Еркек ешкілерді азықтандыру ерекшеліктері



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Еркек ешкілерді азықтандыру ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

І. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Асыл тұқымды текелерді өсіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Жас мөлшері әр түрлі текелер тобын азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... .9
2.3. Текелерді жайып күту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.4. Ешкі өсірудің
пайдасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..14
2.5. Ешкі шаруашылығының даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.6. Елімізде жүндес ешкілерді өсірудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..20
ІІІ. Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25
І. Кіріспе бөлім

Дүние жүзінің әр түрлі аймағында ешкі өнімдерін өндіру бағытына қарай
оның таралуы да әр түрлі болып келеді. Тропикалық елдерде ешкі өнімдері —
адам үшін малдан алынатын белоктың басты көзі болып табылады. Осы түлікті
күтіп-бағу, азықтандыру мен есірудің интенсивті әдістері қолданылатын АҚШ,
Франция, ФРГ, тағы басқа да дамыған капиталистік елдерде ешкі шаруашылығы
айтарлықтай экономикалық тиімділік керсетуде.
1980 жылдың аяғындағы мәліметтер бойынша, дүние жүзіндегі ешкінің саны
400 млн. бастан астам болды. Жыл сайын олардың саны 3—5 млн. басқа өседі.
Дүние жүзіндегі ешкілердің 34 жуығы Азия мен Африка елдерінде орналасқан.
Ешкі малының көпшілігі негізінен жаңа дамып келе жатқан тропикалық
елдерде болып отыр, кей елдерде олардың саны қойдан да көп. Мысалы, Индияда
ешкінің саны 70 млн. басқа жетеді.
Батыс Европаның кейбір елдері мен АҚШ-ты есептемегенде барлық
құрлықтарда ешкі шаруашылығы көпшілік жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерін
ендіретін малдың басқа түрлерін өсіруге тиімсіз аудандарда ғана дамып отыр.
Мысалы, Монғол Халық Республикасын алуға болады. Ол ешкі саны жөнінде дүние
жүзінде жетінші орында, ал жап басына шаққанда ешкі өнімдерін өндіруде
дүние жүзінде бірінші орында. Ешкінің 60 проценті мұнда биік таулы және
жартылай шөл далалы аймақтарда орналасқан.
Қазіргі кезде ешкі шаруашылығы негізінен жоғарғы сапалы түбіт, бір
келкі ангор типтес жүн, тері өндіру үшін дамытылып отыр. Ешкі азықтандыруды
олардың қоңдылығын сақтап, сүт, жүн, түбіт өнімділігін, лақтағыштығын
қамтамасыз етуге бағыттайды. Олар қоректік мұқтаждығын қамтамасыз ету
көзделеді.
Малды азықтандыру рационы - азықтаңдыру нормасының, яғни организмінің
мұқтаждығының көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін бір басына тәулігіне
(айына, жылына) берілетін (жегізілетін) жемшөп мөлшері. Малды азықтандыру
рационы малдың ас қорыту жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, олардың
сүйсініп жейтін жемшөбінен құрастырылады. Рациондағы ол жемшөптердің жалпы
қоректілігі (азық өлшеміне алмасу энергиясы) бойынша есептелінген ара
қатынасымен рацион құрылымын белгілейді. Көп қарыңды күйісті малды
азықтандыру рационы аумақты арзан азықтарға (көкшөп, сүрлем, пішен,
пішендеме, сабан ж.б.) негізделе отырып (жалпы қоректілігінің 40-60%)
құрастырылса, бір қарынды шошқанікі құнарлы жемге (дән мен жармаларға)
негізделіп (жалпы қоректілігінің 80-90%) құрастырылады.
Ешкінің қоректік мұқтаждығы жасына, тірілей салмағына, өндірілетін
өнім түріне жөне оның мөлшеріне қарай өзгереді. Теке негізінен жайып
күтуге дағдыланған мал. Жайлымдарда оның организмдеріне аса қажетті
каротипге және басқа да керекті заттарға бай көк шөп жеткілікті. Текелер
әдетте дала жайылымы мен таулы өңірлерде, шөбі сіңімді табиғи
жайлымда бағылады. Оларды дұрыс пайдалану, суландырып өнімділігін арттыра
түсу жемшөп қорын молайтудың негізгі резерві болып табылады. Жайлымды
дұрыс пайдаланудың қарапайым да дұрыс, сенімді жолы — текелерді загонға,
бөлінген жайылымда бағу.
Курстық жұмыстың мақсаты: текелерді азықтандыру ерекшеліктерімен
танысу. Азықтандыру рациондарын құру.
Курстық жұмыстың міндеттер: текелерді азықтандыру нормалары туралы
және жайып күту ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.

1.1. Әдебиетке шолу
Х.Х. Мусалаев (1972) пен С.Чагаровтардың (1979) айтуына қарағанда,
советтік жүндес ешкі тұқымымен жергілікті дағыстан және карачай ешкілерін
будандастырудан алынған осындай будан ешкілердің бірінші ұрпағы жергілікті
ешкілердің осы жастағыларынан 91,1 және 121, 0 процент жүн береді.
С.Чагаровтың (1979) Өзбекстандағы советтік жүндес текелер мен карачай
ешкілерін шағылыстырудан алынған буданның бірінші ұрпақтарының беретін
түбіті мен ауыспалы талшықтары жергілікті ешкілерге қарағанда 2,83 есе көп
болған.
В.И.Бойков (1940), П.Ф.Кияткин (1968), Е.В.Эйдригевич (1939),
А.И.Жандеркин (1946) тағы басқа да зерттеушілердің тқжырымдамалары қазіргі
кездегі ешкілердің шығу тегі түрлерінен тарады деген ортақ пікір тудырып
отыр.
К.Келлер (1971) ешкі тұқымының шығуына Гималай текелерінің, ал Громова
(1946) мәліметтетір бойынша басқа да авторларлың еңбектерінде айтылған
пікірлерде Альпі тау текесі мен Сібір тау текесінің қатысуы да мүмкін деген
жорамал жасайды.
А.И.Жандеркин (1941) мәліметі бойынша, текелерге сүрлемді бергенде
алғашында аз-аздап, сонсон, 7—10 күн ішінде нормада белгіленген мөлшерге
дейін жеткізу керек. Үлкен текелерге күніне 3 кг, ал төлге 1,5 кг сүрлем
берген жөн екендігін айтқан.
И.Г.Лебедев (1943) зерттеулерінде текелерге ас тұзын, бор (10—15 г),
сүйек ұнын (тәулігіне 50—60 г) беріп отыру керек екен. Жақсы, сапалы
жемшепте минералды заттар жеткілікті мөлшерде болады.
И.А.Чагиров (1954) мәліметтеріне қарарағанда текелер әдетте дала
жайылымы мен таулы өңірлерде, шөбі сіңімді табиғи жайлымда
бағылады екен. Оларды дұрыс пайдалану, суландырып өнімділігін арттыра
түсу жемшөп қорын молайтудың негізгі резерві болып табылады. Жайлымды
дұрыс пайдаланудың қарапайым да дұрыс, сенімді жолы — текелерді загонға,
бөлінген жайылымда бағу.
В.Н.Петелинаның (1952) дәлелдеулері бойынша көктемде және күзде
текелерді тек шық кеуіп кеткеннен кейін жайылымға шығару керек, әйтпесе
шықта жайылған малдық асқазаны бұзылып, тұяқтары шіруі мүмкін.
Х.Х.Мусалаевтың (1972) мәліметтері бойынша ешкілер мен текелер
шағылыстырудан алынған будан ешкілердің бірінші ұрпағында талшықтар
64,25процент болды, яғни жергілікті ешкілерге қарағанда оларда 2,82 есе
жоғары болды.
А.И.Чикалев (2000) үлкен текелерге күніне 3 кг, ал төлге 1,5 кг
сүрлем берген жөн. Сүрлем таза, бабына жеткізілген, сіңімді болуы тиіс,
әйтпесе қышқыл, бұзылып кеткен ешкінің ішек-қарнында жүретін процестерді
бұзып, іш ауруына соқтыруы мүмкін. Ондай жағдайда мал тез әлсіреп, өлім-
жітімге ұшырайды.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Асыл тұқымды текелерді өсіру жолдары

Ешкі – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын
жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар
ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca түрі жатады.
Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы,
дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен
сүті пайдаланылады.
Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі),
түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес (өзбек,
қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он
жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе
жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60
килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май,
жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына
450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт береді. Сүтінің
майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см
болады. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек
айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады.
Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен
сафиян, шевро сияқты бағалы былғары жасалады.[1]
Ешкі малынан жеңіл, жылы түбіт, емдік, диеталык қасиеттері мол сүт,
жеңіл қорытылатын ет және жұқа мықты былғарылық тері алынады. Ешкі түбіті -
жеңіл әрі жылы тоқыма өнімдерін дайындауға қажетті өте бағалы шикізат. Одан
жылы, әрі өрнекті бөкебай орамалдары тоқылады. Текелердің еті сапасы
жағынан қой етіне шамалас келеді, текенің майы емдік қасиеті жөнінен жоғары
бағаланады. Теке терісі жұқа әрі мықты болғандықтан, өте сапалы былғарылық
бұйымдар дайындалады.
Асыл тұқымды текелерді азықтандыру, күтіп өсіруді дұрыс ұйымдастыру —
олардың тұқымын асылдандырудың және өнімділігін арттырудың маңызды
шарттарының бірі болып табылады.
Ешкі қой мен ірі қара сияқты шөппен қоректенетін, күйіс қайыратын
малдар тобына жатады. Олар жай жемшөп, құнарлы және құрама жемдермен
азықтанады. Басқа малдарға қарағанда ешкі азық таңдамайды: жусан, көде,
түрлі-түрлі тікенді өсімдіктер, ағаш жапырақтары, бұталар — бәрі де ол үшін
жұғымды азық.
Дәмді де сіңімді азықтарға деген ешкі организмінің, қажеттілігі
жасына, жынысына, лақтайтын мерзіміне, сол сияқты тұқымының әр түрлігіне
байланысты. Ешкілердің жақсы өсіп жетілуі үшін қосымша азықтармен
азықтандырудың маңызы зор. Ол азықтардың бірнеше түрі бар.
Жай жемшөп. Мал қолда ұсталатын кезде текелерге берілетін азықтың
негізі—даладан шабылған әр түрлі шөптер және шабындықтардың сіңімді көк
шөбі. Табиғи шабындықтары аз шаруашылықтар текелерге беру үшін жоңышқа,
еркекшөп, күздік арпа егеді. Салмағы 40—43 килограмм тартатын ешкілерге
тәулігіне 2 кг дала шөптері беріледі. Егер шаруашылықта шөп жетіспесе
тиісті рационның 40—50 процентін сабанмен алмастыруға болады. Текелер
арпаның, тарының сабанын сүйсіне жейді, сол сияқты бидайдың, кекнайзаның
сабандарын да нәрлеп, дәмдеп берсе керегінше жей береді. Оларға ағаш
бұталары мен жапырақтарын да беруге болады, мұндай жағдайда бұталардың
сіңімділігінің нашарлығы ескеріліп, тәулігіне жұмсалатын шөптің жартысындай
мелшерде ғана беріледі. Мұндай азыққа ақ қайың, терек, т. б. ағаштардың
жапырағы жарайды.
Дәнді азықтар. Сұлы, арпа сияқты дәнді азықтар ешкілерге тәулігіне 1
кг, лақтарға 0,5 кг мөлшерінде беріледі. Олар азықтандырудан бұрын
ұсақталып, жармаланып, ұнтақталып пайдаланылуы қажет. Жас төлдер мен
текелердің рационына көбінесе сұлы қосқан жен, ол малдың тез өсуіне,
текелердің өнімділігінің артуына жағдай жасайды. Текелерді сұлымен
ешкілерді ұрықтандыру алдында және ұрықтандыру науқаны кезінде
азықтандырған дұрыс.
Арпа — текелерді тез семіртуге қолайлы азық. Тым семіріп кетпеуі үшін
текелерге оны басқа жемдермен араластырып береді. Текелерге жүгері жармасын
да беруге болады. Әдетте, жүгерімен қоса жемге белоктары мол бұршақ
тұқымдастардың шөбімен араластырады, ас бұршақ, соя атқонақ сияты жемді
ұнтақталған түрде жей береді.
Кебек — өсіп келе жатқан төлге, лақтарын емізетін ешкілерге берілетін
аса қажетті, сіңімді, белокты азық.
Ол малға құнарлы азықтармен араластырылып немесе суландырылып
беріледі.
Құнарлы азық. Текелер мал азығындық қарбызды, асқабақты, сәбізді,
шалқанды және сүрлемдік жүгеріні жақсы жейді. Сүрлемді бергенде алғашында
аз-аздап, сонсон, 7—10 күн ішінде нормада белгіленген мөлшерге дейін
жеткізу керек. Үлкен текелерге күніне 3 кг, ал төлге 1,5 кг сүрлем берген
жөн. Сүрлем таза, бабына жеткізілген, сіңімді болуы тиіс, әйтпесе қышқыл,
бұзылып кеткен ешкінің ішек-қарнында жүретін процестерді бұзып, іш ауруына
соқтыруы мүмкін. Ондай жағдайда мал тез әлсіреп, өлім-жітімге ұшырайды.
Минералды қосымша азықтандыру. Текелерді минералды қосымша азықтандыру
аз мөлшерде ғана жүргізілуі керек. Текелердің рационында минералды заттар
жетіспесе, өнімділігі кеміп, тұқым сапасы нашарлайды.
Текелерге ас тұзын, бор (10—15 г), сүйек ұнын (тәулігіне 50—60 г)
беріп отыру қажет. Жақсы, сапалы жемшепте минералды заттар жеткілікті
мөлшерде болады.
Түйіршіктелген жем. Соңғы жылдары еліміздің көптеген шаруашылықтарында
қойларды, сол сияқты текелерді де түйіршіктелген жеммен азықтандыру
жүргізіле бастады. Жемді түйіршіктеу бағалы мал топтарының жынысы мен
жасына қарамай бәріне де жарамды аралас жем алуға мүмкіншілік берді. Ол
рационға керекті мөлшерде жай жемшөп араластыруға, жемді 100 процент толық
пайдалануға жағдай жасады. Түйіршік жасау егін, овощ, жүзімдік, бау-бақша
шаруашылықтарының қалдықтарын жемшөп қорын жасауға пайдалануға жол ашты.
Сонымен қатар жемді сақтау, бір орыннан екінші орынға тасу кезіндегі шығын
азайды.
Таудағы биік жайылымдықтарда, алыс мал отарларында бағылатын теке
отарларын жемшөппен қамтамасыз ету ісінде түйіршіктелген жемнің тасып
жеткізу жағынан да, құнарлығы жағынан да аса тиімді екендігі сөзсіз. Мұндай
мал азығының қойға арналған рецепті біздің елде жасалынған оны текелер үшін
де толық пайдалануға болады. Түйіршік жасау үшін елімізде жасалынған құрал-
жабдықтар пайдаланылады, оларды заводтарда жасалынғаннан кейін
Срюзгоскомсельхозтехника жүйесі арқылы шаруашылықтар жаздыртып алады.
Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан оларды кез-келген орында
асырауға болады. Ең бастысы орны құрғақ, өкпек жел болмаса болғаны. Қораның
температурасы +5-10 гра­дустан төмен болмасын. Қора ылғалды болатын болса,
онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Шөп салатын оттық жасалады. Суды екі
күнде бір рет ауыстырып отырады. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, құрғақ
шымтезек-көң немесе құрғақ жапырақтарды да қолдануға болалы.
Басты азығы шабынды шөп. 45 килә салмаққа дейінгі ешкілер тәулігіне 2
келіге жуық шөп жейді. Шөп құнарсыз болса сүттің майлылығы жылдам
төмендейді. Ол үшін ұнтақталған кебек немесе құрама жемді бұқтырылған түрде
беруге болады. Жаз мезгілінде ең басты азық табиғи жасыл шөп. Оларды тек
шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде екі рет суарады.
Құрсақтану ұзақтығы шамамен 150 күн. Кез келген үй жануарымен бірге
бір орында ұстауға болады. Дұрыс қоректендіріп, дұрыс қараған жағдайда
ешкілер мүлдем ауырмайды.
2.2. Жас мөлшері әр түрлі текелер тобын
азықтандыру ерекшеліктері

Жас мөлшері және жынысы әр түрлі ешкілер топтарын азықтандыру
әрқайсысын әр түрлі жолдармен керегінше жүргізілуі керек. Оларға тиісті
рацион жем-шөптің және жемнің сапасына қарай топтардың жас мөлшері және
жынысына байланысты жасалған азықтандыру таблицасы арқылы жасалынады.
Аға шопан сақман топтарын құрып, малды жайылымға шығарумен шұғылданған
шақта көмекшілері бір не екі күн болған төлдер мен олардың енелеріне шеп,
жем беріп, суғарып, күтімге алады. Қорадан жайылымға шығарылғанда текелер
суғарылады.
Кешкі сағат 5-тен бастап алғашында жас төлдер тобы, сонан соң
ересектер тобы қораға қайта бастайды. Мұнда оларды кезек-кезек суғарып,
қораға кіргізеді. Бұл кезде аға шопан малдың жай-күйін тағы да тексеріп
шығады.
Сағат кешкі сегіз кезінде біраз ешкілер жайлымдықтан келеді. Олар
базда не алаңда түнейді. Ал сақмандағы топтардағы мал тұратын үйшіктерге
сапалы шөп жеткілікті мөлшерде жеткізіледі. Сонымен қатар мұнда) тұз, бор
сүйек ұны керегінше қойылады.
Жас төл арнаулы бөлінген орындарда (асханаларда) аралас құрама жеммен
және минералды жемдермен қоректендіріледі.
Текелерді қолға ұстаған алғашқы екі аптада оларға сапасы жақсы шөп
беріп, сонан кейін бірте-бірте шабындықтардан шабылған табиғи жемшөпке
көшіріп, ал суық түскен кезде сабанмен азықтандыру керек. Шопандардың
көпшілігі ең таңдаулы, сапалы деген шөпті тел алу науқаны кезінде пайдалану
керек деп есептейді. Бұл дұрыс та, бірақ жақсы шөп қыс басында да, ерте
көктемде де қажеттілігі белгілі. Өйткені, ноябрь-декабрь айында ешкінің
түбіті есетін кез, январь-февральда ешкі организмінде төл өсіп, олардың
терісі және түбіт-жүндері қалыптаса бастайды. Олар нашар азықтандырылса,
бұл процестер дұрыс жүрмейді.
Текелерді алдын ала дайындалып бөлінген жерлерде азықтандырады.
Таңертең және күндізгі су ішер алдында олар сүрлем жейді де, құрама жеммен
су ішкеннен кейін азықтанады. Таңертең және күндіз сапасы төмендеу, ал
кешке қарай сапалы жай жемшөп беріледі.
Шөп және жем тиісті астаушаларға және ақырларға текелер жайылымда
жүргенде салынып, дайындалып қояды. Текелердің ара-арасының алшақ болуына,
сөйтіп жүндеріне шөп, сабан жабыспауына, малдың қысылмауына көңіл бөлінеді.
Жемшөп салынған ақырлардың теке отарлары жолына көлденең келмей, ұзына
бойына қарай тұруы қадағаланады, өйткені текелер оларды құлатып кететіні
ескеріледі. Ұзындығы 3 м ақырдан бір мезгілде 15—17 теке азықтануына
болады.
Қоңдылығы төмен барлық текелер қыста жеке арнаулы топқа бөлініп,
оларға жақсы күтім ұйымдастырылады. Олар орта қоңдылыққа жеткізілгенде ғана
отарларға қайтарылады. Әлсіз ешкілерді қоңдылығы түсе бастаған шақтан-ақ
мезгілінде бөліп алуға ұмтылу керек. Малдың денсаулығын қалпына келтірудің
мұндай әдісі жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Мал басының өсуі мен оның енімділігі артуына азықтандыруды жолға
қоюмен бірге ешкілерді бағып-күтуді дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Семей облысының малды қолда ұстап күтетін шаруашылықтары қыстыгүні ауа
райы қолайлы күндері қар жұқа болса ешкілерді жайылымға да шығарады. Оның
алдында малға белгілі мелшерде шөп пен сүрлем беріледі, сонымен қатар
текелер жайылымнан келгеннен сон, да қосымша, керегінше шөп пен сүрлем
шашылады.
Текелерді қыста бағу олардың организмін нығайтып, жемшөпті тойғанынша
жеуге жағдай жасайды, олардың жүні мен түбітінің сапасы артады.
Текелер қыста мал қораларынық жанындағы арнаулы алаңдарда не аула
ішінде ұсталады. Сыз өтіп, оларға суық тимес үшін алаңға да, аула ішіне де
сабан төселінеді. Ал жылы қораға текелер тек өте қатты суықтарда не
борандарда ғана енгізіледі. Қора ішінде үнемі ұстаған текелер суықка
тоңғыш, суық тигіш, ауыруға бейім, ал оның өзі малдың төзімділігін
азайтып, түбіті мен жүнінің сапасын төмендететіндігі белгілі. Отардағы
текелерді жыл сайын бақылап отыру, салмағын өлшеу, қоңдылығы
төмендегендерін бөлек бағу ешкілердің шығын болмауына жол бермеуге
көмектеседі.
Қыс кезіне мынадай күн тәртібі кестесін ұсынуға болады: таңертеңгі
сағат 7—8 кезінде текелерді сапасы темендеу шөппен азықтандыру. Мал оны жеп
біткеннен кейін текелерге күйіс қайыру үшін демалыс беріледі. Сағат 11 -де
сүрлем беріледі, онан соң тағы да шөп шашылады. Сағат 13-тін, кезінде мал
суғарылады. Суат басына текелер отары қысылып қалмас үшін 100—120 бастан
бөлініп әкелінеді.
Озат тәжірибелі шопандардын кепшілігі текелердің суат басында ұйлығуын
болдырмас үшін суару алдында құдық жанына таяу жерде аздап шөп шашады.
Текелерлер алғашында шөпке келеді де, сонсоқ бірте-бірте су ішуге барады.
Аяз қатты күндері құдықтан алынған су даладағы ауаға қарағанда әлдеқайда
жылы болғандықтан қатып қалмас үшін текелер құдық басына келгенде ғана
астаушыларға су құйыла бастайды. Мал толық суға қанғаннан кейін астаудағы
су төгіледі.
Су ішкеннен кейін малға төртінші рет шөп беріледі, сонсоң ол 2
сағаттай демалады. Сағат 16-да текелерге ұзын сабақты пішен не сабан
беріледі, ал түнге карай олар жақсы шөппен азықтандырылады.
2.3. Текелерді жайып күту ерекшеліктері

Теке негізінен жайып күтуге дағдыланған мал. Жайлымдарда
оның организмдеріне аса қажетті каротипге және басқа да керекті заттарға
бай көк шөп жеткілікті. Текелер әдетте дала жайылымы мен таулы
өңірлерде, шөбі сіңімді табиғи жайлымда бағылады. Оларды дұрыс
пайдалану, суландырып өнімділігін арттыра түсу жемшөп қорын молайтудың
негізгі резерві болып табылады. Жайлымды дұрыс пайдаланудың қарапайым да
дұрыс, сенімді жолы — текелерді загонға, бөлінген жайылымда бағу.
Әдетте әрбір отарға 5—6 учаскеге белінген жайлым, бекітіледі.
Учаскелердің көлемі едәуір үлкен болады, сондықтан мал оларда еркін
жайылады. Алғашқы учаскеге қайта оралғанша 25—30 күн өтеді де,
мұндағы шөп қалпына келіп, пайдалануға дайын тұрады. Мұндай жайлымдық
учаскелер негізінен өзен бойлары мен тау аңғарларында орналасады.
Көктемде ешкілер таудағы тың жайылымға шығарылады. Өйткені мұнда
өсетін шөптер ерте көктейді де, жаз шыға қурап, қатайып кетеді. Жазға қарай
ешкі отарлары шөбі шүйгін учаскелерге әкелінеді.
Жайылымды дұрыс, өнімді пайдалану үшін таңертеңнен түске дейін отарлар
шебі аздау, бұрын пайдаланылған жерлерге жайылады да, түстен кейін жаңа,
шөбі шүйгін, бұрын пайдаланылмаған жерлерге апарылады. Орта есеппен әр сақа
теке күніне кемінде 7—9 кг шөп жеуі керек.
Июль айында жайылымдағы шөп сарғайып, қурап кететіні белгілі. Текелер
күні бойы жайылса да керекті мөлшерде шеппен қамтамасыз етілмейді, арықтап,
ауруға шалдығуы мүмкін. Оны болдырмас үшін қажетті мөлшерде құнарлы азық
дайындап қойған жөн.
Жайылымда суат болмаса, текелерді суғару үшін су автоцистерналармен
немесе арнаулы су тасуға бөлінген машиналармен, көлікпен жеткізіледі.
Мал жаздың ыстық күндерінде ыстықтап, денесі қызып кетпес үшін көлеңке
түсіретін аспалы лапастар тұрғызылады. Осындай көлеңкелі жерде демалған
текелер өздерін жақсы сезініп, сергек ұстайды, денсаулығы жақсара түседі.
Аспалы лапасты жасау үшін төрт бұрышты алаңға ағаш бағандарды жерге қазып
орнатып, тебесін қамыстан не басқа құрылыс материалдарынан жасаған
щиттермен жабады. Қалқайтпа ішінде лақтар жататын орындар да жасауға
болады.
Қектемде және күзде текелерді тек шық кеуіп кеткеннен кейін жайылымға
шығару керек, әйтпесе шықта жайылған малдық асқазаны бұзылып, тұяқтары
шіруі мүмкін.
Текелерді суғаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Сумен толық
қамтамасыз етілген малдын, дені сау, еті қоңды болып келеді. Текелерді
тәулігіне екі рет, танертеңгі сағат 10-да және түстен кейін суғарып отыру
керек. Суатқа оларды 50—70-тен ғана топтап жіберген жөн. Сонда олар
асықпай, суды толық қанып ішеді, біріне-бірі бөгет болмайды.
Текелермен жүргізілетін барлық өндірістік процестерді уақытында,
белгіленген мерзімде мүлтіксіз, тиянақты жүргізіп отыру керек. Бұл
күтімдегі малды белгілі режимге үйретеді, олардың тез қоңданып семіруіне
жағдай жасайды. Жазда, мал жайылымда багылған кезде текелерді күтудің
төмендегідей күн тәртібі кестесін ұсынуға болады:
Таңғы 4-тен 10-ға дейін бағу және суғару. Сағат 10-нан кешкі 4-ке
дейін қора маңындағы алаңда малды демалдыру.
Қешкі 4-тен 10-ға дейін суғару және бағу.
Кейбір тәжірибелі шопандар ешкілерді түнде мал біржолата тойып, күйіс
қайыру үшін кешкі салқында жаю тәжірибесін қолданады.
Түбітті, біртекті жүнді (могерді) және басқа да ешкі шаруашылығы
өнімдерін көбейту жөніндегі он бірінші бесжылдықтың міндеттері партия мен
үкіметіміздің совет халқының сапалы да әдемі бұйымдарға деген өскелең
талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі белгілеп берген программалы мақсаттарға
толық сәйкес келеді. Мұның өзі бұл саланы тек он бірінші бесжылдықта ғана
емес, сонымен бірге болашақта да қарышты дамытуға мүмкіндік тудырады.
Ешкі шаруашылығының артта қалуының басты себептері: біріншіден,
мамандандырылған ешкі шаруашылықтары республикамызда аз, оларда барлық
ешкінің тек 20 проценті ғана шоғырланған; екіншіден, малды барлық жерде
бірдей жеке отарлап бағатын семьялы шопандардың бригадалық жүйесі
ұйымдастырылған. Фермалардағы кейбір ауыр қол еңбегі әлі
механикаландырылмаған. Ешкі шамалы ғана орын алатындықтан олар жемшөппен,
қора-жаймен толық қамтамасыз етілмейді; үшіншіден, ешкі шаруашылығының
қазіргі кездегі технологиясы құнарсыз табиғи жайылымдарды пайдаланатын қой
отарларында шағын топты ешкілерді бағуға ғана есептелген формамен
жүргізілуде. Мұның өзі мақсатты селекциялық асылдандыру жұмыстарын
жүргізуді қиындатады.
Сайып келгенде, ұсақ отарлылық, сондай-ақ ешкі шаруашылығының
бытыраңқылығы, мамандандырылған фермалар мен механикаландырылған
комплекстер, бригадалардың болмауы өндіріс процестерін механикаландыруды
қиындатады, саланың дамуын және еңбек өнімділігінің артуын кідіртеді.
Еліміздің әр түрлі аймақтарындағы ешкі шаруашылығын зерттеудің
нәтижелерін жинақтау мен осы бағыттағы жұмыс тәжірибелері, ешкінің
өнімділігін арттыру мен осы саланың пайдалылығыы арттырудың негізгі
факторларының бірі прогресті технологияны дайындап және оны өндіріске
енгізу мен мал тұқымын селекциялық асылдандыру жұмыстарын үнемі жүргізу
қажет екенін көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүн өндіретін ешкі шаруашылығын қалпына
келтіріп, оны дамыту Алматы, Жамбыл, Талдықорған және Семей облыстарында
жүргізіле бастады.
Ешкі шаруашылығын дамытуды қалпына келтірудің қолға алынуына
байланысты ғылыми қызметкерлердің алдына да үлкен міндеттер қойылып отыр.
Олар таяу жылдарда бұл саланы тездетіп дамытуға мүмкіндік беретін ешкі
шаруашылығын көтерудің экономикалық және ұйымдастыру жүйелерін іске асыруға
барынша ат салысулары керек.
Ешкі шаруашылығының тиімділігін арттыру мәселесін шешудің бірден-бір
жолы — ешкілерді жинақтап шоғырландыру негізінде прогресті технологиялық
тәсілдерді іздестіру, мамандандырылған фермалар мен шаруашылықтарды құру,
осы саланы толығымен интенсивтендіру болып табылады.
Бұл проблемаларды шешудің өзі біздің еліміздегі қой шаруашылығындағы
жинақталған жетістіктер мен ғылыми-өндірістік тәжірибелерді белгілі
дәрежеде іске асыруға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығын өркендету жолындағы адамдардың игілікті ісі өз
нәтижесін беруде. Соңғы 10 жылда мал фермаларындағы жұмыс процестерін
механикаландыру мықтап қолға алынған.
Ешкі шаруашылығын дамыту үшін салаға еңбекті ұйымдастырудың прогресті
жаңа әдісін енгізу, ірілендірілген шопандар бригадаларын құру керек.
Қазақстандағы ешкі шаруашылығында ірілендірілген шопандар бригадалары
әлі де аз. Облыстардың көпшілігінде барлық жағынан сай шопандардың қалашығы
— жобалы қалашығы жоқтың қасында. Ешкі шаруашылығын ескіше жургізуге
болмайтыны жұрттың бәріне белгілі, бұл шаруашылыққа да, мемлекетке де
тиімді емес.
Бүгінгі шопан жай ғана қой бағушы емес деп дұрыс айтылған. Олар
зоотехния мен мал дәрігерлігі негізінен хабардар болып, еңбектің озат
әдістерін өзінде қолдана білуге, оны жан-жақты үйренуге тиіс, сонда ғана
оның еңбегі нәтижелі болады. Таулы Алтайдың, Орынбордың, Қырғызстанның,
тағы басқа жерлердің озат ешкі өсірушілершің тәжірибелерін пайдалану қажет.
Әрбір озат шопан өзінің артта қалған көршісіне көмектесуге міндетті, сөйтіп
оның да өзіндей көрсеткіштерге жетуіне себепші болуға тиіс, мұның бәрі де
ешкі шаруашылығындағы коммунистік еңбектің жақсы жетістіктерінің бірі және
бастамасы болмақ.
Қой шаруашылығымен қатар етпкі шаруашылығы да өнеркәсіпті шикізатпеи,
халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды сала болып
табылады. Өйткені түбіт, могер және ешкі терісі өнімдерін халықтың
қажетсінуі үнемі артып келеді. Мұның үстіне, ешкі өнімдері басқа затпен
ауыстыруға келмейтін шикізат болып табылады.
Республикамызда ешкі шаруашылығып өркендету мүмкіндігі үлкен. Басқа
мал үшін тнімсіз, тек қана ешкі малы сүйіп жейтін табиғи шөптері кеп
далалық және сортаңды далалық жерлер, қалың жапырақты таулы жоталар мен тау
бөктерлеріндегі жайылымдық жерлер жеткілікті.
Сонымен бірге, Қазақстанда асыл тұқымды ешкі шаруашылығы жана сала
емес екенін атап өткен жөн.
2.4. Ешкі өсірудің пайдасы

Ешкі шаруашылығы (козоводство) - мал шаруашылығының бір саласы. Ешкіні
ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді. Е., әсіресе лақ, серке еті
дәмді, сіңімді келеді. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап,
басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка
былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды, ішегінен
музыкалық аспаптарға ішек иіреді. Ешкі сүті емшектегі балаға жұғымды, одан
қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар дайындалады. Ешкі өсімтал
келеді, екісінің бірі егізден, үштен лақтайды. Ешкі тұқымын асылдандыру,
күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін
арттырады. Ешкі жылына бір рет кырқылып, бес айға дейін сауылады.
1. Жалпы ақпарат. Ешкі ұсақ мүйізді малға жатады. Ешкінің ең басты
ерекшелігі – кез келген жағдайға бейімделе алатындығы. Жеке шаруашылықта да
айтарлықтай төзімді болу ешкіге тән: олардың ас қорыту мүшелері 60 пайызы
клетчаткадан тұратын азықты да қорытып жібереді. Ешкінің өмір сүру
ұзақтығы 14-15 жыл.
Ешкінің сүті адамға ана сүтін алмастыра алады. Оның құрамындағы май
оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында
кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің
қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу
үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан жарасынан,
астмадан және т.б. аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С
және А дәрумендері бар. Күніне әр ешкіден 4-7 литрге жуық сүт алуға
болады.
Ешкі орта есеппен бір жылда 300 гр. жүн береді, ал кейбір жақсы
ешкілердің жүні 800 гр. дейін жетеді. Жүн көбінесе жем беру мен өсіру
жағдайына, сонымен қатар ешкіні қырқу мерзіміне байланысты болады.
2. Ешкіні күтіп-баптау. Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан
оларды кез келген орында асырауға болады, ең бастысы оның тұратын орны
құрғақ, жарық және онда өктем жел болмаса болғаны. Оның орналасқан жерінің
температурасы +5-10 градустан төмен болмауы керек. Егер оның тұратын орны
ылғалды болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Ешкі тұратын орынға
кішігірім жем беретін аттақыр орналастырады. Аттақырдың төменгі шеті мен
еденнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру
Ешкіге арналған азық рационы және азықтандыру нормасы
Зоогигиена. 100 бас ешкі фирмасының жобасы
Лақтарды өсіру
Текені азықтандыру ерекшеліктері
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА СҮТТІ БАҒЫТТАҒЫ ЗААНЕН ЕШКІЛЕРІН ӨСІРУ
Сүтті ешкі тұқымдары
Ешкілерді азықтандыру және күтіп бағу
Жарамсыздыққа шығарылған қошқарларға кестіруді жүргізу техникасы
Қошқарлар мен текелерді қанды әдіспен кестіру
Пәндер