Дон жылқы тұқымы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Дон жылқы тұқымы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012
Мазмұны

Кіріспе
Әдебиетке шолу
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы - тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы
1.2. Жылқының пайдасы
ІІ. Дон жылқы тұқымы
2.1. Жылқы тұқымдары
2.2. Дон жылқы тұқымының ерекшеліктері
2.3. Жылқы өнімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Жылқы жарықтықтың атам қазақтың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып
кеткені соншалық, күні кешеге дейін оны адамнан ажырату қиын еді. Тіпті
қазақтың өзі де бұрын жылқы мінезді болса керек. Рас, қазір жылқы мінбек
түгілі, одан алыстан қашатын қазақтың баласын көргенде, бұрынғының бәрі
көзге ертегідей елестейді.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше
болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай
жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе
түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік,
сүті – қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай
қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін
арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп,
мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы
тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына,
вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық
көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ
жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы
үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл
және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру
тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар
жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің
молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы
өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-
жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан
шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл
шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері
қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік
сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті
бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін
фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен
айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да
қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан
әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында
селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген
шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы
шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта
өркендейтін болады.
Әдебиетке шолу

1. Уолтон, Хэммондар (1938) шайр тұқымы жылқысының биесін шотландияның
пони тұқымды жылқысының айғырымен шағылыстырғанда алынған құлындарының
салмағы шайрдың да, понидың да таза тұқымды құлындарынан 3 есе үлкен
болып шыққан.
2. П.А.Федотовтың зерттеуі бойынша Дон тұқымының ең жақсы малдары
Луговой, Дегерес, Алғабас, Қызыл-ағаш жылқы зауыттарында өсірілген.
3. Х.Арғынбаев, Ә.Төлеубаев, А.Тоқтабаев т.б. этнограф-ғалымдар төрт
түлікке қатысты сүбелі еңбектер жазған.
4. А.М.Щербак, Э.В.Севортян, Г.Н.Потанин, А.И.Левшин, Н.И.Ильминский,
В.В.Радлов, А.И.Добромыслов, А.Е.Алекторов төрт түлік атауларының
тілдік тұрғыдан зерттелуіне келсек, алғашқы деректер осы кездеседі.
5. Ә.Қайдаров, Р.Сыздықованың еңбектерінде жылқыға байланысты табу мен
эвфемизмдер талданған.
6. Ж.Байтелиеваның “Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық
тіркестердің этномәдени уәждемесі” зерттеулерін атауға болады.
7. М.Бейсенованың, Ұ.Қайырбаеваның, Қ.Шотаның, Р.Панзарбекованың
жұмыстарында өзге түліктермен қатар жылқыға қатысты тілдік
бірліктерге талдау жасалған.
8. А.Жылқыбаеваның жұмысында жылқыдан алынатын тағам атаулары
талданады.
9. М.Оразов жылқы атауларын жіктелуін зерттеді.
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы - тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы

Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы
тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан
(онагра), тарпан, түзат жатады.
Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен
түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті
аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде
жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен.
Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады.
Жылқысын; бұдан 5—6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық
зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға
үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл
археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға
үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындал отыр.
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті
түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің
ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш
көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген.
Қазба қалдықтары біздің заманымыздан бұрынғы жеті мың жылдан бұрын-ақ
Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек,
құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Америкада жабайы жылқы
болмаған, қолға үйретілген жылқылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады)
кеткен. Қазір Моңғолияда ғана жабайы жылқы үйірлері кездеседі. Оны
Пржевальский жылқысы деп атайды. Қолға үйретілген кәдімгі жылқының
шаруашылықта маңызы зор. Ол — ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не
шанаға жегу үшін және спорттық бағыттарда өсіріледі. Шоқтығына дейінгі
биіктігі 50-185 см, салмағы 60-1500 кг болады. Жылқы орта есеппен 18-20
жыл, кейде 40 жылға дейін жасайды. Түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.
Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар,
көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар; баранға торы, қара,
қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар; алаға сарыала,
сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.
Жылқы будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы
буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады. Жылқы жүк жылқысы
(Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (Араб жылқысы,
Ахалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы,
Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы), тау жылқысы (кабардин,
қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы (витский,
эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының
250-дей, Қазақстанда 16 түрі өсіріледі. Жылқы адамзат өркениетіндегі,
әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі
болды. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет
дамуынын негізін қалады. Әсіресе казақ халқы жылқы түлігін ерекше
бағалалаған. Адам – жылқы мінезді дейді қазақ халқы. Бұған жылқы —
малдың патшасы, ат – ердің қанаты, т.б. жүздеген мақал-мәтелдерді
қоссаныз, халқымыздың адам мен оның жан серігі жылқыға біртұтас әлем
ретінде қарағанына жеткізуге болады. Баласының үлкен азамат қатарына
қосылуының өзін ат жалын тартып мінді деп бейнелейді қазақ халқы. Жас
баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі — тоқым қағар тойынан бастап,
адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік
тіршілікті жылқымен байланыстырған халқымыз біреумен жауласса ат құйрығын
кесіскен, біреудің алдында кінәлі болып қалса ат-шапан айыбын төлеген.
Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық ауылына алғаш барғанда ат
байлауы, ұрыс кезінде жау коршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп
құтқару, т.б. дәстүрлер; атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар
жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де
үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Халқымыз жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны
ердің жан серігі деп дәріптеген. Қазақ даласында өсірілген жылқылар 1- және
2-дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. 1945 жылы 24 маусымда
Мәскеуде өткен Жеңіс парадын КСРО маршалы Георгий Жуков Қазақстанның
Луговой (қазіргі Құлан) жылқы зауытында өсірілген Араб есімді ақбоз ат
үстінде қабылдауының өзінде символдық нышан бар еді. Екіншіден, қазақ халқы
жылқыны спорттық ойын-сауықтарда азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік
пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. Дәстүрлі
қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың
мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық
жадында ұзақ сақталған. Мысалы, бүкіл Қазақстанға танымал Құлагер, Жетісуға
мәлім болған Көкбайтал, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне
даңқы жеткен Қараат, 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Бәшір Кітапбаевтың
Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы, т.б. Халыққа жақсы танымал Кербескер,
Қара жорға, Бестай, Бозжорға, Тепеңкөк тәрізді әндер мен күйлер,
Ақан серінің Құлагер, Маңмаңгер, Құлагердің желісі әндері, Біржанның
Телкоңыр, Бурылтай, Керкекіл әндері, Кенен Әзірбаевтың Көкшолақ,
т.б. әні жылқыны әспеттеудің үздік үлгілері саналады. Жылқы тұқымын
асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат
баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер
немесе атбаздар деп атаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек
жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5 мыңнан асатындар ғана бай
санатына жатқызылған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар,
арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға,
алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Еті
мен сүті үшін өсірілетін қалған жылқылар жабы деп аталған. Қазақтың жабы
жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53-57%,
кейде 60% ет алынған (230-250 кг). Қазақ халқы жылқы етінен қазы, қарта,
жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа
пайдаланған. Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18-20 литр сүт сауылған.
Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын
мезгілін сауым дейді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақ деп атайды.
Жылқы төлдерін: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын), тай
(1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:
құнажын байтал (2 жастан асқаны), дөнежін шығар (3 жастағы байтал), дөнежін
байтал (3 жастан асқаны), бесті бие (4 жастан асқаны), қасабалы бие (7-8
жастағы бие), кәртамыс бие (11-14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан
асқан бие), т.б. деп атайды. Айғырдың атаулары: құнан айғыр (2 жастан
асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3-4 жастағы үйірге
салынбағаны), бесті айғыр (5 жастағысы), сақа айғыр (11-12 жастағысы), т.б.
Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи жүріс —
жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға).
Қарғуға жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2,47 м биіктіктен, ұзындығы
8,3 м ордан қарғи алады. Қазақ халқы жылқының маңқа, қара өкпе, шойырылма,
қарақаптал, киеңкі, жамандат, мандам, боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт,
сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т.б. ауруларын
дәл ажыратып, олардан емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы білген.
1.2. Жылқының пайдасы

Қазіргі кезде салт мінетін спорт аттары жер шарынын, бүкіл құрлығында
өсіріледі. ТМД-да 20-дан астам салт мінетін, жегілетін жылқы тұқымы мен
тұқымдық тобы бар. Олар қазіргі спорттық жарыстарда, ат ойындары мен ат
туризмінде табысты пайдаланылады. Соған орай басқа елдерге экспортқа
шығарылады. Көптеген тұқымдар (ахалтеке, қарабақ, дон, буденный, терек,
кабардин, қостанай т.б.) Біздің ұлттық маңтанышымыз. Олар жылқы зауытының
дүииежүзілік алтын қорына енуге әбден тұрады.
Бізде өсірілетін, салт мінетін, жылқы өздерінің төзімділігін, жұмысқа
деген аса жарамдылығын, бір сөзбен айтқанда, таптырмайтын тұқым екенін
сонау азамат сосысы мен Ұлы Отан соғысы жылдарында анық көрсетті. Қазіргі
кезде ат спортының шеберлері ахалтеке, буденный, терек, т.б. салт мінетің
жылқы тұқымдарымен Олимпиядалық ойындарда, еуропалық дүниежүзілік
чомпионаттар мен басқа да халықаралық жарыстарда табыспен өнер көрсетіп
келеді. Қазіргі кезде салт мінетін жылқы тұқымдары мен топтары адамдар
өмірінде, басқаша, жаңа әлеуметтік мәнге ие болған. Олар халқымыздың
көңілді тынығуының, бой жазуының, денсаулығын нығайтуының басты құралына
айналған.
Дерек көздеріне сүйенсек, елімізде соңғы елу жылда жылқының Қостанай,
Көшім және Мұғалжар тұқымдары шығарылған екен. Тіпті, Мұғалжар зауытының
жылқыларын көрші республикалардан келіп, қымбатқа сатып алып кететін
көрінеді. Ал кешегі жекешелендіру науқаны, ауыл шаруашылығы талан-таражға
түскенде бұл зауыт та көзден тыс қалмады.
Қазіргі уақытта Алматы облысының Алакөл ауданындағы Тоқжайлау
өндірістік кооперативінде таза қанды қазақи жылқының 630 басы өсірілуде.
Өсірілумен қоймай, аталмыш жануардың тұқымы ғылыми негізде зерттеліп жатыр
екен. Бұл тұқым Найман жылқысы деп аталады. Найман жылқысы мұңғұл-алтай
жылқысы тектес, мінуге төзімді. Таулы өңірге, осы аймақтың ауа райына
бейімделген. Көп күтімді тілемейді. Қыстай тебіндеп шығады. Әсіресе, таулы
өңірде таптырмайтын көлік. Жыл сайын 100 биеден орта есеппен 80 құлын
алынады. Құлындары тез ширап, қатарға қосылады, шығын болмайды. Негізінен
етті болады, сүті де мол. Семірткенде 700 келіге дейін салмақ тартады, –
дейді баптаушылар.
Ал, бәйгеге қосып, қып-қызыл пайда табатын арғымақтарымызға келсек,
олардың жайы өзгеше. Таза қанды сәйгүліктерді баптаудың өзіне тағалаушыдан
бапкерге дейін жеті адам қажет екен. Мұндай жылқыларды жекеменшік жылқы
шаруашылықтарынан немесе аукциондардан сатып алуға болады. Деректерге
сүйенсек, дүниежүзіндегі ең қымбат жылқының бағасы 113 млн.доллар, ал
екінші жүйрік 79 миллион долларға бағаланған. Бұлар ағылшын жылқысы болған.
Осындай асыл тұқымнан шыққан текті арғымақтар біздің елімізде де бар. Бірақ
аз. Жуырда Алматыға әкелінген мұндай тұқымның 79 сәйгүлігін баптап отырмыз.
Ал, сонау Араб елінен еншілеген жылқыларымыздың саны – 121. Алайда,
машақаты көп кәсіппен қалталы азаматтар ғана айналысуда. Пайдасынан шығыны
көп кәсіппен шұғылданатын атқұмарлар елімізде мал дәрігерлері мен
атбегілердің тапшылығынан қынжылады екен.
ІІ. Дон жылқы тұқымы
2.1. Жылқы тұқымдары

Дон жылқысы – жылқы тұқымы. 15 – 19 ғ-ларда Дон казактарының
жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб,
түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін
орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен
будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі, шоқтығына
дейінгі биіктігі 160 – 163 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 162 – 165 см, кеуде
орамы 195 – 198 см, жіліншік орамы 20 – 21 см. Айғырының орташа салмағы 570
кг, биесі 550 кг. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон
жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының
ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады.
Жарыстарда 200 км-ді 16 сағатта 304 км-ді 24 сағатта, бәйгеалаңда
(ипподромда) 1200 м – 1 мин 20 с, 1600 м – 1 мин 47 с, 2000 м – 2 мин 15,5
с, 3000 м – 3 мин 28 с-та шауып өткен.
Дон жылқысы. Дон жылқысының тұқымдық ерекшелігі сол, шаруашылыққа
қолайлы, сонымен бірге ол әр жердің табиғат жағдайыда, бағып-күту
ерекшеліктеріне тез көніп, жақсы жерсініп кетеді. ХІХ ғасырдың орта кезіне
дейінгі Дондағы қазақ орыстардың негізгі әскери аттары есебіңде жылқының
осы тұқымы ел ішінде кең тараған. Одан кейін атты әскерлерді көлікпен
қамтамасыз ету мақсатымен оған ерекше мән берген. 1917 жылдан кейінігі
уақытта дон жылдысы негізінеп жылқы тұқымын асылдандыру, соның ішінде
Қазақстанның, Қырғызстанның және басқа республиканың жергілікті
жылқыларының сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылып келеді.
Бұл жылқылардың түсі көбінесе жирен болады, кейде торы, күрең
түстілері де кездеседі. Дон жылқысы әсіресе салт жүріске нағыз қолайлы,
жорықтар кезінде қандай жол қиыншылықтарына болса да төзімді жылқы екендігі
бұрыннан белгілі.
Иподромдарда сыналған дон жылқысы 1200метр қашықтықты 1 минут 18
секундта, 2400 м—2 мин. 43 секундта, ал 3200 м— 3 мин. 37 секундта шауып
еткен.
Жылқылардың бір тәулікте қанша жерге барып келетінін сынағанда дон
жылқысының өте тамаша нәтиже бергенін айтпай кетуге болмайды. Мәселен, 1951
жылы Зенит деген айғыр тәулігіне 311километр жер жүрген.
Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жылдардың қатарына
қосылады. Жергілікті қазақы жылқыны жақсарту үшін дон жылқысының үлкен
маңызы бар.
Дон-қазақы жылқыларынан туған будандардан дон жылқысынан алатыны —
тұлғасының ірілігі, сымбаттылығы, ал қазақы жылқыдан — оның жергілікті
жағдайға бейім, көнбістігі.
Асылдандыру жоспары бойынша дон жылқысының линиясымен жұмыс
жүргізілмек. Қазақстанда бұл жылқы тұқымы төрт жылқы заводында өсіріледі:
Луговой, Қызылараш, Дегерес және Алғабас Республиканың жоспары бойынша
біздің жылқышылар жыл сайын дон жылқысының 50% шомбал тобын, 45% шығыс
тобын, 5% салт мінетін тобын өсіреді ден жоспарланған.
1985 жылға дейінгі асылдандыру жұмысының жоспарына сәйкес дон жылқысын
жақсарту үшін үш мәселені шешуіміз қажет.
1. Жалпы жылқы шаруашылығы үшін жақсартқыш айғыр өсіру.
2. Дон жылқысын асылдандыру үшін жоғары сапалы айғыр, бие өсіру.
3. Ат спорты, туризм және экспорт үшін сәйгүліктер өсіру.
Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс
жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы,
Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.),
тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік
дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады.
Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі
өсіріледі (қ. Жылқы өсіру).
Қазақтың ғалым-зоотехниктері жылқы шаруашылығын зерттей келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міністі жылқы тұқымы
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары
Жылқы тұқымдары. Дон жылқысы
Жылқы тұқымдары
Қостанай тұқымының қысқаша шығу тарихы
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы
Дон жылқысы
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдері
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Пәндер