Жаңа кәсіпорындар құру
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Жаңа кәсіпорындар құру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың дамуы мен табысты жұмыс
жасауына мүдделіліктің жоғары болуы олардың экономиканы дамыту мен
экономикалық өсімге жетуде ғана емес басқа да әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешудегі маңыздылығымен байланысты. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005 жылғы 18-ақпандағы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жедел жаңару жолында деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында
мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік
компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және
орта бизнеске беру мәселесі қозғалды. Сонымен бірге, Қазақстан
кәсіпкерлерінің конгресінде, үстіміздегі жылғы жолдауда да шағын
кәсіпкерліктің маңыздылығына тоқталып, оны дамыту жөнінде нақты шаралар
жүзеге асырылу қажеттілігі айтылды.
Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес,
заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан
аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын,
қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан, активтерінің орташа
жылдық құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды
тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады . Көрсетілген
талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар шаруашылық серіктестіктер немесе
өндірістік кооператив нысанында өз қызметін жүзеге асыра алады.
Кәсіпорындар тиімділігінің басты факторы – олардың өнім өндіру
облысында, сондай-ақ, қолданылатын еңбек құралдары бойынша тар мамандануы.
Кәсіпорындар шектеулі номенклатурада өнімдер өндіреді және бірмезгілде
жоғары өнімділікпен ерекшеленетін тармамандандырылған құрал-жабдықтарды
қолданады. Кәсіпорындар инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын
жұмсауды қажет етпейді, яғни, көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар,
жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс
көлемінің шағын болуы материалды-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің
дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік
береді. Кәсіпорындар еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге
ие болады. әсіресе, олар қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман
ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай
туғызады. Жалпы экономикалық көзқарас тұрғысынан кәсіпорындардың дамуы
өндірісті мамандандыру өсімін, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуді,
өнім өндіру мерзімін қысқартуды, шикізаттар мен дайын өнімдерді жеткізудің
көлік шығындарын, жоғалтуларды азайту, еңбек және материал ресурстарын
едәуір толық пайдалануды қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың тиімділігін қамтамасыз
ететін негізгі артықшылықтарының ең маңызды дегендерін келесі түрде бөліп
көрсете аламыз:
- икемділігі және нарық конъюнктурасындағы өзгерістерге тез әсер
ету қабілеті, өндірілетін өнімдердің тұтынушылар талғамына сай тез
бейімделу мүмкіндігі;
- ірі кәсіпорындармен салыстырғанда олардың ғылым мен техниканың
соңғы жетістіктерін тиімді және жедел енгізе отырып жоғары нәтиже алуға
ұмтылуы;
- жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергілікті нарықта қызмет
етуі;
- кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық
құрылымның болмауы;
- жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге
деген ортақ мүдденің болуы; мотивацияның жоғарылығы;
- ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни, ірі
кәсіпорындармен қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және
жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы
капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;
- өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге
асыруға икемділігі.
Мұның барлығы кәсіпорындардың басымдылығы мен артықшылығын көрсетсе,
оның бірқатар кемшіліктері де бар екендігін айта кету қажет. Олардың ішінен
ең негізгілері ретінде келесілерді атауға болады:
- тәуекел деңгейінің жоғары болуы;
- техникалық артта қалушылық, жоғары ресурс және энергия
сиымдылықтылық;
- ресурстық, қаржылық және материалдық-техникалық базаның
жеткіліксіздігі;
- өткізу нарықтарының тарлығы және әлемдік стандарттарға сай өнім
өндіру мүмкіндігінің төмендігі;
- қызметкерлер біліктілігінің айтарлықтай жоғары деңгейде болмауы
және бір адамның бірнеше қызметті қатар атқару мүмкіндігі;
- қосымша қаражаттар тарту және несие алу мүмкіндігінің төиендігі.
Кәсіпорындардың ел экономикасындағы ролінің жоғары болуы оның өзіндік
ерекшеліктерімен де байланысты. Ең алдымен шағын және ірі кәсіпорындардың
қызмет сферасы әр түрлі болады. Ірі кәсіпорындар бұйымдардың тұрақты
номенклатурасы және жаппай өндіріс жағдайында қызмет ете отырып, көтерме
сатып алушылармен жұмыс жасайды. Ал, кәсіпорындар аз партияда өнімдер
шығаруға, нарықтың белгілі бір сегментінде сатып алушылар қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, екінші ретті шикізаттарды, өндіріс
қалдықтарынпайдалануға, жеке клиенттермен жұмыс жасауға бағытталады.
Өзіндік өзгеше функцияларды орындай отырып шағын және орта кәсіпорындар бір-
бірін толықтырып отырады. Кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға қарағанда
нарықтың айтарлықтай тиімді қызмет ететіндей сфераларында өз орнын табады.
1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар
қызметінің теориялық негіздері
1.1 Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастыру нысандары
Қазақстан Республикасы жаңа жүйеге өту арқылы өзінің экономикалық
даму жолында бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.
Яғни, бұрынғы қалыптасқан жоспарлы экономикадан шаруашылық жүргізудің
нарықтық жүйесіне ауысу шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз бетінше,
дербес қызмет етуіне жағдай туғызды. Нарықтық экономика жағдайында
мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің де қызмет етуі кәсіпорындарға
жаңа талаптар қойды. Сонымен қатар, жеке меншіктің үлесінің жылдан-жылға
артуы бәсекелік ортаның күшеюіне, өнім өндіру мен өткізу, сапаны басқару
мәселелеріне ерекше мән беру қажеттігін көрсетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігі
кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы, әсіресе, шағын және орта бизнестің
жоғары мәнге ие болатындығын айқын көрсете алды. Сондықтан еліміздің
заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарын айқындау
өте маңызды. Кәсіпкерліктің кез-келген нысанының дамуы елдегі ішкі
экономикалық жағдайға және көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін өз
құқықтарын пайдалана білетін нақты кәсіпкердің қабілеттілігіне де
байланысты болады. Әрине , бұл факторлар көбінесе шағын бизнестің дамуына
әсер етеді. Шағын бизнес кәсіпкерлік қызметке қатысушылардың өздерінің
арасында және мемлекетпен өзара экономикалық қарым-қатынасын заңды негізде
ұйымдастыруды қажет етеді.
Үстіміздегі жылдың (2006жыл) 31-қаңтарында Қазақстан Республикасының
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңының қабылдануына байланысты Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң өз күшін жойды. Алайда, шағын
кәсіпкерліктің негізгі критерийлері мен субъектілері жөніндегі келесі
мәліметтер өзгеріссіз қалды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері :
1. Заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу
адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу
адамнан, активтерінің орташа жылдық құны алпыс мың еселенген
айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын
кәсіпкерлік субъектілері болып табылады .
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез
келген түрін жүзеге асырады.
3. Заңды тұлға құрмайтын дара кәсіпкерлік, сондай-ақ мынадай
ұйымдық-құықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
- өндірістік кооператив
- шаруашылық серіктестіктер
шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін.
4. Шағын кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің орташа жылдық
саны барлық қызметкерлерді, оның ішінде келісім шарт және
мердігерлік шарттар бойынша, жұмысты қоса атқару бойынша жұмыс
істейтіндерін, осы субъект филиалдарының, өкілдіктерінің және
басқа оқшауланған бөлімшелерінің қызметкерлерін ескере отырып
анықталады.
5. Қызметтің бірнеше түрін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік
субьектілері ондайларға жылдық айналым көлемінде үлесі ең көп
қызмет түрінің өлшемдері бойынша жатқызылады.
6. Егер бір немесе бірнеше заңды тұлға шағын кәсіпкерлік
субъектісінің өлшеміне сай келетін шаруашылық серіктестігін
құрған жағдайда құрылатын субъектінің жарғылық қорындағы
олардың үлесі 25%- дан аспауға тиіс.
7. Қызметін ойын бизнесі мен шоу бизнес саласында жүзеге асыратын
коммерциялық ұйымдар шағын кәсіпкерлік субьектілері болып
танылуға тиіс емес.
8. Шағын кәсіпкерлік субьектілері жоғарыда белгіленген
ережелерден асып кеткен жағдайда бұл заңды тұлға Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген
жеңілдіктерден айырылады.
Сонымен елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, әсіресе шағын
кәсіпкерлікке ерекше мән беріп отыр. Кәсіпорындар құру кезінде мемлекеттік
меншікті, жеке меншікті немесе аралас меншікті таңдауға еліміздің
заңнамаларымен құқық берілген. Бірақ, қалыптасқан тәжірибе бойынша
кәсіпорындар көбінесе жеке меншік немесе аралас меншік нысандарында
(шетелдің қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорындар) қызметін жүзеге
асырып отыр. Егер жоғарыда атап көрсетілген талаптар сақталған жағдайда
өзге меншік нысандарында да құрылып қызмет ете алады . Дегенмен,
кәсіпорындар шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооператив нысанында
құрылады, сондай-ақ, заңды тұлға құрмастан дара кәсіпкерлікпен айналысқан
жағдайда да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылатындығын ескеру
қажет. Сондықтан осы нысандардың әрқайсысына қысқаша тоқтала кеткен дұрыс.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ең қарапайым нысандарының бірі
дара кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлік - заңды тұлға құрмастан
жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және
мүліктік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған
бастамашылық қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік
түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне
тиесілі мүлік негізінде , сол мүлікті пайдалану және оған билік ету
құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар
(дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде , мүлікті
бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде
жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын
жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу келіп тіркелу сипатында болады және оның тұрғылықты жері
бойынша аумақтық салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады.
Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын немесе жеке
кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын
жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын табысы бар дара кәсіпкерлер
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың көп бөлігі шаруашылық
серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер ретінде қызмет етіп отыр.
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодесіне сәйкес (58 бап, 2 тармақ) шаруашылық
серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік нысандарында құрыла алады. Шаруашылық серіктестікті жеке және
заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден-бір
қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің
жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.
Құрылтайшылардың заттай нысанда немесе мүліктік құқық түрінде салынған
салымдарын ақшалай бағалау құрылтайшылардың өзара келісімі бойынша жүзеге
асырылады. Шаруашылық серіктестіктердің акция шығаруға құқығы жоқ. Ал,
олардың мүшелері серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға, серіктестіктің
қызметі туралы ақпарат алуға және оның басқа да құжаттамаларымен танысуға,
таза табысты бөлісуге қатысуға, шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда
несие берушілермен есеп айрысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі
өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға
құқығы бар. Сондай-ақ, олардың құрылтай құжаттарында көзделген өзге де
құқықтары болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестікте қатысушылар салымдарды
құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер
бойынша салып отыруға, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді
жария етпеуге міндетті. Шаруашылық серіктестіктер құрылтайшылардың жалпы
жиналысының шешімі бойынша өндірістік кооператив немесе акционерлік қоғам
түрінде қайта құрыла алады.
Шаруашылық серіктестіктердің жоғарыда аталған нысандарының
әрқайсысына тоқталсақ, толық серіктестіктер негізгі нысандардың бірі болып
табылады. Толық серіктестік шаруашылық серіктестіктердің негізгі
нысандарының бірі болып табылады. Толық серіктестік деп мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті
айтамыз. Толық серіктестіктің қатысушысы - серіктестіктің борышы бойынша
оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан
жауап береді.Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір
бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық
қатысушылардың келісімімен ғана беруге болады. Толық серіктестік қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметерді жариялауға міндетті емес.
Толық серіктестіктің қатысушысы оның өзге де қатысушыларына алты ай
бұрын ескерте отырып, кез-келген уақытта шыға алады. Егер қатысушы ұжымнан
шығып кеткен уақытта толық серіктестік сақталып қалса, оның шығып кеткен
күніндегі балансқа сәйкес серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымына
тең құны төленеді және серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған
тиесілі бір бөлігі де төленеді. (АК.67 бап ). Егер серіктестікте жалғыз
қатысушы қалып ол алты ай ішінде серіктестікті қайта құрмаса немесе жаңа
қатысушылар қабылдамаған жағдайда таратылуы немесе басқа нысанда қайта
құрылуы тиіс. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның
құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі
мөлшерден яғни, салымдарды енгізу сәтінде 25 айлық есептік көрсеткіштен,
бірақ бір жылдан кейін 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек .
Серіктестіктің тағы бір нысаны - сенім (командиттік) серіктестігі.
Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық
серіктестерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп
қатысушыларымен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған
салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
қатыспайтын қатысушыларды (командиттер) да енгізетін серіктестік сенім
серіктестігі деп аталады. (АК. 72 бап).
Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады.
Ал салымшылардың басқаруға қатысуға,сондай-ақ сенімхат болмаса оның атынан
әрекет жасауға құқығы жоқ. Толық серіктестер серіктестікке жеке еңбегімен
қатысуға міндетті, сондықтан азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің
толық серіктесі бола алады. Ол толық серіктестіктің қатысушысы бола
алмайды. Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен
жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың
орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Егер оны тарату
кезінде ең болмағанда бір толық серіктес және бір қатысушы – салымшы қалса,
онда сенім серіктестігі сақталып қалады. Сенім серіктестігінің жарғылық
капиталы оның қатысушылары – толық серіктестер мен салымшылар салатын
салымнан құралады және қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын енгізу
сәтінде 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Сондықтан жарғылық
капиталдағы салымшылардың үлестерінің жиынтық мөлшері 50%-дан аспайды. Ал,
жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болып
белгіленген.
Серіктестіктердің ішінде ең кеңінен тараған және едәуір қолайлы нысаны
жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік деп – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы
құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті
айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне
байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған
бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа
шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен басқа қатысушылардың келісімінсіз
өтініш негізінде шыға алады және оған оның жарғылық капиталдағы үлесіне
пропорционалды мөлшерде мүлік құны төленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың қабылдаған шешімі
бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Сондай-ақ,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзге де шаруашылық серіктестік,
акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив болып қайта құрыла алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады
және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжатта табыс етілген күнгі 100-
айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті
тіркеген кезге дейін жарғылық каптиалдың жалпы сомасының кемінде ең төменгі
мөлшерін енгізуге міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір
бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына
сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп – қатысушылары серіктестік
міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен,
ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың
еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін
серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда
көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік
міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың
салымдарына қарай бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке де
жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ережелер қолданылады. Яғни,
қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшері де салымдар енгізу күніндегі 100 айлық есептік көрсеткіштен кем
болмауы керек.
Кәсіпорындардың тағы бір ұйымдық нысаны өндірістік кооперативтер.
Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі
үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік
кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті
бірлестігі. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік
кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша
қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке
кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі,
басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін
экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі
туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары бастапқы капиталды
қалыптастырады және кооператив қызметін құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ,
шығындарды жабуға арналады. Өндірістік кооперативтердің жарғылық қоры мен
резервтік қорының мөлшері жарғыда белгіленеді. Егер өндірістік
кооперативтің жарғылық қоры оның мүліктік жарналары негізінде қалыптасса,
резервтік қоры жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау арқылы құрылады.
Сонымен бірге, өзінің өндірістік – шаруашылық қызметі мен әлеуметтік
дамуына өзге де ақшалай және материалдық қорлар құра алады. Өндірістік
кооперативтің ерекше қасиеттерінің бірі оның мүшелерінің жеке еңбектік
қатысуы болғандықтан – таза табысы да кооператив мүшелері арасында еңбекке
қатысуына сәйкес бөлінеді. Өндірістік кооператив таратылса немесе
кооператив мүшесі одан шығатын болса өз пайын бөліп ала алады. Өндірістік
кооператив өз мүшелерінің шешімі бойынша шаруашылық серіктестік болып қайта
құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту және кәсіпкерлік
қызметті жеке тұлға нысанында да, заңды тұлға нысанында да ұйымдастыру үшін
заңнамалық база құрылған. Қазақстан заңдарымен рұқсат етілген ұйымдық-
құқықтық нысандар шеңберінде және экономикалық конъюнктура мен қолда бар
материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына байланысты кәсіпкерлік
қызметті дара кәсіпкерлік (өзіндік немесе бірлескен) және ұжымдық
(шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооперативтер) кәсіпкерлік
нысандарында жүзеге асыруға болады. Ал, кәсіпкерлер шаруашылық қызметті
жақсы басқару мен айтарлықтай жоғары табыс әкелуді қамтамасыз ететін
нысанды артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып таңдау жасайды.
Кәсіпорындар өзінің шаруашылық және экономикалық қызметін бір немесе
бірнеше қызмет түрлерін орындай отырыпэкономиканың барлық сфералары мен
салаларында жүзеге асыра алады. Алайда қызметтің жекелеген түрлеріне және
өнім түрлерін өндіруге мемлекеттің арнайы рұқсаты лицензия немесе патент
қажет.
1.2 Кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі
Қазақстанның нарықтық экономикаға өте отырып экономиканы жедел
дамытуда, жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы құрылымдық қайта құруды
жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша жұмыс орындарын ұсынуға,
шығындардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылық сұраныстың
өзгерістеріне жедел бейімделуге мүмкіндік беретін кәсіпорындар торабын
құруды тездетуді талап етеді. Ел экономикасын дамытуда кәсіпорындардың
маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы кәсіпорындар іс бастау үшін ірі көлемде
инвестицияларды талап етпейді және ресурстар айналымының жоғары
жылдамдығына кепілдік береді. Сол арқылы экономиканы қайта құрылымдау
проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыруды,
бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін
қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып жұмыссыздық
мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.
Кәсіпорындардың экономикадағы ролі, өзіндік ерекшеліктері,
артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған. А.А. Шулустың пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей
ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
- кәсіпорынның көз жетерлік болуы: оның масштабының шектеулілігі
кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынастың ерекше,
жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның
еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
- ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен
еместігі;
- кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын
басшысының ролі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық
жауапкершілікте болады.

Кәсіпорындар шектеулі номенклатурада (1-2 ден 5-7 дейін) өнімдер өндіреді
және бірмезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін тармамандандырылған
құрал-жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және
өндірістік үрдісті интенсификациялауға ғана емес, сондай-ақ, негізгі
құралдардың ұдайы өндіріс үрдісін өзгертуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар
инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни,
көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен
қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс көлемінің шағын болуы материалды-
техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің дайындығына байланысты өткізуді
жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындар еңбек
ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге ие болады. әсіресе, олар
қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман ретінде өздерінің
шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай туғызады.
Сонымен жалпы экономикалық көзқарас тұрғысынан кәсіпорындардың дамуы

Нарықтық экономикаға өту және өзгерістерге бейімделу кезеңінде
кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогрестің бірқатар маңызды бағыттары
бойынша тың серпілісті жүзеге асырады. Мұның барлығы кәсіпорындарды елдегі
және аймақтағы экономикалық реформалардың құрамдас бөлігі және елеулі
факторы ретінде көрсетеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың теория-әдістемелік
аспектілерін және ел экономикасындағы ролін қарастырған кезде жаңашылдық
немесе жаңашылдықты енгізу мәселесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Нарық
өзіндік өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне байланысты тұтынушыларға бәсекеге
қабілетті және жоғары сапалы өнімдер жеткізу мақсатында өндірісті жаңартуды
талап етеді. Сондықтан кәсіпкерлер немесе кәсіпорын басшылары оларды шешу
жолдарын іздеуі қажет. Оның үстіне нарықтық экономикасы дамыған елдер
тәжірибесі көрсеткендей кәсіпорындар жаңашылдық облысында ірі
кәсіпорындармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие болады. Ол
кәсіпорындардың нарыққа тез бейімделу, басқару икемділігі және ішкі
коммуникациялар тиімділігі және басқа да осындай сапалы қасиеттерімен
байланысты.
Кәсіпорындардың тиімді қызмет ету мүмкіндігі ірі өндіріспен
салыстырғанда келесідей бірқатар артықшылықтарымен түсіндіріледі.
1) Артықшылықтардың алғашқысы өнім өткізудің жергілікті нарықтарына
жақындығы және тұтынушылар сұраныстарына тез бейімделумен, ірі
кәсіпорындар үшін тиімсіз болған жағдайда аз партиямен өнімдер
өндіру, кәсіпорынды басқарудың тиімділігі мен қарапайымдылығы және
басқаларымен сипатталады.
2) Кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет етуі бүкіл экономиканы
жақсарту үшін қолайлы жағдай туғызады. Демек, бәсекелік орта
күшейеді, көптеген қосымша жұмыс орындары құрылады, тұтынушылық
сектор кеңейеді, өндірістегі, саладағы және ел экономикасындағы
құрылымдық қайта құру белсенді және тиімді түрде жүргізіледі,
жергілікті ресурстар жақсы қолданылады, нарықты тауарлар мен қызмет
көрсетулермен толықтыру тезірек болады, ел экономикасының экспорттық
әлеуеті артады.
3) Шағын кәсіпорын құра отырып қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер
немесе шағын кәсіпкерлік кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әдістері мен
нысандарын, білімдерін меңгерудің өзіндік мектебі болып табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, еркін
өндірістік қорларды пайдаланудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылады.
Кәсіпорындар тұтыну сферасында ғана емес, сондай-ақ, соңғы өнімді
шығару үшін қажетті жекелеген түйіндер, бөлшектер, жартылай
фабрикаттар, шағын механизмдер мен басқа да еңбек заттарын
өндірушілер ретінде де тиімді. Ал, оларды ірі кәсіпорындардың өздері
өндіруі тиімсіз болып табылады. Сондықтан оларды өндіруді келісім-
шарт бойынша кәсіпорындарға тапсырады.
4) Кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үрдісінде қосымша еңбекті енгізеді, ал
ол жаңа құндылықтар құрады, ұлттық байлық пен ұлттық табысты
көбейтеді.
Нарықтағы бәсекелік ортаға әсер ету көзқарасы тұрғысынан оны
қалыптастыруға мүмкіндік беретін немесе кедергі келтіретін факторлардың
негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Оларға келесілер жатқызылады:
- өнеркәсіптік құлдырау немесе онымен қатар жүретін өндірістегі
дағдарыстық құбылыс;
- инфляция және қаржылық тұрақсыздық;
- халық шаруашылық салаларындағы институционалдық қайта құру.
Шағын кәсіпкерлік субектілерін зерттеу нәтижесінде нарықтық
қатынастар жағдайында олардың дамуын шектейтін келесі факторлар анықталды:
- қаржылық (бюджеттік шектеу, коммерциялық несие пайызы, салық саясаты);
- инфрақұрылымдық (көліктік тарифтер, қойма шаруашылығының болуы,
шикізат сатып алу үшін айналым қаражаттары);
- технологиялық (ассортимент құрылымы, жұмыс күшінің біліктілігі, құрал-
жабдықтарды жиі жөндеу);
- сатып алушылық (төлемсіздік, сату шарттары және тағы басқалары).
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың тиімділігін
қамтамасыз ететін негізгі артықшылықтарын қарастыра келіп, олардың ең
маңызды дегендерін келесі түрде бөліп көрсете аламыз:

ету қабілеті, өндірілетін өнімдердің тұтынушылар талғамына сай
тез бейімделу мүмкіндігі;

соңғы жетістіктерін тиімді және жедел енгізе отырып жоғары
нәтиже алуға ұмтылуы;

кәсіпорындармен қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер
және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz