Ертегі мазмұны бойынша балаларды сурет салуға үйрету



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету

Орындаған: Оразбаева А.Б.
Жетекші: Маденова Т.Ө.

Орал 2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Мектепке дейінгі ересек топ балаларына бейнелеу
өнерін үйрету
1.1. Ересек балалар тобындағылардың бейнелеу өнерінде шығармашылық
қабілеттерін дамыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...7
1.2. Ересек топтағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 бөлім. Ертегі мазмұны арқылы ересек топтағы балаларға
сурет салуды үйрету
2.1. Ересек топтағы балаларға сурет салуды
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .20
2.2. Ертегі мазмұны арқылы сурет салуға
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе
Егеменді еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу
өнерінің шығармаларын үйрету, балалардың өз халқына сүйіспеншілігін
арттырады, отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу
өнері курсы бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция,
түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп
ғана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын балаларға
терең және жан-жақты таныстыруды міндет етеді.
Бейнелеу өнерін үйрету балаларддың көркем мәдениетке деген оң
көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін
тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Балалар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен
қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған
әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге
деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және
білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен
ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру,
бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік,
үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы
негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның
рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын
үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін
балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.
Мектепке дейінгі педагогикада жан-жақты жеткілікті дайындалғакн,
пәндік жетілдіру ортасында ойыншықтарды, музыкалық жабдықтарды жабдықтарды
және оқу құралдарын жатқызуға болады. Бірақта бұлар музыкалық білім
жүйксіндегі қалыптастырудағы табандылыққа аздық етеді.
В.С. Мухинаның көрсеткендей, бала біртіндеп затты кеңістік
(қолөнерлік) әлемге, кейіпті – блоктілік жүйесіне, табиғат әлеміне,
адамдардың әлеуметтік қатынастарына біртіндеп енеді. А.А. Остапенко осы
қағидаға сүйене отырып, педагогикалық жүйенің негізінде жатқан, негізгі
элепменттерін бөліп көрнекілік ретінде толықтыруды ұсынады. Ішкі дүниенің
орталандыруын қалыптастыратын орта обьективті көрнекілік деген ұғымды
ұсынушы В.И. Слободчиковтың кейін, ол келесі: заттық-кеңістік ортаны,
педагогикалық әлеуметтік кеңістіктегі көрнекілігі – педагогикалық жүйенің
құрастырушылары ретінде бөліп оны локальді субъективті қатынастар
символикалық – белгілік көрнекілігі де атайды.
Сурет салу қабілетін жетілдіру: әр түрлі жазықтықтағы мольберттер;
балалар суретін жылжытатын стенд; гуашь, қыл қалам, қарындаштар,
фломастерлер, борлар; қағаз беттері, обой орамалдары; қатырма қағаздар,
жиектеулер, трафареттер, пластилин.
Ортаның әлеуметтік құрамынан мынадай бір өзекті мәселені жеке бөліп
атаған дұрыс, ол ұйымдастырушылық себебінің факторы, көңіл күй әсерінің
ортасы. Бұл әсерді қолдау, балаға жайлы жағдай жасап оның музыкалық
туындылығын қоздырту мұғалімнің басты жұмысы. В.А.Ясвин баланың туындылық
қабілетін әлеуметтік ортада жетілдіру мәселесінің қажеттілігін айтып
көрсеткендей, педагогтар мекеменің ғана ортасын есептеп қоймай, сонымен
қатар баланың жанұялылық тәрбиелеуінің ерекшеліктеріне, соның ішінде
баланың үйдегі баланың үйдегі музыкалық тәрбиесіне, арақатынастық процесіне
көңіл аударған дұрыс. В.А. Ясвин бойынша туындылық – ағартушылық ортада,
жеке тұлғаның еркін және ынталы өзіндік өркендеуі жүреді. С.Л.Новоселов
дамып келе жатқан заттық ортаға (талаптар ойластырады) және оны
келесідегідей негіздеп көрсетті: туындылыққа қабілеттіліктің тамыры баланың
заттық әлемге қызығушылығы, оған жақын адамдарда болу керектігі,
жақыншылдыққа бағытталу, аспаптармен олйыншықтармен бірінші
экспериментінде, қызығушылықта, білімсүйгіштігінде, өз мағынасында аса
жоғары көрсеткішті алуға құштарлығы.
Тақырыптың өзектілігі:
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға ертегі
мазмұны арқылы сурет салуға үйрету ерекшеліктері, балаларды сурет салуды
үйретуге арналған әдістемелер.
Зерттеу нысаны. Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға
үйрету.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларды ертегі мазмұны
бойынша сурет салуға үйрету және оны теориялық-әдістемелік тұрғысынан
зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері: мектепке дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйрету,
ертегі, әңгіме мазмұны арқылы балаларға сурет салуға үйрету әдістері және
балаларды мектепке даярлау ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу нысаны – отбасында және мектепке дейінгі ұйымда бала тәрбиесін
нәтижелі қарастыру, баланың ойлауын дамыту.
Зерттеу пәні – мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау, ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепке дейінгі ұйымдарда
жетекшілерінің ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық
іс – шараларында қолдануға болады.

1 бөлім. Мектепке дейінгі ересек топ балаларына бейнелеу
өнерін үйрету
1.1. Ересек балалар тобындағылардың бейнелеу өнерінде шығармашылық
қабілеттерін дамыту технологиясы
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда
қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке
ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап
табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: ...шығармашылық –
қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс
– әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский
шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың
психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі
жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана
емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен
өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады.
Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен
байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы
ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну
үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында
қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін.
Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс.
Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы
балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге
ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы
тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және
қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі
түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат
баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез
келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы
– ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына
бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша
шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген
шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа
дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға
ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін
нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана
емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын,
құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден
зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі
ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің
логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық
педагогикасының негізгі сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған,
озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар
мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру саласының мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін
педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының
этномәдени негізінде құрады;
- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында
көрсетеді;
- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
- баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
- баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;
- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға
ынталандыру;
- табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер
туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
- қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық ауыз
әдебиеті шығармаларын тыңдау7

1.2. Ересек топтағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Осы жаста мектепке дейінгілердің өз бетімен жұмыс істей алу
дағдыларының қалыптасу керек көрінулерін дамыту маңызды. Бұл өздігінен
орындау, өзін жинақтау, өзін бағалау,өзін бақылау, өзін көрсету. Мұнда
әлеуметтін, зат-тың, табиғи әлемге деген гуманистік қатынасты тәрбилеу
керек. Бұнын бәрі баланың ішкі әлеміне әрдайым назар аударуына және сыртқы
әлемнің шека-расының кеңеюіне әкеліп соғады. Баланың ересек тобына көшуінде
және де әсересе мектепке дайындық тобына көшуде оның психологиялы позициясы
өзгереді; ол ДОУ балаларының арасында өзін ересек болып сезінеді.
Бұл сезімді балада ұстап тұру өте маңызды, себебі сонда ғана бала
жауап-кершілін, өзіндігінен жұмыс істеуді, танымдық белсенділінті,
инициативасын белсенді түрде көрсетеді. Тәрбиешеге ересек топ балаларын
айналадағы заттармен құрылымына, олардың ортаны өзгертуге байланысты
жоспарланған іс-әрекет жайлы ойларын білуге, өзгеру үрдісне кірістру қажет.
Заттық-ойындық орта әр баланың өзінің сүйікті ісімен айналысуға
мүмкіндігін беретіндей ұйымдастырылу керек. Орталықтандыру принципі бойынша
құрал – жабдықтарды орналастыру балаларды қызығушылықтарын бойынша бірігуге
мүмкіндік береді. Мысалы: құрастыру орталығы, өнер, ойын (сюжетті-рольдік,
режиссерлік, театрлық), табиғат және экспиремент жасау орталықтары; білім
кітап бұрышы, тіл дамытуға арналған ойын мен құрал- жабдықтар) және т. б.
Ересек балаларда өздерінің тәржірибесінің қалпынан шығатын пробле-
маларға қызығушылық пайда болады. Бұл баланың жеке тәжірибесін кеңейтуге
мүмкіндік беретін ортада (алыс елдер жануарлары мен өсімдіктері- мен, әр
түрлі халықтар әдет – ғұрпы мен ерекшеліктерімен, әр түрлі живопись
жанрларымен танысу өз көрінісін табады.
Сюжетті – рольдік ойындарда бала шын өмірде, оқиғаларда, адамдар
қарым – қатынасында өзін қызықтырған жақтарын шығармашылықпен іске асырып,
жүргізеді. Бұл жерде балалардың өмірлік тәжірибесін саралап, соған
байланысты қажетті ойын жабдықтарын жинақтау керек. Мысалы: киім тігу
ойынында, балалар киім тігу процессін білмейді, себебі ата-аналар киім
тікпей, дайын киім сатып алады. Сондықтан бұл ойынның топта дұрыс
ойнамайттыны ғажап емес.
Ересек топтағы балалар ойындарына арналған атрибутикасы детальді
болады. Үстел үстінде отырып ойнайтын ойындар үшін құрал-жабдықтар мен
ойыншықтар үлкен емес болу керек, бірақ еденде нық тұратын ірілеу құрал-
жабдықтардың болуына да жол беріледі. Құрал- жабдықтың көбі қораптарда
сақталуы тиіс, қорап сыртында суретімен жазуы болу керек, сол арқылы
балалар өздері еркін ойнай алады.
Дамытушы орта өзіне сонымен қатар қағаз, картон, мата, тері т.б.
қалдық-тарынан, пластикалық және картон қабы бар, бросовый материалдан
жетпей-тін атрибуттарды кітап, альбом, желім, скотч, фломастер жасау үшін
болатын қораптан да тұру керек. Балалрдың ойындарға арналған атрибуттар
жасауға қызығушылықтарын көтермелеп отыру керек.
Мектепке дейінгі ересек жастағыларда мектепке дайындықтарын
көрсететін режиссерлік ойын ойнау басталады. Сюжеттерді қою үшін бөлек бір
орын керек, оны үлкен картон қораптан жасауға болады және де ойыншықтарды
кейіпкерлері (үлкен адамның алақанына сәйкес бростық материалдан және
жабдықтар, сонымен қатар қуыршақ пен декорациялар фотолары мен сызба-
үлгілері).
Бейнелеу әрекетіне қарапайым материалдан басқа (картон, қағаз,
қарындаш, фломастер, бояу, қылқаламдар) әр түрлі техникалар көмегімен
құрылған сызбалар қажет. Саздан, қағаздан және тағы басқа материалдардан
жасалатын бейнелердің жасалу жолдарын көрсететін карталар, кітап,
альбомдар болу керек. Топ ішінде балалар жасаған жұмыстарды көрсету үшін
бос бір орын болу керек, оларды қабырғаға жабыструға, төбеге ілуге болады.
Конструктивті әрекетке де маңызды роль беріледі, сондықтан ортаға
пластик, ағаш, металл сияқты материалдардан жасалған конструкторлар мен
құрылыс жиынтықтары, үстел үстінде, жерде отырып ойнайтын конструкторлар
ойындар, әр түрлі салулардың сызба-үлгілері, фото альбомдар, балалар
жасаған конструкциялар, сызбалар (схемалар) салынған дәптерлер. Жаңа білім
кілті ретінде кітаптың маңызы артады. Кітаптар бұрынша әдеби кітаптармен
қатар сөздің, танымдық әдебиет, мектеп дейінгі балаларға арналған, жалпы
және тақырыптық энциклопедиялар болу керек. Кітаптарды тақырыптар бойынша
(табиғат жайлы, ертегілер, туған қала жайлы кітаптар т. б.) алфавит ретімен
қойған абзал. Тәрбиеші балаларға кітапта қиын сұрақтарға жауаптарды қалай
табуға болатын жайлы, кітапты таңдап алуға, оны күту жайлы айтып, көрсетіп
беру керек.
5-7 жасар баланың омыртқасы деформациялық әсерлерге өте сезімтал
екенін ескерсек, арқа бұлшық еттерін бекітуге ерекше көңіл бөлу керек. Егер
жағдай келіп тұрса, спорттық комплекс құрған жөн. Топта балалар статикалық
қалыпты көп болатын орындарда демалу жолдарын ойластыру керек (дартс,
кегли, серсо, баскетбол сақиналары т.б.), баланы демалу және релаксация
элементтеріне үйрету керек.
Жоспарлай алу мектепте де, күнделікті өмірде де қажет болады. Балаға
осы жүмада, осы күні не істейтінін анықтау арқылы жоспарлауды дамытуға
болады. Жоспар тәрбиешімен жазылады немесе белгілер, суреттер арқылы
белгіленеді. Күн немесе апта соңында тәрбиеші балалармен әңгімелесу
барысында олар жоспарлағандай болды ма, соны анықтайды. өзін бақылау арқылы
балада өзінің күші мен мүмкіндіктері жайлы түсінігін дамыту, өзін тануға
үйренудің маңызы зор. Мысалы: баланың назарын оның сыртқы ерекшелігіне
назарын аудартайық (әр баланың қабырғада өз белгісі бар, бұл кім 1-ай, 3-ай
ішінде неше сантиметрге өсті, кім жылдамрақ, ал кім баяуырақ осіп келеді).
Баламен айсайын оның қызығылушылықтарымен байланысты керек тақырыпта әңгіме
жүргізу керек.( Менің отбасым, Автопортрет, Мен нені жақсы көремін
және нені үнатпаймын, Мен не істей аламын үйренгіне келеді..., Менің
жақсы көретін мейрамым, Маған өзіме не ұнайды, не ұнамайды, Менің
достарым, Менің арманым, т.б.) Бұл әңгімелер бойынша жай сөйлесіп қана
қоймай, оларды жазып алуға, сурет салуға, фото көріністер жасауға болады.
Ата-аналарға отбасылық газеттер шығарып, топта ілдіртіп қоюға болады
(балалар рақаттана оларға қарап, өзінің әсерлерімен бөліседі, өздерің
басқалардың қызығушылықтарымен ұнататындарымен салыстырады)
Ересек мектепке дейіңгілерді сыртқы әлпеттерімен өзгерту мүмкіндігі
де тартады. Ол үшін топқа грим жасауға арналған бояулар, жіптен жасалған
париктер, үлкендер киімдерінің бөліктері (бас киімдер, галстук, ұзын
юбкалар, көзілдіріктер, стюардесса пилоткасы т.б.)
Топта салыстру, жіктеу, түйелеу, суреттеу бойынша тану, модель
сызбасы бойынша беттеу, бақылау – тексеру әректерін орындайды (Солай бола
ма?, Суретшінің қатесін тап?, Дьенеш логикалық блоктарымен ойындар,
Логикалық поезд, Логикалық үй, Айырмашылығын тап т.б.);
қалыптастыруға арналған дидактикалық, дамытушы, логика-математикалық
ойындар, танымдық кітаптар орналасқан ойынхана болу керек.
Мектепке дейінгі ересек балалар сөзжұмбақтар, танымдық тапсырма-ларды
шешуге қызығушылық танытады. Осы мақсатпен жіңішке-ұзын жабысқақ-ленталар
арқылы сөзжұмбақтарды ковролинге жабыстыру. Фонетикалық қабілетті дамыту
үшін балаларға 1күн ішінде мысалға алғанда, бір басты дыбыстан басталатын
ойыншықтармен заттарды жинап, оларды үлкен пластикалық себетке салу. Себет
қораптан әр түрлі дыбыс шығаратын заттарды жинап, оларды бір жүлеге
келтіруге тапсырма беру: бірінші себетке – музыкалық дыбыс шығаратын
заттарды, екіншісіне – шу шығаратын заттарды, келесіне – жоғары
дыбыстармен, оны арғысына – төменгі дыбыстар шығаратындарды және т.б.
Сауаттылық орталығында байланыс-тырып сөйлеуді дамыту, қиял мен
шығармашылықты ынталандыру үшін 5-6 (картоннан немесе ағаштан) жасалған
рамкалар мен ескі журналдардан қиылған суреттер қою керек: бала солардың
ішінен өзіне керектелерін алып, жүйелеп қойып, сол бойынша әңгіме
құрастырады.
Мектепке дейінгі ересек жаста балалар өткен, осы және болашаққа
қызығушылық танытады балалар әңгімені жақсы қабылдайтындай: сөздіктер,
энциклопедиялар, иллюстрациялар, суреттер, ойыншықтарды пайдалану керек.
Балалармен бірге мазмұнын ашатын макеттер болу керек (ауыл, қала, ежелгі
қала, т.б.) жасауға болады, мұнда туған елді, жерді тануға, мүмкіндіктері
кеңееді: топта еліміздің елтаңбасы мен туы, өздері тұратын қаланың туы мен
елтаңбасы, балабақшаның орналасуы көрсетілген карта,сонымен қатар балалар
өздері болған жерлері белгіленген (әлем немесе мемлекет) картасы, сол
жерлер жайлы балалардың әңгімесі жуылынған беттер жабыстырып қоюға болады.
Мектепке дейінгі ересектерде әлеуметтік – құлықтылық сезімдер аймағы
кеңее бастайды: адамдар мен олардың арақатынастары жайлы; үлкендермен,
құрдастарымен қарым – қатынас мәдениет жайлы, қоғамдық жерлерде өзін үстау
жайлы түсініктері кеңееді. Қуыршақ кейіпкерлері, суреттер, фотосуреттер
педагогке мұнын бәрін жүзеге асыруға көмектеседі. Оларға әр түрлі
эмоцианалды қалыптағы адамдарға қамқорлық көрсетудің нақты жолдарын көрсету
керек, ол үшін топта әр түрлі эмоцианалды қалыптағы адамдарды бейнелейтін
суреттер мен оларға әсер ету жағдайлары салынған суреттер орналасқан орын
болу керек, сонымен қатар Эмоциялар конструкторы атты ойынында сияқты
балалар адмдардың эмоцияларының көріністерін құратын ойындар да болғаны
жақсы. Ол үшін адамның әлпетінің қасы, көзі, мұрны, аузы (4-5 вариантта)
құрылымдардының негізі мен жинағы керек. Бала адамның бетін жинап оның
эмоциялақ қалпын, жасын, жынысын, мінезін анықтап, шыққан бейне жайлы
әңгіме құрастырады.
Бұл мақалада заттық ортаны ұйымдастыру барысында ескеретін басты
ерекшеліктерге көңіл аударылған.
Қазіргі кезде әр түрлі білім беру мекемелерінде (балабақшада) білім
беру ортасын құру мәселесі туындап отыр: өсіп келе жатқан жеке тұлғаға
қоғам көзқарасы өзгереді, авторитарлы педагогика орнына жеке тұлғаға
бағытталған балаларды тәрбиелеу моделі келді – мұның барлығы
ұйымдаструшылық өзгерістерді талап етеді. Қазіргі заман педагогикасында
білім беру ортасы білім процесінің субъектілері, материалы, білім беру
жүйесері және олардың элементтері арақатынасы аумағы және әлеуметтік -
мәдени кеңістік бөлігі ретінде қарастырылады Мектеп 2100 жүйесінде білім
беру ортасының магынасы мектептің ішкі өмірінің құлқы ретінде
қарастырылады, ол:
- нақты мақсаттармен анықталады;
- мақсатқа жету үшін амалдарды таңдайды;
- балаларды тұлғалық, әлеуметтік, интеллектуалды дамуы бойынша
бағаланады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеуде білім беру ортасы ұғымы орнына
дамытушы орта ұғымы қолданылады. Дамытушы орта ретінде педагогтар
ұйымдастырылу (рухани, заттық-кеңістік), әрекет орындалуы (оқу, ойын,
еңбек), мазмұны (бағдарламалар, әдістер, жұмыс тұрлері, т.б.) реттінде
қарастырады. Ортаның тұлға дамуына тигізетін әсерін ескере отыра Л.И.
Новикова ортаны балалар қажеттіліктеріне жақындату керек деп есептейді.
Н.А.Короткова Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен сабақтарды
серіктестік формасында ұйымдастыру үшін жұмыста, талқылауда, зерттеуде тең
дәрежеде қатысауға мүмкіндік беретін дөңгелек үстел жағдайына барынша
жақындау керек. Бұл шыныменде жұмыс істеу, зерттеу барысында қолданылатын
материалдар орналасқан бірнеше үстел айналасында немесе қатысушылардың
кілемде еркін орналасауы немесе дөңгелек үстел болуы мүмкін (Н.А.Короткова
Ересек мектепке дейінгілердің танымдық-зерттеу әрекеті)
Ересек мектепке дейінгілердің танымдық-зерттеу, бірнеше шешімі
қабылдауға болады.
- топ ішінде заттық-кеңістік ортада белгіленген орын мен
материалдарды белгіленген әдіс бойынша қолдану,тақырыптық
аймақтарға бөлу балалардың мүны түрлендіріп әрі шығармашылықпен
қолдануға, өзіндік әрекетін мүмкіндік бермейді;
- балалардың қызығушылығы бойынша айналадағы жиһаздың, ауырлығы,
еденге шегеленіп тұруы, заттарды алсоқтығы (инертность) топтың
кеңістікті өзгертуге мүмкіндік бермейді
- ұйқтайтын бөлмелерді материалдар мен жабдықтарды орналастыруға
және балалар белсінділігін ұйымдастыруға қолдануға және
боилсайтындығы баланың жеке кеңістігін тарылтып қана қоймай,
жалпы мағнасы жоқ нәрсе, себебі үйде балаға төсек тұратын
бөлмеде ойнауға тыйым салмайды. Төсектердің орналасуы норматив
бойынша 0,65м., қабырғадан-0,6м., бұл балалармен ұйқыдан тұрған
соң немесе ұйқыға кетер алдында сауықтандыру шараларын
жүргізуге мүмкіндік бермейді
- тақырыптық бұрыштарда келтірілетін материалдардың біртүрлігі,
олардың эстетикалық көркемдігінің төмендігі балалардың
тақырыптық бұрыштардың мазмұнына қызығушылығын төмендетеді
- балаларды бұрыштарды әсемдеуге кірістірмеу арқасында көптеген
ойыншықтар мен еркін өз беттімен жұмыс істеуге арналған
материалдар керексіз болып қалады, ал балалар үйден әкелген
ойыншықтармен ойнайды
- бұрыштарда келтірілген материалдар мен ойыншықтарға балалар
қызығушылығын көтеру үшін, тәрбиешіге оларды балаларды
қатыстырып уақытша ауыструға, олардың қызығушылығын оятуға
керек.
Біз В.А.Ясвинің заттық-кеңістік орта байланысты болу керек деген
көзқарасын қолдаймыз, себебі бала әрекеттің бір түрінен екінші түріне өту
барысында бала жағынанда, тәрбиеші жағынанда басқаруға ыңғайлы болу
керек.Бұл мәселенің бағдарламалық қамтамасыз етілуіне назар аударайық.
ДОУ-дың заттық дамытушы ортаның анализ картасын жоспарлау процесінде,
біз Л.В.Колмийченко, Е.Ф.Олейниченко, А.А.Метечко және де Мектеп 2100
білім беру жүйесінің заттық дамытушы орта ұйымдастыру бойынша
кепілдемелерді қолдандық.
ДОУ-дың заттық дамытушы орта:
- қиял, ес, ойлау, қабылдау және т.б. психикалық процестердің
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Бейнелеу іс-әрекетінің негізгі міндеттері, әдістері мен жұмыс тәсілдері
Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
«ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер