Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ жоғарғы техникалық мектебі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Жобаны орындаған студент:
Мырзаболатов Б.С.
Мамандығы, шифр: Мұнай және газды
қайта өңдеу технологиясы
0819000
Курстық жұмыс ... ... ... ...бағамен
қаралды
Жетекші: Мусин Д. М.
Орал,2013ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Теориялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1. Ағымдағы жер асты жөндеу цехы. Мақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Ұңғымаларды жер асты жөндеу операторының
құқығы мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..9
2. Негізгі

... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1. Мұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік
талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Ұңғыны жерасты жөндеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
3. Бұта тәрізді орналасқан ұңғыларда жерасты жөндеу жұмыстарын
жүргізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..30
Кіріспе
Кез келген ұңғыларды мұнай, газ айдау және т.б. пайдаланған жағдайда
оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру керек. Скважина ішінде өнім көтергіш
құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды
көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты әрекеттерді, жөндеу жұмыстары
дейміз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай күнлелікті және күрделі
жөндеу болып бөлінеді.
Күнделікті жөндеуге – терең сорапты ауыстыру,көтергіш құбыр мен
штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне
қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да
скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа
тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын
мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу
бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта
әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның
көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе
маторшы – көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді.
Жер асты жабдықтарында болған апаттарды (үзілген құбырларды ұстау мен
сағаға шығару) жою үшін жасалынатын, зақымдалған пайдалану құбыр
тізбектерін орнына келтіру, қабат суларын жабу (айыру), басқа пайдалану
қабатына (кешеніне) ауысу сияқты қиын жұмыстар – скважинаны күрделі жөндеу
категориясына жатады.
Мұндай жұмыстарды арнайы құрылған скважинаны күрделі жөндеу бригадасы
жасайды. Осы бригада скважина түбінің төңірегін өңдеу жұмыстарымен де
(қабатты сұйықпен жару, сұйық құм ағынымен тесу, қышқылмен өңдеу, дірілмен
өңдеу және т.с.с.) айналысады.
Бұрғылау процесі – бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы ішінен көтеріп
–түсіру және көтере ұстап тұру арқылы жүргізіледі. Осы жағдайларда
бұрғылау аспаптарының салмағы бірнеше жүз килоньютонға жетеді. Тәл жүйесі
арқанына түсетін салмақты және қозғалтқыштар қуатын азайту үшін, мұнара,
бұрғы лебедкасы, тәл жүйесінен тұратын көтеру аспаптары қолданады. Тәл
жүйесі кранблоктан, тәл жүйесінің қозғалмайтын бөлігі, тәл блогы,тәл
жүйесінің жылжымалы бөліг, ілмек және тәл арқандарынан тұрады.
Жер асты қондырғылары мен скважина оқпанындағы ақауларды жою, түп маңы
аймағына жер етумен байланысты комплекстік жұмыстарды — жер асты жөндеу деп
атайды.
Істегі скважиналар қорының жөндеу жұмыстарымен тұрғызу үзақгығы, жыл
бөліп немесе айдағы жалпы календарлық уақыты мен скважинаның нақты жұмыс
уақытының қатынасынан шығатын пайдалану коэффицентімен өлшенеді.
1. Теориялық бөлім
1. Ағымдағы жер асты жөндеу цехы. Мақсаты мен міндеті
рс№ Жұмыс атаулары күрделілік
санаттары
1 Жоғары немесе төмен жатқан горизонттарға оралу І
2 Пайдалану горизонтын бөгде сулардан (ұңғыманы жоюды
қоса) оқшаулау ІІ
3 Забой жаны аумағын қышқылды-шайырлы өңдеу І
4 Пайдалану ұстынын түзеу ІІ
5 Гидроүзік және гидро-құм ағынымен перфорациялау ІІ
6 Ұңғыманың екінші оқпанын кесу және бұрғылау ІІ
7 Пайдалану ұстынының трубаларын кесу ІІ
8 Ұстап қалу жұмыстары ІІ
Тағайындалуы әр түрлі (мұнайлы, газды, айдама, т.б.) ұңғымаларды
пайдалану кезінде, кез келген басқа да инженерлік құрылымдарды пайдалану
кезіндегідей, оларды мерзімімен жөндеп отыру кажет.
Ұңғымаға құбырларды, қарнақтарды, сорғыларды немесе қандай да бір
құрал-саймандарды түсіру мен көтеруге байланысты жұмыстардың жиынтығын
жерасты жөндеу деп атайды.
Ұңғыманы жер асты жөндек жұмыстардың түріне және күрделігіне
байланысты шартты түрде ағымдық және капиталдық деп бөледі.
Ағымдық жөндеу жұмыстарына сорғыларды ауыстыру, құбырлар мен
қарнактарды ауыстыру немесе олардың ілініп тұрған сипатын өзгерту, ұңғыманы
құмды тығыннан тазарту, күрделі емес ұстау жұмыстарын жүргізу (сорғы-
компрессорлық құбырлар бағанасындағы үзіліп кеткен қарнақтар мен басқа да
бұйымдарды ұстау) жатады. Бұл жұмыстарды мұнай мен газ өндірудің әрбір
мекемесінде ұйымдастырылатын ұңғыманы жерасты жөндеу бригадасы орындайды.
Жерасты жабдықтарының апаттарын жоюға байланысты (үзілген құбырларды
ұстау және алып шығу), зақымдалып бұзылған эксплуатациялық бағаналарды
жөндеумен, суды оқшаулаумен, басқа эксплуатациялық объектіге ауысуға
байланысты жүргізілетін күрделі жұмыстар ұңғымаларды капиталдық жөндеу
санатына жатады. Бұл жұмыстарды ұңғымаларды капиталдық жөндеу бойынша
арнайы бригадалар орындайды. Осы бригада- лар әдетте забой маңы аймақтарын
өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды (қатты гидравликалық үзу,
гидроқұмарындық перфорация, қышқылдық өндек, дірілді өңдеу, т.б.).
Ұңғыма сағасының үстіне жөндеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта қажетті
биіктікте көтергіш құрылым (мұнара немесе діңгек) және көтергіш механизм
(механикаландырылған шығыр) орнатылады. Құбырлар бағанасын бұрау арқылы
жүретін жұмыстар кезінде ұңғыма сағасының үстіне, бұрғылау кезіндегідей,
ротор орнатады.
Ұңғыда жүргізілетін күнделікті жер асты және күрделі жөндеу жұмыстары
кезінде, ұңғы түбінің төңірегін өңдеу операциялары кезінде,оның ішіндегі
құбырларды, штангілер мен басқа құралдарды көтеру және түсіру жұмыстарымен
байланысты. Сондықтан ұңғы сағасына уақытша немесе тұрақты мұнаралар мен
мачталарды қондыруды қажет етеді. Оған қоса көтеру механизмдерін
(тракторға немесе автокөлікк орналасқан механикаландырылған шығыр)
орналастырылған. Мұнай және газ кәсіпшіліктерінде ұңғыны күнделікті және
жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданатын мұнара мен шығыр
трактор немесе автокөлік үстінде орналасқан көтергіш агрегаттар кеңіннен
таралған. Құбырларды, штангілер мен басқа құралдарды көтеру –түсіру
жұмыстарын жасау үшін қолданатын мұнаралар мен мачта жабдықтарының үлгісі 1-
ші суретте көрсетілген. Осы сияқты қозғалатын агрегаттардың өзінің үстіне
орнатылған мұнарасы мен мачтасы болады. Мұнара кәдімгі ілмегі бар тәл
жүйесімен жабдықталған. Оған арнайы аспап арқылы көтеретін жүк құбырлар,
штангілер ілінеді. Мұнараның төбесіне жиналған қозғалмайтын роликтерін
кранблок деп атаймыз. Кранблоктың әдетте роликтері еркін бір білікке
орнатылып, массивті рамаға бекітілген. Тәл жүйесінің көтеретін жүк
салмағына байланысты кронблокта үштен беске дейін роликтер болуы мүмкін.
Тәл жүйесінің қозғалмалы роликтері де сол сияқты тәл блогы деп аталатын
бір торапқа жиналған.
Тәл блогы болат арқанға ілініп тұрады, ол кранблок пен тәл блок арқылы
және сол тәртіпте кейін қарай өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын ұшы
мұнараның негізіне бекітілген,ал қозғалатын ұшы шығырдың барабанына
бекітілген. Құбыр тізбегін көтеріп –түсіру кезінде мұнараның құлауынан
сақтандыру үшін арқанның қозғалмалы ұшы шығыр барабанына бекітілуінің
алдында, көпшілік жағдайларда мұнараның немесе мачтаның негізіне бекітілген
тарту үшін арналған ролик арқылы өткізіледі. Шығыр барабаны айналған кезде
арқан барабанға оратылып құбырларды көтере бастайды. Төмен түсу құбырлар
тізбегінің өз салмақтары мен болады. Жеңіл құралдар мен жұмыс жасаған кезде
арқанды шығыр барабанынан кран блоктың бір ролигінен өткізіп жіберіп
ілмекке жалғастырып жұмыс жасай береді. Бұл кезде тәл блогын қолданбайды.
Пайдалану мұнараларын әдетте істен шыққан бұрғылау құбырларынан немесе
сорапты-компрессорлы құбырларынан биіктігі 24-28м қылып жасайды. Жүк
көтергіштігі 50 және 75т. Төменгі табанының өлшемі 8x 8 м, ал жоғарғы алаңы
2×2м. Мачта биіктіктері 15-22м болса соған сәйкес жүк көтергіштігі 15 пен
25т. Мачталарды ұңғылардың сағасына орналастырғанда аздап кішкене бұрышқа
қисайтып, оны арқанмен тартып қояды. Тұрақты мұнаралар мен мачталар тек
қана жұмыс жасап тұрған кезде қолданады да қалғвн кезде бос тұрады.
Пайдалану ұңғыларының жалпы жұмыс жасау уақытының 2-3%-ын ғана жер асты
жөндеу жұмыстары алады екен, яғни мұнаралар мен мачталар жылына 6-10 күн
ғана қолданады деген сөз. Сондықтан да көтеру-түсіру меxанизмдерін тиімді
пайдалану үшін қозғалмалы мачталар мен оларды бірге үстіне салып
жиналатын көтергіштер керек. Қозғалмалы мачталар арнайы арбаларға
қондырылып ұңғылар арасында трактормен тасылып жеткізіледі. Олар шеген
құбырлардан, екі аяқты, шана сияқты қылып жасалады. Өзінің мачтасын алып
жүретін көтергіштер ретінде арнайы жасақталған автокөліктер мен тасылып
жеткізіледі. Олардың жүк көтергіштігі 16 дан 80т-ға дейін болады. Құбырлар
мен штангілерді скважинаға түсіріп,көтеру үшін комплексті құралдар
қолданады. Олар құбырлар және штангелі элеваторлар мен кілттерден және
жәделдетіп қауыпсыздікті сақтайтын әртүрлі құрылғылардан тұрады. Құбырлар
элеваторы құбырларды муфта арқылы ұстап тұруға олардың тізбегін
көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде ұстап тұруға арналған. Құбыр
элеваторы—ортасында құбыр өткізетін тесігі бар екі жағында сырға кигізетін
құлағы бар тұтас құйылған немесе қақталған темірден жасалған қамыт
сияқты құрылғы. Элеватордың ішіндегі тесіктің диаметірі — жіберетін
құбырдың сыртқы диаметрімен сәйкес келеді. Элеватордың бір жақ бөлігі
құбыр кигізу үшін ашық болады. Құбыр элеватордың ішіне кіргесін, оның
қабырғасы рычаг арқылы жабылады. Құбырды көтерген кезде оның муфтасы
элеватордың кесілген жеріне келіп тіреледі. Элеватордың екі жағындағы
құлағына ілмекке жалғауына болат сырға кигізіп солар арқылы құбырларды
көтереміз. Сорап штангілерін көтеріп–түсіру үшін оған жеңіл болат қамыт
қолданады. Оны штангі элеваторы дейміз. Құбырларды бұрау және бұрап ашу
үшін шарнирлі және шынжырлы кілттер қолданады. Қажалып тозған бұрғы
қашауын ауыстыруда бұрғы құбырларын көтеру және түсіру жұмыстары қол
күшін қажет ететін және көп қайталанатын операциялардан тұрады. Көтеріп-
түсіру операцияларын жүргізу үшін бұрғылау бригадасы, құбырлар тізбегін
ұстаушы, асып қоятын, ашып жабатын аспаптармен толық қамтамасыз етілуі
тиіс.
1-сурет. Көтеріп түсіру әрекетін жүргізетін мұнара.
1 — кранблок; 2 —мұнара; 3 —тәл арқан; 4 — тал блогы; 5 —ілмек; 6 —
бұрғылау шығыры; 7— мұнараның қозғалмайтын бөлігі
1.2. Ұңғымаларды жер асты жөндеу операторының құқығы мен міндеті
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды жер астында жөндеу жұмыстарын орындау.
Бір қатарлы және екі қатарлы лифтілерді, парафинделген трубаларды, терең
насостарды, бөліп пайдалану жабдығын, газлифті клапандарын ауыстыру. Терең
насостарды сіңіруді өзгерту, үзіктерді, штанга қайырмаларын жою, құралдар
мен сымдарды алып шығу жұмыстары. Терең насос пен плунжердің төменгі
клапанын жуу. Құм зәкірлерді бөлшектеу және тазалау. Ұңғымаларды құм
тығындардан, балшықты ерітіндіден жуу, тазалау. Ұңғымаларды ыстық мұнаймен
және басқа да химиялық реагенттермен жуу. Ұңғыма оқпанындағы гидратты
тығындарды жою, пайдалану ұстыны мен насос-компрессор трубаларын
парафиннен, тұз бен шайыр шөгінділерінен тазарту. Забойды уата отырып
ұңғымаларды шаблондау. Ұңғыманы пайдаланудың бір тәсілінен екіншісіне
ауыстыру. Қабылдау клапандары мен кескілерді орнату және алып тастау.
Циркуляциялық механикалық клапандарды ашу және жабу; ұңғыманың жер асты
жабдығын престемелеу. Түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманың сағалық
жабдығын құрастыру және бөлшектеу. Жабдықты, құралды, салмақ индикаторын
профилактикалық күтімді жүзеге асыру. Ұңғыманы жер астында жөндеумен
байланысты тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу. Ұңғымалардың қабылдауыштығын
қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу. Жылжымалы
агрегаттарды, құрылғылар мен канат техникасын орнату және бекіту. Дайындау
бригадалары жоқ кәсіпшіліктерде, көтеру құрылғыларын орнатумен және қосалқы-
көмекші жұмыстарды атқарумен байланысты барлық жұмыстарды (ұңғыманы
жөндеуге дайындау, ұңғымаларды тұншықтыру және т.б.) орындау.
Ұңғымалардағы, штепсель ажыратқыларымен жабдықталған электр жабдығы мен
жарық беру аппаратураларын қосу және ажырату. Канат техникасын басқару.
Білуге тиіс:
- ұңғыманы пайдалану тәсілдерін;
- газ, мұнай және айдау ұңғымаларының құрылымын;
- түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманы жер астында жөндеу, игеру
және тұншықтыру өндірісі технологиясын;
- ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын көтеру құрылғыларын
(мұнараны, мачтаны), таль жүйесі мен оның элементтерін, терең насостарды,
газлифт клапандарын, канат техникасын пайдалану ережесін, олардың құрылымы
мен нысанын; насос-компрессор трубалары мен штангаларын, кабель орағышты,
салмақ индикаторын механикалық бұрау және бұрап алуға арналған
автоматтардың құрылымы мен жұмыс принципін;
- көтеру-түсіру операцияларын механикаландыру және автоматтандыру
құралдарының нысаны мен құрылымын;
- гидро- және пневмо жүйелер туралы негізгі деректерді және олардың
құрылымын; көтерілетін жүгіне қарай таль жүйесін пайдалану тәсілдерін және
оларды жарақтандыру есебін; канат жұмыстарын орындау кезіндегі шекті
жүктемені және жылдамдықты;
- шықпаға қарсы жабдықтың (шағын габаритті превенторларды) құрылымын
және оны орнату ережесін;
- гидравликалық терең шығыр мен тюбинг қондырғысының құрылымын, қызмет
көрсету және оларды басқару тәсілдерін; газ-құм зәкірлердің түрлерін және
оларды қолдану ережесін;ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын
құралдардың түрлері мен оларды пайдалану ережесін;
- түрлі жарақтандыру мен түрліше ұңғыма жабдығы кезінде трубалар мен
штангаларды көтеріп түсірудің шекті жылдамдығын;
- құм тығынын жуу процесінің есебін; еңбекті ұйымдастырудың
қолданыстағы нұсқаулық карталарын;
- станок-качалканы, жарық беру аппаратурасын қосу ережесін.
І санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер
астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде - 4-
разряд;
І санаттағы немесе ІІ санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары
ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу
кезінде - 5 разряд;
ІІІ санаттағы ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде - 6-разряд;
Тереңдігі 3000 м астам ұңғыманы, тереңдігі 2000 м астам жазық
ұңғымаларды немесе газ лифт әдісімен пайдаланылатын ұңғыманы жер астында
жөндеу кезінде - 7-разряд.
6 және 7- разрядтағы ұңғымаларды жер астында жөндеу операторлары үшін
орта кәсіптік білім талап етіледі.
2. Негізгі бөлім

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
АҚҚ – апаттық құтқару қызметі;
СКҚ – сорапты – компрессорлық құбырлар;
ЖҰТ – жұмыс ұйымдастыру тәртібі;
ҰЖЖ – ұңғыны жерасты жөндеу.
1. Осы Талап мұнай және газ ұңғыларын (өндіруші, сығымдау, іздестіру
және бақылау) жерасты жөндеу жұмыстарының барлық түрлеріне таратылады.
2. Негізгі түсініктер:
1) ұңғы басу – қыртыстан ұңғымаға ағындылар ағуын тоқтатуға арналған
жұмыстар;
2) ұңғы – жерастылық (тау-кен техникалық) құрылғы, тереңдігі көлденең
қиындысына қарағанда аса үлкен, тік немесе қиғаш цилиндр тәріздес тау
қазбасы.
3. Ұйымдар технологиялық операцияларды қауіпсіз жүргізуді анықтайтын
технологиялық регламенттерді жасап, техникалық жетекшімен бекітеді және
өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы аумақтық өкілетті органдармен
келісіледі. Технологиялық регламенттер жаңа ережелер және нормалар
енгізілген жағдайда, жаңа технологиялық процесстер, қондырғылар, машиналар,
аппаратуралар қолданысқа енген жағдайда қайта қаралады.
4. Рұқсат қағаз арқылы орындалатын аса қауіпті жұмыстар тізбелері
мекеме арқылы жасалады. Осы жұмыстар тізбелері ұйымның техникалық
жетекшілерімен бекітіледі.
5. Ұйыммен апаттарды жою жоспары жасалады. Жоспарда апаттық алдын алу
және жою үшін қызметкерлердің оперативті қимылдары және АҚҚ бірге жұмыс
жасау тәртіптері қарастырылады.
6. ҰЖЖ бөлімдері жұмысшылары өздігінен жұмысты негізгі және қосымша
мамандықтар негізінде жүргізу үшін арнайы мамандықтары болуы тиіс.
7. Жерасты жөндеу жұмыстарына берілген және жөндеу жұмыстарынан
қабылдап алынған ұңғыларға актілер рәсімделеді.
8. Әрбір жөнделетін ұңғыға жұмыс ұйымдастыру тәртібі (бұдан әрі – ЖҰТ)
жасалады, ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі. Қыртыс ағынында
күкіртсутегі болғанда, ашық бұрқақ немесе мұнай – газ көтерілуі қаупі
болған жағдайда апаттық құтқару қызметімен (бұдан әрі - АҚҚ) келісіледі.
ЖҰТ құрайды:
1) ұңғы құрылымы және тізбек бекіту шегені туралы ақпар;
2) жерасты және жерүсті қондырғылар түрлері;
3) ұңғыны пайдаланудың қысқаша мінездемелері, қыртыстық қысымы және
температурасы, қыртыстық қысымды соңғы рет өлшеу уақыты және оның шамасы;
4) жөндеу жұмыстарынан соң күтілетін ұңғы технологиялық көрсеткіштері;
5) жұмысты қауіпсіз жүргізу жағдайлары, өндірістік, өрт және пайдалану
қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, мұнайгаз көтерілуі және
ашық бұрқақтың алдын алу шаралары қарастырылады;
6) көтеру қондырғысын, ұңғы үстілік және лақтыруға қарсы қондырғылар,
қосымша қондырғылар және ұңғыдағы жұмыс алаңы орналасу сызбалары;
7) ұңғы басуға және шегендеуге қажетті сұйықтықтар көлемі мен
тығыздығы;
8) жуу сұйықтықтарын өңдеу және газсыздандыру құралдары.
9. Ұңғы ерекшеліктеріне сәйкес мұнай және газ ұңғыларын жөндеу
кезінде, өрт сөндіру, байланыс, қауіпті және зиянды өндіріс факторларын
бақылау құралдары, санитарлық–гигиеналық жағдайлар, электрлік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, ұңғы үстін жабдықтауы, улы компоненттері көрсетілген
(күкіртсутегі және басқалар) қауіпті аймақтар, өрт жарылыс қауіпсіздігі
жағдайы, санитарлық – қорғау аймақтары жұмыс ұйымдастыру тәртібімен
қамтылады. Сыртқы ауаның шектік температурасына, аталған ауданның жағдайына
байланысты жел жылдамдығына сәйкес ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстары
тоқтатылады немесе жұмыс арасында үзілістер ұйымдастырылады. ҰЖЖ ұңғы
ерекшеліктеріне сәйкес ұңғы басу есептері енгізіледі. Жерасты жөндеу
жұмыстары алдында жұмыскерлер ҰЖЖ қол қою арқылы таныстырылады.
10. Осы жұмыстарды тікелей жүргізетін жұмыскерлерге техника және
атқылау қауіпсіздігі нұсқаулығына сәйкес, журналға тіркеу арқылы
нұсқаулықтар жүргізіледі.
11. Жұмыс басталар алдында қондырғылар, құрылғылар және құралдар
жарамдылығын, оларды тиеу, түсіру және орнатылуын тексеру, ұңғы үстіне
қондырғыларды, көпірлерді, стеллаждарды, жұмыс алаңдарын орнатуды, болат
арқандарды, кронблокты және талдік механизмдерді және олардың майлануын,
кермелер және сатылар орналасуын бақылау және тексеру жұмыстары
жүргізіледі. Ұңғы жөндеу орнатылған тәртіппен, бекітілген технологиялық
регламенттерге сәйкес жүргізіледі.
12. Көтеру агрегаты, мұнара рұқсат етілген жел жүктемелігіне, жөндеу
жұмыстары кезінде күтілетін жоғары жүктемелік күшке сай келуі тиіс. Ұңғы
жөндеуге қажетті қондырғыларды, агрегаттарды тасымалдау және орнату – жинау
жұмыстары төменгі жағдайлар орындалған жағдайда ғана жүргізіледі:
орнатылған тәртіппен бекітілген ҰЖЖ болуы;
қондырғы тасымалдау жолы жарамдылығын тексеру және электрлік
желілерді, темір жолды, құбырларды және басқа мұнай – газ коммуникациялары
арқылы жүрген кезде қызығушы мекемелермен келісім қағаздары болуы;
тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға жауапты тұлғаларды
бекіту.
Қондырғыны тасымалдау және монтаждау, орнатылған тәртіппен бекітілген
бақылау тұлғасы басшылығы арқылы жүргізіледі. Қондырғыларды тасымалдауға
және монтаждауға жұмылдырылған қызметкерлер тасымалдау жолымен, қауіпті
аймақтармен және қауіпсіздік шараларымен таныстырылады.
Көру мүмкіндігін шектейтін және жұмыс қауіпсіздігіне кері әсер етуі
мүмкін қолайсыз ауа райы жағдайында қондырғыларды тасымалдауға және
монтаждауға тыйым салынады, ЖҰТ көрсетіледі.
Қондырғылар, құрылғылар және көмекші құралдар бекітілген сызбаға сай
орнатылады. Жұмыскерлерге арналған орындар қауіпсіз аймаққа орнатылады және
мұнара биіктігіне 10 м қосқан қашықтықтан жақын орналастырылмайды.
Жерасты және жерүсті коммуникациялар орналасу сызбасы ұйымның
маркшейдерлік қызметімен бекітіледі және ұңғы жөндеу жұмыстары алдында
жөндеуші ұйымға сызба беріледі.
13. ҰЖЖ алдында ұңғы үстіне көлемі 4×6 м немесе 3×4 м жұмыс алаңы
орнатылады.
14. Жұмыс алаңы талаптары:
1) жұмыс алаңы едені 4 мм кем емес бұдырланған, торлы немесе
дәнекерленген темір қаңылтырдан жасалады;
2) жұмыс алаңы сенімді тіреуішпен және көтеру агрегатына бекітілу
тетігінен қамтамасыз етіледі;
3) жұмыс алаңы ұңғыдан төгілген және ағып жатқан сұйықтықтар ағатын
немесе жиналатын ыдыспен немесе бағыттау құрылғысымен жабдықталады;
4) жұмыс алаңын ұңғыға қарағанда жел жаққа қаратып орналастырады;
жұмыс алаңы көпіршелер және стеллажбен қамтамасыз етіледі;
5) көпірше ені 1 м биік орналасса оларға баспалдақтар орнатылады;
6) стеллаждар екі жағынан құбырлар және штангалар иіліп кетуін
болдырмайтындай етіп орнатылады. Құбырлардың өздігінен құлап кетуін
болдырмау үшін стеллажға қорғағыш бағаналар орнатылады.
15. Агрегаттың жұмыс алаңы биіктігі превенторды ұңғыға орналасуын
қамтамасыз етеді.
16. ҰЖЖ жылжымалы агрегаттары жасаушы зауыт нұсқауларына сай жұмыс
алаңдарына орнатылады. Агрегат қондырғылары жарылыстан қорғау талаптарына
сай жасалады.
17. ҰЖЖ агрегаты жабдықталады:
1) түсіріп көтеру операцияларын басқаратын жүк көрсеткіші және бақылау
- өлшеу аспаптарымен жабдықталған пультпен;
2) көрінетін жерге бекітілген темірден жасалған белгісі бар мұнарамен.
Белгіде жасалған уақыты, жасаушы зауыт, зауыттық саны, жүк көтеру
мүмкіндігі, келесі техникалық тексеру уақыты жазылады;
3) мұнаралар болат арқан бекітетін кергіш орнату орындарымен
жабдықталады. Кергіштер орны, диаметрі, саны агрегаттың техникалық
құжатымен анықталады;
шығыршықтан, шығыршықты басқару схемасы:
3 – 1) жүк көтеру шектегіші;
3–2) талдік блок биіктігін автоматты түрде шектегіштен және шығыршық
барабаны қозғалысын шектегіштен тұрады;
3 – 3) тежегіш жүйе;
4) агрегат шассиінің көлденең орналасуын қамтамасыз ету аспабынан;
5) тальдік блокты бекіту және жылжу кезінде мұнара зақымдануын
болдырмау құрылғысымен;
6) гидроқондырғы элементтері істен шыққанда қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін қашықтан басқару құралымен;
7) іштен жану қозғалтқыштарының ұшқынын өшіргішпен және қозғалтқыштың
ауасын апаттық жағдайда жабу құрылғысымен;
8) қозғалтқышты апаттық жағдайда өшіру құралымен;
9) жарықпен, жарық беру жарылысқаупі жоқ шамдармен жүзеге асырылады.
Ротор алаңы – 100 лк, шығыршық – 75 лк, талдік блок – 30 лк, қабылдау
көпірлері – 10 лк жарықтан кем болмауы тиіс.
Жұмыс орны және жөнделіп жатқан ұңғы аймағы жарығы санитарлық және
өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz