Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 138 бет
Таңдаулыға:   

1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі

Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта - ақ қалыптасқан. Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс - тәсілдері пайдаланыла бастаған.

Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізудің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.

Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.

Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.

Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді. Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты. Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты. Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді.

2. Бухгалтерлік есеп және оның міндеттері

Республикамызда халық шаруашылық негізін мемлекеттік кәсіпорындарымен қатар, басқа да әртүрлі бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, бірлескен немесе жеке меншіктелген кәсіпорындар құрайды. Ал, осы кәсіпорындар жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол процестердің мазмұны тек қана шаруашылық есепте көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп топталады. Сондықтан шаруашылық есептің атқаратын міндеті өте зор. Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму кезінде тиімді жүргізу үшін шаруашылық есептің нақты мәліметтер қажет. Сонымен қатар сол мәліметтер шаруашылық процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан, сол мәліметтер одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің финанстық қорытындысын шығаруға, талдау жасауға және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз екені анық.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңында (2007 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т. б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.

Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.

Бухгалтерлік есептің міндеттері келесілер болып табылады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы толық ақпарат жинау;
  • ақшалай, материалдық, еңбек, отын - энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау;
  • қаржылық - өндірістік қызметтік тиімділігін арттырып, жоғалтулардың алдын алу;
  • өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс жүзіндегі құнын анықтау;
  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау.

Бухгалтерлік есептің деректері ғылыми негізделген, нақтылы, өз уақытын да жинақталған болуы керек.

3. Бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесі

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылыр мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементтеріне жатады. Басқару дегеніміз шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар қажет. Ақпараттар деп шаруашылық өмірдегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын қанағаттандырады, екіншіден кәсіпорындардағы бухгалтерлер мен басқарушылырдың талабын қанағаттандырады. Яғни, бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар есептің мақсатын, мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды ұйымдастырудың сипаттамасы мен сапасын, бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылары мен принциптерін, есеп жүргізудің техникалық әдістерін, шаруашылық операцияларының мазмұнын білгені жөн.

Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестік тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапаым жолдармен аса бір сапалы және жоғары деңгейде орындалуы керек.

Сонымен бухгалтерлік есеп көп ақпараттардан тұрады. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік және т. б. талаптар қойылады. Шындық түсінігі жүргізілген эксперимент және санадан ауытқымайтын, логикаға жататын негізден қалыптасады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері нақтылы шындықты көрсетуі үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәліметтің барлығы да бастапқы құжаттар арқылы жүргізілуі керек.

Өз уақытында дер кезінде орындалатын талап. Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялар қажет.

Қажетті дәлдік талабының негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалану мен кәсіпорынның өз ішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолютті дәлдікті көрсетуі керек.

4. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзінде реттелуі

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізу процесі келесідей нормативтік актілермен реттелген.

Заң күші бар Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Заңында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің барлығы да бухгалтерлік есеп жүргізуге және осыған байланысты арнайы ережелер мен принциптерді сақтауға міндетті деп танылған. Заң күші бар Президенттің Жарлығы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру мен реттеудің бірінші кезеңі болып табылады.

Екінші кезең - бекітілген “Бухгалтерлік есеп стандарттары” болып танылған.

Бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми қабылданған ережесі және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйесін қалыптастырудың әдістерін белгілейтін құжат.

Бухгалтерлік есеп стандарттары әрбір кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерінде күнделікті болып отыратын шаруашылық операцияларының мазмұны мен көрсеткіштерін қандай жолдармен, қашан және қалай жіктеп, шоттарға жазу мен есептеу, синтетикалық шоттарға жинақтаумен қатар, қорытынды есепке жазу жөніндегі принциптерді іске асыратын халықаралық деңгейде қолданылатын құжат.

Бухгалтерлік есеп стандарттары еларалық бірлескен кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастарды дамытуға да бағытталған. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдірудің концептуальді негізін басшылыққа ала отырып, кәсіпорындардың қаржы қорытындысы есебін дайындауға болатындығы дәлелденген. Қазақстандағы құқылы тұлғалардың есеп беру мен қорытынды есеп жасау үрдісі түгелімен “ұлттық есеп стандарттары” талабына сай, жалпы қойылған есеп жүргізу принциптеріне қарай ұйымдасқан.

Бухгалтерлік есеп жүргізудің үшінші кезеңі - нұсқаулар, ұсыныстар мен нормативтік құжаттар, басқадай салалық, әдістемелік материалдар, кәсіпорындардың жарғысы, бұлардың типі мен көлемі жөніндегі құжаттардан тұрады. Төртінші кезең- кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерде әр жылы жасалып, бекітілетін есеп саясаты жатады.

Есеп саясаты - бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.

Нарықтық экономика шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берушіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп, ұйымдастырылуы үшін бухгалтерлік есепті мемлекеттік нормативтік реттеу жүйесі қалыптасқан.

Сонымен қазіргі уақытга елімізде бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі қызмет етеді.

Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚР Президентінің жарлықтары,

Екінші деңгей - Ұлттық бухгалтерлік стандарттар жүйесі - бухгалтерлік есеп бойынша ережелер.

Үшінші деңгей - салалық ерекшеліктерді ескеретін әдісгемелік нұсқаулар.

Төртінші деңгей - кәсіпорынның ішкі жұмыс құжаттары.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы туралы не білесіз?

2. Бухгалтерлік есептің пәні не?

3. Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар ?

4. Бухгалтерлік есептің әдістерін атаңыз.

5. Бухгалтерлік есепті реттеудің қандай жүйелері бар?

6. Бухгалтерлік ақпараттар туралы не білесіз?

3. Қаржылық есеп берудің элементтері және

бухгалтерлік есеп объектілері

Бухгалтерлік есептің жүйесінде бейнеленетін объектілер:

- қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, оның ішінде арендаға алынған, сыйға алынған;

- интеллектуальді және өндірістік меншікті пайдалану құқығы, табыс әкелетін материалдық емес сипаттағы шығындар, тауарлық белгілер;

- ақша қаржылары, бағалы қағаздар заңды және жеке тұлғалармен есеп айрысу, негізгі құралдарға инвестициялар салу;

- амортизациялық бөлулер және негізгі қаржылар тозуы ;

- табыстар мен шығындар, пайда, зиянды жабу, пайданы пайдалану, тарату;

- несиелер мен қарыздар бойынша міндеттемелер;

- жарғылық капитал, кәсіпорындағы қорлар.

2. Қаржылық есеп берудің элементтері

Ұйымдардың қаржылық есеп берушілігі келесідей түрде болады:

- бухгалтерлік баланс;

- табыстар мен шығындар туралы есеп;

- ақшаның қозғалысы туралы есеп;

- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

- есеп саясаты және түсіндірмелік жазба туралы ақпарат.

Қаржылық есеп берушілікте келесілердің аттары жазылады:

-ұйымдардың аттары;

-ұйымның мекен-жайы;

-қызметтің түрлері;

-есеп аты;

-күні (бухгалтерлік есеп үшін) немесе уақыт кезеңі (қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп) ;

-қаржылық есепте көрсетілген өлшем бірлік.

Бухгалтерлік балынс және оның элементтері

Бухгалтерлік баланс есепті кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді, ол баланстық теңдікпен тікелей байланысты. Бухгалтерлік баланс үш элементтен тұрады: активтер, міндеттемелер және меншікті капитал.

Активтер - бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін. Сондай - ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

Меншік капиталы - бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Табыстар мен шығындар туралы есеп және оның элементтері

Табыстар мен шығындар туралы есеп екі элементтен тұрады. Біреуі тауарлады, жұмыстарды, қызметтерді сату нәтижесінде алынуға тиісті шоттар және ақшалай қаражаттар формасында активтердің қалыптасуын бейнелейді. Мұндай сомалар табыстар деп аталады. Екіншісі осы активтерді алуға қажетті ресурстарды тұтынуды көрсетеді. Бұл сомаларды шығындар деп атайды. Табыстардың шығындардан артуын таза табыс деп атайды. Егер шығындар табыстардан асып кетсе, онда ұйымдарда зиян болады.

3. Шаруашылық және қаржылық процестер

Кәсіпорындардың жұмысы мен қызметін дұрыс жолдармен жүзеге асыру үшін көптеген шаруашылық операциялары жүзеге асырылады. Біртекті шаруашылық операцияларының қорытындысынан шаруашылық процесі құралады. Шаруашылық процесінің қозғалысын бақылап отыру үшін көптеген сандық және сапалық көрсеткіштер қажет. Шаруашылық процесінің өзі өнім өндіру мен оның айналысқа түсіп, қаражат қамтуына сай үш кезеңнен тұрады. Қозғалыс процесі кезінде шаруашылық құралдары үсіліссіз айналым жасайды, онда үш шаруашылық процесті бөліп көрсетуге болады: жабдықтау процесі, өндіріс процесі және өткізу процесі.

Бірінші стадия- жабдықтау, дайындау процесі келесі процесті, яғни өндіріс процесін жүзеге асыру үшін қажетті машиналар мен жабдықтарды, материалдарды дайындауды білдіреді. Бұл стадияда кәсіпорынның қаражаты ақша түрінен тауар түріне ауысады.

Өндіріс процесі кезінде бухгалтерлік есеп өнім өндіруге кеткен шығындарды көрсетеді. Жұмсалған шығындар ең соңында дайын өнімге ауысады. Осы процесте дайын өнімнің өзіндік құны есептеледі.

Үшінші стадия, өткізу процесі өнімді жөнелту және өткізумен байланысты шығындардың, қаржылық нәтижелердің, бюджетпен есеп айырысулардың есебін көрсетеді.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесі кезінде әртүрлі әрекеттер болады, олар кәсіпорын мүлкі мен олардың көздерінің өзгерісін тудырады.

Мүліктер мен олардың көздерінің өзгерісін болдыратын шаруашылық әрекеттер мен оқиғалар шаруашылық операциялары деп аталады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Бухгалтерлік есептің қандай объектілері бар?

2. Кәсіпорынның активтері, міндеттемелері және меншікті капиталына не жатады?

3. Шаруашылық процесі қандай процестерден құралады?

4. Шаруашылық операциялары дегеніміз не?

Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

1. Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы.

Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.

Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп шоты - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі. Шот - бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы - бухгалтерлік құрылады. Шотта, оның атына байланысты көрсеткіш туралы барлық ақпарат жинақталады. Мысалы: 451 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша» шотында осы кассаға келіп түскен және алынған ақшалар туралы ақпараттар толық болады.

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т - шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.

  • атауы; сол жағы - дебет; оң жағы - кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Дебет Шоттың атауы Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.

Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.

Сдо(соң. ) =Сдо(б) +∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.

Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.

Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:

Сдо(соң. ) =Сдо(б) +∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.

Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:

- активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;

- активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;

- пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет - қайнар көздердің азаюын көрсетеді;

- жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса - дебетке, кредит жағында болса - кредитке жазылады.

2. Екі жақты жазу, оның мәні және маңызы

Екі жақты жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң) . Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін - екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.

Ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерін жалпылау үшін синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналым ведомості құрылады. Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомостінің түрі келесідей:

Шот номері: Шот номері
Бастапқы қалдық: Бастапқы қалдық
Ай ішіндегі айналым: Ай ішіндегі айналым
Соңғы қалдық: Соңғы қалдық
Шот номері: дебет
Бастапқы қалдық: Кредит
Ай ішіндегі айналым: Дебет
Соңғы қалдық: кредит
дебет
кредит
Шот номері:
Бастапқы қалдық:
Ай ішіндегі айналым:
Соңғы қалдық:
Шот номері:
Бастапқы қалдық:
Ай ішіндегі айналым:
Соңғы қалдық:
Шот номері:
Бастапқы қалдық:
Ай ішіндегі айналым:
Соңғы қалдық:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есептердің негізгі операциялары
Аудит жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы құжаттардың тәртібі
Бухгалтерлік ақпарат және басқармалық шешімді қабылдау
Аудиттің мазмұнына анықтама
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Каспий - Балық өндірістік кооперативі
Қаржылық жағдайды талдаудың мәні және мақсаты
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz