Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарларының сипаттамасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

« » кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарларының сипаттамасы»

Орындаған:

Жетекші:

Орал - 2013

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын - сауық репертуарының сипаттамасы мен ойындар ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері

1. 1. Ойын-сауық түсінігі және түрлері мен мақсаты . . . 8

1. 2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі . . . 11

1. 3. Балабақшадағы мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-міндеттері . . . 14

1. 4. Кішкентайлар, орта, ересек топтарда ойын-сауықтар ұйымдастырудың сипаттамасы . . . 20

II-бөлім. Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарының сипаттамасының практикалық негіздері

2. 1. Әр түрлі топтағы балаларға арналған ойындар . . . 29

2. 2. Балабақшада өткізілетін ойындарды түрлері мен әдістемесі . . . 32

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар тәрбие алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Ойын баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.

Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні жатыр деуге болады. Баланың патшадай көңіліне адамгершілік қасиетін ұялату әрбір ата-ананың міндеті болса, тәрбиеші мен ұстаздардың парызы сол ақылға ақыл қосу.

Адамның бары да, байлығы да - бала екені көзге көрініп-ақ тұрады. “Балам аман болсын, басқасының барлығы табылады” дейтіні де осыдан шығар. Өмірдің өзі балалармен мәнді. Көңілің күрсінгенде, жаның ауырғанда, қиналғанда, шаршағанда баланың бір күлгенін көріп, жаның жай табады. Балалардың балалығына даналық қосуға үлесі зор - балабақша деп білеміз.

Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған. Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңғал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата - ананың міндеті деуге болады. Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдыреті жетеді. Қазақ халқының педагогикасында балалар мен жастарға музыкалық эстетикалық тәрбие беруде сан түрлі тәсілдері бар. Музыкалық эстетикалық тәрбиенің қалыптасу мен дамуы, халықтың сан- ғасырлық тарихымен, тыныс тіршілігімен, тұрмыс- салтымен, және мәдениеті- мен байланысты.

Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр - дастаны, әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге, өлең - жырға бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.

Мерекелер мен ойын - сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз, болашақ жас әншілік қадамына жол көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды.

Бала біздің болашағымыз: өз Отанын сүйетін, адамгершілігі мол, елжанды, инабатты, ұшқыр қиялды, нәзік сезімді жүрегі жұмсақ тұлға тәрбиелеу.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады», сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес», - деп айтқан В. А. Сухомлинский.

Ойын - дүниеге қарай бағытталған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұндаа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Ересек балалар үшін бағдарламада оқу аралығындағы ойындар көзделген. Олардың мақсаты - балалардың қысқа ғана (8-10минут) тынығуы, бірақ ол ойында тым көп қимыл белсенділігін талап етпеуге, ақыл-ойға айтарлықтай салмақ түсірмеуге тиіс.

Ойынның оңды әсерін пайдаланып, жарамсыз ойындардың тууына жол бермеуүшін балаларды ненің жаман екенін ажырата білуге үйрету керек, жақсыға құлшына ұмтылуға жаманнан жиренуге тәрбиелеу керек. Осы мақсатпен тәрбиеші ойын арқылы және ойын үстінде балаларға қайсібір жағымды фактілердің мағынасын ашып береді, ол фактілерге баға береді, балалардың соларға еліктеуге ұмтылған ықыласын туғызады, сол арқылы олардың ойында бейнеленген нәрсеге көзқарасын қалыптастырады.

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып, алдымен солардың мүддесін бағыттап және дамыта отыру, балалар ұжымын топтастыруға кұш салу керек.

Ойын - сауық мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.

Зерттеу мәселесі : мектепке дейінгі балаларға ойын-сауықтар ұйымдастырудың тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып көрсету.

Зерттеу болжамы: Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.

Зерттеу пәні : Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарының сипаттамасы

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары

Зерттеу мақсаты: Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу.

Зерттеу міндеті:

  • Мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу;
  • Мектепке дейінгі мекемеде балаларға ойындар үйретудің әдістері мен тәсілдерін меңгерту;
  • Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру.
  • Балаларды тәрбиелеуде қолданылатын ойынның түрлері мен маңызын зерттеу.

Зерттеу көздері : мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы тәрбиесі.

Зерттеу әдістері: ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.

Зерттеу кезеңдері : мектепке дейінгі балалар (кішкентай, орта және ересек топтағы балалар) .

Ғылыми жаңалық:

  1. Балалар өміріндегі ойынның маңызы мен түрлеріне теориялық тұрғыда сипаттама беру;
  2. Ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
  3. Бала мен ата-ана және балабақшада қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
  4. Балалар ойындарының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелінді.

Тәжірибе маңызы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында, іс - шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.

І тарау. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойын - сауық

репертуарының сипаттамасы мен ойындар ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері

1. 1. Ойын-сауық түсінігі және түрлері мен мақсаты

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т. б. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, толық тәрбиеленуге көмектеседі.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.

Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.

Психолог А. С. Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.

Я. А. Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.

Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.

Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

  • ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
  • жеке оқыту маңызының артуы;
  • оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т. б.

Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.

Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

1. 2. Бала тәрбиелеудегі ойынның атқаратын қызметі

«Ойын» ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:

-ойын-сауық;

-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:

-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) ;

-коррекциялық (өзін-өзі түзету) ;

-әлеуметтендіру

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын-адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі әрекеті-оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын-баланың дамуын арттырады.

Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар.

Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г. А. Кулагина зерттеу үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. (К. А. Родкин) . Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:

а) Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г. А. Ляпина, М. В. Стронин және т. б. ) ;

б) Сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е. Енгабаева, А. А. Баранов, Г. А. Ляпина) ;

в) Дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю. П. Азаров, О. С. Кель, В. Н. Терский) ;

г) Дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. (А. А. Баранов, В. И. Иванова) .

Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық ойындардың барынша әралуандығын айқындады.

Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді, танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.

Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді қатысуына түрткі болады.

1. 3. Балабақшадағы мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің

мақсат-міндеттері

Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;

- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.

Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:

Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:

Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі - «Көп тілде сөйлей білеміз». Қазақстан Республикасының күні - «Еліміздің туған күні». Тәуелсіздік күні - «Еркіндік күні». Жаңа Жыл. 8 Наурыз - «Аналар мерекесі». Наурыз - «Көктем мерекесі». Күлкі күні - «Күлейікші шаттана». Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Достық күні». Жеңіс күні. Балаларды қорғау күні.

Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.

Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.

Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.

Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын-сауықтарды ұйымдастыру
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Мерекелер мен сауықтардың маңызы
Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz