Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасу және
негізгі даму кезеңдері
. Ересек балалар тобындағылардың бейнелеу өнерінде шығармашылық
қабілеттерін дамыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...5
1.2. Бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың эстетикалық талғамын дамыту..8
ІІ. Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы ересек балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту
2.1. Ересек балалар тобына бейнелеу өнері пәнінен жұмыстарды
орындату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2. Балалардың шығармашылық қабілеттерін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36
Кіріспе
Бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын
міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.
Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім
тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын
көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды, балалардың табиғат сұлулығын,
халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігінше
өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білуді қалыптастыруды
көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу
тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол
себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы
өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі
болып табылады. Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір
шешім болуы мүмкін емес, әр баланың белгілі затты немесе құбылысты қалай
қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.
Сондықтан бір баланың тапқан шешімі екінші баланың жұмысына ұқсамайды.
Осы жағдай кластағы барлық баланың сабаққа толық ынтамен қатынасуын
қамтамасыз етеді, өйткені талантсыз бала жоқ, ойын үстінде баланың
творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.
Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір
сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын
ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды
екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын
элементтеріаралас тапсырмалар беру балалардың сабаққа деген қызыушылығын
арттырып , олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.
Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен балалардың
сабаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай
болу тиіс, деп көрсетілген.
Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде балалардың кеңістік
жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Балалар заттың бейнесін дұрыс
алғанымен, оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды. Бейнелеу өнерін
оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық
түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру
мәселесі де қамтылған.
Балаларды еңбекке тәрбелейді , қарапайым заттарға эстетикалық билік
талғам тұрғысынан қарауға табиғат пен адам жасаған сұлулықты
қорғаи білуге баулиды.
Курстық жұмыстың мақсаты: ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде
көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: Бейнелеу өнері арқылы ересек балалар
тобының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары және бейнелеу өнері
пәнінің ерекшеліктері, сонымен қатар бейнелеу өнері арқылы балаларға
эстетикалық тәрбие беру ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1.1. Ересек балалар тобындағылардың бейнелеу өнерінде шығармашылық
қабілеттерін дамыту технологиясы
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда
қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке
ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап
табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: ...шығармашылық –
қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс
– әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский
шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың
психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі
жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана
емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен
өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады.
Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен
байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы
ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну
үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында
қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін.
Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс.
Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы
балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге
ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы
тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және
қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі
түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат
баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез
келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы
– ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына
бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша
шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген
шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа
дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау
психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына
болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен
деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі
сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа
сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру
болып табылады.
Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру саласының мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы
мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға
қойылатын жалпы талаптар:
- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының
этномәдени негізінде құрады;
- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында
көрсетеді;
- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
- баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
- баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;
- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға
ынталандыру;
- табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер
туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
- қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық ауыз
әдебиеті шығармаларын тыңдау7
1.2. Бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың
эстетикалық талғамын дамыту
Бейнелеу өнері көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін
көркем шығармалар түрлерінің тобы. Бейнелеу өнерінің шығармалары уақытта
да кеңістікте өзгермейтін заттық форма.
Бейнелеу өнеріне кескіндеме, мүсін, графика, сәндік өнері жатады.
Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде сондай-ақ заттың материалдық
формасы ретінде объективті қасиетіне және заттың көлемі түсі,
жарықтығы, фактурасы және кеңістік ортаға байланысты шығарылады. Көркем-
эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды тиімді әдісі –эстетикалық көркем
сипатқа бейнелеу әрекеті түрінде ойын болып табылады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде білім берудің мәселелердің
бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында
адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың
көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту.
Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей
келеді. Соның салдарынан балалардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық
етек алуда.
Тәрбиешілер эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері
мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да
жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру
тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Тәрбиеші эстетикалық
тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.
Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге
талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың
көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала
кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара
ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге
байланысты.
Балалардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып,
бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте
оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп,
көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді.
Ересек топтағы балаларға эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы
мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Қазіргі кезеңде эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере
отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері сабағының
алатын орны зор екендігі белгілі. Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп,
қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру
арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей
міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы балаларды әдемілікке әсемдікке деген
сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке
тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді
жолдарын анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру
деңгейін анықтау;
• балалардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен
ұштасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары
эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде балалармен бірлесе
отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу
қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ
барысында ойындар мен көрнекіліктер ( Түстерді ажырат, Кім алғыр,
Үйлестіре біл, т.б.ойындар)тиімді қолданылса, балалардың табиғат
сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп,
сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу
нәтижесінде бастауыш мектеп балаларының эстетикалық танымы, білімі,
талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып
отырады.
Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық
мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу
жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді,
оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде
бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып
отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты
қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие
беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская,
Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық
мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика
ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты
көрсетілген.
Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық
тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев,
С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық
тәрбиеге тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов,
Ж.Балкенов М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде
эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары
әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру
мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.
Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің
бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни балалардың эстетикалық талғамын
дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру;
екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял – сезімін
шарықтату болып табылады.
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке
тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы
өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі
тиіс.
Бала эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте,
баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім – саналы өмірдің
негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек
қажет болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап
сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау
және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей
жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының
талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы
сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған
мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер
музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы балалардың
көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік –
қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем
өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер
тілін меңгеру барлығы балалар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы балалардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық
сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік
заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды
әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын
эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну
сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында
сұлулық сезімдерін оятады.
Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк –жасыл орман – тоғай, сылдыраған су,
шексіз – түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел
алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың
сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер
әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер балалар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың
эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.
Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік
жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу –тәжірбие алаңында, табиғатта,
үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық
бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін
дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың,
суретшілердің т.б.) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.
Бастауыш мектеп балаларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр
қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып,
ұнаған жерлерді суретке түсіру.
Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді.
Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап,
сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт,
сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да
балалардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.
Балалардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ
барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан
(жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді.
Мысалы, С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі,
Ілияс Жансүгіровтың Жетісуды суреттеуі т.б.
Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты,
өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен
қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру. Төменгі сынып балаларын эстетикалық тәрбиеге
баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы
түсінуге негіз салады, балаларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің,
сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға
жәрдемдеседі.
Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан –жақты түсіну үшін әсемдік,
әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың,
әсіресе балаларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып
табылады. Балаларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді
қастерлей білуге үйретеді.
Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талдай
да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде шеберліктің небір сан –саласын,
асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің
дәуірімізге ұштастырған.
Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен
қарауды қажет етеді. Әсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу өнері жүйелі оқыту
жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты
міндеттер қояды. Сурет салуды сүю -өмірді, табиғатты, айнала қоршаған
ортаны сүю. Ол мектеп баласының ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын
кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен
ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелейді.
Халық шеберлері ою - өрнек салу тәсілін белгілі – бір ізбен
қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою -өрнектердің
композицисына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты
бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою -өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік
қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық
қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай,
оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы қажет.
Бейнелеу өнері –ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген.
Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және
сәндік қолданбалы өнер.
Сурет салуды үйрету әдістемесінде натюрморт кез –келген ыдыс –аяқтан
немесе басқа да затттардан құралады.
Бір жағынан натюрморт қозғалмайды. Сол себептен натюрмортты асықпай
отырып қолдың икемділігін жаттықтыруға, түсініп, сызуға және де сурет
техникасын жете меңгеруге таптырмайтын құрылым болып табылады. Ал,
жануарларды салу, енді сурет салып, үйреніп келе жатқан балаға қиынға
соғады. Өйткені олар натюрморт сияқты өлі зат емес, үнемі қозғалыста
болады.
Бейнелеу өнері сабағында тапсырманы түсіндірген кезде бейнеленіп
отырған объектінің эстетикалық мазмұнының нақты ашылуының маңызы зор. Оның
үстіне құбылыстағы, заттағы нақты әсемдікті педагог асқан сезіммен, әсерлі
түрде әңгімелеп беруі тиіс. Егер мұғалім сурет салу үшін қойылым, ретінде
ашық түстерге боялған заттарды қойып, оларға әдеттегі, біркелкі дауыспен
талдау жасаса және қойылымның ашық жарқындығын, әсемдігін, бірегейлікпен
білдіретін сөздерді таба алмаса, онда балалардың сезіміне қозғау салмайды,
олар бейнеленіп отырған затқа және өз жұмысына аса ынта қоймайды.
Қорыта келгенде бейнелеу өнері сабағында балаларға эстетикалық тәрбие
беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет.
Себебі бастауыш мектеп жасындағы балаларды халқымыздың өнері, ұлтық ойындар
және халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады. Бейнелну өнері
пәні сабығында эстетикалық талғамды қалыптастырып, негізі мынадай іс -
әрекеттерге тоқталу қажет. Жаңа сабақты түсіндіру барысында көрнекіліктерді
түрлендіре отырып, сұрақ – жауап, әңімелесу әдістерін қолдану. Сабақты
ұлттық әдет – ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу.
