Драма және драматургия негіздері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Драма және драматургия негіздері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Драма және драматургия негіздері
1.1 Драма және драматургия негіздері туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы ... ... ... 11
2. Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы
2.1 Драмадағы тартыс
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16
2.2 Шерхан Мұртаза Бесеудің хаты
драмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Қолданылатын
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың
бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып,
өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың
теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы,
теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка,
бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту
әдістемесі екі аспектіде тоғасады.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында үш түрлі мектеп қатар өмір
сүрді. Олар: Жадит мектебі, медресе, Ы.Алтынсарин мектебі. Ыбырай
Алтынсарин мектебі демократиялық оқу-ағарту жүйесінен туған халық мектебі
саналды. Ұлы ағартушының мектептері халық ағарту ісіндегі зор тарихи
жаңалық болды. Оқу жүйесіне Ы.Алтынсарин енгізген жаңалықтың тарихи маңызы
зор. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы орыс халқының прогресшіл педагогтары
КД.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов, В.Я.Стоюнин
тәжірибелерімен тығыз байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында
жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов,
С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік
қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке
үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б.
еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай – ақ, қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың
алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
Жалпы қазақ драматургиясының тууы, дамуы және қалыптасуы дегенде,
қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму жолын, ерекшелігін сараптау
қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматургиясының бастау көздерін
іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға арналған
сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз
әңгімелердің қазіргі балалар драматургиясының тууы мен қалыптасуына ықпал
етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде тумайды, ол ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани игіліктің
негізінде дамиды. Ұлттық әдебиетіміздің рухани уызы - ауыз әдебиеті балалар
драматургиясының да бастау көзі екені белгілі.
Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін
жүргіздіртуіне болады:
- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;
- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;
- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;
- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;
- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.
Пьесада көзге көрініп тұрған әрекет, оқиға болмағандықтан, оқушыларға
алдымен қатысушыларды анықтап, олардың кімдер екендігін жете ұғынулары
керек. Мәселен, белгілі драматург С.Жүнісовтің “Қызым, саған айтам...”
пьесасының көтерген тақырыбы – адагершілік, ізеттілік мәселесі. Мұндағы бір
отбасының ойран болған тағдыры басқаларға сабақ боларлықтай көрсетіліп,
адамдар арасындағы тұрмыстық-отбасылық қарым-қатынастың мәнін ашады.
Пьесаға өзек болған басты әрекет барысында Мұрат пен Разияның отбасылық
тірлігіндегі алуан түрлі оқиғалар мұндағы тартыс сипатын тереңдетіп
отырады. Драматург образдарды даралауда өнімді тәсілдердің бірі –
психологизмді қолданған. Жалпы, көркем туындыларда психологизм мәселесі екі
жақты көрінеді: бірі - ол алдымен жеке танымның құрылымы ретінде –
адамгершілік, психологиялық және идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден,
тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде көрінеді. Драма театр өнерімен
байланысты. Қазақ драматургиясы осы жанрға тән сипаттарды бойына жинаған,
өркендеу үстіндегі жанр.
Зерттеу мақсаты: Драмалық шығармаға байланысты, көркем шығарманың
композициясы туралы мағлұмат беру, көркем шығармалардың композициясы мен
сюжетін таныту
Зерттеу міндеттері.
- қазақ балалар драматургиясының туу кезеңін анықтау,
алғашқыпьесаларға объективті талдау жасау;
- қазақ балалар драматургиясын кезең-кезеңге жіктеп, кейіпкерлердің
жас ерекшелігіне қарай сараптау және әр жастағылар үшін жазылған
туындылардың ерекшеліктерін ашу;
- балалар драматургиясындағы ұлттық реңктің мәнін ашу, ұлттық бояудың
көркем туындының көркемдік сипатын негіздеудегі рөлін көрсету;
- драма жанры ерекшеліктеріне сай қаламгерлердің бейне жасаудағы
табыстары мен кемшіліктерін саралап көрсету, олардың стиль ерекшеліктерін
айқындау;
- балаларға арналған драмалық шығармаларды тақырыптық, идеялық,
бейнелілік тұрғысынан таразылап, дәстүр мен жаңашылдық нысанасы тұрғысынан
қарап мәнін ашу;
- балаларға арналған драмалық шығармалардың көркемдік, тілдік, жағына
назар аударып, олардың ұқсастығы мен өзгешелігін анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Жұмысты жазу барысында қазақ
әдебиетінің XX ғасырдағы тарихы және әдебиет теориясы бойынша жазылған
М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиевтің, Ә.Қоңыратбаевтың, Б.Кенжебаевтың, З.Ахметовтың,
С.Қирабаевтың, З.Қабдоловтың, Р.Бердібаевтың, Р.Нұрғалидың іргелі
зерттеулері, сондай-ақ драматургия жанрын, балалар әдебиетін зерттеуші
ғалымдар Ә.Тәжібаевтың, С.Ордалиевтің, Ш.Ахметовтың, М.Дүйсеновтің,
Р.Рүстембекованың, Б.Құндақбаевтың, Ж.Әбілевтың, Б.Ыбырайымның,
Қ.Ергөбековтың ғылыми жұмыстары әдіснамалық негіз ретінде алынды. Сондай-
ақ, орыс ғалымдары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, М.Горкий,
В.А.Стахановский-Панкеев, В.М.Волькенштейн, К.И.Чуковский, И.Ф.Волков,
В.Е.Хализев еңбектерінің теориялық қисындары да жұмысымызға ғылыми тірек
болды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және
орта арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде Балалар әдебиеті
пәнін оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде
пайдалануға болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың
әдістемесінде де қолдануға болады.
Зерттеу жұмыстың кұрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
түрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1. Драма және драматургия негіздері
1.1 Драма және драматургия негіздері туралы түсінік
Д р ам а (грекше сігата — қимыл, әрекет) — әдебиеттің үшінші тегі,
шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар
үстінде жинақтап, оқиғаға катысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы
көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр—“әдебиеттің ең
қиын түрі” (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ, эпос пен лирика
“ақиқат әлемнің екі қиыры” болса, драма — сол екі қиырдың қосындысынан
туған “үшінші, тірі, өз алдына бөлек”, аралық әлем — “поэзияның жоғарғы
тегі, өнердің биік өрі”.
Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы, бәрінен бұрын, оның
қиындығын айтады. Мұнда үлкен себеп бар. Өзге жанрлардай емес,
драматургияда шарттылық көп.
Алдымен, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады. Қандай
пьеса болмасын, бәрібір, жетпіс-сексен беттен аспауы шарт.
Рас, бұдан екі жарым мың жыл бұрын Эллада елінде туран трагедия Дионис
театрында бірқыдыру ұзақ ойналған; гректерден Римге ауысқан комедияларды да
жұрт ұзағырақ, көрген; ал Орта ғасыр тұсында мистерия атанып, Батыс Европа
елдеріне кең тараған шіркеу драмалары тәулігіне сегіз сағаттан ойналып, кем
дегенде, үш күнге, керек десеңіз, тіпті, он, жиырма, отыз, қырық күнге
дейін созылатын болған. Бірақ мұның бәрінің себебі бар және мұның бәрі —
тарих. Бүгінде екі жарым, үш сағаттан аса жүретін пьесаны жұрт онша
құмартып қарамайды. Сондықтан ең көп перделі пьесалардың көлемі де белгілі
мөлшерден аспайды; драматург барлық шындық пен образды сол белгіленген
мөлшерге қалай да сыйғызуға тиіс. Бұл —бір- қиындық.
Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен
құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монологқа негізделген.
Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана; автор сахна сыртында, залда қалады.
Автор үнсіз, тілсіз; қай сөзді қалай айту керек екенін режиссер мен актерге
әшейін жақшада көрсеткені болмаса, дәл спектакль үстінде автор дәрменсіз;
әр қаһарманнын, не айтып не қойғанын, немесе неге олай дегенін түсіндіріп,
залда отырған әр көрерменнің құлағына сыбырлап жүру автор қолынан тағы
келмейді.
