Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Экономика және бизнес
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Орындаған: 09304 топ студенті
Турнияз Ж.Т
Тексерген:Турниязова А.Қ
Орал, 2012ж
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттi басқару нысандарының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2.Мемлекеттік басқару әдістері және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 9
ІІІ. Жетілдіру бөлімі
3.1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттi
басқару нысандарының
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.18
3.2. Мемлекеттік саясат
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған адебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
І. Кіріспе
Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейінгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа
саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен әлеуметтік салаларды реформалауда
іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды әрі кезең – кезеңімен жүйелі түрде
жүргізіліп жатқан қомақты іс – шаралардың оң нәтижелері еліміз таңдаған
жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен өтпелі кезеңнің күрделі
экономикалық және әлеуметтік проблемаларын шешкен сайын, қоғамның даму
деңгейіне сәйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа және
аса күрделі мәселелері күн тәртібіне қойылып отыратыны бәрімізге түсінікті.
Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтап, экономикасы
мен мәдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық
болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен
мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса
назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған
әкімшілік реформасы республикамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып
келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ
мерзімді Қазақстан 2030 стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру
жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес,
мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына
баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет
көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту
және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша
қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып
қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық
жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
Мемлекеттiң басқару нысандары мемлекет үшiн аса маңызды
мәселе болып табылады. Мемлекеттi басқару нысандары сол мемлекеттiң
Ата заңына, яғни Конституциясына негiзделуi тиiс. Егер мемлекеттi
басқарудың нысандары демократиялық принциптерге негiзделсе, осы
елдiң азаматтары мемлекеттi басқаруға тiкелей немесе жанама түрде
ат салысуға мүмкiндiк алады.
Саясаттың маңызды екінші компоненті адамзаттың саяси тәжірибесі болып
табылады. Өркениеттің дамуымен саяси сахна едәуір кеңейіп, саяси
тенденциялар көп бейнелі болып, рөлдер күрделене бастады. Осының
нәтижесінде адамзат аса мол саяси тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибе өзінің
барлық құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың саяси мәдениетінде,
ұрпақтан-ұрпақка мұраға беріліп отыратын, бір елден екінші елге таралатын
саяси институттарда, идеяларда, акцияларда, әрекеттерде жинақталып
қорытылған және көрініс тапқан. Саяси тәжірибенің кристаллизациялануы
саясаттың барлық негізгі компоненттерінің пайда болуына және дамуына алып
келді.
Биліктің тармақтарға бөлінуінен біз ол органдардың өз құзыреттерін
жүзеге асыру үшін тиісті биліктік механизмі болатынын көреміз.
Мемлекеттік билік әр түрлі қоғамдық қатынастарда өзінің қызметін
тиісті жағдайда жүзеге асыруы керек. Билікті жүзеге асыруды бір қалыпқа
келтіру үшін билік тармақтарының жузеге асыратын қажетті тетігі болады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттi басқару нысандарының түсінігі
Атқару билігін жүзеге асыру үшін жөне оның міндеттері мен қызметін
атқару үшін оған белгілі бір механизм керек. Атқару билігі органдары
әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатынасып әрекет жасауы тиіс. Сондықтан ол
өзінің бағыты мен мазмұнын білдіретін сипаты жағынан әр түрлі әрекеттерді
жүзеге асырады. Бұл әрекеттерді атқару органдары (лауазымды адамдар) күнде
жасайды. Осылайша атқару органдарыньң нысаны деген ғылыми категория пайда
болады. Атқару билігі органдарының нысаны өз кезегінде мемлекеттік-қүқықтық
мазмұнын білдіру әдісі болып табылады. Нысан арқылы біз атқару органдары не
үшін құрылатынын және басқару міндеттері мен қызметін жүзеге асыру үшін не
істейтінін білеміз,
Атқару органдарында (лауазымды адамда) өз өкілеттіктері шегінде нақты
басқару жағдайларында өр түрлі әрекеттің бірін жасау мүмкіндігі бар.
Мысалы, заңды шешім қабылдайды, азаматтың өтінішін қарастырады, шешеді,
тіркейтін, бақылайтын және қадағалайтын қызмет атқарады. Міне осындай
әрекеттерден басқару субьектісінің құзіреті, яғни міндеттері мен
өкілеттіктері көрінеді. Ең бастысы олардың жасаған басқару өркениеті
сыртқы көрінісін табуы тиіс. Сыртқы көрінісін таппаса онда оның белгілері
нәтиже бермегені.
Сондықтан басқару нысаны дегеніміз атқару органдарының
(лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы
көрінісі бар әрекетін айтамыз. Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты
бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік
қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдары
субьектілерінің әрекеттері өздерінің сипаты мен мақсаттары
байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін
көреміз.
Басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:
а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;
ә)ішкі ұйымдастыру жұмыстарының нысаны. Атқару билігін жүзеге
асыру арқылы атқару органдары заңдылық биліктік өкілеттіктің
сыртқы көрінісін қамтиды. Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару
нысанының бір белгісіне жатады.
Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі бұдан біз оларды жіктеу
мүмкіндігінің бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крийтерилерді
пайдалануға болады. Әкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті
шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде
техникалық мысалы компьютерлердің
экономикалық,(материалдық ынталандыру), ұйымдастырушылық (мамандар ісі,
органның құрылысын құру), моральдық (мадақтаудың моральдық шаралары),
эстетикалық (дизайн), психологиялык, (еңбек ұжымындағы ынта),
құқықтық құралдар (қаулылар, бұйрықтар және басқалары). Аталған
көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады, яғни
олар белгілі бір нысандар мен әдістерді сақтап қолданылады.
Бул екі категория нысан мен әдіс әкімшілік субъектілерінің
өкілеттілігін жүзеге асырудың барлық құралдары мен әдістерін қамтиды және
осылар кұқық шығару және құқық қолдану тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
Сонымен, әкімшілік құқықтың субьектілерінің
өкілеттіктерін жузеге асыру нысанының түсінігін қарастырамыз.
Өкілеттікті жүзеге асыру нысанының түсінігіне мынадай
элементтер кіреді;
а) нысан дегеніміз бұл әкімшілік құқық субьектісінің қызметін
сиғызытын бөлім, мысалы, мемлекеттік басқару органдарының шешім
қабылдауы;
б) бұл өкілеттікті жүзеге асыру қызметінің бөлімі және
в) тәжірибе жүзінде қолдануға тұратын, көзге көрінетін,
әрекет, іс, құжатта нақты көрсетілген немесе тиісті журналда
азаматтардың арызы немесе басқару органдарының, нысан басқа
нысандардан қызметі бойынша ажыратылады. Мысалы, азаматтың
мемлекеттік мекеме мен сотқа жазған арыздары бір-біріне
ұқсамайды. Әкімшілік құқық субъектілері қызметінің нысаны көп және
сол себепті әкімшілік құқық субьектілерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру
нысанын құқықтық және құқыктық емес деп екіге бөлуге болады. Құқықтық нысан
қызметі зандылық нәтиже туындатады, яғни тұлғаға, мекемеге құқықтар мен
міндеттер жүктейді. Мысалы, тұлғаны мемлекеттік мекемеге лауазымды қызметке
орналастыру туралы бұйрық. Әкімшілік - құқық субъектілерінің өкілеттілігін
жүзеге асырудың құқықтық нысанына мыналар жатады мемлекеттік басқару
органдарының құқықтық актілері, яғни мекемелермен кәсіпорындардың олардың
жеке құрамдарының жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған және олардың
азаматтарға да ықпалы тиюі мүмкін. Мысалы, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау
мәселесі бойынша. Құқықтық актілер нормативті болуы, яғни құқықтық
нормадан тұруы мүмкін, мысалы, Їкіметпен бекітілген министірлік туралы
ереже, жеке, демек, нақты орындаушға арналған..Бұл жерде айта кететін
жағдай басқару актілері міндетті түрде үйымдар мен нақты тұлғарға
бағытталады жәнә бұлар бастаушы объект ретінде басқару актісін қабылдаушы
орган тыс жерде орналасқан; .
а) басқару органы аппаратының ішкі ұйымдастырушылық қызметіне арналған
құқықтық актілері, құрылымға кіретін бөлімдерге және олардың
қызметкерлеріне арналған, олар; екілеттіктерін бөлу, жұмыс уақытын анықтау,
жұмысқа алу және шығару және т.б. Жоғарыда аталған актілерге қарағанда бұл
әктілер құқықтық нәтиже туғызса да басқару актілеріне жатпайды.
б) Жарғыны бекіту туралы (қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың
және ұйымдардың) әкімшілік құқықтың субъектілерінің өтініші. Бұл нысан
қазіргі кезде өз алдына жеке бөлінген, себебі Жарғыны бекітуде сұрап
жасалған өтініштердің маңызы бар болады жөне Жарғы заңға қайшы келмейтін
міндетті түрде тіркелуі тиіс;
в) барлық сүрақтарға қатысты өтініштер, бұлар да
қажет етеді;
г) әкімшілік құқықтың субъектілерінің азаматтық құкықтық
қатынастарға қатысушы жақтың бірі ретінде түсуі;
д) әкімшілік құқықтың субъектілерінің сотта жөне басқа
құқық қорғау құрылымдарында шаруашылық-қаржылык дауды шешу мәселесі
бойынша қатысуы;
е) әкімшілік қүқықтың субъектілерінің тәртіп пен қауіпсіздікті
қорғауға қатысты толып жатқан міндеттерінін, болуы ( техникалық қауіпсіздік
ережесі, санитарлық-эпидемиялық ереже, өрт қауіпсіздігін
сақтау ережесі). Јкімшілік құқықтың субъектілері қызметінің
аталған қүқықтық нысандары заңдылықта тиісті сұрақтарды шешу
барысында ресми құжат ретінде көрсетілген. Јкімшілік қүқықтың
субьектілерінің құқықтық нәтиже; туғызбайтын нысаны да өз кезегінде заңмен
бекітілген, бірақ тікелей қолданғанда олар зандылық нәтиже туғызбайтын
нысандарға мыналар жатады: басқару органының төменгі тұрған ұйымдарға және
жеке түлғаларға жүмыстың барысы туралы ақпарат беруі, материалдық-
техникалық әрекеттерді жасау (тасымалдау, байланыс құралдарын пайдалану,
үйымның қызметін арттыру мақсатында материалдық жағдайды арттыру), әр түрлі
мақсаттағы тексерулер, жиналыстар, семинарлар, сабақтар жүргізу.
2.2.Мемлекеттік басқару әдістері және оның маңызы
Мемлекеттік басқару қызметінде де ол кеңінен қолданыс тапқан.
Әкімшілік құқықтық реттеу саласында, ең бірінші кезекте мемлекеттік
басқару саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер
қатынасында әдістің маңызын анықтау басты мәселеге жатады.
Јкімшілік құқық субъектілерінің қызмет: әлеуметтік ортада
жүргізіледі және құқықтық, нормаларда; көрсетілген өздерінің
мазмұнына қарай әлеумепік сипатқа ие болады.
Қандай болмасын әлеуметтік қызметте әрбір қатысушы өзінің еркін келесі
қатысушыға білдіреді. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілерінің қызметі
туралы айтқандықтан, бұл жердс олар тарапынан әлеуметтік қуқықтық
қатынастың басқа қатысушыларына өздерінің еркін білдіруін айтамыз. Бұл
жағдайда әдіс әкімшілік құқықтың субьектілерінің арасын байланыстыратын
кұралға айналады.
Бірақ әдіс әкімшілік құқықтың субъектілерінің еркін басқа
қатысушыларға білдіру десек ол жалпы ережеге сәйкес келетін еді, ал әдіс
қатысушылардың еркін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар сол ерік
білдірудің сипатына жатады. Демек, әкімшілік қүқық субъектілерінің әдісі
дегенімізге қызметке қатысушьшардың біреуінің екіншісіне езінің еркін
білдіру сипаты жатады, мысалы, құқықтық қатынасқа түсушілердің біреуі
екіншісіне кеңестерін, ақылдарын береді, бұл жерде сендіру әдісін
көреміз. Азаматқа санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бүзғаны үшін
айыппұл салынады, ал бұл жерде, әрине, мәжбүрлеу әдісін айтамыз.
Әкімшілік қүқық субъектілері қызметінің әдістерінің түрлері.
Адамзаттың қызметінде, соның ішінде қүқықпен реттелетін салада ерік
білдіру сипатына қарай әр түрлі жөне көп болуы мүмкін. Сол себепті
мемлекетгік басқару саласында органдармен тұлғалардың ара қатынасының әдісі
де әр түрлі. Јкімшілік құқық, субьектілерінің басқа катысушылармен
қарым-қатынастарының ішінде ең көп тарағап әдістеріне мыналар жатады:
а) сендіру жәнс мәжбүрлеу, қызметің барлық түріне тән болатын
әдіс, яғни мемлекетгік салада жөне қоғамдық ұйымдарда, тіпті қандай
болмасын ұйымдарда және лауазымды тұлғаларда қолданады;
б) алқалық және дара басшылық әдістері тікелсй
үйымдастырушылық сипаттағы көрініс табатын алқалық органдар
(мысалы, мемлексттік статистикалық комите), министрліктер
мен ведмоствалардағы алқалы ұйымдар. Дара басшылық
үйымдастырушылық нысанға жатады, мысалы, министр. кәсіпорын
төрағасы, т.б.
Бұл аталғандардан басқа масштабы жағынан кемдеу ынталандыру
әдістері(материалдық және моральдық), экономикалық одістер және т.б.
жатады. Јкімшілік құқық субьектілерінің әдістері заңдылық сипатына
байланысты нысан сияқты қүқықтық жене қүқықтық емес деп екіге бөлінеді.
Біріншісін қолдану барысында құқықтық нөтиже туғызады. Мысалы, екімшілік
жауапксршілікке тарту, екіншілері Құқықтық нәтиже тутызбайды, мысалы,.
қаулыны түсіндіру, Шешімді қабылдауға дайындық. Күнделікті өмірде қүқықтық
және қуқықтық емес әдістердің дұрыс үйлесуінің маңызы. Жалпы айтар
болсақ мемлекеттiң сыртқы нысаны мен iшкi мазмұнының диалектикалық бiрлiгi
болады. Мемлекеттiң басқару нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрiнде өмiр сүредi. Ал шығыс
мемлекеттер көбiне монархия болатыны жақсы мәлiм. Қытай, Їндiстан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерiнiң философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттiң нысанына көп көңiл бөлген.
Мемлекеттiң мазмұны оның нысанынан бөлiнбейдi, олар бiр-бiрiмен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсiз Қазақстанның тарихында екi Конституцияның орын алғаны
белгiлi, яғни , 1993 жылғы Конституциясының орнына 1995 жылы жаңа
Конституция қабылданған болатын. Осы соңғы Конституция мемлекеттiң нысанын
өзгертiп, Қазақстанда президенттiк республиканың саяси жүйесi құрылды.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар
әсер етедi. Бiрiншi жағдайда географиялық, климат, тарихи факторлар әсер
еттi деп айтуға болады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның
шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны
екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк
мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екенi
байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзен-
дермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте — Нiл, Вавилонда — Тигр
және Евфрат, Їндiстанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада —
шектелген монархия немесе республика кұрылған. Ежелгi демократиялық
республикалар Жер орта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны
жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi - Ресей және Қытай
сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық
жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн
тигiзедi. Ежелгi - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi (Ману заңдарында, Салистiк
жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында - Русская
правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Їндiстанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын жөне олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық
мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн
сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс
кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон,
Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы дамыған кезде,
жағдай тыныш уақытта демократиялық әдiстер жақсы қолданатыны мәлiм (Греция,
Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Їндiстан,
Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттiк құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр
ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы,
Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Гер-манияның мемлекеттiк
процесiн және тарихын жақсы бiлiу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм
кезеңiнен Гер-манияның капитализмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады .
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -түрiктер, бергi
атасы - қыпшақтар өмiр сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң
тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы
бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң
арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер
етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия
мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-
мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге
көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа
континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген
конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны белгiлi. Ал АҚШ өзiнiң
көршi мемлекеттерiне және посттотали-тарлық мемлекеттерге президенттiк
республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк
республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi.
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi
және жүргiзген саясаты әсерiн тигiзедi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және бас-қаларын еске алсақ дұрыс болады.
Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа
үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
Мемлекеттiң дамуына дiни факторлары да әсерiн тигiзедi. Мұсылман,
католик, христиан, буддистiк мемлекеттердiң өздерiне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттiң сыртқы формасын анықтау үшiн көп фактiлердi терең
зерттеу керек.
Оқу әдебиетiнде мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi — басқару
нысаны, мемлекеттiң құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негiзiнде,
мемлекеттiң нысаны тарихи кезеңмен және әрбiр мемлекеттiң ерекшелiктерiмен
байланысты екенi мәлiм. Сондықтан мемлекеттiң әрбiр нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердiң дамыған кезiнде осы үш элементтерiнiң
бiреуi бiрiншi орынға шығады. Қазiргi Ресейде мемлекеттiң екiншi элементi -
Ресей федерациясының негiзгi принциптерiн сақтау үшiн Шешен республикасымен
соғыс әдiсiн қолданғаны белгiлi. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негiзгi принциптерiн сақтау үшiн iстелген саясат. Бұл мемлекеттiң
құрылым нысанын бiрiншi орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстiк
пен Оңтүстiктiң арасындағы соғыс кезiнде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттiң негiзгi нысаны болды. Фашистiк режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимi бiрiншi орынға шығады. Бейбiтшiлiк кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттiң сыртқы жағдайын белгiлейдi .
Мемлекеттiң басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергiлiктi
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап бередi. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екi түрге
бөлiнедi.
Монархия жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк
мұрагерлiкпен берiледi. Монархияның белгiсi: мемлекеттi басқаратын адамның
билiгi оған әкесiнiң немесе басқа туысқан-дарының қолынан көшуi, тиюi.
Сондықтан оның билiгi — мұралық билiк. Тақтың көшуiнiң екi әдiсi бар: шығыс
және кейбiр Еуропа мемлекеттерiнде тақ тек ер адамдарға берiледi. Ал
көпшiлiк Еуропа мемлекеттерiнде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
берiле бередi (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуi
мүмкiн; Наполеон, Каролингтердiң тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттiк төңкерiс ұқсас даңқты революциясынан
кейiн заңды патшаның қолынан билiктi алғаны белгiлi.
Монархияның көшуiнiң үшiншi түрi бар, монарх бiрнеше ақсүйектердiң
тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екi монарх болған мемлекеттiк
басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистiк
партияның басшысының билiгi монархтың билiнiнен де күштi болды. Сонымен,
монархтың билiгi көбiне мұрагерлiк билiкке жатады, ол өзiнiң қызметiне
құдайдан басқа ешкiмнiң алдында жауапты емес, ол мемлекеттiң басшысы,
құқықтың қайнар көзi, оның атынан сот, мемлекеттiң атқару функциялары
жүзеге асырылады, ол әскердi басқарады, мемлекеттiң атынан шарт құрады.
Монархтың бiрнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау,
мемлекеттiң мiндетi. Мысалы, Англияның королiне 1660 жылдан бастап цивилдiк
қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретiн болды. Корольдердiң
сарайлары киiмдерi, әскерлерi мемлекеттiң мiндетiнде болды. Корольдi асырау
мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан
басын тартқысы келмейдi. Қазiргi Англияның королi — Елизаветаның мұра
жалғастыратын балаларының абыройы өте күштi болмады, екi баласы және қызы
некесiн бұзып ажырасып кеттi .
Монархия екiге бөлiнедi: шексiз және шектелген монархиялар. Шексiз
монархия — монархтың билiгiн басқа мемлекеттiк орган шектемейдi, жоғарыда
айтылған билiктiң бәрi соның қолында. Бiрақ шексiз монархияның да бiрнеше
түрлерi бар. Ең бiрiншi шексiз монархия - Шығыс деспотиясы (Египет,
Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күдiгi экономикалық
функциялары жиналған, ал бұл билiк осы айтқан мемлекеттердiң географиялық
және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет
мемлекетiнде номдардың бәрiн фараон бiрiктiрiп, Нiл өзенiнде суару
жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметi өте
күштi билiктiң кажет екенiн туғызды. Сондықтан, фараондардың билiктерi
шексiз болатын: ол Ра кұдайдың тұқымы, таққа отырға кезден оған пирамида
салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, дiни, сот, әскери қызметтерiн
басқарған. Тарихта кездескен шексiз монархияның екiншi түрлерi көне
дәуiрдегi мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексiз
монархия республиканың орнына келдi. Императордың да билiгi өте күштi,
бiрақ оны күшейтетiн жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта
ғасырларда шексiз монархия феодализмнiң соңғы кезiнде пайда болды. Ең күштi
феодалдық шексiз монархияларға Людовик Х1Ї, Петр Бiрiншi, Екатерина Екiншi,
Елизавета Бiрiншi, Фридрих II, Эдемi Сулейман монархиялары жатады. Людовик
Х1Ї мемлекеттi 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет дегенмен" - сөз
бүкiл Еуропаға мәлiм болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзi жұмсады,
заңды өзi шығарды, парламенттi жинамай мемлекеттi, әскердi де сотты да өзi
басқарды. Ол өмiр бойы көршi мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық
өзi жүргiздi. Бiрақ феодализмнiң шексiз монархияларының мемлекетке iстеген
жақсылықтары да көп едi. Қазiргi жаңа ғасырларда шексiз монархиялар өте
сирек кездеседi (Бруней, Оман).
Монархиялардың көбi шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билiгi басқа бiр органмен немесе заңмен шектеледi. Шектелген
монархия шығыс мемлекеттерiнде кездеседi, мысалы, Їндiстан. Їндiстанның
патшасы екiншi кастаға жататын — критерилерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесiн сыйлауға тиiстi. Патша брахмандардың
жеке меншiгiне тисуге құқығы жоқ, оларды өлiм жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесi қатыспаса атқара алмайды.
Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттерiнде сословиелiк-өкiлдiк монархиялар
пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шiркеу
қызметкерлерi, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда -
буржуазия. Осы сословиелер өздерiнiң мүдделерiн қорғайтын сословиелiк
органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz