Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
-------------------3
I. Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
1.1.Мектепке дейінгі балалар еңбек іс-әрекетінің әр түрлі формалары-----6
1.2.Балалар бақшасындағы еңбек тәрбиесінің міндеттері ----------------------
9
1.3.Әр түрлі жас топтарындағы балалар еңбегінің түрлері мен мазмұны--12
II.Балалар бақшасындағы балалар еңбегі.
2.1. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі формалары ------------------------------
-15
2.2. Тәрбиешінің балалар еңбегіне басшылығы --------------------------------
---18
2.3. Балалар бақшасындағы еңбек тәрбиесінің құралдары ---------------------
20
Технологиялық карта ----------------------------------- ---------------------
------------23
Практикалық бөлім ----------------------------------- -----------------------
------------26
Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
--------------29
Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ----------------
----------31
Қосымшалар ----------------------------------- ------------------------------
--------------32
Кіріспе
Еңбек тәрбиесі – жас ұрпаққа тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлімі.
Н.К. Крупская өз еңбектерінде балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің
ең қарапайым түрлеріне үйренудің қажет екенін талай рет атап көрсетті, осы
арқылы олар материалдың қасиеттерімен танысатын, әр түрлі аспаптармен жұмыс
істеуге дағдылана бастайтынын ескертті. Еңбек үстінде балалар белсенділік,
тапқырлық, қайсарлылық, нәтижеге жетуге ынталық көрсетеді, олардың бойында
шама –шарқына қарай ересектерге қолқабыс тигізу ниеті қалыптасады.
Н.К. Крупская балаларды еңбекте біріктіруде ерекше мән берді,
балалардың бірлескен жұмысын ерекше бағалау керек – бұл ұжымдық еңбек
үстінде әсіресе жақсы өрістейді деп атап көрсеткен.
Сонымен қатар ол педагогтарды баланың мүмкіндіктерін, оның өзіне тән
ерекшелігін ойынмен байланысты мұқият ескеруге шақырады.
А.С. Макаренко еңбек тәрбиесі туралы лекцияларында балалардың
тұрмыстық еңбегінің қарапайым түрлерінің маңызды рөлін ашып береді, сол
еңбекте олардың мінез құлқына дербестік жауапкершілік, өзін-өзі
ұйымдастыру, мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап көрсетті. Еңбек ете
білетін балалар еңбек бейнетінің қадірін біледі, ол басқа адамдардың да
еңбегін құрматтейді, көмекке зәру кісіні тез байқайды.
Н.К.Крупская сияқты, А.С. Макаренко да балалардың ұжымдық еңбегіне
айрықша мән береді, мұндай еңбек үстінде оған қатысушылардың өзара
жауапкершілігі пайда болады. Бірлескен еңбек, ұжымдағы жұмыс, адамдардың
еңбектегі көмегі және олардың еңбектегі ұдайы өзара тәуелділігі ғана
адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра алмақ – деп жазады ол. –
Бұл дұрыс көзқарас әрбір адамның қоғамға өзінің бар күшін беретіндігінде
ғана емес, сонымен бірге оның басқалардан да осыны талап ететіндігінде,
қасында масыл біреудің тіршілік етуіне төзгісі келмейтіндігінде
А.С.Макаренко еңбектерінде балалардың еңбегін ұйымдастыру, бірте-
бірте оның мазмұнын күрделендіріп, баланың өзін ұйымдастыруда қойылатын
талап дәрежесін көтере түсу туралы ұсыныс айтады, балалардың отбасында
тұрақты еңбек міндеттері болуының, олардың ортақ іске қатысуының маңызы
атап көрсетіледі.
Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетке ұмтылған бүгінгі күннің
талабына орай болашақ ұрпақты, ұлттық тәлім-тәрбие өнегесіне сүйене отырып
парасатты тұлға ретінде қалыптастыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін
жетілдіру, дербес іс-әрекетке баулу, адамгершілік, эстетикалық
сезімталдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.
Балаларды мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап еңбекке баулу, іскер,
еңбекқор, өз еңбегін де, өзгенің еңбегін де бағалай білетін, еңбек дағдысы
қалыптасқан елінің әлемдік өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына үлес
қосатын саналы азамат етіп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақша
тәрбиешісінің міндеті.
Зерттеу нысаны: Балабақшадағы мектепке дейінгі балалардың еңбек іс-
әрекеті.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке
тәрбиелеудің тиімділігі артады, егерде еңбек іс-әрекетінде білімдік және
тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан
негізделсе, оны іс-тәжірибеде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып,
оқу-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда балаларды еңбекке тәрбиелеудің
мүмкіндігі жоғары деңгейде болады.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-
теориялық негіздерін айқындау;
- мектепалды дайындығында балаларды еңбекке тәрбиелеудің
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
- еңбек тәрбиесі арқылы баланы мектепке дайындаудың моделін құру,
өлшемдері мен деңгейлерін және тиімді педагогикалық әдістерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- баланы мектепке дайындауда еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-
теориялық негіздері айқындалды;

моделі ұсынылып, өлшемдері анықталды;

ғылыми-әдістемелік жүйесі берілді.
Зерттеу көздері: Психологтардың, педагогтардың зерттеу тақырыбы
бойынша еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, ҚР-ның
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, оқу-әдістемелік
құралдар, бағдарламалар, ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге ғылыми
талдау, жинақтау, қорыту, тәжірибелік экспериментті өткізу барысында
сауалнамалар алу әдісі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиешілеріне арналған
бағдарлама мен ғылыми-әдістемелер әзірленіп, балабақшада оқу-тәрбие
үрдісіне енгізілді;
- мектепке дейінгі жастағыларға арналған бағдарламалардың
еңбек тәрбиесі бөлімі жетілдіріліп, жүйеленді.
Зерттеудің проблемасын анықтау: Еңбек тәрбиесі арқылы баланың
жеке тұлғасын дамыту.
Зерттеудің базасы: Зеленов ауданы, Рубежин ЖОББМ балабақшасының
Балапан шағын орталығы.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Кіріспе бөлігінде
зерттеу мәселесі, көкейкестілігі мен маңызы негізделген, жұмыстың мақсаты,
нысаны анықталған, зерттеудің болжамы құрылған, ғылыми жаңалығы, зерттеу
әдістері, кезеңдері ашылып көрсетілген. Қорытындыда зерттеу нәтижелері
алынған.

1.1.Мектепке дейінгі балалар еңбек іс-әрекетінің әр түрлі формалары
Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты. Бұл
өзара байланыс әр түрлі формада көрінеді; еңбек қызметі болашақ ойын үшін
істелінеді; оның әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі.
Ойындарда ересектердің еңбек әрекеттерін бейнелеу арқылы балалар
олардың еңбегіне қарауға дағдыланады; жолаушыларға ұқыпты қарайды, түскі
тамақтың дәмді болуының қамын жасайды және т.с.с. Мектепке дейінгі сәбилер
бұл ретте нақты еңбек әрекеттерін жасамайды, олар машина айдаған, тамақ
пісірген сияқтанады.
Ересектеу балалардың ойындарында еңбектену қажеттігі: үстел басында
өзі ішкен ыдысты жуу, қуыршақ қызын шомылдыру немесе оның кірленген
көйлегін жуу қажеттігі жиілейді. Мұндай ойын балаларды нақты еңбек
әрекетіне итермелейді.
Ойынның барысында (мектепке дейінгі неғұрлым ересек жаста) өзіне
алған рөлді бейнелеу үшін тиісті атрибуттар: матрос малақайы, жол жүрісінің
ережелері, жалаушалар мен фонариктер және т.б. қажет болатын реттерде
еңбектің ойынмен байланысы байқалады. Ойында персонаждардың іс-әрекеттерін
неғұрлым толық бейнелеу, өзінің ойын дәлірек жеткізу ниеті балаларды
еңбекке араласуға ынталандырады.
Көп жағдайда еңбек ойынмен алмасып отырады. Бала бояулар салынған
розеткаларды апарып қояды. Тәрбиешінің үстеліне қайтып келе жатып қолындағы
подносты руль ғып ойнап, машинаны бейнелейді.
Мектепке дейінгі сәби балалардың еңбек іс-әрекетіне тән нәрсе – іс
–әрекет процесінің өзіне қызығу. Мысалы, бала өсімдікті суғара сала оған
қайта су құя бастайды; үстел үстіне әр балаға қасық қойған соң, екінші рет
қайта қоя бастайды.
Мектепке дейінгі ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пайдалы
нышандар айқын көріне бастайды. Егер басқалар үшін маңызды екенін түсінсе,
олар сырттай тартымсыз еңбектің өзіне де ықыласпен қарасатын болады. Оған
тән мысал мынау.
Жыл бойы педагог ересек топ балаларын сәбилерге қамқорлық жасауға
баулиды. Қамқоршылар өзінің кіші жолдастарына қамқаорлық сезіміне бөленіп,
оларға қамқорлыққа барып тұрады. Киінуді, ойыншық жинауды үйретті, шанамен
сырғып, солармен бірге ойнады,бір жолы педагог сәбилер үшін ойыншық
жасауды, солар жыртқан кітапты желімдеуді ұсынды. Балалар қаншалық
ықыласпен еңбектенді десеңізші! Еңбек процесінде қаншалық қызу әңгіме
болды! Мықты болу үшін мұқабаны жақсырақ желімдеу керек! Үйдің шатыры үшін
әдемі қағаз таңдайын, сәбилер қуанып қалсын!
Балалар жасаған ойыншықтарын сәбилерге сыйлады. Оларды бәрінен гөрі
қуантқан өз еңбегімен басқаларды риза еткендері болды.
Еңбек үстінде балалар күнделікті өмірде: өзіне – өзі қызмет көрсетуде,
шаруашылық-тұрмыстық қызметінде және т.б. қажет болатын алуан түрлі дағды
мен іскерлікке үйренеді. Баланың ересектер көмегін керек етпеуі іскерлік
пен дағдыларды менгертуге құлшындырады.
Еңбек процесінде балалар маңайындағы заттардың қасиетін практика
жүзінде біледі, өсімдіктердің өсуі мен өзгеруін бақылайды, жануарларды
көреді, олардың тіршілік жағдайымен танысады және т.т. Олар көрген
нәрселерін теңестіреді, салыстырады, неге деген шексіз сұрауларға өз
бетімен жауап табуға тырысады. Олардың әуесқойлылығы, тануға құштарлығы
дамиды. Еңбек балалардың ақыл – ойы дамуының маңызды құралына айналады.
Еңбек қызметінде эстетикалық тәрбие де жүзеге асырылады. Балалардың
қандай істі болсын ұқыпты орындап, қолға алғанын әдемі жасау іскерлігі
қалыптасады. Олар өсімдікті суарып жүріп жаңа ашылған шанақты, мұнтаздай
жиалған бөлмені, қуыршықтардың таза жуылған киім-кешектерін көргенде
куанатын болады.
Еңбек балаларды дене құрылысы жағынан да шынықтырады, өйткені оның
көптеген түрлері таза ауада атқарылады. Балалар күш салуға, қиыншылықтарды
жеңуге қабілеттенеді.
Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін еңбек іс-әрекетінің ерекше
маңызы бар. Үстел жасауға байланысты жеңіл – желпі тапсырмаларды орындау,
сабаққа қажеттінің бәрін әзірлеуге көмектесу арқылы балалар басқалар үшін
де пайдалы болуға үйренеді. Бұл олардың бойында көмекке зәру бірден қол
ұшын беруге, өзінің шамасы келетін еңбек тапсырмаларын ықыласпен орындауға
әзір тұру қасиетін тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, ұқыпты және тіл
алғыш болу қабілетін қалыптастырады.
1.2.Балалар бақшасындағы еңбек тәрбиесінің міндеттері
Мектепке дейінгі педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынадай
негізгі міндеттерін бөліп көрсетеді: ересектердің еңбегімен таныстыру және
оған құрметпен қарауға тәрбиелеу; қарапайым еңбек іскерлігі мен
дағдыларымен үйрету; еңбекке ықыластылыққа, еңбек сүйгіштік және
дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық-бағыттау мотивтеріне, ұжымды және
ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.
Балабақшада, отбасында, бала болатын қоғамдық орындарда – барлық жерде
бала ересектердің еңбегімен ұшырасып, оның нәтижелерін пайдаланады.
Балаларды жақын жердегі, содан соң балалар бақшасынан тыс жердегі ересектер
еңбегімен дәйекті түрде таныстыру оларда еңбек әрекеттерінің мәні мен
маңызы туралы ұғым қалыптастыруға, ересектердің еңбекке көзқарасын, оның
қоғамдық маңыздылығын нақты мысалдармен түсіндіруге мүмкіндік береді.
Тәрбиеші балаларға еңбексүйгіш адамның қандай болу керек екенін (ол бар
ықыласымен еңбектенеді, жұмысты ақырына дейін апарады), жақсы еңбектену,
маңайындағыларға қамқорлық жасау дегеннің не екенін түсіндіреді, оларға
еңбек туралы жазылған, еңбектің маңызы мен сұлулығы жарқын, тартымды
көрсетілген шығармаларды оқып береді. Балалардың бойында еңбекші адамға
құрметпен қарау сезімін, соған ұқсағысы келу құштарлығын қалыптастыра
отырып, педагог оларды еңбек нәтижелеріне ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Мектепке дейінгі балалардың ересектер еңбегі туралы білуі олардың
бойында еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруға үлкен ықпал жасауға тиіс.
Бірақ еңбек қызметімен танысу балалардың өздерінің еңбегімен ұшастырылмаса,
ол жай формалды болып қалуы мүмкін. Тікелей еңбек үстінде балалар еңбек
жігерін сезінеді және нәтиже алу үшін сондай жігер жұмсалудың қажет екенін
түсінеді, еңбексүйгіштік дегеніміз ерікті, күш-қайратты, қиыншылықтардан
қаймықпай, тапсырылған істі ақырына дейін алып бара білуді қамтитынын
сезіне бастайды.
Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы әрбір жас тобындағы балалар
меңгеруге тиісті еңбек дағдылары мен іскерліктердің көлемін ашып береді.
Мәселен, мектепке дейінгі сәби балаларда шаруашылық –тұрмыстық еңбек
дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырған кезде тәрбиеші оларға
ойыншықтарды ылғал шүберекпен сүртуді, қуыршақтардың көйлегін шаюды т.б.
үйретеді. Естияр топтағы балалар ойыншықты сүрткен шүберегін шайып сығады,
қуыршақтың көйлектерін сабындап жуады. Мектепке дейінгі ересектер
ойыншықтарын сабын жағылған губкамен жуады, ұсақ заттарды жуады, сабаққа,
еңбекке, ойынға қажетті заттарды дайындайды, содан соң оларды тәртіпке
келтіреді.
Балаларға еңбек іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділігін
белгілей отырып, тәрбиеші олардың жас ерекшелігін, ұсынып отырған еңбектің
мазмұнына шамасы келетін–келмейтінін, оның тәрбиелік құндылығын, сондай-ақ
оны ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды ескеруге тиіс.
Балалар өсіп, дамыған сайын олардың еңбек қызметінің сапасына, ұйымдастыру
дәрежесіне қойылатын талаптар күшейтіле береді, орындалатын жұмыстың көлемі
ұлғайтылып, қарқыны тездетіледі.
Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші балалардың бойында шамасы
келетін нәрсенің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырады,
қажет болғанда дереу барып көмектеседі. Мектепке дейінгі балалардың
ұсынылған істі дербес орындауда сәтсіз әрекет жасап, содан қапаланып
қалуына жол бермеу керек. Өйткені мұндай жағдайда бала өз күшіне
төзбеушілік және еңбектенуге құлықсыздық пайда болады. Қайта керісінше,
баланың дербестік көрсетуге тырысқан әрбір әрекетін көтермелеп отыру оның
қиыншылықты жеңуіне көмектеседі, өзінің іскерлігі оны қуаныш сезіміне
бөлейді, еңбекті сүйе бастайды.
Мынаны есте ұстау керек: еңбек қол жеткен нәтижесімен, басқаларға
келтірген пайдасымен балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс.
Балалар бақшасында балалардың ұжымда еңбектене білуін қалыптастыру
міндеті шешіледі. Бұл біртіндеп, еңбек процесінде балаларды ортақ
тапсырмамен шағын топтарға біріктіру жолымен жүзеге асырылады (егер олар
екеу-үшеу болып жұмыс істеуді үйренген болса, онда ортақ тапсырманы 6-7
баладан құралған топтың орындауына болады). Мұндай еңбек процесінде
тәрбиеші балаларда тапсырылған іске жауапкершілік алу, бір-біріне көмектесу
және бірлескен күш-жігермен нәтижеге жету, құлшыну қабілетін
қалыптастырады. Осының бәрі олардың өзара қарым-қатынас тәжірибесін
байытады, оларға дұрыс сипат береді.
1.3. Әр түрлі жас топтарындағы балалар еңбегінің түрлері мен мазмұны
Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметке
ынтасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету,
шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің
жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес.
Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері
бар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге,
төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с) бағытталған. Еңбек
қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік
қажеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі
қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет
ретінде ұғыныла бастайды.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі
қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамығандығы,
әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жоспарлай білмеушілік,
көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін
тежейді, кейде бааланың қажетті әрекетті орындаудағы құлықсыздығын
туғызады. Алайдатәрбиеші осы балалардың өзінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете
білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен
мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа
әдеттенеді. Осының бәрі сабырлылықты, табандылық пен игі тілектестікті,
сәбилердің кейде пайдасыз ықыласының өзін қолдап көтермелеп отыруды талап
етеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып тәрбиеші әрбір
баламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды,
көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі
бөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік
қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, өздерін
киіндірген ересектерге сүйіспеншілік пен сенім сезіміне бөленеді.
Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде
әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне
айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің
сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын
уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара
көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек
сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.
Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа төсегін
жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріледі. Бұларға байланысты
процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттерді балалардың бойында
мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау
дағыдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып
өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен
қиыншылықтарын түсінуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың
қажетін ескерте отырып, қалай істеу керек екенін шешінетін жерде шешінген
баланың өтіп кетуі үшін жол беру, жуынған кезде кезекшілерді алдымен
жіберу, балалардың бәрі уақытылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ
тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін өтуге рұқсат сұрау және
т.с.скерек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым сақтыққа,
маңайындағыларды құрметтеуге қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері
олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі
болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек
үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер
ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге бағытталған. Балалар топтық
бөлмеде немесе учаскеде қандай да болса тәртіптің бұзылуын байқауға және
оны өз инициативасымен түзетуге үйренеді. Шаруашылық тұрмыстық еңбек ұжымға
қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.
II. Балалар бақшасындағы балалар еңбегі. 2.1. Еңбекті ұйымдастырудың
негізгі формалары.
Мектепке дейінгі балалардың балалар бақшасындағы еңбегі негізіг үш
формада: тапсырма беру, кезекшілік, ұжымдық еңбек іс-әрекеті формаларында
ұйымдастырылады.
Тапсырма беру – балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін,
тәжірибесін, сондай-ақ тәрбиелік міндеттерді ескере отырып, тәрбиеші оқтын-
оқтын бір немесе бірнеше балаға беретін тапсырма. Тапсырма қысқа немесе
ұзақ мерзімді, жеке-дара немесе жалпы, қарапайым немесе жүйелі әрекеттердің
тұтас тізбегін қамтитын неғұрлым күрделі болуы мүмкін.
Еңбек тапсырмаларын орындау балалардың еңбеккке ықыласын, тапсырылған
іске жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі. Бұл істі ақырына
дейін жеткізіп, тапсырманың орындалғаны туралы тәрбиешіге, хабарлаау үшін
алаңдамай, мұқият істеуге, ерік күшін көрсетуге тиіс болады.
Тапсырмалардың мазмұны Балалар бақшасындағы тәрбие программасында
ұсынылған еңбек түрлеріне сәйкес белгеленеді; көпшілігіне ол балалардың
жасына, топтың жағдайына (тірі табиғат мүйісінің, бақшаның болуына,
бөлмедегі жиһаздың орналасуына және т.б.) байланысты.
Сәбилер тобында тапсырма жеке-дара нақты және қарапайым болады, бір-
екі әрекеттен тұрады (қасықтарды үстелге қою, су құйғыш әкелу, жуу үшін
қуыршақтың көйлегін шешу т.т.). Мұның жай тапсырмалар балалар еңбекті әлі
өз ықыласымен ұйымдастыруға жете қоймаған кезде оларды ұжым пайдасына
бағытталған іс-әрекетке қатыстырады. Тапсырма тәрбиешінің балаларды басқару
тәсілдерін даралауына: біреуіне көмектесуіне, екіншісін үйретуіне,
үшіншісін қолдап, көтермелеуіне мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі
балаларда тапсырманы орындауға қатысу тәжірибесінің жинақталуына қарай
тәрбиеші оның мазмұнын қиындата береді. Мәселен, естияр топта ол балаларға
өз бетімен қуыршақтың көйлегін, ойыншықтарды жууды, жолды сыпыруды, құмды
бір жерге үюді тапсырады. Бұл тапсырмалар неғұрлым қиынырақ, өйткені оларда
бірнеше әрекеттердің болуымен бірге, өзін-өзі ұйымдастырудың элементтері де
бар (жұмысқа орын әзірлеу, оның орындалу кезегін белгілеу және т. с. с.).
Естияр топта тапсырмалардың саны едәуір көбейеді, өйткені балалардың
еңбеккке қатысу тәжірибесі бірте-бірте молығып, олардың іскерлігі неғұрлым
тиянақтана түседі. Тәрбиешінің енді мектеп жасына дейінгі бірнеше балаға
бірден тапсырма беруге мүмкіндігі болады, тек әрқайсысына нақты (әр түрлі
немесе бірдей) іс тапсырады. Сөйтіп, еңбеккке бір мезгілде бірнеше баланың
қатысуы барған сайын жиілей бастайды, бұл оларды пайдалы жұмысқа жиі және
жүйелі түрде қатыстыруға мүмкіндік береді. Тапсырма балалардың еңбек
істеуге әдеттенуін қалыптастырады, оларды кезекшілікке әзірлейді.
Ересек топта жеке тапсырмалар беру балалардың әлі іскерлігі жеткілікті
дамымаған еңбек түрлерінде немесе оларды жаңа іскерліктерге үйреткен кезде
ұйымдастырылады. Жеке тапсырмалар қосымша үйретуді немесе мұқият бақылауды
керек ететін балаларға да (бала ынтасыз болып, көңілі жиі алаңдай берген
жағдайда), яғни ықпал жасау әдісін даралау қажет болған кезде де беріледі.
Естияр топта қолданылған тапсырмалардың көпшілігі 2 баладан 5-6 балаға
дейін біріктіретін топтық тапсырмаларға айналады, яғни коллективтік сипат
алады. Тәрбиеші балаларға ойыншық қойылған текшелерді бірлесіп жинауды,
дидактикалық ойындар үшін керекті қораптарды бірлесіп желімдеуді, құрылыс
материалын бірлесіп жууды және т.т. тапсырады. Балалар бәріне ортақ
тапсырма орындайды, бұл олардың жұмысты өзара бөлісіп, оны бірлесіп
орындап, жұмыстан соң бірлесіп жинау қажеттігін тудырады. Бұл ұжымшылдық
бастамасы қалыптасуына, еңбек процесінде бір-біріне назар аударып, қиын
жағдайда көмек көрсетуге үйретеді.
Ересек топтың балалары да өзін-өзі ұйымдастыру дағдысының әлі
жеткілікті дамымағанын ескере отырып, тәрбиеші жабдықтарды орнату, құрал-
сайманды орналастыру, жұмысты оған қатысушылар арасында бөлісу тәсілдерін
түсіндіруге мықтап көңіл бөлуге тиіс.
Мектепке дайындайтын топта ортақ тапсырмаларды орындаған кезде балалар
өзін-өзі ұйымдастырудың қажетті дағдыларын көрсетуге тиіс, сондықтан
тәрбиеші оларға көбірек талап қояды, түсіндіруден бақылауға, ескертуге
көшеді.
Кезекшілік балалар еңбегін ұйымдастырудың формасы, ол баланың ұжымға
қызмет көрсетуге бағытталған жұмысты міндетті түрде орындауын көздейді.
Балалар рет-ретімен кезекшіліктің алуан түріне тартылады, бұл олардың
еңбекке үнемі қатысуын қамтамасыз етеді. Кезекшілерді тағайындау және
алмастыру күн сайын жүргізіледі. Кезекшіліктің тәрбиелік зор маңызы бар. Ол
баланың ұжым үшін керекті белгілі бір істерді міндетті түрде орындауына
жағдай туғызады. Бұл балаларды ұжым алдында жауапкершілікке, қамқоршыл
болуға, сондай-ақ оның жұмысының барлығы үшін қажетті екенін түсінуге
тәрбиелейді.
Кезекшілік бірте-бірте енгізіледі. Сәбилік топта тапсырмаларды орындау
процесінде балалар үстел жасауға қажетті дағды алған, жұмысты орындау
кезінде неғұрлым тәуелсіз болуға үйренген. Бұл естияр топта жылдың басынан
асханада кезекшілік енгізуге мүмкіндік береді. Күн сайын әр үстелде бір
кезекші істейді. Тәрбиеші баланы жұмыста жүйелілік сақтауға үйретеді, оны
бақылайды, оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып көмектеседі.
Кезекшілердің жұмысын бағалай отырып, ол балалардың міндеттерді орындауда
ыждағаттылық ұқыптылық көрсеткенін, жолдастарына қамқорлық жасағанын,
ересектерге көмек көрсеткендерін атап айтады. Жылдың екінші жартысында
оқуға дайындық жөнінде кезекшілік енгізіледі. Тәрбиеші 2-3 кезекші
тағайындап, оларға жұмысты өзі бөліп береді (, Елдос, сен әр үстелге
қылқалам салынған стақан қоясың, Айгүл, сен дастархан мен шүберектерді
орын-орнына жая ғой және басқа) көмектесе жүріп, балаларды басталған істі
ақырына дейін жеткізуге, құрал-аспаптарды пайдалануға үйретеді.
2.2. Тәрбиешінің балалар еңбегіне басшылығы
Балалардың еңбек тапсырмасын орындап, кезекші міндетін атқарып,
ұжымдық еңбекке қатыса алатын болуы үшін олар қажетті шеберліктерді
меңгеруге тиіс. Мектепке дейінгі балаларды еңбектің барлық түрлері үшін
қажетті алуан түрлі еңбек іскерліктеріне үйрету сәби топтарда-ақ басталады.
Тәрбиеші нені және қалай істеу керек екенін көрсетіп береді, көрсету
үстінде жұмыстың тәсілдерін және оны қалай ұйымдастыру әдістерін түсіндіріп
отырады.
Әрбір жаңа іскерлікке үйрету тікелей көрсетуден басталады: кітапты
қалай желімдеу керек, өсімдікті қалай суару керек, құстың торын қалай
тазалау керек, үстел үстіне қасықтарды қалай қою керек және т.б. Мектепке
дейінгі ересектерді үйреткен кезде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz