Төлдерді өсіру әдістері



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті

Қой шаруашылығы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Төлдерді өсіру әдістері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Қой малдарының биологиялық ерекшеліктері
1.1 Қой малдарының өсіп-дамуының морфо-функционалды ерекшеліктері..11
1.2.Малдың экстерьері мен өсіп, дамуын анықтау әдістері ... ... ... ... ... .15

2. Төлдерді өсіру тәсілдері
2.1.Малды өз төлінен өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Төл алу және жас төлді өсіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе
Қазақстандағы қой шаруашылығы-бұл мал шаруашылығының дәстүрлі тарихи
қалыптасқан қажетті, перспективті және экономикалық жағынан тиімді саласы.
Ал қой шаруашылығының ішіндегі қаракөл қойы білім жағынан зоотехния
ғылымының маңызды бөлімін қамтитын адамның тәжірибелік қызметінде
қолданылуы бойынша – халық шаруашылығының жеке саласын құрайтын жалғыз қой
тұқымы.
Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс
қайыратын жұптұяқты мал.
Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар
және муфлон) шыққан.
Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен
айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай
қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар –
саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту
қой деп атайды.
Өсіріп, күтіп-бағу және азықтандырудың тиісті шараларын сәйкесінше
жүзеге асыра отырып, қаракөл қойынан халық шаруашылығына қажетті экспорт
құралы болып табылатын құнды терілік шикізат – елтірі, киім тоқу өндірісі
үшін алмастырылмайтын – қылшық жүн, дәмді ет, сүзбе, ірімшік және ірімшік
жасауға қолданылатын қой сүті мен қозы ұлтабарын, түрлі тоңдар, ішіктер
жасауға қажетті – қой терісін, сонымен қатар отын және тыңайтқыш ретінде
жүретін қи алуға болады.
Ауыл шаруашылығы салаларының реформалық процесінде дәстүрлі сала
қаракөл қой шаруашылығы да шағын кәсіпорынға немесе жеке шаруашылыққа
айналған болатын.
Халық шаруашылығы барлық аумағы үшін ауыл шаруашылығы мамандарын
дайындау сатысын жоғарлату мақсатында оқу үрдісін техникалық заттарды
жиі қолдану жаңа әдістер мен оқу формасын, студенттердің ғылыми –
зерттеу жұмысын белсенді түрде, енгізу қажет.
Зертханалық – тәжірибелік сабақтарда уақыттың көп бөлігі
студенттердің шығармашылық, өздік жұмыстарына сонымен қоса, зерттеу
жұмыстарына арнаулы тиіс.
Саланың дамуына қарай ірі ұйымдастырылған шаруашылықтық және
техника - экономикалық шаралардың пайда болуы, өндірістегі аймақ
өнідуге кететін шығынды бір уақытта азайту үшін мал басын көбейту
мен өніммін жоғарлату мамандардың осы саладағы жетік білімділігін
талап етеді, яғни қой малын өсіру, азықтандыру, күтіп – бағу, олардың
биологиялық ерекшелігі, өнімділігі, жүн, ет, елтірі және тонды
өндіру. Сондықтан курсты оқу барысында осы сұрақтарға көп назар
аударылуы тиіс.
Қой шаруашылығының практикумы пәнді тәжірибе жүзінде меңгеруге
бағытталған. Студент қой және ешкі шаруашылығында өндірістін өнім
сапасының халықаралық рыноктағы талаптарын, әр түрлі бағыттағы жоғары
өнімді, қой тұқымдарының, биологиялық және өнімділік ерекшеліктерін,
жаңа тұқым шығару және бар тұқымдарды жетілдіру әдістерін, қой
малын өсіру, күтіп-бағу және азықтандыру әдістері мен ғылыми-
негізделген технологияларды кешенді түрде оқып үйренеді. Бұл – студенттің
логикалық ойлау қабілетін дамытуға тәжірибелік жетістіктерін
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің
ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Қой
азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын
өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін
негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін
рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару
керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай
қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне
жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа
еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-
салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға
төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте
де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды
оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері
арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана
алатындығы мүмкіндік туғызады.
Әдебиетке шолу
П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929),
М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ.
Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) қой тұқымдарынан түсетін
өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық
деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі,
оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі
биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға
болады.
М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде табиғи
сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан қой тұқымдарының бірі — қазақтың
қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва
зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары) экспедициясының
материалдарында Қазақстанда қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі
көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының
шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге
өте шыдамды.
И. Наурызбаевтың (1975ж) айтуынша, азықтағы қоректік заттар мал
организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші
көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына
бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары
ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар
энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау
керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне
байланысты басқа да қызметке жұмсалады. Қоректік заттардың маңызы мен
атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық,
карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын
болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын
микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол
микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық
жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын
толығырақ пайдаланады [1].
Ж. Мырзабековтың (2005ж) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу
ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты
шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп,
түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып
берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті
әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан
кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық
таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45
минут, арпа мен басқа жемді 1-1,5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды
азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық
мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ
жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі
азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті
мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де
ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [2].
В.И. Гершунның, Р.К. Туякованың (2007ж) әдебиеттеріне суйенсек,
қозыларды азықтандыруда рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы
көректілігіне (а.ө. не АЭ бойынша) пайыздық қатынасы рацион құрылымын
(структура рациона) айғақтайды. Рацион құрылымындағы басым азық тобы не
жекелеген азық мал азықтандыру типін (тип кормления) белгілейді.
Азықтандыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп қорына
сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде жайылымды
азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері жыртылған,
түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың азықтық
қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді (силосный),
картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді
(корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін
ажыратады.Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу
орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік
азықтандыру рациондарын ұсынады [3].
Беляков,И.М. (2004ж) мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға
мал тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде
олар организмде атқаратын физиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша
топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі
қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу)
бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі жасунық пен азотсыз экстрактивті
заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға
қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі
қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.
Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде
әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда
болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай
қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық шешімге келді.
В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде қолға
алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.
В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды
зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары
атанды.
А.И.Лопыриннің (1929) деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы
жалқы төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде - 0,77 г, 40 күндігінде -
3,8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г,
120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми
деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда
буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз
болса, 2,5-3 есе артық қажет етеді.
Сларкевич В.В. мен Айва В.П., кейін К.Д.Филянский 1923-1936 ж.ж.
ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын толық зерттеген, сол
үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Қой төлдерінің маңызды
биологиялық ерекшеліктерінің бірі – шөп жайылымдарында өсетін ең аласа
шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге бейімделген. Бязы
жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 – 50 % , ірі қара 33 – 35 %,
жылқы 27 – 34 % қана жейді. Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер
шарында 500 түрі, ТМД бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі.
Жусанның құрамында қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен
ешкінің жақсы азығы.Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық
құнарлылығы - деп малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың
саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар
Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген.
Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін
муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000 метрден
астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген.
П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына
байланысты тарихи шолу жасады.
Д.А. Кисловский(1936) дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен
тәжірибесі жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н.
Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі болып
табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда болуына
сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның еңбегі мен
техникасы деп санады.
В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный (1931)
Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың жаңа
тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс істеді.
Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында
жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының тәуірлері іріктеліп
алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен шағылыстырылды.
Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы
азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына,
салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің
ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды
құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу
технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның
ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды.
Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ
сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек.
Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 –
3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге,
минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті
шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп,
қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты
ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы
кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің
биологиялық құндылығын жақсартады.
Қ.Сәбденовтың (2002) мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін
сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық
құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің
мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс.
Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір
өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм
қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады. Азықтандыру деңгейі
бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды,
сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы
азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым
бөлігін май басып кетеді де еті аз болады.
А.В. Модяновтың (1989) тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ
затының қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш орылып,
жиналғанда -51% пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ затының
қорытылуы 60,3, ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7% болған.
Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай
құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар мен
бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың желінуі
мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал енді қой
организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін, азықтың
желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін жоғарылатуға
ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық енгізу қажет.
Профессор А.С.Солун (1996) буаз және сүтті саулықтардың рационында
жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың
өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін
төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың (1983)зерттеулері,
жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы
микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт
жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері
бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі клеккалардың
пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен
организмдегі белоктың синтезі күшейіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады.
Н.Омарқожаұлының (2001) зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың
сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта
өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал
шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы
қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы
үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені
шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың
аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын
зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық
рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік
заттың қорытылуын нашарлатады
М.Абдулаевтың (2008) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан
жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың
сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол
жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен
қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға
мүмкіндік береді.
Б.Құлатаевтың (1998) зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі
қой күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг
шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл
нормалар тиісінше 15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін
анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына,
жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға
күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып
шығады. Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға
маусымына 588га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой
тегіс, жей алмайды, тек 60 – 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30
– 40% артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде
жайылым 0,8 – 1 га – дан кем болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0,5 –
0,7 га қажет болады. Оның үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс.
Айында көшкеннің аты семіз, күнде көшкеннің қойы семіз деген халық мақалы
осыны дәлелдейді.
Б.Әкімбековтың (2007) мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі
қара малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға
болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне
байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан,
көптеген жем – шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа
малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең
арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің
өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы
көп. Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталарының өсімдіктерін жол
– жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары таулы
альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі санды жайылымдарға
жайылады. Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық қыстық жайылымдарына
жайып, боранды, қарлы күндері дайындаған пішен, жаздық дақыл сабаны, ал
мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме, сүрлеммен азықтандырып, мал
қоңдылығына қарай есептелінген жем жегізеді.
Н.Омарқожаұлының (2007) әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз
қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын,
аумақты көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта
алады. Сондықтан қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал
жайылған жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады.
Б.Медеубековтың (1996) зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан
қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына,
витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем
азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік
заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың
бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың сүрленуі сүт қышқылы
бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен болады. Олар сүрленетін
шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын бөліп шығарады, бұл қышқыл
азықты қышқылдандырады да шіріткіш бактериялардың дамуына және әрекеттеріне
кедергі жасайды. Сүрлеу процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері
жиналады, ол сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген
азықты сүйсініп жеуіне себеп болады.
Сарбасовтың (1984) мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына
әсер етіт негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен
азықтандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық
өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда
азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың
азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық
аз жұмсалады.
М.Абдулаевтың (2008) айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан
жағдайында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың
сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол
жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен
қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға
мүмкіндік береді. Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық
көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да
ықпалына тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды
бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді де
ет, яғни белокты ет, аз болады.
Андрюс пен Орсовтың (1978) мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30
және 35 кг қозылар үшін протеиннің оптималдық концентрациясы рационның
құрғақ затына шағып есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5% болу
керек. Малдың қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі
төмендей түседі.
1. Қой малдарының биологиялық ерекшеліктері
1.1 Қой малдарының өсіп-дамуының морфо-функционалды ерекшеліктері
Биологиялық ерекшеліктері - бұл қоршаған орта, жағдайында организмнің
жауап беру (реакциясы) ерекшеліктері мен белгілі бір мөлшердегі өнімділігін
айқындайтын, морфофизиологиялық, қасиеттердің жиынтығы. Мал өнімділігінің
генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін, осы ерекшеліктерді есепке
ала отырып, оларды азықтандыру, күтіп- бағу керек.
Қолда өсірілетін қой малдарының басты ерекшеліктері – әр түрлі жағдайға
бейімделігіне және икемделгіне потенциалының өте жоғарлығы. Ол көптеген қой
тұқымдарының экологиялық жағдайлары әр түрлі жерлерде - шөл, биік таулы,
далалы және т. б. аймақтарда өсіп, таралуына мүмкіндік туғызады.
Қой малдары жайылым жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Жануарлар
қоректенетін 800 түрлі өсімдіктің 520-дан аса түрінен қой, 460- мүйізді
ірі қара, 416- жылқы малдары пайдаланады. Сонымен қатар қой малдары 146
түрлі жусанның 91, жылқы малдары -39, сиыр малдары – 24 түрімен
қоректенеді, ал 181 түрлі солянканың -132, жылқы-48, сиыр-39 түрің қорек
етеді. Қой өтпелі кезеңдерге бейімделгіні және далалы шөл, шөлейт, таулы,
биік таулы аймақтардың жайылымдарының өсімдіктерін қоректене береді.
Бұл тек физиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар
анатомиялық ерекшеліктерімен де сипатталады. Мәселен, қой малдарының басын,
бет бөлігі үшкір келіп сүйірленген, тістері қиғаш орналасу өткір, ерні жұқа
жылдам қозғалады, сондықтан олар өсімдік тапшы, өсімі жерлерден де азығын
тауып жейді.
Қой малдары тек қана жайылымның барлық түрін ғана қолданып қоймайды.
Сонымен қатар жайылым сапсына талғампаз емес, оған өсімдіктің барлық
түрімен: иісі ашты тікенекті, көп бөлігі арамшөпті өсімдіктермен
қоректенетіндігі дәлел болады. Бұл тәжірибелік құндылығы жоғары
қасиеттернің бірі, яғни ол ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жарамсыз
немесе басқа ауыл шаруашылығы малдары пайдаланбайтын жерлерді пайдалану
тиімділігін жоғарлатады.
Қойлардың ас қорыту мүшесі қатаң азықтарды жақсы қорытуға және
қоректік заттарды жақсы сіңдіруге бейімделген. Бұл ерекшілік қой ішегінің
денесінен 30 ретке ұзындығымен байланысты, ал, бұл мүйізді ірі қарада- 20-
22 ретке, шошқада -12 ретке, жылқыда-15 ретке ғана ұзын. Сонымен қатар
қойлар жайылым малдары болғандықтан жайылымға өте қабілетті. Бұл жағдайда
мал асқазаны зор маңызға ие. Ол 4 бөлімнен үлкен қарын, тақия қарын,
кітапша қарын және ұлтабардан тұрады. Ұлтабар ғана асқазан безінен
асқазан сөлін бөледі.Үлкен қарын, кітапша және тақия қарының без ұлпалары
болмағандықтан оларды асқазан алды, ал ұлтабарды – нағыз асқазан деп атады.
Асқазан алды қарыны азықтағы қоректік заттардың қорытылуында зор роль
атқарады. Әсіресе, қатаң азықтардың үлкен қарында ферменттер мен
бактериялардың әсерінен азықтың құрамындағы ұсақ және ірі заттардың ыдырауы
өтеді.
Үлкен қарында азықтағы қант пен крахмалды 95%-ға және қорытылатын
клетчатка -50% дейін ыдырайды. Ал қалған пайдалылыған клечатканың ыдырамай
қалған бөлігі асқорытудың келесі бөлімдеріне өтеді.
Үлкен қарныдағы көмірсулардың микробиольді ыдырау кезінде ұшқым май
қышқылдары түзіледі, әсіресе, сірке қышықылы, сонымен қатар күйістілердің
жалпы энергияға қажеттілігінің 40%-дай мөлшерін жабатын, пропионды және
майлы қышқылдар түзіледі.
Қойлардың ас қорытуындағы азотты заттардың қорытылу ерекшелгі, ол
үлкен қарына азық протеині микроорганизмдермен пептидтерге,
аминқышқылдарына және биологиялық құндылықтағы бактерияларды белок
синтезделеді.
Синтезделу үрдісі кезінде біріккен азотты белоксыз аммиак (карбамид)
аммоний тұздары және т.б. қосылады. Үлкен қарындағы микроорганизмдер
күйіс қайыратын малдардың протеинге қажеттілігін 30%-ға белоктың
құрамындағы күкірт түзуші цистин және метиомин аминқышқылдары ерекше
қызығушылық туғызады.
Үлкен қарында микроорганизмдердің өміршеңдігінің әсерінен В тобындағы
витаминде, мен майда еритін К витамині синтезделеді. Сондықтан ересек
малдарға арналған, азықтарды бұл витаминде кездеспейді, бірақ олардың
алдын алатын мысалы кобальт, В12 витамині синтездеуге қажет.
Қой малдарының мүйізді ірі қарадан айырмашылығы май ұлпасына
каротинді емес А витаминін жинайды, ал сиыр сары дақтар мен қой
майындағы құйрық майының ақ түстілігінен көрінеді.
Қойларды азықтандыру және суару кезінде кедергі жағдайлар туып,
үзіліс болған жағдайда көптеген қой тұқымдары қалыпты азықтандыру
мен күтіп – бағу кезінде өз денесіне, құйрығына жиналған майларын
пайдаланады. Қой малдарының өте құнды бұл биологиялық ерекшілігі кез-
келген қиыншылық жағдайлардан, әсіресе қыс мерзімінде қардың көп
түсуі салдарынан т. б. себептер туған жағдайдан алып шығуға зор
септігін тигізеді. Бұл майдың көп мөлшері құйрық омыртқасын бойлай
және құйрыққа жиналады, бұған құйрықты және май құйрықты қой
тұқымдары жатады. Бұл қасиет шөл және шөлейт қатаң табиғат
жағдайында ұзақ уақыт бойы өсірудің нәтижесінде қалыптасқан. Қой
шаруашылығы бұл аудандарда –көшпелі жане жартылай көшпелі және
жартылай көшпелі болғандықтан, малдар азық қоры мен су тапшылығына
жиі, ұшырап отырады, әсіресе, жаз мерзімінде жайылымның күйіп кетуін,
ол қыс мерзімінде қарлы – боран күндерді өткереді.
Өсімдік тапшлығына, су жетіспеушілігі континентальді климаттық
ылғалдылығын мен температурасының күрт төмендеуі, кей кездердегі ойлы-
қырлы жер, жыл бойына жайылымда ұстау және бірнеше жүздеген
шақырымға малды айдау, бұл аудандарда тек, қой шаруашылығына басқа
салалардың дамуын қиындатады. Оған қой малдарын жыл бойы жайылымда
ұстайтын республикамыздың оңтүстік, оңтүстік- шығыс және батыс
обылыстарындағы көптеген аудандар жатады.
Қойлардың суық пен ыстыққа төзімділігіне әсер ететін- тері
жабыны. Ол жылдық суық уақытында теріні өте төмен температурадан және
жел екпейтін, ал ыстық уақыты - терінің қатты қызуы мен күйуінен
сақтайды және жылу қорғағыш қабаты қызметін атқарады. Сондықтан
малдар қоршаған ортаның температурасына байланысты тері жабының
түлеуі байқалады. Бұл үрдіс көбінесе қылшық жүнді қойларда өте жақсы
дамыған.
Әр түрлі орта жағдайына жоғары бейімділігіне қарамастан, қой
малдары жоғары температура мен ылғалдылық қора-жайдағы өтпелі жел
және ылғалды жайылымға төзім үшін оңтүстік далалы аймақтардан
қарағанда қара топырақты емес қоңыр тері бағалы өнімді шөл және
шөлейт аймақтарда жақсы өндіруге болады. Меринос қой тұқымдары
құрғақ далалы шын етті қой тұқымдары үшін қоңыржай, ылғалды климат
және мол азық қажет. Барлық мал тұқымдарының биологиялық
ерекшеліктерін меңгеру оларды тиімді өсіру үшін қажет. Қой
тұқымдарының көптігі, оларды әр түрлі экологиялық аймаққа
бейімділігіне, байланысты таңдауға мүмкіндік туғызады.
Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда , жерді , азықты
және қора–жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.
Қой малдары жоғары шаруашылықтың жетілігіштігімен де сипатталады.
Оны ерте жаста шаруашлылыққа өнім берумен көре аламыз. Малдың
еті мен жүн өнімін 6-8 айлығында, қозы жүніні – 5 айлығында, елтірісін
1-3 күндік жасында өндіруге болады. Тәжірибелік жағынан құнды болып
келетін тағы бір биологиялық ерекшілігі - ерте жыныстық жетілу, 5-6
айлық жасында оларды нәтижелі ұрықтандыруға болады.
Алайда малды ерте жасына ұрықтандыру өсуі мен дамуын
тежейтіндіктен, ең алғаш шағылысқа 12-8 айлығында жібереді.
Көптеген қой тұқымдарының төлдегікетігі 120-150 %, ал роман қой
тұқымдарында 250-300 %, бұл көрсеткіш 250-300 %. Жоғары төлдегіштік тез
жетілгіштігіме саланы дамытуға кеткен шығынды тез өтеуде қамтамасыз
етеді.
Қой тұқымдарының көбі көбеюге жыл мезгілінің белгілі бір
мерзімінде - әдетте күз айларында (қыркүйек- қараша). Жыныстық күйге
келеді. Қойлардың жыныстық күйлеуінің қайталану кезеңі- жыныстық циклы
– орта есеппен 16-17 тәулік.
Саулықтардың буаздығының ұзақтығы + орташа 5 ай, сүт ему кезеңі –
3-4 ай, саулықтары ұдайы өсіруге немесе саууға пайдаланғанда бұл
мерзім 45-60 күнге қысқарады.
Қойлардың желіні жақсы дамыған, әдетте екі емшектегі болып
келеді, бірақ кейде, көп емшектілері де кездеседі, мұндай саулықтар
сүтті болып келетіні анықталған.
Қой малдарын басқа үй жануарларымен ұстауға болатындығы
жайылым, азық және қора жайды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қойдан – ет, май, сүт, жүн, тондық- мехтың қой терісін, елтірі
сияқты әр түрлі өнімдер өндіріледі.
Қой малдары 10-12 және одан да көп өмір сүреді, бірақ
шаруашылықтың пайдаланылуы 6-8 жылға одан кейін мұндай жастағы
малдарды жарамсыздыққа шығарады, өйткені тіс жүйесінің күрт әлсіреунен
тістері түсе бастайды, ол жайлыммен басқа азықтарды пайдалануының
нашарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар қойлардың табындық түйсігі
жақсы дамығандығын оларды топтап ( табындап) ұстаудан көруге болады.
Қой үркек мал болғандықтан, оларды жиі өлшем, қарап, ұстаудың қажетті
жоқ.

1.2.Малдың экстерьері мен өсіп, дамуын анықтау әдістері

Қой малдарының конституциясы басқа ауыл шаруашылық малдарынікі
сияқты - ол малдың маңызды морфофизиологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы,
яғни – сыртқы түрін, өнімділігі және организмнің жауап беру нормасының
сыртқы орта әсеріне байланыстығы.
Конституция организмнің жеке дамуында генотип пен азықтандыру
жағдайы малды күтіп - бағумен тығыз байланысты қалыптасады.
Конституция төлдегі зерттеулердің негізгі Ж.Кювье ашқан және Ч.Дарвин
дамытқан өзгергіштік байланыстығы заңында жатыр, онда әр түрлі мүшелер
мен ұлпалар арасында морфофункционалды тәулділік бар делінген. Сондықтан,
мысалы, әр түрлі бағыттағы қой тұқымдары өзара экстерьері бойынша
ажыратылады, өсіп- дамуы және ішкі мүшелер мен ұлпалардың қызметінің
жиынтығы малдың конституциялық ерекшелігін құрайды.

Сурет 1. Қой конституциясы түрлерінің сызбанұсқалық көрінісі. (П.Н.
Кулешов бойынша)
а - сүтті бағыттағы қой , б- меринос, в - етті бағыттағы қой; 1-
тері, 2- тері асты клетчаткасы 3- бұлшық ет ұлпасы, 4- сүйек ұлпасы, 5-
ас қорыту мүшелері.

Жүнді бағыттағы қойларды басқа да бағыттағы қой ұқымдарымен
салыстырғанда терісі мен сүйегі ауыр, ал бұлшық ет ұлпасы мен тері
асты клетчаткасы әлсіз дамыған. Сүтті бағыттағы қой тұқымдарының ас
қорыту мүшелері жақсы дамыған, бұл етті бағыттағыларда нашар, ал жүнді
бағыттағы қой тұқымдарында бұл аралық сипатқа ие.
Осындай әр түрлі бағыттағы қой тұқымдарының жоғарыда
келтірілген мәліметтері мен бақылауларының конституциялық
ерекшеліктерінің вариациясын ескере отырып, П.Н. Кулешов қой малдарын
конституциясы бойынша төрт типке: нәзік, тығыз, болбыр және сөлекет
деп бөлді.
М.И. Иванов әр түрлі бағыттағы малдар үшін мықты конституцияның
маңыздылығын атап көрсетті, өзі қосқан бұл конституция типі тек, ұнамды
малдарды өсірумен сипатталады.
Тәжірибе жұмысында конституция типінің П.Н. Кулешов және М.Ф.
Иванов бойынша жіктелуін пайдаланады. Ол мықты, сөлекет, нәзік, тығыз
және болбыр типті конституция.
Мықты конституция – ауруларға қарсы тұру қабілетінің беріктігі,
өнімділігімен азық шығынын өтеуі, төлдегіштік қабілетінің жоғарғылығы
кез келген тұқым үшін ұнамды малдар.
Бұл типке жататын қой малдарының сүйегі мықты, бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Мал азықтары жайлы
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Сиыр етін өндірісте қолдану
Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
Бұзауды күту
Аңдарды күйекке дайындау
Пәндер