Еңбектің жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны рәсімдеу



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Еңбектің жұмыс уақытын, өнім өндіруді және еңбекақыны рәсімдеу

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Еңбектің жұмыс уақытын және өнім өндіруді рәсімдеу
1.1. Жұмыс уақытының
режімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2. Жұмыс уақытының есебі, оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарын құжаттармен
рәсімдеу және есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .14

2.Еңбекақының экономикалық мәні және еңбекақыны рәсімдеу
2.1. Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды
ұйымдастыру ... ... ... .21
2.2. Еңбекақыны жоспарлау және
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31

Кіріспе
Қазіргі уақытта еліміздің экономикасында жүргізілген жатқан
реформаларға сәйкес көптеген мекемелер және тұтынушылар кооперациясының
мекемелері көп салалық шаруашылық қызметін атқарады: сауда,қоғамдық
тамақтандыру,дайындау, т.б. сондықтан құрамында аталған салалардың
кәсіпорындары бар. Олар осы кәсіпорындарының шығындары есебін жалпы
иесіздік, көпшілік әдісімен жүргізеді.
Еңбек заңдары бойынша жұмыс аптасының екі түрі белгіленген. Олар
қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы және бір
күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы. Бес күндік жұмыс аптасы
кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзактығы жұмыс берушіні актісімен
немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескерту және жұмыс
аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін
ауысым кестесімен белгіленеді.
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге
асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің
түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті
нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен
реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да
сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер
етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Еңбек өнімділігі – еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері.
Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне
шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір
өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш‚
яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны
адам-сағат‚ адам-күн‚ адам-ай (тоқсан‚ жыл) есебімен көрсетіледі‚ мұның өзі
сағаттық‚ күндік‚ айлық (тоқсандық‚ жылдық) еңбек өнімділігі
көрсеткіштеріне сай келеді‚ оның деңгейін бір жұмысшыға‚ бір жұмыскерге‚
т.б. шағып белгілеуге болады. Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері оларды
өндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек
сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады. Құндық әдісте еңбек өнімділігі
орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір
өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетіледі. Қызметкерлермен есеп
айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылм нормасының орындалуына, жұмыс
уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы
есептеу;
3. Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп
айырысуды жүргізу;
5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дер кезінде және дұрыс енгізу;
6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек
пен жалақы туралы деректерді алу;
7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;

1. Еңбектің жұмыс уақытын және өнім өндіруді рәсімдеу
1.1. Жұмыс уақытының режімі
Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс
аптасын енгізу ыңғайсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс
аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
ұзақтығы апталык норма 40 сағат болғанда — 7 сағаттан аспауға, апталык
норма 36 сағат болғанда — 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда —
4 сағаттан аспауға тиіс.
Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын енбек неме-се ұжымдық
шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.
Белгіленген есепті кезеңдегі жұмыс уақыты мен демалыс уақытының
арақатынасын жұмыс уақытының режімі дейді. Жұмыс уакыты режімінің негізгі
элементтері мыналар: аптадағы жұмыс күндерінің саны, күнделікті жұмыстың
басталуы мен аякталуы, жұмыс ауысымдарының үзақгығы мен алмасуы. Жұмыс
уақытының режімі жұмыс аптасының түріне байланысты.
Жұмыс ауысымы дегеніміз — еңбек туралы зандарда, ұжымдық шартта немесе
жеке еңбек шартында белгіленген кесте бойынша бір тәулік аралығында
кызметкердің еңбек міндет-терін атқаратын күнделікті жұмыс уақытының
ұзақтығы.
Жұмыстың басталуы мен аяқталу уакыты жұмыс берушінің актісімен
белгіленеді.
Егер ұйымда, кәсіпорында екі немесе одан да көп ауысым белгіленген
болса, онда жұмыс уақытының режімі жұмыс кестесі арқылы реттеледі. Ауысымды
жұмыс кезінде қызметкерлердің әрбір тобы жұмыс уақытының белгіленген
ұзақтығы бойынша жұмыс істеулері тиіс.
Қызметкерлер ауысым кестесі бойынша тең мөлшерде кезектесіп отырады.
Бір ауысымнан екінші ауысымға көшу жұмыс ерекшелігі мен еңбек ұжымының
пікірі ескеріле отырып, жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым
кестесімен белгіленеді.
