Әкімшілік айыппұл түсінігі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім
1 Әкімшілік айыппұл түсінігі
2 Әкімшілік айыппұл қолданудың ерекшеліктері
3. Айыппұлдар мөлшері

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның)
ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға,
әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай
болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен
емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі
жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік
мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-
әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік
ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай
да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды
орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске
асырады.
Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің
процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері
субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына
басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік
органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың,
мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және
ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда
болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де
салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы
билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін
жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету
құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген
заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық
қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым
түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект
болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-
субъектілігі.
Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен
тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет
қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра
отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың
қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық
құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл —
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті
айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл
қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру
аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға
реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын
құқықтық нормаларға жүктелген.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен
тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар
енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық
құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды
реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының
нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас
бөлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында
басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет
болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер
белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Айыппұл (штраф) — заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір
қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық
ықпал ету шарасы:
а) қылмыстық құқықта — жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы
ретінде қолданылады;
ә) азаматтық құқықта – өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі
келісімшарттық міндеттемелерді орындамағандығы үшін, жеке мүліктік емес
құқыларға нұқсан келтірілген кезде қолданылады;
б) тұрақсыздық айыбының бір түрі;
в) әкімшілік құқықта — әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға
судьялар, уәкілетті органдар (ішкі істер бөлімі, өрттен қорғау, санитарлық,
мал дәрігерлік қадағалау және т.б.), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады;
г) іс жүргізушілік құқықта — заңда көзделген (мысалы, сот мәжілісінің
тәртібін бұзған) реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады.
Негізгі бөлім
1 Әкімшілік айыппұл түсінігі
Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған
адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не
аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк
құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан
Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында
жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.
Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының
халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк
жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан
Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта
болады.
Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын
өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық
бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы
мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк
жазалар қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты
өтемiн төлеп алып қою;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты,
сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi
тәркiлеу;
5) арнаулы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен)
айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер
жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау;
7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып
тастау;
9) әкiмшiлiк қамауға алу; V021963
10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының
шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың
бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар,
сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн
тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн
Әкімшілік айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше
бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза
қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін
айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде
салынатын ақшалай жаза.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа
толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға:
айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру
жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың
кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот
тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам
ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.
Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма
бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі
аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде
тағайындалады.
Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және
адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған
адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған
жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар -
бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық
пайдалы жұмыс атқаруы.
Осы Кодекстің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда,
айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
белгіленген салық міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше
орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік
аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының
нормалары бұзыла отырып жасалған мәмілелер, операциялар сомасының
процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен не
монополистік қызметті жүзеге асыру, жосықсыз бәсеке немесе Қазақстан
Республикасының электр энергетикасы, табиғи монополиялар және реттелетін
нарықтар туралы заңнамасын немесе Қазақстан Республикасының қаржылық
ұйымдардың қызметін реттейтін заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған табыс
(түсім) сомасының процентімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, сондай-ақ қаржылық ұйымдар
қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес көрсетпеген,
не тиісінше көрсетпеген сомасының процентімен көрсетіледі.
Осы бөліктің екінші және үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда,
жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен
бір бөлігінен кем болмайды.
Лауазымды адамға, жеке нотариусқа, адвокатқа, дара кәсіпкерге, шағын
кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды
тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем
болмайды.
Дара кәсіпкерге және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды
тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен кем
болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын
айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
Осы бөліктің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілгенді қоспағанда,
жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен
асыруға болмайды.
Лауазымды адамға, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ дара
кәсіпкерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар
болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық
есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Дара кәсіпкерге және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды
тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен
асыруға болмайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын
айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
Алғаш рет құқық бұзушылық жасағаны үшін осы Кодекстің ерекше бөлімінің
баптарында, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде құқық
бұзушылықты қайталап жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген
жағдайларда, көзделген айыппұл мөлшерінің жартысының артығы белгіленуі
мүмкін емес.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап құқық
бұзушылық жасағаны үшін айыппұл мөлшері алдыңғыдан аз және алғашқы құқық
бұзушылық жасағаны үшін белгіленген айыппұл мөлшерінен екі есе артық
белгіленбейді.
Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл
осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе
одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.
Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне
өндіріп алынады. Дара кәсіпкерлерді шағын немесе орта кәсіпкерлік
субъектілеріне, заңды тұлғаларды шағын немесе орта, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне жатқызу Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы
заңында белгіленген талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Әкімшілік айыппұл тағайындалған кезде тиынмен есептелген барлық
сомалар әкімшілік айыппұлды тағайындау туралы қаулыда тиынның сомасына
қатыссыз нөл теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар
заң актiлерiнде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе
тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды
бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр
әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.
2 Әкімшілік айыппұл қолданудың ерекшеліктері

Әкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық
нормалардың үлкен көлемді жиынтығы, олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық
қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-
құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты, оларды белгілі бір
шамада жүйелеуге болады, соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды
бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Бұл жерде бірыңғай
басқарушылық қатынастарды реттеу белгісі бойынша біріктіруге мүмкін болатын
нормаларды бөлу турасында сөз болып отыр. Бұл, бір жағынан, әкімшілік
құқықтың тиісті нормаларының мақсатты ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік
береді. Сонымен бірге, екінші жағынан, оларды жүйелеуге осындай тәсіл
қолдану әкімшілік құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін болады.
Сөйтіп бұл нормалардың жалпы қасиеттерін олардың реттеушілік рөлінің ерекше
көрінісімен қажетті үйлестіру, яғни жалпы және ерекшені үйлестіру жүзеге
асырылады.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту
жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК
39-бап).
Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау
сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін
мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне
белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша
өндіріп алу.
Айыппұл ҚР-ң аңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға
дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір
жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.
Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның
мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті
баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі
жалтарған жағдайда ол, ҚК-ң 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер
сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе
тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен немесе сексен сағат
қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл орнына тиісінше АЕК-ң үш
еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.
Кәмелетке толмаған адамға тағайындалатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері
осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне
қарамастан, он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді.
Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған
жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға
тағайындалады.
2. Арнаулы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын
мерзімге тағайындалуы мүмкін.
3. Әкімшілік жазалардың басқа да түрлері (әкімшілік қамауға алуды
қоспағанда), сондай-ақ осы Кодекстің 25 және 37-баптарында аталған
әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық жасауда
кінәлі кәмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.
Денені ауыртқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған
ұрып-соғу немесе өзге де зорлық әрекеттерін жасау -бес айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа
алуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - он бес тәулік мерзімге
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші
бөлігіне сәйкес әкімшілік қамақ қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
ЖЖҚ бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар:
Жүріс жылдамдығын арттырғаны үшін – ЖКО себептерін зерттегенде, осы
басты себеп болған. Жүргізушілердің назарын мынаған аударғым келеді:
республикааралық маңыздағы автожолдарда жылдамдықты 100 шақырымға дейін
(бұрын 100 болды) шектеу енгізілді, егер бөліп тұратын жолақ болса – 110
шақырымға дейін. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен
айыру мерзімі артты: бірінші рет – үш жылға, апаттық жағдай туғызған осы
әрекет – төрт жылға, ЖКО тудырған осы әрекет үшін – бес жыл, көлік құралын
басқаруға құқығы жоқ тұлғалар осы әрекеттер – 20 тәулікке әкімшілік қамақ,
әкімшілік қамақ қолданылмайтын тұлғаларға (аяғы ауыр әйел, зейнеткерлер
және т.б.) қатысты осы әрекеттер – 200 АЕК (396 400 теңге).
Жалпы мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылдан 10 жылға дейін
жүргізуші құқығынан айыруы мүмкін.
Айыппұл төлеудегі жеңілдіктер:
Егер жүргізуші өз кінәсін мойындап, айыппұлды жеті жұмыс күні ішінде
төлеуге дайын болса, оның мөлшері 50%-ға төмендейді. Бұл норма кәмелетке
толмағандарға, автоматты режимде жұмыс жасайтын техникалық құралдармен
(жылдамдық өлшегіштер) анықталған бұзушылықтарға және бір қатар жағдайларда
қолданылмайды. Егер белгіленген мерзімде айыппұл төленбейтін болса,
белгіленген мерзімде (30 күнге дейін) төлеу туралы қаулы шығарылып,
тұрғылықты жеріне жіберіледі және айыппұл сомасы 100 пайыз болады.
ЖЖҚ бұзушылықтар тізімі, сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы
кодекске 10.01.2015 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Әкімшілік жазаларды қолдану
Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері
Қазақ әдет ғұрып құқығындағы жазаның жалпы ұғымы
Әкімшілік айыппұлдар
Жазаның түсінігі және мақсаттары
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар
Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
Кеден ісі аясындағы құқық бұзушылықтар
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Пәндер