Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті
Филология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері
мен әдістемесі
Орындаған: Габбасова А.С.
Жетекші: аға оқытушы Қуаныш Т.Т.
Орал-2012ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдістемесінің
теориялық негіздері
1.1. Әдебиет пәнін оқытудың әдістемесінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .6
1.2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .11
ІІ тарау. Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен
жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
2.1. Әдебиет сабағында білім берудің тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Дарынды балалармен қазақ әдебиеті сабағын өткізу
үлгілері ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында
атап көрсетілгендей, білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік
мазмұнына қарай өзгерту болып табылады.
Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық,
дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде
оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған
білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру
жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін
арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезуніге жетелеу
көзделеді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі
әдебиет пәні сабақтары мен әдебметке байланысты сыныптан тыс, мектептен
тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін
таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының
оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем
әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде
оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік
,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру
заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның
адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет-
бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Жазба жұмыс түрлерінің ішінен басым қолданатын жұмыс түрі – мазмұндама
жазғызу. Бұл тек мәтін мазмұнын әсерлі жеткізу ғана емес, сауатты жазуға
дағдыландырады.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей жас
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие беру, оқушының қалыптасқан
даралығын анықтап, жігер-қайратын ескеріп, ұлттық мәдениетімізді, салт-
дәстүрімізді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі мұғалімдердің басты
мақсаты. Сондықтан мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Әдебиет сабағындағы
дарынды оқушылармен жүргізілетн жұмыстардың түрлері мен әдістемесі деп
алдым.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Республика білім қызметкерлерінің ІІ сьезінде сөйлеген
сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі
шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу
деген. Осы тұрғыда білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізіліп, қазіргі
уақыттағы жаһандастыру жағдайында ғылым, ақпараттық-техникалық, мәдени даму
жолында ерекше көзге түсетін дарынды тұлға қалыптастыру бүгінгі алға
қойылған мақсаттардың бірі болып табылады.
Зерттеу мәселесі – қазақ әдебиеті сабағында дарынды оқушылармен
жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі мен түрлерін көрсету.
Зерттеу объектісі - дарынды оқушылар
Зерттеу болжамы - егер дарынды оқушы тәрбиелеуде қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі әдеби шығармалардан үзінді жаттату кезінде қазақ
сөздерін орфоэпиялық нормаға сай оқылуына аса назар аударса, қазақ тіліне
тән дыбыстардың артикуляциясына зейін бөліп, дұрыс сөйлеуін қадағалап
отырса, тіл ұстарту жұмыстарында әр түрлі жағдаяттар туғызып, тез тілдік
құрылым құрып, сұхбаттаса білу дағдысын жетілдіріп, қазақ халқының салт-
дәстүрі жайлы мәтіндерді орысшадан қазақшаға аудару секілді жұмыстарды
көбірек жүргізілсе оқушының дарындылығы артып, оқуға деген ынтасы да
жоғарылайды.
Зерттеу пәні – Әдебиет сабақтарындағы дарынды оқушылармен жүргізілетін
жұмыстарың әдістемесі мен түрлері.
Зерттеу мақсаты - әдебиет сабағында дарынды оқушылармен жүргізілетін
жұмыстардың түрлерімен және әдістерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
- Әдебиет пәнін оқыту әдістемесі туралы;
- Әдебиет сабағында дарынды оқушылармен жұмыс түрлерін көрсету;
- Дарынды оқушылармен жұмыстарда әдебиет сабағында қолданылатын
әдістермен танысу;
- Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәнін көрсету.
Зерттеу базасы - № 1 ЖОББМ
Зерттеу әдістемесі - ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік
еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, мұғалімнің жұмысына талдау
жасау.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
педагогикалық сауатын ашуда, мұғалімдердің дарынды оқушылармен жұмысында,
педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1.1. Әдебиет пәнін оқытудың әдістемесінің ерекшелігі
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін
анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы
орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын
пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын
ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте
әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-
қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида
ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-
тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену
негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз
шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара
байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін
және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын
көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәгдерге тиісті оқытудың жалпы
заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке
әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай
жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы
сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет
етенін үнемі жаңалық табатын өнер, -деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет
Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі
білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін
жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз
әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым
өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан Тіл жұмсар атты
әдістемелік еңбегінде: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға
жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп
отыру, - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті
әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен
алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені
сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының Баяншы, Әлиф-ба астары сияқты
жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде
А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев
баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге
асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып,
өзінің Бастауыш мектептегі ана тілі атты белгілі әдістемелік еңбегін
жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш
мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін
жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова Әдістеме дегеніміз-
уақытты үнемдей білу.Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан
негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру
шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала
ұйымдастыру,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы
құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: Қай пән бойынша болмасын
барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және
әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай
деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру
негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау
мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет
пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер
туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен
әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға
үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-
ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен,
біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті
сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік
тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма
идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік
ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды
ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып,
қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді
дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз.
Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің
бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп
отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді.
Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына
қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды.
Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды
білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін
жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы
арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға
тиіс,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен
дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы
қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму
бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық
біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке
сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық
бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін
жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені
ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының
ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті
өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-
мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына
ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен
қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі
ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ
тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін
диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін
қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім
салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл
мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ
бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-
дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа
технологиясын ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім
тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің
бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай
келеді деуге болады.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке
әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің
даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа
технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру
болып табылады.
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму
бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім
кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
1.2. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы
Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты болған түбегейлі
бетбұрыс 1933 жылы қабылданған бағдарламаларға көшу болды. Ол әдебиет
пәнінің өз дербестігіне толық ие болып, оның қалыптасу үрдісінің біршама
тездеуіне игі ықпал етті.
Одақ көлемінде ұйымдастыру формасы қалыпқа келген, даму бағыттары мен
білім мазмұны айқындалған мектептердің бұдан кейінгі дамуы Қазақстанда да
1940 жылға дейін қазақ әдебиеті пәнінің құрылымдық толықтығын шешіп, пән
ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуына жағдай туды. Ол іс те 1932-1933
жылдарға созылыңқырап барып, 1932 жылы бастауыш оқу бағдарламасының
нұсқасы,1934 жылы орыс мектептерінің орыс әдебиеті бағдарламалары
үлгісінде қазақ әдебиетінің оқу бағдарламаларына көшуі, 1938
жылдарымектептегі айқындалған әдебиетті оқыту курсының үш буындық
жүйесінің: ана тілін бастауыш сатыдағы әдебиеттік оқу (V-VІІ сыныптары),
әдебиет тарихын оқу (VІІ-Х сыныптарда), әдебиет пәнінің қалыптасуына
маңызды белестер болды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға ашық
сұраныс күшейді, қазақ әдебиетінің жүйеге түскен тарихын жасау, жас
ұрпақты оқыту мәселелері бойынша қоғамдық ой-пікірлер өрістеді. Солай болса
да 1932 жылдан қазақ әдебиеті дербес оқу пәні болып оқытыла бастағанымен,
оның қалыптасу кезеңі бұл қарсаңда тиянақталмаған еді.
Өйткені оқу пәнінің пәндік құрылымының басты компоненттері болып
табылатын оқу бағдарламасы мен оқулықтар жүйесін жасау, бір қалыпқа келтіру
1938-1940 жылдарға дейін жүріп жатты. Оның үстіне қазақ мектптерінің
сыныптық құрылымдары әлі толық айқындалмай, сабақ жүйесі біртұтас болмады.
Сабақтың курстықтолықтығы болмаса, оқу пәні де толық пән дәрежесіне
жетпейді. Қазақстанда қазақ мектептерін тек 1940 жылдары ғана оқу пәнінің
толық пән ретінде жүзеге асуына жақын келді.
1935 жылы барлық қазақ мектептерінің 75,3нда ғана сынып немесе екі
ғана сынып, әрі кетсе үш қана сыныптар болған. Ал жеті жылдық болып
құрылған барлық 212 қазақ мектебінің 1936-1937 оқу жылында тек 79
мектебінде ғана жетінші сыныптар болған, 17 қазақ орта мектебі бар деп
есептелсе де, оныншы сынып тек оның біреуінде ғана ашылған (Алматы қаласы,
№12 мектеп) . Тек 1939-1940 оқу жылына қарай қазақ мектептерінің сыныптары
мен ондағы балалар саны толыса бастаған.
Бастаыш мектепте 277139, жетіжылдық мектепте 121616, орта мектепте
10053 қазақ балалары оқыған. Бұның өзі 1934 жылы Одақ көлемінде, 1935 жылы
Қазақстан көлемінде бірыңғай бастауыш орталау және орта мектептер жүйесі
құрылған соң ғана өрістей алды. 1935 жылдан барып Қазақстанда мектепке
алудың тәртібі оқушылардың оқу үлгерімін бағалаудың бес дәрежесі, оқу
мезгілдері, сабақ уақытының ұзақтығы, оқу жоспарының міндетті орындалуы
бір жүйеге түсті. 1937-1938 оқу жылына арналып қазақ мектептері үшін
жасалған оқу жоспары осыны дәлелдей түседі. Онда барлығы 19 оқу пәні
апталық сағаттарымен көрсетілген. Оның ішінде қазақ әдебиеті пәні жеке пән
ретінде аптасына бір сағат көлемде V-Х сыныптардың әрқайсысында берілген.
Оқу жоспарындағы апталық сағаттың әр сыныпқа өте аз бөлінуі әлі де болса
оның пәндік мәртебесін қамтамасыз ете алатын білім мазмұны, әдебиет
теориясының жүйеленуі, әдеби мұраны сұрыптау, әдеби зерттеулер мен
әдістемелік құралдар айқындала қоймағанын меңзейді.
Филология ғылымдарының докторы, академик С.С.Қирабаев: Қазақ
әдебиетінің арнаулы курс есебінде мектепте оқытылуы -біраз кешеңдікпен
басталған іс. Ол кезде қалыптасып бір жүйеге түскен әдебиетіміздің тарихы
жоқ болатын, ретке келтірген бағдарламалар мен оқулықтарға қазақ
мектептерінің қолы тек отызыншы жылдардың аяқ кезінде ғана жетті,- деп
жазды.
Профессор Ә.Сембаев бұл пікірді өзінің Қазақ Совет мектебінің
тарихы еңбегінде 1939-1940 оқу жылына қарай қазақ мектептерінің барлық
сыныптары үшін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жасалған бағдарлама толық
мақұлданды. Бұл бағдарламалардың бәрі де жеткілікті тиражбен басылды,-
деп дәйектей түседі.
1940 жылы қазақ жазуының орыс графикасына көшірілуі ғылым ,
мәдениет, баспасөз, ағарту ісіне айтулы серпін туғызды. Ол қазақ әдебиеті
пәнінің біртұтас дербес пән ретінде жаңа даму кезеңінің басталуы еді.
Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары
болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу
дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту
проблемаларының мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік
басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты
күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ.
Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан
ғалым-әдіскерлеріміздің ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды.
Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр
кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-
бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиеті оқыту
пәні ретінде мектеп бағдарламасына еңгізу, әдеби білімнің мазмұнын
айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми
түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес.
Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім
мазмұның айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға
қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық
Комитетінің 1932 жылғы 25 августе қабылданған Бастауыш және орта
мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы қаулысы осыған сәйкес
Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған
қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған Бастауыш және
орта мектептердің оқулықтары туралы қаулысы республикада халық ағарту
ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік
құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау,
оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жуйесін, яғни
пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні
бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын
белгілеу оңайға түскен жоқ.
Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек,
одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін
айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің
болмауы, әдебиетті, оның тоериясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін
мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-
1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз.
Ойынымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ
мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке
пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына енгізіліп отыр.
Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән
болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз
жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі
қызметін атқарды. Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ
балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап
айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам
1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет
корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі
ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ
мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде
ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры
Н.И.Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегіменоқыту қолға
алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып
тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды.
Ы.Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде
Қазақстанда мектептің білім жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері – ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық
училищелер, мұғалімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-
туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы
сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер
мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер
мектебі.

2.1. Әдебиет сабағында білім берудің тиімді жолдары
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы
жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп
отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі
дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда
тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке
жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал
мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-
психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты, адамын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік
кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман
талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік
жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің
тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде,
қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік
даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен
тәрбиелік қазынасын туған еліне адамзат иілігіне жұмсай алатын қазақтың
ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ
әдебиетін оқыту процесі болса, оны ұйымдастырушы мұғалімге өте үлкен
жауапты міндет жүктейді.
Сондықтан қазіргі таңдағы халықтық педагогиканың жаңалықтарын,
қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай-қолдана білу-оқыту
максатына жетудің бірден-бір жолы. Мұғалімнің оқыту барысында алға қоятын
мақсаты - баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған
қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша
ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын
жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа
жету оқушының өзі арқылы (іс-әрекет арқылы) жүзеге асады. Мұғалім –
ұйымдастырушы, бағыт беруші, жол сілтеуші.
Сөйтіп, нәтижеге бағдарланған білімді пәндік компетенция
тұрғысынан қарастыратын болсақ, жалпы білім беретін қазақ орта
мектептерінде Қазақ әдебиеті пәні адамның ішкі сезімдері арқылы оның
ойлау, пайымдау, тұжырымдау, тыңдау, түсіну, пікірлесу сияқты
коммунакативтік қатынастарды жинақтаған білімдері негізінде өмірлік
қажеттілігіне айналдыра білуді нысана етеді. Әдеби білім алу арқылы
оқушы әдебиетті пән ретінде игеріп қоймайды,ол сол пәндік білім
негізінде болмысты танып біледі,одан ақпараттық мағлұматтар алады және
эмоционалды құндылықтар болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре
отырып, мәдениетті, салауатты қарым-қатынасқа түседі, ал бұл түптеп
келгенде оларды әдебиеттің коммуникативтік бағытына әкеледі.
Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту барысында білім жүйесі негізінде
төмендегідей мақсат қойылады:
1. Оқы, түсін, түсіндір, болжай біл. Қолдан, талда, салыстыр, жинақта.
2.Бағала (пайымда), өзіңе-өзің және өзгеге де сын көзбен қара, іс-
әрекетіңе талдау жаса.
Әр уақытта оқушыларға төмендегі сұрақтар басты назарда болу
керектігін ұсынады:
1.Не? Қалай? Қандай? Әдебиет жүйесіндегі орны? Не үшін қажет?
2.Күнделікті өмірде пайдалана аламыз ба?Күнделікті өмірде пайдасы бар
ма?
Міне,осы айтылғандарды назарда ұстағанда мұғаліммен оқушы іс-әрекеті
айқындалады.
Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Білімді алуға жетелейтін Сұрақтар қойып,оған жауап іздеу.
әдіс-тәсілдерді (технолнгияларды) Өздігінен білім алуға
пайдалану. жауапкершіліпен ұмтылу.
Өздігінен білім алу жолдарын Білім алу дағдысын өз бетінше
ойластыру. қолдана білу.
Әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану. Бірлесіп жұмыс істеу,өзін-өзі және
Оқушы еңбегін құрметтеу. басқаларды құрметтеу.
Оқушы пікірімен санасу. Сөзге тоқтау.
Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.Қиындықты өзі шеше алу.
Қадағалау,бағалау. Өзін-өзі және өзгелерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz