Стратиграфия



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ жоғарғы техникалық мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы

Жобаны орындаған студент:
Мырзаболатов Б.С.
Мамандығы, шифр: Мұнай және газды
қайта өңдеу технологиясы
0819000
Курстық жұмыс ... ... ... ...бағамен
қаралды
Жетекші: Мусин Д. М.

Орал,2013ж

Орал, 2013ж.
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Жалпы
мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
1.2
Стратиграфия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .9
1.3
Тектоника ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІ. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Ағымдағы жер асты жөндеудің
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...17
2.2 Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру АМТ-221 имитаторы
туралы
мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3 Скважиналарды пайдалану кезіндегі күрделі жағдайлармен күресу.
Скважиналарды жер асты
жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Кез келген ұңғыларды мұнай, газ айдау және т.б. пайдаланған жағдайда
оларды мезгіл-мезгіл жөндеп тұру керек. Скважина ішінде өнім көтергіш
құбырларды (нкт),штангілерді, терең сораптар мен басқа да құралдарды
көтеріп-түсіру жұмыстарына байланысты әрекеттерді, жөндеу жұмыстары
дейміз. Ол өзінің түрі мен күрделілігіне қарай күнлелікті және күрделі
жөндеу болып бөлінеді.
Күнделікті жөндеуге – терең сорапты ауыстыру,көтергіш құбыр мен
штангілерді өзгертіп тұру немесе ұстап тұрған алқаның (подвеска) түріне
қарап өзгерту, скважина түбінде жиналған құм шығындарынан тазарту, басқа да
скважинаға түскен жеңіл заттарды көтеру, үзілген штангілер және басқа
тізбек ішіндегі қалған заттарды ұстау кіреді. Осы жұмыстардың барлығын
мұнай және газ басқармаларында құрылған ұңғыманы жер асты жөндеу
бригадалары атқарады. Ұңғыманы жер асты жөндеу бригадаларында вахта
әдісімен жұмыс істейді. Вахтаның құрамында үш адам: екеуі оператор, оның
көмекшісі, ұңғының сағасыңда жұмыс жасайды, үшіншісі тракторшы немесе
маторшы – көтеру механизмнің шығырында отырып жұмыс істейді.
Жер асты жабдықтарында болған апаттарды (үзілген құбырларды ұстау мен
сағаға шығару) жою үшін жасалынатын, зақымдалған пайдалану құбыр
тізбектерін орнына келтіру, қабат суларын жабу (айыру), басқа пайдалану
қабатына (кешеніне) ауысу сияқты қиын жұмыстар – скважинаны күрделі жөндеу
категориясына жатады.
Мұндай жұмыстарды арнайы құрылған скважинаны күрделі жөндеу бригадасы
жасайды. Осы бригада скважина түбінің төңірегін өңдеу жұмыстарымен де
(қабатты сұйықпен жару, сұйық құм ағынымен тесу, қышқылмен өңдеу, дірілмен
өңдеу және т.с.с.) айналысады.
Бұрғылау процесі – бұрғылау құбырлары тізбегін ұңғы ішінен көтеріп
–түсіру және көтере ұстап тұру арқылы жүргізіледі. Осы жағдайларда
бұрғылау аспаптарының салмағы бірнеше жүз килоньютонға жетеді. Тәл жүйесі
арқанына түсетін салмақты және қозғалтқыштар қуатын азайту үшін, мұнара,
бұрғы лебедкасы, тәл жүйесінен тұратын көтеру аспаптары қолданады. Тәл
жүйесі кранблоктан, тәл жүйесінің қозғалмайтын бөлігі, тәл блогы,тәл
жүйесінің жылжымалы бөліг, ілмек және тәл арқандарынан тұрады.
Жер асты қондырғылары мен скважина оқпанындағы ақауларды жою, түп маңы
аймағына жер етумен байланысты комплекстік жұмыстарды — жер асты жөндеу деп
атайды.
Істегі скважиналар қорының жөндеу жұмыстарымен тұрғызу үзақгығы, жыл
бөліп немесе айдағы жалпы календарлық уақыты мен скважинаның нақты жұмыс
уақытының қатынасынан шығатын пайдалану коэффицентімен өлшенеді.

І. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Жалпы мәлімет
Геология (гео... және logos — ілім) — Жердің қыртысын және ішкі
қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен
байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану
ғылымдарының кешені. Геология жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы
ретінде 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында бөлінді. 20 ғ-дың бас кезінде
біртұтас ғылым болып қалыптасты.
Геология ғылымының басты салалары мен пәндері олардың зерттеу
объектісіне қарай 6 топқа бөлінеді:
1) Жер қыртысының, литосфераның заттық құрамын зерттейтін геологиялық
пәндер — ''кристаллография'', ''минералогия'', ''петрография'',
''петрология'', ''литология'' және ''геохимия''.
Кристаллография геологияны, физиканы және геометрияны біріктіре отырып,
әр түрлі минералдарға тән кристалдардың құрылысы мен пішінін,
ерекшеліктерін зерттейді.
Минералогия табиғи минералдардың құрамын, физ. қасиеттерін, қалыптасу
және өзгеру жағдайларын анықтайды.
Петрография тау жыныстарының хим. және минералдық құрамын, олардың
құрылыс ерекшеліктерін зерттейді.
Петрология магмалық және метаморфтық тау жыныстарын, олардың заттық
құрамын, геол. ерекшеліктерін және пайда болуын зерттейтін ғылым.
Литология шөгінді жыныстардың құрамын, құрылымын, нақышын және пайда
болуын саралау негізінде олардың қалыптасу жағдайын анықтаумен айналысады.
Геохимия жер қыртысында және Жер планетасы қимасында хим. элементтердің
таралу заңдылықтарын анықтайды.
2) Геологиялық процестерді зерттейтін геология пәндер кешені
(динамикалық геология) геотектониканы (тектониканы), құрылымдық геологияны,
вулканологияны, сейсмологияны және геоморфологияны біріктіреді.
Геотектоника (тектоника) жер қыртысындағы қозғалыстарды, сол
қозғалыстар нәтижесінде туындаған деформациялар мен құрылымдық өзгерістер
сипатын талдау негізінде Жер планетасының құрылыс ерекшеліктерін және оның
геол. уақыт барысында бағдарлы түрде дамуының басты заңдылықтарын
зерттейді.
Құрылымдық геология жер қыртысындағы тау жынысы кешендерінің пішіндері
мен орналасу заңдылықтарын анықтайды.
Вулканология — жанартаулар жайлы ғылым, ол жанартаулардың
морфологиясын, көрініс беру ерекшеліктерін, туындау себептерін, орналасу
заңдылықтарын және олардың әрекеті нәтижесінде түзілген өнімдерді
зерттейді.
Сейсмология жер сілкіністерін, олардың туындау себептерін және көрініс
беруін қамтамасыз ететін геол. процестерді зерттейді. Сейсмология, әдетте,
геофиз. ғылымдар кешенінің жеке тармағы ретінде қарастырылады.
Геоморфология жер бетінің морфол. ерекшеліктерін, жер бедерінің
қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттейтін геол.-геогр. ғылым саласы.
3) Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттейтін ғылымдар
кешені - ''стратиграфия'', фациялар туралы ілім, геологиялық формациялар
туралы ілім, ''палеогеография''.
Стратиграфия шөгінді және жанартаутекті жыныстардың қат-қабатталу
сабақтастығын зерттей отырып, палеонтол. мәліметтер көмегімен олардың геол.
көнелігін анықтайды.
Фациялар туралы ілім жер қыртысына тән шөгінділердің кеңістіктегі және
уақыт барысындағы өзгерістерін, сол өзгерістерді тудыратын жағдайларды
зерттейді.
Геологиялық формациялар туралы ілім — геол. құрылымның (аймақтың)
тектоник. дамуының басты сатылары мен кезеңдерін анықтай отырып, өткен
геол. дәуірлерде қалыптасқан формациялар жиынтығы даралануының
палеотектоник. және палеоклиматтық жағдайларын қалпына келтіретін тарихи
геология тарауы.
Палеогеография — өткен геол. кезеңдер мен дәуірлердің ландшафт
ерекшеліктері жайлы ғылым.
4) Тау жыныстарына кіріккен тіршілік қалдықтары мен іздерін зерттеу
нәтижесінде сол тіршілік түрлерінің пайда болуын және даму барысын
зерттейтін ғылым саласы — ''палеонтология''.
'Палеонтология' көне фауна мен флора қалдықтарын зерттеу және оларды
салыстыра саралау негізінде сол қалдықтарды кіріктірген тау жыныстарының
геол. көнелігін анықтайды.
5) Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын
Геология салалары — ''кен байлықтары жайлы ілім'', ''гидрогеология'',
''инженерлік геология'', ''аймақтық геология''.
Кен байлықтары жайлы ілім қоғамның шаруашылық қажеттерін өтеуге керекті
табиғи минералдық түзілімдерді зерттейді. Бұл ғылым саласы бірнеше ғыл.
пәндерге жіктеледі:
-кентас туралы ілім;
-бейметалл кен байлықтары жайлы ілім;
-көмір геологиясы, мұнай-газ геологиясы;
-металлогения;
-радиоактивті элементтер геологиясы, т.б.;
Гидрогеология жер асты суларын, олардың пайда болуын, астасу
жағдайларын, қозғалыс заңдылықтарын, режимін, физ., хим., ендік, т.б.
қасиеттерін, шаруашылықтағы маңызын және қоршаған ортамен өзара байланысын
зерттейді.
Инженерлік геология адамдардың инж. әрекетін қамтамасыз ету мақсатында
жер қыртысының беткі қабаттарының геол. жағдайын және динамикасын
зерттейтін сала.
Аймақтық геология нақты геол. құрылымның немесе аймақтың геол. құрылыс
ерекшеліктерін сол құрылымды (аймақты) геол. картаға түсіру негізінде ашып
көрсетеді.
6) Кен байлықтарын зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және
геол.-экон. тиімділігін зерттейтін салалар.
Іздеу-барлау істері — кен белгілері мен кендердің геол. жағдайын, сол
кендерді іздеу, барлау, бағалау және игеру шараларының ең тиімді тәсілдерін
анықтау мәселелерімен айналысады.
Кеніштік геология — кеніштердегі, шахталық геология — шахталардағы
игеру жұмыстарын геол. тұрғыдан қамтамасыз ету және сол кеннің барланған
қорын толықтыру мүмкіндіктерін анықтаумен шұғылданады.
Геология ғылымдарының кешені өзге жаратылыстану ғылымдарымен тығыз
байланысты. Ол, әсіресе, ''физика'' және ''химия'' ғылымдарының
заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың
нәтижесінде 'геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Геология, сол
сияқты, астрономиямен (ғарыштық денелердің өзара байланысын және заттық
құрамын зерттеу бағытында), физ. географиямен (жер бедері, климат, топырақ
мәселелерін зерттеуге байланысты), геодезиямен (Жер-дің мөлшері мен пішін
ерекшеліктерін саралау барысында), биологиямен (тіршіліктің пайда болуы
және дамуы мәселелерін зерттеуде), тау-кен ісімен (кендерді игеру
барысында), металлургиямен (минералды шикізаттарды үнемді және кешенді
игеруде) тығыз байланысты.

1.2 Стратиграфия
Стратиграфия — геологияның бөлімі, тарихи геологияның негізі.
Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын, олардың бір-біріне қатынасы
мен горизонтальды және вертикальды бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын
анықтайды.
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м
шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрлымында триас, юра,
бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай
белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық
мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен
салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы
шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде
микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық
үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының
мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділері байланысты. Кен орнының
геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды
горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-
газды, XIII-XVIII горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі
мұнай - газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX - XXIV
горизонттары мұнайгазды.
Пермь - триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып
табылады.
Пермь - триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті
құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері
қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл
шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында
шайылудың ізі бар.
Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар
қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің
біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділерің жалпы қалыңдығы
1500 – 1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген.
Юра жүйесі (J)
Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта
және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м.
Төменгі бөлім (J1)
Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың
араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта
түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен
бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге
немесе сазды құмтастарға ауысады. Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды
немесе сазды - кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр.
Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған.
Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады.
Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрлымы дамыған, оның
қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра
шөгінділерінің қалыңдығы 120 - 130 м. Төменгі юра қимасында XXIV-XXV екі
өнімді горизонт айқындалған. Ортаңғы бөлім (J2) Оңтүстік Маңғыстаудың орта
юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны
бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың
корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы
700 м аален, байос және бат яру стары айқындалады.
Аален ярусы (J2а)
Аален ярусы негізінен мортсынғыш, құмды - галькалы жыныстардан құралған
және орта юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін.
Ярустың қимасында сұр және коңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар басым,
олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары
гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі
негізінен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама
көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы
конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр, кейде қоңыр
түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас. Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен
байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.
Байос ярусы (J2 b)
Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос ярусының
шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар алевролиттер мен
саздардан құралған континентальды фациялармен белгіленді. Байос ярусы
қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы
бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 - ден 520 м-ге
дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі
подярусқа бөлінеді.
Төменгі байос (J2 b1)
Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470 м, және саздар,
құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес заттың қабатшалары алмасуымен
көрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен қатталады. Құмтастар мен
алевролиттердің түсі негізінен сұр және ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да
болады. Сирек қарасұр түсті құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар
көбіне қарасұр, тіпті қара, кейде қоңыр түсті. Өзен кен орнының төменгі
байос шөгінділерінде XXII, XXI, XX, XIX, XVIII және XVII горизонттар
орналасқан. Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt) Олардың шөгінділері
арасында саз қабатшалары бар біршама қалың құмтастар мен алевролиттер
қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр, қоңыр-сұр, нашар және орташа
цементтелген. Алевролиттер сазды, құмтасты, ірі түйіршікті және құрамы
айқын емес. Саздар қара қоңыр-сұр. Байос және бат шөгінділерінің арасындағы
шекара шартты түрде XV горизонттың табанымен өтеді. Жоғарғы байос-бат
шөгінділерінің қалыңдығы 100м - 150м.
Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен жануарлар
қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфод және кембридж ярустары
ерекшеленеді.
Келловей ярусы (J3 k)
Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды
қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр, карасұр,
күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті.Құмтастар мен алевролиттердің түсі
сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр және қоңыр. Құмтастар арасында ұсақ
түйіршіктілері көп. Келловей ярусында XIV горизонттың жоғарғы бөлігі мен
XIII горизонт орналасқан. Оның қалыңдығы 50-135 м. Оксфорд-Кембридж
шөгінділері (J3O-km) Юра шөгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд-
кембридж шөгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының үстін жапқан
сазды-карбонатты жабын ретінде. Ол саз-мергель жыныстарының біршама қалың
қабатынан құралған, ара-арасында құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа
қабатшалар түрінде кездеседі. Оксфорд-Кембридж шөгінділерінің қалыңдығы
төменгі будақ үшін 50м - 55м, жоғарғысы үшін 30м - 97м.
Бор жүйесі (К)
Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде
орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын
алған. Литологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш
бөлікке бөлінеді: төменгі терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб,
сеноман) және жоғарғы карбонат (турондат) ярусттары. Төменгі бөлікке XII
горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөліктерге I, II, ІІІ, ІV, V, VI, VII,
VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы
1100м шамасында. Бор шөгінділерінің өнімді қалыңдығы алевролит және саз
қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді. Кайнозой
тобы (KZ) Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған.
Палеоген шөгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен саздардың бірқалыпты
қабаты жатады. Палеоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м. Неоген жүйесі
тортон және сармат ярустарымен көрінеді. Тортон ярусының қалыңдығы 19-25 м,
сармат ярусы – 80м - 90м.
Палеоген жүйесі (Р)
Палеоген шөгінділеріне эоцен және олигоцен бөлімдері жатады. Эоцен
бөлімі саз қабатшалары араласқан мергель және әктастар түрінде. Олигоцен
бөлімі сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде.
Палеогеннің қалыңдығы 150-170 м.
Неоген жүйесі (N)
Неоген шөгінділері тортон және сармат ярустарының шөгінділері түрінде
кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар мен әктастар
қабатшалары кіреді. Сармат ярусы әктастар, мергелдер мен саздардың
астарласуынан тұрады. Неоген жүйесінің жалпы қалыңдығы 115м-ге жетеді.
Төрттік жүйесі (Q)
Төрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар, суглиноктармен
көрінеді. Шөгінділер қалыңдыгы 5-7 м.
1.3 Тектоника
Тектоника (грекше tektonіkos – құрылыс), геотектоника – геологияның Жер
қыртысының құрылысын, ондағы тектоникалық құрылымдарды және олардың
орналасу, даму заңдылықтарын зерттейтін бөлімі. Тектониканың негізін 17
ғасырда даниялық ғалым Н.Стенон (1638 – 1686) қалаған. 18 ғасырда М.В.
Ломоносов пен шотландтық ғалым Дж. Геттон (1726 – 1797) жер қыртысы
құрылымы дамуының алғашқы көтерілу болжамын жасады. 19 ғасырдың басында бұл
болжамды Германия ғалымдары А.Гумбольдт (1769 – 1859) пен Л.Бух (1774 –
1853) одан әрі дамытты. 19 ғасырдың ортасында геосинклиналь туралы ілімнің
негізі болып саналатын жапсарлық (контракция) болжам (жер шарының суынуынан
көлемі кішірейіп, жер қыртысының қысылуы) дүниеге келді. Оны француз
геологы Эли де Бомон (1798 – 1874) ұсынған. Бұл болжамның дамуында үлкен
рөл атқарды. 1930 жылдардың басында ғалымдар бұрынғы КСРО-ның ұсақ
масштабты тектоникалық карталарын жасады. Терең жарылыстар және
тектоносфераның жақпарлық құрылысы жөніндегі теория дамыды. Геосинклиналдар
мен платформалар туралы жаңа көзқарастар пайда болып, мұхит түбіне арнаулы
тектоникалық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан геологтары да бірнеше дәл
тектоникалық карталар жасап, терең сейсмикалық қималардың көмегімен жер
қыртысының құрылысы жөнінде деректер алды. Тектоникалық құрылым және
тектоникалық қозғалыстар тектониканың басты негіздері болып табылады. Тау
жыныстары жатысының әр тектілігі тектоникалық құрылымды қалыптастырады.
Мұндай әр тектілікке жер қыртысындағы және одан да тереңдегі тектоникалық
қозғалыстар себеп болады. Зерттеу әдістерінің сипатына қарай тектоника
бірнеше салаға бөлінеді. Морфологиялық тектоника немесе құрылымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің жасын анықтау әдістері
Актас ауданының геологиялық құрылысы мен геологиялық даму тарихы
Геологиялық зерттеулер жүргізу
Ұңғымалардың құрылысы
Геологиялық - түсіру жұмыстары
Геология
Өзен мұнай кен орының геологиялық құрылысы
Тау жасалу кезеңдері және оларға сипаттама
Типтік өндіру ұңғыларда қабатты гидравликалық жару
Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру
Пәндер