Емізетін және туатын мегежіндерді азықтандыру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Емізетін және туатын мегежіндерді азықтандыру»

Орындаған: Әділхор Руслан

Тексерген : Касимова Г. В.

Орал, 2014


Мазмұны

КІРІСПЕ3

І. Әдебиетке шолу6

ІІ. Мегежіндерді азықтандыру ерекшеліктері және мегежіндерді азықтандыру рациондары 10

2. 1. Туатын мегежендері азықтандыру нормалары10

2. 2. Емізетін мегежендерді азықтандыру нормалары14

2. 3. Мегежіндерді күтіп-бағудың ерекшеліктері20

2. 4. Буаз мегежіндерді күтіп-бағу ерекшеліктерінің жас төлдердің өсіп-дамуына әсері, оларды тууына дайындау . . . 23

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ. 31

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33


КІРІСПЕ

Шошқа шаруашылығы ет өндіруді шапшаң ұлғайтуға болатын мал шаруашылық-биологиялық ерекшеліктерге байланысты: аса өсімтал (мегежін бір туғанда 10-12 торай туады) ; буаздығының ұзақтығы - 112-114 күн, яғни жыл ішінде екі рет торай алуға болады.

Шошқалардың ішек-қарын жолдары күйіс қайыратын малдармен салыстырғанда рациондағы амин қышқылдарының құрамына, В тобы витаминдерін қамтамасыз болуын жоғары мөлшерде қажет етеді.

Шошқа организмі амин қышқылдарын, витаминдерді өте көп қажет етеді.

Азықтандыру үшін бүршақ дақылдарының дәндерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді, шөптерді, шөп ұнын, ұн тартқаннан кейін және майхана өнеркәсіптерінің қалдықтарымен, жануар тектес азықтарды, қоректік тамақтардың калдықтарын пайдаланады. Шошқа азығы қоректілігінің негізгі бөлігі (60-90% шошқаның топтарына байланысты дөнді дақылдар (арпа, жүгері, бидай, кебек т. б. ) рацион құрамында болуы қажет. Бұл азықтар углеводтарға бай болады, ал витаминдерге және минералдық, толық бағалы белоктық заттар жеткіліксіз болады (протеин) . Рацион қоректілігін 10-30% шырынды азықтар ұстайды. Бұған жататындар: картоп, азықтық және қант қызылшасы, сиыр жоңышқасы, сұлы, бұршақ сұлы қоспалары.

Шошқаның каротинге деген қажетін бұршақ дақылдарнан жасалған шөп ұнымен азықтандыру, витаминді пішен, сәбіз, арнайы препараттар ғана қанағаттандыра алады. Шошқлардың қоректік заттар мен энергияны пайдалану тиімділігі жасына, тірілей салмағына, жынысына, табиғаттың климаттық жағдайына, азықтандырудың түріне байланысты. Азықтандыру түрлері рационмен сипатталады. Азықтандыру түрлері рацион дағы азық топтарына байланысты.

Шаруашылықтағы негізгі азықтық дақылдардың түріне қарай шошқаларды азықтандыру мынадай түрге бөлінеді:

- рациондағы жемнің (концентрированный) мөлшері 50-55%-ке дейін болады.

- үздіксіз көк шөппен қамтамасыздандыру ұйымдастырылады.

Мегежіндер күтіп-бағылатын қора жүйелі түрде дезинфекцияланып, ұдайы таза ұсталуы керек. Торайлау науқанында тәжірибелі шошқа өсірушілер күні-түні кезекке тұрады.

Торайлағаннан кейін торайларды, мегежіндерді әбден тазартып, санитарлық-гигиеналық өңдеуден өткізеді. Содан соң торайларды, ең алдымен, әлсіздерін енелерінің бауырына салып, ауыздандырады. Торайлар ең алғаш емген емшегіне үйреніп алады да, қалғандарын анда-санда болмаса ембейді. Торайлары емшегінің санынан көп болса, оларды екі кезекпен азықтандырады.

Мегежіндер желінсау ауруына, ал торайлар асқазан, ішек ауруларына шалдықпас үшін желінді үнемі таза ұстау керек және оны күн сайын марганец қышқылды калийдің ерітіндісімен (1литр қайнатып суытылған суға 1грамм) сүртіп, содан соң анемияның (қаназдық) алдын алу үшін торайларды туған күнінен бастап, енелерінен бөлгенше 1литр қайнаған суға күкірт қышқыл темір (3г) мен күкірт қышқыл мыс (1г) қосылған қоспаның ерітіндісін бүріккішпен мегежіннің желіні мен емшегіне жүйелі түрде бүркіп отырған да дұрыс. Бұл уақытты онша көп алмайды, әрі пайдалы.

Курстық жұмыстың мақсаты -емізетін және туатын мегежендерді азықтандыру ерекшеліктерімен танысу, азықтандыру рациондарын құру.

Курстық жұмыстың міндеттері - шошқаларды азықтандыру ерекшеліктері, торай емізетін мегежендерді азықтандыру рациондары, мегежендері азықтандыру нормалары туралы түсінік беру.

І. Әдебиетке шолу

Баканов В. Н., Менкинь В. К. (1989) зерттеулерінде, жаңа туған торайдың дені сау, ширақ болуы, жақсы жетілуі, ірілігі, өміршендігі, енесінің сүттілігі бәрінен бұрын буаз мегеженнің туғанға дейін қоңды болуына тікелей байланысты. Буаз мегежендерді азықтандыру жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастырғанда, қоректік заттарды қажеттенуін басшылыққа алады.

Богданов Г. А. (1990) деректерінде мегеженнің буаздығы 150-152 күнге созылады. Мегеженнің қондылығын қалпына келтіру үшін, ұрықтандыруға әзірлеуде және ұрықтандыру кезеңінде азықтық өлшемді 0, 2-0, 3 кебейту ұсынылады. Буаздығының бірінші кезеңімен салыстырғанда жоғары төл алу, ұрықтандыруға әзірлеу кезеңінде торай емізетін мегежендерді, сіңірімді белоктық заттарға, витаминге (әсіресе, каротинге, Е витаминге) бай шөбі жақсы жайылымға жаю қажет. Қондылығы нашар мегежендерге 0, 2-0, 4 кг жем азық және 1, 5-2 кг сүрлем (бір бас саулық қойға) бір күнде берілуі тиіс.

Боярский Л. Г. ( 2001) деректерінде Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес. Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан бастайды. Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсай білу керек.

Г. Н. Доброходов (1969) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп, түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып берген жөн.

Гильман З. Д. (1989) әдебиеттеріне суйенсек, рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а. ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не жекелеген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді. Азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный), картопты-жемді (картофельно-концентратный), тамыржемісті-жемді (корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т. с. с. азықтандыру типтерін ажыратады. Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік азықтандыру рациондарын ұсынады.

Дурст Л., Виттман М. ( 2003) зерттеулерінде ауыл шарушылығы ғылымдарының саласына белсене үлес қосып жүрген ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық құралындағы деректер көзі ретінде, шошқалардың жақсы және қолайлы деңгейде теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз екендігін байқауға болатындығын, және оның мерзімдік азық үлесі құрамындағы құрғақ заттың 0, 14 - 0, 18 %-ы көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн.

Дүйсембаев К. И., Бегімбетова Г. С., Жүнісов A. M (1995) зерттеулерінде шошқа өсіру фермасына қажетті бастапқы шығындар АҚШ 90- нан 150 мың долларына дейінгі соманы құрайтын қомақты қаражатты қажет етеді. Оның үстіне, салымның орнының толтырылуы үш немесе төрт жыл мерзімінде ғана жүзеге асады.

Егеубаев А. А. ; Құсайнов К. К. (1993) айтуы бойынша шошқа рационында мырыш жетіспесе зат алмасу бұзылып, төлдің өсіп - жетілуі кешеуілдейді, мал бедеу болады, жүні түсе бастайды, тері аурулары шығады. Бұзаулар енесін еміп жүрген кеғзде мырыш жетіспесе пеллагра тәрізді дерматит немесе терінің паракератоз ауруы туындайды. Мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең тиімдісі оны қыздырып, содан кейін 1кг күнжараға 0, 5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт қышқылды мырыш госсиполмен қосылып, оның қандағы эритроцитке деген гемолитикалық қасиетін жояды. Кейбір шаруашылықтарда мал азығының консервілеу жүргізіледі. Ол үшін мынандай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын, бензол қышқылдарын және т. б. ерітінділері өндірісте жиі қолданылып келеді. Әрбір консервантты таңдағанда саңырауқұлақтардың токсин шығаратын қабілетін ескерген жөн және сол таңдап алынған консерванттың әрбір саңырауқұлақ түрінің өсіп - өнуіне жол бермейтін қасиеттерін еске алмайынша және азықтың ылғалдылығын білмейінше консерванттардың ұзақ уақыт өз қасиетін тиімді ұстап тұруы мүмкін емес. Сондықтан азықты өңдеу нәтижесі мүлде аз немесе тиімсіз болуы ықтимал.

Калашников А. П. (1985) зерттеулерінде мегежендерді азықтандыру барысында улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасында кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен -ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақталмау т. б. ) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен болатындығы анықталды.

Калашникова А. К., Клейманов А. К. және басқалар (1985) деректерінде Азықтың санитариялық сапасын жақсарту үшін және қызу процесін болдырмау ретінде, шаруашылықта термикалық өңдеу жиі қолданылып келеді. Мұндай өңдеу біріншіден азықты зарарсыздандырады, екіншіден азықты зиянкестерден тазартуға қол жеткізеді.

Князев П. Е. (1991) зерттеуіне қарағанда шошқаны азықтандыру толық теңестіру және астықты, ақуызды азықты, витаминдерді, минералды қоспалар мен түрлі стимулярларды тиімді пайдалану, бәрінен бұрын толық рационды құрама жем мен жемді қолдану арқылы ойдағыдай қамтамасыз етіледі. Құрама жем мен жемді құрамында шырынды, т. б. көк азықтыр бар рационмен қосып азықтандырады.

Козловский В. Г., Лебедев Ю. В., Медведев В. А. (1987) буаз мегежендерге шырынды азықтардың барлығын бұзылып кетпеу үшін жегізуден 1-2 сағат бұрын әзірлейді. Азықты жылжымалы және тұрақты азық таратқыштармен таратып береді. Барлық жастағы және өндірістік топтағы шошқаларды тәулігіне 2 рет азықтандырады. Азықты неғұрлым жиі салу, тіпті, енесінен бөлінген торайларды азықтандыру кезінде де онша пайда бермейді. Суару автоматтардан жүзеге асырылады.

Л. И. Хитруна (1974) мағлұматы бойынша азықтардың белоктардың, көмірсутектердің және майлардың маңызы. Жем -шөп мал организміне сыртқы ортадан бірден - бір протеин жеткізуші. Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процестері тежеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин тұтынылса асқазан -ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады. Бұған әсіресе шошқа мен құс төзімсіз. Азықта нитраттар мен нитриттер, рұқсат етілетін, шамадан асатын мөлшері кездессе олардың рационындағы және судағы құрамы рұқсат етілетін коэфициенттен асып кетпесе малға басқа, сапалы жем -шөппен қосып беруге болады. Малға берілетін азық көлемін есептеген кезде рациондағы және берілетін судағы нитраттардың тәуліктік мөлшері (г) дене массасының 1 кг : ірі қара мал үшін - 0, 2; жылқы мен қой үшін -0, 4; үй қояны мен тауық үшін -1, 0.

Л. К. Эрнст Н. А. Кравченко (1987) деректеріне қарағанда азықтың құрамы шошқаның шығу тегі мен жасына қарай айырмашылықта болады. Орташа статистикалық мәліметтерге қарағанда, 300 басты шошқа үйіріне жылына 300 мың тонна астық пен 3 тонна азықтық қоспалар қажет болады екен. Әдетте азықтарды дайындау мәзірлері барлық кәсіптік құрама жем зауыттарында болады, бірақ шошқа өсіру бойынша бай тәжірибесі бар аграршылар өздерінің жеке мал азығы рецептерін құрастырады. Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.

М. М. Лебедева (1974) зерттеулерінде тәуліктік азық мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді.

Менькин В. К. (2004) зерттеулерінде шошқа өсірумен айналысатын аграршылдар істі 300-400 шошқа басынан бастауға кеңес береді, себебі бұл өте тиімді мал саны болады. Бірақ, егер де айналым қаражаты жеткіліксіз болса, жүз бас шошқамен де істі бастауға болады, бірақ онда жобаның орны толуы ұзақ мерзімге созылып кетеді. Кез- келген жағайда шошқа фермасында шошқаларды араластыру келесі сәйкестікте болу керек: жалпы мал санының 50%-ын ұрғашы шошқаның басы құрау керек, осы ұрғашы шошқаның жалпы санынан 7-8%- ын тұқымдатқыш қабандар құрау керек, басқа бастарды етке сату мақсатымен бордақылау да ұстау қажет. Ол салынған қаржылық ресурстардың тез арада орнын толтыруға мүмкіндік береді. Шошқаны өсірудегі ең бір көкейкесті мәселелердің бірі сапасыз мал азығы болып табылады. Осы жағынан көптеген адамдар қатты шатасады, себебі олар шошқалар нені болса да жей береді деп ойлайды. Бұл тұжырым дұрыс емес, шошқаларға теңгерімді және дәрумендік азық қажет болады.

Н. П. Чирвинский (1896) деректерінде мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету - малға берілетін азық мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді. Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.

Омарқожаев Н. О. ( 1993) зерттеулерінде өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен, алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.

Хохрин С. Н. (2004) дерегінде төлдердің саны және сапасы айтарлықтай дәрежеде аталықтардың физиологиялық әлеуетіне байланысты. Ұзақ уақыт бойы шағылысқа түспеген кезенде, қоректік заттардың барлық түрінің мөлшерін азайту ұсынылады. Сақа аталықтар үшін тірілей салмағы 200-250 кг болғанда - 10%-ке, ал тірілей салмағы 250-350 кг болғанда - 20%-ке азайтылады. Өсіп келе жатқан жас аталықтар үшін 100 кг тірілей салмағына 2 азық өлшемін қосады.

Шумилина И. С. (1986) зерттеулерінде мегежіннің қоректік мұқтаждығы жасына, тірілей салмағы мен физиологиялық ахуалына байланысты өзгереді. Мысалы, қысыр мегежіннің күйін келтіру үшін ұрықтандырудан 10-14 күн бұрын азықтандыру деңгейінің жалпы қоректілігі 25-30 пайыз (негізгі азықтандыру нормасына қосымша 0, 5-0, 6а, ө. -не) жоғарылатса, мегежін буаздығының соңына қарай оған қоса және 15-20 пайыз (0,, 3-0, 4а. ө. ) жоғарылатады.

ІІ. Мегежіндерді азықтандыру ерекшеліктері және мегежіндерді азықтандыру рациондары

2. 1. Туатын мегежендері азықтандыру нормалары

Буаз кезеңінде мегежінді азықтандыру оның сүттілігін, торай беруін қамтамасыздандыруды оның және қоңдылығын сақтауды мақсат етеді. Буаздылығының алғашқы 84 күнінде тірілей салмағына - 1-2, соңғы 30 күнінде - 1, 5-1, 7 бауырындағы торайларын сүтпен қоректенуі кезінде 1, 5 азық өлшеміне қосымша - 0, 33-0, 38 азық өлшемін үстелеп береді.

Бір мегежінді буаздылығының алғашқы 84 күніндегі азықтандырудың мөлшері.

Мегежіндер - торайлар алу үшін пайдаланылатын ересек ұрғашы шошқалар. Мегежіндерді шаруашылықта 4, 5-5 жыл ұстайды, өйткені одан әрі оның торайлауы азая түседі. Негізгі мегежін салмағы 200кг-нан артпау керек. Жыл ішінде одан кемінде екі рет торай алады және 18-20 торай өсіреді. Өйткені бұл кезеңде мегежін сүті торайлар үшін негізгі азық қызметін атқарады. Жақсы мегежіннің сүттілігі кемінде 60 килограмм болуы тиіс.

Азықтандырудың түрлері мына ретте болады:

1. Жем-картоп, жемді-шырынды

2. Жем-тамыржемістілер-жемді-шырынды

3. Жеммен азықтандыру.

Мысалы, екі жастан асқан 10 торайын сүтімен қоректендіретін мегежін шошқаның азық мөлшері.

Торайларын емізетін мегежіндер сүт беру кезінде азық қоректілігіне, энергая қажеттілігіне ерекше талапты.

Торайларын емізетін аналықты азықтандыру - оның жасына, тірілей салмағына, торайының санына, торайларды бөліп алу мерзіміне байланысты. Сонымен қатар аналықтың торайлағаннан кейінгі кезеңдерінің ерекшеліктерін де ескеріледі.

Торайлағаннан кейінгі, алғашқы бір сағат мегежінді азықтандырмайды. Міндетті түрде таза жылы сумен суарады. Торайлағаннан кейін 5-6 сағаттан соң 0, 5-0, 7 кг жем-концентраттармен быламық түрінде азық береді. Осыдан бастап азық мөлшері бірте-бірте көбейтіледі. 5-7 күннің ішінде азықтандыруды толық мөлшерге жеткізеді. Шырынды азық беру торайланғаннан кейінгі 3-4 күннен соң басталады.

Мегежіннің торайларды емізу кезеңі туғаннан бастап айырып алғанға дейін созылады. Туғаннан кейінгі 26 күннен 60 күнге дейінгі мерзім аралығында әрбір 5-6 сағаттан кейін - 500-700 г сұлы және кебекті сұйық быламық қоспасын береді. Торайларын емізіп жүрген мегежіннің бір азықтық өлшеміне рацион бойынша 115-120 г сіңірімді белоктық зат қажет. Қысқы рационда жем мөлшері 60-65%-тен кем болмауы тиіс.

Жазда 70-75%. Қысқы рационда 20-25 тамыр жемістілер мен түйнекті жемістілер болуы қажет, 5-10% сүрлем, 5-8% пішен немесе шөп ұны болады. Жаз кезінде дәнді бұршақ тұқымдастарынан дайындалған шөпті 25-30% мөлшеріндегі көк балауса болуы тиіс. Рационда 3-5% жануарлар тектес азықтардың болуы қажет.

Мегежіндер торайлағаннан кейін 60 күннің ішінде 200- ден 300 килограмға дейін, ал таңдаулары - 500 килограмға дейін сүт береді. Олардың сүтінде белок 6%, май -6, 5-7, 3, қант -4, 5-5, күл -1, кальций -0, 3, фосфор -0, 16 % болады.

Мегежіннің сүтімен бірге көп мөлшерде қоректі заттар бөлініп шығады. Мұның өзі бойдақ мегежіндермен салыстырғанда торайларын емізетін мегежіндерін организміндегі зат алмасу процесінің анағұрлым жоғары болатынын көрсетеді.

1-кесте. Торайларын енгізетін мегежіндерге берілетін азықтың мөлшері

Азықтар
Қыста
Жазда
Азықтар: Жем қоспасы . . .
Қыста: 1, 6
Жазда: 1, 6
Азықтар: Соның ішінде бұршақ тұқымдастар
Қыста: 0, 5
Жазда: -
Азықтар: Қант қызылшасы
Қыста: 1, 5
Жазда: -
Азықтар: Құрама сүрлем немесе жәй сүрлем
Қыста: 4, 0
Жазда: 4, 5
Азықтар: Шөп ұны
Қыста: 0, 25
Жазда: -
Азықтар: Бұршақ - астық тұқымдастардың көк шөбі . . .
Қыста: -
Жазда: 5, 0
Азықтар: Үш кальцийлі фосфат (г) . . .
Қыста: 30
Жазда: 30
Азықтар: Ас тұзы (г) . . .
Қыста: 40
Жазда: 40

Торайларын енгізетін мегежіндерге берілетін азықтың мөлшері олардың салмағына, жасына, сүттілігіне, торайының санына байланысты белгіленеді. Торайларын емізетін екі жасқа толмаған мегежіндердің салмағының әр 100 килограмына шамамен 2 азық өлшемі, ал ересек мегежіндерге -1, 0 азық өлшемі және еміп жүрген әр торай үшін 0, 4-0, 5 өлшемі белгіленеді. Бір азық өлшеміне шаққанда 110-115г қорытылатын протеин 8-9 н ас тұзын, 6-7г кальций, 4-5г фосфор, 5-6 мг каротин беру қажет.

Шошқалар үшін тиймді азықтардың бірі құрама сүрлем, онда клетчатканың мөлшері көп емес, 1-5 процентке жуық. Құрама сүрлемнің бір килограмында 0, 20-0, 25 азық өлшемі, 20 г қорытылатын протеин және 10-12 мг каротин бар.

Республикамызда қолданылып келе жатқан азықтандыру типі бойынша азықтандыру рационы 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. Салмағы 160кг тартатын 10 торай бар мегежінге арналған

үлгі рационның құрамы төмендегідей

(тәулігіне кг есебімен)

Азықтар
Қыста
Жазда
Азықтар: Астық тұқымдас дәні
Қыста: 4, 9
Жазда: -
Азықтар: Жем қоспасы . . .
Қыста: -
Жазда: 3
Азықтар: Құрама сүрлем
Қыста: 7, 5
Жазда: 6
Азықтар: Шөп ұны
Қыста: 0, 4
Жазда: -
Азықтар: Көк сүт немесе балық қалдықтары
Қыста: 0, 3
Жазда: -
Азықтар: Көк шөп
Қыста: -
Жазда: 7
Азықтар: Сүйек ұны (г)
Қыста: 85
Жазда: -
Азықтар: Бор (г)
Қыста: -
Жазда: 65
Азықтар: Ас тұзы (г)
Қыста: 30
Жазда: 55

3-кесте. Тұқымдық мегежінді әртүрлі типтік рационмен азықтандыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқа организмі
Мегежіндерді азықтандыру
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Шошқа шаруашылығы
Шошқа гигиенасы
Торайды бордақылау кезеңі азық нормасы мен рационын келтіру
Шошқаларды топтық станоктарда ұстау
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Аналық шошқаны азықтандыру
Торайын емізетін мегежіндерді азықтандыру нормасы мен рационы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz