Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін азықтандыру



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін азықтандыру

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5

І. Төлдердің өсіп-өнуі және қоректік заттарды
қажетсінуі ... ... ... ... ... ... . ... ..11
1.1. Төлдердің өсіп-өну
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.11
1.2. Бұзаудың қоректік заттарды
қажетсінуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3. Сүтті тұқымды ірі қарамал төлін өсіру технологиясы
және рационы, құрылымы мен мерзімдік азық
үлестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ІІ. Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1. Ет бағытындағы ірі қара төлдерін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Төлдерді 8 айлығынан кейін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Мүйізді ірі қара мал төлін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ІІІ Есептеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .34
Кіріспе
Азықтандыру малдың өсуі, жетілуі, салмағы, дене пішіні мен өнімі үшін
шешуіші рөл атқарады. Организмге қажетті қоректік заттардың мөлшері малдың
жасына, физиологиялық күйіне, өніміне, салмағына, ауаның температурасына
және басқа сыртқы жағдайларға байланысты. Өскелен жас организімге бір
қоректік зат жетіспесе, өсуі тоқталады, не баяулайды.
Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы – азықтандыру.
Малдарды азықтандыру жөніндегі зоотехникалық ғылым сан алуан
экспериментальды мәліметтерді, соның ішінде әртүрлі қоректік заттарды,
витаминдер, ферменттер, алмастырылмайтын амин қышқылдары, макро, микро
элементтер және зат алмасу факторлары, азықты тиімді пайдалану, туралы
жинастырады. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру теориясы
мен практикалық толық жетілдіру негізінде ертеден қызмет етіп келеді.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру мөлшері 1966 жылы анықталып,
қосымша 1972 жылы толықтырылған. Азықтарды тиімді қолдануда мал өнімінің
жоғарлауына, мал өнімдері шаруашылығының талаптарына жауап бермейді. Олар
жеуге жарамды бүкіл комплексті заттарды минералды және биологиялық активті
заттардың қажетті баланстанғанын ескермейді. Қазіргі көзқарастар,
сәйкесінше рацион құрамыда азықтық бүкіл элементі оптимальды арақатынаста
болады.
Малдың бірқалыпты тіршілік етуі үшін, организмнің физиологиялық
қасиетін өтеу үшін мөлшерлі қоректік заттар қажет. Сондықтан малды
белгіленген норма бойынша азықтандыру керек, онда организмнің қоректік
заттарға, қорытылатын протеинге, минералдық заттарға және каротиге жалпы
мұқтажы ескеріледі.
Малды нормамен азықтандыру ғылымға негізделсе, азықты үемдеуге, оның
шығымын едәуір қысқартуға, өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүмкіндік
береді. Азықтағы қоректік заттардың мөлшерін азық өлшемімен белгілеу
ұйғарылған.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруды жаңа мөлшерде жалпы биологиялық
келесідей түрге қалыптастыруға болады: азықтандыру деңгейі малдардың
өнімділігімен жоғары және азық шығынынан төмен, керісінше азықтандыру
деңгейі төмен болған сайын жануар өнімділігі төмендеп, азық өлшемі арта
түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін
азықтандырып, оларға қысқы және жылдық рацион құрастыру, ересек жастағы ірі
қара малдың төлдерін азықтандыру ерекшеліктері: оның жасына, жыныстық
ерекшеліктеріне, алынатын өнімге, физиологиялық әрекеттерге, тұқымына
байланысты. Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін әр түрлі азықпен
азықтандыру қажет. Бірыңғай бір түрлі азықпен азықтандыру бұзау денесінің
дамуын, қоңдылығын нашарлатады.

Әдебиетке шолу
А. Б. Байжұманов (1987) мәліметтері бойынша, Орталық Қазақстан
жағдайында, қазақтың ақбас тұқымды сиырларының ерте көктемде бұзаулаған
кездегі сүттілігі 1600-1900, күзде не қыста бұзаулағанда — 1250-1370кг-ды
құрайды, ал азықтандыру деңгейі жақсы болса, ол 150-210кг-ға артады.
