Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Филология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Орындаған:
Жетекші:
Орал-2014ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдістемесінің теориялық негіздері
1.1. Әдебиет пәнін оқытудың әдістемесінің ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Көрнекілік әдісі туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
2. Әдебиет сабағындағы көрнекіліктерді қолданудың тиімді жолдары
2.1 Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және
маңызы ... ... ... ... ..14
2.2 Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... 17
2.3. Әдебиет сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды
қолдану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .31
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі
бағыт Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында атап көрсетілгендей, білім берудің мазмұнын орталық
білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту болып табылады.
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында білім беру саласындағы басты
міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен
тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен
тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық
процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Педагогика ғылым ретінде өте
күрделі. Оның күрделілігі – жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай
шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – адам. Мұны
біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық.
Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі –
сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін
талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін,
оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар
қолданатынын нақты, алдын – ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды
оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп,
оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту,
бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп
түсінбеу керек.
Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп
күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті
қолданады.
Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктеуге болады:
1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар,
оқулық, кітаптар, буклеттер,экранды және техникалық құралдар жатады.
2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құрал түрлері, қосымша
материалдардан алынған әңгімелеу жатады.
3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар
оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді.
Көрнекі құралдардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек
сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын
еселеп, көрнекті түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен,
көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал
етуі керек. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға
тиіс.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей жас
ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие беру, оқушының қалыптасқан
даралығын анықтап, жігер-қайратын ескеріп, ұлттық мәдениетімізді, салт-
дәстүрімізді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі мұғалімдердің басты
мақсаты. Сондықтан мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Әдебиет сабағында
көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары деп алдым.
Зерттеу мақсаты: Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар
енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде
тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану
емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан әдебиет
сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу
мұғалім алдында тұрған бірде бір міндет.
Зерттеу міндеттері:
- Әдебиет пәнін оқыту әдістемесі туралы;
- Әдебиет сабағында оқушылармен жұмыс түрлерін көрсету;
- Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекіліктермен, әдістермен танысу;
- Әдебиет пәнінің тәрбиелік мәнін көрсету.
Тақырыптың негізгі жаңалығы: Әдебиет сабақтарында білім берудің
барлық негізгі принциптері бір – бірімен байланысты жүзеге асырылады:
саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі,
жекеше қарым – қатынас т.б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі
ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан чехтың
ұлы ғалымы Ян Амос Коменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде
Я.А.Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін (Ұлы дидактика) жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік –
баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың
пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды - деді. Алайда психологтардың
тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте – бірте
көрнекі қимылдан көрнекі – бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да
деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет
1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте – бірте сынып ауысқан сайын азаюы
осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика
өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ
әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Зерттеу жұмысының практикалық-теориялық маңызы: Оқу-тәрбие процесін
жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы зор. Жалпы таным процесі
есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатынын филиолог ғалымдар өте ертеден-ақ
айтқан. Көрнекілік дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның
мағынасы кеңейді.
Зерттеу мәселесі – қазақ әдебиеті сабағында көрнекіліктерді қолданып
жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі мен түрлерін көрсету.
Зерттеу объектісі – мектеп оқушылары
Зерттеу болжамы - егер қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі әдеби
шығармалардан үзінді жаттату кезінде қазақ сөздерін орфоэпиялық нормаға
сай оқылуына аса назар аударса, қазақ тіліне тән дыбыстардың
артикуляциясына зейін бөліп, дұрыс сөйлеуін қадағалап отырса, тіл ұстарту
жұмыстарында әр түрлі жағдаяттар туғызып, тез тілдік құрылым құрып,
сұхбаттаса білу дағдысын жетілдіріп, қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы
мәтіндерді оқыту жұмыстарында көбірек көрнекіліктерді қолданып жүргізілсе
оқушының қызығушылығы артып, оқуға деген ынтасы да жоғарылайды.
Зерттеу пәні – Әдебиет сабақтарындағы көрнекіліктерді қолданып
жүргізілетін жұмыстарың әдістемесі мен түрлері.
Зерттеу әдістемесі - ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік
еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, мұғалімнің жұмысына талдау
жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдістемесінің
теориялық негіздері

Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін
анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы
орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын
пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын
ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте
әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-
қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида
ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-
тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену
негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз
шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара
байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін
және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын
көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәгдерге тиісті оқытудың жалпы
заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке
әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай
жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы
сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет
етенін үнемі жаңалық табатын өнер, -деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет
Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі
білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін
жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз
әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым
өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан Тіл жұмсар атты
әдістемелік еңбегінде: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға
жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп
отыру, - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті
әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен
алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені
сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының Баяншы, Әлиф-ба астары сияқты
жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде
А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев
баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге
асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып,
өзінің Бастауыш мектептегі ана тілі атты белгілі әдістемелік еңбегін
жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш
мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін
жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова Әдістеме дегеніміз-
уақытты үнемдей білу.Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан
негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру
шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала
ұйымдастыру,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы
құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: Қай пән бойынша болмасын
барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және
әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай
деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру
негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау
мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет
пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер
туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен
әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға
үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-
ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен,
біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті
сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік
тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма
идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік
ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды
ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып,
қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді
дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз.
Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің
бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп
отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді.
Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына
қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды.
Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды
білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін
жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы
арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға
тиіс,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен
дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы
қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму
бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық
біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке
сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық
бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін
жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені
ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының
ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті
өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-
мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына
ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен
қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі
ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ
тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін
диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін
қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім
салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл
мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ
бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-
дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа
технологиясын ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім
тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің
бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай
келеді деуге болады.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке
әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің
даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа
технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру
болып табылады.
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму
бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім
кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
1.2. Көрнекілік әдісі туралы түсінік
Мектепте өзге пәндердің оқыту әдістері сияқты әдебиет сабағын оқытудың
да өзіне тән міндеті мен бағдарламасы, оқыту әдісі бар. Соның бірі
көрнекілік әдісі .
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне,
шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынандай екі түрлі
қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе –
оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу
қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі -
әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс
әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады.
Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты
әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы
жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін
танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау
оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді.
Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік
әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік
жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың
орны ерекше.
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру
деген еңбегінде әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.
1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері.
2. Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері.
3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, бір топтағы оқыту
әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация,
портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем
мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ, репродуктивтік, эвристикалық
әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, әр
топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен
түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы
мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай
отырып, пайдалануы керек. Көркемдеп оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл
атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі
сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Бұл әдістің негізгі тәсілдері
мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты,
үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлей,
әрі түсінік бере оқуы, оқушыларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық
әңгімелету, жоспар жасау, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б.
шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем
мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай
өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер
бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды, т.б.) тиімді тәсіл
ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім
осы жұмыстың басы-қасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да
болып қызмет атқарады.

2.1 Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдар түрлері және маңызы

Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір –
бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік,
беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т.б.
Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін
алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Ян Амос Каменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін (Ұлы
дидактика) жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп,
көрнекілік – баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар
заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды - деді. Алайда
психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау
түрі бірте – бірте көрнекі қимылдан көрнекі – бейнеліге ауысады, тіпті
мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі.
Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте – бірте сынып
ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс,
теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті
қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады.
Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді.
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап
алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе
балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді.
Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған.
Әдебиет сабағында пайдаланылған табиғи көрнекі құралдарға айналадағы
өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарандаштар, шыбықтар, кубиктер т.с.с.
жатады. Суретті көрнекі құралдар ішіне бейнелік көрнекі құралдар жеке
бөлініп көрсетіледі: Заттар, суреттер, фигуралардың, қағаз бен картоннан
жасалған кескіндері, заттардың немесе фигуралардың кескіндері салынған
кестелер. Суретті көрнекі құралдың екінші бір түрі шартты (символдық)
құралдар болып табылады: портреттік символдардың, схемалар, суреттер,
сызбалар. Суреттік көрнекі құралдар да жатады. Олар: оқу фильмдері,
диофильмдер, диофозитивтер, нитербелсенді тақта. Көрнекі құралдарды
пайдалану тұрғысан алғанда жалпы сыныптық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы
сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып пайдаланылады (кейде оларды
демонстрациялық деп атайды). Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке
пайдаланады. Көбінесе жалпы сыныптық, және жекелік құралдар мазмұны жөнінен
бірдей және айырмашылығы тек үлкен – кішілігінде ғана болады: геометриялық
фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, сызба құралдары т.с.с. Дайындау
тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада
дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі
құралдар деп бөлінеді. Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды
толықтырады: бұлар – арнайы тапсырмалар үшін әр түрлі суреттер мен
сызбалар, құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді
алмастыруға болатын кестелер т.б. көрнекі құралдарды жасауға балаларды
қатыстырып отырған пайдалы . Мұның білімдік және тәрбиелік маңызы зор,
білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек
дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Өздері қолдан жасалған құралдармен
жұмыс істегенде бала еңбекті құрметтей білуге үйренеді.
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың
қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін
дамытады. Нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін
практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі .
Қорыта келгенде, қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты,
тартымды және күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу – оқытудың ең басты
талабы. Барлық сынып балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу
процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада
қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін, сабақтарда көрнекі құралдарды
пайдаланудың маңызы зор. Сабақта тиімді пайдаланылған көрнекі құралдар
мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне
көмегін тигізеді. Көрнекілік оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез ынтамен
орындауға, өз беттерімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылардың ойланғыштық,
іздемпаздық қабілетін арттырады. Сондықтан да күнделікті өткізген
сабақтарында түрлі көрнекі құралдарды көп пайдаланып отыру өте тиімді.
2.2 Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен
әдіс-тәсілдері
Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады.
Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен
топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан
логикалық қорытынды шығаруға үйрету. Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық
кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды.
Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ .
Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық,
графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар;
техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.
Заттық, образдық, графикалық. Көрнекіліктер көркемсөз шеберлерінің
өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі
суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері.
Синтетикалық, синхроникалық кестелер. Олар арнайы ақын – жазушылардың
шығармаларына тақырыптық бейнеде, образды бейнеде берілетін кестелер.
Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын
бейнелі суреттер.
Тірек сигналдары: тірек плакаты, тірек конспекті. Тірек конспектісі –
негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. Тірек плакаты – ақын-
жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы
жазылған анықтамасының көрсеткіші.
Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары
бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық
жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.
Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар,
дыбыстық техникалық құралдар.
Экрандық техникалық құралдар. Бұған: киноаппарат, эпидиаскоп,
кодоскоп, ЛЭТИ, Протоп, Свитязь, Фильмоскоп т.б. жатады. Бұлар шағын
көрнекі материалдарды (суреттерді, кесте) экранға түсіріп, сабақ мазмұнына
байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған.
Иллюстрациялық кестені қолдануда көркем өнердің, көркем шығармалардың
туындыларын салыстыра талдап түсіндіруге, олардың өзара жақындығын, өнер
туындысы ретіндегі өзіндік даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, бірлігін
көрсету, байқату көзделеді.
Диапозитив – экрандық техникалық құрал. Диапозитив арқылы сериялы
материалдарды бөлшектеп, жеке-жеке кадрларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz