Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Филология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері

Орындаған: Жумагазиева Г.Ж.
Жетекші: аға оқытушы Қуаныш Т.Т.

Орал-2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Романтизм мен реалзим әдістерінің зерттелуі мен кейбір теориялық
мәселелері
1.1. Қазақ прозасындағы романтизмнің даму
арналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Қазақ әдебиетіндегі реализм әдісінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .11
ІІ тарау. Әдебиет сабақтарындағы реализм мен романтизм әдістері
2.1. Әдебиет сабағындағы реалзим
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2.Қазақ прозасындағы романтикалық тенденциялар мен оның
ұлттық
сипаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30

Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысынан романтизм құбылысына зерттеушілердің
ықыласы арта түсті. Романтизм өзінің өзектілігін жоғалтпай, қызу ғылыми
талқылаудың нысанына айналды. Романтизмнің теориялық және методологиялық
мәселелері тек әдебиеттанудың ғана емес, философтардың,
мәдениеттанушылардың да қызығушылығын тудырып отыр. Қазіргі таңда қазақ
әдебиетіндегі және жеке суреткерлер шығармаларындағы романтизм көрінісін
ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, қайта қарастыру қажеттілікке
айналып отыр.
Академик С. Қирабаевтың: ХХ ғасыр адам баласының тарихында ең бір
күрделі, қайшылығы да, қалдырар ғибраты да мол дәуір болып табылады. Ендігі
жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес,
дербес зерттеп, ұлтымыздың тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтылғанын,
жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, бүгінгі егемендікке жетуіміздің
заңды жолын көрсетуге тиіспіз [1, 130 б.] деген пікірі ұлы өзгерістерге,
қайшылықтарға толы уақыт демін тап басуымен құнды. Осы ретте қазақ
әдебиетінде көп зерттеле қоймаған романтикалық дәстүрдің дамуы – әдебиет
тарихы үшін аса өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдік әдебиеттануда романтизмнің көркемдік ерекшелігі, типологиясы
мәселелері зор айтыс-тартыстардың арқауына айналып келді. Соңғы жылдардағы
романтизм хақындағы еңбектерде көптеген авторлардың әдебиеттануда ұзақ
уақыт бойы орын алған, әйтседе, бүгінгі күн талабынан ескірген
методологиялық аксиомалардан іргесін аулақ салғанын аңғаруға болады. Н.
Гуляев, А. Карельский, В. Руднев, В. Толмачев сынды зерттеушілер
романтизмнің өмірлік циклы ХІХ ғасырдың ортасында аяқталған жоқ, оның
шығармашылық импульстары белгілі бір деңгейде ХХ ғасырда да мәдениеттің
дамуын айқындайды деп есептейді. Романтикалық дәстүрге сүйену, жекелей
алғанда, ғасырлар тоғысында, кейіннен ХХ ғасырдың екінші жартысында жаңа
мифология жасауда жалғасын тапқан мифтік шығармашылықта көрініс берді.
РЕАЛИЗМ — көркемдік әдіс, яғни нақты өмір құбылыстарын көркем
шығармашылықтың өзіне тән бейнелу құралдары арқылы шыншылдықпен суреттеу
тәсілі. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік пошымы алуан
түрлі болып келеді. Олардың бәріне ортақ нәрсе - болмыстың ең маңызды
сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелеу, өмір шындығын айнытпай
кескіндейтін керемет картина, ғажайып образдар жүйесін жасау екені мәлім.
Реализм әдістерінің мүмкіндігі мол, түрлері көп болғанымен ол шексіз емес.
Көркем шығармашылық нақты болмыстан, өмір шындығынан алшақтаған жағдайда
Реализмге орын қалмайды. Реализм әр түрлі тарихи-қоғамдық жағдайда, ұлттық
және әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты туып қалыптасады. Сондықтан, оның
дамуы барлық жерде бірдей болмайды.
Тақырыптың өзектілігі: Көркемдік әдіс – әдебиеттану ғылымындағы
күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттің даму бағыттары, көркемдік
таным арналары әдіс мәселесімен тығыз ұштасады. Өткен күн мұраларын
бүгінгі күн биігінен қайта таразылаған тұста көркемдік әдістер, әдеби бағыт
пен ағымдар мәселелері жан-жақты талқылауды, терең зерттеуді қажет етеді.
Тіпті кеңес қоғамы дәріптеген реализмнің мазмұны мен даму мәселесін жаңаша
зерттеу де қазіргі әдебиеттану ғылымының күн тәртібінде тұр.
Қазақ зерттеушілері романтизмнің ХХ ғасырда жаңаша қарқын алғанын атап
өтеді. Т. Кәкішұлы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуында айқын көрініп,
әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал – романтикалық
суреттеу тәсілі екенін ашық айтады [2, 386 б.].
Қазақ әдебиеттануында прозадағы романтизм мәселесі арнайы зерттелмей
келеді. Кеңес дәуірі тұсында социалистік реализмнен басқа әдеби әдістердің
еленбеуі, шынайы романтизмнің көлеңкеде қалуы әсер етті. Оның әдебиетке
әкелген жетістіктері мен мүмкіндігі жете бағаланбады. Кеңес әдебиетінде
социалистік реализм аясында, оның жапсырмасы есебінде қарастырылған
романтизм – бүгінгі әдебиеттануымыздың өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеуде қазақ прозасындағы романтизмнің теориялық және тарихи
маңызы, көркемдік табиғаты, даму жолы осы арнада қарастырылады. ХХ ғасырдың
екінші жартысындағы прозалық туындылардағы романтикалық сипат, оның
көркемдік ерекшеліктері, шындық пен көркемдік қиялдың ұштасуы,
философиялық жинақтаулар мен романтикалық сарынның сабақтастығы басты
назарда болды.
Зерттеу мәселесі – қазақ әдебиеті пәнін оқытуда модульдік жүйені
әдісін қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу болжамы – егер, бүгінгі танда оқу үрдісінде қолданылып жүрген
жаңа технологиялар өз қолдауларын тауып, барша қоғам үшін маңызды жаңа
әдістер және тәсілдерді, соның ішінде модульідк жүйе әдісін әдебиет
сабағында қолданып оқытса, оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянып, оқуға
деген ынтасы артады.
Зерттеу пәні – әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі.
Зерттеу мақсаты - қазақ прозасындағы романтизмнің және реализмнің даму
жолын, эволюциясын және романтизм мен реализмнің өзіндік ерекшеліктерін,
көркемдік әлемін айқындау
Зерттеу міндеттері:
– романтизмнің көркемдік-эстетикалық мәнін, романтизм табиғатын,
қазақ прозасындағы романтизмнің бастау көздерін, даму арналарын айқындау;
– қазақ прозасында романтизм мен реализмнің қалыптасуы мен даму
ерекшелігін қарастыру;
– романтикалық ұстанымдар айқын көрініс берген әлеуметтік-тарихи,
рухани-мәдени дәуір ретінде сипаттайтын белгілері мен ерекшеліктерін
анықтау;
– әдеби шығармада романтикалық тенденциялардың басқа шығармашылық
әдістермен, реализммен, модернизммен байланысын және ерекшелігін саралау;
– жазушылардың шығармашылық даралығын ескере отырып, олардың
әрқайсысына тән романтикалық ойлау жүйесінің, дүниетанымының, өмірді
қабылдауының мәнін, ерекшелігін айқындау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ поэзиясындағы және жеке суреткерлер
шығармаларындағы романтизм мен реализмнің арнасын негізге алып жазылған
зерттеу еңбектері, қазақ прозасындағы романтизм мен реалзмнің негізгі
қалыптасу арналарын, даму сипатын, көркемдік ерекшеліктерін айқындауға
бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілген жоқ. Романтизм мәселесі зерттеуде
прозалық туындылар негізінде қарастырылып отыр. Зерттеуде қазақ әдебиетінің
даму жолында тарихи қалыптасқан көркемдік құбылыс – романтизмнің және
реалзмнің зерттелу тарихына зер салынып,  оның көркемдік әдіс пен ағым
ретіндегі табиғаты туралы тұжырымдар жүйеленеді, романтизмнің ұлттық
сипаты, көркемдік ерекшеліктері айқындалады.  
Зерттеу базасы - № 1 ЖОББМ
Зерттеу әдістемесі - Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына
қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес айқындалды. Ғылыми жұмыстың
әдіснамалық негізіне тарихи-салыстырмалы, жүйелі-кешенді, мәтіндік талдау,
салыстыру, баяндау, жинақтау әдістері қолданылды.
Тәжірибелік маңызы. Жұмыстың ғылыми нәтижелері мен тұжырымдарын
жоғарғы оқу орындарында әдебиет тарихы, әдебиет теориясы пәндерінен
өткізілетін жалпы курстарда, оқулықтар мен оқу құралдарын даярлауда, қазақ
прозасының поэтикасына, романтизмнің теориясы мен тарихына байланысты
жүргізілетін арнаулы курстарда, семинар сабақтарында көмекші материал,
құрал ретінде пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Романтизм мен реалзим әдістерінің зерттелуі мен кейбір теориялық
мәселелері
1.1. Қазақ прозасындағы романтизмнің даму арналары
Қазақ әдебиетіндегі романтизм мен реализм, әдебиеттің көркемдік әдісі,
даму бағыты қандай болуы керек деген мәселелер сонау ХХ ғасырдың басынан
толассыз айтыс-тартыстың арқауы болып келеді. ХХ ғасырдың басында қазақ
прозасында романтизмнің айқын көрінуімен қатар, романтизм құбылысы туралы
қазақ әдебиеттануындағы ғылыми пікірлер де алғаш рет осы кезеңнен бастау
алады. Жалпы көркемдік әдіс туралы пікірталастардың мол болуы ХХ ғасыр
басындағы қоғамда орын алған терең саяси-әлеуметтік қайшылықтармен, тарихи
өзгерістермен байланысты еді. Романтизмнің қазақ әдебиетіндегі белгілерін
іздеп, осы дәуір әдебиетінің романтизм әдісі тұрғысынан дамығаны туралы
пікірге оң көзімен қарағандар қатарында М.Әуезовті, Ж. Аймауытовты атауға
болады.
Әдебиетте үстемдік еткен идеология негізінде ХХ ғасырдың 30-жылдарына
дейін созылған айтыстың қорытындысы романтизмді тек социалистік реализмді
қанағаттандыратын, оған асқақтық, өршіл пафос беретін романтика ретінде
ғана керек деген пікірге сайды.
Романтизмді зерттеу методологиясын тиянақтауда романтизмнің тууына
себеп болған қоғамдық-саяси ахуалды зерделеген З. Қабдолов, С.Қирабаев, Т.
Кәкішұлы, З.Ахметов, Ш. Елеукенов, Қ. Жүсіп, Б. Омарұлы сынды ғалымдардың
еңбектеріне сүйене отырып, романтизмнің тарихи астарын зар заман
әдебиетінен іздеген жөн.
Романтизмнің пайда болуын тек төңкеріс алдындағы қоғамдық санамен
ғана байланыстыру мәселеге тым үстірт қарау болмақ. Көркемдік сана ұлттық
ойдың оянуында, отарлық езгіге қарсы күресте айқынырақ көрінеді. Қазақ
романтизмінің ұлттық ерекшеліктері халықтық дүниетаныммен, әдебиетте
көркем бейнеленетін ұлттың болмыс-бітімінің даралығы мен психологиялық
ерекшеліктермен, әдебиеттегі адам туралы таным-түсінікпен, жеке тұлға
концепциясымен тығыз байланысты. Романтизмді қоғамдық даму тарихындағы
белгілі бір кезең ауқымында қарасақ, ол тұтастай сол дәуірдің саяси-
әлеуметтік, экономикалық, рухани қайшылықтарымен айқындалады. Қазақ
қоғамындағы осы қайшылықтардың асқынуы романтикалық көңіл-күйдің кеңінен
тарауына алғышарт қалыптастырды. Мұндай көңіл-күйдің өз кезегінде жалпы
қауымның және жеке тұлғаның көзқарастарына, сол тұстағы ғұмыр кешкен
суреткердің дүние қабылдау жүйесіне әсер етпеуі мүмкін емес еді.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы қазақ әдебиетіндегі күрделі
ізденістердің, өткір идеялық-эстетикалық қайшылықтардың, адам мен әлем
туралы жаңа концепцияның қалыптасу кезеңі болды. Қазақ романтизмі де
өтпелі дәуірлердің түйісінде, ескі жүйенің қабырғасы сөгіліп, саяси өмірде,
мемлекеттік құрылымда, экономикада, білім мен мәдениетте тың өзгерістердің,
жаңа түсініктер мен дүниетанымның қалыптасуына байланысты болды.
Қазақ әдебиетіндегі романтикалық тенденциялар ең алдымен ұлттық
әдеби дәстүрлермен айқындалады. Ауыз әдебиеті үлгілері, фольклорлық
дәстүр оны тудырушы халықтың дүниені қабылдау ерекшелігін, дүниетанымының
маңызды қырларын танытады. Сондықтан қазақ прозасындағы романтизмнің
даму арналарын қарастыруда ұлттық ерекшелік ескеріліп, романтизмнің осы
типологиялық қасиеті үнемі назарда болуы тиіс. Қазақ жерінде
романтизмнің орнығуы мен қарқынды дамуы ғасыр басындағы ұлттың және
жеке тұлғаның ой-санасындағы дүмпулермен, ұлттық рухтың күшеюімен және
қазақ әдебиетінің жалпы әлемдік әдеби үдеріске енуімен байланысты
еді.
ХХ ғасырға дейінгі қазақ әдебиетіндегі романтикалық дәстүр деп
аталатын бірінші бөлімшеде қазақ прозасының қалыптасу дәуіріне дейінгі
әдебиеттегі романтикалық бейнелеу тәсілі сөз болады.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ прозасына романтикалық таным
өзіне дейінгі романтикалық дәстүрді бойына сіңірген ұлттық әдебиеттен
келді. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік романтизм парадигмасымен
жаңғырып, жалғасып жатқанымен, суреттеу тәсілдерінде қазаққа ғана тән
өзіндік бояуымен ерекшеленеді. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық
тенденциялардың бастау көздері ұлттың фольклорлық және әдеби дәстүрлерімен
сабақтас қарағанда ғана айқындала түседі.
Қазақ романтизмі ұлттық әдебиеттің өзіне дейінгі дәуірлерінен бастау
алады. Қазақ әдебиетінде де романтикалық леп елдің тәуелсіздігін аңсау
идеясынан туындап жатты. Ақын-жыраулар поэзиясында ел бірлігі, атамекен,
туған жер басты тақырыптар болды. Романтизм элементтері дәуірдің қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерін қозғауда, қаһармандық пафоста, оқиға динамикасында,
ат үстіндегі жауынгерлік өмір салтын дәріптеуде жоғары көркемдік деңгейде
жүзеге асты. Жыраулардың өз менін паш етуі, шаршы топ алдында биік те
асқақ жүрекжарды сөзі, дүниенің баянсыздығы мен өзінің жалғыздық болмысын
сезіну сияқты романтикалық ойлау жүйесіне тән белгілер олардың жырларында
көріне бастайды. Отаршылдыққа бойсұнбау мотиві зар заман ақындарының
шығармашылығында жаңа қырынан көрініп, ХІХ ғасырда Дулат, Мұрат, Шортанбай
ақындар бұл тақырыпты жеріне жеткізе жырлады. Зар заман ақындарының
шығармашылығында дәстүрдің бұзылуы, жердің тарылуы, діннің әлсіреуі сияқты
бүгінгі күнге тән өзгерістер өткен заманға қарама-қарсылықта
көрсетілді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанның саяси, билік
құрылымындағы, рухани мәдениеттегі өзгерістер нәтижесінде адам
дүниетанымында эстетикалық төңкеріс болды. Қазақ поэзиясында ертеден келе
жатқан философиялық ойлар Абай өлеңдерінде жаңа бір сапалық деңгейге
көтерілді. Адамның ақиқатпен, өмір құбылыстарымен қарым-қатынасын жаңа
философиялық биіктен зерделеуі, жеке тұлға болмысындағы кемшіліктер мен
қоғамдық қарым-қатынастардағы келеңсіздіктерге сын көзімен қарауы, жаңа
идеал, ізгі, иманды қасиеттері бойында жинақталған толық адам туралы
таным қалыптастыруы, рухани кемелденуге, өзін-өзі жетілдіруге бағыттауы –
қазақ әдебиетінде Абай шығармашылығының өзегіне айналды.
Болмыс жұмбағын адамзаттың көркемдік-эстетикалық танымына тән
романтикалық, символикалық сарында бейнелеу тәсілдері қазақтың
дүниетанымына да жат емес-ті. Бұл тәсілдер, әсіресе, ХХ ғасырда күшейе
түсті. ХХ ғасырдың басындағы романтикалық бағыт-бағдар біршама өзгере
бастады. Романтикалық сананың эволюциясымен, жаңа көркемдік-бейнелеу
тәсілдерінің ізденістерімен қатар әдебиетте адамның болмысы мен табиғатын
зерттеуге құлшыныс артты. Абай дәстүрінен бастау алатын адамның өз ішіне,
жан дүниесіне үңілу, әлемдегі әділетсіздіктің себептерін өзінен іздеу
сарыны тереңдейді.
1.2. Қазақ әдебиетіндегі реализм әдісінің дамуы
Реализм — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында,
нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.
Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті
тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды,
адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын
бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл
аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет
етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы
бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды.
Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін
бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс
арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда
реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен
қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген
құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі
көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм
18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті
тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-
сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт;
Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды.
Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз
еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум.
қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-
дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері
(портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет
бұрды.
Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін
бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы
бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген
О.Домьенің шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм
тенденциясы О.А. Кипренскийдің портреттерінен, А.Г. Венециановтың шаруалар
тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан
айқын көрінді. К.П. Брюллов шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм
принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. тұжырыммен ұштастыра
білген А.И. Ивановтың, әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын П.А.
Федотовтың шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын
ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.
Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-
лар). Реализм белгілері М.Сервантес, У.Шекспир шығармаларынан айқын
көрінді, 18 ғ-да Англияда (Д.Дефо, С.Ричардсон), Францияда (Д.Дидро, Ж.Ж.
Руссо, Германияда (И.В. Гете) реалистік романдар жарыққа шықты. 19 ғ-дың 30-
жылдарында бой көрсеткен сыншыл Реализм бурж. қоғам өмірін жан-жақты қамтып
көрсетуді мақсат етті. Батыста У.Теккерей, Р.Флобер, Дж.Элиот, Ресейде Л.Н.
Толстой,М.Ф. Достоевский, А.П. Чехов Реализмнің дамуына зор үлес қосты.
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин шығарм. арқылы биік дәрежеге
көтерілді. Пушкиннің “Евгений Онегин”, “Капитан қызы” романдары, көптеген
лирик. өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік
туғызды. Реализм әдісі одан әрі И.А. Гончаров, И.С. Тургенев шығармаларында
кеңінен орын алған. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет
Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз
Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, [[[Сүйінбай]], Жамбыл ақындармен қатар,
Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы,
С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм
әдісін өркендетіп, дамыта түсті.
ІІ тарау. Әдебиет сабақтарындағы реализм мен романтизм әдістері
2.1. Әдебиет сабағындағы реалзим әдісі
Реализм (латынша relis – заттылық, шындық) - әдебиет пен өмірдегі кең
қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық, сипат белгілерін
сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін
көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды
қоғамды мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы, сан алуан жайларды мейілінше
кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді,
қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді.
Егер Романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға назар
аударса Реализм айналадағы нақты өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін
мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа
сипатқа ме болып әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен
жалғасын тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы іс –
жағдайларды, адамның іс - әрекеттерін бейнелеуді басты мақсат санайды
дегенде, әрине қиялға бой ұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда
реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен
қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақталған көптеген
құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі
көркем образдар, бейне тұлғалар жасау дейміз. Реалистік әдіс орыс
әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Реализм
әдісін одан әрі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас
шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш. Құдайбердиев, М. Дулаттов т.б.
реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.
Әдеби әдіс, көркем шығарманы зерттеу жолы. Негізгі мазмұны - шындықты
бейнелеу амалы, жазушының маңайындағы ақиқатты сұрыптап, таңдап алу арқылы
баға беру. Соцреализммен бірге өшіп, қазір қолданылмайтын ұғым. Оның орнына
әдебиет теориясы, стиль тұжырымы орнықты. Кеңес кезіндегі әдебиеттану әр
бағыттың әдісін бөліп қарады: классицизм әдісі, романтизм, символизм,
реализм әдістері арнайы зерттелді. 20 ғасырдың жаңа әдісі болып соцреализм
саналды (1934 жылғы Жазушылар одағының 1-съезіндегі жарғы негізінде).
Чернышевский өнерді өмір оқулығы деп санады. 20-жыдцардың басында КазАПП
өкілдері өнердің көркемдік табиғатынан бас тартып, оны саяси идеологияның
ұраны болуын талап етті. К. Маркс пен Ф. Энгельстің ойларын іске асырушылар
өмір шындығын, сол кездегі таптық күрес, жұмысшы табының үстемдігін ғана
бейнелеуді көздеді. Әдіс пен жеке дүниетаным арасындағы қайшылық Әуезовтің
соңғы туындыларында анық байқалды, 50-60-жылдары жазуға мәжбүр болған
еңбектері екені ашық. Өйткені 1930-1991 ж. қазақ әдебиетінде соцреализм
әдісі салтанат құрған кезең еді. Батыс Еуропа, АҚШ, Латын Америка
әдебиеттерінде қалыптаскан постмодернистік, постструктурапистік әдістер
кеңінен қолданыла бастады. Абай алғаш рет қазақ әдебиетінде реализм әдісін
қолданды. Сыншыл реализм әдісінің басты ерекшелігі - әмірдің шынайылығын
бейнелеу, адам тағдырының, типтік мінез-бітімін типтік жағдайда көрсете
отырып, саяси-қоғамдық емірдегі қайшылықтар мен кемшіліктерді сынау болып
табылады. Сыншыл реализм әдісі орыс классикасымен таныс, шығыс реализмін
жетік білген Абайдың шығармаларында орын алды. 20 ғасырдың 20-жылдары
Шәкәрім, бұл әдісті А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, С.
Торайғыров, М. Әуезов дамыта түсті. Көркемдік әдіс - өмір шындығын
суреттеудің ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Өнер мен
әдебиетте бір бағыттағы жазушылардың идеялық нысанасы өмір құбылыстарын
бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын
келетіні сөзсіз. Ортақ-сипат белгілер тақырып тандау, белгілі жанрлық
түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көрінеді.
Бүл сипат көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қалыптасады. Ал
көркемдік әдіс - суреткердің өмірді бейнелеуде нақты өмір құбылыстарын
тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой-түсінігіне
сүйенуін аңғартады. Абай поэзиясында реализм әдісі кең өріс алды. Бұл әдіс
өмір шындығын терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Соцреализм
әдісі қарапайым адамдардың бейнесін таптық түрғыдан суреттеуді көздейтін
реализмнің осы тусын ғана бөліп алып дамытты. Жазба әдебиетте реализмнің
қанатын Абай жазып кетсе, оны 20 ғасырдың басындағы қазақ жазушылары
жалғастырды. Романтизм әдісі қазақ әдебиетінде болды ма? Кеңес кезінде
Махамбеттің поэзиясындағы асқақ арман, күрескерлік әуен романтикалық әдіс
сарыны деп түсіндіріліп келді. Махамбеттің эр өлең жолы еуропалық романтизм
емес, маңайындағы қоғамдық боданға қарсы қуса мен өкінішке толы екені бүгін
айқындалды. Кеңес әдебиеттануы қазақтың әдебиетін төл табиғатында емес,
басқа схемаға салып зерттегеннің салдарынан ғана мундай өкінішті жайлар
орын алған еді. Ұлттық көркем дәстүрдің бастауы - реалистік нақтылық,
саяси, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашатын шыншылдық толғаулар екені айқын.
Социалистік реализм әдісі өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан ғана
бейнелеуді қажетті басты ұстаным ретінде қарады. Сондықтан бүл әдіс жаңа
қоғам құрушы еңбекші, күрескер адамның бейнесін жасауды, оны насихаттауды
басты мақсат етіп қойды. Тақырып, идея, стиль біркелкілігінен туған
жасанды, жалған идеяшылдық, ұраншылдық, әдебиеттің ұлттық көркемдік
қасиеттеріне жеткілікті мән бермеу, әсіресе жеке адамға табыну дөуірінде
басым болды. Бул әдістің салдарынан қазақ әдебиетінің асыл тұлғаларының
еңбектері де өздерімен бірге репрессияға ұшырады. Бүгінгі қазақ жазушылары
дүниежүзілік эстетикалық ағымдармен, олардың озық шығармаларымен жете
таныс. Нөтижесінде реалистік, постмодернистік туындылар дүниеге келуде.
Қазір көркемдік әдіс түсінігін стиль категориясы анықтайды. Батыс Еуропа,
Латын Америкасы, АҚШ әдебиет туындылары арқылы қазақ әдебиетінде
постмодернистік өдістердің енуі заңдылық. Сондықтан қазақ әдебиеттану
ғылымында Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің постмодернистік, экзистенциалдық
ағымдар әдісінің төңірегінде қарастырылуы да уақыты жеткен тарихи шындық.
Абай және орыс ақын жазушылардың реалистік шығармаларының үндестігі.
Абай творчествосының көркемдік әдіс ретінде реализм жайында М. Әуезовтың,
Қ. Жұмашевтің, М. С. Сильченконың, М. Қаратаевтың, Ә.Тәжібаевтың т.б.
зерттеу еңбектерінде үлкен – кіші көлемде, әр қилы дәрежеде сөз болып
отырады. Олардың бәрі де Абай реализімінің өз тұсындағы және ХХ ғасыр
басындағы қазақ ақындары үшін ең құнарлы ұғым мектеп ұлы мектеп болғандығын
атап көрсетеді. Әдебиетші ғалым М. С. Сильченко: Абайдың халық шырымен
творчестволық қарым – қатынасының тарихи маңызын айта келіп: Халық
лирикасының ілгерімін тенденциялары ағартушы ақынның талант күшімен шыңғыра
түсті. Бұл Абайдың көркемдік әдісі – сыншыл реализмге оның елеулі бір қыры
ретінде кірігіп кетті деген пікіріне көңіл аударған жөн. Сондықтан Абай
шығармаларын салыстырғанда оның әдебиеттегі ескі дәстүрлерге қалай
күрескенін білмейінше, оның реализімін түсіне қою қиын. Шын мәніндегі
релистік әдебиет жасауды мақсат тұтқан Абай ең алдымен мал үшін тілін
безеп, жанын жалдап жүрген ескі дәстүрдің ақындарын қатты сынап, мін,
кемшіліктерін халық алдында масқара етеді.
Абай творчествосын тұтас алсақ, оның өлеңдері сыршылдыққы, шыншылдыққы
толы мол қазына. Бірақ ұлы Абайдың реализмге келу жолы – оқтай түзу, кең
кесілген жол емес. В. Г. Белинский айтқандай, өмірдің мін – мүлтіксіз
идеалдың шағын ғана өз туындыларының тақырыбы етіп алған ақын қандай
жетістіктерге жетсе, жоққа шығару, сынау тәсілін қолданған ақын да сондай
жетістікке жете алады. Абайдың сатирасының түп негізі Гоголь, Салтыков,
Некрасовқа қабысып жатады. Абайдың көп өлеңдері Пушкинмен, Лермонтовпен
үндес. Үндес болғанда алған тақырыбын суреттеді, дүниені сезінуі үндес,
бірақ еліктеу, табыну жоқ. Солай болған соң, бірі жамау, бірі құрау өлең
авторларына сынай қараған Абай реалистік поэзияның жақсы үлгілерін қазақ
әдебиетіне енгізіп отырады. Оны орыс, шығыс әдебиеттеріндегі қалпында емес,
қазақ рухына төл тұмардай қабыса кететін етіп енгізеді. Абайда еліктеу
жоқтың қасы, керісінше үндестік барын дәлелдейтін өлеңдер жетерлік. Абайдың
Жаз, Күз, Қыс өлеңдері Пушкин, Некрасовта кездесетін осы аттас
лирикаға үндес. Бұл жөнінде Некрасовтың Мороз воеводасы мен Абайдың
Қысын теңдестіруге әбден болады. Қыс мезгілі Абайда ел шаруасына кәрін
төккен қатал сыншы бейнесінде алынады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ өлеңдерінің құрылысы. Әдебиеттің тегі мен түрі. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдардың ерекшелігі
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
Әдеби үдеріс сипаты
Жазушы және көркемдік әдіс
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Пәндер