Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің маңыздылығы


Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері және шарттары
Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің маңыздылығы программасында былай деп атап көрсетілген: «Дене жағынан мықты жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуді ең ерте балалық шақтан бастау маңызды міндеттерінің бірі деп санайды».
Мектепке дейінгі шақта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетілед. Бұл кезеңде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады.
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал етеді: қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі, жағымды мінез-құлық белгілері қалыптасады. Балалар құрбы-құрдастары коллективінде әрекеттенуді үйренеді, оларда шыдамдылық, дербестік, белсенділік, инициатива, жолдастық, өзара көмек сезімі және т. б. қасиеттері қалыптасады.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл және мәдени гигиеналық дағдыларымен іскерліктерін қалыптастыру.
Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін керек етеді, ұзақ уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала өмірін толығымен оның денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөніндегі қамқорлық жасайтын адамға байланысты.
Дұрыс ұйымдастырылған режим, гигиенаның қажетті ережелерін орындау, балалардың біршама қимыл белсенділігі - міне, осының бәрі оның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына, қуаныш сезіміне бөленуіне игі әсерін тигізеді. Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Режимді бала тәрбиесінің дұрыс методикасымен ұштастыра отырып орындау балалардың шаршап-шалдығуын болдырмайды.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты - бала организмін шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің елеулі міндеті - балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші сапаларын қалыптастыру.
Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді. Алуан түрлі белсенді қимыл іс-әрекеті сүйек-бұлшық ет системасының дамуына, балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін тигізеді, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалардың негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру) өте бастап қалыптасады. Алайда тәрбиелеу процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана балалардың дамуы неғұрлым толық дәрежеде болады.
Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне қоса мектепке дейінгі балалар бұлшық еттің белгілі бір топтарын (қолдың, аяқтың, кеуденің) нығайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды. Сондай-ақ балалардың дамуына дене жаттықтыруының спорттық түрлері, шаңғы, коньки тебу, жүзу, весолисед тебу, т. б. көмектеседі.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде баланың организміне белсенді түрде жан-жақты әсер ету мақсатымен қолданылатын дене жаттықтыруларының белгілі бір жүйесі қалыптасады. Ол дене тәрбиесі жөніндегі оқу сағаттарын, қозғалмалы ойындарды, таңертеңгілік гимнастиканы мақсатты ұйымшылдықпен пайдаланудан, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларын және балалардың өз бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.
Мәдени -гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу баланың денсаулығын нығайтуға бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті - мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді - қамтиды.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмысында балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. Балалардың жасына қарай бөлінген топтарда бұл міндет «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» байланысты шешіледі.
Ең кішкентай балалар қарапайым дағдыларға (қолын жууға, түймесін салуға), үлкеніректері - неғұрлым күрделі дағдыларға (тамақ жегенде шанышқыны пайдалануға, ұқыпты болуға) үйренеді. Балалардың белгілі бір дағдыға үйренуі үшін уақыт қажет, демек дағдыны қалыптастыру бала өмірінің бір емес, бірнеше жылына созылуы мүмкін.
Тәрбиешінің атқаруға тиісті жұмысының методикасы программаның талаптарына және мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай анықталып отырады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың табысты болуының негізгі шарттары қатарына жақсы жағдайдың туғызылуы, айқын күнделікті режим мен үлкендер тарапынан басшылық болуы жатады.
Жақсы ұйымдастырылған жағдай дегенді таза, біршама кең, барлық режим элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйықтау, оқу және ойнау) іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар бөлмелердің болуы деп түсінеміз.
Жағдайдың тұрақты болуының, күнделікті қажет бұйымдардың тұратын және қолданылатын орнын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше. Мысалы, жуынатын бөлмеде көлемі шағын раковиналар жеткілікті болуы шарт, олардың әрқайсысының үстіне сабын салынып қойылады; раковиналар мен сүлгілер балаладың бойына қарай орналастырылады; ілмешектегі әр сүлгінің үстіңгі жағына сурет ілініп қойылады. Бұл балалардың жуынуға деген ынтасын арттырады.
Күнделікті атқарылатын гигиеналық процедуралардың бір уақытта атқарылуын күн режимі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себін тигізеді. Оларды орнықтыру ойындарда, еңбекте, оқу сағаттарында, тұрмыста жүзеге асырылады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің - ата-аналардың және тәрбиешінің басшылығымен іске асып отырады. Сондықтан мектепке дейінгі балалар мекемесі мен жанұя тарапынан қойылатын талаптар өзара толық келісілген болуы қажет.
Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнекі-бейнелеп ойлау басым. Осыған байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін көрсету және түсіндіру керек. Тәрбиеші қасықты қалай ұстау, стол басынан қалай шығу, қолды қалай жуу керек екендігін көрсетеді. Көрсету түсіндірумен қатар жүргізіледі. Балаларға тәрбиешінің қойып отырған талаптары (қолды таза жуу, суды еденге шашыратпау және т. б. ) түсінікті болады. Үлкендер тарапынан дұрыс басшылықтың болуы балалардың жеке гигиена дағдысын үйренуге кететін уақытын қысқартады.
Кейбір дағдыларға үйрету, мысалы, мәдениетті тамақтану дағдысына үйрету көп еңбектенуді талап етеді, өйткені оған үрену үшін балалар белгілі бір ізбен орындалатын бірнеше қимылдарға (стол жанында дұрыс отыру, тамақтану құралдарын, салфетканы дұрыс пайдалану және т. б. ) үйрену керек. Баланың белгілі бір қимылдарды орындауға жаттығуы және оны үлкендердің үнемі бақылауы қажетті дағдылардың біртіндеп қалыптасуына жағдай жасайды. Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде маңызды. Онан әрі тәрбиеші қимылдың мұқият және шын ықыласпен орындалуын тексереді. Қажетті бақылаудың болмауы балалардың теріс дағдылануына: қасықты, шанышқыны дұрыс ұстамауына, қол орамалды пайдалануды ұмытып, киімді дұрыстап бүктемеуіне әкеп соқтырады.
Балалар бақшасындағы балалар өмірінің режимі
Режим дене тәрбиесінің табысты болуының маңызды шарты. Режим дегеніміз іс-әрекет пен демалыстың алуан түрін уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуды көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.
Режимді құрайтын барлық элементтердің (тамақтану, ұйықтау, ойнау, оқу, серуендеу) белгілі бір жүйемен қайталанып отыратындығының нәтижесінде бір түрден екінші түрге ауысуды оңайлататын балалар тұрмысының үйреншікті құбылыстары орын алады. Мәселен, тамақ ішетін уақыт болғанда балалардың қарны ашады, тәбеті келеді, осының арқасында тамақ жақсы қорытылып, тез сіңеді. Ұйықтайтын уақыт келгенде балалардың жүйкесі оңай тежеліп, олар тез арада ұйқыға кетеді. Режимнің орындалып отыруы баланың нерв жүйесіне және организмдегі барлық физиологиялық процестердің жүруіне игі әсер етеді.
Режимге қойылатын талап балалардың жасына қарай психофизиологиялық ерекшеліктерге тәрбиелеу міндеттеріне, жағдайға байланысты анықталып отырады.
Режимге қойылатын негізгі талап - балалардың жас ерекшеліктерін есептеу. Режимді орындау процесінде балалардың денсаулығы жағдайын, олардың психиялық даму дәрежесін ескеру керек. Денсаулығы осал немесе сыртқаттан айыққан балалардың ұйықтайтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі ұзартылады, тәрбиелік-білімдік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер енгізіледі.
Келесі талап - режимнің тұрақтылығы: дер кезінде тамақтану, оқу, ойнау, ұйықтау. Ол балалардың қайталанып отыратын құбылыстарға дағдылануына көмектесіп, балалар жөн-жосыққа, тәртіпке үйретіледі. Режимнің бұзылуы балалардың денсаулығы және олардың мінез-құлқына теріс әсер етеді: олар қызынып, қыңырлыққа салына бастайды, олардың арасында ұрыс-керістің болуы да мүмкін.
Режим берілгенде жыл мерзімдері ескеріледі. Мәселен, жазғы кезеңде балалардың таза ауада болу уақыты ұзартылады, оларды таңертең ертерек оятып, ал кешкісін ұйқыға кештеу жатқызады.
Сонымен қатар балалардың бақшада болу мерзімін де ескеру қажет. 12-24 сағат болатын балалар бақшасында уақыттыңң екінші жартысында ойынға, серуендеуге уақыт көбірек бөлінеді.
Режим жасалғанда балалардың ата-аналарының жұмыс істейтін мерзімі де ескеріледі. Мысалы, балалар бақшасында жұмыстың басталу уақыты кәсіпорындағы жұмыстың басталуына қарай ыңғайластырылады, осыған орай балалардың тамақтану және оқу сағаттары жылжытылады. Алайда ойынға, серуендеуге белгіленген уақыт ұзақтығы мен барлық режимдік процестерді өткізу жүйесі өзгертілмейді.
Балалар бақшасындағы күннің алғашқы жартысындағы тәрбие жұмысы
Балаларды таңертең қабылдап алуды ойластырып, жақсы ұйымдастырудың күн тәртібінде үлкен маңызы бар. Тәрбиешінің балаларды жылы шыраймен қарсы алуы олардың көңіл күйіне, жұмыс қабілетіне, тәртібіне әсер етеді. Балалар өздерін күтіп алатынын, келгенін ұнататынын білсе, балалар бақшасына ынталы келеді.
Көреген тәрбиеші баланың бақшаға келгендігі көңіл-күйін байқайды да педагогикалық шара қолданды: сәбиді бірден іс-әрекетке тартады немесе жалғыз өзі болып, жұбануына мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі балалар мекемесіне бұрыннан барып жүрген балалардың денсаулығына, шаршап-шалдыққандығына, үлкендердің берген уәдесін орындамауына және т. б. болуы мүмкін. Кейде ата-аналар жұмысқа баруға асығып тұрып, баланы оның қарсылық көрсетуіне қарамастан, жұлмалап шешіндіре бастайды немесе өзінің шешінуін талап етіп, ұзақ өтініп тұрады. Тәрбиеші мұндай ата-аналарға әлгіндей әрекеттің қайсысы болсын жөн емес екендігін. Ол сәбидің көңіл күйіне әсер ететіндігін, өзі кеткеннен кейін баланың көпке дейін басыла алмайтындығын айтып, түсіндіруі керек.
Баланы жұбату үшін көңілін әлдеқандай қызғылықты бір нәрсеге аудару қажет. Мұны әр түрлі тәсілдермен: балаға кіші-гірім тапсырма беру, қандай да бір қызықты нәрсені бірлесіп бақылау және т. б. жасауға болады.
Балалар бақшасында тәулік бойы болатын балалар көбірек көңіл бөліп, еркелетуді қажет етеді. Таңертен тәрбиеші оларға келіп, қалай ұйықтағандарын сұрайды, алда тұрған қызғылықты істер туралы айта отырып, ойларын үйден басқаға аударады. Ол сәбилерге ойыншықтарды көрсетіп, қызғылықты ойын бастап жібереді, кеше басталған құрылыстар туралы балалардың есіне салады және т. с. с. Тәрбиешінің жайдары көңіл күйі балаларға да тарайды.
Таңертенгілік сағаттарда балалардың еңбек әрекеті ұйымдастырылады. Тәрбиеші сәбилерді өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатыстырады. Сәбилер еңбек тапсырмаларын тәрбиешінің бақылауымен және оның көмегімен орындайды.
Балалар тамағын ұйымдастыру
Балаларды қалыпты өсіп, дамуы үшін оларға дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру қажет. Өсіп келе жатқан және тез дамып отырған организм тамақтың жеткілікті мөлшерде және сапалы болуын талап етеді. Тамақтың аздығы да, көптігі де баланың денсаулығына бірдей зиянды және ас қорыту мен зат алмасуы бұзылып, организмнің қарсыласу қабілеті төмендеп, дене дамуы ғана емес, психикалық дамудың да тежелуі ықтимал.
Балалар бақшасында болатын ұзақтығына қарай балаларға арасына үш-төрт сағат салынып, 3-4 рет тамақ беріледі.
Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану процесі тағамның жақсы сіңуіне себін тигізеді. Және оның тәрбиелік үлкен маңызы бар. Тамақ таза және жақсы желдетілген бөлмеде ішілуі тиіс. Столдар балалар еркін отырып-тұратындай етіп қойылады.
Тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыруда столды жабдықтау маңызды сәт болып табылады. Стол үстіне кіршіксіз таза ақ дастархан жайылғанын балалардың ұнататынын тәжірибе көрсетіп отыр: сондықтан тіпті сәби топтағылардың балалар бақшасына келген күнінен бастап-ақ тамақты ақ дастархан үстінде жеуге үйтеру керек, бұл оларды ұқыптылыққа тәрбиелеуге көмектеседі. Ересектеу балалар тобындағылар ақ түсті матадан тігілген салфетка үстінде тамақтанғаны дұрыс.
Тамақтану алдында күтуші берілетін тамақ түрлерін біліп алады да, тиісті ыдыстарды қосалқы үстел үстіне әкеп қояды. Кезекшілер ыдыстарды стол үстіне жайғастырады.
Тамақтану алдында балалар қолдарын мұқият жуады, ал егер қажет болса, бетін де жуады. Алдымен тамақты баяу жейтін балалар жуынады, олар басқаларды күтепстен столға отырып, тамақ іше береді.
Тамақ түрлерін беру арасында ұзақ үзілістер болмауға тиіс, бірақ қысқа мерзімді үзілістр болып тұрады. Бір стол басында отыраған балаларға бұл кезде ақырын сөйлесіп, пікір алысуға рұқсат етіледі. Тамақ үстінде стол басында тәртіп сақталуы тиіс. Егер баланың біреуі абайсызда тамағын төгіп алса, еденді сол бойда сүрту керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz