Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Мазмұны

І. Кіріспе бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

1.1 Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары туралы ұғым, жіктелуі ... ...13
2.2. Шаруаларды жемшөппен толық қамту технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың ерекшеліктері және мерзімдік
азық
рациондары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27
2.4. Жемшөптің химиялық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .35
І. Кіріспе бөлім
Жануарлардың өнімділігінің 60% оларды азықтандыруда, оның
теңгерімділігінен, рациондағы қуат, ақуыз, минералдық заттар мен
дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады.
Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында
жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа
шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің
бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл
аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын
өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент
пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық
активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион
жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни
рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы,
температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын
өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды
мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы
азықтың оптимальды қатынасы қажет.
Азықтандырудың талдап жасалған нормасында азықтың қоректілік көрсеткіші
ретінде алмасу энергиясы МДЖ немесе азық өлшемін қолданады. Малдың
азықтандырылуын бақылау үшін рациондағы азықтық құрғақ заттардың мөлшерін
де есептеу қажет.
Тәулігіне жейтін құрғақ заттың, соның ішінде көлемді азықтар
қосқандағы кұрғақ зат мөлшері берілген. Норма бойынша сауын сиырлар сүтейту
кезінде әр 100 кг тірілей салмағына 2,8 кг құрғақ зат жейді. Негізінде
ғылыми түрде жасалған рацион бойынша сауын сиырлардың сүтейту кезеңінде 3
килограмға дейін кұрғақ зат жеуге мүмкіндігі бар, одан кейінгі кезеңдері
бұл мөлшер азая бастайды. Сонымен бірге, сиырлардың кұрғақ қоректі заттарды
пайдалануы, рационының құрамы мен азықтың сапасына ғана емес, малдың
жасына, тірілей салмағына да байланысты болады.
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына
негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-
жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы
қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан
бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар,
қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан
тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен
қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін
жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық
қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық
мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы
және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп,
күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру
тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап
малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер
өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып
келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен,
алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына
байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы
жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік
заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары
жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.
Курстық жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудағы
жемшөптің маңызын көрсету. Мадардың азықтандыру ерекшеліктері туралы терең
білім алу.
Берілген мақсатқа жету барысында келесі міндеттер атқарылды:
1. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың ерекшеліктері туралы
түсінік беру;
2. Азықтандыру рациондарымен танысу.
3. Ауыл шаруашылық малдарына жемшөппен азықтандырудың ерекшелігімен
және құрамымен танысу.
3. Азықтандырудың ерекшеліктері туралы және азықтар туралы, азық
құрамындағы күкірт туралы мәліметтер берілді.

1.1 Әдебиетке шолу
А.А. Төреханов (1995) айтуынша,азықтағы қоректік заттар мал
организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші
көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына
бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары
ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар
энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау
керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне
байланысты басқа да қызметке жұмсалады. Қоректік заттардың маңызы мен
атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық,
карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын
болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын
микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол
микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық
жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын
толығырақ пайдаланады [1].
А. Б. Байжұманов (1987) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу
ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты
шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп,
түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып
берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті
әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан
кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық
таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45
минут, арпа мен басқа жемді 1-1,5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды
азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық
мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ
жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі
азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті
мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де
ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [2].
А. В. Ланина (1973) әдебиеттеріне суйенсек, рацион құрамына кіретін
азық топтарының оның жалпы көректілігіне (а.ө. не АЭ бойынша) пайыздық
қатынасы рацион құрылымын (структура рациона) айғақтайды. Рацион
құрылымындағы басым азық тобы не жеке-леген азық мал азықтандыру типін (тип
кормления) белгілейді. Азықтан-дыру типі шаруашылықтағы қалыптасқан жемшөп
қорына сәйкестендіріледі. Айталық, табиғи жайылымы кең, оты мол жерлерде
жайылымды азықтандыру типі (пастбищный тип кормления) қолданылса, жері
жыртылған, түрлі техникалық дақылдар өсіретін шаруашылықтарда олардың
азықтық қалдығымен азықтандыру типтерін қолданады. Соған орай сүрлемді
(силосный), картопты-жемді (картофельно-концен-тратный), тамыржемісті-жемді
(корнеплодно-концентратный), бардалы, жомды, т.с.с. азықтандыру типтерін
ажыратады.Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңіріне ғылыми-зерттеу
орталықтары мал түлігіне жергілікті жемшөп қорына негізделген типтік
азықтандыру рациондарын ұсынады [3].
А.П.Колащников (1985) мағлұматы бойынша азыктағы қоректік заттарға мал
тіршілігіне қажетті барлық қосындылар жатады. Азық құрамын зерттегенде олар
организмде атқаратын фи-зиологиялық-биохимиялық қызметі бойынша
топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз. Олардың ішінде негізгі
қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни ыдырағанда, энергия (жылу)
бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі жасунық пен азотсыз экстрактивті
заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл қосындылардың ыдырап, алмасуға
қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық минералды және биологиялық әсерлі
қосындыларын да қоректік заттарға жатқызады.Организмдегі бүкіл зат алмасуы
судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да суды да тіршілікте маңызы зор қоректік
заттар қатарына жатқызуға болады. Пішенге кептірілген шөп ылғалдылығы 15-
17%-дан аспай ол шы-рынды балаусадан қатайған ірі (трубый) азыққа айналады.
Дұрыс сақталуы үшін дән ылғалдылығы да осы көлемнен аспауға тиіс. Көкшөп
шырынын қыста да сақтау үшін дайындауға кептірмей, шабылғаннан кейін бірден
салынған сүрлем ылғалдылығы 70-75%, ал жартылай дегдітіп салған пішендеме
ылғалдылығы 45-55% деңгейінде болады. Азықтық тамыртүйнектер ылғалдылығы 80-
90% болады [4].
А.Дәрібаев, Ж.С.Әткешов мағлұматына сүйенсек – қойларды жазғы және
қысқы жайылымдыққа күтіп-бағуға мынадай міндеттер қойылады: табиғи және
жасанды азықты жайылымды тиісінше тиімді пайдалану, мал басының жақсы
қоңдылығына, оның жоғары төлдегіштігі мен жүн өнімділігіне қол жеткізу.
Республикамызда қой ұстайтын жайылымдық жерлер көлемі көптеп саналады. Өріс
оты мол құрғақ жоталар учаскелері қойды жайып бағуғу өте қолайлы. Еліміздің
оңтүстігі және оңтүстік-шығысында көпжылдық жоңышқа, бетеге, қоңырбас,
еркекшөп, әртүрлі жусандар кездеседі. Жусан өсімдігі қойдың асқазан-ішек
жолдарының гельминттен арылуына ықпал етеді. Оның үстіне ащы жусанның
бойында мыс, кобальт, марганец, магнийй, фосфор, кальций және басқа да
организмнің қалыпты қызметіне қажетті минералды элементтер бар. Жайылымдық
оты жұпыны, құрғақ далалы аудандарда қойға арнап пішеннен сүрлем
дайындауға болады. Жұғымдылығы нашар шөптер өсетін ойпатты, батпақты
учаскелерде малдың ауруға шалдығуына себеп болатын түрлі шөптер өседі.
Мұндай өріс қой жаюға жарамайды. Қойларды жайылымда күтіп-бағу шығарар
алдында тұяқтарының өскен жерлерін қияды, көздері мен құйрығының
төңірегіндегі жүнді қырқады. Өріске айдар алдында қойларды ірі азықпен
азықтандырады,ас тұзын беріп суарады. Бұл іш өтудің алдын алу үшін қажет,
өйткені оның ұзаққа созылуынан қозылар мен еркек қойлардың тірілей
массасы азайып, жүні былғанады [5].
Богданов Г.А. (1990) мағлұматы бойынша, құрғак жемді мал қорасындағы
ауаны тозаңдатып, микробтық ластануын, ал ылғалды азық - ауа ылғалдылығын
жоғарылататынын ескеру қажет. Және де берілетін азықтардың белгіленген
тәртіппен таратып, тәртібінің бұзылмауын сақтаған жөн. Азыктандыру
тәртібінің бұзылуы стресстік фактор ретінде әсер етіп, мал өнімділігін
төмендетеді, өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын ұлғайтады.Жаңа азықты да
біртіндеп енгізіп, малды үйрету керек. Бүған әсіресе буаз малдың;
азықтандыруында абай болу керек. Дұрыс қолданылмаған азық тіпті іш
тастатып, ал төлді емізетін бастардың сүт кұрамы өзгертіліп, сол арқылы
төлді тышқақтатуы мүмкін. Жана азыққа және де қысқы азықтан жазғы азыққа
малдың біртіндеп, 10—15 күнде үйрету кажет. Бұрынғы азықтарды бірте-бірте
азайтып, орнына жаңа азықты көбейтеді.Малдың азықтануына сыртқы орта
температурасы да әсер етеді. Ыстықта малдың ас қорыту сөлдері аз шығып,
ондағы ферменттер азаяды, ас корыту жолының жиырылуы бұзылып, қорытылымы
төмендейді. Мұндай кұбылыстар сыртқы ауасында көмірқышқыл газы, аммиак көп
жиналғанда орын алады [6].
Боярский Л.Г. (2001) дерегіне сүйенсек, мал азығына жұмсалатын жемшөп
пен азықтык қосындылардың химиялык, құрамы алуан түрлі болып келеді.Мал
организмі күрделі биологиялық құрылым болғандықтан, ондағы қоректену
барысында өтетін өзгерістерді, әрине мұндай қарапайым кесте мен бейнелеуге
келмейді. Ол өзгерістер сан-алуан болғандықтан, бір жағынан, бір-бірімен
тығыз байланыста, ал екінші жағынан, бір-біріне тәуелдіде бір-біріне ықпал
етіп өтеді. Сол секілді жемшөп көмірсулары энергияға айналуымен қатар
кейбір қосындылар құрылымына да кіреді. Ал жекелеген минералды элементтер
көптеген кұрылымдар құрамына (кальций мен магний - сүйектің, фосфор
-аденозинфосфатты қышқылдардың, темір-гемоглобиннің,
кобальт-цианкобаламиннің, йод-тироксиннің, т. с. с.) тікелей кіруімен қатар
организмдегі қышқыл-сілтілік қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды
калыптастыруға қатысады, микроэлементтер ферменттер функциясын
әсерлендіретін коферменттер құрамына кіреді. Өте аз мөлшерде болатын
витаминдер зат алмасуының барлық қырын ретгестіру арқылы организм тіршілігі
мен өнімділігіне ықпал етеді [7].
Дурст Л., Виттман М. (2003) айтуынша, биологиялык маңызы анықталған
биогендік элементтердін 99,95%-ын көміртегі, сутегі, оттегі, азот, кальций,
фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец,
кобальт, йод, селен, молибден мен вольфрам қүрайды. Бұлардың 98,5%
көлеміндегі басым бөлігі алғашқы 6 элементтің, оның ішіңде, 98,0%
органогендік 4 элемент -оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%) мен
азот үлесіне тиеді.Азық органикалық заты азотты және азотсыз қосындылардан
тұрады. Барлық азотты қосындылар шикі протеин аталып, көппептидті
белоктық заттармен қоса азықтағы одан тыс кездесетін азотты қосындыларды,
атап айтқанда әлі пептидтік қосындыларға енбеген жекелеген аминқыш-
қылдарын, аммоний тұздары мен нитрат, нитриттерді біріктіреді. Соңғы-ларын
қысқартып амидтер деп атайды.Азық үлесіндегі жалпы азотты аммиакқа дейін
күшті күкірт қышқылымен ыдыратып барып байлайтын Кельлал тәсілімен
анықтайды да, протеинде орташа есеппен 16% азот болғандықтан 100:16=6,25
коэффициентіне көбейту арқылы протеинге айналдырады. Бірақ пептидтердегі
азот мөлшері 15,0-18,4% аралығында ауытқитындықтан, дәлірек есептеу үшін
бидай, қара бидай, сұлы мен арпа азотын - 5,83-ке, күнжара мен майлы
дәндердікін - 5,9-ға, жүгері, бұршақ тұқымдастар дәні мен ет, жұмыртқанікін
- 6,25-ке, сүттікін 6,38-ге көбейтеді[8].
Е. Ф. Лискун (1979) зертеуіне қарағанда рганизмдегі судың басым бөлігі
физикалық-химиялық тұрғыдан бос су (алғашқы ылғал) түріндегі еріткіштер
болып келеді де, қалғаны кол-лиодтарда белокпен, ал жасушада гидраттанған
иондармен және молеку-лааралық байланған су (гигроскоптік ылғал) түрінде
болады [9].
Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин
А.И., Таджиев К.П. (2005) айқанына көз жугіртсек, төлді жалпы қоректілігі
0,50-0,55 кг азық өлщемі және 50-60 г қорытылатын протеин болатын,
тәулігіне бір басқа мөлшері 600-1000 г түйіршіктелген азық қоспасымен үстеп
азықтандыру, ұрғашы тоқтылардың бір жаста тірілей массасынан 38-40
киллограмға, ал еркек тоқтылардың массасын 50 киллограмға жеткізуге
мүмкіндік береді. Қаракөл шаруашылығында елтірінің құндылығы шамалы
қозыларды да, оларды сол туған жылы етке өткізіп жібереді. Енелерінен
бөлінгеннен кейін мұндай төлдерді жетілдіріп, өсіріп бордақылау үшін жеке
топтарға бөліп, мамандандырылған бригадалар мен комплекстерде ұстайды.
Түнде жаюды және қосымша азықтандыруды ұйымдастыру тоқтыларды сегіз
айлығында тірілей салмағын 45 киллограмға жеткізіп, етке тапсыруға
мүмкіндік береді [10].
И. А. Чижик (1979) жазғанына қарасақ, буаз саулықтар жайылым шөбі
есебінен қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты толық рационды
түйіршіктелген азық қоспасы мен қосымша азықтандыру мөлшері тәулігіне 1
басқа 600-1100 болуы тиіс. Бұл қойлардың өнімділігін 15-22 пайыз арттырып,
қаракөл сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді. Қаракөл саулықтарының рационы
олардың буаздығының барлық кезеңінде де толық құнды болуы керек. Қаракөл
саулықтарының сүттілігі бірсыпыра жоғары болып келеді. Қозы 3,5-4 айда 115
киллограмға дейін сүт емеді. Сүтейген соң жиырмасыншы күні саулықтың сүті
ең көп шығады да, содан соң бірте –бірте азая береді. 65 – ші күні
саулықтардан сүттің жалпы мөлшерінен 80 пайызына дейін шығын болады.
Қаракөл шаруашылығында емізетін саулықтардың әдетте бір ғана қозысы болады.
Оның өсуі мен дамуы алғашқы айларда енесінің сүттілігіне толық байланысты.
Саулықтарды әдетте көк шөп шығатын кезде қоздатуға тырысады. Сондықтан
қозылары еміп жүрген саулықтардың жайылымды тиімді түрде пайдалануына қатты
көңіл бөледі. Мұның өзінде сақмандар құруының ерекше маңызы бар.Саулықтар
ерте көктемде қоздап, көктем кешігіп шыққанда, сондай –ақ ауа райы қолайсыз
болған жағдайда қозысы еміп жүрген саулықтарды қосымша азықтандыру қажет
болады. Мұндайда қозысынан бөлек жайылған саулықтардан жақсы нәтижелер
алынады. Оларды шалғай бөліктерге апарып жаюға болады [11].
