Әлеуметтік ортаға бейімдеуде ұлдар мен қыздардың тәрбиесі


Әлеуметтік ортаға бейімдеуде ұлдар мен қыздардың тәрбиесі
Балалардың әлеуметтік орта туралы білімдерін жетілдіруде дидактикалық орындардың маңызы өте ерекше. Өйткені дидактикалық ойынның құрылымы, міндеттері, ойын ережелері, ойын әрекеттері әлеуметтік белсенділікті дамытады. Балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуде желелі-рөлді ойындардың маңызы зор. Ойын сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда ойналатын желелі-рөлді ойындар балалардың әлеуметтік ортада яғни, балабақшада күнделікті көріп жүрген адамдардың іс-әрекеттерін қайталап, әртүрлі әлеуметтік рөлдерге енуіне мүмкіндік береді. Мысалы: балалар тәрбиешінің іс-әрекеттерін қайталап, ойнағанды ұнатады.
Желелі-рөлді ойын барлық жағдайда бірнеше баланың қатысуын көздейді, сондықтан ол баланың әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Ойынға бірлескен жоспарлау: «Мен мама боламын, ал сен менің қызым боласың, жақсы ма?» немесе «Біз дүкенге барайық, Асан біздің шоферымыз болады» сияқты элементтер кіреді. Ойында: «Мен құс қауырсыны бар, шляпканы алғым келеді, сен оған тиіспе» сияқты жанжалдардың шешілу практиканы қамтамасыз етеді. Балалар бір-бірімен алтысады және ренжісуі де мүмкін, бірақ олар басқалардың мүдделерімен де санасуға үйрене бастайды. Олар қолдарындағы материалдар мен және жабдықтармен бөрісе бастайды. Сонымен бірге олар өз құрдастарымен ойнаған қызық және жағымды екенін түсіне бастайды.
Айналадағы орта табиғи түрде балалардың бір-бірімен және ересектермен өзара іс-қимылына түрткі болады. Үй жайдан тыс жерде дауысты тежемей сөйлеуге болады және бұл аралау мәнерін өзгертеді. Үй жайда өздерін тежеп ұстайтын балалар көпшіл, үйірлескіш келеді. Үй жайдағы және одан тысқары жердегі өзара іс-қимылдар арасындағы айырмашылық тәрбиешілерге балаларды әр түрлі жағдайларда көруге және олардың мінез-құлығы мен мүмкіндіктерін жақсырақ білуге мүмкіндік береді. Үй жайдан тыс жерде ойнай жүріп балалар маңызды әлеуметтік дағдыларды үйренеді. Мысалы: олар әткеншектерді немесе велосипедтерді пайдалану кезегі туралы сөз болғанда («Қазір менің кезегім сен көп мініп қойдың») яғни, ортақ келісім табуға үйренеді. Олар бірін-бірі әткеншектерде шайқауға немесе қоларбаны бірге итерер кезде бірігуді меңгереді. Осындай өзара іс-қимылдар барысында балалар достарын таушы алады және олармен еркін араласады.
Балалардың отбасындағы әлеуметтік ортасына бейімдеуін бақылай келе, мектеп жасына дейінгі балаға жақын адамдарының жылулық қамқорлық, мейірімділік көрсетуі баланың өзін алаңсыз сезінуіне эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өз-өзін бағалау деңгейін жоғарлатады.
Бала тәрбиесіне отбасындағы адамдардың барлығы қатысатын болса, баланың айналасындағыны сезіну қабілеті де жоғары болады. Жан-жақты бірлескен тәрбиенің арқасында, баланың жауапкершілік, еңбексүйгіштік қасиеттері қалыптасады. Ата-аналар ұмытпауы тиіс:
Біріншіден - ата-ананың баламен қанша уақыт бірге болғанында емес, сол уақыт аралығында баланың жүрегінде қандай жақсы ізгі қасиет қалдырғанында.
Екіншіден - бала отбасы мүшесі екенін әр уақытта сезінуі тиіс, яғни отбасында оның өзіндік орны бар. Осы екі қағида орындалмаса бала дұрыс тәрбие алмайды. Әдетте бала өз тәжірибесі бойынша отбасының қалай тұратыны: кімнің тамақ әзірлейтіні, кімнің кір жуатынын, кімнің жұмысқа баратынын, ата-аналардың қалай сөйлесетінін-тату әңгімелесіп немесе ұрысып жатқанын, отбасы мүшелерінің бір-бірімен араласудан қуаныш алатынын, алмайтынын біледі. Балалар осы рөлдерді өздері түсінетіндей етіп ойнайды.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ
Өзгермелі әлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сәйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы - әрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді.
Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, және қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-әрекетін реттейтін талаптарға бағынады.
Ал әрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік жүйенің мәдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тән жолдары мен сатылардан өтеді.
Әлеуметтендіру үрдісі әлеуметтіктен тыс қалған адамды тәрбие арқылы әлеуметтендіріп, сол қоғамға сай өмір сүруге дағдыландырады. Бұл үрдіс жеке бастың жас ерекшелігіне байланысты күрделеніп, өзгеріске ұшырайды.
“Әлеуметтендіру” сөзі “әлеуметттік” сөзімен төркіндес яғни (латынша “socіalіs”) әлеуметтік, қоғамдық деген ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі /1/.
Ал ғалым Т. Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру” ұғымы тұлға ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа, өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас жасау деп тұжырымдайды /2/.
Т. Парсонс анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз - индивиттердің жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы әлеуметтік жүйемен үйлесуі /3/.
Н. Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің бағдарларын меңгереді дейді /2/.
Ғалымдардың әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни қоғамдық өмірмен қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.
Балалар құқы Конвенциясында (1989) балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа қарым-қатынастардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы деп қарастырады /4/.
Елімізде жүргізілген соңғы статистикалық зерттеу қорытындыларының көрсеткіштері бойынша тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың саны (мың адамға шаққанда ) қалада 134, 1 пайызды, ауылдық жерлерде 13, 4 пайызды құраған /5/. Аталған мәліметтер көрсеткендей балалардың балабақшаға қамтылмауы мектепке дейінгі кезеңде міндетті мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына барғанға дейін /6 жас/ отбасы алғашы әлеуметтік ортасы болып, әлеуметтендіру үрдісі тек отбасында жүзеге асуда. Осы мәселеге орай мынандай сұрақтар туындайды: отбасындағы тәрбиенің күнгейі мен көлеңкесі қандай, отбасында тәрбиеленген барлық балалар өз дәрежесінде жан-жақты (ақыл-ой, дене) дами ма, оған ата-ананың білімі жете ме?
Ал мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психикалық поцестерін қалыптастыру, дамытумен қатар жан-жақты тәрбие беру көзделеді. Бағдарланған мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап айтсақ “Балбөбек” бағдарламасы, “Сорос - Қазақстан” қорының “Тәй-тәй” бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы, Р. Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т. б. жалпы дамыту бағыттары мен бағдарламалары.
“Балбөбек” бағдарламасында мектепке дейінгі кезеңде жүргізілуге тиісті білім беру мазмұны тарихи-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде ұлттық педагогикаға негізделе құрылған /6/.
Бағдарлама мазмұны “Отбасы”, “Балабақша”, “Ойыншықтар”, “Жыл мезгілдері”, “Қазақстан-Республикам менің”, “Жануарлар дүниесі” атты тақырыптар негізінде 2-ден 7 жасқа дейін кешенді тәсілмен іске асырылады. Бағдарламада кешенді тәсіл арқылы әр топқа белгіленген апталық жүктемені азайта отырып, балаларды өз бетінше шығармашылықпен әрекет етуге баулиды. Бірізділік принципін сақтай отырып аптаның бір күні тәрбиенің бір саласына беріліп, қалған тәрбие алғашқысымен сабақтастырыла жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық тәрбиенің алғашқы қарапайым негізерімен қатар, имандылық-инабаттылық тәрбиесі де бір бөлім болып берілген. Бағдаламаның негізгі мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру.
“Балбөбек” бағдарламасында әлеуметтік тәрбие тікелей мақсат етіп қойылып, жеке тарау болмағынымен әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны көрініс тауып, өз міндеттерін шешкен. Балаларды әртүрлі әлеуметтік ортада әрекет ете білуге үйретуге, әлеуметтік құндылықтарды топтан топқа күрделендіріп, қарым-қатынас арқылы мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға негізделе құрылған. Әр жас топтарында әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік тәрбие мазмұны төмендегідей болып келген.
Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.
Естиярлар тобындағы балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда, көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау, өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын әдепті түрде білдіру, өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын, туыстық қарым - қатынас пен отбасының құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ, қамқорлық, тілектестік) дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу, қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.
Ересектер және мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын, ата-анасының және басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік көрсеткендерді қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу, бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар бағытында жүзеге асыру, алға қойған мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты меңгеру дағдысы деп қарастырған .
“Тәй-тәй” бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып, өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылы, баланы дамыту көзделген.
Р. Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы баланы ақыл-ой, интелектуалдық дамытудан бұрын олардың жаны мен тәнінің үйлесімді дамуы, рухани дамуын алға қояды. Баланың 7 жасына дейін есі мен ойлауына күш түсіруге қарсы шығады. Бала айнала қоршаған өмірді талдап-талқылау жолымен емес өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы танып біледі, өмірді танып-білуді баланың рухани және ақыл-ойының әбден толысқан кезінде өз еркімен, өз ықтияры болған кезде іске асыруды тиімді деп тауып, баланың еркін өсуіне айнала қоршаған адамдар мен үлкендер тарапынан жақсы көру мен сүйіспеншіліктің болуын басты шарт етіп алады /7/.
Вольдорф педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін бағалауды қажетсіз деп тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді. Бағалаудың бала дамуында жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі де тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи дамуына кері әсер етеді, жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани ләззат гөрі, әуреге, іштей және сыртай күйзеліске түседі, бұндай еңбек нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал біржақты нәтижесін ғана ойлау, әркеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді деп ой қорытады. Қорыта айтқанда бұл педагогиканың көздеген мақсаты баланы- жақсы көре отырып, жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
ТРИЗ педагогикасы бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін дамыту бағытында құрылған.
Бұл бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік бағыт-бағдарымен, алға қойған мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен педагогикалық бағыттарды жасауында.
Ғалымдар атап көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын мектепеке дейінгі шақта балалардың әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз. Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп, қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл баланың өзінді “Менінің”, өзіндік көзқарасы мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.
Психологтардың пайымдауынша қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қызығу-көзқарас-наным жүйесінің қалыптасуы адамның бағыт-бағдарының қалыптасуы, тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.
Демек мекетепке дейінгі баланы әлеуметендіру -мектепке дейінгі педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Инклюзивтік білім беру жағдайында мектепке жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.
Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;
олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;
мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;
баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;
көңіл - күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:
Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.
Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.
Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.
Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.
Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы;
Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz