [11.253б.].
Дарындылық әрбір адамның ақыл – сана, оқу, шығармашылық,
көркемөнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде
көрініс береді.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық,
әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа
жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді,
басқалармен салыстырғанда интеллект деңгейі анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта
алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2-3 жасар баланың бір іспен
үзбей шұғылдана алу уақыты.
Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған
іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы
қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.
1.2 Дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері
Динамикалық жылдам өзгеретін әлемде қоғам мектепке әлеуметтік
тапсырысты мәнді жиілікпен саналайды, мектеп білімінің міндеттері мен
мақсаттарын түбегейлі өзгертеді немесе түзетеді. Қазіргі басты мақсат
белсенді, шығармашыл, адамзаттың жаһандану мәселелерін саналы түсінетін
және оларды шешуге даяр етіп дамытуға акцент жасайды.
Қазіргі кезде шаблонды емес жаңа ойлауға ие, қойылған міндеттердің
жаңа шешімдерін іздей алушы, мәселелік жағдайлардан шыға білетін адамдар
қажет. [3.38б.] Қазіргі кезде мектептерге әлеуметтік тапсырыс бұрынғы
тәжірибедей жоғарыдан берілмейді, зерттеушілер мен практиканың құралдарын
талдау перспективалары қоғам және мектептің әлеуметтік институт ретінде
дамуы, қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайлар, ғылыми білімнің
негізгі бағыттарының дамуы, халықтың әртүрлі қабаттарының
қажеттіліктеріне байланысты анықталады.
Білім беру жүйесіндегі приоритеттер қайта саналауды талап етеді.
Мұнда мемлекеттің саясатымен терең өзара байланыс көрінеді, бірақ әлемдік
білім беру аймағындағы тенденцияларды басып жаншуға болмайды, өйткені
Қазақстан Республикасы білім беру кеңістігінде әлемдік ықпалдастықта.
Психологиялық педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау
балалардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілікке ие екенін
көрсетті.
1975 жылы таланттар және дарынды балалардың Бүкіләлемдік кеңесі
құрылды.
1988 жылы Еуропа Кеңесінде үкіметтік емес кеңестік ұйым статусына
ие Евроталант ассоциациясы құрылды. Ол 22 мемлекеттің зерттеушілерін,
педагогтарын, кәсіпкерлерін және мемлекеттік қызметкерлерін біріктіріп,
дарынды балалармен жұмыс принципі сәйкес заңдылық актылары және еуропа
елдерінің білім беру тәжірибесінің негізі болуын қарастырады. [4.73б.].
Әлеуметтік тапсырысты шартты түрде қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және
индивидуалды деп бөлуге болады. [5.78б.].
Қазақстан үшін дарынды балаларға қамқорлық – тек қана психологиялық-
педагогикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Олардың қабілеттерін
дамыту еліміздің болашақ кадрлық базисін, интеллеуалдық және шығармашылық
потенциалын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.
Білім туралы Заңнын 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың принципіне: тұлғаның білімділігін және дарындылықты дамытуды
стимулдау жатқызылған. Бұл – нағыз гуманизм принципі, әр тұлғаның
ерекшелігін, оның қайталанбастығын мойындауда көрінеді.
1989 жылы КСРО-да Дарынды балалар Мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Одақтың ыдырауына байланысты бағдарламаны ары қарай жүзеге
асыруды Қазақстанда білім беру Министрлігінің білім беру Комитетіндегі
Дарын Республикалық ғылыми практикалық орталық Президенттің Дарынды
балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау бұйрығына
сәйкес үкіметтің 24.03.1998 жылғы қаулысына байланысты өз басшылығына
алды. [11.156б.].
Дарын Республикалық ғылыми практикалық орталық дарынды балалармен
жұмыс жасайтын білім беру мекемелерінің мәселенің теориялық өңдеуін
және іс-әрекетін бағыттап отырады.
Аймақтық деңгей дарынды балалармен жұмыс жасауда факторлар кешенін
есепке алады: аймақтың экономикалық мамандануы тұрғындардың ұлттық
құрамы, гемографиялық процестер және тағы басқалар жиынтығы аймақтың
білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.
Шығыс Қазақстан облысы балалардың дарындылығын дамыту жұмысына
зейінділікпен қарады. Бұған жаңа типті оқу мекемелері, олардың іс-
әрекетін ұйымдастырушылық әдістемелік қолдау, әртүрлі деңгейдегі пәндік
олимпиадалар нәтижелері дәлел бола алады.
Ұжымдық және индивидуалды тапсырыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың,
ата-аналардың және оқушылардың өздерінің білім қажеттіліктеріне деген
айырмашылықтарымен шартталады. Бүгінгі күнде бұл қажеттіліктердің
құрылымы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытумен көрінетін лицейлер,
гимназиялар, мектептер және сыныптарға деген сұраныстан байқалады.
Дарындылықты зерттеу мәселесінде саяси атмосфераға, қоғамдық
қажеттіліктерге, ғылымның даму деңгейіне байланысты бірнеше кезеңдерді
бөліп көрсетуге болады:
1 кезең – ХХ-шы ғасырдың басында Кеңес одағының педагогтары және
психологтарының зерттеулері бұл мәселені зерттеудің халықаралық
ізденістер жүйесінің негізгі бөлігі болды. Бұл кезеңде дарындылық
түсінігі танымдық процестерді диагностикалау негізінде жүргізілді.
20-30 жылдары интеллекті зерттеудің сандық әдістемелері кең
қолданыс тапты.
2 кезең – адам дамуындағы әлеуметтік факторларды жоюмен байланысты.
Балалардың дарындылығын дамыту және диагностика аймағындағы зерттеулер
жойыла бастады. Осы кезеңде мәселені шешуде батыс елдерінен мәнді түрде
артта қалушылық байқалды. Ондаған жылдар бойы балалардың индивидуалды
ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндігі теріске шығарылды.
3 кезең – психологиялық-педагогикалық зерттеулер шеңберінде
индивиуалды айырмашылқтар және адамның шығармашылық қабілеттері
зерттелді.
4 кезең – ХХ ғасырдың 80-ші жылдары әлемдік ғылыми кеңістікке
зерттеу апаратының жалпылануына байланысты әр мемлекеттердің ғылыми
еңбектері қарастырылды. Осы кезеңнен бастап тұлғалық дарындылықты
зерттеудегі ықпалдық бағытқа талпыныс байқалды.
Дарынды балаларды даярлауда индивидуалды ерекшеліктерді басшылыққа
алып жұмыс жасау маңызды. Жекелеген пәндерді және олардың кешенді
өткізілуінде индивидуалды бағдарламаларды таңдауды қолдану тиімді.
Тіректік білімдердің өзектілік кезеңінде және оқушының субъективтік
тәжірибесі индивидуализация құралдарын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие.
Оқу ақпаратын қабылдау және саналаудың жағамды жағдайын ұйымдастыру
үшін оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке ала отырып оқу
техналогиясын таңдау қажет.
Дарынды балаларға қолданылатын арнайы оқу бағдарламаларының негізгі
принциптеріне зерттеушілер төмендегілерді жатқызады:
- маңызды мәселелерді, идеяларды және тақырыптарды бөлшектеп,
тереңдетіп зерттеу мазмұны білімнің ойлау құрылымы мен
ықпалдастығын қарастыруы керек;
- бағдарлама үнемі өзгеріп отыратын білімге және жаңа ақпаратқа
араласу мүмкіндігін беріп, білімді алуға деген талпынысты тудыра
алуы қажет;
- бағдарлама өнімді ойлаудың дамуын сонымен бірге алынған білімді
практикада қолдана алуды қарастыруы тиіс;
- бағдарлама балалардың бастамашылдығын қолдап, олардың оқуға деген
өзбеттіліктерін жоғрылатуы керек;
бағдарлама балалардың санасының және өзіндік санасының дамуына
ықпал жасауы тиіс [11, 206 б.].
Е.Л. Яковлева шығармашылық белсенділікті тұлғалық сапа ретінде
қарастырады. Шығармашылық субъект-субъектілік өзара әрекеттістік
процесінде ашылады. Индивидуалдылық үнемі ерекше, сондықтан – жаңа.
Адам индивидуалдылығының мәнділігі адамның объективті әлем
процестері мен құбылыстарына деген қатынасы болып табылады. Екіншіден, не
нәрсеге болсын адамның субъективті қатынасы ең алдымен эмоционалды
қатынасы болып табылады. Автор үшін бұл кординалды мәнге ие. Соған
байланысты ол К. Изардқа сілтеме жасайды: Адам мінез-құлқының
фундаментальды принципі қабылдау, ойлау және әрекетті эмоция
қуаттандырады және ұйымдастырады.
Е.Л. Яковлева осыған негізделе отырып, танымдық іс-әрекет
айшықталған оң эмоция фонында өтуі керек деп есептейді. Адамның
шығармашылық потенциалын дамыту құралдарын ұсынады:
1) когнитивті мазмұнды эмоционалдылыққа трансформациялау, яғни
білім алудың мәні тек қана материалды меңгеру емес, орындалатын әрекетке
деген эмоционалды қатынасты көрсетеді;
2) гуманистік психология принциптерінің жүзеге асырылуы
дарындылықты дамыту принциптерінің жүзеге асырылуы [44, 128 б.].
Дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогтардың іс-әрекетіндегі
кәсібилікті жоғарылатудың маңызы зор. Дарындылыққа қатысты жаңсақ
стеоретиптерді меңгеру қажет.
Балалардың дарындылығын дамытудағы нышанның рөлін жоғарлатуға
болмайды. Көптеген әдебиеттерде балалардың дарынды болуы тек қана
табиғаттың бергеніне емес, сонымен бірге өз индивидуалдылықтарын жүзеге
асыра алуына да байланысты екендігі айтылады
Көптеген зерттеушілерде мектептегі үлгерушілік негізгі ғылыми
білім және оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің арасында қатаң
байланыстың жоқтығы айтылады. Қандайда мәселенің шешу жолдарын тек қана
оқу озаттары ұсындайтыны баршаға мәлім.
Оқу және шығармашылық дарындылықтары түрлі мазмұнға және
бағыттылыққа ие әртүрлі сапа екенін саналы түсіну керек. Жалқаулық
адамның индивидуалдылығының, оның қабілеттерінің дамуына кедергі
келтіретін үлкен мәселе.
В.С. Юркевич жалқаулықты тұлғаның дамуының ауруы ретінде
қарастырады және ақыл –ой жалқаулығының себептерін бөліп көрсетті:
- эмоцияның ауруы;
- ақыл ой азығының тапшылығы;
- оқи алмаушылық.
Автор жалқаулықты жеңудің басты құралы оқушыларда адекватты
өзіндік бағаны қалыптастыру екенін көрсетеді [43, 104-108 б.].
Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің басты мақсаты білім берудің
мазмұнының әртүрлі нұсқаларының және педагогикалық технологиялардың
аппобациялары арқылы балалардың дарындылығының дамуын қамтамасыз ететін
оптималды педагогикалық жүйені құру.
Ізденімпаздық іс-әрекеттің тиімділігін арттыратын шығармашылық
атмосфера, бірлесе жұмыс істеу, өзара көмек көрсету, қолдау және
кооперация жағдайлары сақталуы тиіс.
Педагогтің кәсіби жоғары деңгейі тек қана пәндік білімді терең білу
емес, сонымен бірге шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу шеберлігі болып
табылады. Ол үшін педагог жаңашыл, оқушыларды шығармашыл процеске
жұмылдырып, олардың белсенділіктерін, дербестіктерін, бастамашылдықтарын
стимулдай алуы керек. Осыған байланысты мұғалімнің индивидуалды даму
мәселесі ерекше өзектілікке ие болады [36. 20б.].
Сонымен бірге диагностикалық функцияны да жетілдіру қажет, оған
пәнді меңгерудің психологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге оқушылардың
индивидуалды танымдық мүмкіндіктерін білу, өз зейінін дұрыс бөле алу,
барлық оқушыларды бірге және әрқайсысын жекелеп байқай алу; өзінің күшті
және әлсіз жақтарын саналау; оқушылармен өзара әрекеттістік тәсілдерін
жоспарлау шеберлігі; таным процесінің өтуін болжау шеберлігі, оның
нәтижесін көре алу; танымдық процесте қабылдай алмаушылықты қабылдай алу
шеберлігі, өз іс-әрекетіне түзеулер енгізу, жылдам бейімделе алушылық
[20, 98 б.].
Дарынды балаларға арналған оқу орындарында оқушыларда бірлесе жұмыс
жасау қатынасын дамыту индивидуалдылықтың, шығармашылық потенциалдың
дамуына әсер ететін тиімді құрал болып табылады.
ІХ Дүниежүзілік дарынды және талантты балалар бойынша Гаага
қаласында өткен конференцияда, V-ші Венада өткен жоғарғы қабілеттерге
байланысты Еуропалық кеңестің конференциясында дарынды балалармен жұмыс
жасауға тілектес және қабілетті мұғалімдерді даярлау міндеті
қарастырылды. Сұрақты тек педагогикалық тәжірибе, тамаша пәндік білім,
жаңа оқыту технологияларын игеру жөнінде ғана қоюға болмайды.

зерттеу процедурасы
Дарынды балаларды оқыту және тербиелеуді ұйымдастыруда негізгі
міндет дарындылықтың типін, түрін, деңгейін және т.б. анықтап, қабілеттер
мен талантылықтың толық ашылуына жағдай жасау.
Дарынды балаларды ашу нақты баланың дамуын талдаумен байланысты
ұзақ процесс, дарындылықты қандай да бір әдіс көмегімен мысалы, тестілеу
арқылы мүмкін емес.
Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу процесінде біртіндеп
кезеңмен іздестіру қажет.
Дарынды баланы бағалауда мүмкін болар қателерді төмендету қажет,
ғалымдар осы уақытқа дейін бұл феноменнің жалпы нақтыланған анықтамасын
әлі берген жоқ, өйткені көрсетікштері күрделі, жан-жақты және көп
деңгейлі.
Балалардағы дарындылықты анықтау мәселесі нақты көрінетін этикалық
аспектіге ие.
Дарынды немесе дарынды емес баланы анықтай отырып, біз оның ары
қарайғы өміріне жасанды түрде араласамыз, өйткені баладағы қандай да бір
іс-әрекетке деген құлшыныс есейгенде талантты адам болуға кепіл бермейді.
Аталғандарды ескере отырып дарынды балаларды анықтаудың келесі
принциптері құрылуы мүмкін:
1) Баланың мінез-құлқы және іс-әрекетінің әртүрлі жан-жақтылық сипатын
кешенді бағалау әртүрлі көздердегі ақпараттарды қолданып оның
қабілеттілігінің кең спекторын қамтиды;
2) Баланы ұзақ уақыт зерттеу;
3) Баланың қызығушылығы мен бейімділігі максималды мөлшерде сәйкес
келетін іс-әрекет аймағындағы мінез-құлқын талдау;
4) Белгілі дамытушы әсер ететін сонымен бірге баладағы психологиялық
кедергілерді жоятын тренинг әдістер шеңберін қолдану;
5) Дарынды баланы бағалауға эксперттерді қосу: пәндік аймаққа сәйкес
іс-әрекеттегі жоғары санатты мамандар;
6) Баланың дарындылығының психикалық дамудың актуалды деңгейінне
қатынасы бойынша ғана емес, сонымен бірге, дамудың жақын аймағын
есепке ала отырып бағалау;
7) Баланың нақты жағдайдағы нақты мінез-құлқын бағалайтын
эксперименталды маңызды психодиагностикалық әдістерге тіреу жасау,
мысалы, іс-әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалім
және ата-аналардың эскперттік бағасы, табиғи эксперимент.
Психодиагностика әдістері өте күрделі, жоғары кәсібилікті және
арнайы оқуды талап етеді.
Сонымен баланың дарындылығын анықтауда жалғыз көрсеткіштер бағасына
сүйенуге болмайды, мысалы, интеллектуалды дамудың индивидуалды дейгейін
сипаттайтын психометриялық тестер көмегімен анықталатын интеллект
коэффицентінің сандық параметрлері.
Интеллект және креативтілік тестерін қолдану зерттеушілердің
есептеуінше бірнеше шектеулерге ие.
Дарынды балаларды интеллект тестерінің көрсеткіштерінде реттеу
ғылыми көзқарас бойынша жарамсыз болып табылады, өйткені қолданылатын
параметрлердің нақты теориялық және эмпирикалық негізі жоқ.
Дарындылықты анықтауға арналған тестерді қолдану балаларды ұзақ
уақыттық бақылауда алған нәтижелерді нақтылау үшін, баланың психологиялық
сапаларының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және қажетті
психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін қажет.
Психометриялық тестер нақты баланың дарындылығының көріну
динамикасын бақылау үшін тиімді, сонымен бірге, жасырын дарындылықты
анықтауда көмектеседі.
Сонымен тестер балалардың дарындылығын анықтаудың көп әдістерінің
бір ретінде қолданылады. Тестер – кәсіби шебердің қолындағы пайдалы
психометриялық құрал.
Балалардың дарындылығын анықтауда кешенді бағытты қолдану мақсатқа
бағытталған болады.
Соған байланысты әртүрлі әдістердің кең спекторы қолданылады:
1) Балаларды бақылау әдісінің әртүрлі нұсқалары (табиғи және
лабораториялық жағдайда, сыныптан тыс іс-әрекетте);
2) Баланың отбасылық жағдайы, ерте балалық кездегі дамуы жайлы
ақпараттарды жинақтауға арналған әдістер қатарын қолдану (ата-
анасымен әңгімелесу, анкета, балалардың шығармасы, күнделік
жазбалары т.б.);
3) Арнайы психодиагностикалық тренингтер;
4) Балалардың мінез-құлқына мұғалімдер, ата-аналар, тәрбиешілердің
берген эксперттік бағасы;
5) Арнайы ойындар және пәндік бағдарланған сабақтарды арнайы
бағдарламалар бойынша өткізу;
6) Топтық шығармашылықты жұмысты өткізу барысында балалардың рөлдік
ойындарға, миға шабуыл-дарға қатысуы;
7) Балалардың шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерін кәсіби
шеберлердің экспертті бағалауы;
8) Әртүрлі интеллектуалды және пәндік олимпиадаларды,
конференцияларды, спорттық дарыстарды, шығармашылық сайыстарды,
фестивальдарды т.б. өткізу:
9) Дарындылықтың нақты жағдайынна байланысты әртүрлі әдістемелерді
қолдану арқылы психодиагностикалық зерттеулер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz