Дауысты дыбыстар емлесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дауысты дыбыстар емлесі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Дауысты дыбыстартың теориялық аспектілері
1.1. Дауысты дыбыстар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Фонема туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...10
1.3 Дауысты дыбыстарды жазуға үйретудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
II бөлім. Дауысты дыбыстар емлесін практикалық тұрғыдан зерттеу
2.1 Емле ережесі – сауаттылық
кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Дауысты дыбыстар емлесі тақырыбындағы сабақ жоспары
... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...31
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі лексикалық және грамматикалық
құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық
заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым
тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына
да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері,
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа,
3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының
тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу
мүшелері арқылы жасалатындығында.
Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, онын лексикалық
грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте
фонетнканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.
Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты
салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен
таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық
тұрғыда оқыту мүмкін емес.
Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді.
Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі:
дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін
дамыту т. б.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге
мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып
қалыптасқан.
Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі. Дауыстылар мен
дауыссыздар. Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды
дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары
мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда
дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон) және
салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты
дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің
болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар:
1-физиологиялық классификация;
2-акустикалық классификация.
Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда
әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің
қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің
қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан
жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына
жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді
(о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып
бөлінеді.
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Зерттеу мақсаты: Орта буын оқушыларына дауысты дыбыстардың емлесін
оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді анықтау. Дауысты дыбыстардың емлесін
зерттей келе, орта буын оқушыларына қазақ тілі сабақтарының жаңаша
жүргізілу мүмкіндігін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Дауысты дыбыстар туралы жалпы түсінік беру;
2. Дауысты дыбыстар емлесін практикалық тұрғыдан зерттеу
Зерттеу обьектісі - орта буында қазақ тілі пәнінің маңыздылығы.
Зерттеу пәні – орта буын сыныптарындағы қазақ тілі пәні.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – орта буын оқушыларына арналған дауысты
дыбыстарды санақ бойынша үйрету кестесі, дауысты дыбыстарды үйретуде
қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы – мектепте тіл сабағындағы дыбыстарды
оқыту мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру
арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні – дыбыстардың жалпы даму тарихына, дыбысты
зерттеген әдіскерлердің еңбектеріне шолу жасалынды.
Зерттеудің методологиялық негізі - орта буын сыныптарындағы қазақ
тілі сабағын жүргізудің қажеттілігімен пайдасын анықтап көрсетті.
Зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ
– синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1.1. Дауысты дыбыстар туралы түсінік
Тіл дыбыстары екіге бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар;
2) дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е,
ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге
ұшырамауы арқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді:
1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды
айтқанда тіл кейін шегініп, тіл үсті дөңестенеді.
2) жіңішкедауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты
дыбыстар тілдің ілгері созылуыарқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке
дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған
сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа т.б. Тек
жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер:өмір, көктем, жүгері, мереке,
күміс, ілгіш т.б.
Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты
мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас
дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-
текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас т.б.
Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге
бөлінеді:
1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о,
ө, е, э.
2) қысаңдауыстылыр: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар
ашылуы арқылы жасалады. Текашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман,
өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаңдауыстылар арқылы жасалған сөздер:
қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік
болып екігебөлінеді:
1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға
қарай созылып, дөңгеленуінен жасалады.
2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а,
ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру,
ұлу, күлу т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі,
отырықшы, егінші, еңбекшіл т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі
буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік
дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен
жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
ЖАЗЫЛУЫ АЙТЫЛУЫ
Құрық Құрұқ
Жүгері Жүгөрү
Жұмыс Жұмұс
Көңіл Көңүл
Көркем Көркөм
Өнер Өнөр
Орын Орұн
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын
болып екігебөлінеді.
Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын
дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық,
қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші т.б. Буын талғайтын
дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады,
тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам
аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.
БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН ҚОС СӨЗДЕР БІРІККЕН СӨЗДЕР
СӨЗДЕР
Куә Әп-әдемі Аягөз
Дүдәмал Дәрі-дәрмек Қараөткел
Күмән Той-томалақ Орынбор
Антоним Құл-құтан Көнетоз
Лото Ат-көпір Аққұтан
Мазмұн Дүние-мүлік Айнагүл
Мағлұмат Салт-дәстүр Меңдіқұл
Мәжбүр Күндіз-түні Жанбота
Дәстүр Күмбір-күмбір Келіссөз
Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен а дыбысы
жазылады.
АЙТЫЛУЫ ЖАЗЫЛУЫ
Рәзинә Рәзина
Жәмилә Жәмила
Рәсуә Рәсуа
Жәйләу Жайлау
Шәй Шай
Кітәп Кітап
Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы
жалғанғанда ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у,
қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
Соңғы буынында ы, і әріптеріне бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ
жағының жалғауы жалғанғанда түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы,
халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.
Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы
жалғанғанда ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю,
кейі+у=кею, т.б.
Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді, де қосарлы
дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және
дыбыс саны мен әріп санындаөзгеріс бар сөздер болып табылады. Мысалы, қоян
– қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Текайуан, хайуан, кейуана, диуана,
миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы
ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и
түрінде жазылады.
АЙТЫЛУЫ ЖАЗЫЛУЫ
Жыйын Жиын
Қыйын Қиын
Тыйын Тиын
Ыйық Иық
Кійім Киім
Кійіт Киіт
Ійне Ине
Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында
айырмашылық бар сөздер деп аталады.
Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады.
Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу,
тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.
Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда,
соңғы ый, ійәріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды,
кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.
1.2 Фонема туралы түсінік
Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан
ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің
әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа
болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің
формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы
қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема сөздер мен олардың
дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық
единица. Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің
дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей
емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні
айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні
болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не
созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті
болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.
Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің
жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонологияда дыбысты
зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін
саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы
дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен
тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты
жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан –
сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың
фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі
дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда
дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын
қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни
жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің
ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан
көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге
жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан
құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді.
Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды
бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді.
Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі
жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең
кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң
болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің
мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы.
Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз
ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке
дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады.
Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше
түрлі айырмашылығы бар:
1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не
жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс
мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге
келеді.
2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол
шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса,
бұл – фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің
мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар.
Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты
дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік,
бірде езулік болып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да,
қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы
мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан
құралады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы
мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің
орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.
1.3 Дауысты дыбыстарды жазуға үйретудің жолдары
Үлкен А әріп жазылу емлесі.
Үлкен А әріп үлгісі тақтада тұрады. Әріпті жазуды жұмыс жолының
төменгі жағынан бастап төменгі сызық сәл жоғары қарай қиғаштау етіп жоғары
жылжытамыз. Келесі жұмыс жолының сызығына жеткізбей өзімізге қарай төмен
түсіп шиек жасаймыз. Екі элементті қосып, ортасынан сызамыс. Мынадай
қателер кетуі мүмкін:
✓ екі элементтің ортасы қалың;
✓ бірінші элементті тік . Бұл и әрпінің қосатын элементі сияқты
жазылу керек. Мұғалім А әріпін бір элемент нүктелер арқылы жазып
көрсетеді.
Үлкен және кіші а әріпі жазу үзіліссіз жүреді. Үлкен әріпті жазғаннан
кейін, кіші әріптің негізгі дөңгелек негізін салып, содан соң жарты шиегі
бар сызықты саламыз.
Кіші а дыбысының емлесі.
а әріпі ең алғаш үйретіледі және ол екі элементтен тұрады. Міне оны
жазудың қиындықтары да осында. Мұғалім әріп элементтеріне назар аудара
отырып, тақтаға жазып көрсетеді. Мұғалім тақтаға жазумен бірге айтып
түсіндіріп отырады: Жұмыс жолының жоғары жағына келгенде солға қарай
дөңгелектеу етіп төменге дейін сыза отырып, қиғаштау етіп бастаған
нүктемізге дейін апарамыз. Екінші элементті үзбей жоғарғы сызықтан бастап
төменгі жағын имектеу етіп жасаймыз.[23.№3]
Оқушылардың қателерінбайқай жүре мұғалім, оны қалай дұрыс жазу
керектігін түсіндіреді. Оқушылар а әріпін жазу барысында бірінші элементті
өтежақын жазу сияқты қателерді жиі жібереді.
Мұндай қателерді түзеу үшін мұғалім оқушыларға қайта үйретеді.
Мысалға, екі элементті өте жақын жасбас үшін ең алдымен екінші элементтің
жазылу ережелеріне назар аударамыз. Осыдан кейін еэлементті жазғанда
арасында бұрыш нүкте қою арқылы оқушылар қателерін түзейді.
Ә дыбысының емлесі.
Ә әріпі үзіліссіз жазылады. Бұл дыбысты таңбалау са қиындық
тудырмайды. Әріпті үстіңгі жұмыс жолына сәл жетпейтін жерден бастап, оңға
қарай жоғары жүре келе дөңгелектей төменге түсеміз. Төменгі жұмыс жолына
жетпей солға бұрып, екі жұмыс жолының ортасынан оңға қарай сызып бастапқы
сызығымыздың дәл ортасында түйістіреміз.
Мынадай қателер кетуі мүмкін:
✓ иегі кішкентай;
✓ әріпті жазуды дұрыс бастамаған;
Қатені түзеу үшін санау әдісіне сүйенсек болады. Немесе үлгімен
салыстыра отырып талдау жасау керек.[24.55-56б.]
Кіші ә дыбысы үлкенӘ дыбысы сияқты айырмашылығы көлемінде.
Е, е дыбысының жазылу емлесі.
Е әріпі аса қиындықты тудырмайды. Сондықтан көп оқушылар қатесіз
жазады. Бірақ оқушылардың назарын имекті жұмыс жолының дәл ортасында
басталатын аудару керек. Кіші е әріпі алдындағы әріппен байланысқан кезде
орьасынан, ал кейінгі әріппен байланысы төменгі жағынан болады.
Үлкен Е әріпі қиындау. Әсіресе төменгі дөңгелекшені жазу қиынға
түседі.
Сондықтан мынадай қателер кездеседі:
✓ Алтынғы элементі сопақшалау жазылған.
✓ Бұл элемент үстіңгісіне қарағанда дөңгелектеу болу керек.
Тақтаға салып көрсету керек.
Кейбір үлгермейтін оқушылардың қолын ұстап үйрету керек. Элементтер
арасындағы пропорция сақталмаған. Үстіңгі элемент астыңғы элементтен
кішкене екенін түсіндіру керек.
Ё, ё әріптердің жазылу емлесі.
Ё әрібі е әрібі сияқты.Тек төбесіндегі нүктелерден ғана айырмашылық
бар. Сондықтан әріп оңай.
И, и дыбыстарың жазылу емлесі.
Әуелі, баспа түрін немес тақтаға жазылғанәріп үлгілері көрсетіледі.
Салыстыра келіп екі әріптің жазылу айырмашылығы формасы мен көлемінде екені
түсіндіріледі.
Мұғалім тқтаға кіші и әріпін түсіндіре отырып жазады: и әріпі
үзіліссіз жазылады. Жоғарғы жағынан сызықтан өзімізге қарай тіке,төменгі
сызыққа сәл жеткізбей оңға қарай имектеу қылып, екінші элементімен
қосылатын жерге дейін жоғарға апарамыз. Сызықты жоғары қарай қазғалтқан
кезде оңға қарай қиғаштау етіп жазамыз. Бірінші элементті аяқтасақ
қаламсапты дәптерден алмай, яғни үзіліссіз екіншіэлементті жазамыз. Екінші
элементті бұрынғы жазғандай етіп төменгі жағын сәл имектеу етіп бірінші
элементпен екінші элемент арасында бұрыш қалатындай, сызықты жұмыс жолының
дәл ортасына дейін апарамыз.
Мұғалім оқушылардың жазғанына қарай жүре, барлығына ортақ қателерді
байқайды:
1. екінші элементі бірінші элементіне өте жақын.
2. екінші элементі қашық немесе бірінші элементі солға қарай қиғаштау.
Бірінші қатені түзеу дәл а әріпінің жазылуын үйреткендегідей болады.
Мұғалім қате әріпті тақтаға жазады оқушылар қай жерден қате кеткенін
айтады: Екінші элементі өте жақын орналасқан.
Қатені түзеу үшін бірінші әлементпен екінші элементтің арасында бұрыш
қалатындай етіп жазу керек. Яғни, ортасынанүкте қою арқылы түзеуге болады.
Екінші қатені түзеу үшін оқушылардың назарын сызықтың паралель
келетіндігіне және тік сызықты жұмыс жолының төменгі жағына сәл
жеткізбейтіндей жерге дей жазу керек ойтылады. Мысалы, мынадай жаттығулар:
екінші элементтің ортасына сызық сызу арқылы Бұл өзін - өзі тексеру үшін
пайдалы.
Үлкен И әрібін жазу кезінде қай жерлерін біркелкі жазу үшінбелгілеу
қажет:
Оқушылардың назарын екі элемент жазғанда олардың ұзындығы біркелкі
болуына назар аудару керек.
Әртүрлі қателеркетуі мүмкін. Бірақ жиі кездесетін:
✓ Бірэлемент дұрыс жазылмаған;
✓ Екі элементі жақын орналастырған.
✓ Бұл екі қатені біргекездесіп отырады.
Қателерді түзеу үшін екі түзу сызық одан кейін әріпті жазып немес
орталарына нүкте арқылы қосып көрсетуге болады:
Қосатын элемент біркелкілігіне назар аудару қажет. Бұл жаттығулар өзін
- өзі тексеру үшін беріледі.
й әрібінің жазылу емлесі.
Бұл әріптің и әрібінен айырмашыдлығы ноқатында ғана. Сондықтан
қиындығы жоқ.
О, о әріптердің жазылу емлесі.
Оәріпті жұмырлау болып келеді. Бұл әріптің жазғанда оқушы назарын
осыған аудару керек. Яғни, кіші және үлкен о әріптері дөңгелектеу келген
әріптер сияқты, біраз сәл сопақтау болады. Бұлүшін дәптерге қиғаш
орналасуының да маңызы бар.
О әріпі сағат тіліне қарама – қарсы бағытта жазылады. Мұны мұғалім
тақтаға жазып көрсетеді.
Кіші о әріпінің жазылуының басталуы а әріпі сияқты. Ал үлкен О әріпін
төмен жақтан бастаған жөн. Көп кездесетін қателер: әріптің жеткілікті
деңгейде дөңгелектеу болмауы. Бұл қатені түзеу үшін дұрыс немесе дұрысемес
жазылған әріп үлгісін салыстыру қажет.
Ө әріпінің жазылу емлесі.
Ө дыбысы бір үзіліспен таңбаланады. Ө дыбысын дәл о әріпі сияқты
жазамыз, тек мынадай қателер кетуі мүмкін:
Сызықтың төмен орналасуы; дөңгелекшесі дұрыс жазылмаған;
Бірінші қатені түзеу үшін үлгімен салыстыра отырып, оқушыларға өз
қателерін таптыру керек. Қатенің кейін, жазылу жолын қайталап
көрсетеміз.Екінші қатені дәл о әріпіндегідей етіп түзетеміз.
У, у әріптерінің жазылу емлесі.
У әріпі бірде дауысты, бірде дауыссыз болады. Кіші у әрпін жазуға
оқушылар біршама дайын болады. Алғашқы элементі и әріпінің бірінші элементі
болса, екінші элементі дайындық кезінде жазылған элемент. Бірақ бұған
қарамастан үзіліссіз жазу кезінде айтарлықтай қиындық туады. Кіші у әрпінің
жазылуын түсіндіре отырып, мұғалім и әрпінің жазылу кезіндегі оқушылардың
білім тәжірибесіне сүйенеді: Бавлалар бірінші элементті байқасақ, и
әріпінің элементі сияқты. Ал екінші элементі бізге бұрыннан таныс.
Бірінші элементті қолды дәптерден алмай үзіліссіз жазып, имек сызықты
екінші элементін жазамыз.
Екінші элементін жазуда не маңызды? Сызық тік болу керек? Өзіңе қарай
жазғанда біркелкі сыза отырып, солға қарай имек жасаймыз. Міндетті түрде
жұмыс жолының төменгі сызығымен қиылысу қажет.
Мынадай қателер кетуі мүмкін:
✓ Имектің солға қарай қатты қиғаштығы.
✓ Бұл жағдайда, мұғалім имек сызықтың жазылу барысында оның ерте
қайырудың қажеті жоқ. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz