Дарынды оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерінің көріну сипаты



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дарынды оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерінің көріну сипаты

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2011ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ТҰЛҒА ЖӘНЕ ІС -
ӘРЕКЕТ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.1. Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 2. Балалар тұлғасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9

ІІ. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Дарынды оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері,
және олардың көріну
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау
қабілетін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда тұлға – психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі
болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді,
жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі
жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту
кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың
тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар
көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі,
ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай
қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы
керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге
асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке
жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға
дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу
және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар
мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән вундеркинд.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда
білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік.
Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.

3. Дарындылық белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен
ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында дарынды оқушыға жеке тапсырма беру
арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды
үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Дарынды балалар үйірме, факультатив сабақтары сияқты білімдерін
тереңдететін сабақтан тыс уақытта жүргізілетін қосымша сабақтарға қатысқаны
пайдалы.
Қазіргі таңда жеке тұлға қалыптастыру, яғни дарынды балаларды оқыту
білім мен тәрбие берудегі маңызды мәселе.
Ең алдымен сабақ мақсатын айқындау: балалардың оқудағы іс - әрекетін,
ойлау дағдысын жетілдіру арқылы мақсат қою технологиясын білім жүйесімен
былай көрсетуге болады:
Білім – ұғу, еске түсіру.
Түсіну – берілген материалды түсіну, болжам жасау.
Қолдану – алған білімді пайдалану.
Талдау – түйіндісін бөліп алу.
Жинақтау – жеке бөлшектен тұтас ұғымға көшу.
Егер білім түсініп қолдану, берілген білімді ұғу, меңгеру, пайдалану
дәрежесінде болса репродуктивтік қызмет, ол талдаудан бастап іздену,
проблема шешу, жаңа хабар алу, өнімді іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушы өз бетімен жұмыс істеу арқылы білім алудың қарапайым
дағдыларын меңгереді және алған білімді біліктік дәрежеге көтереді. Оқушы
күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, пікір
айту, түрлі жағдайда өздігінен шешім қабылдау баспалдағынан өтеді,
өздігінен алған біліміне риза болады.
І. ТҰЛҒА ЖӘНЕ ІС - ӘРЕКЕТ
1.1. Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

Бүгінгі таңда тұлға – психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі
болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді,
жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі
жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту
кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың
тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған
талдауларға зер салайық.
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың
болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы
сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С.Выготский алғаш
рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп
бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -
оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз
болып қаланды (С.Л.Рубинштейн, 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н.Леонтьев,
1971, М.3.Неймарк, 1972 және т.б.). Алайда, көптеген авторлар тұлға
бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану,
бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-
қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық-
тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны,
оның орындайтын іс-әрекеті бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын
жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады,
яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз
етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін
құрайды. Нәтижесінде адамның кез - келген реакциялары және ішкі аффективті
өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның
ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және
әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның
дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың
тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы
факторларға тәуелді болып келеді. Л.С.Выготскийдің: "баланың психикасы
әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді.
Л.С.Выготскийдін айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы
әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Кеңес психологиясында адамды тұлға деп - қоғамның субъектісі ретінде
оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу
үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен
бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп
дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен
әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен
қатар Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде
сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін
психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері
кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды
биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтегенезін индивид ретінде,
адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.
А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда
туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-
әрекеттің бірлесе бағынуы онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды.
Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен
біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп,
тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар тұлға - белсенділігімен
сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-
әрекеттерінің саласын кеңейтуімен, талап қойылған жағдайлардың шетінен тыс
әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету)
сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып
табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар,
сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.
Қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің тұлға концепциясы болып
табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен,
қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің
пікірі бойынша, тұлға - тек адамға тән толық психикалық құрылымның
жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-
әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады.
Сонымен қатар тұлғаның өзегін - өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты
қатынас жүйесі құрайды деп қарастырған.
Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.Н.Узнадзе, 1966,
А.С.Прангишвили, 1975 және т.б.). Авторлар түрлі иллюзияларды (елестерді)
эксперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын
барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиесілі екендігін анықтайды. Осы ортақ
нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.Н.Узнадзенің теориясына
сәйкес, ішкі бағдар - адам үшін ерекшеленген "теориялық қажеттіліктің"
әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс
етеді. Осы ғалымдардың пікірі бойынша, ішкі нұсқау - адамды таңдамалы
белсенді іс-әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі
ұғымы болып табылады.
Л.И.Божович балалар тұлғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның
қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын
жағдайларды анықтауы көзделеді.
Л.И.Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың
тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде
оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар
зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің
және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін
анықтады.
Л.И.Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы
оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының
негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі
басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер
басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын
сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда пайда болуы -
тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және балалық шақ
аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып - ересек
адамның қалуы анықталған. Өйткені, олардың қолдауы балалардың қоршаған
ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін уайымдауының "берікті" қажеттілік
жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата-аналардың,
қолдауына талаптануының күшеюі - баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін
мінез-құлқына түрткі болуы да көрсетілген.
Ал Қазақстанда тұлға мәселесі Ж.И.Намазбаеваның жетекшілігімен және
оның шәкірттерінің, яғни Л.О. Сәрсенбаева, Р.Ш.Сабірова, Л.В. Пилипчук,
С.Ж. Өмірбекова, Г.Т.Бекмұратова т.б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді
түрде дамуда.
Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын,
еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық
компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін
кешенді көзқарастарды жетілдіреді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы -
толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект
және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Вуготскийдің ой, пікірі
негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.
1. 2. Балалар тұлғасының қалыптасуы

Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының
дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа
міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-
әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың
қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл
жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық
ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып мотивациялық аймағының,
яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы
саналады. Қажеттіліктер қанағатганылуы керек, ал бұл оларды жетілдіруді
қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың
танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің,
әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға
бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек. Осындай
бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам
қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді.
Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапқы
құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін
сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша
адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай
көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы
қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын
және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және
қиындатады. Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады.
Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара
қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай
келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, кіші мектеп жасындағы
балаларда, оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты
жеткіншектерде - құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты; жоғары сынып
оқушыларында - олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі
орындарына қажеттіліктердің тұтас жүйесі пайда болады. Қажеттіліктердің
пайда болуының мұндай жолы тек балаға ғана тән емес. Ересек адамның
қажеттіліктері де оның өміріндегі және өзіндегі өзгерістерден
туындайтын өзгерістерге ұшырап отырады. Екіншіден, қажеттіліктердің
қалыптасуы мінез-құлық пен іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруімен
байланысты болады. Мұның нақты мысалы ретінде әр түрлі әдеттерді, соның
ішінде, мәдени әдеттерді де айтуға болады. Осылайша меңгерілген мінез-
құлықтың әдістері адамды оларды жүзеге асыруға итермелейді. Бірақ адамның
мотивациялық сферасында жағдайдың тікелей ықпалынан босататын, құрылысы
бойынша жаңа, психологиялық құрылымдардың пайда болуы - тұлға ретіндегі
адам үшін аса маңызды. Оларға адамды қажетті бағытта іс-әрекет жасауға
итермелейтін мақсаттар, шешімдер, рухани сезімдер және сенімдер
жатады. Тұлғаны қалыптастыру үрдісінде адамның тек қажеттіліктері
ғана емес, олардың ара-қатынасы да өзгеріп, дамып отырады.
Басқаша айтқанда, мотивациялық аймағының бәрі дамиды. Біртіндеп, мінез-
құлықтың және іс-әрекеттің тұрақты басым болып отыратын белгілі мотивтер
пайда болады, олар басқаларды бағындырып, тұлғаның бағытын көрсетеді.
Қандай мотивтер басым болғанына байланысты тұлғаның бағыты әр түрлі сипатта
болады. Өзінің аман-саулығын қамтитын себептердің басым болуы - өзімшілдік
бағытты, ал басқа адамдардың көзқарастарымен байланыста болатын себептердің
басым болуы имандылық бағытты сипаттайды. Тұрақты басым әдістер
тұлға сипаттамасында жетекші мағынаға ие болады. Мотивациялық
аймақтың көбірек жетілген иерархиялық құрылымы белгілі бір рухани
құндылықтарды мінез-құлықтың басым себептері ретінде меңгереді Осы
құндылықтар үшін адам өзінің тікелей сенімдерін жеңеді, бұл оның
тұлғасының ерікті мінезің анықтайды. Дұрыс тәрбие үрдісінде
меңгерілген құндылықтар адамның басқа қажеттіліктері мен
ұмтылыстарын бағындыратын тікелей сенімдердің күшіне ие болады. Мұндай адам
өзіне төніп тұрған қауіп туралы ойламай, өзін тәуекелге ұшыратады. Нақ осы
жағдайда адамның жоғары дамыған үйлесімді мотивациялық аймағы туралы және
оның тұлғасының үйлесімді құрылымы мен жоғары деңгейі туралы айтуға болады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала
санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра
отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интеракгивгік деңгейдегі
тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және
бұл жүйенің де өзіндік даму қисыны мен заңдылықтары бар.
Біртұтас қайшылықсыз тұлғаны қалыптастыру тек оның саналы түрде өзін-
өзі басқару қабілетімен ғана сипатталмайды. Бұл дамудың аса маңызды
қисыны, бірақ жалғыз ғана емес. Сонымен қатар жоғарыда айтылған адамның
себептік жүйелерінің де маңызы зор. Оларда адамның өзімен-өзі
күресуінсіз қажетті мінез-құлықты қамтамасыз ететін мәжбүрлеуші күш
болады. Ал бұл үшін тұлғаны қалыптастыру былайша болуы шарт:
танымдық және жанға аффективті үрдістер өзара қандай да бір үйлесімді
қарым-қатынаста болуы қажет. Сонымен, тұлғаның қалыптасуы оның қандай да
бір жағының - рационалдық, еріктік немесе эмоционалды - тәуелсіз дамуы мен
сипатталмайды,- деп есептеуге негіз бар.
Тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас
жүйе. А.Н.Леонтьев өзінің "Іс-әрекет. Сана. Тұлға" еңбегінде тұлға
психологиясы аясындағы іс-әрекеттік көзқарастың бірқалыпты
жүргізілуі бұл теорияның жәрдемсіз екенін жақсы көрсететінін айтты. Іс-
әрекеттік көзқарастың бастапқы бағыттарын нұсқай отырып,
А.Н.Леонтьев мынаны атап айтты: "Бастапқыда, яғни іс-әрекет
үрдісін қалыптастыратын негізгі сәттерді анықтағанша, субъект
зерттеу шеңберінен сырт қалатын сияқты". Алайда субъект іс
-әрекеттік кезқарас шеңберінен мәңгілік тысқары қалады. Өздігінен пайда
болатын қозғалыс бастауы ретінде субъектіге бұл теорияда орын жоқ. Егер
адамды талаптарды қанағаттандыратын амалдардың иерархиялық жүйесі демей, өз
өмірінің субъектісі ретіндегі тұлға деп түсінсек, онда мұндай зерттеуде
тұлғаның да болуы мүмкін емес. Іс-әрекеттік көзқарастың негізгі сөздері -
іс-әрекет, себеп, талап және т.б.- өздігінен бұл көзқарастың әдіснамалығын
білдірмейді. Тұлғаның қалыптасуын Л.И.Божович жеке адамның ерікке ие болуы
ретінде, оны өз өмірінің субъектісіне айналуы ретінде қарастырады: "Бала
тұлғасының қалыптасуының жолы - оның тікелей ықпал етуші ортадан
ақырындап бостандыққа шығуынан және оның осы ортаны да, өзінің жеке
тұлғасын да белсенді түрлендіре алатын адамға айналуынан тұрады".
Л.И.Божович тіркеген саналы сипаттағы амалға талаптардың бар екендігінің
ұстанымдық маңызы зор. Баланың мотивациялық қажеттіліктік сферасындағы
армандарының, өзін-өзі бағалауының, талаптану деңгейінің орны мен қызметін
эксперимент тұрғысында зерттеумен байланысты мәселелерінің қарастырылуы
тұлға психологиясындағы өте мәнді кезеңдердің бірі болып саналады.
ІІ. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балалардың қабілетін анықтау - баланың дамуын талдаумен
байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау
мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен
оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет.
Дарынды балалардың қабілетін анықтау үш деңгейде қарастырылады. Олар:
теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.
1. Теориялық - дарындылықты анықтау.
Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және
оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.
2. Әдістемелік - қабылданған анықтау әдісі мен дарынды оқушының
білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.
3.Педагогикалық-ұйымдастыру - дарынды балалармен диагностикалық
жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.
Бұлақ көрсең көзін аш деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім
міндеті, ендеше мен өзімнің тәжірибемнен бала бойындағы ерекшелікті,
қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге
тасы дұрыс қалануына үлкен жауапкершілікпен қараймын. Осылай дарынды
оқушымен жұмыс жүргізгенде мақсаты мен міндетін қоямын.
Дарынды оқушымен жұмыс бастамас бұрын мұғалімге талап қойылады:
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың
тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.
Дарынды оқушылармен мына жұмыстар жүргізіледі:
1. тестпен жұмыс;
2. қосымша материалдармен жұмыс;
3. мектепішілік сайыстарға қатыстыру;
4. аудандық , қалалық , республикалық , олимпиадаларға қатыстыру;
5. ғылыми жоба қорғау.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің
біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік
білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім
берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет.
Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында
қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді
дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде
қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі
құрылуда.
Осы бағытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Дарындылық дамуының психологиялық механизмдері
Математиканы оқыту процесінде дарынды балалардың даму мәселелері
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Пәндер