Жеке тұлға, құқық және мемлекет



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Евразия академиясы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Жеке тұлға, құқық және мемлекет

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
1.1. Мемлекет пен құқық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2. Мемлекет пен құқықтың ара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Мемлекеттің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15
2 бөлім. Тұлға, құқық және мемлекеті
2.1. Құқықтық
мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..17
2.2. Құқықтың түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20
2.3. Құқық және жеке
тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке
адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік
мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке
тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа,
қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет.
Олар адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін
экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы
сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.
Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар:
бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан
Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде
екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан
Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру
жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта
дамуының Конституциялық негiзi қаланды.
Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы құқықтың
сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе. Кәзіргі таңда
қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика мен
мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі, жеке
тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды дамыту
шарты.
Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы
әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін
әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы
жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз
орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше.
Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық
қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық
құрьлыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің
төрікіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал
мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске
сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас
күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың мақсаты - осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде
өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде
ерекше орын алады. Олар саяси жүйенің бір бөлігі бола тұра, байланыстар мен
қатынастардың жалпы құрылымы шеңберінде әрекет етеді, өйткені жалпы жүйе
мен қатынастар құрылымына бағытталған жүйе өз белгілеріне нақты ықпал
жасайды.
Курстық жұмыстың міндеті – Мемлекет және құқық теориясының пәні мен
әдісі және тұлға, құқық және мемлекеті туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізіменен тұрады.

1 бөлім. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
1.1. Мемлекет пен құқық теориясы
Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын,
құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын,
болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың
пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.
Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған
шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын
білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін
мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы
заңдылықтары құрайды.
Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық
теориясына мынандай сипат беруімізге болады:
а) мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық
өмірдің анықталған бөлігі – мемлекет пен құқықты зерттейді;
ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен,
құқықтық ғылым;
б) барлық құқықтық ғылымдарға қатысты жалпы мәселелерді
зерттейтіндіктен, жалпы теориялық құқықтық ғылым;
в) тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты
қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;
г) салалық заң ғылымдарымен өзара байланысты бағыт беруші,
әдістемелік мәндегі ғылым;
д) құқықтық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол мемлекеттік-
құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық
түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.

Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін білу үшін
зерттелетін ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық ғылымдармен байланысын
қарастыруымыз қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен
құқық тек мемлекет пен құқық теориясының ғана емес, басқа да философия,
экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика
тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектілеріне жатады.
Мемлекет пен құқық теориясы мен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы
байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады. Біріншіден,
мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезінде басқа әлеуметтік
шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу
кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде
қолданылады. Екіншіден, құқықтық шынайылық басқа құбылыстармен байланысып
жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени,
саяси және тағы басқалар зерттеу заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет
пен құқық теориясының көмегінсіз толық бола алмайды.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа қоғамдық ғылымдармен
байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық
теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан,
қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді.
Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан
шығады.
Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық
шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық
құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше
топтарға жіктеуге болады.
Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса
маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік -
құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен
құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін
қарастырады.
Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық,
әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және
тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.
Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот
психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін,
құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.
Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны
ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың
ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты,
айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық
нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана
отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының
жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.
Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы
тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет
етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық
заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль
атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр
алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет
және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз
байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.
Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады.
Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер,
ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу
әдістері екі үлкен топтан құралады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері
- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.
Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын
жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған
философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми
зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.
Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін
қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің
деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.
- Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде
қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында
бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады.
Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы
субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет
жинауға болады.
Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі –
логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң
ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады.
Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді
талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған
бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.
Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік,
функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.
Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың
қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге,
салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік
бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.
Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне,
фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.
үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің
мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік
тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп
зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды
салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі
әдіспен зерттеу жүргізу.
Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық
теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және
құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің
пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және
мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі
мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында
құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары
және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас,
құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және
тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.
Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заңгердің заңдық дүниетанымы
мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ролі.
Отандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.
1.2. Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған.
Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық
қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып
ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда
болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде
қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының
пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа
ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің
ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып,
дербес жүзеге асырады деген сөз.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл
жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір
дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен
иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.
4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар,
нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп
отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін
қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік
дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл
иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың
мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік
мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм
ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен:
құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың,
езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар.
Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы
бірдей бастан өткерген жоқ.
Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және
жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи
сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан
айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция
жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам
астам уақыт өиір сүрді.
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың:
құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық
ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады.
Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік
актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып
табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік
актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана
тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және
қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық
актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға
нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент –
нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер –
нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер
т.б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып
жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік
мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген
мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін
мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу
жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы,
денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз –
мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық,
ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір
адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес,
бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек,
құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың
ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде
маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар
арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-
бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру
жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік
құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады.
Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда
болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да
тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі
шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу,
айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана
хатталуға тиіс.
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік
органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау ,
олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері
т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек
қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз
етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын
саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы
белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық
нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың
т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар
туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге
тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау
үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес.
Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда,
құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық
нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап
отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен
құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Бірінші – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда
артықшылығын таниды,құқық мемлекттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде
қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи – құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және
құқықтың мемлекетке артықшылығын бекітті.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мынадан көрінеді:
1. Құқықшығармашылық қызметі жүзеге асырудан. Тура мағнада бұл мемлееттің
құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді.
2. тікелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің
санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің
мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялаумен сипатталады.
3. іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс – тұрысты заңды
міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай
қалыптасады.
4. құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың
мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес.
5. мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді.
6. мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни,
қоғамдық қатынастардың қатысушылардын құқыққа сәйкес әрекет жасауға
міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрінс табады:
1. құқық мемлекеттің халықпен, жекеленген тұлғамен өзара қарым-
қатынастарына әсер етеді;
2. құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және
мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;
3. құқық арқылы мемлекеттің қызметтерінің шектеріғ азаматтардың жеке
өміріне араласудың шектері анықталады;
4. құқық ұлттарының ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы
мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым- қатынасына әсерін тигізеді;
5. құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүрізу
мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылымелекеттің халық алдындағы
жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;
6. құқық басқа мемлекеттермен , жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс
тілі рөлін атқарады.
1.3. Мемлекеттің пайда болуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және
онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған
өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей
тең негізде бөлінген.
Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық
байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне
негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. тайпа көсемін
сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.
Оның негізгі белгілері: а) әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып,
оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;
ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі
басқару бастамасында құрылады;
б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде
билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар
танылады.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз адамдардың күнделікті тұрмыс-
тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық
негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-
құлық ережесі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген
нормалардың белгілері:
а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни
тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған
әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір
сүрген;
б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу
(рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын
мынадай негізгі белгілері:
1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы.
Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық
сипатында
2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.
3. Тұрғындардан салықтарды жинау
4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.
5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.
6.Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына
байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық
ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз
мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.
Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару
құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде.
Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт
ретінде.
Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-
құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық
теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.
Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және
өзгелер.
Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси,
құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік
және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік
егемендік. ¦лт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы.
Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда
мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.

2 бөлім. Тұлға, құқық және мемлекеті
2.1. Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын
барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық
көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды,
әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес,
сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз
етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.
Құқықтық мемлекеттің жәй мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады:
1. Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық
үстемдігі танылады, 2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте
азаматтық қоғам мемлекет әрекетін бақылап отырады, 3. Мемлекет өз тарапынан
азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға толық кепілдік бермесе,
құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары шынайы қорғалады.

Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге болады:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық
қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру.
Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық жағы.
2. Мемлекеттік билікті құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік
құрылымдар үшін шектеу құқықтық режимін қалыптастыру (формальді заңды
жағы).
Құқықтық мемлекет функцияларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға туралы ұғым. Заңды тұлға
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Тұлға туралы ұғым жеке тұлға және заңды тұлға түсінігі.
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Жеке тұлғаларадың халықаралық құқықтық субектілері
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Мемлекет - aзaмaттық құқықтың субъектiсi pетiнде
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершіліктері
Пәндер