Дербес компьютерді модернизациялау



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Дербес компьютерді модернизациялау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Дербес компьютерлер және оларды модернизациялау
1.1. Дербес компьютерлердік
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2.Дербес компьютердің іш-құрылысы және оны
жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... 9
2 бөлім. ДК-ді модернизациялау және жөндеу
2.1. Дербес компьютердің жұмысын жақсарту
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. ПК жөндеу және модернизациялау
лабораториясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..18
2.3. Компьютердің жай жасау себептері және оған қызмет
көрсету ... ... ... ... 20
2.4. Компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік
техникасы ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе

Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп
қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер
жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және
т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға,
сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер,
мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін
ұсынады.
Алғашқы дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді
1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM құрастырушыларының сәтті технологиялық
шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында
компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды.
Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және
бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс
істейді.
Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу
жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын
басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет
алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады.
Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына
жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді.

Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті
жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер
қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары
көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа
қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер
банктерінен ақпарат ала алады.
Компьютерді жөндеу және модернизациялау кезіндегі жұмыс барысы:
1. Ақау кеткен жерін анықтау үшін жүйелік блоктың қорабын ашамыз;
2. Шлейфтердің немесе шиналардың дұрыс орнатылғандығына көз жеткізу
үшін оларды тексеріп шығамыз;
3. Жанып кеткен құрылғы болса соны ажыратып жөндейміз
4. Жөндеген құрылғыны орнына салып дербес компьютерді іске қосамыз.
Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды
орнатып, одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз.
Ақпараттарды құжатта сақтауға байланысты кез-келген басқарушылық қызмет
және кез-келген басқарушылық шешім міндетті түрде құжаттық нысанада
тіркеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Дербес компьютерлерді жөндеу және
модернизациялау ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Дербес компьютерлер, компьютердің
құрылығылары және ЭЕМ техникалық іске асыру мен модернизациялау және
олардың компоненттерін меңгертуі тиіс.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 бөлім. Дербес компьютерлер және оларды модернизациялау
1.1. Дербес компьютерлердік қолданылуы

Компьютер (ағылшынша: computer — есептегіш), ЭЕМ (электрондық
есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала
белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже
шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде
компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың
негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін
компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың,
фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген
физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп
таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған
физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік
береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының
үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық
компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе
әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті
ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны
өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық
математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға
болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық
есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу
үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды.
Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Аланом Тьюринг
сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару
құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар,
мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді
түсінбейді және өз бетінше ойламайды. Компьютер тек қана бағдарламада
көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен
механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған
белгілі бір мән береді.
Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылшынша: to compute, ағылшынша:
computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер есептеу, есептегіш мағынасында
аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латынша: computo —
есептеймін сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық
құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер
жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты
айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей
байланысты емес мәселелермен де айналысады.
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд
сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық
есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық
компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер
түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді.
Есептеуіш техника есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің
маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде
есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш
сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар
күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары).
Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола
бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр, электронды
компьютер. Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан,
олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды
пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы
есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам
есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеді.
Есептеуіш техникаларды жіктеудің тәсілдерінің бірі ретінде олардың
қабілеттерін анықтауды атауға болады. Барлық есептеуіш машиналар, келесі үш
типтің біреуіне жатқызылуы мүмкін:
• бір қызметті ғана орындайтын арнайы құрылғылар;
• аз ғана қызмет орындай алатын құрылғылар;
• қазіргі кезде қолданылатын жалпы мақсаттағы құрылғылар. Компьютер
деп, осы үшінші тип машиналарын атайды.
Қазіргі заманғы компьютерлерді қарастырған кезде, олардың бұрынғы
есептеуіш машиналардан бір маңызды ерекшелігін байқаймыз: қажетті
бағдарламаларды қолдану арқылы кез-келген компьютер басқа бір компьютердің
әрекеттерін орындай алады (әрине, бұл мүмкіндік мәліметтерді сақтау
құрылғыларының сыйымдылығымен және жылдамдықпен шектеледі). Осылайша,
қазіргі заманғы компьютерлер болашақта құрылатын кез-келген есептеуіш
техниканың жұмысын эмуляциялай алады деп есептеледі. Бұл қабілет арқылы
жалпы мақсаттағы компьютерлерді және арнайы мақсаттағы құрылғыларды
ажыратуға болады.
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын
("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең
қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең
алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана
есептеулер шығаруға арналған болатын.
Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар
үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін
күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі
жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек
пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау
тілдері бар болатын.
Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы
мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан стандартты
компьютерлік жүйеге дейін болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың
көп бөлігі компьютерден тұратын болды.
Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал
ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс
(мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды.
Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға
болады.
Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз
дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ
жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару,
эксперттің жүйелерді айтуға болады.

1.2.Дербес компьютердің іш-құрылысы және оны жөндеу
ЭЕМ-нің құрылымы оның техникалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері
көбінесе оны пайдаланудың мақсаттарын анықтайды. Дегенмен бағдарлама мен
бастапқы деректерді машинаға енгізу қажетті операцияларды орындау үшін
керек. ЭЕМ оның құрылымдық ерекшеліктеріне байланыссыз мына құрылғылардан
тұрады:
1) Процессор
2) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы)
3) Шеткі аймақтық құрылғылар
Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад
және тұрақты жад деп екіге бөлінеді.
ОЗУ – оперативтік жады
ПЗУ – тұрақты жады
Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады.
Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс
істеу жылдамдығы оның оперативтік сйымдылығына байланысты.
Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе
механикалық әдіспен жазылады.
1) Д.К. қайта қосқан кезде жүйелік блоктың жұмыс істеуін тексеретін
тестті бағдарлама.
2) Шеткі аймақтық құрылғылар (дискжетек, пернетақта, монитор және
т.б.) жұмысын басқаратын бағдарлама.
3) Дискінің қай жерінде операциялық жүйе жазылғандығын білдіретін
ақпарат.
Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта
уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп
аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны
айтады.
Регистрдегі триггерлер саны компьютердің разрядтылығы немесе
өнімділігі деп аталады. 8, 16, 32, 64 және т.с.с.
Процессор немесе микропроцессор
Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін
ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы,
арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады.
Процессорлардың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модель)
және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші –
мегогерцте.
Кең тараған түрлері:
INTEL 8088 – 5Mhz
INTEL 80286 – 20Mhz
... ... ... ... ... ..
INTEL 486 – 100Mhz
Pentium – 75Mhz
... ... ... ... ... ..
Pentium 4 3000Mhz
Процессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткішіне сәйкес оның бағасы да
анықталады.
Кейде құрылымның ерекшеліктеріне қарай 1 модельге кіретін
процессорлардың жиіліктері әр түрлі бола береді. Жиілігі артқан сайын оның
жылдамдығы да өсе түседі. IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және
басқалардың үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.
Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады. Қосымша плата
контроллер арқылы дискжетек, тышқан, принтер және т.б. магистраль проводтар
(шина) арқылы байланыстырылады.
Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата,
қоректену блогы, қатқыл диск, және т.б.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе
дисплей қолданылады.
Шеткі аймақтық құрылғылар.

Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру
(матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).
Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік
мәліметтерді қағазға шығаруға арналған.
Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге
арналған.
CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.
Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға
арналған құрылғы.
Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.
Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік
береді. Д.К. құрылымы
АЛҚ – арифметико-логикалық құрылғы
БҚ – басқару құрылғысы
Компьютеріңіздің ішінде қандай құрылғылар жатқаны қызықты болса
төмендегі тақырыптарды оқуыңызға болады.
Кез келген компьютердің іш құрылыс бір біріне ұқсас келеді. Басты
құрылғылар саусақпен санарлық. Бастысы сол құрылғыларды жатқа білсеңіз
жеткілікті.
Қорек қорабының басты міндеттерімен жұмыс жасау шарттары.
Қорек қорабының басты міндеті - Сырттан келген өзгермелі тоқты,
Дербес компьютердің жұмыс жасауына жарамды етіп өзгерту. Қорек қорабы
сырттан келген 120в немес 220в өзгермелі кернеуді +5в немесе +12в тұрақты
кернеуге өзгертеді, кейбір жүйеде +3,3в. Калыпты жағдайда компьютердің
құрылғыларына +5 немесе +3,3в кернеу қолданылады. Тек қоғалтқыштарға
(мысалы вентиляторларға) +12в кернеу қолданылады.
Жоғарыда айтылған кернеу күші (+5в немесе +12в) шектеуден асып
кетпесе, Дербес компьютер қалыпты дұрыс жұмыс жасайды.
Қорек қорабы тоқтың кернеу күшін өзгертіп ғана қоймай, кернеу күші
шектен тыс көп болса, кернеу қалыпты жағдайға келмейінше дербес
компьютердің қосылуына жол бермейді.
Қорек қорабы қосылар алдында өз ішіндегі кернеудің күшін тексерістен
өткізеді. Содан кейін Аналық тақшаға белгі беріледі Power_Good(қосуға
жарамды). Егер ондай белгі Аналық тақшага келмесе, Дербес компьютер
қосылмайды. Сырттан келген тоқтың кернеуі тым жоғары немесе тым төмен болуы
мүмкін, сол кезде қорек қорабының қалыпты жұмысы бұзылып, ысып кетуі ғажап
емес. Сондай жағдайда Power_Good белгісі жоғалып Дербес компьютер сөніп
қосылады немесе мүлдем сөніп қалады. Егер сіздің Дербес компьютеріңіз
қосылғанда тірі екеніне белгі бермесе, бірақ Кулер(вентилятор) айналып
тұрса. Онда Аналық тақшаға Power_Good белгісі келмей жатқаны.
Уақыт өте қорек қорабыда азды көпті өзгерістерге ұшыраған соның ен
бастысы құрылғыларға қосылатын тоқ беретін шнурларының өзгерісі.
1. Ескі қорек қорабының құрылғыларға қосатын шнуры
2. Жаңадан шыққан қорек қорабының құрылғыларға қосатын шнуры.
Қорек қорабында болатын проблемалар
1. Қосыларда кез келген қателер мен компьютердің жай қосылуы
2. Ойламаған уақытта компьютердің сөніп қосылуы немесе жұмыс
барысында қатып қалуы
3. Бір мезетте Қатқыл дискі мен вентилятордың тоқтап қалуы (тоқтың
кернеуі +12в жетпеуі)
4. Вентилятордың жасамауынан компьютердің ысуы.
5. Компьютердің сөніп қосыла беруі
6. Жүйелік қораптың сыртын ыстағанда тоқпен ұруы
Жоғарыда айтылған белгілер немесе проблемалар тек қана қорек
қорабынан емес, басқада құрылғылардың кесіріненде болуы ғажап емес. Ондай
жағдайларда құрылғыларды кезекпен тексеру арқылы білуге болады. Әрине бас
кезінде қиындау болар. Бірақ уақыт өте барлығы түсінікті әрі оңдауға жеңіл
болары сөзсіз.
Ал егер компьютер қосылмай, қорек қорап жақтан түтіннің исі шығып
жатса, қорек қорабы істен шыққан.
Орталық процессор немесе микропроцессор CPU (central processing unit
- центральное процессорное устройство) - компьютердегі басты құрылғыларрдың
бірі. Процессор басты қызмет атқарады. Мәліметтер өңдейтін құрылғы болып
табылады. Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің "миы". Бүкіл қимыл,
Экранның алдында көріп тұрған көріністердің барлығы процессердің өңделуінен
өтеді. Сондықтан процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу
жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессор микросхема ретінде ұсынылған және аналық тақшада
орналасқан. Процессор температурасы тым тез жоғарлайтын болғандықтан үстіне
радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер)
орнатылған. Процессор мен радиатордың арасына термапаста жағылады.
Процессордың жылдамдығы секундына неше такт өндеуінде. Бастапқы
дербес компьютерлер бірнеше мегагерцпен(МГц) ғана шектелген, уақыт өте,
дами келе, процессор жылдадығы гигагерцпен(ГГц) өлшенетін болған. Соған
байланысты Ггц көп болған сайын жылдамдықта соған сәйкес тез болмақ.
Бірақ процессордың жылдамдығын одан әрі үлкейте беру температураның
тым жоғарлауына алып келеді. Ондай жоғарғы температураны салқындататын
құрылғы да төмен түсіре алмайды. Сондықтан қазіргі процессорлардың
жылдамдығын үлкейту үшін ішкі жадының аумағын үлкейту арқылы және бір емес
бірнеше ядро пайдалану арқылы жылдамдығын арттырады. Бір корпустың ішінде
бірнеше ядро параллельно жұмыс жасайды. Сол себепті қазіргі процессорлар
екі ядролық, төрт ядролық деп кете бермек.
Қаперіңізге: Дербес компьютерлің жылдамдығы тек процессордың
жылдамдығына қарамайды. Дербес компьютердің ортақ жылдамдығы оперативті
жады, бейне тақта және тағы басқа құрылғыларғада байланысты.
Қатқыл диск - (Жесткий диск немесе Ағылшынша Hard Disk Drive(HDD)) -
бұл компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі тұрақты қойма. Барлық
ақпарат екі жағы магнитпен қапталған металды дискиде сақталады. Дискіні тез
жылдамдықпен айналдыратын қозғалтқыш болады және ақпаратты оқып жазатын
головка бар. Қатқыл дисктің сыйымдылығы 80-500 гб немесе оданда үлкен
болады.
Қатқыл дисктің кішкентай басының(головка) аумағы таң қаларлық.
Ұзындығы жүзден төмен нанометр, ал қалыңдығы 10 нанометр. Кішкентай
бас - металды дискінің үстінде минутына 15 000 айналым жасайды. Ал металды
дискімен кішкентай бастың арасы 40 атомға тең. Металды диск айналмай
тұрғанда кіншкентай бас қауыпсіз зонада болады. Соның арқасында металды
дискіге тимейді.
Қатқыл диск аналық тақша мен қорек қорабына екі түрлі болып қосылады.
1. IDE connectors - ескі түрі.
2.Sata connectors - IDE connectors кейін шыққан.
Суретте көріп тұрғаныңыздай сол қапталындағы шнур Аналық тақшаға
қосылады, ал оң қапталдағы шнур қорек қорабының шнуры.

2 бөлім. ДК-ді модернизациялау және жөндеу
2.1. Дербес компьютердің жұмысын жақсарту шаралары

Компьютер жөндеу немесе Операциялық жүйені қондыру оңай емес, бірақ
бір жағынан қиында емес. Компьютерде жұмыс жасау үшін компьютердің ішінде
қандай процестер болып жатқанын білу шарт емес. Мысалы: Автокөлік айдарда:
кілтті салып қыздырғанда, орындыққа отырып рулді қозғағанда, газ басқанда
көп адам автокөлікте қандай процесс болып жатқаннын біле бермейді.
Автокөлік айдау үшін қандай процесс болып жатқаннын біліпте қажет емес.
Бірақ автокөлік бұзылар болса, әрине ол адам еш нәрсе істей алмайды. Ал
бірдеме қылып жөндеседе не істегенін толық біле де бермейді.
Ал не істегеніңді толық білу үшін Процестың қалай болып жатқаннын
білу қажет. Сол себепті бастапқы бетті осы тақырыптан бастағым келіп тұр.

Дербес компьютер келесіде (ДК) қосылар кезде +5В немесе +12В тоқ
Қорек қаптан өтеді, егер тоқ күші дұрыс болар болса, аналық тақшаға
PowerGood деген сигнал беріледі. Содан кейін БИОС (Power-On Self Test) өз
тексерісін бастайды. Ең бірінші Бейне тақта тексереді, бейне тақта дұрыс
жасап тұрса, монитордан ақ жазулар шығады, сосын қалған құрылғылар
тексеріледі, егер барлығы дұрыс болар болса тек 1 сигнал яғни дыбыс шығады.
Сосын Операциялық жүйені іздейді, тапса БИОСтың қызметі бітеді. Ары қарата
ОЖ-нің қызметі басталады. Windows жүктелуі болады. Егер барлығы дұрыс болса
Жұмыс үстелі көрінеді. ДК қосылуы көп деген процестердің бірі. Процесс көп
оны түсіну үшін азғана логикалық ой қажет және үйренем деген талпыныс болуы
керек.
Төмендегі жазылған нұсқаулықтар Дербес компьютердің жұмысын
жақсартуға және жылдамдығын арттыруға септігін тигізеді.
1. Жұмыс үстеліндегі керек емес заттардан құтыламыз.
→ Біріншіден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информация шығару құрылғылары
Туризмдегі ақпараттық технологиялар
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сыныпта АКТ қолдану
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУҒА ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану – заман талабы
Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау
Пәндер