Мәдени және рухани мұралар мен көркем өнер арқылы тәрбиелеуде
интеллектуалдық мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы іске
асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде білімнің философиялық
мазмұнын жас ұрпаққа проблемалық – қызметтік әдістемелер қолданып үйрету
көзделуде. Барлық көркем білім салаларында рухани мәдениет, көркем өнер
көздері мен олардың философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту ең сапалы
біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани құндылықтар мен мәдени мұралардың,
өнер түрлерінің саналы-сезімдік, философиялық үлгілік мәнімен таныстыру
басты орынды иленеді. Мысалы, өнер туындыларының философиялық мән-мағынасын
талдап, ашып көрсету, оны балалардың өз мүмкіндіктерінше интеллектуалдық
тұрғыда жүйелі талдап тұжырымдаулары т.б. Философиялық ой-тұжырым мазмұны
қоршаған орта әлемінен мән тауып, оны өз өмір салтында, қызметінде
қолдануға талпыну т.б. болып табылады.
Қазіргі жаңа дәуірдегі адам, қоғам болмысының техникалануына сай
рухани және моральдық құндылықтарға философиялық ой-тұжырым тұрғысынан
қарап, өмірлік мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық білімдер
жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас педагогикалық процесте баламен
мұғалім қызметі сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі заңды. Сөйтіп
бала – мұғалім қызметінде білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы
мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі шығармашыл асқақ
сезіммен қиялды туындатып, білім мен тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой
бейнесі бала шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен қиялды
туындата отырып оның көңіл күйін шарықтатып, көркем образ сомдауға
мүмкіндік береді.
Табиғат әлемі, мәдени мұралар мен өнер түрлері барлығы адамның рухани
дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып оның көңіл күйін, сезімін оятып,
көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын дамытып, қоршаған орта өміріне
бейімдейді. Сөйтіп мәдениет астары көркем педагогикалық білім, тәрбие
тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан өнерде логикалық
құрылымдар емес саналы-сезімдік, көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі
танымдық өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады. Ал мұндай әдіснама өнер мен
білімге деген шынайы ықылас пен құлшынысты туындатады. Өнер мен білімге
деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның өмір сүру салтының мәнін, оның
рухани мүмкіндіктері арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен
құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір
мәнін түсінуге ұғынуға талпынады. Әрине мұндай талпыныс шығармашылық қиялды
тудырады. Шығармашылық қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге
айналдыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процестегі мұндай сезімдік-
логикалық реттілік рухани тәрбие тәсілдерін іріктеуге мүмкіндік туғызады.
Рухани тәрбие бала жан дүниесін елітіп, ақыл ойы мен сана-сезімін
нұрландырады. Затында адам санасында әр нәрсе материалдық та, руханилықта
бейнелі болуы мәнді. Бұл бейнелеу өнеріндегі, жалпы барлық өнер
түрлеріндегі бейнелілік сипатқа тән және ол кескіндік, тұлғалық көркем-
образдық әдіс-тәсілдер жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол бейнелі
санаға тәуелді. Адам өз өмірін әлемді бейнелі қабылдаудан бастайды.
Дж.Дьюи философиясындағы адамның қоршаған ортамен үзіліссіз өзара
әрекет тәжірибесі туралы өмірлік идеясы, осы көрсетілген тұжырымдар мәнін
анықтауға көмектеседі.
Оның философиялық зерттеулері педагогиканы одан әрі дамытуда маңызды
болған, ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі туралы ойын
тұжырымдау мен негіздеуге мүмкіндік береді [1, с.186].
Жас ұрпақтың ойын тереңдетіп, қиялын өрістететін әдістемелер білім
философиясының категорияларымен анықталады. Мысалы ұлттық рухта, қазақы
менталитетті қалыптастыратын көркем өнер түрлерінің туындылары қол өнері
бұйымдарын, бейнелеу өнерін, музыканы, поэзияны, көркем әдебиетті, кино,
театр өнерін т.б. өнер түрлерін, мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді әсерлі
сезініп, саналы қабылдау тәсілдері білім философиясының рухани мәнділік
тәсілдеріне жүгінеді. Бұл тәсілдер отан сүйгіштікке, адамгершілікке,
инабаттылық пен имандылыққа баулиды.
Көпшілік жағдайда терең де сапалы, жаңа дәуірге бағыттылығын тұтас
көркем педагогикалық процесс мәселелерінің бәрі материялар әлемімен идеялар
әлемінің ара қатынасы арқылы шешілуі тиіс.
Рухтың тазарып өрістеуі арқылы адамның санасы мен сезімі, ой жүйесі,
мәдениеті сауығатындығын А.Г.Гурвичтің биоөрістің генетикалылығы туралы
дәлелі адам ойының ғарыштағы сана өрісінде сақталатындығына тәуелділігін
байқатады. Қазіргі прогрессивті ғалымдар ойынша адамның рухани түсініктері
мен дүниетанымдық көзқарастары адамның – энергиялық ақпараттық жүйесінде
айқындалады. Тәрбие процесінде жас өспірімнің жағымсыз қасиеттерін, оның
осы биоөрістік жүйесінен аластатып, жоғарғы асқақ сезіммен шығармашылық
қиялын шарықтату, көркем өнер мен мәдениет көздері арқылы, олардың
биоөрістік жүйесіне әсер ету тәсілдерімен іске асырылуы бүгінгі күннің
бұлжымас міндеті. Жас буынның сана өрісімен рухани сезімін тәрбиелеу, осы
тұрғыда көркем өнер пәндері мен мәдениет көздері арқылы жүйелі тұтас
педагогикалық процесте іске асырылуы білімнің негізгі қағидасы болуы тиіс.
Көркем педагогикалық білім беруде өнер пәндері мен рухани мәдениет
негіздеріне сүйене отырып рух пен сана тәрбиесіне баса мән беріледі.
Көркем біліммен тәрбие процесінде баланың шығармашылықпен қызмет етіп,
өз мүмкіндігінше көркем образды сомдауы, осы қағидаларды қаперге ала отырып
белгілі бір әдістемелік тәжірибеге сүйенеді. Бұл әдістемелер – бейнелеу
тәсілдері сызық, түс, түстер үйлесімі, қатынас, кеңістік, перспектива,
ритм, жарық-көлеңке қатынастарының тұтас жүйесі арқылы өз сезімін көңіл-
күйін көрсете білуіне бағытталады.
Мұғалім міндеті осы саналы-сезімдік бейнелік әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып балалардың қоршаған ортаны, әлемді шынайы қабылдап ақиқатты тану
қабілеттерін қалыптастыру. Өнердің басты мақсаты ақиқат шындықты көркем
сезіммен ойлыақыл арқылы саналы тану, қоршаған орта сұлулығын әсерлі
бейнелеу. Ал оқыту өмірге бейімдеп оқытып үйрету, ол саналы когнитивтік
үйрету болып табылады.
Педагогикадағы гуманитарлық бағыт В.Дильтей, Т.Литт, В.Флитнер,
Э.Венигер еңбектерінде философиялық негіз қалап тарихи көрініс тапты.
Педагогикалық гумманитарлық бағыт, тәрбие мен білім мазмұны, түрі, әдісі,
құралы әрқашанда рухани-материалдық кеңістік аясындағы қоғаммен қоғамдық
сана-сезіммен, қоғамның түрлі өндірістік, мәдени, рухани қарым-
қатынастарымен тығыз сабақтастық байланыста. Таным білімнің қалыптасып
дамуының жалпы шарты болғандықтан жас өспірімнің өнерге деген шығармашылық
сүйспеншілігі мен қатынасы танымдық мәдениет арқылы өрістейді. Танымдық
мәдениет бұл адамды білімге, ғылымға, өнерге бастайтын педагогикалық
категория. Ол білім мен тәрбие алу көзі, рухани дамудың алғы шарты.
Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесінде бала танымдық мәдениетін
қалыптастыру басты міндет.
Оқыту мен тәрбие адамды педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекет
жүйесіне енгізу, қатыстыру процессі болғандықтан ол шығармашылық ізденісті
талап етеді. Шығармашылықтың жалпыға ортақ қызмет өрісі мен функциясы
адамның барлық рухани –танымдық, практикалық қабілеттері мен қасиеттерін
дамыту. Адам қызметінен туындаған қажеттіліктер оларды қанағаттандырудың
түрліше жолдарын, тәсілдерін ізденіп табуды көздейді.Жаңа ғасыр балалары
өзін-өзі дамыту, өзін-өзі актуальдандыру мен өзіндік әлеуметтену толқынында
ынта мен ықылас, талап пен ізденіс басты мәнге ие болып ғылыми таным,
рухани мәдениет, адамзат жады мен сенім-нанымы барлығы сана, сана астары,
ми, ми қызметі аяларындағы ой, таным, сезім, парасат, қасиет танымдық био
өрістері жүйелі қатынас процесстерінде әлемді қабылдап, танып, түсінуге
деген ынта-ықыласты туғызып оның танымдық мәдениет тәсілдерін, танымдық
процесс жолдарын анықтайды. Сөйтіп рухани құндылықтар мен көркем мәдениет
балалардың танымдық мәдениетін өрістетіп жан-жақты дамыған тұлға
қалыптастыруға мүмкіндік ашады.
Бала білім-білігін рухани, мәдени құндылықтарға бағдарлау: рухани-
адамгершілік, ізгілік, имандылық; интеллектуалдық – білім танымдық,
қабілеттілік; коммуникативтік және мәдени-әлеуметтік, біліктілік бағыттарын
көрсетеді. Білім беру жүйесін философиялық тұрғыда әлеуметтендіру, қоғамдық
өзгерістерге бағдарлау жеке тұлғаның адами, танымдық, жауапкершілік,
ұстамдылық, белсенділік, жанашырлық, талапкершіл қарым-қатынас тәртібін,
мінез-құлқын, мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін қалыптастырып қоғамға, қоршаған
орта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz