Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Құқықтың пайда болуы және құқықтық мемлекет ұғымы
1.1 Құқықтық
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
1.2 Құқықтың түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 13
2. Құқықтық мемлекет және адамның құқықтары
2.1 Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды
туындысы ... ... ... ... ... ... ..1 8
2.2 Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен
бостандығының
кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам және мемлекет
үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен
бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын
қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде
сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның
материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық және
әлеуметтік жағдайлар туғызады.
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы
сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.
Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар:
бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан
Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде
екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан
Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру
жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта
дамуының Конституциялық негiзi қаланды.
Қазіргі заманда құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы
ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі
негізгі ойды қалыптастырады. Құқық туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан
қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография,
оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Құқық – өте күрделі құбылыс. Оның бірнеше нысаны бар. Ал құқықтық
норма құқықтың алғашқы торшасы, бөлігі десек болар.
Құқықтық норма әр түрлі болады, бірақ құқықтық нормалар бір жүйеге
бірігіп құқықтық жүйе арқылы көрініс табуда.
Жаңа дәуір кезеңінде азаматтық қоғам қалыптасуының алғышарттары пайда
бола бастаған кезде құқықтың үш негізгі функциясы пайда болды. Біріншіден,
құқық адам қызмет етуінің еркін жағдайларын анықтайды. Оның өмірін, ар-
намысын, тұлғаның қол құспаушылығын қорғай отырып, тұлғаның дұрыс және жан-
жақты дамуына алғышарттар туғызады.
Екіншіден, құқық тұлға экономикалық қызметінің негіздерін бекітеді.
Үшіншіден, құқық тұлғаның қоғам өмірінде қатысуына мүмкіндіктер
береді. Жаңа дәуір кезеңінде тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымы қалыптаса
басталды, оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде – тұлғаның құқықтары мен
бостандықтары болды.
Адам құқықтары мен бостандықтары заң негізінде бекітілп мемлекетпен
қорғалынады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымының мазмұны әрбір нақты
мемлекеттегі құқықтық жағдайын көрсетеді.
Адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекетте ең жоғары құндылық болып танылады. Тұлғаның нақты мәртебесі оның
материалдық және рухани мүмкіндіктері мен міндеттерінде көрініс табады.
Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық
қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық
құрьлыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері - осы қоғамдық құбылыстардың саяси
жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси
жүйеде ерекше орын алады. Олар саяси жүйенің бір бөлігі бола тұра,
байланыстар мен қатынастардың жалпы құрылымы шеңберінде әрекет етеді,
өйткені жалпы жүйе мен қатынастар құрылымына бағытталған жүйе өз
белгілеріне нақты ықпал жасайды. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен
әдісі және тұлға, құқық және мемлекеті туралы түсінік беру.

1.1 Құқықтық мемлекет
Тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде
бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік)
мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе
дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар,
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін
орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған
жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық
мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
1. Құқықтар мммен міндеттер;
2. Заңды мүдделер;
3. Құқықсубъектіліік;
4. Азаматтық;
5. Заңды жауапкершілік;
6. Құқықтық қағидалар.
Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын,
құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын,
болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың
пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары. Құқық тек
заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте
қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі
нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда
мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде
өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар,
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік
органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау ,
олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері
т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-
құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық
теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке – дара болып бөлінеді.
Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конститкуцяда
бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.
Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының ( студентердің,
соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының
ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке – дара мәртебе жекелеген тұлғаның
ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді
және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын
барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық
көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды,
әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес,
сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз
етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.
Құқықтық мемлекеттің жәй мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады:
1. Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте
құқық үстемдігі танылады.
2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам
мемлекет әрекетін бақылап отырады.
3. Мемлекет өз тарапынан азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға
толық кепілдік бермесе, құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен
бостандықтары шынайы қорғалады.
Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге болады:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық
қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру.
Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық жағы.
2. Мемлекеттік билікті құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік
құрылымдар үшін шектеу құқықтық режимін қалыптастыру (формальді заңды
жағы).
Құқықтық мемлекет функцияларын шартты түрде екіге бөліп қарастыруға
болады. Оның ішкі функцияларына:
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың тең
құқылығын және заңдылық негізінде қоғам мүддесін қамтамасыз ету;
- меншіктің әр түрлі нысандарын тең қорғау;
- монополизмді жоққа шығаратын нарықтық экономиканың дамуын
қамтамасыз ету;
- азаматтардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау;
- азаматтардың мүддесіне сай рухани құндылықтарды қорғау және
байыту.
Құқықтық мемлекеттің сыртқы функцияларына:
- бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрес функциясы;
- елді сыртқы басқыншылықтан қорғау;
- дүниежүзілік қауымдастық елдерімен экономикалық ынтымақтастық;
- басқа мемлекеттермен саяси ынтымақтастық;
- қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзге елдермен өзара
әрекеттестіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыру шаралары жатады.
Аталған функциялардың негізінде азаматтық қоғамның еркі жатады, олар
қатаң түрде қолданыстағы заңдарға және адам құқықтары бойынша халықаралық
актілерге сай, тиісті органдарда жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарымен және олардың теңдігімен санасады.
Сонымен, құқықтық мемлекет – заң жоғарылығына негізделген, оның
жалпыға міндетті еркін білдіретін және жүзеге асыратын, жалпыны қамтитын
қоғам ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерінің қатарына заң жоғарылығы
қағидасы жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік
орган, лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса
жеке тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Құқықтық мемлекеттің
негізгі белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық
кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара
жауапкершілігі қағидасын бекіту және үнемі қолдап отыру болып табылады.
Келесі бір негізгі қағида – мемлекеттік билікті тәуелсіз тармақтарға
бөлу болып табылады. Мемлекеттің дұрыс қызмет ету процесін қамтамасыз ету
үшін, онда бір-бірінен дербес, тәуелсіз билік тармақтары болуы қажет.
Олардың қатарына заң шығару билігі, атқару билігі және тәуелсіз сот билігі
жатады. Заң шығару билігі парламентке берілген, атқару билігі үкіметке, сот
билігі соттарға беріледі.
Биліктердің теңділігі халық егеменділігіне негізделеді. Оған сәйкес,
заң шығару билігі заңдар қабылдауға, атқару билігі олардың орындалуын
ұйымдастыруға, ал сот билігі заң шығарушы органмен қабылданған заңдарды
негізге ала отырып, құқық туралы дауларды шешуге тиісті.
Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары: заңдылық қағидасы,
мемлекеттік биліктің шектеулілігі, адам құқықтары мен бостандықтарының
ажырағысыздығы, саяси, идеологиялық және экономикалық плюрализмнің болуы
танылған.
Құқықтық мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер
төңірегінде сөз қозғағанда басым міндеттер қатарында материалдық және
идеалдық сипаттағы алғы шарттарды қарастыру қажет. Материалдық сипаттағы
қажетті алғы шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы, мемлекеттік
билікті жіктеу, мемлекетте құқықтың (заңдардың) үстемдік құруы, адам және
азамат құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады.
Құқықтық мемлекет қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын
болсақ, алдымен оның қоғам тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени
дәстүрлерді ұстанатын жерлерде пайда болатынын атауға болады. Егер
мәдениет, құқық, демократия, заңдылық әрбір жеке тұлғаның ішкі құндылығына
айналмайтын болса, онда құқықтық мемлекет туралы ойлар да негізсіз болады.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті
өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден,
құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,
әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім
алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың
да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда құқық
түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалық) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құықтық
мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құықтық қатынастарға қатысатын
тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық
қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі
жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа
қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша
айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқықтық міндет те болады. Мысалы, әр
азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға
түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу
бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие
болуға қақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланды. Сонымен қатар, өз
мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі
керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституция- сында былай деп
жазылған: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық
болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субъективтік құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген құқық
тұлғасының заңды мүддесін орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген
міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге
асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда)
қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, құқық дегеніміз – құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның
құқығы туралы Конституцияда былай делінген: Қазақстан Республикасында
қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де
нормативтік-құқықтық актілердің, Республика- ның халықаралық шарттық және
өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің
және Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы – өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық
құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға
байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтайды. Мұның өзі құқықтың өте
күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы – оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар берілсе,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып,
бірыңғай болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келеді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық – үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске
шығармайды. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан
түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан ашық тек
құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сататын мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге
телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай
қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін
білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан
мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік
тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан
Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да
болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық
жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік
топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған.
1.2 Құқықтың түсінігі мен мәні
Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке
келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық
нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың
күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен
қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;
- жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті
нәтижесінде құрылады.
- субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі
адамдармен байланысты;
Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық,
әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.
Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық
туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр
түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар
үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы
адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық
факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген
әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың
жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік
нормалар.
Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен
жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық,
теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.
Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай
отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні
мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ
құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың,
көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын
болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен
ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық -
қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.
Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен
ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті
факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар.
Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап,
өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі
анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат
тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық
жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-
келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас
түсінігі болуы қажет.
Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар
да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің
заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып
тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың
функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген
халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және
бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету
шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын,
құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім
құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.
Құқыққа мынандай белгілер тән:
-еріктілік сипаты болады;
-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;
-нормативтілік;
-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;
-жүйелілік;
-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.
Құқық термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып
қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші
мағынасында құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын
барлық құқықтық ережелердің жиынтығы, ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз
жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс
табуы.
Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.
1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың
заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар
жүйесі ролін атқарады.
2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының
арасындағы келістіруші ролін атқарады.
Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп
қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни,
ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық
мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік,
әлеуметтік теориялар бар.
Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:
• нормативистік;
• әлеуметтік юриспруденция;
• табиғи құқық теориясы;
• философиялық құқықтүсінушілік.
Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық
сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі;
мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан
мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды
өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)
Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және
бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде
танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік
шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының
жиынтығы.(Ромашов А.И.)
Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз
етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай
түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай
қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.
Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан
бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz