Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімінің резервтері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Еңбек өнімділігін көтерудің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Еңбек өнімділігінің мәні және
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Еңбек өнімділігін көтеретін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ-тарау. Өнеркәсіп салаларындағы еңбек өнімділігінің қазіргі жағдайы
2.1 Еңбек өнімділігі өзгерісінің қарқыны мен
қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ...11
2.2 Негізгі факторлардың еңбек өнімділігі деңгейіне әсерін
талдау ... ... ... ...13
2.3 Еңбек өнімділігінің өнімнің өзіндік құнына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .18
ІІІ-тарау. Еңбек өнімділігін көтеру резервтері
3.1 Өндірістің техникалық деңгейін
көтеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...22
3.2 Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .24
3.3 Сыртқы, табиғи жағдайлардың
өзгерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бүкіл экономиканың, сонымен қатар оның жеке
салаларын қайта құры-лымдау мен ұйымдастыру реформаларының тереңдеуі –
қазіргі кезеңдегі алға қойылып отырған мәселелердің бірі. Нарықтағы
ұсыныс пен сұраныс жиынтығының аз да болса да, үлес салмағын алып
отырған кез келген өндірістің саласы жоғары деңгейдегі ғылыми-
технологиялық мүмкіншіліктерді қолдана отырып, жоғары сапалы өнім шығару
барысында экономиканың өсуіне әсер ететіні күмәнсіз.
Қазіргі таңдағы тамақ өнеркәсібі елдің экономикалық және саяси тәуел-
сіздігін қамтамасыз ететін негіз болып отыр. Құрылымдық қайта құру төлем
қабілеті бар сұраныс пен тауар ұсынысының айналысы, баға, қаржы және салық
саясаты, сыртқы экономикалық және жаңашыл әрекетшілігіне байла-нысты
пайда болады.
Қайта құрылымдау – бұл кәсіпорынның құрылысымен өзгертуге бағыт-
талған экономикалық-ұйымдастырушылық, басқару, меншік формасы, құқықтық-
ұйымдастыру мәселелері, техникалық шараларын жүзеге асыру және
кәсіпорынның қаржы жағдайын түзету, бәсекелестік қабілеті бар шығару
мен оның көлемін ұлғайту, және де жалпы өндірістік тиімділікті көтеру
болып табылады.
Бәсекелестік қабілеті бар және ғылымды қайта ұйымдастыру процесімен
тығыз байланысты. Сондықтан да, мемлекет тарапынан ғылыми-техникалық және
технологиялық зерттеу жұмыстарын қолдау басты мәселелердің бірі.
Сонымен қатар, микродеңгейдегі құрылымдық өзгерістерді айқындайтын
негізгі экономикалық шешімдердің міндетіне жүктелуі тиіс. Экономикалық
дағдарыс жағдайын ескере отырып салықтандыру, баға саясаты,
амортизация, несиелендіру, бюджеттік инвестиция сияқты барлық
құрылымдық пропорцияларына мемлекет тарапынан түрлі әдістер мен амалдарды
қолдана отырып, ықпал етілуі керек.

Тамақ өнеркәсібінің шұғыл түрде дамуы, өндірістік сұранысты ұлғайта
отырып, қажет ғылыми-техникалық және технологиялық базаның
қалыптасуының байланыс тізбегі негізінде, ұлттық экономиканың басқа да
маңызды салаларын қайта жөнге келтіру мен қарқынын үдететін күш болып
табылады.
Сондықтан бүгінгі күнде Кәсіпорында еңбек өнімділігін жоғарылату
жолдары — өзекті, маңызды тақырыптардың бірі және бұл тақырыпты біраз
экономистер қатары өз еңбектерінде қарастыруда.
Өндірістің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адам-
дармен тікелей байланысты. Жұмыс күші – адамның табиғи және ой қабі-
леттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Нарықтық
қатынастар жағдайында еңбекке қабілеттілігі жұмысшы күшін тауарға
айналдырады. Бірақ, бұл әдеттегі тауар емес. Оның басқа тауарларға
қарағанда айырмашылығы сол, біріншіден, ол өзіне қарағанда құнды көп
жасайды, екіншіден, оны қатыстырусыз кез келген өндірісті жүзеге асыруға
болмайды, үшіншіден, ол негізгі және айналыс өндірістік қорлардың,
жалпы алғанда шаруашылық жүргізудің экономикасының тиімділігіне
байланысты болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату
бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
✓ нарықтық жағдайдағы еңбек өнімділігінің негізін және маңызын
анықтау;
✓ кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың ұйымдық-
экономикалық аспектілерін қарастыру;
✓ кәсіпорынның экономикалық қызметіне сипаттама және еңбек
өнімділігін ұйымдастыруын талдау;
✓ кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың басты бағыттарын
анықтау.
І-тарау. Еңбек өнімділігін көтерудің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Еңбек өнімділігінің мәні және көрсеткіштері
Еңбек өнімділігі – бұл нақты еңбектің өнімділігін, жемістілігі, ол
шығарылған өнім санымен есептеледі немесе бір дана өнімді өндіруге кеткен
уақыт есебімен есептеледі.Еңбек өнімділігі туралы К.Маркс былай деп жазған
болатын еңбек өнімділігі еңбек процесінің тиімділік деңгейін көрсетеді.
Еңбек өнімділігі жұмысшылардың еңбек іс-әрекетінің өнімділігін анықтау
үшін қажетті маңызды экономикалық көрсеткіш болып табылады. Ол жеке
жұмысшылардың, сондай-ақ кәсіпорын коллективінің еңбек тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді.Еңбек өнімділігінің экономикалық мәнін зерттеу
кезінде мынаған мән беру қажет еңбек бұл қандай да бір өнім өндірісіне
жұмсалатыны, тірі еңбек күшінен тұрады.
Тірі нақты еңбек функциясы- тек жаңа құн тудыру емес, сондай-ақ
өндңрістің материалдық –заттай элементтерін жаңа өнімге аудару болып
табылады. Сондықтан нақты еңбектің өнімділік күші оның қажетті саладағы
жаңа тұтыну құнын тудыра білу қабілетімен сипаттталады. Еңбек өнімділігі
сондай-ақ тірі еңбек күшінің тиімді пайдалану деңгейін және өндіріс
элементтерінің тиімді пайдасын көрсетеді. Осыған байланысты мынадай
түсініктерді ажыратып алу қажет тірі (жекелеген) және қоғамдық еңбек
өнімділігінің өсімі. Өспелі еңбек өнімділігінің жалпы өсу тенденциясын
мынадан көруге болады. өнімдегі тірі еңбек үлесі қысқарады, ал қоғамдық
еңбек күші ( шикізат, материал, отын) аммортизациялық аударымдар түрінде
өседі, бірақ бір дана өнімдегі жалпы еңбек құны қысқарады. Қоғамның еңбек
өнімділігінің мәні де осыған негізделген. Тірі және заттай еңбек
шығындары арасындағы қатынас әртүрлі, ол өндірістік күштің даму деңгейіне
байланысты. Қол еңбегімен механизацияландырылған еңбек түріне өткен
кезде, өнімдердің бір данасына кететін тірі еңбек шығындары күрт
төмендейді. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғарғы жағында, өнімнің бір
данасына кететін тірі және заттай еңбек шығындары төмендеуде, алайда тірі
еңбек шығындары да айтарлықтай деңгейде төмендеуде.
Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсімін төмендегі негізгі формалармен
көрсетуге болады.
-материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеуге әсер ететін еңбек
шығындарын, өндіріліп жатқан тұтыну құнының бірлігіне қатысты қысқартуда.
-шығындарға емес, еңбек нәтижесінде көрініс табатын тұтыну құны
массасының өсімі.
-жиынтық еңбек шығындарын қысқарта отырып тірі және заттай еңбек
арасындағы қатынасты өзгерту
-қосымша өнімнің мөлшері мен массасының ұлғаюы
Еңбек өнімділігінің өсімі шексіз болуы мүмкін емес. Еңбек өнімділігінің
шекті өсімі, тұтынушылық құн массасы мен өнім сапасын жетілдіруді
ұлғайтуға байланысты. Осы екі факторға көңіл бөлмеген жағдайда, жұмыс
уақытын үнемдеудің мәні жоқ. Кейбір жағдайда жұмыс күшін қысқарту есебінен
еңбек өнімділігін өсіреміз деген әрекет, керісінше өндіріп жатқан өнімнің
сапасы мен көлемінің қысқаруына әкеліп соққан. Әр нақты өндірістегі еңбек
өнімділік өсімінің объективті шегі бар, яғни өндірістің техника-
ұйымдастырушылық деңгейі. Осы шектен кейінгі еңбек өнімділігін өсіру
перспективасы – қайта жөндеу (реконструкция), өндіріс модернизациясы, өнім
сапасын жоғарылату мен байланысты болуы қажет.
Еңбек өнімділігін жоғарылату ел экономикасын дамытуда шешуші роль
атқарады. Бүгінгі таңда экономиканы интенсивті дамыту жолына түсірумен
байланысты оның маңыздылығы арта түсуде. Еңбек өнімділігін өсімі-
объективті экономикалық заңдылық, ол кез-келген экономикалық формацияларда
әрекет ете береді. Яғни, еңбек өнімділігін жоғарылату шаруашылықтың кез-
келген жүйесі үшін экономикалық қажеттілік болып табылады.шаруашылықта
қазіргі жағдайда еңбек өнімділігін жоғарылату экономикалық өсімділіктің
бірден-бір көзі болып табылады. Себебі, өндіріліп жатқан өнім массасы
мен ұлттық табыс екі фактордың әсерінің нәтижесінде ұлғаяды, еңбек
өнімділігін жоғарылату және жұмысшылар санын көбейту. Алайда, бүгінгі
таңда еңбекке жарамды жұмысшылар санын көбейту мүмкіншілігі шектеулі. Бұл
мүмкіншілік болған жағдайда экстенсивті даму жолы бүгінгі даму этапында
тиімсіз болып табылады. Сондықтан еңбек өнімділік өсімі өндіріс көлемі мен
ұлттық табысты жоғарылатудың негізгі қайнар көзі болып отыр. Еңбек
өнімділігінің өсімі жұмысшылардың еңбекақысының жоғарылауына әсер етеді.
Бұл процестің маңызды ерекшелігі еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығын,
еңбекақы мен еңбекшілердің шынайы табысының ұлғаю қарқындылығымен
салыстырғандағы озу жылдамдығы . Осы шынайы табыс пен еңбекақы
арасындағы қатынас, яғни шынайы табыстан еңбекақысының жоғары болуы,
елде қордың жинақталуына әсер етеді. Ол өз кезегінде, өндірісті дамытудың
жоғары қарқындылығын қамтамасыз етеді.
- әр жұмыс орнындағы, жеке салалар бойынша, жалпы халық шаруашылығы
бойынша еңбек өнімділігінің деңгейін өлшеу;
-еңбек өнімділігін комплекстік талдау және тексеру;
-еңбек өнімділігін индекстік динамика көмегімен зерттеу;
-еңбек өнімділігінің жоғарылауына ықпал ететін түрлі факторлар
әсерін комплекстік талдау, әсіресе негізгі фактор ретінде техникалық
прогрессивтің әсеріне талдау жүргізу және осының негізінде алдағы
кезеңдегі еңбек өнімділігін арттыру резервтерін анықтау.
-еңбек өнімділігінің арттыруға қатысты тәжірибелермен бөлісу;
-еңбек өнімділігі статистикасының барлық көрсеткіштері мен әдістемесін
жетілдіру және өңдеу;
-еңбек өнімділігінің динамикасын және оның өсіміне әсер ететін
факторларды неғұрлым толық көрсете білу.
1.2 Еңбек өнімділігін көтеретін факторлар
Бүгінгі таңдағы өзін-өзі қаржыландыру , жалға беру жағдайында еңбек
өнімділігінің жоғарылауына қандай факторлар тиімді әсер ететіндігін,
қайсысы кедергі болатындығын, өсудің қандай жолдары мен резервтері бар
екендігін біліп алу қажет. Сондықтан еңбек өнімділігінің қарастырар
кезінде, факторлар жиынтығын толық қарастыру қажет.
Еңбек өнімділігін өсімінің факторлары- бұл оның деңгейлік өзгерісіне
әсер ететін қозғаушы күш. Осы факторларға жатады: техникалық прогресс,
өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, басқару мен еңбекті тиімді ұйымдастыру,
жалға беру және тағы сол сияқты қатынастарды дамыту және тағы басқалар.
Осы текті еңбек өнімділігін дамытуға әсер ететін факторлардың көптігі,
оларды классификациялауды қажет етеді. Еңбек өнімділігінің өсіміне әсер
ететін факторлардың әрекеті табиғи, қоғамдық, экологиялық және материалдық
жағдайға тәуелді. Табиғи жағдай топырақтың құнарлығын, ауданның климаттық
ерекшеліктерін, табиғи ресурстар байлығымен және т.с.с. сипатталады;
Қоғамдық жағдай әлеуметтік құрылымын, шаруашылық механизмінің
дамуымен сипатталады; экологиялық жағдай табиғатты қорғау әрекетімен,
еңбек ету жағдайымен сипатталады.
1) материалды- техникалық фактор (ғылыми-техникалық прогресс);
2) ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық фактор;
Қоғамдық өндірістің ұйымдастырушылық формасының даму деңгейіне
тәуелді.
3) Қоғамдық өндірістегі адамдардың рольіне байланысты әлеуметтік-
психологиялық фактор.
Факторларды зерттеу еңбек өнімділігін арттырудағы жетістіктерді толық
зерттеуге мүмкіндік береді. Ол жетістік неден ( қандай факторлардың
әсерінен ) құралғандығын білмей жатып, оны бағалау қиынға соғады. Сондай-
ақ түрлі факторлар оларды іске қосу үшін түрлі шығындарды қажет етеді және
еңбек өнімділігін арттыруға түрлі әсер етеді, бірі тұрақты өсімді
қамтамасыз етсе, екіншісінің әсері өтпелі болып келеді. Сондықтан еңбек
өнімділігінің жоғарылауы ненің есебенен болатындығын білу өте маңызды.
Факторлар жиынтығын қарастыра отырып, оның ішінен негізгі звеноны бөліп
көрсету қажет. Негізгі звеноға – ғылыми техникалық прогресс жатады.
Еңбек өнімділігінің негізгі міндеттері саясатта түбегейлі
өзгерістер енгізу қажет. Бұл өзгерістер ең алдымен, істегі өндірістің
реконструкциясы мен техникалық қайта жабдықталуға жаңа техника мен
прогрессивті технология енгізуге бағытталуы қажет. Бұл қол еңбегін күрт
төмендетіп, еңбек өнімділігінің өсімін арттыруға мүмкіндік береді.
Еңбек өнімділігін арттыруға басқа факторлар жоғарыда аталған
өзгерістерден кейін немесе солармен біруақытта іске қосылады.
Ғылыми-техникалық прогресстің еңбек өнімділігін арттыруға әсер етудің
негізгі жолдары болып табылады: өндірісті автоматизацияландыру,
прогрессивті технология мен жаңа техника енгізу; істегі құрал- жабдықтар
негізінде технологиялық процесстерді жетілдіру, бұйымдардың техникалық
сипаттамасы мен конструкциясын өзгерту: шикізат, материалдар, отын мен
энергияны тиімді пайдалану. Еңбек өнімділігін арттыруда экономикалық
ұйымдастырушылық факторлар маңызды роль атқарады. Бұл факторлар тобына
жатады:
-қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
-еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
-еңбектегі жаңа әдістерді пайдалану;
-еңбекті мөлшерлеуді тиімді ұйымдастыру:
-еңбекке ынталандыру мен еңбекақының жаңа формаларын енгізу;
-өндірісті басқаруды жетілдіру және шаруашылық механизмін дамыту
(өндіріс пен басқарудағы ұйымдастырушылық құрылымдарды жетілдіру, баға
құрылымы және жоспарлау);
-өзін-өзі қаржыландыру мен ақылы қызмет көрсеткіштерін енгізу;
-мемлекеттік кәсіпорындарды кооперативтік, акционерлік т.б айналдыру.
Бүгінгі таңда адам мен техника арасындағы байланысты көрсететін,
әлеуметтік- психологиялық факторлардың ролі артуда. Бұл факторлар тобына
жатады:
-жұмысшылардың квалификациясын жоғарылату,
-еңбек жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру,
-қызмет көрсету сферасын дамыту;
-еңбек коллективіндегі психологиялық климатты жақсарту;
-коллективтегі өзін-өзі басқаруды дамыту жолы арқылы еңбек
белсенділігін арттыру;
-бос уақытын тиімді пайдалану және т.б. Осының барлығы еңбек етушінің
белсенділігін арттыруға, мүмкіншілігін, қабілетін жетілдіруге ықпал етеді.
Еңбек өнімділігін арттыру резервтері- бұл анықталғанымен түрлі
себептер бойынша қолданысқа түспеген, қоғамдық еңбекті үнемдеу
мүмкіндіктері, яғни техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және т.с.с.-ды
жетілдірудің пайданылмаған мүмкіншілігі болып табылады. Факторлар мен
резервтердің өзара әрекеттесуі мынаған негізделген, яғни, факторлар
деңгейінің өзгеруіне әсер ететін қозғаушы күш болса, онда резервтерді
пайдалану факторлады реализациялау процесі болып табылады.
Сонымен қатар резервтерді іске қосу-үздіксіз процесс, себебі резервтер
ғылым мен техниканың дамуына , басқарудың жетілдіруіне, өндіріс пен
еңбектің ұйымдастырылуына байланысты туындайды. Резервтерді пайдалану
деңгей нақты кәсіпорындардағы немесе саладағы еңбек өнімділігінің
деңгейін анықтайды. Өндірістің даму мүмкіншіліктерін іс жүзіндегі
процестерге, айналдыру, резервтерді пайдаланудың негізгі мағынасын
құрайды. Сондықтан қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуді қамтамасыз ететін
барлық ұйымдастырушылық, шаруашылық және техникалық шаралар,
резервтерді пайдалану бойынша шаралар болып табылады. Резервтердің
көптүрлілігі оларды түрлі белгілері бойынша топтастыруды қажет етеді.
ІІ-тарау. Өнеркәсіп салаларындағы еңбек өнімділігінің қазіргі жағдайы
2.1 Еңбек өнімділігі өзгерісінің қарқыны мен қозғалысы
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру
мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен
өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы,
нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге
қабілеттілікке жетуінің обьективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік
әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта
туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып,
өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан
экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық
экономикалық бәсекелестік. Бұл қауіпті алдын алу ұлттық экономикамыздың
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткізуге болады. жалпы менің
бұл дипломдық жұмысымның мақсаты болып-өнеркәсіп салалардың қазіргі таңдағы
жағдайын талдау. Сонымен қатар осы салалардың ішіндегі өңдеу өнеркәсібі
бойынша сүт пен сүт өнімдерінің қазіргі жағдайы оның дамуын қамтамасыз
ететін іс шараларды жән өнім сапасын басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру
болып табылады. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси жедел жаңару жолында атты жолдауында Біз жалпы ішкі өнімді екі есе
ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық -
онда 2008 жылы (жан басына шаққандағы) жалпы ішкі өнім Еуропа елдерінің
терезесіне тең келетініне сеніміміз мол екендігі және экономикаға 30
миллиярд $ тікелей шетел инвестициясы тартылғаны үлкен көрсеткіш. Бұл
біздің Қазақстанды барша инвесторларға тұрақты, сенімді әріптес екенін
мойындатқанымыз болып табылатындығы айтып өтіліп, отандық тауар
өндірушілерді толығымен қолдауымыз қажет екендігін айтты. Міне осыған
байланысты былтырғы жылдың 19 наурыз айындағы ел осыған байланысты былтырғы
жылдығы 19 наурыз айындағы ел басымыздың Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі
туралы, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі туралы және бұл
міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай–ақ әлеуметтік салаларда
еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісу керек екендігі
айтылған. Сондықтан қазіргі нарықтық экономикада өндірілетін өнімнің
сапасына принципалды басқаша талаптар қойылады.
Өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика халқы мен табысы-ның хал –
ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына
жуығы жасалынды., сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы
ретіндегі басыңқы рөлі – онің халық шаруашылығының басқа салаларын
индустрияландыру-дың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп
секторының дамуының маңызы жоғары. Бүгінгі күні өнеркәсіптің басты міндеті
импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін
арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта
кез келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтығы тұрақтылығы бәсекеге
қабілеттілік деңгейімен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жоғары
болуы бірінші кезекте өнім сапасымен анықталады. Бәсекелестік экономиканың
қозғаушы күші, ол өндірушіні тұтыну үшін күресуге, өнім сапасын жақсартуға,
өндіріс пен өткізуді арттыруға, өндіріс шығындарын қысқартуға алып келеді.
Сондай–ақ бәсекелестік тек қана тұрақтандыру факторы ғана емес кәсіпорынның
өмір сүру шарты болып табылады. Сондықтан сапаны басқару кәсіпорынды
басқару жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Ол бәсекелестердің іс
әрекетін жан жақты талдаудан, өнімнің бәсекеге қабілеттілік мінез құлқының
стратегиясын талқылаудан өтуі қажет.
2.2 Негізгі факторлардың еңбек өнімділігі деңгейіне әсерін талдау
Еңбек көрсеткіштерін зерттеу үшін келесі негізгі міндеттерді шешу
керек:
✓ кәсіпорынның мамандармен қамтамасыз етілуін және олардың
қозғалысына баға беру;
✓ еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу және бір жұмысшының
еңбек өнімділігіне әсер еткен факторлардың шамасын есептеу
талдаудың қарапайым әдістері бойынша;
✓ еңбек сыйымдылығына баға беруі еңбек өнімділігінің өсу
резервтерін шешу. Жұмыс уақытының тиімді пайдалану есебінен;
✓ еңбек ақы қорының үнемді пайдалануын зерттеу қызметкер
категориясы бойынша және орташа жылдық қызметкердің еңбек ақысы
бойынша;
✓ еңбек ақы қорының үнемді пайдалануының резервтерін шешу;
✓ өнімнің өсу резервтерін шешу.
Осы негізгі міндеттерді шешу үшін келесі ақпараттық базасын
қолданамыз:
Ү.N1-ПФ, Ү.N1-Т, Ү.N1, Ү.N2.
Шаруашылық субъектінің өнім өндіру жөніндегі жоспардың орындалуы басқа
керекті жағдайларға қоса адам құрамының толық болуымен оны қажеттілікке сай
келуіне байланысты болады. Шаруашылық субъектінің бүкіл қызметкері екі
топқа бөлінеді:
-өнеркәсіптік-өндірістік-өндірістік емес
Өнеркәсіп өнімін дайындау процесіне тікелей қатынастардан өнеркәсіптік-
өндірістік қызметкерлерге -жұмысшылар-қызметкерлер жатады.
Осы себептен еңбек жөніндегі тапсырмалар орындалу көрсеткіштеріне
зерттеу шаруашылық субъектінің жұмысшы күшімен қамтамасыз етілуін талдаудан
басталады. Мұның өзі бүкіл шаруашылық субъекті бойынша қызметкердің
топтарымен қызметкерлердің категориялары бойынша іс-жүзіндегі мәліметтерді
өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Шаруашылық
субъектіде өндірісте еңбек етіп жүрген жұмысшылармен қызметкерлердің жалпы
орташа тізімдік санын өткен жылмен салыстыру керек. Топтар бойынша және
жұмыс істеушілердің категориялары бойынша қызметкердің саны өндіріс
көлемінің және басқа да жағдайларда өзгеруіне сәйкестендіріліп отырады.
Шаруашылық субъектінің жұмыс күшімен қамтамсыз етілуін төменде талданатын
шаруашылық субъектінің мысалында қарастырамыз.
Кәсіпорынның қызметкерлермен қамтамасыз етілуін талдау.
2014ж. 2015ж. өзгеруі (+,-)
Құрамы
Саны, үлесі, Саны, үлесі, Саны, үлесі, %
адам % адам % адам
қызметкерлер саны, 101 100 64 100 -37 -
барлығы
соның ішінде: 85 84,1 46 71,9 -39 -12,2
а) жұмысшылар 16 15,9 18 28,1 +2 +12,2
б) қызметкерлер 2  2,0 7  10,9 +5 +8,9
соның ішінде: 11 10,9 10  15,6 -1 +4,7
-басшылар 3 3,0 1 1,6 -2 -1,4
-мамандар
-басқалары

Кестеде берілген мәліметтер бойынша қызметкерлер саны 37 адамға
кеміген, оның кемуі жұмысшылардың 39 адамға кемуіне және қызметкерлердің
санының 2 адамға өсуіне байланысты. Жұмысшылардың өндіріске қатынасы
тікелей болғандықтан олардың кемуі, үлес салмағының 12,2 %-ке азаюы, яғни
өндірістің жұмысшылармен қамтамасыз етілмеуі кәсіпорынға кері әсерін
тигізеді.
Шаруашылық субъектісінің қызметкерлерінің қозғалысына (қабылданған
саны бойынша, жұмыстан шыққан саны бойынша, тұрақтанушылық коэффициентіне)
көп көңіл бөлінеді.
Ү.N1-Т мәліметтері бойынша жұмыс күшінің қозғалысына баға береміз.
Кәсіпорындағы қызметкерлердің қозғалысын талдау.
N Ауытқуы
Құрамы 2014ж. 2015ж. (+,-)
1 Есеп беру жылының басына тізім бойынша
2 саны, адам 98 94 -4
3 Жұмысқа қабылданғандар саны, адам 39  - -39 
4 Жұмыстан шыққандар саны 43 45 +2
Есеп беру жылының аяғына тізім бойынша94 49 -45
саны, адам

Кестедегі мәліметтер бойынша есеп беру жылының басында тізім бойынша
еңбеккерлердің саны 94 адам болған. Жұмысқа қабылданғандар саны өткен
жылмен салыстырғанда 39 адамға кеміген. Жұмыстан шыққандар саны 2 адамға
көбейді. Соның есебінен есеп беру жылының соңында қызметкерлердің жалпы
саны 49 адамды құраған.
Еңбек өнімділігінің артуы жұмыс уақытының пайдалануына байланысты,
жұмыс уақытын пайдалануын талдау 2 бағытта жүргізіледі.
жұмыс уақытын жоғалтуларды ашу;
оны тиімсіз пайдалануы.
Негізгі мәліметтер көздері талдау жүргізу үшін  Ү.N1-Т ‘’Еңбек ақы
есебі туралы есеп беру’’ 5 бөлімі қолданылады. Бұл есеп формасында жұмыс
уақытын пайдалану жөніндегі мәліметтер көрсетіледі.  
Еңбек өнімділігі өндіріс тиімділігін арттырудың және қызметтің өзіндік
құнын кемітудің маңызды факторы болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз-
жұмыс уақытының бірлігінде шығарылған өнім көлемі, ал оған кері көрсеткіш
өнімнің еңбек сыйымдылығы болып табылады. 
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері:
-ақшалай көрініс бойынша
-натуралды (заттай) көрініс бойынша көрсетіледі.
Еңбек өнімділігінің артуы объективті заңдардың бірі болып
табылады. Еңбек өнімділігінің деңгейі - жалпылама көрсеткіш, яғни өнімнің
өсімі еңбек өнімділігінің өсуіне тәуелді. Шаруашылық жүргізу субъектісінің
жұмысының өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі еңбек өнімділігі мәніне
қарай келесі негізгі міндеттер анықталады:
✓ еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырманың орындалу
дәрежесін анықтау;
✓ еңбек өнімділігінің өсуі бойынша тапсырманың орындалу және
өнімінің өсуін анықтау;
✓ еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзгеруіне әсер ететін
факторларды анықтау;
✓ еңбек өнімділігінің өсу резервтерін шешу, табу және оптималды
басқару шешімдерін қабылдау.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің еңбек өнімділігінің өсуі
жөніндегі жоспарды өңдеу кезінде негізгі көрсеткіш 1 жұмысшының орташа
жылдық еңбек өнімділігі болып табылады. Осы көрсеткіштерді зерттеу үшін
келесі ақпараттық базаны қарастырамыз.
Еңбек өнімділігінің деңгейін талдау.
N Өсу
Көрсеткіштер 2014ж. 2015ж. Ауытқуы қарқыны%
(+,-)
1 Өнімді (жұмыс, қызмет)
сатудан түскен кіріс, мыңтг 56610,3 26696,1 -29914,2 47,2
2 Қызметкерлердің орташа 101 64 -37 63,4
тізімдік саны, адам
3 Бір жұмысшының орташа жылдық 560,5 417,1 -143,4 74,4
еңбек өнімділігі, тг

Мына кестедегі берілген мәліметтер бойынша өткен жылмен салыстырғанда
қызметкерлердің жалпы саны 37 адамға азайған. Оның азаюы жұмысшылар өткен
жылмен салыстырғанда 2015ж. 39 адамға кеміді, жұмысшылардың санының үлес
салмағы  жоғары болған. Сонымен қатар өнім сату ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы
Еңбек өнімділігі және оларды өлшеу әдістері
Кәсіпорынның негізгі құралдары
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Кәсіпорын жұмысын жоспарлау
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Халықтың жоғарғы өсу қарқыны
Индустриялық даму сатысы
Нарық жағдайындағы еңбек потенциалын тиімді пайдалану мәселелері
ҚР инфляцияға қарсы саясаты жайлы ақпарат
Пәндер