Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
1.1 Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы ... ... ... ..7
1.2 Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын
меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Композиция мен
сюжет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...17
2. Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы
2.1 Драмадағы тартыс
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...21
2.2 Шерхан Мұртаза Бесеудің хаты
драмасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылатын
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..35
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетті оқыту әдістемесі - көне ғылымдардың
бірі. Әдебиет пен әдебиетті оқыту ғылымы және пәні уақыт идеясымен байып,
өзгеріп, түлеп отырады. Әдебиетті ғылым ретінде оқыту әдістемесі оқытудың
теориясы мен жалпы принциптерін негіздейтін дидактика, әдебиет тарихы,
теориясы, методологиясын қарастыратын әдебиеттану, тарих, тіл, музыка,
бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Психологиямен әдебиетті оқыту
әдістемесі екі аспектіде тоғасады.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында үш түрлі мектеп қатар өмір
сүрді. Олар: Жадит мектебі, медресе, Ы.Алтынсарин мектебі. Ыбырай
Алтынсарин мектебі демократиялық оқу-ағарту жүйесінен туған халық мектебі
саналды. Ұлы ағартушының мектептері халық ағарту ісіндегі зор тарихи
жаңалық болды. Оқу жүйесіне Ы.Алтынсарин енгізген жаңалықтың тарихи маңызы
зор. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасы орыс халқының прогресшіл педагогтары
КД.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, В.В.Водовозов, В.Я.Стоюнин
тәжірибелерімен тығыз байланысты.
XIX ғасырдың екінші жартысында (Шоқан, Абай), XX ғасырдың басында
жасаған қазақтың демократ-ағартушыларының (Шәкәрім, С.Көбеев, Е.Өтетілеуов,
С.Торайғыров, АБайтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б.) ескілік
қалдықтармен күресі, жастарды оқуға, өнерге, жаңа өмір орнатуға, мәдениетке
үндеудегі еңбектері ерен.
Әдебиеттік оқу, тарихи курс бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев т.б.
еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай – ақ, қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің негізін қалап, дамытуда Ә.Қоңыратбаев пен А Көшімбаевтың
алатын орны да айрықша.
Мектеп реформасының талаптарына орай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
алдында тұрған актуальды мәселелер көп.
Жалпы қазақ драматургиясының тууы, дамуы және қалыптасуы дегенде,
қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму жолын, ерекшелігін сараптау
қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматургиясының бастау көздерін
іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға арналған
сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз
әңгімелердің қазіргі балалар драматургиясының тууы мен қалыптасуына ықпал
етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде тумайды, ол ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани игіліктің
негізінде дамиды. Ұлттық әдебиетіміздің рухани уызы - ауыз әдебиеті балалар
драматургиясының да бастау көзі екені белгілі.
Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін
жүргіздіртуіне болады:
- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;
- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;
- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;
- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;
- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.
Пьесада көзге көрініп тұрған әрекет, оқиға болмағандықтан, оқушыларға
алдымен қатысушыларды анықтап, олардың кімдер екендігін жете ұғынулары
керек. Мәселен, белгілі драматург С.Жүнісовтің “Қызым, саған айтам...”
пьесасының көтерген тақырыбы – адагершілік, ізеттілік мәселесі. Мұндағы бір
отбасының ойран болған тағдыры басқаларға сабақ боларлықтай көрсетіліп,
адамдар арасындағы тұрмыстық-отбасылық қарым-қатынастың мәнін ашады.
Пьесаға өзек болған басты әрекет барысында Мұрат пен Разияның отбасылық
тірлігіндегі алуан түрлі оқиғалар мұндағы тартыс сипатын тереңдетіп
отырады. Драматург образдарды даралауда өнімді тәсілдердің бірі –
психологизмді қолданған. Жалпы, көркем туындыларда психологизм мәселесі екі
жақты көрінеді: бірі - ол алдымен жеке танымның құрылымы ретінде –
адамгершілік, психологиялық және идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден,
тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде көрінеді. Драма театр өнерімен
байланысты. Қазақ драматургиясы осы жанрға тән сипаттарды бойына жинаған,
өркендеу үстіндегі жанр.
Зерттеу мақсаты: Драмалық шығармаға байланысты, көркем шығарманың
композициясы туралы мағлұмат беру, көркем шығармалардың композициясы мен
сюжетін таныту
Зерттеу міндеттері.
- қазақ балалар драматургиясының туу кезеңін анықтау,
алғашқыпьесаларға объективті талдау жасау;
- қазақ балалар драматургиясын кезең-кезеңге жіктеп, кейіпкерлердің
жас ерекшелігіне қарай сараптау және әр жастағылар үшін жазылған
туындылардың ерекшеліктерін ашу;
- балалар драматургиясындағы ұлттық реңктің мәнін ашу, ұлттық бояудың
көркем туындының көркемдік сипатын негіздеудегі рөлін көрсету;
- драма жанры ерекшеліктеріне сай қаламгерлердің бейне жасаудағы
табыстары мен кемшіліктерін саралап көрсету, олардың стиль ерекшеліктерін
айқындау;
- балаларға арналған драмалық шығармаларды тақырыптық, идеялық,
бейнелілік тұрғысынан таразылап, дәстүр мен жаңашылдық нысанасы тұрғысынан
қарап мәнін ашу;
- балаларға арналған драмалық шығармалардың көркемдік, тілдік, жағына
назар аударып, олардың ұқсастығы мен өзгешелігін анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық негіздері. Жұмысты жазу барысында қазақ
әдебиетінің XX ғасырдағы тарихы және әдебиет теориясы бойынша жазылған
М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиевтің, Ә.Қоңыратбаевтың, Б.Кенжебаевтың, З.Ахметовтың,
С.Қирабаевтың, З.Қабдоловтың, Р.Бердібаевтың, Р.Нұрғалидың іргелі
зерттеулері, сондай-ақ драматургия жанрын, балалар әдебиетін зерттеуші
ғалымдар Ә.Тәжібаевтың, С.Ордалиевтің, Ш.Ахметовтың, М.Дүйсеновтің,
Р.Рүстембекованың, Б.Құндақбаевтың, Ж.Әбілевтың, Б.Ыбырайымның,
Қ.Ергөбековтың ғылыми жұмыстары әдіснамалық негіз ретінде алынды. Сондай-
ақ, орыс ғалымдары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, М.Горкий,
В.А.Стахановский-Панкеев, В.М.Волькенштейн, К.И.Чуковский, И.Ф.Волков,
В.Е.Хализев еңбектерінің теориялық қисындары да жұмысымызға ғылыми тірек
болды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және
орта арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде Балалар әдебиеті
пәнін оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде
пайдалануға болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың
әдістемесінде де қолдануға болады.
Зерттеу жұмыстың кұрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
түрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1.1 Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің
ұйымдастырылуы
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар
желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы
көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау
болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы
дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді
жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп
атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни
репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда
да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған
сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең
түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың
құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына
байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық
тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі,
шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше,
яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек
трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан
соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис,
яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке
толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы
драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр;
Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия
адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса,
драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады.
Осы қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер
қазіргі қазақ драмаларын қаҝармандық драма (мысалы, Әуезовтің “Қара Қыпшақ
Қобландысы, 1945; Сәкен Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлары”, 1922, т.б.), саяси-
әлеуметтік драма (мысалы, Әуезовтің “Еңлік — Кебегі”, 1917, т.б.), тарихи-
ғұмырнамалық драма (мысалы, Әуезовтің “Абайы”, 1950; Мүсіреповтің “Ақан
Сері — Ақтоқтысы”, 1972, т.б.) деп бөліп жүр
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен
ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту
мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.
Драмалық шығармаларды оқыту оқыту әдістемесінде мынандай әдістерді
алуға болады:
✓ Әңгімелеу;
✓ Проблемалық баяндау;
✓ Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);
✓ Иллюстрация және көрнекілік;
✓ Жазбаша жұмыс;
✓ Өз бетімен жұмыс жасау;
✓ Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;
✓ Деңгейлік тапсырмалар орындату;
✓ Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;
✓ Техникалық құралдарды қолдану;
✓ Сабақтан тыс жұмыстар жүргізу т.б.
Жазбаша жұмыстарды орындату.
Жазбаша жұмыстардың мақсаты- оқушылардың тілін дамыту. Драмалық
шығарманы оқыта отырып, оқушылардың тілі мен ойлауын дамыту жүйелі ету үшін
жазбаша жұмыстардың түрлерімен тақырыптарын мұғалім алдын ала
белгілеп,даярлап алады. Драманы талдауда оқушының сөздік қорын байытуға
жазба жұмыстың Сөздік дәптертүрін қолдану дағдыға айналдыру өте маңызды
орын алады.
Одан кейін жазба жұмысының түрі-драмалық шығармада автор жасап
шығарған ерекше сөз қолданыстарын іріктеу, іздеті, талдау.
Жазбаша жұмыстың тағы бір түрі- драмалық шығарамада қолданылған халық
тілінің байлығын талдау. Мақал-мәтелдер,фразалық тіркестер, нақыл сөздердің
драмада қалай қолданылғаны мен автордың негізгі идеясын ашуға оладың қалай
қызмет етіп тұрғанын көрсету арқылы оқушылардың ана тілін ойды білдіруден
қолдана білу дағдылары қалыптастырылады.
Жазба жұмыс түріне сұрақтарға жазбаша жауап беру де жатқызылады. Мұның
ерекшілігі – жазбаша жауап берілген кезде оқушының ауызша жауаптан гөрі
ойлануға уақыты, мүмкіндігі мол болуында.
Жазбаша жұмыс жүйесінде шығарма жазу үлкен орын алады.Шығарма жазу
барысында оқушының өзі оқырман,оқушының өзі сұрақ қоюшы,оқушының өзі жауап
беруші, оқушыныңөзі төреші роліндеболып, нәтижесінде ойдың қаншама
қабатынан сыналып, сығымдалып шыққан ой-толғаудан шығарма пайда болады.
Сондықтан шығарма жазудың арнайы әдістемесінің мәні зор.
Негізінен монолгтық түрде келетін мазмұндау мен баяндама жасауда
сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптері де ескеріледі.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы. Қазіргі уақытта оқушылардың
өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық
шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын
түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың
саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс
жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:драмалық шығарманы
талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;мақсатқа
жету үшін, соған қажетті материалдарды драмлық шығарма мәтінінен бақылау,
ізденіп оқу;берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен,белгілі бір
абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап
жазу;айтар ойының жоспарын жасау;жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа
фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра
отырып дәлелдеу: өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты
көзқарасын айқын түрде көрсету.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен
дамытудағы үлкен ролі бұрыннан белгілі. Бірақ барлық әдістер бірдей
оқушының шығармашылық қабілетін дамытады деп те түсінбеу керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағыты осыған арналған
арнайы жоспардың талап етеді. Оқужылының басында жасалған пәндік жоспарда
драмалық шығармаларға қатысты да орын беріліп, осы тақырыптың мазмұндық –
құрылымдық болмысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға потенциалды
қандай мүмкіндіктер барын мұғалім алдын ала анықтап алады. Мысалы Ғабит
Мүсіреповтың драматургиясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту жоспарын мынандай элементтер қолдануға болады деп
есептейміз.
Оқушылар Қозы Көрпеш –Баян сұлу драмасын оқып шыққан соң,кейіпкерлер
жүйесін өзіойлап тапқан мизансценаға орналастыру керек,яғни барлық кейіпкер
сценаға шығатын болса, қайсысын қай жерде және қандай позада тұрғызу
керектігі және сол ойын дәлелдеу керектігі тапсырылады. Қарабай бейнесінің
ең түйінді тұсын суретке салу тапсырылады. Оқушылар арасында Қозы мен
Баянға ескерткіш орнатуға авторлық конкурс жариялап,жеңімпазын қазылар
алқасына анықтату керек. Махаббат пен адалдыққа қарсы шыққан Қарабай мен
Қодарды Ар сотына айыптау керек, соның сценарийін оқушыларға жазғыздыру
тапсырылады т.б. Мұндай мысалдарды көптеп табуға болады.Шығармашылық
әдістерді қолдану арқылы мынадай мақсат-міндеттер шешіледі.
1.Оқушы әдеби шығарманы талдау теориялық әдістерін шығармашылық
қызмет әрекетіне айналдырып, білімнің өмірдегі жетекші ролін тани алады.
2. Шығармашылық талдау әдісі арқылы эстетикалық білім алады.
3.Эстетикалық таным әдістері арқылы этикалық таным әдістері арқылы
этикалық-моральдық норманың сабақтастығын сезіп біледі,эстетикалық білім
ғана адамға этика нормаларын шынайы меңгеруге көмектеседі.
4. Білім мазмұнын шығармашылық қызметтің моделіне айналдыра алады,
яғни драмалық шығарманың мазмұнымен таныса отырып,оны басқаша аспектіден
түсіну әдістерін меңгереді.
5. Шығармашылық жұмыстарды орындау қабілеттерін үйренеді.
Драматургия – қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың басында әлеуметтік-
қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды
жемісі ретінде туған жар. Тұңғыш қазақ пьесалары фольклор шығармаларының
негізінде жасалды. Мысалы: Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”, “Қозы Көрпеш-Баян
сұлу” пьесалары драма жанрының ерекшеліктерін, поэтикалық қуатын
меңгерудегі алғашқы тәжірибелер болды. Драма – оқиға, іс-әрекетті диалог
арқылы бейнелеу дегенді білдіреді. Драмалық шығармалар да эпикалық
туындылар сияқты, сюжетке, яғни оқиғаға құрылады. Драмада да кейіпкерлер
әрекет етеді, тартысқа түседі, уақыт пен кеңістікке араласып кетеді.
Драмада шиеленіс көп. Оқиғасы жан-жақты, бірқалыпты өрбитін эпикалық
сюжеттен, драмалық сюжеттің айырмасы мұнда тартыс қозғалмалы, өткір болып
келеді. Бұл жөнінде М.Әуезов: “Драматургиядағы конфликт мәселесі –пьесаның
жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтерінің бірі. ... драматургияның
негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан
бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт”,-деген еді. Драмалық
шығармада автор өз кейіпкерінің әрекетіне араласпайды, драма қатысушылары
сюжетті өздері ұйымдастырады. Автор болса сюжеттің динамикалылығын,
бейнеленуін кеңейтеді. Драмалық характер үнемі жоғары эмоцияда, тартыста
ашылады. Ол трагедиялық, комедиялық, драмалық сипатта беріледі.
1.2 Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.
Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын
- сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін,
текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп,
олардың аты – жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын
серігі досы көрсетіледі.
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет.
Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің,
өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ
тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – қазақ
мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып
жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі.
Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған
осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін
әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-
жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен
жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсіндіріп келеді. Елінің бай
тарихы мен бүгінгі жеткен рухани жетістіктерін терең сабақтастықта
қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді танудан, көркемсөзге деген
қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сондықтан біз
педагог Бітібаеваның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы
бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз
келеді. Түптеп келгенде, Қ.Бітібаеваның авторлық бағдарламалары аталмыш
ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал
еткені анық.
Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін
жетілдіруде өз үлесін қосып келе жатқан Қанипа Омарғалиқызы — 70-тен аса
мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе
әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу
жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді.
Оның Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы атты оқулығы
негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен
Қ.Көшімбаевтың Әдебиетті оқыту әдістемесі атты оқулықтарынан кейін араға
30 жылдан астам уақыт салып барып жарық көрген бұл оқулықты бүгінде
республиканың барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және
ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі
де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап беруінде, маңыздылығында деп
ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мектепте оқытудың негізгі
оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. Енді осы оқулықтың
өзектілігі мен маңызы неде деген сұрақтарға жауап іздер болсақ,
төмендегідей тұжырымдарға келуге болады.
Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама
қарастырылса, ұстаз Қ.Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды
оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың
инновациялық технологиясын ұсынады.
Лириканың түр-түрін оқытуда теориямен қоса, практикалық, танымдық
мәселелерге ерекше назар аударылып, оқу¬шы, студент ой-өрісін кеңейтетін
тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан
көруге болады. Абай, Мұқағали лирика¬ларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа
қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау
технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың
жүйесі, т.б. амал-тәсілдер — осы айтқаны-мыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар
поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен
қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар,
студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен
типтерінің молдығын дәйектей түседі.
Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен
шектел¬мей, оның түр-түрін қалай оқытуға болатынын талдап, жіктеп, таратып
айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман
жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі,
сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше
қиындық туғызатын Абай жолы эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі
де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық
шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан
хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.
Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқытудың күретамыры – тіл дамыту
жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты
қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады.
Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар
(технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технология¬лан¬дыру
мәселелері аталмыш оқулықтың маңызын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім
беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен
жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйе¬не отырып, оқушыларды
ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру
үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.
Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулығының ұстаздар қауымынан, студенттер
мен оқытушылар тарапынан кең қолдау табуының басты себебі де оқулықтың
практикалық мәні мен сұранысында дер едік. Мектеп оқулығының құндылығы
оқушыға нанымды мысалдармен өріліп, әрі қонымды, әрі түсінікті жазылуында
болса керек. Кітапта көркем мәтінді талдау әдісі эпикалық, лирикалық,
драмалық туындылардың мәтінін талдау жолымен, өз жаңашылдығымен дараланады.
Бүгінгі оқыту жүйесіндегі баға параметрі де өзгерді. Баға қайдан
туындауы керек? деген сұрақтар да әлі өз жауабын таба алмай келеді.
Оқулықта осы мәселенің де тиімді жолдары айқын көрсетілген.
Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негіз¬делген екі кітабы, М.Әуезов
шығарма¬ларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын
молайтып, байытып тұрғаны даусыз.
Әдіскердің Абай шығармаларын тақы¬рып-тақырыпқа жіктей бермей, ақын
шығармашылығын тұтастай ең негізгі арналы, ағысты проблемаларына сүйене
отырып, біртұтас оқыту туралы идеясы айырықша назар аударуды қажет етеді.
Абай өзі жазып кеткендей: Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды
сүю, Хақ жолы деп әділетті сүю оны оқытудың алтын діңгегі болуы керек, –
деп жазады ұстаз, Ақынның қай туындысында болмасын, оның алтын арқауы
болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам —
Толық Адам қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздейді. Бұл пікір шын
мәнінде ақын шығармашылығын ғана емес, жалпы адамзат жанын түсінуге, адами
қасиеттерді меңгеруге жетелейді.
Еңбек тоғыз бөлімнен тұрады. Кіріспеде ұстаз Абай шығармашылығын
оқытудың өзекті мәселелерін алдыға тарта отырып, ары қарай оны бесінші,
сегізінші сыныптарда қалай оқытуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді,
меңгерудің тиімді технологиясын ұсынады, сабақ түрлерін береді. Одан әрі 9-
10 сыныптардағы Абай шығармашылығын оқытудың жүйелі бағдарламасын беріп,
оның әдістемесін: сабақ түрлерін, оқу-тәрбиенің комплекстік жоспарын,
оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарды, Абайтану ғылымын
сабақта қалай тереңдетуге болатындығын жан-жақты талдап көрсетеді.
Тәжірибемізден түспей, жауыр еткен жаттандылық, таптаурын болған сұрақ-
жауап, репродуктивтік әдістер ұстаз тәжірибесінде, еңбегінде кездеспейді.
Ол оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады.
Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқу¬шы¬ның өз
еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің
тиімді жолдарын іздеу — ұстаздың басты ұстанымы. Әдіскер ұстаздың әдебиетті
оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан
тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту –
(ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз
тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан алма-кезек өріліп отырады.
Бұл технологияда әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема
шешу, іздену сияқты өнімді әдіс-тәсілдерге бару – басты шарт. Ұстаздың жаңа
сабақ түсіндіру технологиясы сұрақ-жауап, пікірлесу, сұхбат әдістерімен
қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді.
Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау
– ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы
жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Еңбекте Абай¬дың 100-ге тарта
өлеңдеріне талдау жасалады. Бұл талдаулар болашақ бағдарламаларға пайдалы
материал екендігінде сөз жоқ.
1.3 Композиция мен сюжет
Композиция - әдебиеттану ғылымындағы мазмұны терең теориялық ұғым.
Композиция дегеніміз – көркем шығарманың құрылысы деген сөз. Көрем
шығармада негізінен бейнеленетін – адамдардың өзара қарым-қатынасы,
әрекеті. Композиция – шығарманың сюжеттік-баяндауыштық жағымен бірге, оның
бейнелілік бітімін, характерлер сипатын толық қамтитын ұғым. Оның ішкі
міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу де жатады. Осы
іс-әрекеттер сюжет құрайды да, кейіпкердің мінез-сипатын, қимыл-әрекетін,
мақсат-мүдесін, танытады. Композициядағы маңызды мәселе – компоненттерді
орналастырудағы жүйелілік. Автордың алғашқы кезекте қай мәселені, екінші
кезекте не жайында айтпақшы болғаны, нені бөлшектеп, суреттейтіні де
белгілі мақсатқа бағындырылады.
Сюжетті эпикалық шығармалардың құрылымында жиі ұшырасатын
композициялық бөлшектің бірі – лирикалық шегініс. Бұл детальдің неге
эпикалық шығармаға тән екенін былайша түсіндіруге болады. Драмалық
шығармаларда авторлық баяндау жоқ. Лирикалық шығармада автордың әр алуан
көңіл-күйі беріледі. Лирикалық шегініс дегеніміз – эпикалық шығарма авторы
ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі. Лирикалық шегініс арқылы:
- қаламгер кейіпкерлер мен олардың әрекеттеріндегі өзінің пайымынша ең
маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударып, мәтін әсерлілігін
күшейтеді;
- бір кейіпкерге бағытталған оқиғаның басқа кейіпкерлерге де қатысты
екенін көрсетеді;
- автор өз шығармасының сипат-болмысын хабарлайды.
Мәтіннің мазмұнын тереңдетіп, идеясын кеңейту үшін қаламгер кейде
композициялық тәсілдердің бірі – оқшау эпизодтарды қолданады. Оқшау
эпизодтар деп, мәтінде баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ
жанама көріністердің суреттелуін айтамыз. Кейде бұлар лирикалық шегініс
секілді мәтіннің идеясын, пафосын түсіндіру үшін қолданылады. Көркемдік
ишаралау – композициялық бөлшектердің бірі. Қаламгер өзі суреттеп отырған
құбылыстың мән-маңызын мейілінше ашу үшін, сол оқиғаларға кейбір сипаттары
үйлесетін үзік, эпизодтарды енгізеді. Сол сияқты қаламгер алда болатын
оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін оны алдын ала соған іштей ұқсас
көріністер арқылы аңғартатын тәсілдерді қолданады. Мәселен, М.Әуезовтің
“Қорғансыздың күні” әңгімесінде Ақан мен Қалтай жолда келе жатқанда,
олардың ниет-пиғылынан хабар беретіндей Күшікбай кезеңі аңызы беріледі.
Табиғаттың сұрғылт кезіне, Күшікбай аңызы қосылып, алдағы трагедиялық
оқиғаның болатынын аңғартады. Бұл көркемдік аңдату болады.
Сюжет – эпикалық, драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс
үстінде көрінетін оқиғаның дамуы. Сюжет тарихи-әлеуметтік мәнге ие.
Сондықтан, сюжетті қарастыру үстінде, шығарманың негізінде қандай қоғамдық
тартыс жатқанын және оның қандай ұстаным тұрғысынан бейнеленгенін айқындап
алу керек. Сюжетте қаламгердің жазу шеберлігі көрінеді. Сюжет толыққанды
шығу үшін ол тиянақталып, тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары, оқиға
дамуындағы әрбір эпизод айқын, көркем ашылу керек. Эпикалық шығармалардың
бөлімдерге, тарауларға бөлінуі, автор немесе кейіпкер атынан баяндалуы
композицияға қатысты. Жанры әр түрлі формадағы мәтіннің композициясын оқыту
көркем шығарма табиғатын танып-білуге үйретеді. Көркем шығарманың
композициясын танытудағы мақсат – шығармадағы негізгі ой-пікірді, идеялық
мазмұнды ұғындыру. Мектептің төменгі сыныбында көркем шығарманың құрылысы
ең жеңіл ұғыммен танытыла бастайды. Мұғалімнің басты міндеті – көркем
мәтіндегі оқиғалардың байланыса дамуына назар аударту.
Оқырман көркем мәтінді алғаш оқығанда, оның жалпы фабуласын
қабылдайды. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығармада
суреттелетін әрбір әрекеттің, құбылыстың мәніне тереңдей үңіліп, соның
нәтижесінде сюжет туралы түсінік қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде,
фабуланы болған оқиға деп, сюжетті сол оқиғаның оқырманға көркемделіп
жеткен түрі деуге болады.
Қаламгер пайдаланған дайын фабулалар сюжетке айналған кезде, көркемдік
өзгеруге ұшырайды. Алдымен, дайын фабулалар өмірдегі нақты оқиғаларға
негізделген шығармаларда жиі кездесуі ықтимал; екіншіден, бір қаламгердің
жасаған фабуласы келесі жазушыда жаға сападағы сюжетке ұласуы мүмкін. Яғни,
бір фабула әр жазушының стиліне байланысты түрлі сюжеттік сипатқа ие
болады. Демек, мәтіннің көркемдік маңызы фабулаға емес, оның (фабуланың)
шығармашылық түрде игерілген көркемдік жағының сюжетте тереңдетілуіне
байланысты. Көркем шығарма сюжетінде бірнеше фабула желісіқамтылуы да
мүмкін. Сюжет бір немесе бірнеше эпизодтан тұрады. Эпизод дегеніміз –
мазмұнның бөлінбейтін ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz