Бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалардың психологиялық ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Психология және Педагогика
Кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалардың
психологиялық ерекшеліктері

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының студенті 1 курс студенті
Канаш А.С.
Жетекші: аға оқытушы Халыкова Б.Т.

Орал-2012ж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Бастауыш сыныптағы сөйлеу және есту мүшесі бұзылған
балалардың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1.Сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған
балалалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
1.2. Сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалаларға
сипаттама
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІ тарау.Бастауыш сыныптағы сөйлеу және есту мүшесі бұзылған
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу негіздері
2.1.Бастауыш сыныптағы сөйлеу және есту мүшесі бұзылған балаларды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Бастауыш сыныпта сөйлеу және есту мүшесі бұзылған балаларға
коррекциялық дамыту жұмыстарын
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..37
Кіріспе
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет
тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр.
Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер
жеткілікті . Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. [ 3.23]
Биыл жарық дүниенің есігін ашқан сәбилердің 11 пайызы мүгедек болып
туған. Жүйе өсіп бара жатыр. Жыл өткен сайын сондай балалардың да саны
үлкейіп келеді. Орта мектептерден оларға арнайы топтар да ашылып жатыр.
Сондықтан мамандар әрқашан керек болады.
Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр
қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек
мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік
проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті
көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға
кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне
дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл
баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір
сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші
көріністер болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз,
нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан
үлгермеушілер қатарына жатады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру
жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ,
білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру
деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа
бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке,
мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі
нақты прогресске бірнеше факторлар : мүгедек оқушыларға қатысты үміттің
аздығы, жоқтығы , инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі
кедергі келтіруде.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының
бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты
мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді
қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері
бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы
жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін
алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта
біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқыту өзекті мәселе болып отыр. [1.27]. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға
білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа
технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай
дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады; логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық
оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптағы балалардың тіл кемістіктері, есту
мүшелерінің бұзылуы туралы түсінік беру, дұрыс сөйлеуге, есту қабілетін
жақсартуға арналған жаттығулар мен теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу
болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
• Бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалардың
психологиялық ерекшеліктерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда
зерттеу.
• Мектептегі сыныптық ұжымда сөйлеу қабілеті және есту мүшесссі нашар
балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
• Бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалардың
психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
• Бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балаларға
арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған
балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Ғылыми болжам: Егер бастауыш сыныптағы сөйлеу тілі және есту мүшесі
бұзылған балалардың сөздік қорын, есту мүшесін белсенді түрде дамытсақ, әр
түрлі арнайы әдіс - тәсілдер арқылы молайтсақ, олардың білім деңгейлері,
сөйлеу сапалары, сөздердің мағынасын түсінуі, өз ойын дұрыс жетік жеткізуі
осы сапаларының барлығы жоғары болады. Көптеген арнайы мекемелер,
реаблитациялық орталықтар ашып, арнайы техникалар пайдаланып дамытамыз
деген болжам бар.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Бастауыш сыныптағы сөйлеу және есту мүшесі бұзылған балалардың
психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1.Сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалалар
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және
еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру
процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық
құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме,
оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа
орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына
саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай,
адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен,
қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара
байланысты қызметі.
Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады.
Д.Локк: Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы
тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі! деген
сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта
сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол
таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.
В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта
емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның
сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай
келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн
деді. [3]
Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы
жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен,
кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының
тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды
ойға әкелді.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін
ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады,
айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие
жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі
кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.
Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де
алып шығады. Енді арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ.
Революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде
Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және
қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер
балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті.
Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін
көтеруге өз үлестерін қосты.
Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы
мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері,
кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан
жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы
білімдерінің жоқтығы жатады.
Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала-
болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін,
іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай,
адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда
жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Есту
кемістігі бар балаларды тәрбиелеудің мектептегі басты мақсаты- тәрбиелеу
және білім беру болып табылады. Тәрбие беру табысты болу үшін анамальды
балалардың есту және сөйлеу дамуын ескеру қажет. Осы балаларды тәрбиелеу
балалардың даму ерекшеліктері дене дамуына, тәрбие әдістеріне байланысты.
Есту кемістігі бар балалардың мінез-құлқы ерекше болады, балалар болған
жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сөздерін, ойларын толық жеткізе
алмайды. Есту қабілеті зақымданған балаларға білім беруде және тәрбиелеуде,
сонымен қатар түзету жұмыстарын жүргізуде, танымдық процестері дамиды. Есту
қабілеті зақымданған қалыпты балалар бірдей заңдылықпен дамиды. Осыған
байланысты есту қабілеттері зақымданған оқушыларға арналған арнайы мектеп
жұмыстарының қағидалары мен тапсырмалары жалпы мектептердегідей. Бірақ
арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін оқушылардың даму
психикасының кейбір жақтары өзіндік формада қалыптасады. Сол себептен есту
қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие
жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту зақымдықтарын ескере отырып құру
қажет. Арнайы мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларды шешу үшін есту мүшесі
зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы мектеп бағдарламасына сүйене отырып
қолданады. Мектептің жалпы және басты мақсаты естімейтін және нашар еститін
балаларды өз бетімен өмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны
қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей
жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:
1. Күн тәртібін орындау.
2. Жекелеген қатынас
3. Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
4. Жүйелі қадағалау.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің
айтуы бойынша Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала
ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады. Есту қабілеті зақымданған
оқушыларға арналған мектеп ұжымын ұйымдастыру үшін әрбір баланы жете танып,
зерттеп, жекеше жұмыстар жүргізу керек. Тәрбие процесін жүргізу үстінде
тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған
балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.
[6]
Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайтады. Есту кемістігі бар балалардың қарым-қатынасын сабақта және
сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады. Есту кемістігі бар оқушылардың
басты факторы- іс-әрекет болып табылады.
Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектептердегі
тәрбиелеудің басты бағыты- еңбек болып табылады.
Еңбек жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырады.
1.Еңбек ету үшін оқи білу, жаза білу, санай білу, көп нәрсені үйрену
қажеттігі жөніндегі мысалдармен танысады.
2.Үй шаруасындағы жұмысқа шамасы келгенше қолғабыс тигізіп отырады.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабақта
көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады.
Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды
мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу
дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті.
Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі
оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі- өзінің сыныбына тәрбие жұмысын
қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді.
Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс
жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте
тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты
қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор
мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені
орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу
керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі
тиіс. Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп
тәрбиешісінің алатын орны ерекше.
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу
арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған
ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп
жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу
мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады:
қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы,
жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар
сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап
анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және
тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге
қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты
сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және
артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың
аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация
ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да
біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе
көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала
жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан
басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары
нығая түседі. [1]
Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі
белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін
артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау
қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала
бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және
ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар
интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді
бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл
жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны
даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде.
Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама
қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды
қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді.
Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып
отырады. [4]
Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш,
жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен
мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында
орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық
бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу
органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу
аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу,
артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді.
Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу
дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға
қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар
кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі
органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай,
альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу
органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс
кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады.
Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол
ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына
байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты
болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады
және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.
Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған
жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға
дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының
аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.
Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі
жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді,
екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе
бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе
олардың мағыналары бұзылады.
Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің
дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі
былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5
айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады. Балалар қандай да
бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен
толықтырады.
Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын
сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері
бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған
заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша
әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа
фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік
жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады.
Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.
Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды.
Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық
элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы,
жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін
құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді.
Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте
күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса
да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі.
Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал
етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін
ажыратып кетуге болады:
1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек
дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.
2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен
қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің
дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.
3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық
құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және
дыбыстардың айтылуы бұзылады.
4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады.
Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас
құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы
ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен
сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің
болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан
сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе
үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия
көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз
сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.
[1]
Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана
сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және
олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген
сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы –
тахилалия пайда болады.
Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына
береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі
тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым
қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс
болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей
береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық
денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.
Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.
Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу
сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында
фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке
жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы
конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.
Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.
1. Органикалық тұтығу – тек орталық жүйке жүйесінің органикалық
зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.
2. Функциональді тұтығу – көбінде орталық және жүйке жүйесінің
перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі.
Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен
туады.
Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады,
сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене
стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік
қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық.
1.2. Сөйлеу тілі және есту мүшесі бұзылған балалаларға
сипаттама беру
Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы
сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге
жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін
көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын
шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке
дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта
алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4
жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе
баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады.
Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де,
пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін
сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған
қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін
ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ.
Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл.
Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның
айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай
сөйлеуге үйреніп кетеді. [11]
Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің
сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс
болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып
айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында
баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола
бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса
қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-
аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт
өткізіп алып көмек сұрайды.

Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ
ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай
кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп
ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері
үнемі дамытуда болуы қажет.
Баланы бала-бақшаға апара жатқанда, жолда бір нәрсе айтып жүріңіз.
Мысалы: автобуспен, тролейбустың қандай айырмашылығы бар? деп, содан кейін
кешке жақын баладан: Білесің бе біз не көрдік? деп сұраңыз. Сонда бала
бәріне жолда не көргенін айта бастайды. Осылайша баланың сөйлеуімен зейінін
дамыта аламыз.
Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер
етеді. Бұндай баланы мектепте қорқытуы мүмкін, сондықтан оның психикасына
өте ауыр әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға
бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайтын,
нәтижесінде толымсыздық комплекстері жетіле бастайды, үлгерімі төмендейді,
өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникациялық белсенділігі
нашарлайды.
Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып
табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай
ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар
көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді
қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі
дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны
түзету өте қиынға соғады. [13]
Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін
және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық
қозғалысқа еліктеуге тырысады.
Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын
қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен
шартты байланыс жүйесі пайда болады.
Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-
қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен
оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай
тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын
болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды
және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс
қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып,
жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.
М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен,
әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста
болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен,
мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала
әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған
атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер
ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек
таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн. [9]
Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген
қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. Мұнда кел,
сөйлеуді үйренеміз, - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала
қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады.
Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық
берген жөн. Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады.
Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды
меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу
жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15
минут жүргізілуі қажет.
Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып,
бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау,
мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және
психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және
мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай
балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы.
Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және
қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.
стімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат
болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен ашылды.
Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын жолдарды
басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп- интернаты
мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа
заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да құралдармен
қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары
балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясы
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық - педагогикалық қолдаудың міндеттері, қағидалары
Пәндер