Демек, драмадағы ең, басты, ең, шешуші, ең негізгі нәрсе — т і л.
Пьесаның, күші де, әлсіздігі де тілде; пьесадағы әр сөз мірдің оғындай
өткір, көздеген жерге дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза,
мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс. Драма
тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке
суреттелетін шындык пен суретті пьесада бір ауыз сөзбен беру қажет. Ал әр
сөз, әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін
аңғартуы керек; әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Бомаршеден Треновқа
дейінгі ірі драматургтардың бәрі пьесадағы әр сөзді алдымен өздері ойша
жасаған геройлар аузынан естіп барып қана қағазға тусіргендерін айтуы тегін
емес. Міне, осындай, шығарманың тек қана кейіпкер сөзіне құрылуы —
драматургиядағы екінші қиындық.
Үшіншіден, драма деген терминнің мағынасы қ и м ы л екешн тегін деуге
тағы болмайды: қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма да жоқ.
Тартыс атаулының ең бір шиеленіскен, шым-шытырық, күрделі түрі пьесада
жатады. Арқауында аса маңызды, қатал, қиын қақтығыстар жатпаған пьеса —
пьеса емес. Қаһарман сахнаға шықты ма, болды, дереу іске, әрекетке көшуі
қажет. Үнсіз-қимылсыз үш сағат түгіл үш минут отыра алмайды. Сырғып перде
ашылды ма, болды, сахнада бірін-бірі ауыстырған суреттер, эпизодтар,
оқиғалар тұтасып, дами бас-тауы шарт және әрбір эпизод тек қана
қажеттіліктен туған қалаулы, қастерлі құбылыс болуы керек. Мәнсіз,
мағынасыз көрініспен көрермен көңілін аудару қиын. Осылардың бәрі сахнада
өмірдің өзекті шындығын жинақтау үшін қажет және осылардың бәрі
драматургтың жазуында бағана айтылған жетпіс-сексен бет көлеміне, актердің
ойнауында екі-үш сағат аясына қалай да сыюы шарт.
Көрерменнің сана-сезімін бірнеше сағат баурап, көзін сахнаға қадалтар
қаракет табу, оның жан дүниесін тебіреніске түсірер қақтығыс табу — қиынның
қиыны. Баяғы грек трагедияларында тартыс, тайталас мұнша-лық қиын секілді
көрінбейтін; грек құдайлары қырсықтан-қырсыққа кез-ігіп, қырылып жататын;
ал қазір тартыс, тайталас туғызу үшін, Ю. Олеша айтқандай, сахнадағы
персонажға зақым келтіру-ақ қиын: баяғының пьесалары (Шекспир, Шиллер,
Гюго), айтты-айтпады, белдігіне қанжар қыстырып, қылыш байлаған қолбасылар,
корольдар, принцтер, рыцарьлар жайында жазылатын. Бірі андаусызда қанжар
ала ұмтылса болғаны, екіншісі құлап түсетін. Бертін келе қанжар мылтыққа
ауысып, ерегіскенде бірін-бірі жекпе-жекке шақырып атып өлтіретін болғанын
да Ю. Олеша қызық қып айтқан: Чеховта мылтық атылмайтын бірде-бір пьеса
жоқ. екені де рас. Асылы, Чеховтың “алғашқы актыда мылтық ілулі тұрса,
ақырғы актыда міндетті түрде атылуға тиіс” дегені де өзінің осы машығынан
туған тұжырым тәрізді. Ал қазір мұндай қақтығысқа бару — нанымсыз: “Біздің
пьесаларымызға қатысушылардын, бірі болмаса бірі қолына револьвер ұстай
қалса, жұрт дереу шу ете қап, оның мұны қайдан алып жүргенін сұрайды,—
дейді Олеша.— Сонымен, сірә, тән өлімін жан өліміне ауыс- тыру дұрыс болар:
тіріні өліге емес, нольге айналдыру жөн шығар”. Сөйтіп, драмаға шымыр
шиеленіс, шиыршық атқан тартыс табу, яки драманы драматизмге жеткізу —
үшінші қиындық.
Төртіншіден. драмадағы шындық көркемдік шешімін. тек сахнада табады;
драмадағы образ тек сахнада жасалады. “Драма сахнада ғана тіршілік етеді,—
дейді Гоголь,— сахнасыз драма — денесіз дем”. Пьесаны драматургтың жазып
бітіруі, журналда жариялауы, тіпті кітап қып бастырып шығаруы —
жеткіліксіз. Бұл — біткен істің бәрі емес, бір бөлегі ғана. Істі түгел
тындыру үшін пьеса театрға көшуі керек. Пьесаны сахнаға шығару жолында енді
режиссердың, актерлардың, суретшінің, композитордың, түрлі саладағы (жарық
түсірушіден етік тігушіге дейінгі) жұмысшылардың— бәрінін, еңбегі
жұмсалады. Айлардан айларға созылған соншалық ауыр коллективтік еңбектің
нәтижесінде барып сахналық шешімін тапқан драматургиялық шығарма көрермен
көңілінен шыға ма, жоқ па,— мәселенің үлкені осы арада жатыр. Бұл —
төртінші қиындық.
Драматургияның бұлардан басқа да шырғалаңдары көп; оның қиын
жанр__болатыны да сондықтан^ “Осы айтылғандардың бәрі, шынына келгенде,
сахнадағы драма — әдебиеттің әшейін бір тегі ғана емес, әдеби шеңберден
шығып кететін нәрсе екенін аңғартады, сондықтан; оны әдебиет теориясымен
қатар, театр теориясының негізінде талдап-тексеру ләзім”.
1.2 Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің
ұйымдастырылуы
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар
желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы
көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау
болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы
дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді
жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп
атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни
репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда
да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған
сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең
түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың
құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына
байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық
тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі,
шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше,
яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек
трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан
соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис,
яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке
толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы
драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр;
Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия
адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса,
драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады.
Осы қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер
қазіргі қазақ драмаларын қаҝармандық драма (мысалы, Әуезовтің “Қара Қыпшақ
Қобландысы, 1945; Сәкен Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлары”, 1922, т.б.), саяси-
әлеуметтік драма (мысалы, Әуезовтің “Еңлік — Кебегі”, 1917, т.б.), тарихи-
ғұмырнамалық драма (мысалы, Әуезовтің “Абайы”, 1950; Мүсіреповтің “Ақан
Сері — Ақтоқтысы”, 1972, т.б.) деп бөліп жүр
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен
ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту
мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.
Драмалық шығармаларды оқыту оқыту әдістемесінде мынандай әдістерді
алуға болады:
✓ Әңгімелеу;
✓ Проблемалық баяндау;
✓ Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);
✓ Иллюстрация және көрнекілік;
✓ Жазбаша жұмыс;
✓ Өз бетімен жұмыс жасау;
✓ Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;
✓ Деңгейлік тапсырмалар орындату;
✓ Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;
✓ Техникалық құралдарды қолдану;
✓ Сабақтан тыс жұмыстар жүргізу т.б.
Жазбаша жұмыстарды орындату.
Жазбаша жұмыстардың мақсаты- оқушылардың тілін дамыту. Драмалық
шығарманы оқыта отырып, оқушылардың тілі мен ойлауын дамыту жүйелі ету үшін
жазбаша жұмыстардың түрлерімен тақырыптарын мұғалім алдын ала
белгілеп,даярлап алады. Драманы талдауда оқушының сөздік қорын байытуға
жазба жұмыстың Сөздік дәптертүрін қолдану дағдыға айналдыру өте маңызды
орын алады.
Одан кейін жазба жұмысының түрі-драмалық шығармада автор жасап
шығарған ерекше сөз қолданыстарын іріктеу, іздеті, талдау.
Жазбаша жұмыстың тағы бір түрі- драмалық шығарамада қолданылған халық
тілінің байлығын талдау. Мақал-мәтелдер,фразалық тіркестер, нақыл сөздердің
драмада қалай қолданылғаны мен автордың негізгі идеясын ашуға оладың қалай
қызмет етіп тұрғанын көрсету арқылы оқушылардың ана тілін ойды білдіруден
қолдана білу дағдылары қалыптастырылады.
Жазба жұмыс түріне сұрақтарға жазбаша жауап беру де жатқызылады. Мұның
ерекшілігі – жазбаша жауап берілген кезде оқушының ауызша жауаптан гөрі
ойлануға уақыты, мүмкіндігі мол болуында.
Жазбаша жұмыс жүйесінде шығарма жазу үлкен орын алады.Шығарма жазу
барысында оқушының өзі оқырман,оқушының өзі сұрақ қоюшы,оқушының өзі жауап
беруші, оқушыныңөзі төреші роліндеболып, нәтижесінде ойдың қаншама
қабатынан сыналып, сығымдалып шыққан ой-толғаудан шығарма пайда болады.
Сондықтан шығарма жазудың арнайы әдістемесінің мәні зор.
Негізінен монолгтық түрде келетін мазмұндау мен баяндама жасауда
сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптері де ескеріледі.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы. Қазіргі уақытта оқушылардың
өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық
шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын
түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың
саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс
жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:драмалық шығарманы
талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;мақсатқа
жету үшін, соған қажетті материалдарды драмлық шығарма мәтінінен бақылау,
ізденіп оқу;берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен,белгілі бір
абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап
жазу;айтар ойының жоспарын жасау;жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа
фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра
отырып дәлелдеу: өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты
көзқарасын айқын түрде көрсету.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен
дамытудағы үлкен ролі бұрыннан белгілі. Бірақ барлық әдістер бірдей
оқушының шығармашылық қабілетін дамытады деп те түсінбеу керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағыты осыған арналған
арнайы жоспардың талап етеді. Оқужылының басында жасалған пәндік жоспарда
драмалық шығармаларға қатысты да орын беріліп, осы тақырыптың мазмұндық –
құрылымдық болмысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға потенциалды
қандай мүмкіндіктер барын мұғалім алдын ала анықтап алады. Мысалы Ғабит
Мүсіреповтың драматургиясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту жоспарын мынандай элементтер қолдануға болады деп
есептейміз.
Оқушылар Қозы Көрпеш –Баян сұлу драмасын оқып шыққан соң,кейіпкерлер
жүйесін өзіойлап тапқан мизансценаға орналастыру керек,яғни барлық кейіпкер
сценаға шығатын болса, қайсысын қай жерде және қандай позада тұрғызу
керектігі және сол ойын дәлелдеу керектігі тапсырылады. Қарабай бейнесінің
ең түйінді тұсын суретке салу тапсырылады. Оқушылар арасында Қозы мен
Баянға ескерткіш орнатуға авторлық конкурс жариялап,жеңімпазын қазылар
алқасына анықтату керек. Махаббат пен адалдыққа қарсы шыққан Қарабай мен
Қодарды Ар сотына айыптау керек, соның сценарийін оқушыларға жазғыздыру
тапсырылады т.б. Мұндай мысалдарды көптеп табуға болады.Шығармашылық
әдістерді қолдану арқылы мынадай мақсат-міндеттер шешіледі.
1.Оқушы әдеби шығарманы талдау теориялық әдістерін шығармашылық
қызмет әрекетіне айналдырып, білімнің өмірдегі жетекші ролін тани алады.
2. Шығармашылық талдау әдісі арқылы эстетикалық білім алады.
3.Эстетикалық таным әдістері арқылы этикалық таным әдістері арқылы
этикалық-моральдық норманың сабақтастығын сезіп біледі,эстетикалық білім
ғана адамға этика нормаларын шынайы меңгеруге көмектеседі.
4. Білім мазмұнын шығармашылық қызметтің моделіне айналдыра алады,
яғни драмалық шығарманың мазмұнымен таныса отырып,оны басқаша аспектіден
түсіну әдістерін меңгереді.
5. Шығармашылық жұмыстарды орындау қабілеттерін үйренеді.
Драматургия – қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың басында әлеуметтік-
қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды
жемісі ретінде туған жар. Тұңғыш қазақ пьесалары фольклор шығармаларының
негізінде жасалды. Мысалы: Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”, “Қозы Көрпеш-Баян
сұлу” пьесалары драма жанрының ерекшеліктерін, поэтикалық қуатын
меңгерудегі алғашқы тәжірибелер болды. Драма – оқиға, іс-әрекетті диалог
арқылы бейнелеу дегенді білдіреді. Драмалық шығармалар да эпикалық
туындылар сияқты, сюжетке, яғни оқиғаға құрылады. Драмада да кейіпкерлер
әрекет етеді, тартысқа түседі, уақыт пен кеңістікке араласып кетеді.
Драмада шиеленіс көп. Оқиғасы жан-жақты, бірқалыпты өрбитін эпикалық
сюжеттен, драмалық сюжеттің айырмасы мұнда тартыс қозғалмалы, өткір болып
келеді. Бұл жөнінде М.Әуезов: “Драматургиядағы конфликт мәселесі –пьесаның
жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтерінің бірі. ... драматургияның
негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан
бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт”,-деген еді. Драмалық
шығармада автор өз кейіпкерінің әрекетіне араласпайды, драма қатысушылары
сюжетті өздері ұйымдастырады. Автор болса сюжеттің динамикалылығын,
бейнеленуін кеңейтеді. Драмалық характер үнемі жоғары эмоцияда, тартыста
ашылады. Ол трагедиялық, комедиялық, драмалық сипатта беріледі.
2. Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы
2.1 Драмадағы тартыс табиғаты
Жазушы еңбегін бағалаудың басты өлшемдерінің бірі – көркем шығармаға
өзек болған тартыстың нақты өмірлік құбылыстармен байланыстыру дәрежесі
екендігі белгілі. Суреткер тағылымы көбіне – көп туындыдағы іс-әрекеттің
саяси-қоғамдық мазмұны арқылы өлшенеді. Ал осыны жүзеге асырудағы автор
қолданған көркемдік амал-құралдар, өзіндік стильдік ізденістер зерттеуші
назарына жөнді ілікпейді, тіпті кейде бұлар тәуелді негізгі авторлық
позицияның жетекші ролі, оның қоғамдық – философиялық бағдары тиісті
бағасын ала алмайды. Суреткердің өзіндік қолтаңбасын анықтауда оның
шығармаларындағы тартыс табиғатын жете зерттеген әбден орынды. Осы тұста
қоғамның даму заңдылығы, уақыт талабы, көркем ойдың өсу дәрежесі сияқты
біраз мәселелердің басы ашылады. Әдеби туындыдағы тартыстың мән-мазмұны мен
тегі, көркемдік өрнектелуі, байланысуы, күшеюі және шешім табуы әсіресе
драмалық шығармаларды талдағанда аса маңызды. Пьесадағы конфликт пен
характердің маңызы, олардың байланысы жөнінде талай орнықты пікірлер
айтылған. Әдебиет мамандары, театр зерттеушілері драмадағы тартысты шығарма
көлемінде талдайды, ал тартыстық мәні бар оқиғаларды таңдаудағы авторлық
мақсат-мүдде ескерілсе, пьесаның бұрын көлеңкелі кейбір тұстарының өз
бояуын табатыны сөзсіз. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігін сөз
еткенде, оның авторлық тұрғысының ауқымы, дамуы мен бағытын белгілеу үшін
тартыстың мәні мен маңызы, ғылыми тұжырымдарды нақтылауға қосар үлесі аз
емес.
Драма үшін ең қажетті нәрсе - әрекет пен характердің тұтастығы мен
бірлігі. Аталмыш жанр табиғаты турасында азды-көпті сөз болса, осы бір
заңдылық аттап өтілмейді. Драматургияның өзіне тән ерекшелігі болып
табылатын тартыс та, пьесаның мазмұнын ашу, бейнелеудегі характер орны да
тікелей қимыл - әрекет үстінде ашылатыны даусыз, мұны әр пьеса өзінше
көрстеіп жататыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ драматургиясының жанрлары
Кинодраматургияның жанрлары
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Қазақ драматургиясы
Драма - ежелгі өнер
Тарихи трагедия табиғаты
Пәндер