К. Ж. Каримов А. Ә. Төреханов Ш. Д. Даленов Н. Ә. Жазылбеков (2005)
Калашников А.П. (1985) пікірінше, Қаракөл қойын күтіп - бағу мен
азықтандыру табиғи жемшөпті пайдалануға негізделеді. Шөл жайылымдары
пайдалану жүйесі жекелеген массивтерді жыл маусымына қарай алмастырылып
пайдалануға мүмкіндік береді. Қаракөл щаруашылығында маусымдық жайылымдар
негізінен үш түрге бөлінеді: көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдар. Кейбір
аймақтар үшін жыл он екі ай бойы пайдаланылатын жайылымдар да
болады.Жайылымдарды тиімді пайдаланудың аса маңызыды жолдарының бірі
шаруашылықтың территориясында суаттарды біркелкі орналастыру болып
табылады.Біз табиғи жайылымдардың молдығына үйреніп кеттік. Қаракөл
шаруашылығында өнім өндіру үшін қажетті қоректің ең арзан көзі ретінде ол
жайылымдарды пайдалану жайлы көп жазылып та жүр. Алайда ол резервтерді
шексіз деп есептеуге болмайды. Соңғы жылдары жайылымдардың жетіспейтіндігі
жайлы әңгіме бола бастады. Бұл алаңдатушылықтың әбден негізі бар [12].
Қ. Н. Бегімбетов, А. Ә. Төреханов, Ә. Б. Байжұманов (2006)
оқулықтарына тоқталсақ, жануарлардың қандай да бір тұқымын жетілдіру
барысында бір жетістікке жетумен қатар жаңа қиындықтар пайда болуын,
сонымен қатар іріктеу мен жұптаудың әдістерін жетілдіру және тереңдету
қажеттілігін селекцияның алдында тұрған үлкен сұраныс нұсқайды [13].
М. М. Лебедева (1974) айтуынша, басқа жануарларға қарағанда мегежіндер
азықтың толық құндылығыа көп талап қояды және көптеген азықтық заттардың
жетіспеушілігіне сезімтал болады. Мегежіндердің ас қорыту жүйесінде
микробтық белокты, аминқышқылдары мен В тобының витаминдерін синтездеу
жүрмейді. Сондықтан мегежіндерге үнемі аминқышқылдары мен витаминдер
жетіспейді. Азықтық заттарға мұқтаждығы бойдақ мегежіндерде тірідей
салмағына, буаздарда – буаздық кезеңінде (алғашқы 84 және соңғы 30 күн ),
емізетін мегежіндерде торай санына байланысты болады. Бойдақ және буаз
мегежіндердің 100кг тірідей салмағына 1,2-1,7 азықтық бірлік қажет.
Рационның бір азықтық бірлігіне оларға 100 г қорытылатын протеин, 5 г
лизин, 3 г метионин цистин, 8 г кальций, 7 г фосфор, 5 г ас тұзы, 10 мг
каротин, 500 М.Е.Д витамині сонымен қатар в тобының витаминдері мен
микроэлементтердің белгілі мөлшері [14].
Е.Демеуғалиев (2000) айтқанына қарасақ, торайлауға 10-15 күн қалғанда
құрамы азықтарды сұйылтып береді. Торайлауға 4-5 тәулік қалғанда
мегежіндердің рационын азайтады ( көлемді азықтар ), ал туатын күні 50
пайызға жеткізеді. Торайлау алдындағы соңғы күндері азықтандыру нормасын
екі еседей азайтып, рационға жеңіл азықтар қосады: бидай жармасы, арпа,
шрот. Торайланғаннан кейін алғашқы күндері мегежіндерді аздап
азықтандырады. Торайланғаннан кейін мегежіндерге жылы су береді, ал 10 – 12
сағаттан кейін құрамында бор ( 20-30 г ) және ас тұзы бар (20-30 г)
бидайдың ұнтағымен, сұлының жармасынан жасалған атала берген дұрыс. 5 – 6
сағат өткеннен кейін аналықты екінші рет азықтандырып тәулік нормасын бірте
– бірте береді, сөйтіп 5 – 7 тәулік арасында толық рационға жеткізеді [15].
Н.Омарқожаев (1995) мағлұматы бойынша жылқының ең құнды азықтандыру
жүйесі-ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем- шөптің сіңімділігі және тез
қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында
құрама жеммен, ал одан кейін тағы ірі шөппен азықтандырған пайдалы.
Денесінің ірілігіне қарамай қарынының сиымдылығы небәрі 14-16 л. көлемінде.
Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін азықтандыруға жұмсайды. Бұл әсіресе
қара жұмыс аттары үшін көңіл аударалық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей
жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы
жем-шөпті ауызымен мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып
жұтатындықтан, азықтандыруға ұзағырық уақыт жұмсайды. Жылқыны азықтандыру
кезінде ірі азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал енді
бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене
алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек
қатады, іштің бұрып ауруы мен метеоризм пайда болады [16].
А.Дәрібаев (1994) мағлұматы бойынша ұзақ эволюциялық даму барысында
түйе шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Оның организміндегі зат
алмасу процесі ерекше болып келуіне байланысты, ол азықты үнемді
пайдаланады. Түйе тыныштық жағдайда өзінің тірі салмағының әр бірлігіне
жылқыға қарағанда 38% төмен энергия жұмсайды. Сонымен қоса бордақылау
кезінде басқа малдармен салыстырғанда азықты аз жейді. Түйенің көк шөпке
деген күндік қажеттілігі жайылымның сапасына қарай орта есеппен 24- 27 кг
арасында болса, ол жиналған шөпке қажеттілігі 6- 12 кг аралығында. Тірі
салмағының 500 кг айналасындағы түйенің тәулік ішінде орта есеппен алғанда
рационының құндылығы 4 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Ал тірі салмағы
500- 600 кг асатын жұмысқа пайдаланылатын түйелердің азыққа деген тәуліктік
нормасы 8- 10 азықтық бірліктен кем болмауы керек. Сауылатын інгендерге 1
кг сүт түзілу үшін азықтың мөлшерін 0,7- 0,8 азықтық бірлікке көбейтеді
[17].
Ж.К. Кәрімов (1993) мағлұматына сүйенсек күзде және қыста түйелер
сораңмен және жусанмен, көктемде дәнді шөптермен, жусанмен, әртүрлі бір
жылдық өсімдіктермен қоректенеді. Әсіресе бұл кезде эфемерлі өсімдіктер
түйелер үшін аса құнды, бұл өсімдіктерді жеу арқасында олар қыстан кейін
тез салмақ қосады. Ал, жаздың ыстық күнінде эфемерлі мен дәнді шөптер
күйіп, олардың орнына шөлге төзімді түйелер сүйсініп жейтін өсімдктер
өседі. Күзде әртүрлі өсімдіктердің саны азайғанда түйелер сораңмен және
жусанмен азықтанып қысқа қарай май қорын жинайды. Түйелерлі міндетті түрде
тұзбен, бормен немесе сүйек ұнымен, әсіресе микроэлементтермен азықтандырып
отыру қажет. Түйелердің тағы бір ерекшелігі- олардың ас тұзына
қажеттілігінің жоғарылығы. Сондықтан да барлық рациондарға қысы- жазы
ересек малдарға тәулігіне ең азы 100 грамм тұз беріледі. Сор топырақты
жайылымдарда жайылатын және минералданған суды ішетін малдарға тұз
берілмейді. Түйе басқа малдар жемейтін өткір иісті өсімдіктерді азық
ретінде жақсы пайдаланады. Шөл және шөлейт жерлерде өсетін 290 түрлі
сораңдардың, жусаннан және басқа да өсімдіктерден түйе 161 түрін
пайдаланады. Қазақстан Республикасында түйелерге арналған қысқы жайылым-
қыстықтар негізінде құмды бархондарда орналасып, оларды қатты желден және
борандардан қорғайды [18].
Н.Омарқожаев (1993) деректерінде Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін
арттыру берік азық қорына негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа
қожалықтағы мал басының өсіп-жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы
ортаның ең күшті факторы қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде
жеткізілуі мүмкін емес. Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті
жем-шөп қорынан бастайды [19].
Менькин В.К. (2004) айтуына қарағанда Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы
азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, қолдағы бар азықты үнемді де
физиологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсай білу керек. Мал
организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік,
биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін жеткізіледі.
Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен
жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық мөлшері мен сапа-
сала тікелей байланысты келеді [20].
П. Н. Буйная, Р. В. Горбелик (1966) деректерінде Азық сапасы ең
алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға
жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық
биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет
[21].
Петрухин И.В. (1989) мәліметтері бойынша азық сапасы ең алдымен оның
химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен
айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын,
гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет [22].
Т.С. Садыкулов, А.Б. Байжұманов, К.Н. Бегімбетов (1998) деректерінде
Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан
құралатын қойдың қысқы рационында 25 – 30 пайыз шамасында қорытылатын
протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз
протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға
жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал
шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз [23].
Топорова Л.В. (2004) зерттеуінде шөптерінің түрлік құрамының
саналуандығы ас қорыту мен зат алмасу процестеріне ерекше әсер ететін,
малдың қолдануына қолайлы септігін тигізетін табиғи жайылымдарды дұрыс
пайдаланудың маңызы зор. Алайда, жайылымдардың түрлеріне байланысты мал жаю
мерзімдерін қатаң сақтау керек [24].
У.П.Гарригус (1957) мағлұматы бойынша мал азықтандырудағы ақуыз және
қуаттың келешегі зор көзіне рапс және оның қайта өңдеу өнімдері жатады.
Соңғы 30 жылда ауыл шаруашылығы дамыған көптеген елдерде осы дақылды өсіру
алаңдары кеңеюде. Ауылшаруашылығы дамыған елдерде рапс өсіру алаңын кеңейту
шаралары жүргізілуде. Соңғы 20 жылда тұқымды жинаудың жалпы көлемі екі есе
– 8 – ден 18,6 млн.т дейін жетті. Қазақстанның агроклимат жағдайы майлы
дақылдардың көп түрін өсіруге ықпал етеді. 2007 жылғы санақ бойынша майлы
дақылдардың ішінде күнбағыс өсіру кең тараған, ол өсіру алаңының 51,1 %
құрайды, одан мақта-20,6 %, рапс-12,5, мақсары – 7,9 %, қытайбұршақ – 4,8
%. Рапс өсіру алаңы бойынша күнбағыс пен мақтадан кейінгі үшінші орынды
иеленуде [25].
Хохрин С.Н. (2004) деректерінде қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек
зоотехникалық зерттеумен жүргізу жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі
құрамын ғана көрсетеді. Ал мал өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін
биохимиялық өзгерістерді мал организмінде жалғастырып, зат алмасуына
қажетті бағытта ықпал еткізуді кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы
және қорытылатын протеинді біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері
мен дисперсілігін, түрлі қызмет атқаратын топтарын анықтайды [26].
Шумилина И.С. (1986) зерттеуінде жемшөптегі құрылыстық және
энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін
зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар
оның игерімді түрі — бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-
ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де
басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау
керек.Әсіресе сүрлемдеу, пішендеме салу секілді азықтағы биохимиялық
өзгерістерге негізделген дайындау әдістерінде орын алатын құбылыстарды
зерттеп, оларды малға жегізгенде зат алмасуындағы метаболизмді қай жағына
жылжытатынын алдын ала болжап, мал физиологиялық жағдайы мен денсаулығын
қанының биохимиялық көрсеткіштері арқылы бақылайды [27].

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары туралы ұғым, жіктелуі
Мал азығына жануарларды қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіршілігі
мен өнім сапасына зиянсыз өсімдік пен жануар тектес өнімдер, түрлі
химиялық, микробиологиялық және минералдық қосындылар жатады. Мал азығын
түріне, қоректілігіне, физикалық жағдайына тағы басқа қасиеттеріне қарай
топтастырып жіктейді. Ең алдымен олар табиғи және жасанды болып бөлінеді.
Табиғи азықтар тегі бойынша өсімдік және жануар тектес болып бөлінеді.
Жасанды азықтарға химия өндірісінің және микробиологиялық түзудің өнімдері
кіреді.
Өсімдік тектес азықтар. Өсімдік тектес азықтар физикалық жағдайы мен
құрамында қоректік заттар шоғырлану дәрежесіне сәйкес аумақты және құнарлы
топқа бөлінеді. Аумақты азықтарға 1 кг құрғақ затында 0,5 кг – нан төмен
қорытылатын қоректік заттар шоғырланған, құрамында ылғалдылығы немесе
клетчаткасы мол азықтар жатады. 1кг құрғақ затының қуаттылығы 0,65 азық
өлшемімен, яғни, 7,1 мДЖ-ден аспайды. Соған қарамастан олар шаруашылық азық
қорының негізін құрастырады. Өйткені бұл топқа барлық көк ірі және шырынды
жемшөп кіреді.
Ірі азық құрғақ затында 19 пайыздан астам клетчатка болады. Оларға
барлық пішен түрлері: сабан, қырман қалдықтары жатады. Қырман қалдықтарында
қорытылмайтын заттар көп болғандықтан, малға берер алдында арнайы
дайындықтан өтеді.
Ылғалды (шырынды) азық құрамында 40 пайыздан астам ылғал болады.
Шырынды азықтарда бұл ылғал негізінен протоплазма және өсімдік сөлі
құрамында химиялық байланыста болады. Оларға көк балауса шөп, тамыр- түйнек
жемістілер, сүрлем, пішендеме, химилық жолмен сақталған көк азықтар кіреді.

Сулы азықтарға азықтарға техникалық өндіріс, атап айтқанда, крахмал,
спирт және қант өндірісінің қалдықтары жатады.
Химиялық құрамы бойынша құнарлы азықтағы көмірсутек немесе
энергетикалық (астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (бұршақ тұқымдастар
дәні, май өндірісінің қалдықтары) топқа бөлінеді.
Протеиндік құнарлы азықтарға жануар тектес азықтарды ет, ет-сүйек,
балық ұны және заводтарда түрлі азықтар қосындысынан құрастырылған құрама
жемді де жатқызуға болады.
Толық рационды құрама жемдер жан-жақты толықтырылған, мал мен құстың
қоректік мұқтаждығын толығымен қамтамасыз ететін түрде шығарылады.
Құнарлы құрама жемдер тек қана түрлі дәндер, минералды заттардан
құрастырылады. Олар жеке берілмей, малдың негізгі азықтарын толықтыратын
қосымша азық ретінде қолданылады. Сондықтан оларды рациондағы негізгі
азықтардың қоректілігін жоғарылату үшін пайдаланады.

Ақзатты – витаминді – минералды қосындылар азотты, витаминді,
минералды заттары мол арнайы дайындалған біркелкі қосындылар. Құрама жемге
немесе азықтарға қосып беріледі.
Премикстер – заводтарда витаминдер, микроэлементтер және басқа да
биологиялық әсерлі заттардан (антибиотик, ферменттер, гармондар) жасалатын
арнайы қосындылар. Жем салмағына 0,5-1,0 пайыз көлемінде қосылады.
Сонымен қатар өндірісте мал азығы ретінде қолдану үшін арнайы
протеиндік(карбамид) және амин қышқылдарының (азықтық ашытқы, синтетикалық
және микробтық препараттар т.б.) минералдық ас тұзы, (фосфаттар т.б.)
қосындылар шығарылады.
Жанур тектес азықтарды 3 топқа бөлуге болады 1.Сүт және сүт өнімдері
2.ет өндірісінің қалдықтары 3. Балық зауытының қалдықтары.
Шаруашылықта малға азық берер алдында оның сапасын анықтайды.
Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым,
органолептикалық тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін,
иісі, түрін, дұрыс сақталуын анықтайды. Өсімдік түріне байланысты анықтау
әдістерін қолданады.
Малды азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты – шаруашылықтағы мал
басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап оны толық қамтамасыз ететін жем –
шөп мөлшерін белгілеу. Организм қажеттілігі арнайы нормалық көрсеткіштер
арқылы белгіленіп, мұндай азықтандыруды нормалап азықтандыру деп атайды.
Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы құрылады.
Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және
өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек.
Қажеттілік мөлшерден аз немесе көп берілген зиян. Жемшөп нормадан аз
берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да,
төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі тежеледі. Ал, нормадан
көп берілсе, шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар
толық игерілмей, пайдасыз шығындалады.
Азықтандыру нормалары – малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық
жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген
организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса, оның
тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және
өнімділігі өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын енергия мен қоректік заттар
деңгейі ұлғайады.
Қазіргі кездегі азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын
қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар
мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.
Малды азықтандыру рационы деп, белгілі нормаға негізделіп,
құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады.Рационға енетін жекелеген азықтар мен
азықтар тобының көлемі мен ара қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік
ережелерге сәйкес, мал түлігінің асқорыту ерекшеліктерін ескеріп,
қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей
құрастырылады.
Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем шөбін
құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық болуы керек. Өйткені
азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі
басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы тиіс.
Түрлі азықтар белгілі бір ара қатынаста есептеліп жасалуы тиіс. Осы
азықтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік ара қатынасын
рацион құрылымы деп атайды. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион
құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады. Ол қалыптасқан жемшөп
қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына
пайдалану тиімділігіне байланысты болады.
Еліміздің әр табиғи-экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары
әр мал түріне және жыныстық, жастық. Өндірістік топтарына арналған типтік
рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық
(азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз
ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық
мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері
бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас
қорыту жолдарына сиятынын бақылайды.
Азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен
құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі
организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп,
өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда
айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық
қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі
функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке
жұмсалады.
Бірақ та олардың ішінде де бірқатар қоректік және биологиялық әсерлі
заттардың қоректенудегі тек өздері ғана атқара алатын функциясы болады.
Олардың зат алмасуындағы функциясы орны толмас, басқа қосындылармен
толықтырылмас, яғни ауыстырылмайтын (ауыспайтын) болғандықтан, оларды
ауыспайтын (незаменимые) азықтандыру факторларына жатқызады. Мысалы,
олардың қатарына полипептидтік белок тізбегінде тек өзіндік орны бар, басқа
азотты қосындылармен толықтырылмас ауыспайтын 10 аминқышқылы, тек өздері
атқаратын функциясы бар 3 май кышқылы жатады. Мұндай зат алмасуында өзіндік
орны толықтырылмайтын қосындылар міндетті түрде мал азығымен жеткізілуі
керек.
Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне
байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок
азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын
мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар
аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс
қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының
энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады.
Азыктағы қоректік заттарға мал тіршілігіне қажетті барлық қосынды-лар
жатады. Азық құрамын зерттегенде олар организмде атқаратын фи-зиологиялық-
биохимиялық қызметі бойынша топтастырылатынын жоғарыда айтқан болатынбыз.
Олардың ішінде негізгі қоректік заттар ретінде алмасу барысында, яғни
ыдырағанда, энергия (жылу) бөлетін шикі протеин, шикі май, шикі
жасунық пен азотсыз экстрактивті заттар тобы алынады. Сонымен қатар, бұл
қосындылардың ыдырап, алмасуға қатысуына қолайлы жағдай туғызатын азық
минералды және биологиялық әсерлі қосындыларын да қоректік заттарға
жатқызады.
Организмдегі бүкіл зат алмасуы судың қатысуымен өтеді. Сондықтан да
суды да тіршілікте маңызы зор қоректік заттар қатарына жатқызуға болады.
Су. Су немесе ылғал — өсімдік пен жануар тіршілігін сақтап, дұрыс өсіп-
жетіліп, өнім өндіруіндегі маңызы зор қосынды. Өсімдік пен мал денесіндегі
судың мөлшері жасына, физиологиялық жағдайына және басқа да факторларға
байланысты кең ауқымда өзгереді. Мысалы, жаңа көктеген балаусада 80—90%
ылғал болатын болса, өсе келе оның ылғалдылығы 50—60%-ға дейін кеміп,
өсімдік қатайып, шырынсызданады. Төл денесіндегі су 70—80% болса, сақа мал
денесіне 50—60% болады.
Пішенге кептірілген шөп ылғалдылығы 15—17%-дан аспай ол шы-рынды
балаусадан қатайған ірі (трубый) азыққа айналады. Дұрыс сақталуы үшін дән
ылғалдылығы да осы көлемнен аспауға тиіс. Көкшөп шырынын қыста да сақтау
үшін дайындауға кептірмей, шабылғаннан кейін бірден салынған сүрлем
ылғалдылығы 70—75%, ал жартылай дегдітіп салған пішендеме ылғалдылығы
45—55% деңгейінде болады. Азықтық тамыртүйнектер ылғалдылығы 80-90% болады.
Организмдегі судың басым бөлігі физикалық-химиялық тұрғыдан бос су
(алғашқы ылғал) түріндегі еріткіштер болып келеді де, қалғаны кол-лиодтарда
белокпен, ал жасушада гидраттанған иондармен және молеку-лааралық байланған
су (гигроскоптік ылғал) түрінде болады.
Протеин. Тіршілікке ең қажетті де маңызды қоректік зат тобы. Оны
атауынан да байқауға болады (грек тілінен аударғанда — алгашқы, бірінші).
Жануар денесі құрғақ затының - 45%-ын, ал кейбір мүшелерінің - 85%-ын
қүрайтын организмдегі негізгі құрылымдық қосынды. Өсімдіктерден бұл
деңгейге тек бүршақ түқымдастар дәніндегі протеин мөлшері жақындайды (соя
дәнінде — 35—45%). Өсімдік протеині, негізінен, дәнде, гүлде және
жапырақтарда жиналады. Гүлденген жоңышқа жапырағының құрғақ затында
жиналатын 24% протеин дәнде — 35%, ал сабағында 10% шамасында болады.
2.2. Шаруаларды жемшөппен толық қамту технологиясы
Жемшөп — малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар
өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді
қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, исіне, дайындау әдісіне, т.б. қарап
бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-
түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама
азық жатады. Жасыл азық (табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр
жемістілердің жапырақтары, т.б.) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын
құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т.б.) құрамында күйіс қайыратын малдың
асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Пішен — күйіс қайыратын
малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сәл кептірілген әр түрлі
шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп
ұны бұршақ және астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз
бен витаминге бай. Сүрлем — шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда
қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер (қызылша, сәбіз,
картоп, т.б.) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т.б.) барлық малға
береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дәнді
азыққа дәнді (арпа, сұлы, жүгері, т.б.) және бұршақ (бұршақ, жасымық, т.б.)
тұқымдас дақылдар жатады. Дәнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал,
бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын
өңдегенде, т.б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т.б.)
құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек
ұны, майы алынған сүт, т.б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды
заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды
азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары — ас тұзы, бор,
әктас, сүйек ұны, т.б.
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен
оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан
қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың
құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы
мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты.
Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар
дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
Азықтың санитарлық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу
жүргізіледі. Өңдеудің ең қарапайым түрі жем – шөпті дайындау барысында
кептіру, яғни қоректік заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған
микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем – шөпті сақтауға
негізінен кептіру жағдайда қышқыл орта орнатуды қолданады. Мұндай
өңдеуден өткен азықта саңырауқұлақ өсіп - өнбейді, олар микотоксин,
түзбейді. Дайындалған азықтың сапасын сақтаудың ең тиімді жолы оның
ылғалдылығын жоғарлатпау болып табылады. Егер ылғалдылығы жоғары болып
торшалық тыныстану толастамаса, қоректік заттар ыдырауынан пішеннің ішкі
қызуы 30-50 градус асып, онда микробиологиялық үрдіс өрістейді.
Кейбір шаруашылықтарда мал азығының консервілеу жүргізіледі. Ол
үшін мынандай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын,
бензол қышқылдарын және т.б. ерітінділері өндірісте жиі қолданылып келеді.
Әрбір консервантты таңдағанда саңырауқұлақтардың токсин шығаратын
қабілетін ескерген жөн және сол таңдап алынған консерванттың әрбір
саңырауқұлақ түрінің өсіп - өнуіне жол бермейтін қасиеттерін еске
алмайынша және азықтың ылғалдылығын білмейінше консерванттардың ұзақ
уақыт өз қасиетін тиімді ұстап тұруы мүмкін емес. Сондықтан азықты
өңдеу нәтижесі мүлде аз немесе тиімсіз болуы ықтимал.
Ылғи дәнді дақылды консервациялау үшін генцианвиолетті қолдану жақсы
нәтижесін көрсетуде.
Саңырауқұлақ және бактериялардың өсіп - өну процесін тоқтату ретінде
ең тиімдісі оларды кептіру болып табылады.
Мысалы, дәнді дақылдағы ылғалдың мөлшері 10-12 пайызға дейін
жеткізгенде зиянкестердің өсіп -өнуі тоқталады.
Әдебиеттегі мәліметке қарағанда кейінгі кезде азықты гамма сәулесі
арқылы зарарсыздандыруға болатын көрінеді.
Азықтың санитариялық сапасын жақсарту үшін және қызу процесін
болдырмау ретінде, шаруашылықта термикалық өңдеу жиі қолданылып келеді.
Мұндай өңдеу біріншіден азықты зарарсыздандырады, екіншіден азықты
зиянкестерден тазартуға қол жеткізеді.
Қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу
жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал
өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал
организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді
кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді
біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері мен дисперсілігін, түрлі
қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және
энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін
зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар
оның игерімді түрі — бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-
ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де
басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына
негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-
жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы
қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан
бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар,
қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан
тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен
қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін
жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық
қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету – малға берілетін азық
мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы
және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп,
күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы агро бизнестің қалыптасуы және дамуы
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Қаракөл қой өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеудің тиімді технологиясының ғылыми негіздері
Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Сүтті ешкі тұқымдары
Қабанды нормалап азықтандыру ерекшеліктері
«Қошқарды тұқымына қарай азықтандыру»
Түйенің биологиялық ерекшелігі. Түйені төлдету және ботаны бағып-күту технологиясы
Азықтарды жіктеу түрлері. Азық дайындау технологиясы. Азық құрамы мен қоректілігі
Жеңіл салмақты айғырларды азықтандыру
Пәндер