Дәрілік өсімдіктердің түрлері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Политехникалық факультеті

Механикаландыру және жерге
орналастыру кафедрасы

Геоботаника пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дәрілік өсімдіктер

Орындаған: Есенқара Н.Б.
Тексерген:Ахмеденова С.Г.

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
1.1. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік және дәрілік өсімдіктердің
таралған
аймақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дәрілік өсімдіктердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10

2.Дәрілік өсімдіктермен емдеу
2.1.Дәрілік өсімдіктердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
2.2. Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы
дәрумендер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .27
2.3. Түркістан қаласында өсетін дәрілік
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33

Кіріспе
Өсімдік адам өмірінде де, сондай-ақ жануарлар тіршілігінде де орасан
зор қызмет атқарады. Адам мен жануарлардың негізгі азық қоры - өсімдіктер.
Өсімдіктерден азық түлік қана емес, сонымен бірге, дәрі-дәрмек, қара май,
мата тоқитын талшықтар, каучук, целлюлоза және т.б. техникалық шикі заттар
алынады.
Қазақстан да өсімдіктердің 6000-нан астам түрлері бар. Өсімдіктер
дүниесінің ішіндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңыздылығы айтпаса да
түсінікті. Қазақстан территориясының көп жеріндегі дәрілік өсімдіктер
барынша аз зерттелген. Олар әсіресе шөл және шөлейт жерлерде көп.
Соңғы жылдары көптеген өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың, ойланбай
ойсырата жинаудың, жерді аяусыз жыртудың, мал жайып, таптаудың салдарынан
мүлдем жоғалып барады. Сондықтан біз тек қана дәрілік өсімдіктерді
пайдаланып қоюды ғана емес, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Табиғат қорғау мәселесіне қазір жер жүзі бойынша көңіл аударылуда.
Тірі табиғат мәңгілік емес, дұрыс пайдаланбаса азаяды, ақыр аяғында құрып
кетеді.
Сондықтан әр адам табиғаттың бір бөлігі екенін сезіну керек,
табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану керектігін түсіну қажет. Табиғаттың
миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық жүйесі бар. Онда ешқандай
керек емес зат жоқ. Әр жануардың, әр өсімдіктің өзінің атқаратын маңызды
қызметі бар. Адам да осы жүйенің бір бөлігі болып саналады, оған тыныс алу
үшін өсімдіктер шығаратын оттегі қажет. Ал өсімдіктер жануарларсыз өмір
сүре алмайды. Микроағзалар топырақты құнарландырады. Жалпы тірі ағзаларды
адам қорек ретінде, энергоресурс ретінде, стройматериал ретінде, дәрі
ретінде пайдаланады. Сондықтан да биологиялық түрдің біреуінің жоғалып
кетуі адам үшін өте қауіпті.
Адамзат көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр, бірақ жоғалған
биологиялық түрді қайтадан қалпына келтіре алмайды, ол оның қолынан
келмейді. Сондықтан биоалуантүрлілікті сақтау қазіргі кезде адамзаттың
глобалды мәселесіне айналып отыр.
Осы өзекті мәселелерді шешуге үлесімізді қосу мақсатында тұған
өңірдегі дәрілік шөптердің түрлерін зерттеуді көздедік. Себебі мұның
ғылыми маңызы өте зор.
Жұмыстың мақсаты – жергілікті жерде өсетін өсімдіктердің дәрілік
қасиеттерін, өмірде керек кезінде пайдалануды білу.

1.Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
1.1. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік және дәрілік өсімдіктердің таралған
аймақтары
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға
созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт
жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің,
шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының
орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман,
тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі
бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен
көлдерде балықтың 107 түрі бар.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы
заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат
қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын
дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-
оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе,
малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Геоботаника фитоценология (гр ge — жер және ботаника) — жердің
өсімдік жамылғысы, оның құрылымы, өсімдіктер бірлестігінің
(фитоценоздардың) таралу заңдылығын, құрылысын, дамуын, олардың қоршаған
ортамен байланысын зерттейтін ғылым; ботаниканың бір тарауы; жер бетінде
өсімдіктердің және өсімдіктер кауымдастығының таралуын және таралу
зандарын зерттейтін биогеографиянын бір саласы.
Геоботаника терминін 1886 жылы орыс ботанигі Ф.И.Рупрехт пен неміс
ғалымы А. Гризебах ұсынған.
Геоботаниканың қалыптасқан бірнеше ғылыми мектептері бар: француз-
швейцарлық (Браун — Бланке), скандинавиялық (Е. Дюрие), ағылшын-американдық
(Ф.Е. Клементс, И.Г. Генслей), ресейлік (В.Н.Сукачев, В.В.Алехин).
Геоботаниканың нысанына фитоценоз бен оны түзетін өсімдік жамылғысы
жатады. Жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында
калыптасты. Геоботаника физикалық географиямен, гидрологиямен
геоморфологиямен, климатологиямен, топырақтанумен және тағы да басқалары
ғылымдармен тығыз байланысты.
"Геоботаника" терминін алғаш рет неміс ғалымы А.Гризебах ұсынды
1866жылы.Қазақстанда жүйелі түрде геоботаникалық зерттеулер 1932 жылы
бұрынғы КСРО ҒА -ның Қазақстандық базасының ботаникалық секторы
ұйымдастырылған соң, кейін 1946 жылы Қазақстан ҒА-ның Ботаникалық институты
(қазіргі Ботаникалық және фитоинтродукция институты) құрылғаннан кейін кең
көлемде жүргізіле бастады.
Қазір республикада геоботаника саласында:
• өсімдіктер бірлестіктерінің құрылысы мен бөлінуінің заңдылығын
зерттейтін — морфологиялық;
• олардың қоршаған орта мен байланысын анықтайтын — экологиялық;
• жер бетіндегі өсімдіктер түріне қарап, жер асты суын, топырақтың
тұздылығын, жер бетіне жақын кен байлықтарын анықтайтын — көрсеткіштік
(индикациялық);
• жер бетіне таралу заңдылығын ашатын — географиялық және жалпы
салалық бағыттар белгілі.
1951-1952 жылдары Каспий маңы геоботаникалық экспедициясы Еділ мен
Жайық өзендері аралығындағы шөл және шөлейт жерлердегі жайылым өсімдіктерін
зерттеп, картаға түсірді (Б.А. Быков).
1963-1965 жылдары Павлодар облысының аумағы картаға түсірілді (С.А.
Арыстанғалиев, И.О. Байтулин, Ө.Қ. Қисықов).
Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде өсімдік топтарының құрамы мен
құрылысы, аймақтық ерекшеліктері, олардың жайылым мен шабындықтардағы
маусымдық динамикасы, биол. өнімділігі, жайылым-шабындықтардағы жемшөптік,
өсімдік түрлерінің антропогендік ауысулары анықталды (Н.В. Павлов, Е.А.
Ақелеуов, Байтулин). Қазақстанда геоботаникалық зерттеулер мен Қазақстан ҒА-
ның Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институты, республикадағы
жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары шұғылданады.
Дәрілік өсімдіктер (лат Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер –
медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында
қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың
құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің,
эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына
байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей
түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде
пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы
өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ т.б.
түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын
дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден
алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік
өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден
жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі
бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында
барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді
зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде
қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер
әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Республика тереториясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге
болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші
тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың
ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да
түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы
өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел
арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу
ілгеріден-ақ аеңінен таралған.
Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани
және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ
халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп
пайдалануына еткен ықпалдары зор болды.
Әр обылыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі
қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін.
Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі
дәрілік қасеттері бар.
Аюбұлақ – бйіктігі 0,4-1,2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі
жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық асры
түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым-тамыз
айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында,
көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жеррлерде өседі
Алтын тамыр- ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамрының сырт жағы алтын түстес
сары да, ішкі жағы ақ түсті кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл
түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып
тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Шашыратқы – биіктігі 1,5 метірге дейін жететін, шөп тектес өсімдік.
Тамыры-жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті,
жапырақтарының арасында 2-3 тен орналасқан. Шілде-қыркүйек айларында
гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.
Жалбыз- биіктігі 20-60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар
көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ,
қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан.
Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді.
Елімізде Украйна, Малдова, Краснадар өлкеінде Қйыр Шығыс, Беларуссия,
Прибалтика, Қазақстанда өседі.
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шшөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері
түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады.
Мамыр айында және тамызда гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен
далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке
жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.
Тасшөп- биіктігі 3-10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер
басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама –қарсы орналасқан
уақ, ұзындығы15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті,
шашыранқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді.
Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде
өседі.
Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы , С витамині емдік заттары
бар.
Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі,
ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр –шілде
айларында гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі.
Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде
өседі.
.

1.2. Дәрілік өсімдіктердің түрлері

Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта,
кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер.
Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы
жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары,
сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған.
Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді
(вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны
көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен
бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш
тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның
жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан
Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.
Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі.
Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты
селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек.
Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ 0,5
үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-
мірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және . сабақтың
төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді. Өсімдіктің кесіп
алынған бұтақшасын бір тәулік кептірін, содан кейін өзеннің дымқыл құмы
салынған құмыраға не жайпақ төре лкеге отырғыз ады. Ағаш тәріздес алоэның
жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт
әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін
(қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану
қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.

Арша (Junіperu) — кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан
жапырақты бұта немесе ағаш. Тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды
жерлерде өседі. Қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. Табиғи жағдайда
көбірек кездесетін түрлеріне Түркістан аршасы (І. turketanіca), Талас
аршаны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады.
Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара
күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде
ептеп кептіреді.

Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың
қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау
пайдалы. (І. talaіca), Сібір Аршасы (І. іbіrіca), кәдімгі арша (І.
communі), Зеравшан аршасы (І. eravchanіca) жатады. Олардың биіктігі 1-2 м-
ге жетеді. Бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. Қылқаны қабыршақты,
тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады.
Жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады.
Тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. Сәуір — мамыр айларында
гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас
өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады.
Арша 300 жылдай өседі. Сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі
ағаш саналады. Бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик.
қышқылдар алынады. Аршаны орман шаруышылығында, таулы аймақтарда топырақтың
опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. Қазақстанда аршаны Алматы, Алтай
, Қарағанды қалаларының ботаника бақтарында қолдан да өсіреді.
Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-
жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі
(қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді.
Арша – сауырағаштар тұқымдасына жататын бұтақты және қырқып-пішіндеуге
ыңғайлы, шымыр ағаш. Өсу тұрғысына қарай арша жайыла өсетін және тік өсетін
болып екіге бөлінеді. Табиғаттағы тік өсетін түрлерінің биіктігі – 20-30
метрге жетеді. Жалпы 300 жылға дейін өмір сүреді. Табиғатта Гиннестің
рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Еліміздің
табиғатында аршаның зарафшан, түркістан, қазаттық арша деген түрлері бар.
Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана
қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл,
көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі
хош иіс шығарады. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті
бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грецияда жылан
шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды.
Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және
құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға
пайдаланады.
Күтімі. Аршаның барлық түрі ашық күнді қажет етеді. Кез-келген
топырақта өсе береді. Бұтағының ұшын қырқып-пішіндеп өсірген дұрыс.
Қылқанының түсі қанық болуы үшін жылына бір рет көктемде толық минералды
тыңайтқыштармен қоректендірген жөн.
Көбейтілуі
Қалемшелеу және тұқымы арқылы көбейтіледі. Қалемшелеп көбейткен жөн.
Тұқымы арқылы көбейту жұмыстары арнайы жылыжайларда жүргізіледі.
Аюқұлақ (Primula auricula) — Батыс Европаның тауларында өсетін, хош
иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі.[1]Еуразия мен Солтүстік Африканың
қоңыржай белдеулерінде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда құмды
жерлерде, көгалды алаңда, шалғында, өзен-көл жағасында, жол жиегінде өсетін
9 түрі кездеседі. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі аюқұлақ (V. thapsus).
Биіктігі 50 – 125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын
бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі
сопақтау, ұзындығы 10 – 30 см, көлд. 3 – 8 см болады. Сары түсті гүлдері
шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады. Жемісі – қорапша. Маусым – шілде
айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Аюқұлақ – улы, дәрілік
өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі
ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған
сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік
үшін өсіріледі.[2]

Шүйіншөп (Valerіana) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық
шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және
салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық
аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік
өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті
тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады.
Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан.
Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі
шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп,
жемістенеді. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12
сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде
пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары,
қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда,
жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін
қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей
Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан,
сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі
шығады.

Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар:
дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс
валерианасы, Түркстан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде
өседі.

Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық,
кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық
жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның
биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге
жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті
тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті,
себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы
гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша.
Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда
ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар.
Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм
тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі,
оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік бояуыш, тағамдық,
витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да
өсіреді.

Долана – Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан
гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның
200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш
түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді.
Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары
көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр
айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп
бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ
жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң
мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала
көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін
жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы
көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге
болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік
мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер
орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді,
жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
Кез-келген бақтың топырағында тамырланып өсе береді. Ашық күн көзінде
өскенді қалайды. Жаздың ыстық күндерінде судың жетіспеушілігіне шыдамды,
әрі қысқы суыққа да төзімді.
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш.
Долананың Америка мен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде кездесетін 200 (кей
деректерде 1000-нан астам) түрі бар. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай,
Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Көбірек тарағаны – алқызыл
долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ
талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 –
4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз
– қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе
қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос
жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті,
кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы
тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан
өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.
Жуа(Allіum) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты
шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл,
шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде
бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы
тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл
түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның
сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.)
қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. жуа мал азықтық,
тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері
ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және
арамшөп түрлері де кездеседі.
Жуа (Аііісет) - екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер туысы.
Қазақстанда 100-ден астам түрі бар, оның 29-ы эндемикалық. 4 түрі (бас
пияз, сарымсақ, шалот, батун) мәдени дақыл ретіңде өсіріледі. Жапырағы
түтікше пішіндес не жалпақ. Тамыр жүйесі шашақты (тамыры топыраққа 25 см-
дей тереңдейді), баданасы не қысқа тамыр сабағы бар. Гүлі ұсақ, қос
жынысты, түйінінің үш ұшасы бар. Гүлшоғыры — шатырша. Жемісі қара дәнді
кұрғақ қауашақ. 40-150 күнде өсіп жетіледі. 3-4 жылдан кейін гүлдей
бастайды. Жапырағы мен баданасында кант, клетчатка, кальций, калий, В, Вр
В,, С, РР витаминдері бар. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Жөке ағашы (лат. Tília орысша Липа)  – жөке тұқымдасына жататын
жапырақ тастайтын ағаш. Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде
өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде
өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті Жөке (T. cordata) бар. Биіктігі
28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы
дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 – 7) хош
иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы,
бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз –
қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер
және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 – 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен
дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар,
ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май
алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі,
Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т.б. түрлері қолдан өсіріледі.

Жөке ағашы – жүрек тәріздес, жиектері ара тісті әдемі жапырақтары бар
ағаш. Биіктігі - 30 метрден асады. Жөке ағашы динозаврлар дәуірінен кейін
пайда болған. Сол кезден бері көп өзгеріске ұшырамаған. Жөке ағашының
табиғи 50-ге жуық , ал будандастырылған 100-ге тарта түрі бар. Өмір сүру
ұзақтығы - орта есеппен 300-400 жыл, ал кейбір сұрыптары 1200 жыл өмір
сүреді. Жөке ағашы 30 жылдан кейін гүлдей бастайды. Маусым-шілде айларында
нәзік, тәтті хош иіс шығарып молынан гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-15 күнге
созылады.
Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді.
Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса,
гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы
микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны
асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын
күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының
гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен
қолданылады. Жөке ағашын құрылыста, жиһаз жасауда, халық шаруашылығы мен
медицинада қолданумен қатар, көгалдандыруда да үлкен орын алады. Ерте
көктемнен бастап, күздің соңына дейін жайқалып өсіп, жүздеген жылдар бойы
бақтың ажарын кіргізіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Пәндер