Желілік адаптер және оны баптау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Желілік адаптер және оны баптау»

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2012


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Желі туралы жалпы ұғым

1. 1. Жергілікті желінің қызметі . . . 5

1. 2. Компьютерлік желілер және олардың түрлері мен қызметі . . . 7

1. 3. Желілік техникалық құралдар . . . 11

1. 3. Компьютерлердің желіде ортақ қатынас құруды ұйымдастыру . . . 19

2. Желілік адаптер және оны баптау

2. 1. Желілік адаптер платасының тағайындалуы . . . 21

2. 2. Желілік адаптердің параметрлері және мәліметтерді

беруді іске асыруы . . . 23

2. 3. Желілік адаптердің арнайы платасы . . . 28

2. 4. Желілік адаптерді орнату және баптау . . . 30

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33


Кіріспе

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.

Жергілікті желі - саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Ақпарат - желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок - желілк адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.

Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Барлық серверлердің программалық жабдықтары бір-біріне сәйке келмегенімен олардың барлығы TCP/IP стандартты хаттамасын қолданады. TCP/IP хаттамасы шын мәнінде бір емес екі хаттама. Біріншісі TCP хаттамасы ақпараттың дестелерге бөлініп, қайтадан толық құжат болып жинақталуын қамтамасыз етеді. Екінші IP хаттама - осы дестелердің желі арқылы берілуі мен олардың адресатқа жетуін басқарады. Сервер қай компьютердің жақын немесе қашық екендігін адрестің төрт байты бойынша анықтайды, мысалы 198. 137. 240. 100. Адрестің мұндай түрде жазылуы IP - адрес деп аталады. Мұндай адрес компьютерге ыңғайлы болғанмен, адам үшін есте сақтауға қиын. Интернет желісі - бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қаматамасыз ететін желілер жиынтығы. Интернет - адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет - компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желілік адаптер - Сетевой адаптер (Network Interface Card, NIC) - компьютерді желіге қосатын, компьютердің ішінде орнатылған аппараттық жасақтама.

Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.

Желiлiк адаптер - компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін құрылғы.

Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тарату жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.

Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі заманғы компьютер желілерінің бағдарламалық құралдарын және аппараттарының жұмыс негіздерін игеру, компьютерлік телекоммуникацияға қосылу әдістерін жетік меңгеру, алынған білімдерді өмірде қолданудың негіздерін түсіну.

Курстық жұмыстың міндеті - ақпараттық компьютерлік желілермен, желілердің функциясы, архитектурасы және олардың пайдаланылу областары туралы түсінік беру.

1. Желі туралы жалпы ұғым

1. 1. Жергілікті желінің қызметі

Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады.

Бірнеше мысал келтірелік:

• Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту амалына саяды.

• Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады.

Жергілікті желі - бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы .

Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады.

Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы - шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады.

Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет.

Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.

Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу. Желідегі қай қалталарға ортақ қатынас құруға болатынын қарау үшін Жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесін екі рет шерту керек. Егер жұмыс үстелінде желілік орта белгішесі жоқ болса, Бастау - Желілік орта әрекеттер тізбегін орындаңыз.

Ашылған терезеде сол жақта Жұмыс тобының компьютерлерінің көрінісі тармағын таңдаңыз (5. 3-сурет) . Терезенің оң жағында желідегі компьютерлердің атаулары бар белгішелер көрінеді. Таңдап алынған компьютердің қор көздерін қарап шығу үшін оның белгішесін екі рет шерту қажет.

Желідегі компьютерді іздеу үшін мына әмірлерді қатарымен орындау қажет: Бастау - Іздеу - Компьютерлерді не адамдарды - Желідегі компьютерді. Іздеу жолына компьютердің атауын енгізу және Іздеу батырмасын басу керек.

1. 2. Компьютерлік желілер және олардың түрлері мен қызметі

Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымыды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде « 100-мегабитті технологияны . . . Желілік технологиялар . . . интернеттегі жанжал . . . интражелілер . . . » деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсындыру кезінде оқушылар желілерімен таныс емес тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.

Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмаймыз. «Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз», -деп өлеңде айтылатын сияқты . . . Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып өтейік.

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер, модем факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жйынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретәін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:

- желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

- олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

- желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желіні ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жеогілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

- құқжаттарды бірге пайдалану;

- құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қодлданбалы программалармен оңай байланысу;

- қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолдданбалы программаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету т. б.

Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен скөлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтықтармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

- электрондық пошта рақылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

- Интернетпен байланысу

Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыры( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама(протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар -компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар-компьютерлік желіә жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер- желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.

Протоколдар- желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе могистральға(кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларыныңбарлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайд(28. 1) .

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін- желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырад. Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп бпрлық жұмыс ст\анцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез келген бір жұмыс станциясыныңістен шығуы жалпы байланысты бұзады.

1. 3. Желілік техникалық құралдар

Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады :

Ақпараттық құралдар:

  • кабельдер;
  • серверлер;
  • желілік интерфейс тақшалар(NIC, Network Neterface Card) ;
  • концентраторлар;
  • айиақтық тармақталңан желілер үшін бағдарлауыштар (маршуртизаторлар) ;
  • аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
  • аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер;

Серверлер. Клиент\ сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютерлер болып табылады. Бұған қоса серверлерде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғылард(принтерлер тәрізді) да басқара алады.

Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Nerwork Operatibg System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас жүру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерлерге арналған желі тақшаларының көптеген түрлері бар. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор\демулятор» сөздерінің шыққан түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрленеді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:

- желілік операциялық жүйеден,

- желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.

Желілік операциялық жүйе(NOS, Nerwork Operating System) -желіге қосылғанәрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Олқелілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағвлап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауд(маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows NT, UNIX, Macintosh немесе OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орнласады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan Vines тәрізділер жатады.

Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің (TCO Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.

Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сиқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.

Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтырдың алдын алып отырады.

Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды. Желі администраторлары басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.

Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.

Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.

Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.

Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.

Егер компьютерлер саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кең тараған Windows 98 операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.

Мәліметтердің компьютерлерге тарылып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.

Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.

Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған - оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар:желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер т. б.

Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мына желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Компьютерлік желілер туралы ең негізгі ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер. Әдістемелік құрал
Компьютерлік желілер түсінігі
Компьютерлік желілер туралы түсінік
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. Оқулық
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Рұқсат етілген құпия деңгейі, рұқсат етілген пароль деңгейінен жоғарырақ
Ауқымды желілер
TCP/IP хаттамаларының жұмыс жасау негіздері
Компьютерлік жүйелер негіздері (Cisco) оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz