Жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
АТ и СО

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет
ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І - ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс технологиясының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ..6
1.2 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні
мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ-ТАРАУ. Жайсыз отбасыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Жайсыз отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс түрлері ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік
қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге
оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. адам капиталының ролі
экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді.
192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік
банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың
үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, адам капиталына 64
%-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде
көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес.
Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-
қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді.
Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын,
әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті
әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік
қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің
әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар,
заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық
ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері,
не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде
шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері
әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан
мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға
өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет
тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-
тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі
экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу,
бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге
қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды
талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс
дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі
қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген
онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп
келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні
жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен
жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі
әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік
қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына
бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті
(Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез
келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік,
қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т.б. өмір
сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және
әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар
мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін
де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың
әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі
болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік
жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап
тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді
болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу
белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа
жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын
реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға
белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы
әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң
тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми
сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап
етеді.
Зерттеу мақсаты: жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстарды талдау және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
✓ жайсыз отбасылармен жұмыс істеудің мәні мен мазмұнын ашу;
✓ жайсыз отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың
ерекшеліктері туралы;
✓ жайсыз отбасыларға көрсетілетін көмектер туралы мағлұмат беру.

✓ Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік жұмыс технологиясының мәні мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттары жөнінде сөз еткенде ең алдымен
өзінің түбірімен ежелгілікте қалып отырған қайырымдылық қызметін көрсету
керек. Қайырымдылықтың қызметі болған тарихи формалардың бейнесі оның адам
мәдениетінің бөлінбейтін элементі болғанын, батыс, шығыс деп бөлінбегеніне
куәландырады. Қайырымдылық мұқтаж адамдарға көмек ретінде қазіргі таңда
қоғамдық бір бөлігіне айналды және де адам келешегін онсыз елестету мүмкін
емес. Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттарын қуатын мұқтаждарға көрсетілетін
мемлекеттік көмекке келетін болсақ, ол Батыс елдерінде буржуаздық қарым-
қатынастың түбегейлі бекінуіне әкелген өндірістік төңкеріс әсерінен белгілі
бір деңгейде ынталанған болатын.
Сондықтан да айтылған тарихи шарттар негізінде туындаған әлеуметтік
жұмыс батыс мәдениетінің танымына айналды.
Құрылымдық функционализм және әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына
белгілі әсер етіп, әлеуметтік жұмыс былайша қарастырылады.
- кең әлеуметтік жүйенің бөлігі, өзінің қызметі мен рөлі;
- кейбір мекемелердің іс-әрекетінің жүйесі, әлеуметтік іс-
әрекеттердің жиынтығы, әлеуметтік институт.
- ішкі құрылымдар жүйесінің сипаттамасы.
Әлеуметтік жұмыс ойлаудың әлеуметтік стилінің болуы және осы заманғы
тұрмыс компоненттері әлеуметтік негізгі білімге негізделген.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы түрлі әлеуметтік топтардың және
әлеуметтік институттар ретінде әлеуметтік жұмысты қоғам жүйесінде олардың
өмірлік күштерін қолдау.
Қорғалмағандық пен осалдық әсерлесуі түрлі кезеңдерді сипаттайды.
Қорғаусыздық – тәуекелге ұшырағыштыққа тәуекел ету: әлсізді, әл-ауқат
деңгейінің төмендеу мүмкіндігі осыдан шығады.
Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде
қарастырылады.
1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік
қызметкерлердің методологиялық база қызметі.
2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде – ол әлеуметтік қызметкерге
жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік
қайшылықтарды шешуге қолданады.
3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.
Әлеуметтік жұмысты қоғам өмірінің барлық саласындағы адамдардың
субъективті рөлінің жүзеге асуын тиімдету, өмір сүруді қамсыздандыру
үрдісін және тұлғаның, отбасының, әлеуметтік және басқада топтардың,
қоғам мүшелерінің іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатындағы, адам
қызметінің өзге түрі ретінде қарастыруға болады.
Ең бастысы әлеуметтік жұмыс түрлі қызметтердің бірі ретінде
барлық адамдарды, әсіресе әлсіз топтарды қолдауға, қорғауға
бағытталған. Мұндай қызмет түрінің адамның пайда болуынан оның даму
кезеңдерінде өз орны болғаны анық.
Әлеуметтік жұмыс тек қана әлеуметтік әлсіз топтарға
әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу ғана емес, сонымен қатар,
барлық халықпен әлеуметтік қорғау шараларын жүргізуге бағытталған.
Бұл кең мағынада әлеуметтік жұмыс бүкіл халықтың әрбір азаматына
тиісті.
Әлеуметтік жұмыс спектрі және халыққа әлеуметтік көмек көрсету,
өте алуан түрлі. Мысалы, қарт адамдарға және мүгедектерге азық-
түлік тағамдарын үйлеріне жеткізу, іс- шаралар ұйымдастыру, әр түрлі
бағыттағы күндізгі орталықтар ашу (сауықтыру, спорттық, ойын
түріндегі, ақыл-есі кем адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға
арналған және т.б.).
Халықты әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қорғау, жалпы әлеуметтік
жұмыс, қоғамның әлеуметтік дамуын, әлеуметтік және басқада топтар
қарым-қатынасын және де олардың тұрмыс жағдайын жөндеу мен
қажеттіліктерін қанағаттандыру сонымен қатар белсенді ету белгілі
бір бағыттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатымен анықталады.
Әлеуметтік басқару қоғамдағы басқару түрлерінің бірі және оның
қызметі – қоғамдық өмірге қатынасушылардың әлеуметтік жағдайын реттеу,
қоғамдық қарым-қатынастардың субъекттілері ретінде дамуын
қамсыздандыру болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың девианттық мінез-
құлықтағы адамдарға, балаларға және қарттарға, әлсіз қорғалған
тұрғындарға қолданылатын спецификаны есепке ала отырып оны
ұйымдастыру үшін міндетті түрде әлеуметтік басқарудың мәнін,
механизмін және негізгі компоненттерін анықтап алу қажет.
Сонымен қоса ең маңызды түсініктер мен категориялар:
Әлеуметтік жұмыс- мәдени, әлеуметтік және материалдық жағынан
өмір деңгейін жақсарту, адамға, отбасына немесе топ мүшесіне
индивидуалды көмек көрсету, мақсатында азаматтарға мемлекеттік және
мемлекеттік емес жәрдемдесетін кәсіби қызметтің арнайы түрі.
Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік және басқада органдардың,
мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдар жүйесі.
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік қызметкерлер және жеке
мамандардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмыстық,
әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық
қызмет, қиын өмір жағдайдағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуімен
оңалтуларын жүзеге асыру қызметі.
Қиын өмір жағдайы – субъективті түрде Адам үшін қиын
қабылданатын және оның қалыпты өмір тіршілігін объективті түрде
бұзатын жағдай (мүгедектік, жасы келуіне, ауруына, жетімділігіне
байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмау, бақылаусыздық, аз
қамсыздану, жұмыссыздық, отбасындағы қатаң қатынастар және
келіспеушіліктер, жалғыздық және т.б.).
1.2 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні
мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан
астам уақыттан бері әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді.
ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген Еуропа мемлекеттерінде (Ұлыбритания,
Германия, Нидерланды, Швеция және Франция және АҚШ-та) қайырымдылық
ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс пайда
болды. Ол кәсіби қызмет ретінде қайырымдылықтың және мұқтаждарға
мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ
ғасыр басында туындауы – адамзаттың қарапайым идеясын түсінгендігінің
нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу үшін, ол кәсіби болуы керек,
бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар қажет болды. Мұқтаж
адамдарға біліктілі көмек көрсете алатындардың қажеттіліктері әлеуметтік
қызметкерлердің пайда болуына алып келді. Мұқтаждарға кәсіби көмек көрсету
мен адамдардың мейірімділік сезімінің дамуына үлесін қосқан қайырымдылық
қызметі де қатар жүрді.
Ежелде туындаған қайырымдылық қызмет әрқашан мұқтаждарға қайтарымсыз
көрсетілетін көмек деп қарастырылады. Бұл қызмет пен айналысатын адамдар
материалдық емес моральдық жағынан қанағаттанды. Сонымен қоса олардан
арнайы дайындықтар талап етілмеді, көп уақыттар шамасында мұқтаж
адамдарға көмек көрсетуді олар артық деп есептелді.
Мұқтаж адамдарға көрсетілетін қайырымдылық қызметі және мемелекеттік
көмектер әлеуметтік жұмыстың мүмкін болуына жағдай жасады. Шын мәнінде де,
әлеуметтік заңнама шегінде мұқтаждарға көмек көрсетумен айналысатын адамдар
қызмет етті, оларға сол қызметтері үшін материалдық сый ақы алмаса да
олардың дайындық деңгейлері өте жоғары дәрежеде болды. Әлеуметтік жұмыстың
мүмкіндікке айналуы (немесе басқа сөзбен айтқанда оның мамандық ретінде
пайда болуы) мамандар дайындаудан басталды. Мұндай дайындықтар келешек
әлеуметтік жұмыскерлер білім ала алатындай арнайы оқу орындарының
ашылуын қажет етті. Мамандарды дайындау әлеуметтік жұмыстың қалыптасуына
деген алғашқы қадам болды, одан кейінгі қадам – оның ұйымдастырушылық
құрылымын жасау. Алғашқы әлеуметтік қызметкерлер ұйымы толық дамымады.
Бірақ олар қоғамның дамуы үшін сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер
құқықтары үшін өз еңбектеріне ақы алу үшін күресті. Кез келген мамандық
сияқты әлеуметтік жұмыста өз еңбектері үшін материалдық емес сый ақы алған
мамандар жиынтығын көрсетті.
Егер әлеуметтік жұмысты екінші дүниежүзілік соғыс алдында мұқтаждарға
кәсіби көмектің қажеттілігін түсінген көптеген елдердің күнделікті өміріне
мықтап енген жаңа әлемнің танымы болды десек артық айтқандық емес.
Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттары жөнінде сөз еткенде ең алдымен
өзінің түбірімен ежелгілікте қалып отырған қайырымдылық қызметін көрсету
керек. Қайырымдылықтың қызметі болған тарихи формалардың бейнесі оның адам
мәдениетінің бөлінбейтін элементі болғанын, батыс, шығыс деп бөлінбегеніне
куәландырады. Қайырымдылық мұқтаж адамдарға көмек ретінде қазіргі таңда
қоғамдық бір бөлігіне айналды және де адам келешегін онсыз елестету мүмкін
емес. Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттарын қуатын мұқтаждарға көрсетілетін
мемлекеттік көмекке келетін болсақ, ол Батыс елдерінде буржуаздық қарым-
қатынастың түбегейлі бекінуіне әкелген өндірістік төңкеріс әсерінен белгілі
бір деңгейде ынталанған болатын.
Сондықтан да айтылған тарихи шарттар негізінде туындаған әлеуметтік
жұмыс батыс мәдениетінің танымына айналды.
Осы заманғы зерттеулердің теориялық аспектілерінде әлеуметтік жұмыс
пәнаралық және интегративті сипатта көрінеді. Әлеуметтік жұмыстың дамуына
психология социологияның әсері көп, сол сияқты педагогика, психиатрия,
антропология, заң және кейбір теориялық тұжырымдамалар мысалы:
күнделіктілік теориясы әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс ретінде пайда
болып, кейіннен нақты әлеуметтік институтқа, сөйтіп тану объектісіне, түрлі
күнделікті жағдайдан ғылыми теориялық деңгейде қалыптасады. Әлеуметтік
жұмыстың әлеуметтік бағытталған теория моделінің классикалық позитивизмге
әсері сезінеді. (О.Конт, Дж.Милль, Т.Спенсер). Социологиядағы позитивизм
және әлеуметтік жұмыстың теориясы өзгермейтін заңдар қызметін және қоғам
мен адамның дамуы, табиғи процесс немесе бөлік ретінде қарастырылады.
Құрылымдық функционализм және әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына
белгілі әсер етіп, әлеуметтік жұмыс былайша қарастырылады.
- кең әлеуметтік жүйенің бөлігі, өзінің қызметі мен рөлі;
- кейбір мекемелердің іс-әрекетінің жүйесі, әлеуметтік іс-
әрекеттердің жиынтығы, әлеуметтік институт.
- ішкі құрылымдар жүйесінің сипаттамасы.
Әлеуметтік жұмыс ойлаудың әлеуметтік стилінің болуы және осы заманғы
тұрмыс компоненттері әлеуметтік негізгі білімге негізделген.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы түрлі әлеуметтік топтардың және
әлеуметтік институттар ретінде әлеуметтік жұмысты қоғам жүйесінде олардың
өмірлік күштерін қолдау.
Қорғалмағандық пен осалдық әсерлесуі түрлі кезеңдерді сипаттайды.
Қорғаусыздық – тәуекелге ұшырағыштыққа тәуекел ету: әлсізді, әл-ауқат
деңгейінің төмендеу мүмкіндігі осыдан шығады.
Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде
қарастырылады.
1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік
қызметкерлердің методологиялық база қызметі.
2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде – ол әлеуметтік қызметкерге
жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік
қайшылықтарды шешуге қолданады.
3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.
Әлеуметтік жұмысты қоғам өмірінің барлық саласындағы адамдардың
субъективті рөлінің жүзеге асуын тиімдету, өмір сүруді қамсыздандыру
үрдісін және тұлғаның, отбасының, әлеуметтік және басқада топтардың,
қоғам мүшелерінің іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатындағы, адам
қызметінің өзге түрі ретінде қарастыруға болады.
Ең бастысы әлеуметтік жұмыс түрлі қызметтердің бірі ретінде
барлық адамдарды, әсіресе әлсіз топтарды қолдауға, қорғауға
бағытталған. Мұндай қызмет түрінің адамның пайда болуынан оның даму
кезеңдерінде өз орны болғаны анық.
Әлеуметтік жұмыс тек қана әлеуметтік әлсіз топтарға
әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу ғана емес, сонымен қатар,
барлық халықпен әлеуметтік қорғау шараларын жүргізуге бағытталған.
Бұл кең мағынада әлеуметтік жұмыс бүкіл халықтың әрбір азаматына
тиісті.
Әлеуметтік жұмыс спектрі және халыққа әлеуметтік көмек көрсету,
өте алуан түрлі. Мысалы, қарт адамдарға және мүгедектерге азық-
түлік тағамдарын үйлеріне жеткізу, іс- шаралар ұйымдастыру, әр түрлі
бағыттағы күндізгі орталықтар ашу (сауықтыру, спорттық, ойын
түріндегі, ақыл-есі кем адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға
арналған және т.б.).
Халықты әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қорғау, жалпы әлеуметтік
жұмыс, қоғамның әлеуметтік дамуын, әлеуметтік және басқада топтар
қарым-қатынасын және де олардың тұрмыс жағдайын жөндеу мен
қажеттіліктерін қанағаттандыру сонымен қатар белсенді ету белгілі
бір бағыттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатымен анықталады.
Әлеуметтік басқару қоғамдағы басқару түрлерінің бірі және оның
қызметі – қоғамдық өмірге қатынасушылардың әлеуметтік жағдайын реттеу,
қоғамдық қарым-қатынастардың субъекттілері ретінде дамуын
қамсыздандыру болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың девианттық мінез-
құлықтағы адамдарға, балаларға және қарттарға, әлсіз қорғалған
тұрғындарға қолданылатын спецификаны есепке ала отырып оны
ұйымдастыру үшін міндетті түрде әлеуметтік басқарудың мәнін,
механизмін және негізгі компоненттерін анықтап алу қажет.
Сонымен қоса ең маңызды түсініктер мен категориялар:
Әлеуметтік жұмыс- мәдени, әлеуметтік және материалдық жағынан
өмір деңгейін жақсарту, адамға, отбасына немесе топ мүшесіне
индивидуалды көмек көрсету, мақсатында азаматтарға мемлекеттік және
мемлекеттік емес жәрдемдесетін кәсіби қызметтің арнайы түрі.
Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік және басқада органдардың,
мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдар жүйесі.
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік қызметкерлер және жеке
мамандардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмыстық,
әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық
қызмет, қиын өмір жағдайдағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуімен
оңалтуларын жүзеге асыру қызметі.
Қиын өмір жағдайы – субъективті түрде Адам үшін қиын
қабылданатын және оның қалыпты өмір тіршілігін объективті түрде
бұзатын жағдай (мүгедектік, жасы келуіне, ауруына, жетімділігіне
байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмау, бақылаусыздық, аз
қамсыздану, жұмыссыздық, отбасындағы қатаң қатынастар және
келіспеушіліктер, жалғыздық және т.б.).
ІІ-ТАРАУ. Жайсыз отбасыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі
объектісі болып табылады.
Отбасы объектісін жеке адамға алмастыруға бейімділік зерттеу
жүргізуге ғана емес сұрыптау жасап, мәліметтерді және т.б. өңдеуге негіз
болады. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамқорлық, көмек, психотерапия, яғни
медикаландыру неке мен отбасына байланысты ұлғайып отыр. Индустриялық
қоғамда пайда болған әлеуметтік жұмыс адами қатынастарды ең алдымен
өндірісте қалпына келтіру мақсатында, отбасылық өндіріс сатысында экономика
тән болған осы қатынастардың жойылып кеткен адами сапаларын қалпына
келтіруге бағытталды.
Отбасы қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып
табылады. Ол әрқашанда қоғам назарында болады. Қазіргі уақытта кейбір
ғалымдардың айтуынша, отбасы дағдарыстан өтуде. Оның жаңа үлгісі пайда
болды. Отбасылық қарым-қатынас өзгеруде. Әсіресе, отбасындағы өзгерістердің
көпшілігі – экономикалық жағынан дамыған Батыс елдерінде. Ресей мен
Қазақстанның нарыққа өтуі некелесу мен бала тууға қатты әсер етті.
Ажырасулар көбейіп, ол да отбасындағы туып көбеюшілікті азайтты. Отбасы
адамды қорғайды, сондықтан да оны нығайту керек. Отбасы жасы толмаған
балаларға және қарт адамдарға қамқорлық етеді, өмірдің қиын жағдайларында
көмек көрсетеді, ауырған кезде қолдайды. Отбасы мүшелері бір-біріне көмек
етеді. Отбасы сүйіспеншілік сезіммен бірігеді.
Отбасының бірнеше түрлері болады:
• Отбасының нуклеаралық түрі көп. Онда ата-анасы мен балалар
немесе баласыз жұбайлар.
• Кең отбасында ата-анасы мен балаларға тағы басқа туысқандары
қосылады, мысалы ата-анасы мен әжесі.
• Толық емес отбасы бір ата-анадан баладан тұрады, мысалы жалғыз
басты ана.
• Мүгедектер отбасы.
• Мүгедек баласы бар отбасы.
• Балалы студенттер отбасы.
• Девианттық отбасы.
• Жүмыссыздар отбасы. [7]
Отбасының типтері және әлеуметтік мәртебесі (статус). Қазіргі заман
отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселерінің ішінен әлеуметтік-
педагогикалық қызметтерге тиеселі – күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің
қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көрсеткіші
отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал-жағдайы,
құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері, рухани құндылықтары, көзқарасы
болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына
байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:
✓ Толық, не толық емес отбасы;
✓ Күн көру үшін уақтылы құрылған жалған отбасы;
✓ Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері – жастар, ересектер,
қарттар;
✓ Қаншасыншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы не екінші,
үшінші рет құрылған);
✓ Балаларының санына қарай – көп балалы, жалғыз балалы отбасы;
✓ Отбасында ұрпақ жалғасына қарай – бір не бірнеше буыннан
құралған, мысалы, жас отбасы мен әке-шешесі, ата, әжесі, қайын
бикесі, қайын сіңілісі, қайын ағасы т.б. тұрады.
Бұлардан басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының
материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты,
мүшелерінің атқаратын міндеті – әкелік, балалық міндеттері, әр адамның жеке
және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының
мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, отбасының мынадай
төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық, әлеуметтік-мәдени, және ситуативтік. [8]
Әлеуметтік педагог әртүрлі типтегі отбасыларға назар аударуы керек.
Өзара қарым-қатынастары жақсы отбасылар болса, енді бір отбасы мүшелерінің
арасында түсініспеушіліктің салдарынан ұрыс-жанжал туып жатыр. Негізгі
әлеуметтік жұмыс осы соңғы жағдайдағы отбасы мүшелеріне бағытталуы керек.
Туысқандық, неке, отбасы ұғымдарын бөлу қажет. Олар бірдей
емес. Неке өз кезегінде моногамия (жалғыз некелі) және полигамия (көп
некелі) деп бөлінеді. Полигамия полиандрия және полигиния болып бөлінеді.
Полиандрияда бір әйелдің бірнее күйеуі болады. Бұл әелдер жетіспейтін
қоғамда орын алған жай. Полигиния дгеніміз – бір еркектің көп әйелі болуы,
мысалы мұылмандарда. Дүниежүзінің р түпкірінде отбсы формаының әр түрллігі
сақталады.
Отбасымен әлеуметтік жұмыс істеу технологиясы. Әр түрлі отбасына
әлеуметтік жұмыстың түрлі технологиясы қолданылады. Отбасымен жэұмыс
істейтін әлеуметтік жұмыстың мақсаты – отбасын сақтауға және нығайтуға
көмектесу, балаларды тәрбиелеуге, адамдарға материалдық көмек пен саналы
түрде адамгершілікті үйрету.
Отбасындағы материалдық жағдай, көбінесе мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік саясатына байланысты болады. Қазіргі уақытта мемлекеттің
балалары бар отбасына көрсететін көмегінің ең негізгі төрт түрі белгілі:
Балаларға ақылай жәрдемдесу. Қазақстанда 2002 жылдан бастап, туылған
балаға ақы беріледі.
Салық төлеу, дәрігерлік, тұрғын үй жәрдемақысына жеңілдіктері
беріледі.
Отбасына тегін дәрі, киім-кешек, балалар азығы беріледі.
Отбасына тегін әлеуметтік қызмет ету, яғни, психологиялық,
педагогикалық және заң жүзінде көмек көрсету.
Басты ұран Адам адамға дос, жолдас және аға болған қоғамдық жүйеден
бас тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде,
қоғамның эгоистік, өзін-өзі оқшаулау, азғындану, рухсыздық, жалғыздық,
отбасының ажырасу қаупі – кедей азаматтардың қауіп-қатері көбейді.
Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-
өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады. [8]
Отбасының ішкі қатынастары өз күн көрісі мен толық жарамды азамат
тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
Отбасы және балаларға әлеуметтік көмек
Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесіне байланысты әлеуметтік жұмыс
Отбасы туралы жалпы ұғым
Жастардың әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелері және оның мәні
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет
Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары
Апаттар мен жарақаттанудың себептері
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Отбасының репродуктивті функциясы
Пәндер