Кызметкерді қатарынан екі ауысымға жұмысқа тағайын-дауға заң тыйым
салады. Ауысым кестесі қызметкерлерге кемінде кестелер күшіне енбестен бір
ай бұрын хабарландырылады.
Кызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық, жеке бас қажет-тіліктерін және
өндіріс мүдделерін ескеріп, тараптардың келісімі бойынша ұйымда
(кәсіпорында) жылжымалы жұмыс кестесін белгілеуге болады, бұл кесте
бескүндік, алтыкүндік жұмыс аптасы, сондай-ақ жұмыс режімінің басқа да
түрлері енгізілген экономика саласының барлық кәсіпорындарында
(ұйымдарында) қолданылуы мүмкін.
Жылжымалы жұмыс кестесін белгілеген ретте жұмыс уақытының бір
тәуліктегі ұзақтығы 10 сағаттан, ал қызметкердің кәсіпорында (ұйымда,
мекемеде) ауысым басынан аяғына дейін болған уақытының жалпы жиынтығы 12
сағаттан аспауы керек.
Жылжымалы жұмыс кестесі белгіленген ұйымда 40 сағаттық жұмыс аптасына
шаққандағы қызметкердің жұмыс уакыты-ның жылдық балансы сақталуы тиіс.
Өндірісте жұмыс уақытын реттеудің басқа да әдістері қолданылуы мүмкін.
Мысалы, негізгі кәсіпорыннан шалғайда орналасқан құрылымдардағы (учаскелер,
цехтар, бөлімдер) жұмысты кезекті ауысым әдісі аркылы ұйымдастыру қазіргі
кезеңде тиімді болып отыр. Вахталық әдіс қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты
жеріне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкін болмайтын, олардын тұрақты
тұратын жерінен тыс жерде еңбек процесін жүзеге асыруының айрықша нысаны
болып табылады. Жұмыс беруші жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығын
ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісім бо-йынша 30
күнтізбелік күнге дейін белгілей алады. Жұмыс ауысымының ұзақтығы бұл
реттерде 10-12 сағатқа созылады, өтем ретінде артық істелген жұмыс уақыты
үшін бригадаға қосымша демалыс күндері беріледі.
1.2. Жұмыс уақытының есебі, оның түрлері
Еңбек заңдарында жұмыс уақытын есептеудің екі түрі белгіленген. Бүлар
күндік және жиынтық есептеулер. Жұмыс уақытының күндік есебі бойынша бір
тәуліктегі жұмыс саға-тының саны занда белгіленгендегіден артық болмауы
керек. Жұмыс уақытын есептеудің бұл түрінің ерекшелігі — бір күнгі артық
істелінген уақытты екінші күннің есебіне косып, сонша уақыт кем жұмыс
істеуге болмайды. Күндік есептеу жұмыс уақыты есебінің ең көп тараған түрі.
Жұмыстың кейбір түрлерін өз ерекшеліктеріне қарай күнмен есептеу
мүмкін емес. Өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір
санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес,
үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістерде, цехтарда,
учаскелерде, бөлімшелерде және кейбір жұмыс түрлерінде есепті кезең ішінде
жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына еңбек заңдарында белгіленген қалыпты
жұмыс сағаттары мерзімінен аспауға тиісті жағдайда жұмыс уақытының жиынтық
есебін жүргізуге жол беріледі. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану
тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және үжымдық шартпен
белгіленеді. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе
апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс аптасы сағаттарынын
нормасынан артық немесе кем болуы мүмкін. Жұмыс уақытынын жиынтық есебін
жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні
мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектегі кезең есепті ке-зең
болып танылады. Есепті кезең ретінде айды, тоқсанды, мау-сымды немесе бір
жылды алуға болады.
Жұмыс уақытының жиынтық есебі жұмыстың вахталық әдісі кезінде ай,
тоқсан немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішінде
белгіленеді. Есептік кезең бүкіл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан жерінен
немесе жиналатын жерден жұмыс істейтін жерге дейінгі жолдағы және кері
қайту жолындағы уакытты, сондай-ақ белгілі бір күнтізбелік уақыт бөлігіне
тиесілі демалыс уақытын қамтиды. Бұл орайда есептік кезең ішіндегі жұмыс
уақытының жалпы ұзақтығы еңбек заңдарында белгіленген нормадан аспауға
тиіс.
Жұмыс уақыты – қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның
(фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс
орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім,
қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ,
әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да
(мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс
уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының
ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік
ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы
әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген
дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді. 1917
жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы
Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім
жасалды. Қазақстанда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған. Жұмыс аптасы –
күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс
және демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режимі. Көптеген
дамыған елдерде жұмыс аптасының нормативтік ұзақтығы заңмен ғана емес,
ұжымдық шарттармен де реттеледі, кейде ұжымдық шарт бойынша белгіленген
жұмыс аптасының ұзақтығы заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан аз
болып келеді (мысалы, Германияда). Заңмен реттеу жұмыс аптасының тұрақты
ұзақтығын белгілемей, тек кәдуілгі мөлшерлемелер бойынша төленетін жұмыс
сағатының ең жоғарғы мөлшерін ғана шектейтіндіктен, жұмыс аптасының заңмен
белгіленген және нақты ұзақтығы арасында айырмашылық бар. Қазақстан
заңдарында екі демалыс күні (әдетте, сенбі мен жексенбі) бар 5 күндік жұмыс
аптасы, яки жұмыс жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат)‚
қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін)‚ толық емес
жұмыс уақытының‚ жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс‚ түнгі уақыттағы
жұмыс тәртіптемелері белгіленген. Мысалы‚ 16 жастан 18 жасқа дейінгі
қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа
дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы
жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген. 5
күндік жұмыс аптасы кезінде әр апталық жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы
кәсіпорын (фирма) әкімшілігі кәсіподақпен келісе отырып, жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығын сақтап, бекіткен ішкі еңбек тәртібімен немесе
ауысымдылық кестесімен айқындалады. Өндірістің сипаты мен еңбек
жағдайларына қарай 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз кәсіпорындарда
(фирмаларда) бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс
жылы – қызметкердің белгілі бір кәсіпорындағы жұмыс істеген жылы. Ол
қызметкердің осы кәсіпорынға жұмысқа тұрған күнінен бастап есептеледі.
Жұмыс жылы қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде ескеріледі.
Жұмыс уақытының пайдаланылу көрсеткішінің өндірістік маңызы зор. Оның
құрылымын зерделеу орындаушының немесе жабдықтың ауысым бойына (немесе
уақыттың басқа кезеңі бойына) жұмсайтын уақыт шығынын және олардың
жұмысбастылық деңгейін‚ Жұмыс уақытының резервтерін‚ оны тығыздау
мүмкіндіктерін‚ белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалатын еңбектің ғылыми
негізделген шығынын анықтау үшін қажет. Өндірісте жұмыс уақытының
пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін жұмыс уақытының балансы деп
атайды. Ол, әдетте, кесте түрінде бір жылға арналып жасалады.[1] Жұмыс
уақыты — бұл қызметкердің жұмыс берушінің актілеріне және ішкі еңбек
шартының талаптарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауға кететін
уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі
еңбек төртібінің ережелері түріндегі актілер және басқалары жатады.
Бүгінде мемлекеттің жұмыс уақытын реттеудегі рөлі түбірінен өзгерді.
Еңбек жағдайлары (соның ішінде жұмыс уақытының ұзактығы да) көбінесе жұмыс
беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша анықталады.
Мемлекет заң жолымен жұмыс уақытының ұзақтығын ғана белгілейді
(жетісіне 40 сағат). Екі жақтың өзара келісімі бойынша жеке еңбек
шарттарында жұмыс уақытының ұзактығы қысқартылуы мүмкін.
Жұмыс уақытының мынадай түрлері көзделген: ұзақтығы қалыпты,
қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты.
Қалыпты жумыс уақыты. Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы)
қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан
аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне,
мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан
қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40
сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік
ұзақтық.
Қысқартылған жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау,
оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу,
кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту
мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.
Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған
жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық
жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24
сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша
жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің
аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы
бар.
Толық емес жұмыс уақыты. Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс
беруші арасында оны жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім
арқылы белгіленеді. Толық емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен белгіленген
қалыпты жұмыс уақытынан кем қысқартылған жұмыс уақытынан ажырата білу
керек. Олардың айырмашылығы еңбекке ақы төлеу тәртібінде. Егер
қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін
болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе
шығарған өніміне қарай төленеді.
Түнгі уақытта жұмыс істеу. Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын
жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, технологиялық процестері
үздіксіз өндірістерде, байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте және
басқаларда.
Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп
есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа
келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.
18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық
анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.
Екіқабат әйелдерді түнгі жұмысқа қатыстыруға, олардың жазбаша келісімі
бойынша ғана жол беріледі. Жекелеген жағдайларда мүгедек адамдардың түнгі
жұмысқа пайдаланылуы мүмкін, бірақ олардың келісіммен және ұсынылған
жұмысты атқаруға медицина қызметкерлерінің рұқсаты болған жағдайда ғана.
Жұмыс уақытының белгіленген ұзактығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен
тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді
ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады
ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған
және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша
төленеді.
Қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан қолы бос және өз қалауынша
пайдалана алатын уақыты тынығу уақыты болып табылады. Еңбек туралы заңда
тынығу уақытының мынадай түрлері белгіленген:
1. күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
2. апталық демалыс күндері;
3. мереке (жұмыс істемейтін) күндері және еңбек демалысы.
Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер. Қызметкерлерге күнделікті
жұмыс (ауысым) барысында тынығуға және тамақтануға жиынтығында ұзактығы бір
сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі.
Үзілістің ең қысқа мерзімі көрсетілген. Тынығу мен тамақтану үшін
берілетін үзілістің ең көп ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне
сәйкес белгіленеді. Тынығу мен тамақтануға берілетін үзіліс жұмыс уақытына
кіргізілмейді. Қызметкер үзіліс уақытында жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне
болады. Тынығу мен тамақтану үшін үзіліс уақытын беру және оның ұзақтығы
жұмыс берушінің актілерімен, жеке және ұжымдық шарттармен белгіленеді.
Үзіліс, әдетте, жұмыс басталғаннан төрт сағат өткенде беріледі.
Еңбек туралы заңда арнаулы үзілістер деген де қарастырылған. Мұндай
үзілістер суық уақытта ашық аспан астында, жабық жылытылмайтын жайларда,
сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге беріледі.
Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынып, тынығуы үшін беріледі және жұмыс
уақытына есептеледі. Сондай-ақ, мұндай арнаулы үзілістерді бір жарым жасқа
дейінгі балалары бар әйелдерге — жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын, 30
минуттан кем емес уақытқа беру де қарастырылған.
Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты
беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6
күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей
белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші
демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен
немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді.
Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс
күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс
істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер
аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып
табылады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк
мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал
еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан
Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн
мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар
өткiзiлуi мүмкiн.
Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер
мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн
мерекелер.
Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi
белгiлейдi.
1.3. Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарын құжаттармен
рәсімдеу және есепке алу
Өндірілген өнімдер мен шығарылған тауарларды сатумен (саудамен,
коммерциямен) шұғылданатын мекемеларді (кәсіпорындардың) кезаң шығындарының
бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізу және бақылауды күшейту үшін өнімдер мен
тауарларды сату шығындарының ғылыми негізделген есептік юаптарын
қалыптастырудың үлкен маңызы бар.
Жоғарыда көрсетілгендей №10 журнал-ордердің №5
тізімдемесіндекелтірілген өнімдер мен тауарлар сату шығындарының тізімі
сауда мекемелерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшелігін
көрсетпейді.Онда сауда мекемелерінде ғана тиесілі өнімдер мен тауарларды
өткізі (сату) шығындарының ерекше баптарын (түрлерін) ,мысалы, Тауарлық
материалдық қорларды сақтау,өндеу,сұраптау мен буып-түю және тоңазытқыш
жабдықтарын ұстау шығындары (штаттық қызметкерлерінің еңбекақыларынан
басқа), Тауарлық материалдық қорлардың табиғи кему мөлшерлері шегіндегі
ысырыпталуы мен технологиялық қалдықтар, Санитарлық және арнайы аяқ
киімдер мен киім-кешектер, асханалық киімдер,ыдыстар мен аспаптар
шығындары, т.б. кездеспейді.Сонымен қатар, экономикалық мазмұны мен
мағынасы біртекті тауарларды сату шығындардарының баптары негізсіз егжей-
тегжейлі бөлшектеніп, өте ұқсас баптарды құрап, бірін-бірі қайталайды.
Мысалы, Негізгі құралдпрды ұстау шығыңдары, Жүктерді жөнелту пунтке
дейін тасымалдау, мен Тауарлады буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары;
Тиеу-түсіру жұмыстары мен Тауарлады буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары,
Коммуналдық буып-түю тиеу,тасымалдау шығындары. Сол сияқты Сыйақы және
басқа сол сияқты төлемдер деген бапты жеке көрсетудің қажеті жоқ,себебі
олар бұрынғыдайбасқа көзден емес,негізгі жалақы сияқты төлеу қорынан
төленеді,сондықтан оларды Қызметкерлердің еңбекақысы деген бапта көрсету
керек.

Өнімдер мен тауарлады өткізу шығындарын тым егжейтегжейлі бөлшектеу
есептік жазбаларды көбейтіп,еңбекқызметкерлерінің еңбегін артық шығые
етеді.Ол тек қана есепші мұндай бөлшектердің шын мәнінде керектігіне көз
жеткізсе ғана пайдалануға болады.
Сондықтан жоғарыда айтылған Сауда қызметімен шұғылданатын
субъектілердегі мерзім шығындарын есепке алу атты оқу-тәжірибелік құралда
кезең шығындарының есептік баптар тізюегін жасауда тауарлар өткізу
шығындары мен жалпы және әкімшілік шы.ындарының баптарын бір-бірінен дұрыс
ажыратуға көңіл бөлінеді.
Кезең шығындарының есептік баптар тізбегі сауда мекемелерінен меншік
нысаны мен ведомтволық бағынушылығына қарай пайдалануға арналған, сондықтан
ол сауды ұйымдарының материлдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді және
ұтымды пайдалануына қатаң бақылау қою мақсатында нақты шығындарын
уақытылы,толық және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Кезең шығындарының біртұтас тізбегі мен баптарының мазмұнын
сақтау,біздің ойымызша,шаруашылық операцияларын кезең шығындарының
ұсынылған баптары бойынша бірдей және экономикалық дұрыс есепке алу мен
аудан,облыс пен бүкіл ел көлемінде сауда саласының кезең шығындарының жеке
баптары бойынша қортынды жасау,терең және салыстырмалы таудау жүргізу мен
шығындардың тиімділігін арттыру резервтерін анықтау үшін қажетті
мәліметтермен қаматамасыз етеді.
Өнімдер мен тауарларды сату шығындарының тиімділігін арттыру
мақсатында оларды жоспарлау,есепке алу,қаржылық есеп беруде көрсету және
талдаужасау үшін саудамен шұғылданатын мекемелерге шығындарды төмендегідей
баптар тізбегі бойынша талдау есебін жүргізу ұсынылады.
Ұсынылған шығын баптарының тізбегінің сатылуын және бір түрлі
шаруашылық оперциялары тауар өткізу шығындарының белгіденген баптары
бойынша бірдей және экономикалық дұрыс көрініс табу үшін шығындарының әрбір
бабының экономикалық мазмұнын және бухгалтерлік есепте көрсету әдістемесі
түбегейлі қарастырамыз.
Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарын есепке алу үшін бухгалтерлік
есеп шоттарының үлгілік жоспарында 7110 Өнімдер сату қызметтер көрсету
бойынша шығыстар шоты қарастырылған. Мұнда тауарлық –материалдық қорларды
сатып ал ,тасымалдау,сақтау,өңдеу сұрыптау,буып-түю және өткізу істермен
тікелей байланысты жедел шығындар есепеке алынады.Мұндай тікелей шығындар
көтерме және бөлшек сауда ұйымдарында көкеніс қоймасын да,дайындау және
жабдықтау –өткізу мекемелерінде болады.
Өнімдер мен тауарларды өткізу шығындарына шек қою,бақылауды күшейту
және тиімділігін арттыру резервтерін анықтау мақсатында тауарлық-
материалдық қорларды өткізу шығындарын өнімдер мен тауарларды өндіріс
орындарынан тұтынушаларға жеткізумен шұғылданатын кәсіпорындар бойынша
жекелеген есеп жүргізу қажет,сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі
Қызметкерлердің еңбекақы есебі
Еңбекақы төлеу шығыстарының аудиті мен талдауы
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Өзгермелі экономика жағдайындағы еңбекақының өсу шарттары мен маңызы. ТОО “ПРОМСВЯЗЬ” кәсіпорындағы еңбекті нормалау мен еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу
Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру
Еңбек пен оның төлем есебі
Пәндер