А. В. Ланина (1973) жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша,
Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара бұзауларын 8 айлығына дейін
енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде (тірілей салмағының тәуліктік
өсімі 750-800- ден 1000г-ға дейін), оларға жұмсалған құнарлы азықтар
енесінен айырғандағы тірілей салмағының 100кг-на шаққанда 0,8-0,85-тен 0,9-
1,2 центнерге дейінгі мөлшерде болған.
А.П.Колащников (1985) көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде, ет
бағытындағы ірі қара шаруашылығында төлді ерте көктем айларында алудың
тиімді екені, мұның емізулі сиырлардың жайылымға шыққан бойда-ақ
сүттілігінің 15-20%-ға артуына ықпал ететін, сонымен бірге N айлық
бұзаулардың тірілей салмағын 25-30кг-ға арттыратын көк азықты барынша көп
пайдалануына мүмкіндік беретіні белгілі болды.
Байжұманов А.Б. (1987) ірі қараны жайып семіртуді ұтымды ұйымдастырса
жайылымның тозуына жол берілмейді, өйткені сиырлар жайылу барысында
өсімдіктердің дәндерін тізелерімен қаққыштап түсіреді де, тұяқтарымен жерге
батырады жөне сонымен бір мезетте органикалық тыңайтқыштарды да сіңіре
отырып, шөптердің табиғи жолмен қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Жазғы кезеңде ет бағытындағы ірі қараны қашықтағы жайылымдарға бағу елді
мекендерге жақын жерлердегі жайылымдар мен шабындықтардың тозу деңгейін
төмендетуге мүмкіндік туғызатындығы жазылған.
Байжұманов А.Б. Отарбаев А. (1990) кешенді зерттеулері негізінде
қуаттық және протеиндік қоректендірудің, сондай-ақ ет бағытындағы санта-
гертруда және қазақтың ақбас тұқымды сиырларының физиологиялық жағдайларына
сай келетін, жергілікті жемшөптің нақты жұғымдылығы есепке алынып,
мерзімдік азық үлестерінің 15-17 көрсеткіші бойынша теңестірілген қант-
протеин арақатынасының қазақстандық жаңа мөлшерлері дүниеге келді. Қысқы
мерзімдік азық үлестерінің қолайлы нұсқалары және қуат пен протеиннің
теңестірілген жергілікті жемшөптерден алынатын тиімді, жеңіл қол
жеткізілетін көздері, сондай-ақ оларды қоректендіруді шектеуші ықпалдар
табылды және жасалынды.
Баканов В.Н., Менькин В. (1989) мәліметтері бойынша, жайылымдағы
шөптердің өсіп-жетілу кезеңінің аяғына таман, тамыз айында-ақ, малдың
мерзімдік азық үлестеріндегі қуаттың сиырларға тәулігіне қажетті мөлшермен
салыстырғанда 15-20%-ға, протеиннің 16-18%-ға, лизиннің 35%-ға, және
фосфордың 8- 12%-ға кем екендігі анықталған. Мұндай деңгейдегі
жетіспеушілік қыркүйектің ортасына дейін сақталып, айдың екінші жартысынан
бастап одан да азайып, 45-48%-ға дейін жеткен.
Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. (2006) зерттеулеріне
сәйкес, шикі протеин құрамында су мен тұзға еритін 40-50 % пртотеин
бөліктері (СТЕПБ) болуы керек. Сиырларға арналған, құрамында дәстүрлі азық
жиынтығы бар мерзімдік үлес СТЕПБ-нің талапқа сай мөлшерімен қамтамасыз
етіліп отырғандығы көрсетіліп, алайда, оған пішендеме мен шөп ұнын енгізу
қолайлы жағдай туғызады.
Богданов Г.А. (1981) ауыл шарушылығы ғылымдарының саласына белсене
үлес қосып жүрген ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық құралындағы
деректер көзі ретінде, сиырлардың жақсы және қолайлы деңгейде теңестірілген
мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз екендігін байқауға
болатындығын, және оның мерзімдік азық үлесі құрамындағы құрғақ заттың 0,14
– 0,18 %-ы көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн.
Борисенко Е.В (1984) мәліметтері бойынша, сауын маусымы ішіндегі
сауылатын сүт мөлшеріне бірқатар физиологиялық факторлар әсер етеді, олар
сүт өнімділігінің сауын маусымы басында күрт төмендеуіне себепші болады.
Әдетте сүттің тәуліктік ең жоғары мөлшерін сауын маусымының бірінші айының
соңында және екінші айының басында анықтайды.
Гершун В.И., Муслимов Б.М. (1994) деректеріне сүйенсек, протеиннің
деңгейі төмен (1 азық өлшеміне 80грамнан аз) болса, ол сауын сиырларының
сүт өнімділгін төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі
органикалық заттың 14-24 % көлемінде мөлшерленеді.
Дмитриченко А.П., Пшеничный Г.Д. (1975) мағлұматтарына қарағанда,
сиырлардың 300 күн ішіндегі орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін 100 %
деп қабылдасақ, сауым маусымын 450 күнге дейін ұзартқанда сауылатын
тәуліктік орташа сүт мөлшері тек 85 % болады, демек, сауын маусымын өте
ұзартқан жағдайда сүтті 15 % кем аламыз. Алайда сервис-кезең өте ұзаққа
созылған жағдайда сүт шығыны бұданда көп болады. Өйткені тұқым қуалайтын
қасиеттері бойынша сүт өнімділігі аз сиырлары сүт шығаратын азықтар
жетіспеген жағдайда ұзақ сауын маусымына төзбей, бұзаулауына 3-5 және
оданда көп ай қалғанда-ақ сүт беруін тоқтатады.
Егеубаев А.А.; Кусайнов К.К. (1993) деректері бойынша, альвеолалық
және цистералдық сүттің арақатынасы сауым маусымының бірінші жартысында
шамамен бірдей, ал екінші жартысында альвеолалық үлесі шамасы едәуір
артады. Алвеолалық үлестегі сүт майының мөлшері цистералдық үлестегі сүт
майының мөлшерінен 8-9 есе артық болады.
И. А. Чижик (1979) мүйізді ірі қара малмен жүргізген арнайы
распитаторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын көміртегі мен
энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен шығарылатын
үлесі азайып, желінген азық көміртегінің игерілуі жоғарылайтыны
көрсетілген.
И.И.Черкощенко (1976) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиыр рационын
сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып
құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55 % жеткізіледі.
Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер
жұмсалады. Рационға енгізілетін құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен
шектеледі.
Калашникова А.К., Клейманов А.К. (1985) жинақтарында, республиканың
Солтүстік-Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін сауын сиырларға рацион
құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар сауын
сиырлар рационына ірі азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи
шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл
сабанын беруге болады.
Кравченко Н.А. (1973) әр түрлі ауыл шаруашылығы жануарларының, оның
ішінде сүтті сиырлардың 24 қоректік элементке мұқтаждығы ескерілген. Бұл
нормалар жануарлардың физиологиялық күйін және жоспарланатын өнімділік
деңгейін ескереді, рациондарды жақсы теңестіруге мүмкіндік береді, мұның
өзі алынатын өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығындарын кемітеді. Сүт
өнімділігін қалыптастыру үшін жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу
жағдайларының айтарлықтай маңызы бар, шын мәнінде бұлар оған басқа
факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайды.
Кузнецов А.Ф., Демчук М.В (1991) деректері бойынша, сауын сиыр
рационын құрастыруды әр шаруашылық өзіндік азықтандыру ерекшеліктерін,
экономикалық тиімділігін ескере отырып типтік рациондарға негіздеп
ұйымдастырады. Рациондар сауын сиырлардың өнімділігін арттыруға бағытталып
нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік, минералды және витаминді заттар
бойынша сәйкестіріледі.
Қ. Н. Бегімбетов, А. Ә. Төреханов, Ә. Б. Байжұманов (2006) деректері
бойынша рацион құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы оның алмасуы
тіршілікті қамтасыз ету және өнім өндіруге жұмсауына ықпал етеді
Л. И. Хитруна (1974) зерттеулеріне сәйкес, әрбір сиырдың беретін сүті
мен салмағына қарай азықтық рационы да айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің
негізгі шарты – жем-шөпті баптап беру ісіне үлкен назар аудару керек.
Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс азықтандырумен қатар, олардың желініне,
сауу әдісіне де ерекше көңіл бөлінуі керек.
Л. К. Эрнст Н. А. Кравченко и. (1987) дәйектемелерінде, бұзаулаған
соң сиыр суды көп қажетсінбейтігіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40
минуттан кейін сиырды жылы сумен суарады. Майда, жұмсақ, сапалы пішен
беріледі. Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп қоса
отырып 8-10 күнде жеткізеді.
М. М. Лебедева (1974) сиырларына жүргізілген зерттеулерінде,
рациондағы құрғақ заттардың ішіне күкіртті 0,12-0,18% деңгейінде, жануардық
қоректік мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатындығы ескертілген.
Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. (1992) мақаласында талқыланғандай,
малды азықтандырудың әр түрлі әдістерінің ішінде ең тиімдісі – толық
рационды балансқа келтірілген қоспа азықты қарапайым әдіспен ұсақтап (5-7
см), жемшөп, сүрлем, пішендеме және басқада қоспалармен байытып даярлау.
Жылына 3500-4000; 4000-4500 кг сүт беретін сауын сиырларға берілетін толық
рационды қоспа азық қатынасы: ірі және шырынды азықтар 66,0-70,0 %, құрама
жем 34,0-30,0 % болуы тиіс.
Н. П. Чирвинский (1896) мақаласындағы тың деректерге сүйенсек,
азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қаматамасыз
ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған
рациондар концентраттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы
құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде ас қорыту жүйесі
бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне
ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде
вертикальді азық араластырғыштар орналастырылған, ол – тамаша азық
қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді.
Омарқожаев Н.О. (1993) мәліметтері бойынша, далалық қызыл тұқым
сиырларының жасы ұлғая келе, олардың сүтінің өнімділігі де артады екен,
әрине, осыған сәйкес олардың желіндерінің көлемі де ұлғаяды. Сүт сауыны
бірінші рет болып тұрған сиырларымен салыстырғанда толық жастағы сиырлардың
желін көлемі сауынға дейін 3,7 % - ға артық болған.
Онғарбаев Т.А., Аманжолов Қ.А. (2009) бірқатар зерттеулерінің
нәтижесінде азот тыңайтқышы мөлшерін гектарына 100-ден 200 кг-ға
жеткізгенде асты тұқымдас шөптердегі кальций арта түсетінін көрсетті. Ал,
бүгінгі күнгі ғалымдардығ ізденіс нәтижелеріне зер салсақ, шөптің құрғақ
затындағы кальцийдің сауын сиырына қажетті орташа мөлшері килограмына 5-7,5
г аралығында болатыны анықталды.
Садықұлов Т.С. (2003) 8 айлығынан 18 айлығына дейінгі ұрғашы
баспақтар. Өсіп-жетілу кезеңінде ұрғашы баспақтар орташа қондылықта болуы
тиіс. Ағзасы арықтаған кездегідей, майдың шамадан тыс жиналуы да ішкі
органдар мен тіндердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Орташа тәуліктік
салмақ өсімін 650-800г деңгейінде алу мақсатында, мал басын толықтыруға
арналған ұрғашы баспақтарды өсіру технологиясы мен Қазақстанның табиғатын,
сондай-ақ ауа райы ерекшеліктерін ескере отырып, оларды азықтандыру үшін
қажетті қуат, протеин, фосфор және күкірт мөлшерлерін жасаған болатын.
Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П (1984) деректерінде ірі
қара төлін өсірудегі негізгі мақсат – тез өсіп жақсы жетілетін, дене
тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін ір шаруашылықта табиғи
және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескер отырып, ғылыми негізделген
топ өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді.

І. Төлдердің өсіп-өнуі және қоректік заттарды қажетсінуі
1.1. Төлдердің өсіп-өну ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымы бір орында тұрып қала
бермейді. Жоғары бағалы қоректендіруді жобалау, физиологиялық және
биохимиялық зерттеу жөнінде мәліметтер береді. Малдардың тұқымын жетілдіру,
сүт өндірісі технологиясын жақсартады.
Ірі қара төлін өсірудегі негізгі мақсат – тез өсіп жақсы жетілетін,
дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін ір шаруашылықта
табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескер отырып, ғылыми
негізделген топ өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді.
Жас малдың энергиясы және қоректендіру затын қорек етуін анықтау
организмдегі зат алмасу маңыздылығымен түсіндіріледі, анықталған бойдың
өсімталдығы әр түрлі жас деңгейіне байланысты.
Жас, өсімтал малдар, яғни төлдер жоғары бойлы ірі болып, экономикалық
жағынан шығынды, өнімділігі жоғары азықты пайдалануға әкеледі. Бұл төлдің
биологиялық маңыздылығын міндетті түрде пайдаланып, оның толық мөлшерде
қоректенуін қамтамасыз еткен тиімдірек. Жас мөлшері өскен сайын төлдің
майлылығы, минералдық заттарға жеткіліктілігі, тірі салмағы байқалады.
Әрбір аймақта ірі қара төлдерін өсіруге, оның тірі салмағынын өзгеруіне,
уақытқа байланысты өсуіне, азықтандыру деңгейімен түріне қарай жоспар
құрылады.
Төлді өсіру және азықтандырудың жаңа мөлшері құрғақ тамақпен,
көміртекпен, маймен және калий, магний, күкірт микроэлементтерімен, темір,
мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод-микроэлементтерімен және басқа
витаминдер Д және Е-мен толықтырылады. Бір килограммға өскендегі кеткен
уақытқа берілген азық мөлшерінің негізі – оның жасымен және тірі салмағымен
байланысты. Төлдің өсіру интенсивтілігі жақсы сападығы ет алу, толық құнды
сүт беретін уақытпен маңызды.
Жас малды мақсатты түрде бағыттап өсіру үшін оларды азықтандыру
жоспарын жасайды. Төлдің нәрлі заттарды қажет етуі, оның жас ерекшелігіне,
тұқымына, тірі салмағымен тәуліктік өсіміне байланысты.
Төлді түрлі азықтармен азықтандыру, әсіресе, асқорыту органдарының
жетілуін күшейтеді және мұндай азықты көп жеуге, оны жақсы қорытып,
қоректік заттарды жақсы сіңіруге бейімделген. Малды қалыптастыруды
қамтамасыз етеді.
Іріқара малының сүттілік және сүттілік тұқым қуалау қасиеттері
қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның ең
бастысы – малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану. Малдың организмімен
сыртқы ортада тығыз байланыс бар, сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас
организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыс болады. Әсіресе, жас малдың өсіп-
дамуына және өнімділігінің қалыптасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар
азықтандыру көп әсер етеді.
Төлдің өсіп жетілуіне және өнімнің қалыптасуына, оларды уақытында
серуендетудің маңызы зор. Мал серуендегенен кейін азықты жақсы жейді, әрі
ас қорыту да жақсарады. Көптеген тәжірибелер бойынша серуендеуге көп болған
6 айға дейінгі бұзаудың салмағы серуендеуде болмаған бұзаулардың салмағынан
8-15% артық болған. Етке арналған бұзауды көп серуендетуге болмайды,
өйткені бұдан оның салмағы кемиді. Ал сүтті тұқым төлдерін серуендету
міндетті, себебі ол сүттің қалыптасуына әсер етеді. Үнемі серуенде болған
тұмса ірі қараның серуендеуде болмағандармен салыстырғанда сүті – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Ешкілерді азықтандыру және күтіп бағу
Сиырдың сүт өнімдерін өндірудегі желінсау ауруы
Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану
Ірі қара шаруашылығы
Қайрақ ЖШС шарттарындағы абердин ангус тұқымды малдардың сипаттамасы
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Пәндер