Экономиканы реттеу құралдары
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, реттеу объекталары
1.1 Экономиканы реттеу қоғам өмірінің
қажеттілігі ... ... ... ... ... .5
1.2. Экономиканы мемлекеттік реттеліну объекталары ... ... ... ... .8
II. Экономиканы мемлекеттік әдістері мен құралдары
2.1. Реттеу әдістері және оларды іске асыру туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10
2.2. Экономиканы реттеу
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 14
III. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелер
3.1. Шет елдер экономикасын реттеу: түсінігі,
мәні ... ... ... ... ... ..19
3.2. Шет елдер экономикасын реттеудегі жоспарлау,
болжамдау және
бағдарламалар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 21
Корытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8
Кіріспе
Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің
экономиканы реттеуіндегі ролін күшейту. Экономиканы мемлекеттік
реттеудің негізгі мақсаты мемлекеттің, қоғамның мүддесін және
халықтың қорғаныссыз тобының мүдделерін қорғау.
Кез келген елдің жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның жағдайлары,
іс – қызметтері арқылы байқалады, экономиканы мемлекеттік реттеу
объективті қажеттілік. Яғни мынадай қажеттіліктерді атап өтуге
болады:
біріншіден бұл таза қоғамдық тауарлар, яғни нарықтық экономика
қатынастары ықпалына бағынбайтын немесе нарықтық экономика
механизмдерінің ықпалын қабылдамайтын қызметтер, тауарлар. Мұндай
тауарлар, қызметтер қатарына адам өмірімен, мемлекеттің дамуымен
тікелей байланысты: мелекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз ету, мемлекетті басқару, адамзаттардың заңды құқтарын,
қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз
етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады,
қоғамға қажетті мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік
инфақұрылымды жасайды. Мемлекет тұрғындарды әлуеметтік қорғау
жұмыстарын өзіне алады. Оларға – оқушылар, студенттер, зейнеткерлер,
мүгедектер мен көп балалы отбасы. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де
өз қызметі санайды. Екіншіден қоршаған табиғи орта, жер қойнауының
бйалығы, оларды ұтымды, тиімді пайдалану.
Әкімшілік - әміршілдік басқару экономикасынан нарықтық
экономикаға көшу еліміз экономикасының шаруашылық механизмін түгелдей
қайта құруды талап етуде, ал ол күрделі экономикалық - әлеуметтік
реформаны жүйелі, кешенді жүргізуді көздейді.
Нарық ол өзіндік мақсат емес. Ол жоғарғы басқару органдарының
әкімшілік бұйрықтарымен, іс-қызмет шешімдерімен қалыптаса қалатын,
жұмыс жасай кететін іс-қимыл аясы емес. Нарық ол өндіріс бағытын,
мақсатын тұтынушыларға қаратып бұратын және меншік түрлеріне қарамай
өндіруші - сатушылар, тұтынушы - сатып алушылар іс-қимылдарына жағымды
жағдай жасайтын механизм. Бұл механизмдерді
қалыптастырудағы мемлекет ролі өте зор.
Нарықтық экономика қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі барлық
әлеуметтік және экономикалық үрдістерді автоматты түрде шешетін құрал емес.
Ол түсімдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етпейді, әлеуметтік-қоғамдық
еңбекке кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтарын
көтермелей алмайды және қоршаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерін бағыттай
да алмайды.
I.бөлім. Мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, реттеу объекталары
1.1.Экономиканы реттеу қоғам өмірінің объекталары
Қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық дамуында мемлекет, яғни
оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері
айрықша. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген
ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында
оның экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта
өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырылды. Нарықтық экономикаға
ықпал жасау тәсілдері мен құралдарының қалыптасу жолында 1929-1933
жылдар аралығындағы әлемдік дағдарыс маңызды роль атқарды. Әлемнің
дамыған елдеріндегі өндіріс көлемі екі еседей төмендеп, халықаралық
сауда күрт азайып, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды, осы кезде
мемлекеттер дағдарыспен күрес жолында көптеген экономикалық іс –
қызметтерді өз мойындарына алуға мәжбүр болды.
Қазіргі кезде қоғам өмірінің дамуында экономикалық іс – қимылдар
аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық шаруашылық байланыстарының
күрделене түсуі мемлекеттің экономиканың ролін күшейте түсуде.
Қазақ ғалымдары Н. К. Мамыров, Ж. Ихданов анықтамалары бойынша
мемлекеттік реттеу дегеніміз, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және
тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ету мақсаты үшін мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйым-
дастыру – құқықтық араласу түрі.
Ресей ғалымы Л. П. Ходов нарықтық экономика жағдайында экономи-
каны мемлекеттік реттелінуі деген, қазіргі әлеуметтік – экономикалық
жүйені өзгермелі жағдайға бейімдеу және тұрақты дамыту мақсатында
өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, атқару және
заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.
Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеу, бұл белгілі бір
процес-
терді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске
асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің
ықпал жасауы.
Екіншіден, мемлекет ықпалының мақсаты әлеуметтік – экономикалық
жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық
тұрақтылықты және тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ету.
Үшіншіден, мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық, құқықтық
түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар
жүйесінен тұрады.
Төртіншіден, ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер,
қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.
Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы Клас Эклунд таза
күйдегі реттелінбейтін экономика қазір бірде – бір мемлекетте жоқ
және нақтылап айтқанда еш уақытта болған емес деп айта келе,
мемлекеттік реттеудің тиімді өндірісті, әлеуметтік дамуды және
қоғамда өндірілген өнімдерді әділ бөлуді қамтамасыз етуде объективті
қажеттілік екендігін айтады.
Нарықтық экономикалық қатынастар, бұл тауар өндірушілер мен
тұтынушылар аралығындағы байланыстар. Бұл байланыс жүйесінде өндіріс
шығындары құрамында табиғатты қорғауға, оның байлығын үнемді, ұтымды
пайдалануға бағытталған жұмыс шараларын ынталандыратын, іске
асырылуын қадағалайтын механизм жоқ. Сол себепті, өзінің іс –
қызметін сұранысты өтеуге және пайда келтіруге бағыттайтын кәсіпкер
көңілінен қоршаған ортаның тазалығын қорғау, қамтамасыз ету және
табиғи шикізаттарды тиімді пайдалану шығып қалады. Бұл жұмыстар
барлық халықтар өмірі үшін қажетті. Сондықтан мемлекеттің өндіріс
процесіне, оның өнімдерін пайдалану процесіне араласуы және үш
бағытта белсенді жұмыс шараларын жүргізуді талап етеді, яғни:
Біріншіден, орталықтандырылған қаржы көздері арқылы ағымдағы
және болашақтағы табиғи ортаны қорғау шараларын іске асыру.
Екіншіден, шруашылық субъектілеріне табиғи ортаның байлығын және
қоршаған нормаларын, нормативтерін, құқықтық - әкімшілік шектеулерін
белгілеу.
Үшіншіден, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ынталандыру
механизмін қалыптастыру және бақылау.
Мемлекеттік реттеудің қажеттілігін анықтаудың келесі бір факторы,
ол барлық экономикалық жүйе дамуының мақсаттылығы.
Мемлекеттік реттеудің қажеттілігін анықтаудың тағы бір факторы,
ол экономиканың дамуына, жұмыс жасауына жағдай жасайтын және
экономиканың барлық салалары, сфералары араларында үзіліссіз заттай,
ақпараттық ағымдар қозғалысын қамтамасыз ететін өндірістік
инфрақұрылымдардың кешенді дамуы. Ақпарат және тиімді байланыс
жүйелері тұтас экономиканың даму факторларының негізгі буындардың
бірі.
Осы айтылған факторлармен бірге экономиканы мемлекеттік реттеу
қоғам өмірінің қажеттілігі ретінде өтпелі экономика кезінде айрықша
көрініс алды. Мұндай кезде мемлекет өзінің атқарушы, заң органдары
арқылы бүкіл жүйенің қиындықсыз, шығынды зардапсыз, ауырлықсыз
қоғам үшін тиімді жүйеге өту механизмін құрады, іске асырылуын
қадағалайды, алыс болашақтағы, орта және қысқа мерзімдегі
мақсаттарын іске асырады, елдің әлеуметтік – экономикалық тұрақты
дамуын қамтамасыз етуге бар күшін салады.
1.2. Экономиканың мемлекеттік реттеліну объекталары
Экономиканың мемлекеттік реттеліну объекталары дегеніміз –
экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге автоматты
түрде өздігінен шешілмейтін, не болмаса алыс болашақта шешуін
табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты
жұмыс жасауына, дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық
өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объекталарына
жататындар:
- экономикалық цикл
- секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымы
- капиталдың қорға айналу жағдайы
- жұмыспен қамту
- ақша айналымы
- төлем балансы
- баға
- ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыс
- бәсекелестік жағдайы
- әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру
- мамандарды даярлау
- қоршаған орта
- сыртқы экономикалық байланыстар
Бұл айтылып отырған объекталар әлеуметтік – экономикалық дамуда
макроэкономикалық және қатынастарды қамтиды.
Экономикалық цикл. Кез – келген экономика циклды дамиды. Яғни
айтқанда, экономиканың дағдарысты, тоқырау және жоғары қарқынды даму
кезеңдері болады. Мемлекеттің реттеудің мақсатына, міндеттеріне сай
әр кезеңде мемлекет осы жағдайларға, экономикадағы құбылыстарға
ықпал жасауы керек. Бірінші, дағдарысты, тоқырау кезеңін алайық.
Бұл кезең төмендегі жағдайлармен сипатталынады:
кәсіпорындардың тұрақсыз жұмыс жасауымен, жабылуымен;
тұтынушылар сұранысының азаюымен, кемуімен;
халықтың жұмыс жағдайының нашарлауымен;
жұмыссыздықтың өсуі;
Бұндай жағдайларда мемлекет антициклдік саясат және экономиканың
коньюктурасын реттеу жұмыстарын іске асырады. Бұл саясаттың және
қызметтердің мәні: мелекет жеке секторға қосымша қаржылық
жеңілдіктер беру, жұмыспен қамтуды ынталандыру. Мұндай кезеңдегі
экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеті – сұраныстың, тауарлардың
артық өндірісін, капиталдардың көптеп қорға айналуын мейлінше
болдыртпау.
Секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымдарын
мемлекеттік реттеу халық шаруашылығының баланстандырылған салалық,
аймақтық құрылымын құруға, қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Бұл бағыттағы реттеу экономикалық саясатты іске асыру, реттеу
сияқты қаржымен ынталандыру және мемлекеттік күрделі қаржы көмегі
негізінде жүзеге асады.
Капиталдың қорға айналу жағдайы экономиканы мемлекеттік реттеудің
басты объекталарының бірі. Нарықтық экономика кезінде әрбір
шаруашылықтың, экономикалық субъектаның басты міндеті пайда табу,
оны игеру және ұлғайту. Экономикалық субъекталардың өз пайдаларын
тиімді, ұтымды өндіріс мақсатында пайдалануға жақсы жағдай жасау,
мемлекеттің басқару, реттеу органдары экономикалық циклге, салалық
құрылымдар дамуына ықпалын жасайды.
Төлем балансы – бұл нақты өндірістік түсімдер мен төлемдер, яғни
айтқанда елдің экономикалық саулығын көрсететін экономикалық
көрсеткіш. Әлем елдері бұл көрсеткішті тұрақты бақылауда ұстайды,
оған шұғыл және стратегиялық реттеулер жүргізе
II. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары
2.1. Реттеу әдістері және оларды іске асыру туралы
жалпы түсінік
Реттеу әдістері дегеніміз – экономиканы мемлекеттік реттеу
мақсаттарын орындау үшін әлеуметтік – экономикалық процестерге,
объекталарға ықпал жасау әдістерінің, амалдарының және құралдарының
жиынтығы. Бұл аралас реттеу әдісі әкімшілік, құқтық және
экономикалық реттеу құралдарынан тұрады. Алайда күнделікті өмірде
әкімшілік - әміршілік және нарықтық реттеу әдістері дегенді көп
естудеміз. Ел аузында осындай әдістердің айтылуы, біздің ойымызша
экономиканы реттеу, басқару ісінде не әкімшілік, не экономикалық
құралдар жүйесінің басым болуынан. Әкімшілік реттеу, ықпал жасау
әдісінде әлеуметтік – экономикалық процестерді реттеуде, басқаруда
мемлекеттің атқкару органдарының шаруашылық субъекталарының іс-
қызметтеріне тікелей араласуы айрықша және басым болады. Әкімшілік
реттеу әдістерінің мысалы ретінде бұрынғы Кеңестер Одағындағы
шаруашылық жүргізуді басқару есептелінеді. Бұл әдістің негзігі
сипаттамасы төмендегідей.
1. Шаруашылық жүргізу механизмінің негізгі орталықтандырылған
жоспар.
2. Орталықтандырылған жоспардың бұйрықты сипаты.
3. Ресурстарды орталықтандырып бөлу.
4. Экономикалық субъекталардың ресурстарын, қаражаттарын
қайтарымсыз орталыққа алу және қайта бөлу.
5. Шаруашылық субъекталарының кәсіпкерлік іс – қызметтеріне тыйым
салу.
6. Түсімдерді пайдалану, бөлу ісіне және шаруашылық – қаржы іс –
қызметіне жоғары басқару органдары анықтайтын тәртіп орнату.
Яғни айтқанда үлкен экономикалық жүйеде не, қалай, қанша, кім
үшін деген сұрақтар орталықтандырылған жоспар негізінде анықталына-ды
және іске асырылады.
Өмір, мұндай реттеу, басқару әдістерінің өндірісті дамыту мен
өнімдер сапасын арттыруда техникалық, технологиялық артта қаруға
және шығынды экономикаға әкелетіндігін көрсетті.
Мыслға, Кеңестер Одағының мемлекеттік статистикалық Комитетінің
мәліметтері бойынша Кеңестер Одағында 70 – шы жылдары ұлттық
пайданың өсуінің тоқтағандығын көреміз. Өндіріс өсуі мен халықтың
әл – ауқатының жақсаруы шикізат ресурстарын, әсіресе мұндайды көптеп
сыртқа шығару және негізгі капиталды жетілдіруге, жаңалатуға жұмсалу-
ға қажетті қаражаттар көздері арқылы іске асырылды.
жылы отын және электр қуатын шығару барлық экспорттың
52,8 % берді, ал 1970 жылы оның деңгейі – 15,6 % еді.
1970 – 1986 жылдар аралығында Кеңестер Одағында шойын өндіру 86
млн. тоннадан – 114 млн. тоннаға, ал болат өндіру 116 млн.
тоннадан – 162 млн. тоннаға дейін өссе, АҚШ – та ол керісінше, яғни
шойын өндіру 83 млн. тоннадан 40 млн. тоннаға, ал болат өндіру
122 млн. тоннадан дейін азайды.
Нарықтық экономиканы реттеу әдісінің екі бағыты бар.
Біріншісі, XIX ғасырдың 70 – XX ғасырдың 30 жылдар аралығын қам-
титын неоклассикалық бағыт. Бұл бағыт экономика өздігінен реттеліне-
тін жүйе деп қарастырады. Бұл бағыттың негізін қалаушылары К. Мен-
гер, Ф. Визер, Л. Вальрас, Е. Бем – Баверк, т. б.
Бұл бағыттың негізінде:
Экономикаға араласпау.
Жеке кәсіпкерлікке кең бостандық принциптері жатты.
Бұл бағыт – нарық механизмі өзі экономиканы реттейді деген тұжырымда
болды. Яғни, сұраныс пен ұсыныс, өндіріс пен тұтыну аралығындағы
тепе – теңдіктер, егер мемлекет араласатын болса бұзылады деген
көзқарасты қолдайды.
Екінші реттеу бағыты Кейнсианстық бағыт – дағдарысты жағдайларды
жоюға және жоғарғы деңгейдегі еңбекпен қамтуға қол жеткізуді негіз
етеді. Экономикаға ықпал жасаудың негізгі факторы тұтыну және
инвестиция көлемімен анықталатын Тиімді тұтыну есептелінеді. Бұл
бағыт экономиканы мемлекеттік бюджет саясаты және ақша несие
саясаты арқылы реттейді деп тұжырымдайды.
Экономиканы реттеу әдістерін қоғамның әлеуметтік – экономикалық
өміріне ықпал жасауына қарай тікелей және көлбеу ықпал әдістері
деп те бөледі.
Тікелей ықпал әдісі – экономиканың кейбір салаларын, келесі
секторларын мемлекет меншігіне айналдыру, ия болмаса кәсіпорындарды
мелекеттің атқару органдарының шешімдеріне бағындыру арқылы іске
асырылады. Мемлекеттің тікелей ықпал жасайтын объекталарына:
1. өндіріс орындарын орналастыру және ашылуын, салынуын бақылау.
2. экономикалық және тазалық бақылауы.
3. өнімдердің сапасын бақылау.
4. еңбек және әлеуметтік заңдардың орындалуын бақылау.
5. монополияға қарсы бақылау.
6. мемлекеттік тапсырмалар.
7. мемлекеттік сектор, т.б. жатады.
Көлбеу ықпалы. Әлеуметтік – экономикалық жағдайларға көлбеу
ықпалдың негізгі бағыттары.
баға мен пайда динамикасына ықпал
еңбекпен қамту мен мамандарды даярлау
өндіріске жаңалықтарды енгізуді ынталандыру
фискалдың және аммортизация саясаты
бәсекелестікті ынталандыру
инфрақұрылымдарды құру және аймақтық саясат
мемлекеттік болжамдау және бағдарламалау
Күнделікті өмірдегі әлеуметтік – экономикалық процестерде тікелей
және көлбеу ықпалдары дара күйлерінде кездеспейді, олар әр уақытта
бірге, бірін – бірі толықтырып отырады. Осы ықпал жүйелерін
қолдануда басшылыққа алатын жағдайлар бар, яғни айтқанда экономиканы
реттеу сапасы мен нәтижелілігі төмендегідей жағдайларды дұрыс іске
асыруды қажет етеді. Олар:
1. Мәселені түсіну, бағалау, таразылау
2. Шешім қабылдау
3. Мақсаттар жүйесін, иерархиясын анықтау
4. Шешімді іске асырудың алғашқы қадамын тексеру, бағалау
5. Ықпал жасау құралдары, олардың түпкі нәтижеге әсері
Бұл жерде, еске алатын жағдай, ол ықпал жасау, реттеу қазіргі
және болашақтағы жағдай мақсаттарын ұтымды, тиімді орындауға
бағытталын-уына керек.
2.2. Экономиканы реттеу құралдары
Негізгі экономикалық реттеу құралдарына:
- Фискалдық саясат
- Ақша – несие саясаты
- Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау
- Мемлекеттік бережақ
- Мемлекеттік жоспарлау, болжамдау
Фискалдық саясат – ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу
құралдарын қамтиды, яғни үкімет шығындары және салықтары мен
байланысты реттеу жүйелері. Ол мемлекеттік тапсырмалармен, сатып
алуды көбейту не азайту, әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік жәрдемдер
мен субсидтер, мемлекеттік күрделі қаржыларды пайдалану
бағдарламалары құралдарын қамтиды.
Фискалдық саясаттың маңызды құралы салық. Салық – бұл мемлекет-
тің заңды және заңды емес тұлғалардан міндетті түрде алынатын
төлемдері. Салықтар мемлекеттік реттеуде екі түрдегі роль атқарады.
Біріншіден, ол бюджеттік саясаттың негізгі заттық негізі,
мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың басты көзі.
Екіншіден, ол түсімдерді қайта бөлуші, ынталандырушы және
бақылау. Бұл тұрғыдан алғанда салықтар екі қызметті атқарады:
фискалдық және экономикалық. Фискалдық функциясы – салықтардың күшімен
мемлекеттің ақша қоры қалыптасады. Экономикалық функция-
сы, ол арқылы мемлекеттің экономика салаларына, сфераларына ықпалы
іске асырылады. Фискалдық саясат салық төлеушілердің мемлекет
алдындағы борышын көрсетсе, ал экономикалық – мемлекеттің халық
алдындағы, салық төлеушілер алдындағы міндеттерін көрсетеді.
Фискалдық саясатты оның механизмдерінің экономикалық жағдайлардың
өзгеруін ескерулеріне байланысты екі бөлімге бөледі:
Бірінші, дискерциондық саясат – бұл үкіметтің ықпалы, оның
шешімдері негізінде іске асатын саясат. Оның құралдары:
мемлекеттің еңбекпен қамту бағдарламалары
әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар
салық мөлшерін өзгерту шешімдері
Екінші, құрылған стабилизаторлар саясаты, өзін - өзі реттеу
жағдайында жұмыс жасайтын механизмдерді пайдалану, олар экономикадағы
өзгеріс жағдайларын мемлекет шешімдерісіз өздігінен ескеріп отырады.
Олардың қатарына:
салық төлемдеріндегі автоматты өзгерістер
әлеуметтік және жұмыссыз кезіндегі төлемдерді жатқызуға болады.
Салық төлемдеріндегі автоматты өзгерістер прогресивті салық
шкалалары арқылы іске асырылады. Бұл шкала екі жаққа да, яғни
өсу, төмендеу, бірдей жұмыс жасайды, ол пайда, түсім көлемімен
тікелей байланысты.
Ақша – несие саясаты, ол банк жүйесінің іс – қызметімен
байланысты, соған негізделген. Бұл саясаттың негізгі мақсаты
экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүддесінде тұрақты және тиімді
несие жүйесін құру. Экономикасы дамыған елдерде ақша – несие
саясатын реттеудегі негізгі бағыттар болып:
орталық банктің есептік мөлшерді өзгертуі
ашық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz