Әр түрлі жастағы топтарда тіл дамыту оқу іс-әрекетінің құрылымын өткізу ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Әр түрлі жастағы топтарда тіл дамыту оқу іс-әрекетінің құрылымын өткізу
ерекшеліктері

Орындаған:

Жетекші:

Орал-2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Мектеп жасына дейінгі әр түрлі топтағы балалардың тілін дамыту
1.1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін
дамыту ... ... ... ... .7
1.2. Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ бөлім. Мектепке дейінгі әр түрлі топ балаларының тілін
дамытуға өткізілген оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері
2.1. Балалардың сөздік қорларын дамытудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз
мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің
болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты
болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай
білуіміз де ерекше рөл атқарады.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты
қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің
кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген
педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру,
кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай
курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына
деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне
деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен
өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени – гигиеналық машықтарды қалыптастыруға,
еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді
сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ,
балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала
тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог
мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың
өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге
баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің,
өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор.
Өйткені, тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға
жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі, қайталап айтып беруі оның тек
сөздік қорын молайтып қана қоймай, ақыл-ойын жетілдіру арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан
жиренеді, жақсы болуға, еңбекқор, адал болуға үйренеді. Мысалы, Ы.
Алтынсаринның Әке мен бала, Асыл шөп, А.Құнанбаевтың жыл мезгілдері
туралы (Жаз, Күз, Қыс) өлеңдерінің, хайуанаттар жайындағы ертегі -
әңгімелерінің бала көңілінен шығары сөзсіз. Балалар бұл шығармалар арқылы
табиғатты, жан-жануарлардың адамға пайдалы екендігін түсінеді. Тәрбиешілер
ертегі - әңгімелерді оқи отырып, балаларды достыққа, ұйымшылдыққа,
адамгершілікке баулиды. Осындай жұмыстардың өзінен тәрбиенің алғшқы
баспалдағын көруге болады. Біз қазақ деген намысшыл, Отаншыл халықтың
ұрпағымыз. Біздің бойымызда бостандықты аңсап, елім деп өткен ата -
бабаларымыздың қаны бар. Сол арқылы қуат алып, ертеңге деген сенімімізді
нығайта түсу – бүгінгі ұрпақ алдында тұрған міндет.Ол үшін Отанға, елге
деген сүйіспеншілікпен әр адам бойына адамгершілік құндылықтарын жия білуі
тиіс. Адамгершілік – ең жоғарғы құндылық.
Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін
жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге
қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру
біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер
балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру
барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол
сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты
айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке
дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен
жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне
қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс
түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім
беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске
асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру
тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында
да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар,
көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі.
Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Ойынның негізгі
ерекшелігі – балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де
сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль
атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі
ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері
мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер
ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының
жалпы анықтамасы. Мысалы: Дүкен, Аурухана, Ұшқыштар, Отбасы,
Балалар бақшасы болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топтажас ерекшелігіне
сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті
бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі
түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Сонымен қатар
баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі
дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің
негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер
ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын
күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның
үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту
әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының
молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай
жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған
деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының
тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек,
біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән
жоқ.
Зерттеу мәселесі - мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда оқу іс-
әрекетінің ерекшеліктерін және баланың тілін дамытуға арналған ойындардың
рөлін ашып көрсету.
Зерттеу болжамы - қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық
сөз бар. Балалардың тілін дамытуда ойындар маңызды рөл атқарады Сондықтан
оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып,
сөйлеу тілі дамып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау
қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні - әр түрлі жастағы топтарда тіл дамыту оқу іс-әрекетінің
құрылымын өткізу ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары.
Зерттеу мақсаты - балалардың тілін дамыту жолдарын, оқу іс-
әрекетінің ерекшеліктерін көрсету
Зерттеу міндеттері:
- тіл дамыту оқу іс-әрекетінің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне
шолу;
- балалардың тілін дамытуда ертегілер мен ойындардың рөлін сипаттау;
- балалардың тілін дамытуда оқу іс-әрекетін пайдаланудың әдістемесін
ұсыну.
Зерттеу көздері - мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу базасы - балалар бақшасы.

І тарау. Мектеп жасына дейінгі әр түрлі топтағы
балалардың тілін дамыту
1.1. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру
арқылы тілін дамыту
Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан
молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру,
қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының
қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге
бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру,
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді
пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды
айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы
сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру
және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің
әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны,
ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен
таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы,
салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың
ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы
құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын,
жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін
тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме,
асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен
қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін
қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына
дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы
әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд,
жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы
біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың
табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны
табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды
қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта
нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып
табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен
құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен
табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу,
еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы
эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы
қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала
белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен
зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында
балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын
өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар
сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі
тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей
байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы
негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы
үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап
алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала
бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару.
Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-
тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек
шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді
ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын
дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері
арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды
жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы
дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен
салыстыру;
• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;

• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ
бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді
ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересе ктермен,құрдастарымен қарым - қатынас
кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды
түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану
тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай
тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте
байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды
ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала
сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала
алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені
тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын
білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл –
ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі
жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай
отырып, баланың мінез құлқын сана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін,
таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс
бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек.
Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары - (зейін,
қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып
табылады.
Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да бір затқа, құбылысқа
немесе іс-әрекетке шоғырлануы.
Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту,
жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы
қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі
Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей
білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. Сөз
ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр деп В.Г.Белинский
айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының
бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың
дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін
ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп,
асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты
аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп,
оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін
дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат
белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға,
шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының
барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін
дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен
тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай,
байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.

1.2. Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі
Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған
ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ерекше орын алады. Жаңа стандартқа
сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік- дамытушы ортаны
ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды
еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен
қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру
мен өзін-өзі көрсетудің құралы.Ойында балаларды не қызықтырады?- деген
сұрақ туындайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр
түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне
айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын
болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері.
Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
• Дидактикалық ойын
• Сюжеттік рөлдік
• Қимыл-қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)
• Саусақтар ойыны
• Үстел үсті ойындары ... ... .
Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың
қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі
ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті
барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.

Баланың көп уақытын ойынмен өткізуінде емес, ойын кезінде баланың
тілінің дамуы, психикалық өзгерістерінің болуында Алайда баланың 3-4
жасында жаңаша өзгеруге, түрленуге деген қабілеті байқалады. Ал, 4-5жастағы
бала өз ойынан шығаруға, яғни түрлі жағдайларға байланысты бейімдеп отыруға
үйренеді.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы
өті леді. Мысалы: Дәл осындайды тауып ал, Салыстыр да, атын ата, Қай
ағаштың жапырағы, Бірдей ойыншықты тап, Қайсысы көп, қайсысы аз, т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: Суретті құрастыр, Қандай затқа ұқсайды?, Қай сурет тығылды?,
Бір сөзбен ата, Кім байқағыш, Қиылған суреттер, Ұқсасын тап, 4-ші
не артық?, Есіңде сақта.
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға,
сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: Сөз ойла, Сөз
құра, Жұмбақ ойла, Жақсы-жаман, Жалғастыр, Үш сөз ата.
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, Пішіндер көрмесі, Өрнекті есіңде сақта, Қиын
жолдар, Суретті жалғастыр, Биші адамдар, Көңілді таяқшалар тәрізді
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным
белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу,
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды
даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

ІІ бөлім. Мектепке дейінгі әр түрлі топ балаларының тілін дамытуға
өткізілген оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері
2.1. Балалардың сөздік қорларын дамытудың жолдары
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және
пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі
орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Ағылшын тілі әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығын анықтау ерекшеліктері
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын әр жас ерекшелік топтарда үйрету жолдары
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Монолог кітап стилінің тілі
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Мамангерлердің теоретикалық және практикалық дайындықтардың қазіргі заманға сай қалыптастыру, таңдаған маманына тұрақты қызығушылық қалыптастыру
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Пәндер