Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Жалғау, жалғау түрлері және оның ерекшеліктері
1.1 Қазақ тіліндегі
жалғаулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6
1.2 Көптік

... ... ... ... ... ... ... 7
2. Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғауларды оқытудың тиімді жолдары
2.1 Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғау түрлерін баланың жас
ерекшелігіне қарай меңгерту
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақ тіліндегі жалғауларды оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18
2.3Жалғаулар тақырыбына сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қолданылған
әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра
қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт
болып қалды. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң сияқты стратегиялық маңызы
бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-
парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі
әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес.
Өнер алды - қызыл тіл деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән
берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Тілдерді қолдану мен дамыту
бағдарламасында: Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті
саясатының аса өзекті бағыттарының бірі , сондай-ақ Мемлекеттік тілді
оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек делінген. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның болашағы қазақ тілінде - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-
зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл
аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде
деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті
етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып
жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе,
бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы
көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика
ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: Оқушының жеке тұлға
болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу
мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті
мәселелерінің бірі болып табылады - дейді. Бүгінгі таңда қазақ
мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл
мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат
тәрбиелеу.
Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің
грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Жалғау—сез бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың
көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар.
Жалғаулардың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.).
Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен
көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік
жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.
Зерттеу мәселесі. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын
тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Осыған байланысты қазақ тілін нәтижелі үйрену үшін, оның оқыту
әдістемесін жете түсіну – үлкен мәселе. Қазақ тілінің грамматикасын
оқытуда, менің ойымша, оқушының сөйлеу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі
сөйлеу, жаңа сөздерді немесе сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс,
оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша
орындаумен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ тілінде сауатты, жақсы, жетік
сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза
білу де міндет. Сауатты жаза білуді қалыптастыруда мұғалім оқушыға жазу,
жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу
тілін де дамытады. Сауатты, дұрыс жазу талабы – емле ережесін сақтау.
Сондықтан оқушыға жазудағы сауаттылықты, емле мен тыныс белгілерін дұрыс
қолдануды үйрету – басты міндет.
Зерттеу жұмысының мақсаты. оқушыға жазудағы сауаттылықты, емле мен
тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйрету, жалғауларды оқуту.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәні. Қазақ тілі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушыларға бастауыш сыныптан
бастап қазақ тілініне дұрыс жазуға, жалғауларды дұрыс қолдана білуге
үйретсек, болашақта балалар өздігінен диктант немесе бақа да жазба
жұмыстарын жазған кезде қатесіз, сауатты жазатын болады.
Зерттеу міндеттері:
✓ Жалғауларды ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру;
✓ Жалғауларды қолдану ерекшеліктерімен таныстыру;
✓ Қазақ тіліндегі жалғаулардың дұрыс қойылуын оқыту.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы Білім заңы, оқыту мазмұны
бойынша тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық,
педагогикалық еңбектер.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2
бөлімнен , қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Қазақ тіліндегі жалғаулар
Тілімізде сөйлем ішінде сөздерді бір бірімен байланыстырып, нәти-
жесінде айтылатын ой түсінікті, мағыналы болып шығу үшін аса қажетті
қосымша категорияның бірі - жалғаулар. Жалпы жалғаулардың ортақ бір
ерекшелігі - жалғанған сөздерге грмматикалық мағына үстеп, форма жағынан
өзгерткені болмаса, өз алдына дербес лексикалық мағынасы болмағандықтан
жеке қолданылмайды, әрі тұлға жағынан тұрақсыз. Олардың тұлға жағынан
тұрақсыз болуы, қазақ тіліндегі сингармонизм және үндестік заңдылығына
байланысты тек қана жуан не жіңішке түрде ғана емес, бірде қатаңнан, бірде
ұяңнан не үндіден басталуынан. Жалғаулар тұлға-тұрпаты шексіз деуге
болмайды. Мысалы, барыс септігінің жалғаулары: -ға, -ғе, -қа, -ке, -на,
-не, -а, -е түрінде келуі түбір тұлғаның соңғы дыбыстарына, сингармонизм
заңына байланысты. Мұнан басқа қай жалғаулар болмасын басқа ва¬рианттары
болмайды. Жалғаулар жұрнақ секілді сөздің лексикалық мағыналарын өзгерте
алмағанымен, оның жалғану аясы кең. Мәселен, жіктік жалғауы сөйлемде
баяндауыш болатын бүкіл сөз таптарына жалғанып, сөздерді түрлендіре алады.
Сонда жалғаулар сөздерді байланыстыру жолында өзгертіп,
түрлендіретін, грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып
табылады. Жалғаулар да сөз құрамындағы жеке морфемалық бөлшек бола отырып,
сөздер арасындағы әр алуан қатынастарды, түрлі грамматикалық мағыналар
үстеу жағынан, яғни қызметі жағынан бірнеше топтарға бөлінеді: көптік
жалғау, септік, тәуелдік және жіктік жалғау.
1.2 Көптік жалғаулар
Флексия – сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына
беретін көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма
деген сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі сөздердің өзара
синтаксистік қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар – сөз
бен сөзді байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп,
оған грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия дейді.
(Ә.Хасенов)
Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын
қосымшаны жалғау дейміз.
Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия)
бар.
Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы
тілімізде үш түрлі жолмен беріледі:
1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық
мағынасы арқылы білдіреді (су, сүт, мақта, шөп, қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм,
тұз т.б.).
2. Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы
білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық орындық, қыруар ақша).
3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге тиісті
қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, - тар,
-тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй + лер,
көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).
Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ
қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық,
мор¬фо¬логиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалы¬на
береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық
мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір
күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай,
су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес
заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім
сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір
хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды
білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян,
шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т.б.; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар,
әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм,
феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б. құстар атаулары да көптік ұғымда
қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т.б. Мысалы: Бүркіт -
негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді
күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: Жұлдыз,
Жалын, Замандас т.б.; адамның жас ерек¬ше¬ліктері, түрлі ішкі
құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жай¬лардың т.б.
атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік,
жал¬қаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т.б., қысқасы, көптік
категорияға бай¬ланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете
береді, біз оның қай¬сы¬бі-реу¬лерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті
қолданылып жүрген құрал-жаб-дық¬тардың, құрылыс материал¬дарының жекелеген
атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен
кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес,
әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.
Сөйтіп, жоғарыдағы айтылған мәселелерді сөздердің лек¬сикалық тәсіл
арқылы көптік мағынаны білдірудің бір жолы деп қорытынды жасауға болады.
Сол секілді синтаксистік тәсіл арқылы да көптік ұғымын беруге
болады. Мәселен, кейбір сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз,
әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сықылды сөздердің тіркесулерінен де
көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра
киім, әлденеше кісі, көп қағаз т.б.
Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер бол-
ғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп
қараған жөн болады, - дейді А.Ысқақов (Қазіргі қазақ тілі, Алматы,
1974, 41-б.) Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң
т.б.
Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да
беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді
және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі
түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден
келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі
құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан кө¬рінеді. Бұрын ол
жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір
көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз.
Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз)
сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай
тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша
ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің
қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.
Ал бұл қосымшаға қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел
өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше
түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік
мағынада қолданылады.
Дегенмен бұл аталған көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар
қай¬сыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын
актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосым¬шасы
көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары.
Негізінен, әрине, көптік жалғауы –лар формасы қалғандары оның варианттары
болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм
заңына байланысты екені аян.
-лар қосымшасының бір ерекшелігі – тек зат есімге ғана емес,
жалпы субстан¬тивтенетін сөз таптарына әрі етістіктің жіктелетін екінші жақ
формаларына, есімшеге де жалғанып, көптік ұғымын туғыза алады
(семантикалық, стильдік қызметін өздері оқиды).
Көптік жалғаудың (-лар) қолданылатын негізгі грамматикалық
ерекшелігі төмен¬дегіше:
1. Көптік жалғау негізінен түбірден соң жалғанады: бала+лар,
студент+тер т.б.
2. Егер сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелерге жалғанса әр
мүшеден соң немесе стильдік мақсатта соңғы мүшеге жалғануы ықтимал: қатты
толғанғанда жүйрік қала¬мынан небір өлеңдер, небір әндер қағаз бетіне
маржандай тізілетін (Замандастар). Нақ осы сөйлем құрамындағы көптік
жалғауын бір-ақ рет қолданып та көптік ұғымды туғызуға болады: небір өлең,
әндер
3. Сөйлемде көптік формада тұрған бастауышпен (жіктеу, жалпылау
есімдіктерінен) баяндауыш та көптік формада қиысады: Сендер келіңдер, жалпы
келіңдер.
4. Көптік жалғау дербес сөз бен көмекші сөз тіркесіп келгенде
көмекші сөзге жалғана береді: осы сияқты+лар, мына неме+лер, күші бар+лар
т.б.
5. Көптік жалғау түбірден соң жалғанатынымен, кейде қа¬жетіне
орай түбір мен жұр¬нақтың көнеленген форма аралық¬тарында қолдануы ықтимал:
бұзық+тар+ша, біз+дер+дей, аға +лар+ы+ндай, сен+дер+дікі, мұғалім+дер+дікі,
солар+ дағы т.б.
Ал тәуелдік категориясы - иеленуші үш жақтың біріне бір заттың
меншікті екенін білдіретін тілдік құбылыс. Қазіргі тілімізде меншікті
білдіретін категория мына секілді тәсілдер арқылы іске асады (тәуелдеу
категориясы): морфологиялық, синтаксистік және морфосинтаксистік. Син-
таксистік, яғни аналитикалық тәсіл сөздердің тір¬кесінен біз, сіз ілік сеп-
тігіндегі есімдіктер мен түбір күйінде тіркескен, яғни анықтауыш пен
анықталушы мүшелер тізбегі арқылы жүзеге асқан амалдың түрі. Мысалы,
біздің көше, сіздің аудан (сіздің аудан биыл өзгеріпті).
Ал тек есімдік қана емес, басқа да сөз таптарының ілік
септігінде келіп (анықтауыштың), анықталушы сөз тәуелдік жалғауда келсе,
яғни әрі мор¬фологиялық, әрі синтаксистік тісілдердің қабаттаса келуі
аралас (морфо¬синтаксистік) тәсілге жатады: ауылдың малы, көлдің балығы
т.б.
Морфологиялық тәсіл нәтижесінде жасалынатын тәуелдеу категориясы
екі түрлі қо¬сымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен -ның (-нің,
-дың, -дің, -тың, -тің) жалғауы арқылы туады.
-нікі меншіктік жұрнақтың мына секілді ерекшеліктері бар: а)
мен-шіктелетін зат иеленушіден бұрын қолданып, басым көпшілігінде бастауыш
қызметінде тұрады (бұл қалам менікі), ал субъект баяндауыш болады, ә) –нікі
қосымшасы белгілі бір жаққа телулі болмайды. (кітап менікі, сенікі, онікі
т.б.), -нікі қосымшасы тілімізде өте көнеден келе жатқан тілдік құбылыс,
ол ілік септігінің -ның (-нің т.б.) және, –кі (-қы, -ғы -гі) жұрнақтарының
бірігуінен пайда болған (Томанов М. Тарихи грамматика. Алматы, 1988).
Ал заттың екінші бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша
категория тәуелдік жалғау болып табылады. Тәуелдік жалғау қазақ тілінде зат
есімге қатысты болғанымен, сөйлем құрамында субстантивтенген басқа сөз
таптарына да жалғана береді. Мысалы: бесеуі, жаманы, үлкені, сынғаны,
ертеңі т.б. Әдетте тәуелдік жалғауы өзінің тіркесетін алдыңғы сөздің ілік
септігінде (жіктеу есімдіктерінің) тұруын талап еткендіктен де, олардың жақ
жалғаулары жіктеу есімдіктерінің жақ жалғауларына сәйкес келіп отырады:
менің үйім, сенің үйің, сіздің үйіңіз, оның үйі. Сонда тәуелдік жалғаудың
жақ көрсеткіштері мына секілді болады: І -м, ІІ -ң (-ңыз, -ңіз), ІІІ -сы,
-сі; дауыссыз болса түбір: І -ым, -ім, ІІ -ың, -ің (-ыңыз, -іңіз),
ІІІ -ы, -і.
Тәуелдік жалғау меншіктілікті білдіруде затқа қатысты екі түрлі
формада келеді: оңашаланған және ортақ тәуелдеу. Егер тәуелденуші зат
жекеше формасында немесе біртектес заттар бір ғана затқа, нәрсеге меншікті
болса, оны оңашаланған тәуелдеу дейді. Оңаша тәуелдеуде түбірге, туынды
түбірге, көптік жалғаулы сөздерге тәуелдік жалғау мына секілді көрсеткіштер
арқылы жалғанады: -ым, -м, -ң, -ың, -ің, -сы, -сі, -ы, -і. Мысалы: бөлмем,
бөлмелерім; бөлмең, бөлмелерің; бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері
т.б. Немесе керісінше де болуы ықтимал, мәселен, зат я құбылыс бірнеше
затқа, ұжымға немесе бірнеше зат я құбылыс ортақ болып тәуелденсе, оны
ортақ тәуелдеу, коллективті формасы деп атайды. Ортақ тәуелдеудің
көрсет¬кіштері мыналар: -мыз, -міз, -ымыз, -іміз; -ыңыз, -іңіз; -сы, -сі;
-ы, -і. Мысалы, бөлмеміз, бөлмелеріміз, бөлмеңіз, бөл-мелеріңіз; бөлмесі,
бөлмелері, бірақ бір ескеретін жағдай – егер зат жекеше формасында ортақ
тәуелденсе, яғни көп затқа, нәрсеге, құбылысқа тәуелді болған жағдайда
екінші жақтың арнайы формасында тәуелденбейді. Мәселен, сендердің бөлмең
деп айт¬паймыз, айтылатын болса, көптік жалғауы қосылуы қажет, әйтпесе
стильдік қатеге ұшырайды.
Тілімізде меншікті білдіруде кейде бірнеше формалар сөздер
тіркесінде бір мезгілде де келе беруі ықтимал, ондай жағдайда меншік
категориялы сөздер деп атайды. Мәселен, менің үйім сенікі, сенің үйің
менікі дегенде ілік, тәуелдік жалғау және –нікі меншіктілік жұрнақты
қолданып отыр.
Тәуелдік жалғаулы сөздер зат арасындағы тек меншіктікті ғана
емес табиғи байланыс қатынастарын да аңғарта алатындықтан, кейде жіктеу
есімдіктері түсіріліп те айтыла береді: ұлым, әкем дегенде менікі екені
онсыз да түсінікті, қажет емес.
Тәуелдік жалғау, негізінен, ілік жалғаулы сөзбен тіркесуді талап
етіп, ашық түрде келуін грамматикалық тәсіл деп атайды да, ол матасу
тәсіліне жатқызылады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мәтел).
Сол сияқты тілімізде сөздер матаса байланысқанда, бейтараптылық,
анықтық секілді категорияларға байланысты ілік жалғауы да түсіріліп айтыла
береді: ауыл адамы, көпшілік малы, үй қабырғасы т.б. Тіпті мұндай байланысу
аморфтық-синтетикалық тәсіл арқылы да жүзеге асады: қол сағат (қолдың
сағаты), темір күрек (темірдің күрегі), ас қатық (астың қатығы) т.б.
Сонымен қатар, тәуелді жалғаулы сөз (өздік
есімдігінен бас¬қа) қай жақ¬та түрғанына қарамастан баяндауышпен
қиыспайды: әкем келді, әкең келді, немесе өзім келдім, өзің келдің, өзі
келді.
Тәуелдік жалғау орын тәртібінде негізінен көптік жалғаудан соң
басқа да жалғаулардың алдында келеді. Бірақ түрлі стильдік мақсаттарды
кейде ол көптік жалғауынан бұрын, тіпті түбір мен жұрнақтың арасында да
келе береді: аналарым, апа-м-дар; әкелерім, әке-м-дер; аға-м-ша, апа-м-ша
т.б.
Ал тәуелдік жалғауы тілімізде экспрессивті-эмоционалды сөз ретінде
әрі түрлі стильдік мақсатта жиі қолданылатын грамматикалық категория.
Мәселен, тәуелдік жалғауы меншіктен өзге:
а) заттың қолдану мақсатын: ұйқының дәрісі;
ә) ұлттық ерекшеліктер: қазақ тілі, ағылшын флоты; бүтіннің бөлшегі:
ағаш жапырағы, материалдық текті: етіктің былғарысы; заттың неден
жасалынғанын: бидай наны; сапалық белгі: құстың қыраны т.б.

ерекшелігіне қарай меңгерту жолы.
Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғау түрлерін баланың жас
ерекшелігіне қарай меңгерту жолы.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр.
Себебі қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде жас
ұрпақтың білім деңгейі қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты
болып отыр.
Оқушының қабілетін оятып, әрі қарай дамытып жетістіктерге әкелу
мұғалімге байланысты екені белгілі болады.
Қазіргі заманның оқушысына оқуға, білім алуға не кедергі? Оқуға
қызығушылықтың жоқтығы деп ойлаймын. Сабақта қызығушылықты арттыратын түрлі
оқыту технологиялар пайда бола бастады. Мұғалімнің шеберлігінің кілті оның
сабақ технологиясын меңгеруі, әдістемелік тәсілдерді тиімді қолдана білуі
болып табылады.
Осындай тиімді де, нәтижелі де, қызығушылықты оятатын әдістердің бірі-
дидактикалық ойындар деп есептеймін.
Мен бастауыш 3 сынып оқушыларына сабақ берген соң, бұл балалардың жас
ерекшелігін басшылыққа алып, сабақта көбінесе ойын технологияларын
пайдаланамын.
Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі
мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты
педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың
ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор
екенін атап көрсеткен. Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда
кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін
мынандай жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала
жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық
талаптарға сай болуы.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім
деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып,
пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын
орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру
оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады.
Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп,
сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Жас баланың ой-өрісі
ойын арқылы дамиды. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да
сабаққа нәтижелі тартуға болады. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-
әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Олар :
1. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz