Жетісу аумағының сәулет ескерткіштері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Тарих және
ӘГП кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
Жетісу аумағының сәулет ескерткіштері

Орындаған: 1312 топ студенті
Қаражанова А.Қ.
Тексерген: т.ғ.к., доцент
Ерназаров Ж.Т.

Орал 2012ж.

Жоспар

Кіріспе
1. Діни сәулет өнері
2. Бейнелеу өнері
3. Tұрғын үй архитектурасы
4. Жетісудағы сәулет өнері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай
ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен
қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-
техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы,
құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған
архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар
дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын
шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері
дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін
археологиялық зертгеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде,
тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі
кезендерде барған сайын ұлғая береді.
Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін
жасампаздық қызметінің ерекше түрі — пайданың, беріктік пен әсемдіктің
ұштастырылуы болып табылады.
Жетісуда бір күннің ішінде барлық табиғи зоналарды шөлдерден Іле
Алатауларына дейін баруға болады. Алматының жанында тарих және мәдениет
ескерткіштерінің қатары бар.
Бұл бірінші көпсаналы және түрлі образдағы сәулет ескерткіштері: Іле
қорғандары және сақтардың алтын бұйымдары, Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлы
қалалар және қола дәуіріндегі таулы таулы суреттері (петроглифтер).
Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл
күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.
Оның баға жетпес ескерткіштері - қазақ халқының көне тарихының куәсі
жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі
қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді
мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.
Жетісу өлкесінің өткен кезеңдері мен археологиялық ескерткіштерін
ғылыми тұрғыдан зерттеп, қаттау ісі Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда
кешірек қолға алынғанмен, ежелден-ақ жиһанкездердің, зерттеушілер мен
ғалымдардың назарына іліккен.

1. Діни сәулет өнері
Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен
Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі VII
ғасырдың аяғы — VIII ғасырдың басы деп белгіленді. Бірінші Акбешім
ғибадатханасы тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76x22 м. Ол мінажат
ететін орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ
апарады. Мінажат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп
жабылған.
Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы қақпалы
құрылыстар орналасқан. Олардың жүйесіне шаршьшап жоспарланған кішкене
шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған туғырлар мен
сокілерге мүсіндер қойылынты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі
тұғыр тұр, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған
болса керек.
Мінажат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеленіп, алтын
жалатылған қаңылтырлары (9) табылды. Жетісудың несториан-христиандары
ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде
Ақбешім қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған
шіркеуден аңғаруға болады.
Жоспарлануы жөнінде бұл – кіреберісі аркамен көркемделген тік бұрышты
ғимарат. Оның көлемі 36x15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған;
батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда жаппа жасалған.
Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан. Шаршылап жоспарланған шіркеу төбесі
күмбезделіп жабылып, қабырғалары ашық бояулармен боялған.
Осында қазып алынған құрал-сайманды қабір арқылы бүкіл кешеннің
мерзімі VII-VIII ғасырлар деп белгіленеді.
Шағын, түрі қарапайым Ақбешім шіркеуі Марыдағы V-VI ғасырлардағы
салтанатты (Хароба-Қошық) несториан шіркеуімен біртектес. Таяу Шығыс
ғибадатханаларының христиандық сәулет өнерінен айырмашылығы – Орта Азияда
шіркеудің ерекше үлгісі қалыптасты, онда неф ашық ауламен алмастырылды.
Зороастрийлік діни құрылыстар да мәлім. Ғибадатхана мақсатындағы бір
кешен, тегінде, зороастралық жерлеу салтын өткізуге және қасиетті от жағуға
байланысты болса керек, ол Қызылозен қаласы жұртының батыс бөлігіне
орналасқан.

2. Бейнелеу өнері
Сарайлардың салтанатқа арналған және діни орындары көбінесе
қабырғаларына сурет салып, бұйымға және алебастрға, ағашқа ою салу арқылы
безендірілген. Қостөбенің сарай кешенінен оюланған саз бұйымдар, өрнектер
мол кездесті. Сондеудің ең жақсы сақталған түрі — саз сылақтың қалың
қабатын көркемдеп оймыштау. Бөлмелердегі қабырғаларды оймыштау өсімдік және
геометриялық түрдегі өрнектерді қамтиды. Қабырғаларға арнайы бейнелер
мотивтері жиі салынған, олардың ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген,
құлпынай жемістері де, ірі інжулер қатарлары да, ішінде шеңбері бар қос
қабатты ромб тәрізді торлар да ұшырасады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы
бар әдемі гүлдермен, жапырақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген.
Оюланған белдікте шиеленіп шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон
түріндегі өрнектер бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың
кесектерінде шиеленіп шырматылған қызыл беделер, көп бұтақты пальметтер,
інжу салынған қос қабатты дөңес шеңберлер, жапырақтары, сабақтары және
шоқталған жүзімі бар, салмақты жүзім шыбығы мотивтері сақалған. Өсімдік
және геометриялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиаб, Варахша
сарайларының, қамалдардың, бай тұрғын үйлерінің сонделуінен жиі кездеседі.

3. Tұрғын үй архитектурасы
Монументті тұрғын үй архитектурасына Жетісу қалаларының
төңірегіндегі аумақтарда тұрғызылған қамалдар жатады. Олар қолдан
биіктетіліп (кейде табиғи биіктерді пайдаланып) жасалған биік аландарға
тұрғызылған еңселі үйлер. Құрылыстар көптеген жартылай қараңғы жайлары,
дәліздері бар бір немесе екі қабатты болған. Әдетте төменгі қабатында
ұзынша 6—8 бөлмелі болып, олардың қабырғаларының қалындығы екі метрге дейін
жеткен және одан да қалың жасалған. Төменгі қабаттарына төбесіндегі арнаулы
саңылаулар арқылы немесе шырағдандармен жарық түсірілген. Екінші қабатқа
пандус немесе кішкене аспалы көпір апарған, ал одан баспалдақпен төменгі
қабаттың бөлмелеріне түсуге болады. Қамалға әдетте сазбалшықпен қоршалған
кең аула түйіседі. Дуалдың үстіне әдетте сатылы жақтаулар орнатылған, оқ
атуға болады. Құрылыстың бүкіл болмысын оның тұрғын жай ғана емес, қорғаныс
құрылысы да болғанын көрсетеді. Тараздан, Қызылөзен қаласының жұртынан,
Құлан, Ақбешімнен қамалдар қазып-аршылды. Олар жоспарлануы мен құрылысының
құрылымы жағынан да ұқсас. Қостөбе, Қүйрықтөбе жөне Баба-Ата қала
жұрттарының қамалдарын қазған кезде қызықты материал- дар алынды.
Қостобе қала жұрты Талас аңғарында жатыр және Жамукет қаласы деп
саналады. Ол жартылай тік бұрышты етіп жоспарланған, биіктігі 15 метрге
дейін жететін, жоғарғы алаңшасының көлемі 30x30 м болатын қамалдан тұрады.
Оның қасында шахристан мен рабад (келемі 450x450 м) және ұзын дуалмен
қоршалған аумақ орналасқан.
Негізгі қазба жұмысы қамалда жүргізілді. Қамал құрылысының ансамбліне
сарай кешені кірген. Оның құрылысы VI ғасырдан IX ғасырдың басына дейін
созылған. Құрылыс екі кезенде жүргізілген: бірінші кезеңі - VI — VIII
ғасырларда, екінші кезеңі - VIII ғасырдан IX ғасырдың басына дейін.
Құрылысты қайталап салу кезінде сарайдың ішкі жайларының жоспарлануы,
бекіністі дуалдардын орны өзгертілген. Барлығы 20 үй орны аршылды, олардың
ішінде тұрғын бөлмелер, діни сипаттағы орындар, қонақ қабылдауға арналған
салтанат жайлары, шаруашылық бөлмелері, сондай-ақ айналма дәліз бар.
Үйдің жалпы жоспары бөлмелердің екі тобының жиынтығы болып табылады,
олар: үлкен залдардың орталық тобы және оның солтүстік жағынан шектесіп
жатқан, орталық топқа қызмет көрсету мен оны қорғау міндетін атқарған шағын
жайлардың шеткі тобы. Бүкіл ансамбльді айналасын төбесі жабық айналма дәліз
қоршап жатыр.
Архитектуралық кешеннің орталық құрылымы бөлу залының тік бұрышты
бөлмесі (9,5x8,2 м) болган. Оның оңтүстік-шығыс жағында қызметшілерге
арналған бөлме болды. Бөлу залының шыгыс жағында салтанатты гофрирленген
зал орналасқан, оған ауланың ашық алаңшасы жапсарласып жатыр.
Ортадағы болу залының солтүстік-батыс және солтүстік жағында діни
жоралғылық орындар орналасқан. Көлемі 40 шаршы метрге жуық діни- жоралғылық
салтанат залы ағаштан ойып әсем безендірілген. Онын ортасында ғұрыптық
ошағы бар жартылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы дамуы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жағдайы
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Жамбыл облысының туристік географиясы
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Пәндер