Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Филология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі

Орындаған:
Жетекші: аға оқытушы Қуаныш Т.Т.

Орал-2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі
1.1. Әдеби білім – парасат
өлшемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6
1.2. Әдеби білім берудегі модульдік жүйе
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .9
ІІ тарау. Әдебит сабағында жаңа технологияларды қолдану
2.1. Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану
әдістемесі ... ..13
2.2. Қазақ әдебиеті сабағында модульдік оқыту технологиясын
қолдану ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
“Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің
болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-
мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына
оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман тала-бына сай
үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа
талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан
ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін,
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық
технологияны меңгеруі тиіс.
Соңғы кезде білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау
қажеттігі туды, оған себеп жеткілікті. Сондықтан, мұғалім де, оқушы да
субьект ретінде алынып, компьютермен, интерактивті тақтамен оқыту алдыға
шықты. Интерактивті тақтамен оқыту – оқушының өз бетімен ізденуінің тиімді
түрі. Компьютермен түрлі жұмыстар жүргізіп, электронды оқулықтар қолдану
оқушылардың біліктілігін, белсенділігін арттырып, пәнге қызығушылығын
арттырады.
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет
ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”,- деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ
беруді өнер деп бағалау тегін емес. Соның ішінде әдебиет сабағы – асыл өнер
сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, сезімге беріліп, шабыттана
қиялдау, елестету, болжау мен оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін өнер
сабағы. Сабақ үрдісінде берілетін мазмұнды бүгінгі күннің өзекті
проблемасының байланыстыра өту – балаға ой салу, ойланту, өмір сабағы.
Мультимедиа бағдарламасы ақын-жазушылардың шығармаларын, сазгерлердің
күйлерін тыңдау арқылы мәнерлеп оқуды қалыптастырады, мәтіндік редактор
бақылау жұмыстарын жүргізуге септігін тигізеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютермен оқытудың мақсаты – оқу
жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, оқушының әлеуметтенуіне
септігін тигізіп, мазмұнды білім алуға ынталандырады.
Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін
дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны интерактивті
құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше
қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың
енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.
Тақырыптың өзектілігі: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын
мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде
білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы - Жолдаудың басты бөлімдерінің
бірі “Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман” деп Елбасымыз
айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының
Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр ұстазға үлкен
жауапкершілік жүктейді.
Зерттеу мәселесі – қазақ әдебиеті пәнін оқытуда модульдік жүйені
әдісін қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу болжамы – егер, бүгінгі танда оқу үрдісінде қолданылып жүрген
жаңа технологиялар өз қолдауларын тауып, барша қоғам үшін маңызды жаңа
әдістер және тәсілдерді, соның ішінде модульідк жүйе әдісін әдебиет
сабағында қолданып оқытса, оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянып, оқуға
деген ынтасы артады.
Зерттеу пәні – әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі.
Зерттеу мақсаты - әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа
ұстанымдар мен құндылықтар, әдеби блім берудегі модульдік жүйе, өзіндік
ерекшеліктері, әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
- Әдеби білім беру әдістемесі туралы;
- Әдебиет сабағында модульдік жүйе әдісін қолдануды теориялық
тұрғыдан зерттеу;
- оқушылармен жұмыстарда әдебиет сабағында қолданылатын модульдік
жүйе әдісінің ерекшеліктерін көрсету;
- Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәнін көрсету.
Зерттеу базасы - № 1 ЖОББМ
Зерттеу әдістемесі - ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік
еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, мұғалімнің жұмысына талдау
жасау.
Тәжірибелік маңызы. Мұғалімдердің оқушылармен жұмысында, жаңа
технологияларды пайдалану арқылы сауат ашуда, оқытушылардың іс –
шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

І тарау. Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі
1.1. Әдеби білім – парасат өлшемі
Адамзат баласының ақыл-ойының нәтижесінде ілгері жылжитын қоғам дамуы
- үздіксіз үрдіс. Күні кеше ғана тәуелсіздік дәуірінің жылы лебін сезген
қазақ даласы бұл күнде жедел де кемел өркендеу шағын бастап өткеруде.
Экономика алға басты, халықтың жағдайы жақсарды, рухани дүниеміз
ілгеріледі.
Бүгінгі мақсат – қазақ мемлекетін төрткүл әлемдегі озық елу елдің
қатарына қосу. Мақсатты белгілеу бар да, оны орындаудың басты арналары бар.
Міне, сондай бағыттардың бірі - халыққа биік, дәрежелі білім беру
ісіне келіп тіреледі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай осы
заманғы білім беру жүйесі қажет деп Елбасы өзі айтқандай білімсіз алға
басуға болмайды. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, еліміз білім беру
жүйесіндегі тәжірибелерді жинақтап, оның қатарын жаңа технологиялық әдіс-
тәсілдермен, инновациялық жетістіктермен байыта түсудеміз.
Бүгінде білім беру саласында ірі реформалар жасалынды. Реформалар
жасау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік туады.
Бұл орайда азаматтарды адамгершілікке, имандылыққа, кішіпейілділік
пен өзара құрметке баулитын гуманитарлық білім саласына, оның ішінде,
әсіресе, ұлттық әдебиетті оқыту мен меңгеруге айрықша көңіл бөлінуде.
Өйткені, сөз өнері – халықтың жаны, рухани әлемнің көркем айнасы, адам
баласының ой-пайымдары мен ақыл-парасатының сыртқы дүниедегі кестесі.
Айнала өмірдегі жаңалықтардың бәрі де тіл арқылы, сөз арқылы ақиқат
қазынаға айналады. Біздің елімізде мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып
жатқан Мәдени мұра бағдарламасының өзі құнды әрі қажет екендігін тағы бір
дәлелдеп отыр.
Сырлы да сазды сөзбен өрнектелген сондай ой асылының шыңы – көркем
әдебиет. Қандай халықтың да тұтас табиғатын түсіну үшін үш түрлі қазына
көзін игеру қажет сияқты. Ең алдымен сол ұлттың тілін білуі, екінші сол
халықтың тарихымен танысу, үшіншіден, оның мәдени мұрасымен танысу болып
табылады.
Қысқасы, әдебиет ұлттың жүрегіне апарар жол, сан тарау сырын ұқтырар
ұлағатты мектеп. Ендеше әдебиет пәнін оқыту ісі – ұлттану ілімінің аса
маңызды арнасы болып табылады. Бүгінде әдебиет пәні еліміз көлеміндегі
білім беру жүйесінің әр сатысында мемлекеттік стандарттарға сәйкес
белгіленген бағдарламалар көлемінде оқытылып келеді.
Оқушы бойына жақсы қасиет сезім арқылы қалыптасады. Ұлы педагог Ы.
Алтынсарин қоғамды, адам мінезін әдебиет пәні арқылы түзетуге болады деп
сенген.
Әдебиетті сүю, қызығып оқу – жай сауаттылық емес, өзінше шабыт, үлкен
даналық. Әдебиет пәні оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға
көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру нәтижесінде биік
талғамды қалыптастырып, бейнеленген құбылысты терең сезіммен қабылдауына
қажетті білім, біліктілікті қамтамасыз етеді. Оқушылардың ой-өрісі мен
мәдениетін қалыптастырады. Әдебиет пәні - оқушы жүрегіне жол тауып, оның
зердесіне заман келбетін, өмірдің тылсым сырларын жеткізетін халқымыздың
көркем тарихы, ұлттық сананы тәрбиелейтін, адам мен қоғам жайындағы
түсінігін реттейтін өмір оқулығы.
Білім беру жүйесіндегі барлық буындардағы қазақ әдебиеті пәнін тек
лекция, практикалық сабақ өткізу шеңберінде ғана оқытпай, оны жас ұрпаққа
әдеби-эстетикалық тәрбие берудің үлкен құралы деп білуіміз қажет. Әсіресе,
әр түрлі формада ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстардың, әдеби кештердің
маңызы айрықша. Осындай шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде оқушылар
қаламгердің өмірі мен шығармашылығының қыр-сырына үңіліп, қиялына қозғау
түсіп, еліктеу сезімі оянады, жазу өнеріне, шығармашылыққа талпынады,
адамгершілік қасиеттері беки түседі. Биыл ғы оқу жылының басында мен өзім
Ы. Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуына орай Қазақтың тұңғыш педагогі,
М. Әуезовке арналған Қазақ әдебиетінің күншуақты асқар биігі, Абай –
дана, Абай дара қазақта, А. Байтұрсыновқа арналған Қазақ тілінің тұңғыш
реформаторы атты әдеби кештер өткіздім. Осындай әдеби кештер арқылы
оқушылардың ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан көп мәліметтер
біліп, ой-өрістері кеңейіп, қызығушылығы мен белсенділігі артып, жақсы
тәрбиеге баулынып, эстетикалық мәдени талғамдары дамиды.
Әдебиет пәні келешек ұрпақтың көркемдік-эстетикалық көзқарасын,
рухани жағынан кемел жан дүниесін қалыптастырудың бірден бір қуатты құралы.
Ал қазақ елі үшін ішкі жан дүниесі жарық та, парасатты ұрпақ өсіруден,
іскер маман даярлаудан, адамгершілігі мен имандылығы мол азамат
тәрбиелеуден асқан мәртебелі міндет жоқ.
Ұлттық мемлекетіміздің іргетасын нығайтып, халықтық мақсат-
мұраттарымызға қадам басқан бүгінгі таңда қазақ әдебиеті пәнінің осыншалық
тәрбиелік мәнін тиімділікпен пайдалана білуіміз, ұлттық әдебиеттің тарихы
мен бүгінін тереңдетіп оқыту біздің абзал борышымыз бен міндетіміз. Сонда
ғана болашақ ұрпақтың санасына сәуле түсіп, жаны бай, өресі биік ұрпағымыз
өсетіні сөзсіз.
1.2. Әдеби білім берудегі модульдік жүйе әдісі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында Біздің міндет жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу деп ұстаздар қауымының алдына жаңа
міндеттер қойды.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның
еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру. Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің
жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау жән енақты өндіру. Сонымен
педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан,
педагогикалық техналогия сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді
жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым –қатынастарында және
педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастырылады.
Педагогикалық технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік.
Оқыту технологисы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған
мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және
түрлерінің жүйесі болып табылады.Педагогикалық технологиы үш аспектіде
қаралады: ғылыми, процессуалды –сипаттамалы, процессуалды –әрекеттік.
Осындағы жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын
зерттеуші ғылыми ретінде, принциптер мен зерттеуші қызметін атқарады.
Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару оқушының білімге, ғылымға деген
құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады.
Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену
шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының
өзін –өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі.
Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен
құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола
алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Сонымен
технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды
түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығы, кешеді бірлігін айтуға
болады.
Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың бірі
– орыс ғалымы В.П.Беспалько. Ол педагогикалық технологияны практикада іске
асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба деп көрсеткен.
Б.Т.Лихачев Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір
мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін
бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын
айтады.
Қазіргі кезде мемлекет алдында білімді, іскер, білікті,
шығармашылықпен жұмыс істейтін орта буын мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі
туындап отыр. Осыған байланысты білім беру жүйесінің жаңаруы заман талабына
айналып отыр. Ал оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан
әрі дамытуда оқыту технологияларының маңызы зор.
Технология ұғымына әр түрлі анықтама беріледі. Соның біреуін
келтіретін болсақ:
Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр
позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды
жағдайлар жиынтығын құрайды.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін ғана емес, оның
тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.
Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен
байланыстырылған. Интерактив сөзі ағылшынның interact сөзінен шыққан,
мұндағы inter – бірлесіп, өзара, act – әрекет ету деген мағынаны
береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық
оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол
оқытушы – оқушы, оқушы – аудитория сызбасы бойынша ғана
ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда оқушы – оқушы, оқушы – оқушылар
тобы, оқушылар тобы – аудитория, оқушы – құрылғы сызбасы бойынша
ұйымдастырылады.
Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы
формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру.
Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым –
қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы
белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін,
шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.
Жаңа білім алу процесі оқушы үшін қолайлы атмосферада жүргізіледі.
Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың
коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз
ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді.
Жасқаншақ оқушылар жүйкелеріне түсетін салмақтан да арылады, өйткені
оқушылар оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды.
Бүгінгі таңда оқытушылар өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту
технологияларын қолдануда. Солардың бірі М.Жанпеисованың модульдік оқыту
технологиясы. Мен өз тәжірибемде модульдік оқыту технологиясын қолданамын,
өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін
береді.
Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін
және танымдық процестерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-
өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын
дамытуға бағытталуы.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен:
кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен түрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат
санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің неғұрлым
тиімді екенін көрсетті.
Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2
сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу
модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте
және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу
бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы,
негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.
Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп
уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар
дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда
тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болап табылады. Және интерактивті
құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын,
белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі.
Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып
табылады. Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың ондаған түрлері
бар (ActivBoard, White Board т.б). Және олардың әрқайсысының өз
бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз
құралдары болады. Мен Activ Inspire бағдарламасының мүмкіндіктеріне
тоқталсам ба деп едім.
ІІ тарау. Әдебит сабағында жаңа технологияларды қолдану
2.1. Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім беру дің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар
жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект – субъектілері
педагогикасының орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі
ретінде , өзін өзі өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге
асыруға ұмтылатын жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда
педагогикалық процестің манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен
оқушының тұлғалық –бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен
дағдысын емес \, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу –тәрбие процессін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің ,
мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері ,мұнда әр
позиция басқаларына әсер етіп , ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды
жағдайлар жиынтығын құрайды
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы ,
В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде
қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту
технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы,
В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың
технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заныңда оқыту формасын,
әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл
білім мекемелерінің мұғалідеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен , тіпті авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің ,ұйымның нықталатын, біршама
дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен
тұрады. Кіріспеден , сөлесу бөлмнен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен
және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әр түрлі
болад. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе
тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Оқу модулінің ерекшілігі –жалпы сағат санына қарамастан ,кіріспе және
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу
бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан солң мұғалім осы модулінің
барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ),
сызба, кесте және т:б: белгілік үлгілерде сүйне отырып түсіндіреді. Тақырып
мазмұна на (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) өсу бағытымен
–қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларға , зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше
мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып ,
өз қабілеттерін , жадын, ынтасын , ойлауын, ауызша және жазбаша тілін
дамытады.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш
негізгі кезеңне тұрады: кіріспе –қызықтырушылық, опериационалдық-танымдық
және рефлексиялық-бағалау кезеңдерінен тұрады.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін
оқушылардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін психологтардың пікірінше ,
мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәслдері
көрсетілуікерек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға
түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін
бастаған тиідірік екені эксперимент көрсетіп отыр.
Қандай да бір құбылыстытну барысында адамда оны түсінгендік,
меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі
жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді
қорғау қапшығына , берік жабылған орамаға салып сақтауы және ұсынуы тиіс.
Мұндай орамы қызметін белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға
бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың
танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген
оқу материалын тыңдау ,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп
құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру жіне әр түрлі белсенді формаларды
қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында
оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру
мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау
мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің сөйлесу
бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық- танымдық кезңнен
іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге
негізделген тұжырымдамасына сүйенсек:
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметін
жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын ,қабілеттерін көзге
елестету қабілетін, жадын , шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни
білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға
бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен оқушының
қажеттіліктерін , қызығушылығын және қызет мақсаттары дамытуға ағдай жасау.

3. Оқуды басқару икемді болуы тийс . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
Оқытудың педагогикалық технологиялары
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Пәндер