Дене үзілісінің маңыздылығы



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Евразия академиясы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Дене үзілісінің маңыздылығы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016ж.

Жоспары
Кіріспе
1.Дене тәрбиесі қағидалары
3. Дене үзілісінің маңыздылығы
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Дене тәрбиесі және спорт тәжрибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі
жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді,
дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет. Олар алты
топқа бөлінеді: 1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған
белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа
бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дене дамыту жаттығулары,
гимнастикалық снарядтағы жаттығуларт.б.); ә) ойын жаттығулар (ойын кезінде
орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік
жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велесипед,
шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б жаттығулар); в) спорттық жаттығулар –
спорттың әр түрінде қолдаланылатын негізгі жаттығулар (100метрге жүгіру,
ұзындыққа секіру т. б.). 2. Дене қуатын қасиеттерін дамыту бағыты бойынша
топтау. 3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: негізгі,
дайындық, жақындататын жаттығулар. 4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын
жаттығулар. 4. Қозғалыс құрылысына байланысты топталған жаттығулар: а)
циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар
(снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.) б) аралас жаттығулар (циклді,
ациклді жаттығулары бар спорт ойындары). 6. Жаттығуларды күш қарқынына
қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд
аралығында орындалады); ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар
(20секундтан 5 минөтке дейін ); б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар
(5 минөттен 30 минөтке дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар
(30 минөттен көбірек).

1.Дене тәрбиесі қағидалары
Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты – дене
тәрбиесі үрдісі кезінде жаттығушылардың санасында дене тәрбиесі мен спорт
әрекеттеріне деген саналы терең ой, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық
қалыптастыру және олардың осы әрекеттерге белсенді ұмтылуын ұйымдастыру.
Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік – дегеніміз адамның сезім мүшелерін
тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде
көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады.
Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі
арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың
санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады.
Жүйелілік қағидасы. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа
үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі
орындағанда ғана болады. Жүйелілік–сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы,
сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеуі.
Реттілік қағидасы. Қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін
дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 1.
Жеңілден – қиынға. 2. Қарапайымнан – күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл
әрекеттен – меңгерілмеген қимыл - әрекетке.
Біртіндеушілік қағидасы. Орындайтын жаттығулар техникасының біртіндеп
күрделенуін, жүктеме көлемі мен қарқыны біртіндеп өсуін біртіндеушілік
қағидасы дейміз.
Даралық қағидасы - дене тәрбиесі үрдісінде оқушылардың жеке
ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралық қағидасы әр адамның
дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке
басының, психикасының ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта
әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты.
Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және
психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке
үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі. Ол үш кезеңге бөлінеді.
Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен
(жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, оқу мақсатына, оқушылар тобының
ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Олар: дене тәрбиесінің
әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілікті
арттыру т.б.), дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы (футбол,
баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.), медициналық –
биологиялық (дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режимдері
туралы баяндаулар, әңгімелер), үйрететін қимыл – қозғалыс техникасы туралы
мағлұматтар. Теориялық мағлұматтар алу көздері: қимыл тәжрибелілігі, арнайы
оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және
бейнефильмдер көрсету т.б.
Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің
техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.
Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клавиатура буферін тазарту
Патологиялық тыныс түрлері
ӨДТ құралдары - дене шынықтырудың қарапайым құралдары
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тыныс алу жолдарының гигиеналық талаптары
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Цитогенетикалық әдіс
Үзулердің сыныптарға ерекшеленуі
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Қылмыстардың көптігінің түсінігі және олардың жекелеген қылмыстардан айырмашылығы
Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Пәндер