Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы және Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікпен салыстыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:
Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы және
Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікпен салыстыру
Қабылдаған: Аппакова Г. Н.
Орындаған: Курмашева Г.
Алматы-2011
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы
2. Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептіліктің жағдайы және Италиядағы қаржылық есептілікпен салыстыру
Қорытынды
Қолдынылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары болып табылады деп есептелген.
Сондықтан Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы, оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға маңыздылығы зор.
Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға қол жеткізу үшін 1973 жылы 29-маусымда Қаржылық есеп беру стандарттарының халықаралық комитеті құрылды.
Бүгінгі таңда ел экономиасының нарықтық жағдайға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлі есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылыр, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді [1] .
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорының міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамассыз етуге өз септігін тигізеді.
Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы
Бухгалтерлік есептің практикалық тәжірибе саласында және ғылым ретінде тарихы Италияда басталады. Бұл жерде екі жақты жазу пайда болып таралды: 1944 жылы вранцисканды монах (дін қызметкері) және математик Лука Почели (1945-1517) «Арифметикалық сомасы» трактатын жазды. Бірақ бухгалтерлік есеп ғылым ретінде 1861 жылдан бастап саналды. Сол жылы мемелекетте үш үлкен бухгалтерлік мектеп ашылды (ломбардиялық, тосканстық, венециялық) .
Айналымдағы емес активтерді бағалаудың негізі ретінде өзіндік құн принцепі алынды, ал айналымдағы активтерге екі баға арасындағы минималды баға қарастырылды: сатып алу мен сату. Ресми талаптардан ауытқу тек активтер немесе компания өзінің ерекшелігіне байланысты болады. Бұл кодесті енгізгеннен кейін Италияда мүлікті қайта бағалаумен байланысты бірнеше заңдар қабылданды.
Олар 1952, 1975, 1983, 1990 және 1991жылдары өткізілді. 1974 жылы ресми компаниялардың қызметін реттеумен қатысты реформа барысында, бірнеше құжаттар енгізілді. Олардың мақсаты болып қаржылық есептілікті құрастырудың негізі болып компания жайлы объективті ақпараттарды беру деп жарияланды. Сол уақытта негізгі бухгалтерлік құжаттардың форматтары анықталып, есептіліктің міндетті бөлімі компанияның директорлар кеңесінің баяндамасы болды, ал оларды ұсыныстарын қадағалау құқығы компаниялар және биржа бойынша Ұлттық комиссияға берілді. Өткен ғасырдың ширегі ішінде бұл ұйымның ықпалы мен өкілеттілігі ұдайы өсіп келеді.
1974 жылғы реформаның принципиальды жаңалығы ашық нарықта акциялары сатылатын компаниялардың міндетті тәуелсіз аудиті болды. Аудитордың мақсатына компанияның есептілігі заңнамалық нормаларына сонымен қатар, бухгалтерлік стандарттарына сәйкестілік фактісін орнату кіреді. Сөйтіп, міндетті аудит талабы басқа категориялы компанияларға тарап кетті. Олардың ішінде медиа-концерндер, сақтандыру компаниялары, банктер және мемлекеттік меншігіндегі компаниялар кіреді.
Италиядағы салық есептілігіне салық заң шығарушы органның үлкен ықпал етеді. Өзінің актілер жүйесімен ол бухгалтерлік тәжірибе шеңберінде туындайтын көптеген мәселелерін қамтиды [2] .
Италияда бухгалтерлік есеп қарама-қайшылықтарға ие. Оның себептері бизнес-ортада жатыр: коммерциялық кәсіпорындардың арасында ұсақ және орта кәсіпорындар басым. Ашық акционерлік қоғамдар Италияда аз, 213 компания ғана өзінің акциясын Миландық қор биржасында сатады. Компаниялардың басым бөлігі сыртқы потециалды инвесторларға жабық, ал олардың қызметіне басшылықты беру тіпті орындалмайтын жайт. Сондықтан биржалар мен биржалық индикаторлар Италияда басқа мемлекеттерге қарағанда үлкен рөл атқармайды. Компаниялардың көбісі үлкен көлемді емес және иеленушілермен басқарылатындықтан, тәуелсіз сыртқы аудит пен нақты бухгалтерлік ақпараттарға жалпы сұраныс шектеулі.
Итальяндық компаниялар бухгалтерлік есепті тек салық орган талаптарын орындау үшін жүргізгендіктен, бухгалтерлер мен менеджерлерге онда минималды табыс көрсету маңызды. Италияда кәсіпкерлік серіктестік саны бойынша британдықтан кейінгі екінші орында. Италияда екі кәсіптік атау бухгалтер мен коммерциялық докторы бухгалтерлік есеппен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Коммерция докторы атағын алу үшін бухгалтерге қарағанда ұзақырақ оқумен және емтихан тапсыру қатаңдығымен ерекшелінеді. Бірақ кәсіптік бухгалтерлік есепті жүргізуде екеуінің де құқықтары мен міндеттері бірдей.
Қазіргі таңда Италияда 23 ұлттық есеп стандартты және 21 аудиторлық стандарт жарияланды. Олардың көбісі қазіргі заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес қайта қарастырылуда. ЕО 4 және 7 директивтеріне сәйкес барлық итальяндық компаниялар халықаралық стандарттарға сай келетін есептілікті беру тиіс. Итальяндық компаниялардың құрамына: 1) бухгалтерлік баланс; 2) кірістер мен шығындар жайлы есеп; 3) түсіндірме хат; 4) оперциондық есеп; 5) ішкі аудиторлар есебі; 6) капитал қозғалысы жайлы есеп; 7) ақша қаражаттарының қозғалысы есептілігі; 8) компания президентінің баяндамасы; 9) директорлар кеңесінің есебі; 10) аудиторлық қорытынды кіреді. Осы тізімдегі тек бесеуі ғана ААҚ орындалуы тиіс. Аудиторлық қорытынды тек кейбір компанияларға ғана міндет: қаржылық, сақтау және медиа т. б. Акциялары биржаларда сатылатын компаниялар жылдық қорытындымен қатар жарты жылдық қорытынды жариялау тиіс. Барлық итальяндық есептілік жыл басы мен соңы периодтық кезең болып табылады. Есептілік лирде және 1999 жылдан бастап еврода да құрастырыла алады. Ұсақ өнеркәсіптер бухгалтелік балансты, кірістер мен шығыстар есептілігі және түсіндірме хатты орындау керек. Қызметінің бірінші жылында және кейінгі екі жылда активтері 3, 09 млрд лирдан, ал пайдасы 6, 18 млрд лирдан аспайтын, қызметкерлер саны 50 адам құрайтын кәсіпорын ұсақ деп саналады.
Бағалаудың негізінде өзіндік құн принципі жатыр. Айналымдағы емес активтерді бағалау тек заң өкілдерінің рұқсатымен ғана орындалады. Екі соңғы қайта бағалау 1990 және 1991 жылдары өткізілді.
Итальяндық заңнамаға сәйкес компания жариялаған акционерлік капиталдың он пайыздан артық иемденбеуі тиіс. Бұл акцияларға дивиденттер төленбейді, ал дауыс беру құқығы акциялардың басқа иемденушісі пайда болмағанға дейін сақталады. Есептілікте оларды сатып алу бағасымен көрсетеді. Бұл бухгалтерлік тәжірибеде үмітсіз қаыздар үшін резерв жасау маңызды орын алады. Италияда жыл сайын ондай резерв үшін дебиторлық қарыздың 0, 5 пайыз жатқызуға болады, резерв көлемі 5 пайызға жеткенде оны ары қарай үлкейтуге тиым салынады. Үмітсіз қарыз осы резерв есебінен шегеріледі.
Қаржылық нәтижелердің есептілігін қалыптастыруда ерекше рөльді заң талаптарын сақтау болып табылады, себебі тек сол мәліметтер бойынша итальяндық компаниялардан төленетін салықтардың мөлшері анықталады. Соңғы оңжылдық итальяндық есептілік үшін маңызды өзгертулер болды.
Сондықтан италияндық бухгалтерлер, біздікілер сияқты, өздерінің жұмыстарында ең біріншіден салық заңнамасына сәйкес бағытталады.
Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептіліктің жағдайы және Италиядағы қаржылық есептілікпен салыстыру
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы оңжылдықта болған шапшаң өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде елдердін қолданылатын тәсілдерін айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде еңкейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Қаржылық есептіліктік халықаралық стандарттарының біріңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құның және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Биржаларда акциялары бағаланатын Еуропалық Одақтың барлық компаниялары 2005 жылдан бастап ХҚЕС-ке сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік жасауға міндетті [3] .
Қазіргі кезде қаржылық есептілік Италияда үлкен өзгерістерге тап болды. Қазақстан Республикасында да бухгалтерлік ақпаратты ашу, негізгі бухгалтерлік нормалардың құрамы мен толықтығы жайлы жаңа заң талаптары енгізілуде.
Салтты қаржылық есептілік ұлттық заңнамасына сәйкес орындалатындықтан, заң авторлары ұлттық есепті халықаралық стандарттарға, ЕО Дерективтеріне және қазіргі замаңғы бизнеске жақындатуға талпынады, ал Қазақстан ХҚЕС талаптарына сәйкес қаржылық есептемені дайындайды.
Италияда нақты және шынайы ақпарат алу сұранысын жоғарлатуға жағдай жасайды: 1) ірі итальяндық концерндерде болатын жекешелендіру процестері; 2) мөлшері бойынша орташа коммерциялық кәсіпорындар акциялары сатылатын аймақтық биржаларды қалыптастыру.
Ашық және шынайы ақпаратты алуға қызығушылығы бар акционерлер санының өсуі жақын болашақта итальяндық бухгалтерлік есепте үлкен өзгерістер алып келеді.
Қаржы министрінің орынбасары Әлихан Асханұлы Смайыловтың берген сұхбатында - Шетелде бухгалтерлік есеп саласы мемлекет тарапынан мейілінше аз бақылауға алынатын, іс жүзінде өзін-өзі реттеп отыратын сала болып табылады. Бірақ бухгалтерлік қауымдастықтағы қазіргі бар салғырттық жағдайында мемлекеттің және кәсіби қауымдастықтың бірлескен күш-жігерінсіз жүйенің батыстағыдай дамуы жүзеге асады деп күту ағаттық болар еді. Заңға қосымша енгізіліп жатқан өзгертулер де кәсіби ұйымдардың рөлін күшейтуге бағытталған. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесіне заңдық деңгейде Консультативтік органды қосу жоспарланып отыр, оның құрамына бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы кәсіби ұйымдардың өкілдері кіретін болады. Орган ҚЕХС-ті Қазақстан Республикасында қолдануға болатындығына талдау жасау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, яғни кәсіби қауымдастықты заң шығарушылық қызметке тарту және мүдделі пайдаланушылардың ұсыныстарына есеп жүргізу тәрізді үлкен өкілеттіктерге ие болмақшы [4] .
Бухгалтерлік есеп пен аудит жүйелерін қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарға көшуі формасында әлемнің көптеген елдерімен бірегейлендіру Қазақстанның жаһандық экономикалық жүйеге одан әрі ықпалдасуындағы қосымша қадам болып табылады. Аталған саланы институттық жағынан қоса дамыту да саланы ықпалдастыққа сапалы көшірудің қажетті шарты болып саналады. Стратегиялық міндеттер мен оның даму бағыттарын анықтау мақсатында министрлік бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесінің орта мерзімдік тұжырымдамасын жасауды жоспарлады.
Жүзеге асырылып жатқан шаралар ҚЕХС-ті енгізуге ғана емес, сонымен қатар отандық бухгалтерлер мен компаниялардың бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Оның бәрі елдің экономикалық өркендеуіне, Қазақстанның егемендік рейтингінің көтерілуіне, қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті әрі ашық экономика ғана өркендеуші және ырғақты дамушы қоғамның негізі бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz